Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І-тарау. Ахли Суннадағы фиқһ туралы түсінік . . . 3

1. 1. Фиқһ сөзінің анықтамасы . . . 3

1. 2. Фиқһ ғылымының зерттейтін тақырыбы . . . 3

1. 3. Фиқһ мәзхабтарының шығына себеп болған факторлар . . . 4

ІІ-тарау. Фиқһ мәзхабтары және олардың құрушылары . . . 4

2. 1. Ханафи мәзхабы . . . 4

2. 2. Малики мәзхабы . . . 8

2. 3. Шафий мәзхабы . . . 12

2. 4. Ханбали мәзхабы . . . 19

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 24

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Ислам тарихында Пайғамбарымыздан кейiнгi дәуiрлерде мұсылмандар арасындағы фиқһи (құқықтық) мәселелер пайда болды. Адамдарлың түсінігі мен қабілетінің әр түрлі болуы және олардың түрлі аймақтан әрі әр түрлі мәдениеттің ортасында өмір сүруі түрлі ижтихадтың туындауына себеп болған. Сол себептен фиқһ ғылымы дүниеге келді. Бұл зерттеу жұмысымда басты ислам құқықшыларының құрған мектептері мен фиқһтық көзғарастары туралы жазылған.

Зерттеудің мақсат-міндеті: Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы, фықых мәзхабтарының пайда болуындағы негізгі факторларды ашықтау. Ислам дінінің ішіндегі фықһи мектептерінің әрбірінің тарих сахнасында өз орны бар. Солардың ізденістерін, дінге қосқан үлестерін зерттеп, салыстырғанды тақырыптың мақсаты деп білдім.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Басты фықых мәзхабтары мен олардың құрушылары туралы, фықых мәзхабтарының шығуына себеп болған факторларды ғылыми тұрғыдан ашып көрсету.

Зерттеудің құрылымы: Зерттеу әдеттегідей кіріспеден, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау төрт бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарау. Ахли Суннадағы фиқһ ғылымы туралы түсінiк

1. 1. Фиқһ сөзінің анықтамасы

Араб тіліндегі «фиқһ» сөзі сөздікте «бір нәрсені толық түсіну, толық игеру» деген мағыналарды білдіреді. Яғни бұл сөз ғылым, түсіну сөздерінен де терең мағынаны қамтиды. Сонымен бірге бір кісінің айтқан сөзінің мақсатын түсіне білуді де «фиқһ» деп атайды. Бір мәселені толық меңгерген, өте зерек, ой-өрісі кең кісіні «фақиһ» деп атайды. Фиқһ сөзі Құран Кәрімде жиырма жерде әр түрлі етістік түрінде кездесіп, бір нәрсені толық түсіну, парқына бару, бір нәрсенің ақиқатын білу және ақыл жүгірту деген мағыналарда қолданылған. Аяттарда былай айтылған: «Ол қауымға не болды, айтылған сөзді түсінгілері келмейді», (Ниса сүресі 78-аят), « Ей Шұғайб! Біз сенің айтқандарыңның көпшілігін толық түсінбейміз» (Худ сүресі 91-аят) . Ал хадистерде фиқһ сөзі «нақты мағлұмат, түсінік» деген мағыналарда қолданылған. [1:1б] .

Енді Фиқһ сөзінің терминдік мағынасына тоқталайық. Исламның алғашқы кезеңінен күнімізге дейін фиқһ сөзінің ұғымы бірнеше рет өзгергендіктен фиқһқа көптеген анықтамалар берілген. Әзіреті Мұхаммед пен сахабалар дәуірінде фиқһ белгілі бір жүйеге келтірілген ғылым емес еді. Сондықтан ол кезде фиқһ сөзінің мағынасы қазіргі кездегідей кең ауқымды қамтымайтын. Ол кезде фиқһ тек «ғылым» мағынасында ғана қолданылатын. Имам Әбу Ханифа фиқһқа мынадай анықтама берген: «Кісінің өзіне пайдалы және зарарлы болған нәрселерді білуі». Имам Шафий болса фиқһқа: «Шариғаттағы іс-әрекетке қатысты үкімдерді нақты дәлелдерімен білу» , деп анықтама берген.

Қысқасы, фиқһ бір мұсылманның туылғаннан өлгенге дейінгі өмірін қарастырады, бұған қоса ақырет өмірін де қатар алып жүреді.

1. 2. Фиқһ ғылымының зерттейтін тақырыбы

Фиқһтың қарастыратын үкімдерін төрт топқа бөлуге болады:

1. Ғибадат. Намаз, ораза, қажылық, садақа сияқты ғибадатқа байланысты үкімдер. Осы ғибадаттардың қалай орындалатынын, оның тәртіп-ережелерін, ғибадатты бұзып, бұзбайтын нәрселерді қарастырады.

2. Муамалат (қарым-қатынас) . Адамдардың араларындағы өсиет, мирас, сауда-саттық сияқты қарым-қатынастарын реттейтін үкімдер. Осы қарым-қатынастардың қалай жүзеге асырылуын, мұны жүзеге асыру кезіндегі екі жақтың құқығын қарастырады.

3. Мунакахат. Жанұя құқығы, үйлену және ажырасу жайындағы үкімдер. Мұнда үйленетін екі жақтың шарттары, некенің шарттары және жауапкершілігі, үйленгеннен кейінгі екі жақтың міндеттері, сонымен қатар ажырасудың тәртіптері қолғы алынады.

4. Уқубат. Мукәлләфтің (діни міндеттерден жауапты болған кісі) істеген қылмыстарын және осы қылмыс үшін берілген жазаларды қамтитын үкімдер. Бұл бөлімде қырмыстың түрлері мен дәрежелері және қылмыскердің жағдайы, оған берілетін тиісті жазаны, сондай-ақ жазаның түрлері мен іске асыру жолдары қарастырылады. [2:133б]

1. 3. Фиқһ мазхабтарының шығуына себеп болған факторлар

Адамдарлың түсінігі мен қабілетінің әр түрлі болуы. Олардың түрлі аймақтан және әр түрлі мәдениеттің ортасында өмір сүруі түрлі ижтихадтың туындауына себеп болған. Өйткені әр жерде түрлі мәселелерге тап болып, бұл мәселелерді сол жердегі жағдайларға көре шешу керек.

Фиқһшылар мен мужтахидтердің Қолданған әдіс-тәсілдерінің алуан түрлі болуын да мұның бір себебі ретінде айтуға болады. Мазхабтардың кейбірі ақылға қатты көңіл бөледі, ал кейбірі болса нақылға (Құран мен хадис) қатты көңіл бөледі. Осының салдарынан да әр түрлі нәтижелер шығады. [9:303б. ]

Фиқһ мазхабтарының шығуына себеп болған мәселелерге мыналарды да жатқызуға болады:

а) Кітап пен сүннеттің мәтіндерінің әр түрлі болуы.

ә) Алғашқы Ислам құқықшыларының көзқарасы мен ижтихадтарының әр түрлі болуы.

б) Қалаулар мен мұқтаждықтардың алуан түрлі болуы.

в) Ислам мемлекетіндегі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының бір-біріне ұқсамауы.

ІІ-тарау. Басты фиқһ мазхабтары және олардың құрушылары

2. 1. Ханафи мазхабы

Бұл мазхабтың құрушысы имам Әбу Ханифа. Әбу Ханифаның шын есімі Нұғман бин Сәбит бин Зута. Ханафи мазхабының алғашқы үлкен өкілі болғандықтан мазхаб соның атымен аталған. Имам хижри 80-жылы Куфада дүниеге келіп, хижри 150-жылы Бағдатта қайтыс болды. Заманның таңдаулы ғалымдарының көбінен фиқһ және хадис ілімін үйренді. Ұстазы Хаммад бин Сүлейменнен (ө. 120/738) он сегіз жыл дәріс алып, фиқһ ілімінде айтарлықтай дәрежеге жетті. Оның ілімі ұстазы Хаммад арқылы Ибрахим ән-Нахаи (ө. 95/714), Алқама (ө. 32/652), Әзіреті Али (ө. 40/660) және Әзіреті Омар (ө. 23/643) сияқты сахаба мүжтахидтарға тіреледі. [ 3: 61б]

Әбу Ханифа фиқһ ғылымына бет бұра бастағанда кәләм ғылымын жақсы меңгеріп, ақайд мәселелерін түсіндіруде ақыли дәлелдерді көп қолданатын. Ол кітап пен сүннеттен үкім шығарып, мәселелерді шешкенде осыларды негізге алып, сахабалар мен табиундардың жолымен жүріп, олардың бір ауыздан құптаған және араларында келісе алмаған мәселелерін жақсы үйренді. Ол сахабалардың келісе алмаған нәрселерінің тысына шықпайтын.

Әбу Ханифа ғылым мен білім ордасы болған Куфа қаласында өсті. Бұл қала фиқһ үйрету жағынан Мәдина қаласымен жарысатын. Әбу Ханифа фиқһ үйреніп жүріп әртүрлі мазхабтардың ұстаздарымен байланыс құрды. Ол кейбір табииндерден де білім алды және Абдуллах бин Аббастың шәкірттерінен Құран Кәрім ғылымын үйренді. Өйткені Абдуллах бин Аббас өз кезеңіндегі Құран Кәрімді ең жақсы білетіндерден еді. Әбу Ханифа мына төрт фиқһты үйренуге қатты көңіл бөлді:

  1. Маслахатқа сүйенетін Әзіреті Омардың фиқһы.
  2. Шариғаттың ақиқаттарын зерттеу үшін әрекет ететін истинбатқа сүйенетін фиқһ.
  3. Тахрижға сүйенетін Абдуллах бин Мәсғудтың фиқһы.
  4. Құран ғылымы болып саналатын Абдуллах бин Аббастың фиқһы.

Ол заманының фиқһта ең озат ғалымы Хаммад бин Суләйманнан еш айырылмаған. Хаммад болса Ибрахим Нахаи мен Шағабиден фиқһ үйренген. Әбу Ханифа 28 жылдай Хаммадтың шәкірті болған. Хижреттің 120 жылы ұстазы қайтыс болған соң Куфада оның орнына дәріс бере бастады. [4:213б]

Мал және салық тәртібі мен байланысты “Китәбул хараж” атты еңбек жазған. Имам Мұхаммед бин Хасан әш-Шайбани (ө. 189/805) алғашқы ілімін Әбу Ханифадан алды. Әбу Юсуфтан кемшіліктерін толықтырды. Ханафилардың ең сенімді алғашқы шығармалары болған “Захирур риуая” кітаптарын жазды.

Имам Ағзам Әбу Ханифаның фиқһы

Имам Шафий, « Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға тәуелді» , - деген. Абдуллаһ бин Мубарак та Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы:

«Ол ілімнің миы», - дейтін. Осы айтылғандарға қарасақ Әбу Ханифа ілімнің қайнар көзіне жетіп, одан еш айырылмаған. Имам Малик Имам Ағзам Әбу Ханифамен әртүрлі іліми мәселелерге байланысты пікір тартысында болып, кейін: «Ол шынымен фиқһ ғұламасы » , - деген.

Бұл Әбу Ханифаның алдымен кітап, сүннет және одан кейін сахабалардың сөздеріне қарап пәтуа бергенін, ал табиғиндердің көзқарастарына байланып қалмағанын көрсетеді.

Әбу Ханифаның ұстанған принципі сенімді кісілерге сүйеніп, жаманнан қашу болатын. [2:147б]

Осыған қарағанда Әбу Ханифаның әдісі төмендегіше жеті негізге сүйенеді:

1. Кітап (Құран Кәрим) : бұл шариғаттың негізгі тірегі және Аллаһ Тағаланың ақыретке дейін баратын нұры. Ол шариғаттың басты негіздерін қамтып, негізгі үкімдер осыдан шығарылады, яғни ол шариғаттың негізгі заңы болып есептеледі.

2. Сүннет: бұл Аллаһның кітабын талқылайтын, кітаптағы ашық емес үкімдерді кеңейтетін Әзіреті Пайғамбардың Раббысынан алған елшілік жұмысын білдіруден тұрады.

3. Сахабалардың сөзі: Өйткені сахабалар, Пайғамбарымыздың таблиғын естіген және уахидің келуін көздерімен көрген. Олар аят және хадис арасындағы сабақтастық пен байланыстарды білген. Пайғамбардың ілімін өздерінен кейінгі ұрпақтарға жеткізген адамдар. Табииндердің сөздері мұнымен бір дәрежеде емес. Өйткені сахабалардың сөздерінің Пайғамбардан естігендігіне сенім артылады, әрі тек ижтихадтан ғана тұрмайды. Олар пәтуа бергенде Пайғамбардың сөзін риуаят етпесе де, Пайғамбардың сөздерімен пәтуә берген. Яғни олар берген пәтуәнің мағынасы Пайғамбарымызға сүйенеді.

4. Қияс: Имам Әбу Ханифа Құран, сүннет және сахабалардың сөздерінен бір дәлел табылмаған кезде қиясқа жүгінетін. Қияс дегеніміз - дәлелі жоқ мәселелерді араларындағы ортақ себептері болған және ол жайында аят немесе хадис келген басқа мәселемен байланыстыру және барлығына бір үкім беру.

Имам Ағзам Әбу Ханифа қияспен үкім шығаруда көрнекті орын алған. Имам Әбу Ханифа фиқһтағы мәртебесіне осының арқасында жеткен. Имам Әбу Ханифа бір үкімнің себебін іздеп және оны тапқаннан кейін оны қияс жасау арқылы бірнеше мәселелерді шешетін. Кейде әлі жоқ мәселелерді бар санап, осы әдіспен олардың үкімін шығаратын еді.

5. Истихсан: Бұл ашық қиястың үкімін алмай, оған қарама-қайшы болған басқа бір үкімді қабыл ету.

6. Ижма: Бұл да негізгі дәлелдердің бірі. Қандайда бір ғасырдағы мүжтахиттердің бір үкімге байланысты пікір бірлігіне баруы. Ғалымдар ижманың дәлел екендігіне бірлескенімен сахабалардан кейінгі ғасырлдарда оның мүмкін болуы немесе болмауы туралы әртүрлі пікірлерді білдірген.

7. Әдет-ғұрып: Бұл Құран, сүннет және сахабалардың ол жайындағы әрекеті сияқты ешбір дәлел болмаған мәселеге байланысты мұсылмандардың көзқарасы. Бұл бір құжат есебінде екі бөлімге бөлінеді.

а) Сахих (дұрыс) әдет-ғұрып.

ә) Фасид (дұрыс емес ) әдет-ғұрып.

Сахих әдет-ғұрып Құран және сүннетке теріс болмаған. Ал фасид әдет-ғұрып Құран және сүннетке кереғар болған әдет-ғұрып.

Ханафи мазхабының дамуы және жайылуы

Ханафи мәзхабы Аббасит дәулетінің билік еткен барлық өлкелеріне тараған. Аббасит дәулетінің кезінде Әбу Юсуфтың қазы болуы бұл мәзхабтың кең тарауына бірден-бір себеп болған. Бұл мазхаб Аббасит дәулетінің ресми мәзхабы болатын. Әрине халық та бұл мәзхабты қоштаған еді. Ирак, Түркия, Түркістан, Хорасан, Мауренахыр, Кафказ, Балқан, Сирия мемлекеттері Ханафи мәхабын қабыл еткен. Қазіргі уақытта да дүниедегі мұсылмандардың 2/3 Ханафи мәзхабының өкілдері. Ханафи мәзхабы Аббаситтер заманында Мысырға ресми мәзхаб болып келгенімен де халыққа оншалықты әсер етпеген. Фатимит дәулетінің Мысырды басып алуымен Ханафи мәзхабы ресми мәзхаб болудан шығып оның орнына Шиа мәзхаб үстемдік етті. Фатимилердің орнына келген Аюбилер Шафий мәзхабының өкілдері болатын. Бірақ Нуриддин әш-Шәһид (ө. 596) Ханафи мәзхабын халық арасында таратуға тырысқан, әрі осы мәзхабты оқитын медреселер ашқан. Мәмлүктер дәулеті кезеңінде Мысырда мәселелер төрт мәзхаб бойынша шешілетін. Кавалалық Меһмет Али Паша (ө. 1849) Мысырды билеген уақытта Ханафи мәзхабы ресми мәзхаб деп жария еткен. Ханафи мәзхабы Фас, Тунус, Жазайрде тарамаған. [10:394б]

Әбу Ханифаның құрған мәзхабы сүнни мәзхабин Бүгінгі таңда мұсылмандардың жартысы осы мәзхабты ұстанады. Ханафи мәзхабы Куфада туды, Әбу Ханифаның мыңнан астам шәкірттері арқылы қысқа бір заманда дүниенің түпкір-түпкіріне тарады. Куфадан кейін Бағдат осы мәзхабтың ең маңызды орталығына айналды. Ирак халқынан кейін Сирия, Мысыр, Анадолы, Мауренахыр уақыт өте келе Қытай мен Үндістанға да жеткен болатын.

Әбу Ханифаның ең әйгілі шәкірті Әбу Юсуфтың Харун әр-Рашид заманында бас қазы болуы, мәзхабтың ресми болуына, халық арасында тез жайылуына үлкен әсерін тигізген. Аббасилерден кейін Селчуктар мен Бувейх ұлдарының дәуірінде де Ханафи мәзхабы халық арасында көп ұстанымды мәзхабтардың бірі болды.

Ханафи мәзхабы алғашқы кезде Мысырда да өз үстемдігін көрсеткенімен, Имам Шафий мен Имам Маліктің шәкірттерінің Мысырда тұруы, Фатимилердің Ханафи мәзхабы үстемдігін қабыл етпеуі бұл мәзхабтың Мысырда кең тарауына кедергі болды. Кейіннен Аюбилер заманында ресми мәзхаб ретінде қабыл етілді.

Кейбір саяси себептерден басқа Ханафи мәзхабының кең таралуына әсер еткен басқа да факторлар болған. Оның бірі Ханафи ғалымдарының бұл мәзхабты үйрету, жаю мәселелерінде көрсеткен зор еңбектерін ескермей кетпеуге болмайды.

Қорыта келгенде бұл мазхабтың дамып жайылуына мына басты үш мәселе себеп болған:

1. Әбу Ханифаның шәкіртері өте көп еді. Олар оның көзқарастарын жаю, фиқһының сүйенген негіздерін түсіндіру жолында өте көп еңбек еткен.

2. Имам Әбу Ханифаның шәкірттерінен кейін келген және бұл мазхабқа тәуелді болған ғұлама фиқһшылар үкімдерінің себептерін (иллеттеррін) түсіндіріп және бұларды келешек ғасырларда туындайтын мәселелерді қолдануға қатты мән берген. Бұл фиқһшылар мазхабтың фәрғи мәселелерде сүйенген үкімдерінің иллетін анықтағаннан кейін, бір-біріне ұқсаған барлық мәселелерді жалпы қағидалармен шешкен.

3. Ханафи мазхабы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері әртүрлі болған көптеген елдерге жайылған. Бұл өлкелерде бірнеше оқиғалар туындап үкім беру қажет болды. Сол уақытта Аббасит мемлекетінің ресми мазхабы Ханафи болғандықтан бұл мәселелерді осы мазхаб бойынша шешуге тура келді. Осылайша Ханафи мазхабы Аббасидтер кезеңінде ресми мазхаб болып, бес жүз жылдан астам уақыт Ислам дүниесінде қолданылды. [4:253б]

Бүгінде Орта Азия, Үндістан, Түркістан, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Кафказ, Қытай, Балкан өлкелерінде Ханафи мазхабы кең тараған. [5:16б]

2. 2. Малики мазхабы

Ең сенімді деректерге қарағанда Имам Малик хижри 93 жылы Мәдина қаласында Иемен тайпасына жататын араб текті жанұяда дүниеге келді. Әкесі Анас бин Малик Әбу Әмір Әл-Асбаан Иемендегі Зу-Асбаа тайпасынан болтын. Анасы да Иемен тайпасының әл-Әхд руынан еді. Анасының аты Алия бинти Шурайк Әл-Әздия.

Малики мазхабы оның атымен аталады. Мәдинадан шыққаны үшін оны “Хижрат елінің имамы” деген. Малики мазхабы алдымен Хижаз халқы арасында қолдау тапты және кейіннен қажылар арқылы солтүстік Африка мен Испанияға жайылды.

Имам Малик Ибни Хурмузды өзінің ұстазы ретінде қабыл етіп, оның жанында болған. Ұстазын қатты сыйлайтын еді. Имам Малик ілім үйрену жолында әртүрлі қиыншылықтарды бастан кешірген. Заманындағы барлық ғалымдардан сабақ алып, білім жолында еш нәрсесін аямаған. Тіпті оқу үшін үйін де сатқан болатын. [2:154б]

Хадис пен фиқһта адал еді. Әл-Муатта атты шығармасы әрі хадис, әрі фиқһ кітабы. Ижтихад әдісінде сүннетті, Мәдиналықтардың іс-әрекеттерін, истихсанды, масалихи мүрсәләні, сәнәді (шынжыры) берік болса сахабаға тиісті сөздерді дәлел ретінде қолдануы ең назар аударарлық ерекшелігі.

Имам Малик алдымен хадистерді, сосын сахабалардың пәтуаларын үйренді. Имам Малик білімді екіге бөліп қарайды:

  1. Барлық халыққа түсіндірілетін мағлұматтар. Бұл білімдер ешкімге зиян тигізбейтін, кез келген адамның қиындықсыз түсіне алатын білімі. Бұлар Пайғамбардың хадистері, сахабалардың пәтуалары.
  2. Барлық адамға түсіндірілмейтін, тек таңдаулы кісілерге тиісті білім. Мұндай білім кейбір кісілерге зарар беруі мүмкін. Бұлар: әр түрлі мазхабтардың көзқарастары және осы көзқарастардың арсындағы қабыл етілмейтіндері. Жай адамдар бұл біліммен айналысамын деп адасып кетуі мүмкін.

Имам Малик Ибн Хурмуз, Әбу-з Зинад, Рабия, Яхия бин Саид және Ибн Шихаб әз-Зухриден білім алған.

Имам Малик хижри 179 жылы Мадина қаласында 85 жасында Рабысына қауышты. Ол Мадинадағы Бақи мазаратына жерленді. Жаназа намазын қала әкімі Абдуллаһ бин Зейнеп оқыған

Ол 100-ге тарта таңдаулы ғалымнан дәріс алған деген риуаяттар бар. Соның ішінде Хз. Пайғамбардың хадисіне ерекше құрметпен қарап, дәретсіз хадис риуаят етпейтін Жағфар Садықты өзіне ұстаз тұтқан.

Сахабалардан мен Табиуындардың ілімін алды. Сахабалардың ішінде Хз. Омардың пәтуаларына баса назар аударатын. Сонымен қатар Зәйд бин Сәбит, Абдуллаһ ибни Омар. Зәйд бин Сәбиттен 21 ғалым ілім алған екен. Олардың ілімі үш кісіге өтті: Ибн Шәһәб Зүһри, Бүкәйір бин Абдуллаһ және Әбу Зинад. Сосын олардың бар ілімі Малик ибни Әнәсқа өтті».

Имам Маликке хадис пен фикһ ғылымын үйреткен ұстаздарының бірі Ибни Хүрмүз. Оның дәрісіне 7-8 жылдай қатысқан. Қысқаша айтқанда Имам Малик мына бес ғалымға жақын жүрген: Абдуррахман Ибни Хүрмүз, Әбу Зинад Абдуллаһ Ибни Зәкуан, Яхя бин Сайд Әнсари, Рабия бин Әбу Абдуррахман Фарух және Мұхаммед Ибни Шәһәб Зүһри. Дәріс алған алтыншы ұстазы ретінде Абдуллаһ бин Омардың азат еткен құлы Нафиды айтуға болады.

Нафидан фикһ ғылымын үйренді. Нафи һижраның 117 немесе 120 жылдары өмірден озған.

Яхя бин Сайд Әнсари Имам Маликтің атақты рей ұстаздарының бірі.

Ол халыққа рей фикһығын үйретумен танымал болған. Һижраның 132 жылдары өмірден озды.

Имам Маликтің ғылым саласында көзге көрініп, ілімінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі Рабия. Толық аты-жөні Рабия бин Әбу Абдуррахман Фарух. Ол тарих пен риуаят фикһығын терең меңгерген еді. Хадси шәрифті негізгі бұлағынан үйренген. Сахабалар мен табиуындардың пәтуаларын өз атындай білетін. Сондықтан Рибия Имам Маликтің ғылым саласында дәрежесінің көтерілуіне үлкен септігі тигізгендігін айта аламыз. Ол һижраның 136 жылы дүние салды.

Имам Маликтің еңбектері

Имам Маликтің ең атақты кітаптарының бірі Муватта. Оның бұдан басқа да кітаптары бар. Суити, Тәзини Мәмалик атты кітабында былай дейді: «Кейбір мәліметтерге қарағанда Имам Малик Муваттадан басқа көптеген еңбектер жазған. Мен оның тамаша жазған тәпсір кітабын көрдім» . Нүжүмә, Дәуәраны Заман есебі, Мәнәзили Қамар атты еңбектері бар. Сондай-ақ Ғарибул-Құран деген тәпсір кітап жазған. Оны Халид бин Абдуррахман риуаят еткен. Ибн Қасымнан риуаят етілген Китаби Сүрур атты кітабы бар. Оның Муваттан басқа кітаптары кеңінен танылмаған.

Муватта кітабы Ислам әлеміне мәлім кітап. Хижаздықтардың хадистерін, сахабалар мен табиуындардың пәтуаларын ең алғаш жинақтаған Имам Малик болып табылады. Муватта кітабы хадис, сүннет және фикһқа негізделген. Муваттада жазған хадистердің рауилері мен мәтіндерін мұхият текеруден өткізіп хадистердің сахихтерін алуға тырысқан.

Кейбір риуаяттарға қарағанда Муваттада 10 мыңға жуық хадис бар делінген. Тіпті хадис риуаят етуші рауилердің санына дейін жазған. Сахабалардан 185 ер, 23 әйел болса, табиуындардан 48 ер болған. Олардың көпшілігі Мадиналық. 7-еуі өзге аймақтардан.

Муваттада тек қана хадистер емес, фикһ мәселелері де кеңінен қамтылған. Атап айтар болсақ:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Имам Матуриди және Имам Ашари көзқарасындағы негізгі айырмашылықтарға талдау жүргізу
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Ислам теологиясы
ХОЖА МАХМУД АНЖИР ФАҒНАВИЙ
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz