Есептеуіш техниканың дамуы



І. Есептеуіш техниканың даму тарихы
ІІ. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы
ІІІ. ЭЕМ буындары
1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын есептеу құрылғылары мен аспаптарын жасау. 1623 жыл – 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар орындауға арналған Шиккардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын, сандарды жазатын тәуелсіз құрылғылардан тұратын.
2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.
3. 1673 ж. Г.И.Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969ж. ССРО-да арифмометрді шығару ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). 20-ғасырдың 70-ші жылдары арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.
4. 19-ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш (аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиісі еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.
Электр механикалық құралдардың даму кезеңі:
1. 1887ж., Г.Холлерит, У.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.
2. 1941ж., Коннард Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.
3. 1944ж. Айкен IBM фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі «МАРК-1» аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.
4. 1957ж. – ССРО-да (PBM-1) релелік есептеуіш машина жасады. Бұл релелік ЕТ-нің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.

Жоспар:

І. Есептеуіш техниканың даму тарихы

ІІ. Алғашқы есептеуіш машиналардың пайда болуы

ІІІ. ЭЕМ буындары

1. Механикалық – XVII ғасырдың ортасынан бастап;

2. Электромеханикалық – XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап;

3. Электрондық – XX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.

ЕТ-нің қол түрінің даму кезеңі есептеу үшін адам денесінің мүшелерін,
бірінші кезекте саусақтарын және есептеу нәтижелерін белгілеу үшін, әр
түрлі заттарды, мысалы, есептеу таяқшаларын, түйіншектерді, белгілер қоюды
қолдануға негізделген.

Қол түрінің даму кезеңі:

1. Ондық пен он екілік санау жүйесіндегі саусақ есебі (қолдағы төрт саусақ,
әрқайсысында үш буын сүйектері – барлығы төрт саусақ, әрқайсысында үш буын
сүйектері – барлығы он екі).

2. Колумбқа дейінгі Америка халықтарының түйіншек санауы.

3. Заттарды топтастыру және бір жерден басқа жерге санап қою көмегімен
санау.

4. Есепшотпен санау (абак – алғашқы жетілдірілген санау құралы), 15-ші
ғасырда пайда болды. Есепшотты көбейту кестесімен біріктіру жолымен
жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.

5. 17-ғасырдың басында ДЖ.Непердің логарифм және логарифм кестесін ойлап
табуы және есептеу таяқшаларымен ДЖ.Непердің есептеу тақтасын ендіру.

Механикалық құралдардың даму кезеңі:

1. Механикалық есептеу принциптерін қолданатын есептеу құрылғылары мен
аспаптарын жасау. 1623 жыл – 6 разрядты сандар мен арифметикалық амалдар
орындауға арналған Шиккардтың алғашқы машинасы. Ол көбейтетін, қосатын,
сандарды жазатын тәуелсіз құрылғылардан тұратын.

2. 1642 жылы Блез Паскаль ойлап тапқан он разрядты сандармен арифметикалық
амалдарды механикалық түрде орындайтын машина.

3. 1673 ж. Г.И.Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометрлер кең
тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі (томас-
машина), Болле машинасы, Орднер арифмометрі т.б. арифмометр пайда болуымен
байланысты есепші мамандығы пайда болды. 1969ж. ССРО-да арифмометрді шығару
ең жоғары деңгейге жетті (300 мың арифмометр). 20-ғасырдың 70-ші жылдары
арифмометрді элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор
ығыстырды.

4. 19-ғасырдың бірінші жартысында Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш
(аналитикалық) машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада
жазылған бағдарламаны қолдануы керек еді. Бэббидж бағдарламалық басқару
принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық
машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл жаккардтың тоқыма
станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиісі еді. Бірақ сол кездегі
техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына
мүмкіндік жасамады.

Электр механикалық құралдардың даму кезеңі:

1. 1887ж., Г.Холлерит, У.Бэббидж бен Г.Джоккардтың идеяларын қолданып,
алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890),
Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір
жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

2. 1941ж., Коннард Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар
алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.

3. 1944ж. Айкен IBM фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен
электромеханикалық реледегі МАРК-1 аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл
машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез
болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.

4. 1957ж. – ССРО-да (PBM-1) релелік есептеуіш машина жасады. Бұл релелік ЕТ-
нің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау
кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.

Электрондық құралдардың даму кезеңі:

1. 1943-45ж. АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАМДАРДЫҢ
негізіндегі ең алғашқы ENIAC ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді
шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ МАРК-1 машинасынан өнімділігі бойынша
1000 есе артық және одан екі есе үлкен (салмағы 30т) болды. ENIAC
машинасында 18000 электрондық шамдар, 150 реле 70000 резисторлар, 10000
конденсатор болды. Ол 140 квт қуат пайдаланды. Бірақ оның жад құрылғысы
жоқ, және бағдарламаларды беру үшін сымдарды нақты бір түрде жалғастырып
отыру керек болды.

2. 1945ж. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін
ойлап тапты, ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер
бойынша компьютерде мыналар болуы керек:

- арифметикалы-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық
операцияларды орындайды;

- жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жад;

- басқару құрылғысы, ол бағдарламаларды орындау процесін ұйымдастырады;

- ақпарат енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.

Алдымен белгілі бір сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеуіш машинаның тарихы
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері. ЭЕМ-ның даму тарихы
Электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ)
Компьютер ұғымы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
ЕРТЕДЕГІ ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Дербес компьютерлер туралы
Есептеуіш техниканың даму тарихы мен кезеңдері. Эем-нің даму тарихы
Компьютер
Пәндер