Жалақы және еңбекті нормалау



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жалақы және еңбекті нормалау.
2. Жұмыс уақыты.
3. Демалыс уақыты.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбек құқығы — азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» еңбек қатынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен және (немесе) ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары «Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінде» белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері. егер олар заңдьшықтарға қайшы келмейтін болса, тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Ұжымдық шарт — жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт.
1. Баянов Е. Мемлекет және күқық негіздері.— Алматы, 2002 ж.

2. Ашитов 3. О, Ашитов Б. 3. Қазақстан Республикасының құқық
негіздері.— Алматы: Жеті Жарғы, 2003.

3. Баққұлов С. Д. Құқық негіздері.— Алматы, 2004.

4. Оспанов Қ. И. Құқық негіздері: Оқу құралы.— Алматы: Жеті жарғы,
2006.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жалақы және еңбекті нормалау.
2. Жұмыс уақыты.
3. Демалыс уақыты.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

К і р і с п е

Еңбек құқығы — азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық
құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында,
жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін
тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын
реттеуші саласы.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері
бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет
жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне,
азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің
іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын
басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары
шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға
тиіс емес.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі еңбек қатынастарының ең
төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен және (немесе)
ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа
нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген
санаттарының еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасындағы Еңбек
кодексінде белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері. егер олар заңдьшықтарға
қайшы келмейтін болса, тараптардың орындауы үшін міндетті болып
табылады.
Ұжымдық шарт — жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше
жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік
одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер
жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт.

Жалакы және еңбекті нормалау
Жалақы — дегеніміз еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен
сапасына сәйкес төленетін сыйақы (табыс).
Жұмыс беруші Еңбек кодексі, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес
қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
Қызметкерлердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе
еңбекке ақы телеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу
еңбектің жеке және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына,
күрделілігіне қарай белгіленеді.
Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға
материалдық мүдделілігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының
қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық
көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін.
Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс
берушінің актілерімен белгіленеді.
Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың
белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар
кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының
біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған
анықтамалықтарды әзірлеу мен қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды
белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік
разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің
біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының
анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді.
Жалақыныц мөлшері. Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес
белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең
төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Белгілі бір ұйымда өзінің жеке еңбек шартымен келісілген негізгі
жұмысымен қатар өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан басқа қызмет
немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты
орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленеді.
Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені)
немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны
үшін қосымша ақылардың мөлшерін қызметкермен келісім бойынша жұмыс
беруші белгілейді.
Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы екі еседен төмен
болмайтын мөлшерде төленеді.
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін өтемақы
қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы
мүмкін.
Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе
мөлшерінен кем төленбейді[1].

Бос тұрып қалған уақытка ақы төлеу. Жұмыстың бос тұрып қалған
уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық
шарттармен белгіленеді. Қызметкердің кінөсінен бос тұрып қалған
уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
Еңбек нормалары. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет
көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және
қызметкер үшін техниканың, техтюлогияның, еңбек өндірісін
ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек
нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші
жүргізеді.
Еңбектің жаңа нормаларының енгізілетіні туралы қызметкерлерге
кемінде бір ай бүрын хабарланады. Қызметкерлердің жұмыс істеу
нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын
қамтамасыз етуге міндетті.
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс істеу нормалары
жеке еңбек шартына сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамдарға арналған
жұмыс уақытының ұзақтығына бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге
арналған жұмыс істеу нормаларын негізге ала отырып белгіленеді.
Жалақы төлеу мерзімдері. Жалақы бір айда кем дегенде бір рет
төленеді. Жалақыны төлеу күндері жеке еңбек, ұжымдық шарттарда
қарастырылады.
Жеке еңбек шарты — жазбаша түрде, кемінде екі дана етіп, жұмыс
беруші мен қызметкердің арасында жасалынған екі жақты келісім. Ол
бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет
бойынша, жұмыс берушінің актісін орындауға міндеттенеді, ал жұмыс
беруші қызметкерге дәл уақытында және толық колемде жалақысын және
басқа, заңдылықтармен және тараптардың келісімен қарастырылған ақшалай
өтемдерді төлеуге, еңбек туралы заңдылықтармен және ұжымдық шартпен
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты: а) белгісіз мерзімге, ә) белгілі бір мерзімге,б)
белгілі бір жұмысты орындау уақытында немесе жұмыста уақытша болмаған
қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер жеке еңбек шартында
оның орындалу мерзімі жазылмаса, онда ол белгісіз мерзімге жасалынған
болып есептелінеді.
Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол
беріледі. Ата-анасының бірінің (қорғаншының, қамқоршының) келісімімен
жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін
және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған
оқушымен жасалуы мүмкін. Сондай-ақ жеке еңбек шарты ата-аналарының
келісімімен, егер олар орта білім алған болса, он бес жасқа толған
тұлғалармен де жасалуы мүмкін. Ата-аналардың (қорғаншының,
қамқоршының) келісімі жазбаша түрде беріледі, бұл жағдайда ата-аналар
(қорғаншылар, қамқоршылар) жеке еңбек шартына кәмелетке жасы толмаған
тұлғамен бірге қол қояды. Қызметкердің еңбек функциясын орындай
бастауы шартта белгіленген жұмыстың басталу датасы болып есептелінеді,
егер жұмыс беруші тарапынан тиісті дәрежеде жеке шарт болмаған немесе
әзірленбеген жағдайда, жеке еңбек шартының мерзімі еңбекке нақты
жіберілген сәтінен басталады. Жеке еңбек шарты жасалынғаннан кейін
жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық жазуға міндетті,
онымен қол қою арқылы танысады.
Қызметкер жұмыс уақытының толық емес ұзақтылығын қарастыратын
бірнеше орынмен жеке еңбек шарттарын жасасуға құқылы. Жеке еңбек
шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек жолын дәлелдейтін
құжаттарды, жеке куәлігін (төлқұжат), әлеуметтік жеке код берілгені
туралы куәлікті, зейнетақылык шартты, он алты жастан кіші тұлғалар
үшін тууы туралы куәлігін, білімі туралы немесе кәсіптік дайындығы
туралы құжаттарды және заңдылықтармен қарастырылған басқа да
құжаттарды талап етуге құқылы. Жеке еңбек шарты:
мерзімінің бітуі бойынша;
тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша:
қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде;
сот үкімінің заңды күшке енген кезінде;
қызметкер қаза болған жағдайда:
сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетсіз деп
таныған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
Жеке еңбек шарты:
тараптардың келісімі бойынша;
тараптардың бірінің бастамасы бойынша; а) жұмысшының бастамасы
бойынша:
— заңды тұлғаның қызметін таратқан немесе тоқтатқан;
-— қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған;
жеке еңбек шартының қолданылу мерзім ішінде қызметкердің жеткілікті
біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі
келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметіне немесе
орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылған;
уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ заңдарда сол ауру
бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғүрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе,
жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда;
қызметкер үйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқан;
еңбек ақысын сақтай отырып, неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстырудан
қызметкер бас тартқан;
еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан бас
тартқан;
егер қызметкер төртіптік жаза алған болса. ол дәлелді себептерсіз
еңбек міндеттерін қайталап орындамаған;
* егер іс-әрекеті оған жұмыс беруші тарапынан сенімінің жоғалуына
негіз болса, ақшалай немесе тауарлык, құндылықтармен тікелей қызмет
ететін қызметкер кінәлі іс-әрекет жасаған;

— білім беру саласында тәрбиешілік міндетті атқарушы
қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға сыйымсыз моральға
жат қылық жасаған;
жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік,
қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды
құрайтын мәліметтерді жария еткен:
басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас
тартқан;
бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешімімен жұмысына
қайта алынған жағдайда бұзылады.
ә) қызметкердің бастамасы бойынша бұл жайында ол жұмыс берушіні
бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуге міндетті. Тараптардың келісімі
бойынша, шарт ескерту мерзімі бітпей-ақ тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты
жалғастыруға мүмкіндігіжоқ немесе мейлінше қиындататын жағдайларда
(денсаулық жағдайы, зейнетақы жасы, басқа орынға қоныс аудару,
жалақының уақытылы төленбеуі және басқа мән-жайлар) жеке еңбек шартын
бұзу қызметкердің арызында белгіленген мерзімде жүргізіледі;
3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы
мүмкін[2].

Жұмыс уақыты
Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін
орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға
тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс
уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы:
он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін — аптасына 24
сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін — аптасына 36 сағаттан
аспайтын;
ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда
істейтін қызметкерлер үшін—аптасына 36 сағаттан аспайтын болып
белгіленеді.
Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін
өндірістердің, цехтардың, көсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ
еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр),
қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
Қызметкерлер үшін екі демалыс куні бар бес күндік жұмыс аптасы
белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
(ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыстың
ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым
кестесімен белгіленеді.
Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс
аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік
жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті
жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда — 7 сағаттан
аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда — 6 сағаттан және апталық
норма 24 сағат болғанда — 4 сағаттан аспауға тиіс.
Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық
шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.
Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
Металлургиялық цехта еңбекті ұйымдастыру
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Еңбекті нормалау және оның еңбек өнімділігін жоғарлатудағу рөлі
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері
Кәсіпорынды басқару органдарының құрылымы
Өзгермелі экономика жағдайындағы еңбекақының өсу шарттары мен маңызы. ТОО “ПРОМСВЯЗЬ” кәсіпорындағы еңбекті нормалау мен еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Еңбекті ұйымдастырудың мәні
Еңбекті ұйымдастыру, нормалау, төлеу
Пәндер