Еңбек қатынастарының түсінігі



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
2. Еңбек қатынастарының түсінігі
3. Еңбек қатынастарының жіктелуі

ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-бабы). ҚР Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген. Ал ол қатынастардың мазмұны еңбек құқығының субьектілерінің құқықтық жағдайына қарап қалыптасады және реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексінің бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Құқықтың бір саласы ретінде еңбек құқығының рөлі, міндеттері және қызметі өзара тығыз байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығының бір мақсаты – қорғау қызметі.
1. Абузярова Н.А. Обеспечение законности в трудовых отношениях. Алматы Жеті жарғы.1997.
2. Абузярова Н.А. Трудовое право:Учебник.-Алматы: ЮРИСТ, 2002.-264с.
3. Айымханова Н.М. Қазақстан Републикасының еңбек құқығы:Оқу құралы-Алматы: Жеті жарғы, 2002.-240б.
4. Нурбаев Д. А. Трудовое Прово Республики Казахстан-Бастау Алматы, 2004 г.
5. Уваров Л. Н. Трудовое прово Республики Казахстан Учебник,-Алматы:Каз ГЮА,2000
6. Уваров Л.Н. Трудовое законодательства Республики Казахстан: Учеб. Пособие. Алматы: Жеті жаргы, 2001 г.

Нормативтік құқықтық актілер

1. ҚР Конститутциясы 1995 ж 30 тамыз.
2. ҚР Еңбек құқығы 2007 ж 15 мамаыр № 251-III ҚРЗ
3. ҚР Президентінің 1995 жылғы 19-маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңы.

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
басқару
2. Еңбек қатынастарының түсінігі
3. Еңбек қатынастарының жіктелуі

ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз
еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында
ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек
ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР Конституциясының 24-
бабы). ҚР Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек
бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында
туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген. Ал ол қатынастардың
мазмұны еңбек құқығының субьектілерінің құқықтық жағдайына қарап
қалыптасады және реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық
құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке
қабілетін) өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің
мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау
құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез-
келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен
айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе
ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы. ҚР Конституциясының және
2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексінің бұл ережелері Біріккен Ұлттар
Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары
жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық- құқықтық
актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Құқықтың бір саласы ретінде еңбек құқығының рөлі, міндеттері және
қызметі өзара тығыз байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің,
өндірістің, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен
жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек қатынастарына түседі, бұл
ретте олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының
негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек үрдісі
кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да
бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар өндірістің
міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің еңбегін, құқықтары мен
мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек құқықтары мен
міндеттерінің жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде
қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.
Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығының бір мақсаты – қорғау қызметі.

2. Еңбек қатынастарының түсінігі
ҚР Еңбек кодексінің 20-бабында еңбек қатынастарының туындау негіздері
төмендегідей анықталған:
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,
еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске
сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс
берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын
жасау алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4) заңда уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа
жіберуі;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.
ҚР Еңбек кодексінің 20-бабында 1-тармағында айтылғандай еңбек
қатынастарының мазмұны жеке еңбек шартында қалыптасады. Ал, жеке еңбек
шарты дегеніміз- бұл қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып,
белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық, біліктілік және кәсіп
бойынша жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс берушінің қызметкерге уақтылы
және толық көлемде жалақы төлеп отыру және қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету міндетін көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
жазбаша келісім.
Жеке еңбек шартының мазмұнын тараптардың өзара құқықтары мен
міндеттерін анықтайтын жағдайлар құрайды. Мұндай жағдайлардың екі тобын
атауға болады:
а) еңбек туралы заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен
алдын-ала белгіленген міндетті жағдайлар;
ә) тараптар өздері анықтайтын қосымша жағдайлар.
Бірінші топтағы жағдайларды қызметкер үшін нашарлатуға жол берілмейді.
Олар еңбек шартының тараптары үшін міндетті сипатқа ие. Оларсыз еңбек шарты
мүмкін емес. Мысалы, ҚР еңбек кодексіне сәкес, жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс және жеке еңбек шартының
тараптары өз қалауы бойынша заңда көзделген жұмыс уақытының ұзақтықтығынан
асатын ұзақтықты белгілей алмайды. Қажетті жағдайлары көрсетілмесе, еңбек
шарты жасалмады деп саналады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: нақты
ұйымның жеке еңбек шартын жасасқан күнгі орналасқан жерін көрсете отырып
жұмыс орнын атау, яғни, қызметкердің қай ұйымда (не оның бөлімшесінде)
жұмыс істейтіні. Сондықтан, қызметкерді тіпті бір ұйымның ішінде болса да,
басқа жерге ауыстыру оның келісімін қажет етеді, себебі, бұл жеке еңбек
шартының ережелерін бұзу болып табылады. Казіргі Қазақстан Республикасының
жағдайында бұл ереженің маңызы ерекше зор, өйткені, ұйымның бөлімшелері,
филиалдары және өкілдіктері бір-бірінен ұзақ арақашықта орналасуы мүмкін
және бұл жерлерде табиғи және тұрмыстық жағдайлар да өзгеше болатыны
белгілі;
Қазіргі кезде азаматттардың еңбекке қатысты өз құқықтарын жүзеге асыру
нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап өтсе болады. Себебі, еңбек
шарты ғана еңбектің жалдау сипатындағы негізі ретінде нарықтық еңбек
қатынастарының талаптарына анағұрлым толық жауап береді. Сонымен қатар,
жеке еңбек шарты ұғымымен қоса контракт ұғымы да теңдей танылды. Кең
мағынада контракт дегеніміз кез келген шарт, яғни тең құқылы тараптардың
(субъектілердің) арасындағы келісім. Бұл мағынада контракт кәсіпкерлік және
басқа да қызмет саласында жаппай пайдаланылады және де әр түрлі құқық
салаларының нормаларымен байланысты болып келеді. Еңбек қатынастары
саласында контракт ұғымы анағұрлым тар, ерекше мағынада қолданылады және
еңбек шартының айрықша нысаны ретінде қарастырылады. Қарапайым еңбек
шартына қарағанда контракттың өзгешелігі болады. Жеке еңбек шартының
ережелері заңның шеңберінен шыға алмайды. Ал контракттың мазмұнында заңмен
көзделмеген жағдайлар да көрініс табуы мүмкүн. Мысалы, контракт бойынша
келісілген жағдайларға қол жеткізілгенде қызметкерге п.тер, автокөлік, бала-
бақшадан орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы ережелер айырықша
көзделуі мүмкін әдетте, контракт ірі кәсіпорындардың басшыларымен,
спортшылармен, мәдениет қызметкерлерімен, оқытушылармен және т.б.
жасалынады.
Жеке еңбек шарты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Еңбек құқығындағы құқықтық реттеу әдістері
Отбасы құқығының түсінігі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Қаржы - ақша қатынастарының ажырамас бөлігі
Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының жүйесі мен түсінігі
Қоғамдағы құқықтық қатынас түсінігі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Пәндер