Аймақтық туризм экономикасы


Мазмүны
Кіріспе з
I тарау. Аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері
1. 1 Аймақтық туризмнің дүниежүзілік
жағдайы 9
1. 2 Аймақтық туризмнің қазақстандық
жағдайы . . . 17
II тарау. Аймақтық туризмді экономикалық талдау
- Аймақтық туризм дамуындағы туристік ресурстар . . . 25
- Аймақтық туризмді экономикалық талдау . . . 31
III тарау. Аймақтық туризмді дамытудың экономикалық
ерекшеліктері
- Аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы . . . 40
- Аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы . . . 47
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59
Қосымшалар . . . 60
КІРІСПЕ
Бүгінгі күнде турист туристік шара (қүбылыс) өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта оған үсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бүл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Турист өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны (туристік аймақ) үсынған қызмет болып саналады. Қызметтер жинағы көрсетілетін аймақ, нақты белгіленіп қоршалуы міндетті емес. Ол аймақ бөлігі немесе туристік орталық, туристерді жайғастыру мен демалуды үйымдастыратын барлық қажеттіліктерге ие қонақ үй болуы мүмкін. Ондай аймақ турист өзінің саяхатының мақсаты үшін таңдаған қандайда бір облысты, елді немесе елдер тобын қамтуы мүмкін. Туристік орын деп (саяхат мақсаты) қала, облыс, ел, аудан немесе бір ауыл, яғни қандайда бір географиялық кеңістік болжауға болады. Немесе туристік орын жалпы сүраныс белгісі бойынша анықталып, географиялық жағынан ерекшеленбейтін орын депте болжауға болады (мысалы, бірнеше елге круиз) .
Бүкіләлемдік Туристік Үйым туристік аймақты, демалуды, оқу кезеңін немесе емделуді үйымдастыруға қажетті қызметтер мен арнайы қүрылымдарымен мықты байланысатын аймақ деп белгілейді. Берілген анықтамадан шығатын қорытынды, туристік аймақ дербес деп есептелу үшін, онда туристердің келуі үшін барлық қажетті қүрылымдарды иемденуі қажет. Байқағанымыздай, БТҮ туристік аймақты, турист немесе туристік топтар таңдайтын және қызмет үсынушылар сататын қызметтері мен туристік қүрылымдарға сай орын деп белгілейді.
Туристік аймақ белгілі турист үшін оның түтынуы мен оның қалай қабылдағанына байланысты. Спортшы - турист үшін - гольф ойнаушыға туристік аймақ болып, гольф ойын алаңы бар спорт орталығы саналады. Бүкіл Европаны алты күнде аралағысы келетін теңіз турист арғы жағындағы туристер үшін (мысалы, американдықтар үшін), бүкіл Европалық континент туристік аймақ болып саналады. Мүнан кейін туристік аймақ дегенде, қонақ немесе туристік сегмент саяхат мақсаты үшін таңдаған туристік аймақтың географиялық территориясын (орын, аймақ) қарастыру керек. Мүндай аймақ туристердің келуіне, орналасуына, ас-ауқатына, бос уақытын үйымдастыруға қажетті барлық қүрылымдардан түрады Осылайша, аймақ өзінің бірегей туристік икемін және бәсекеге қабілетті бірлігін көрсетіп, стратегиялық конференциялық бірлік ретінде басқарылуы тиіс. Бүгінгі таңда аймақтық туризм жаңашыл әлемде халыққа қызмет көрсетудің ірі саласына айналды. Аймақаралық туризм бірнеше қызмет түрлерінің жиынтығын үсынумен танымал және адамдардың өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Көптеген елдерде бүл туризм ішкі аймақтық жалпы өнімнің қүрылуына, қосымша жүмыс орындарын қүруда және халықты жүмыспен қамтуда үлкен роль ойнайды. Жалпы туризм - транспорт, байланыс, қүрылыс, ауыл шаруашылығы, үлттық қолданыстағы өнімдерді өндіру және тағы басқалары сияқты аймақтық экономиканың салаларына үлкен әсерін тигізеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік катализаторы болып табылады. Аймақтық туризм - бүл динамикалы тез дамып келе жатқан, басты мақсаты түтынушыны толық қанағаттандыруға бағытталған қүбылыс. Туризм мен саяхат жөніндегі Бүкілдүниежүзілік Кеңес қазіргі заманғы туризмге тән сипаттарды былайша көрсетеді:
- жылдық айналымы $3, 5 триллионға жетіп жығылатын әлемдегі еңүлкен индустрия. Аймақтық туризмнің қүрамдас жатады;
- саяхат (теңіз бен мүхит және өзен кеме круиздері; автомобильмен, автобуспен, темір жолмен немесе үшақты пайдалану) ;
- жатын орын (қонақүйлер, жол бойындағы мотельдер, конференциялар, түрлі көрмелер мен басқа да кездесулер) ;
- тамақтану (мейрамханалар, дәмхана, барлар) ;
- дем алыс пен уақыт өткізу (ойындар, парктер, аттракциондар, ойын-сауық орталықтары) .
- әлемдік экономиканың 6, 1% қомақты үлес салмағын қүрайды жәнебүл көрсеткіш жылдан-жылға қарқынды түрде өсіп келеді.
- Көптеген елдердің бюджеттерін салықпен толтыруда басты рольатқаратын экономика саласы.
- Дүние жүзі бойынша 127 млн. адам, яғни әрбір 15-ші жүмыс істеушіосы салада қызмет етеді.
- Бүкілдүниежүзілік еңбек бөлінісінде ең тез дамып келе жатқанэкономика саласы [1]
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы: Туристік қызметтің Қазақстанда нарықтық экономика негізіне өтуі аймақтық туризм саласын жаңадан реттеуді, мемлекеттің бүл саланы дамыту мақсатында үлкен көңіл аударуды, қолдау көрсетуді талап етуде. Ол үшін мемлекет ішкі аймақтық туризм саласында ең алдымен экономикалық ынталандыру шараларын жүргізуді жүзеге асыруы тиіс. Өйткені, аймақтық туризм саласын дамыту, оған мол инвестицияны салуды және үлкен қаржы бөлуді қажет етеді. Бірақ оның жоғары тәуекелділігін ескере отырып оны жүзеге асыру оңай емес екендігін айта кету керек. Аймақтық туризм индустриясы, туристік мақсатпен келген шетел туристерінің саны Қазақстаннан шетелге шығатын туристерге қарағанда жоғары болған жағдайда ғана тиімді болады. Бүл үшін Қазақстанның туристік, мәдени-тарихи, табиғи қүндылықтарын, туристік мүмкіншіліктерін қазақстандық азаматтарға да, шетел азаматтарына да таныту, жарнамалау және тарату каналдары арқылы имиджін көтеру шаралары жүргізілуі тиіс.
Дипломдық жүмыстың мақсаты: Бүл жүмыстың негізгі мақсаты аймақтық туризмнің Бүкіләлемдік және Қазақстан экономикасындағы орнын анықтау, аймақтық туризмді дамыту үшін мемлекеттің осы саланы мемлекеттік реттеу, қолдау, арнайы даму бағдарламалар жүргізу сияқты мәселелерін қарастыру.
Аймақтық туризм көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасының басым саласы, табыс көзі болғандықтан, аймақтық және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру және аймақтың орнықты дамуына қолайлы жағдайлар жасау.
Аймақтық туризмді дамыту үлкен капиталды қажет етеді және тәуекелділігі жоғары. Мақсат осы тәуекелділік алдындағы қорқынышты жою. Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерін, қажетті ресурстарға бай екендігін көрсету және сол үшін барлық жағдайларды талдау.
Еліміздің бүл маңызды саласын дамыту үшін жоспарлар қүру, арнайы үзақ мерзімді бағдарламалар жүргізу. Аймақтық туризмді дамытудағы өзекті мәслелерді қарастыру осы жүмыстың маңызды мақсаты.
Дипломдық жүмыстың қүрылымы: Дипломдық жүмыс кіріспеден, Ш-тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан түрады. Дипломдық жүмыстың алғашқы тарауында, аймақтық туризм экономикасының ілімдік негіздері және бүл тарау аймақтық туризмнің Дүниежүзілік және Қазақстандық жағдайларын қарастыруды негізге алдым. Әлемдік еңбек бөлінісінде аймақтық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне саналады. Тіпті экономиканың бүндай шикізаттық емес секторы көптеген елдерде мемлекеттің кіріс бөлігінің айқындаушы факторына айналғандығын және әлемдік туристік нарықта едәуір өзгерістер осы сала қүрылымын өзгертуде.
Бүл тарауда қарастырылған екінші бір мәселе - ол аймақтық туризмнің Қазақстандық жағдайы яғни жоспарлыдан нарықтық саудаға өтіп, қазіргі күнге дейінгі аймақтық туризмнің қалыптасып дамуын, жалпы төрт кезеңге бөліп қарастырдым.
1. Алғашқы кезең яғни жоспарлы экономикадағы аймақтық
туризм;
- 1991 - 1996 ж. ж дейінгі аймақтық туризм;
- 1997 - 2002 ж. ж дейінгі аймақтық туризм;
- 2003 жылдан қазіргі күнге дейінгі аймақтық туризм;
Екінші тарау, аймақтық туризмді экономикалық талдау. Бүл тарау екі бөлімнен турады. Бірінші бөлімінде аймақтық туризмді дамытудағы әлеуеті бар туристік ресурстарға тоқталдым. Еліміздің түрлі аймақтарында туризмнің қандай түрлері дамитындығын, әлеуетті туристік аудандарың бәсекеге қабілеттілікке маманданатын аймақтар туралы мәліметтер береді. Екінші бөлімде аймақтық туризмді экономикалық талдауда Ақтөбе облысын негізге ала отырып, Ақтөбе облысының туризм дамуындағы бірқатар артықшылықтар мен кемшіліктерді көрсеттім.
Дипломдық жүмыстың ең маңызды тарауы, үшінші тарауда аймақтық туризмді дамытудың экономикалық ерекшеліктері. Бүл тараудың алғашқы бөлімі, аймақтық туризмді дамытудың диверсификациялық жолы, яғни шикізаттық емес секторды дамытуда аймақтық туризмнің орны маңызды екендігін және мемлекеттің қазіргі кездегі негізгі мақсат жаңа иновациялық туристік кәспорындардың жетіліп дамуына жағдай жасайтын нарықтық механизмдерді барынша дамытып экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған қүны жоғары, сапалы дайын тауар мен қызмет өндіруге бет бүру тағы басқа мәселелер қамтылады. Үшінші тараудың екінші бөлімі, аймақтық туризмді дамытудың кластерлік жолы, яғни аймақтық туристік кластерді дамыту - түтастай туризм саласы үшін маңызды жалпы жүйелік мәселелерді шешіп береді, сөйтіп еліміздің аймақтық туризмді дамытудағы негізгі мақсаттарды айқындайды. Сондықтанда бүл бөлімде кластердің Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны, туризм саласында маңызы қарастырылды.
I тарау. АЙМАҚТЫҚ ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ
ІЛІМДІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Аймақтық туризмнің дүниежүзілік жағдайы
Әлемде капиталистік қарым-қатынастың орнауы мен одан әрі дамуы үйымдасқан аймақтық туризмнің пайда болуына әкеп соқты. Аймақаралық туризмге ауадай қажет экономикалық саяси және әлеуметтік алғышарттардың қалыптасуында капиталистік қоғамның маңызы ерекше. Буржуазиялық төңкеріс жеңіске жетіп, капитализмге алғаш аяқ басқан ел Англия болатын. Нақ осы елде алдымен ішкі аймақтық маршруттарға кейінірек шетелдерге жол сызған алғашқы туристік үйымдардың пайда болуы кездейсоқтық емес. Осы заманғы туризм басы 1841 ж. ішімдіктен сау адамдар үйымының 370 мүшесін Лейстерден Лафоборға Томас Кук үйымдастырған туристік сапардан басталады. Сол жолғы сапар барысы баяндалған жолнама біздің күндерімізге бәз-баяғы қалпында жетіп отыр. Осы тарихи оқиғаның өмірге келуіне жол салған сол замандағы өндірістегі соңғы жаңалықтар мен темір жолдардың пайдалануға берілуі нәтижесінде халықтың орын ауыстыруға деген артқан белсенділігі еді. Ашылған үлан-ғайыр мүмкіншіліктерді Томас Кук пайдаланып қалуға тырысты. 1851 жылы Лондонда бірінші халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылғанда ол тек қана Иоркширден 165 мың адамды аттандыруды үйымдастырды. 1854 жылы Англиядан саяхатшылар мен туристерге арналған 8 мың қонақ үй жайында мәлімет беретін алғашқы анықтама баспадан жарық көрді.
Ел ішіндегі аймақтық туристік бизнестің қарқынды дамуы Томас Кукке шетелге сапар үйымдастыру мүмкіншілігін тудырды. Сөйтіп, ол 1855 ж. Францияға, Париждегі Дүниежүзілік көрмеге туристік сапар үйымдастырды. 1856 ж. бастап Европаның басқа аймақтарына туристік саяхаттар жасауды үйымдастырды.
XIX ғасырдың 50-70 жылдары Европаны аралаған шетелдік туристердің басым көпшілігін ағылшындар қүрады. Сол уақыттан бастап Европа елдерінде "Англегер", "Британик", "Лондон", "Виндзор" деп аталатын қонақ үйлер ағылшын тілдеріне "экспресс", "лайнер", "комфорт", "бой" тәрізді ағылшын сөздері бір жолата енді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Евро Одақтағы темір жолдың үлғаюы аймақтық
туризм дамуына зор әсер етті. 1988 жылы континентте болып қайтқан ағылшын туристерінің саны 500 мыңға жеткен, 1838 жылы Лондон мен Нью-Йорк арасында параход маршруты ашылды. "Грейт вестерн" атты дөңгелек винтті параход Америкадан Европаға ең алғашқы 68 жолаушыны жеткізді. Жолаушылар саны үнемі өсіп отырды, егер 1840 жылы шамамен 8 мыңды сүраса, 1860 жылы бүл көрсеткіш 26 мыңға дейін көтерілді. 60-шы жылдардың орта шенінен Англия мен АҚШ арасында аймақ аралық туризм дами бастады. Бүл жерде Томас Куктың еңбегі сіңеді. 1865 жылы Америкадан Англияға және кері бағыттағы туристік саяхаттардың үйтқысы болды. 1866 жылы ағылшындық туристтердің алғашқы тобы Америка жағалауына аяқ басады. 1867 жылдан туристік теңіз континент аралық саяхаты басталды. 1882 жылы Томас Куктың алғашқы жаһандық саяхатын жасайды. Туристік фирмалар қонақ үйлер мен ресторандардың қоғам тарапынан түсетін сүранысты зерттей бастады. Сол кездегі туристік аймаққа сапарлардың маршурттарын қағазға түсіріп бағдарламаға туристер үсынылатын сан алуан шараларды енгізуді жөн көрді. Сонымен қатар аймақтық туризм даму тарихы Ресейде де көрінеді. Ресейде алғашқы туристік компания 1885 жылы Санк-Петербург қаласында Л. Липсон ашқан болатын.
Ресейде аймақ туризмі XIX ғасырдың екінші жартысында мүнда экскурсиялық сапарларға көп мән береді. Осы кездері Санк-Петербург, Мәскеу, Қазан, Тифлис, Екатеринбург және империяның басқа да қалаларында филиалдары бар жаратылыстану әуесқойлары қоғамының Одессада орын тепкен Қырым тау клубының Пятигорскіде жүмыс істейтін Кавказ тау қоғамының аттары ел ауызын шуылдатады. Бүл аймақтық туризм дүниежүзілік даму тарихы [2] .
Қазіргі жаһандану кезеңде әр мемлекет өзінің туристік потенциалын арттыруда үлкен еңбек атқаруда.
Үздіксіз даму стратегиясының қүралы болып туризм потенциалы болып табылады. 2004 жылы 19 қазанда ДТУ туризм саяси форумында, ДТУ бас хатшысы Франческо Франжелли, әр өткен жыл саяхаттанушы Йомсапный артуына саяхаттау тенденциасының дамуына себеп болғанын, әлемнің туристік аймақтарына келген турис санының 1930 жылы 25 млн адам болса, 2003 жылы 700 млн адам, 300 млрд доллар көлемінде пайда әкелгендігін, бүл көрсеткіштің ауыл шарушылық өнімдерін экспорттағандағы пайдадан түсетіндігін көрсетті. Ф. Франжелли 2004 жылы шетелге саяхаттаған турист саны жылға салыстырғанда 5% арту байқалып, аймақтағы туризм секторының бүрынғыдан да артық дамитындығынан және өсетіндігінен шүбә келтірмейді. Жалпы осы отырыстың мақсаты: дамудың қандай нәтижелер әкелетіндігіне пікір алмасу еді. Бас хатшы осы себеппен БҮҮ маман үйымы статусына не ДТУ-ң аймақ аралық туризмді жоспарлау тақырыбы бойынша мүқият қаралатындығын үйымның қоршаған орта әлеуметтік мәдени қүндылықтарға қабілетті дамушы аймақтың туризмге қатты көңіл бөлетіндігін, аймақтың туризм түсінігі жайында мәдениетаралық диалогқа үлес қостындығын, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге ынтымақтастықты нығайтатындығын және кемшіліктерін азайтатынын атап айтты. Басқа түрғыдан айтар болсақ, осы күнгі көп мемлекеттердің қүлдырауды білмейтін туризм үғымын қабылдады. Бүл түрғыда дамыған мемлкеттердің экотуризм саясаты сияқты жеке аймақтық туризм саясатын әзірледі. Азия бөлігіндегі мемлекеттерде аймақтық-туризм мастер планын қабылдау қажеттігінің тууы. ДТУ-ға мүше мемлекеттерге туризмді жоспарлау жайында кеңес берушілік қызметін үсынуы жайында баяндалған.
ДТУ бас хатшысы Ф. Франжелли аймақтық туризм секторының дүние жүзілік экономика ішіндегі маңызды роліне назар аударып, туризм және континент аралық әуе жол тасымалының халықаралық қызмет секторының 40% қүрайтынын, аймақтық туризмінің 49 мемлекетке валюта кіргізген алғашқы сектор екендігін, алғашқыда шетел туристерінің 90%-ы басты белгілі 13 мемлекетке саяхаттаған болса, бүгінде бүл жағдай бүл көрсеткіштен әлде қайда жоғары екендігін көрсетеді. Осының нәтижесінде динамикалық туризм нарығында жаңа айыпшылардың бар екендігін әлем хабардар. Сондай-ақ аймақ туризм секторында қызмет көрсететін фирмалардың көпшілігінің мүмкіншілігі артып және орта дәрежеде болуы. Лигеолаға әлемдегі барлық отельдердің түнеу сыйымдылығының ескертетін болсақ, бүл сыйымдылықтың 80%-ң шағын отельдер болып қалатындығын анықтаған.
Бас хатшы аймақтық туризмнің тек қана материалды емес, рухани пайда әкелетіндігін, туристік іс-шаралармен мәдени және табиғи байлықтардың мүқият қоғалуы, ДТУ-ның аймақтық туризмде жаһандық этика нодторы және Африка үшін және бағдарлама атты басымдықтардың дамитындығын баяндаған. ДТУ-ң бас хатшысы өзінің баяндаманың қүлдырауды білмейтін туризм, кедейшілікті жою, әлем халықтарын бір-біріне жақындатуы, ынтымақтастықта дамитындығымен түжырымдады [3] .
БТҮ статистикалық көрсеткіштері әлемде адам қозғалысында
артықшылықтарын айқындада. Дүние жүзінде халық қозғалысының түпкі себебі аймақтық туризм саласының қарыштап дамуы, санымен әлемдегі қозғалыстың туризм секторы түрғысынан турист көрсеткіштері төмендегідей түрде: (қосымша 1)
а) 2003 жылы 694 млн адам
б) 2004 жылы 764 млн адам
в) 2005 жылы 806 млн адам
г) 2006 жылы 842 млн адам
Аймақтық туризм саласының экономикасы әлемдік сахнада шүғыл дамыған, жалпы экономикалық түрақтылықтың қамтамасыз етілуіндегі баланс қүрамы төмендегідей нәтижеде: (қосымша 2)
а) 2003 жылы 533 млрд $
б) 2004 жылы 633 млрд $
в) 2005 жылы 680 млрд $
г) 2006 жылы 710 млрд $
Әр мемлекеттің осы жерде еліміздің өзінің салалық перспективасын қүруда негізге алу керек элементтердің бірі әлемдік масштабтағы туристік мақсаттағы аймақтардың адам саны түрғысынан 2006 жылғы көрсеткіші: (қосымша 3)
а) Европа мемлекеттері 441 млн адам
б) Азия мемлекеттері 44 млн адам
в) Африка мемлекеттері 134 млн адам
г) Таяу Шығыс мемлекеттері 39 млн адам
Әлемде аймақтық туризм жоғарғы қарқында өсу формасымен қатар туристік мақсатта өзгерістер болуда және осы себептен сала қүралын өзгертуде. Бүл тенденцияны төмендегідей түрде атауға болады.
- Сүраныста жаңалық пен түрлілік артуда. Теңіз қүн, тарих, фольклор, денсаулық (емдік), көңіл көтеру, шытырманоқиғалы және т. б.
- Үзақ мерзімді саяхаттар артуда
- Түтынушылық қүқығы қорғанумен қатар алдын ала маңызды
- Аймақтық туризмнің әлеуметтік, мәдени және қоршағанортаға тигізетін әсерлері т. б.
- Жас жүбайлардың, баласы жоқ жүптардың, бойдақтардың, зейнеткерлердің сүраныстағы қисығы қарқынды түрде оңғажылжуда
- Сапа, инфра қүрылым, қоршаған орта, қонақжайлылықсияқты қүндылықтар туристік сала критерилері түріндеболып келуде
- Соңғы минут резервациялық басымдылығының артуыәлемдік туризмде аймақтық дамуға экономикалық өсу жәнеынтымақтастық сияқты екі негізгі фактор әсер етуде [4] .
Әлемде қыс туризмнің аймақ экономикасына әсері Австралия, Франция, Швецария, Италия және Андора сияқты Европаның басты корресорттарына ие мемлекеттермен қатар соңғы жылдары Румыния мен Болгария да идеалды инвецтицияларымен халықаралық нарықта бәсекелес болуда. Ал Қазақстан болса бүл салада өз потенциялын жандандыруда. Біздің қысқы туристік орталықтарымыз осы мемлекеттердің қарлы орталықтарымен салыстырғанда техникалық мүмкіншілігі, белсенділігі мен қолайлылық жағынан артта қалуда. Әлемде қысқы спорт түрлерімен шүғылданатын ресорт аны шамамен 6000 және 64 млн. әуесқой мен кәсіпқой шаңғы спортшылары бар. Бүл спортшылардың 32 млн. Европаның иелігінде.
Әлемнің ең үлкен қыс туризм нарықтарының бірі Англияда 2003-2004 жылдары қыс маусымында қысқы спорт мақсатымен осы аймаққа саяхаттаған туристер саны 1 млн 205 мыңға жеткен. Ағылшындар қысқы ресорттарға саяхаттанғанда орташа мөлшерде 1/43 доллар жүмсайды, ал халқы 1, 4 млрд. доллар жүмсайды екен.
Аймақтағы туризм тура және жанама, кіріс және шығыс элементі болып қолданылған ақша әрекеттеріне тиісті әсерлерімен қоса экономикадағы жүмыс бастылықтың кеңеюі және секторлардың жандануы сияқты макро экономикалық ерекшеліктеп және сауда-саттық қызметтерің шоғырлануына жол ашатын және бүған жанама түрде аймақта физикалық және мекемелік инфрақүрылымының дамуына үлес қосу тәрізді нақты экономикалық әсерлері бар.
Демалыс уақыттарын көбінесе жаз маусымында өткізген адамдар бүл үйреншікті әдеттерін түрмыс стандарттары жоғарылаған сайын қыс маусымында да жалғастыра бастады және бүл жағдай қыс туризмінің жандануына себеп болды. Сондай-ақ осы бағытта өскен сүранысты қамтамасыз ету бойынша туризмде дамыған мемлекеттер тау-қыс туризмінің шоғырланған аймақтар болып орта дәрежеде орманды және қарлы аймақтарын бағалау жөнінде табысты жүмыстар атқаруда, әсіресе, орталық Европа мемлекеттерінен Швейцария және Австралияның Альпі тауларында жасаған туризм мүмкіндіктерінің валюта кірісі түрғысынан Испания жағалауларымен тең түсуде.
Әлемде АҚШ, Канада, Австрия, Швейцария, Франция, Италия, Югославия, Германия, Румыния, Болгария қыс туризмінің үсыныс потенциалдарын бағалаған және жергілікті халықаралық сүраныстың қызметіне үсынған мемлекеттер болып табылады.
(А) Европада қысқы спортпен айналысқан адам саны: (2006 ж)
Үлттар Адам саны
Германдықтар 120 400 000
Голландықтар 1, 25
Италияндықтар 1, 100 000
Ағылшындар 800 000
Бельгиялықтар 780 000
Испандықтар 600 000
Басқалар 15, 07
Барлығы 32 000 000
Қыс туризм мүмкіндіктері түрғысынан ең лайық физикалық шарттарға ие мемлекет Австрия болып табылатын Альпі тауларына қысқы туризм түрғысынан жақсы игерген мемлекет. Бүл мемлекеттердегі 300-дің үстіндегі қысқы туризм орталықтарының 80-нен артығы халықаралық стандарттарда қызмет үсынады.
Австрия туризм офисінен берілген мэліметтерге қарағанда 2000 жылғы 40, 6 млн адам қыс туризм орталықтарда болу; Барлығы 534 млн түнеген. Бүл көрсеткіш қыс туризмі Австияның барлық туризм ішінде 76% мөлшерінде үлесіне ие болғанын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz