Басқару есебі туралы жалпы түсінік



1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
2. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
3. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық керсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі - ақпараттың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.
2)кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Бұрын атап көрсетілгендей, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз бетінше жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді өткізу, баға саясаты саласында стратегияны белгілейді. Көрсетілген және ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы тиімді басқару шешімдерді қабылдауы үшін кәсіпорынның каржылық жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады, және де олардың міндеттері күрделенеді.
Дамыған батыс елдерінде басқару есебі - құрамына қаржылық есеп те кіретін бухгалтерлік есептің біршама оқшауланған жүйеше (подсистема), бұған сондай-ақ қаржылық есеп те кіреді, және де олардың әрқайсынының өз мақсаттары мен міндеттері бар. Еске сала кетейік, қаржылық есептің мақсаты - өз әкімшілігіне де, сыртқы пайдаланушыларға да мәліметтер беру.
Басқару есебінің мақсаты - ішкі пайдаланушыларды кәсіпорынды басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылықты есептік ақпараттың барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
Негізгі
1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы №234-ІІІ, 28.02.2007 ж.
2. Международные стандарты финансовой отчетности: Пер. Полного официального текста МСФО принятых в ЕС по сост. На 1 января 2008г. – М.:Аскери – АСС, 2008
3. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, №185 2007 жылдың 23 мамырдағы ҚР қаржы Министірінің бұйрығымен бекілілген.
4. Назарова В.Л.,Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.
5. Назарова В.Л (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.
6. Төлегенов Э.Т., Басқару есебі. Оқулық – Алматы, Экономика, 2006
7. Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., Ш.Датар. управленческий учет, Питер,2007
8. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп. Алматы, Экономика,2008

Қосымша
9. Вахрушина М.А Бухгалтерский управленческий учет, Москва ЗАО «Финстатинформ», 2000
10. Ә. Д. Дәулетбеков, К.Т. Тайгашинов, Т.А. Тасмағанбетов. Басқарушы ө өндірістік есеп. Ққу құралы. Алматы, Принт, 2000
11. Друри К. Управленческий и производственный учет (перевод с анг.) М.:Юнити,2000
12. Друри К.введение в управленческий и производственный учет. М.: ЮНИТИ,2003
13. Карпова Т.П. управленческий учет: учебник - М.:Юнити,2003
14. Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., бухгалтерский учет : управленческий аспект: пер. С англ/под ред. Я.В.Соколова.- М.:Юнити,2000

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Басқару есебі туралы жалпы түсінік.

1. Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
2. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы.
3. Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі.

Кіріспе
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды
және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек.
Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу
болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық керсеткіштерін тексеруге, бағаларды
дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы
деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп қазандық деп аталатын тәсілмен
жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті
кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан,
өндіріске жұмсалған барлық қаражат құралдар есептелді. Нәтижесінде
шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың
жалпы сомасы шығатын Қазандық тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін
анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең
шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер,
қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс,
көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді
алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі - ақпараттың
иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы
тәсілді пайдалануда.
2)кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Бұрын атап көрсетілгендей, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар
өз бетінше жоспарлар, өндірістік бағдарламалар жасайды, өндіріс пен өнімді
өткізу, баға саясаты саласында стратегияны белгілейді. Көрсетілген және
ұқсас міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ басшы тиімді басқару шешімдерді
қабылдауы үшін кәсіпорынның каржылық жағдайы туралы ең анық жедел ақпарат
қажет. Мұндай ақпаратты бухгалтерлік басқару есебі жүйесі ұсынады, және де
олардың міндеттері күрделенеді.
Дамыған батыс елдерінде басқару есебі - құрамына қаржылық есеп те
кіретін бухгалтерлік есептің біршама оқшауланған жүйеше (подсистема), бұған
сондай-ақ қаржылық есеп те кіреді, және де олардың әрқайсынының өз
мақсаттары мен міндеттері бар. Еске сала кетейік, қаржылық есептің мақсаты
- өз әкімшілігіне де, сыртқы пайдаланушыларға да мәліметтер беру.
Басқару есебінің мақсаты - ішкі пайдаланушыларды кәсіпорынды басқарудың
барлық деңгейлеріндегі басшылықты есептік ақпараттың барлық түрлерімен
қамтамасыз ету.

1.Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары және міндеттері.
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік
бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай
кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы
қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше
артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік
нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің
дамуы, өндірілетінөнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға
белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда
басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.
Басқарушы есепті қалыптастыру мен дамытуда епті қадам болып,
кәсіпорынның жалпы бухгалтерлік қызметінен калькуляциялық (басқарушылық)
бухгалтерияны бөлу қажет болды. Екі дербес бухгалетрияны (қаржылық және
калькуляциялық) құру ең алдымен өндірістің ұлғаюымен, ірі компанияларды
құрумен, сондай-ақ оларда коммерциялық құпияларды сақтау қажеттілігімен
байланысты болып келеді.
Бұл белгілі бір жағдайда біртұтас ұлттық шоттарды қалыптастыруға әсер
етті. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі континентальды Еуропа
(Франция, Германия және т.б.) елдерінде ұлттық шоттар біртұтас нысанында
қаржы және басқарушы есеп шоттары болып саналады.
Екінші дүниежізілік соғыстан кейін Еуропаның экономикалық өміріне
американдық капитал ене бастады да, сосын олар экономиканың басты
салаларын иеленді, онымен бірге бухгалтерлік есепте англо-американдық
тәсілі таныла бастады. Осыдан кәсіпорындағы әкімшіліктердің мүдделерін
(қызығушылығын) қамтитын қаржылық пен басқарушылық және де коммерциялық
құпияны сақтайтын шоттар жоспары керек екені жөнінде теориктер мен
практирдің пікірлері бір жерден шықты. Ұлттық шоттар жоспарының одан әрі
дамуы қаржылық есепті жасау мүмкіндігіне бағытталды және көбінесе олар
өздерінің қаржылық есеп аясында шектелді. Бұндай құрылымдқ өзгерістер
ағарту саласына да өз әсерін тигізе бастады.
Басқарушы есептің дербес оқу пәні ретінде пайда болуы Американдық
бухгалетрлер ассоциациясының түлектерге бухгалтер-талдаушы квалификациясын
беріп, басқарушы есеп бойынша диплом алу жөнінде 1972 жылы әзірлеген
бағдарламасымен байланысты. Бұл жыл бухгалетрлік есептің қаржы және
басқарушы есебі болып, ресми түрде бөлінуін айқындады.
Отандық экономикада басқарушы есепті жаңа құбылыс түрінде қарау
қателік болар. Бухгалетрлік қызметтің атқаратын жұмысы совет үкіметінің
кейінгі жылдарымен салыстырып ұарағанда, 20-30 жылдардың басында едәуір
кеңірек болған. Сол заманның бухгалетрі есептік те, ондай-ақ жоспарлы-
талдамалық жұмыстарымен де айналысқан. Социалистік шаруашылық жүргізу
жүйесі мен орталықтандырылған жоспарлауды нығайтуды көздейтін елдердің даму
деңгейілерінде біртіндеп бухгалетрлік қызметтен жоспарлы және қаржылық
бөлімдерінің бөлінуі, оларға бугалтерлік өкілеттіліктің бір бөлігін беру
орын алды. Осының нәтижесінде бухгалетердің бұл қызметі іс жүзінде
кәсіпорынның шаруашылық мірінің фактілерін есетік тіркеумен ғана шектелгені
баршаға мәлім.
Қайта құру кезінде, нарықтық экономиканың пайдасына
орталықтандырылған басқару жүйесінен бас тартып, бірақ жоспарлаудың ролін
дәлелсіз төмендетудің салдарынан – кәсіпорынның техникалық-өнеркәсіптік-
қаржылық жоспарының мәні жойыла бастағаны байқалды. Басқарушы есебіндегі
бюджеттеу, көбінесе отандық тәжірибеде қолданылған техникалық-өнеркәсіптік-
қаржылық жоспарды жасаудың тәртібін еске салады.
Қазақстандық экономистерге жақсы танымал, факторлық ауытқуларын
талдау кезінде пайдаланады.
Кеңестік экономикасының, тұсында басқарушы есептің бір тұжырымдамасы
(концепциясы) – жауапкершілік орталықтары бойнша басқару болып табылады,
яғни осының бір белесіндей көрінген, ішкі шаруашылықтың есеп айырысуды
енгізуге бірқатар табанды талпыныстар жүргізілді.
Ең бастысы, басқарушы есептің негізі болып калькуляциялау мен
шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады.
Отандық тәжірибеде калькуляциялауға байланысты мәселелер терең зерттелген.
Басқарушы есетің стандарт-кост жүйесіне ұқсас болып келетін
калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдістері аясында, бүгігде
өте бай теориялық және практикалық тәжірибелер жинақталған. Олай болса,
директивтік экоомикада пйадаланылған басқарушы есептің тәсілдері мен
әдістері неліктен тиісті нәтижелерді бермеді, деген заңды сұрақ туады ?
Жауабы оңай: өндірістік шығындарын төмендетуде мүдделі меншік иесінің
болмауы. Дәлірек айтсақ, баға белгілеу, шығын механизмінің аясынан аспады,
ал экономика – үнемі болу керек ұраны тек қана ұран болып қалды. Тек қана
нарықтық қатынастар жағдайында басқару әдістерін басқарушы есептің біртұтас
жүйесіне объективті түрде интеграциялау мүмкіндігі туды.
Басқарушы есептің шексіз құқына тән кейбір мәселелерімен шаруашылық
субъектінің жекелеген бөлімшелері бүгінгі күннің өзінде-ақ айналысуда,
бірақта бұл ақпараттар әр түрлі службалар арасында сан тарапқа
бөлшектенген, сондықтан оларды дер кезінде, кешенді түрде пайдалану
мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде болмай отыр.Экономикалық қызметті талдау
жүргізілсе де, ол тек шыруашылық субъектілеріндегі негізгі қаржылық
көрсеткіштері толық қалыптасып біткен соң барып бір шама кешіктіріліп
жасалады және де оларға әсер ету мүмкіндіктері де пайдаланбайды; жеке
бөлімшелердің жұмыстарының тиімділігі мүлдем талданбайды.
Шаруашылық субъектілерінде қажеттілік пісіп-жетілсе де, іс-жүзәнде
салықтық жоспарлау жоқ. Сонымен бірге басқарушы есептің негізін құрайтын
калькуляциялаудың ойластырып табылған тәсілі, кейбір жағдайда, ұйымдардың
салықтық ауыртпалығын жеңілдетуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан қаржылық есеп
берудің халықаралық стандарттарына кшуі, яғни жаңа экономикалық жағдайлар,
міндетті түрде бухгалтерияның атқаратын қызметтері мен өкілеттіліктерін
ұлғайтты. Бухгалетрлік кәсіп сапалы деңгейге дейін шықса, ал бухгалтер-
талдаушы өз қызметінде шаруашылық фактілерді есептік тіркеуден өндірісті
басқаруға тсе, онда есептің жаңа сатыға көтерілгені.
1997 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында қаржылық ееп
берудің халықаралық стандартына сәйкес бухгалетрлік есепті қайта құру
бағдарламасы жасалды. Қайта құрудың мақсаты, нарықтық экономиканың
талаптары мен қаржы есебінің халықаралық стандартарына сәйкес ұлттық
бухгалтерлік есеп жүйесін, аталған талапқа сәйкес келтіру болып табылады.
Бұл мақсатқа – кәсіпорын өзін-өзі тиімді басқару үшін қажет ақпараттар
жүйесінқалыптастыра алса ғана жетеді. Монографияның басты міндетінің бірі,
шаруашылық субъектілерінде басқарушы есепті құруда, түсіндіруде, енгізуде
әдістемелік және практикалық көмек көрсету болып табылады.
Бірақта, А.Д.Шереметпен, Безрукихтың П.С. пікірлерінше, отандық
тәжірибеде қазір басқарушы есеп ұғымы кеңінен қолданбайды деп жазады. Оның
көптеген элементтері бухгалетрлік есепке (өндіріс шығындарының есебі және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау); жедел есепке (жедел есеп беру);
экономикалық талдауға (өнімнің өзіндік құнын талдау, қабылданған
шешімдердің негізделуі, жоспарлы тапсырмаларды орындауды бағалау және
т.б.)кіреді. Сонымен бірге, отандық тәжірибеде басқарушы есеп маркетингпен
әлі де үйлеспеген, нақты шығындардың болжамды шығындардан ауытқуы
анықталмайды, болашақ ақша бірлігі сияқты категориясы қолданбайды және т.б.
Басқарушы есептің қалыптасуы, деп жазады Карпова Т.П. ол
калькуляциялық есептің базасында қалыптасқан, сондықтан оның оның негізгі
маөмұны болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі
классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде
пайда болған аудармалы және отандық жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік
есеп бойынша шыққан еңбектерде Басқарушы есеп туралы берген ұғымының
анықтамасында кездеседі.
Жаңа элементтері толығымен қалыптасып бітпесе де, басқарушы есепті
біздер үшін таныс емес нәрсе деп қарастыруға болмайды, сондықтан ондағы
жаңа элементтерді ескере отырып, оларды қазақстандық жағдайға бейімдеу және
меңгеру жұмыстарын жүргізу керек.
Авторлардың бірқатары оның аналитикалылық қырын да көрсетеді.
Аналитикалық дегеніміз, деп жазады Стуков С.А., ол танымдық құндылықты
көрсетпейтін, ешқандай артық нақтылық жасамайтын, тек еептік мәліметтерді
жеткілікті түрде ақпараттық тұрғысынан талдап тексеруді түсіндіреді. Бірақ
бұл дегеніміз басқарушы есеп терминін жедел және басқарушы талдау
терминімен бірдей деп теңестіру (саюшылық) емес, ол тек қана жеткізіп
берілген (берілетін) мәліметтердің жеделдігі мен дер кезіндегі (отты із
бойынша) сияқты басқарушы есепке қойылатын талаптар (немесе әдістер,
немесе тәсілдер).
Басқарушы есептің құрамында, деп санайды Карпова Т.П. және басқалары
тек онда ақпараттар жиналады, топталады, теңестіріледі, және шарушылық
субъектілерінің табыс алуы кезінде қатысу үлесін анықтау және құрылымдық
блімшелердің қызметінің нәтижелерін анық және сенімді көрсету мақсатында
зерттеледі.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде үнемі басқарушы есеп термині
арқылы негізгі қызметпен байланысты табыстар ме шығындар есебінің
бақылауының жеткіліксіз бөлігі ғана түсіндіріледі, толығымен қамтылған
емес. Осыған байланысты кейде шығындар есебі мен басқарушы есеп
терминдерінің арасында теңдік белгісі қойылады. Мұндай тәсіл, жай немесе
қарапайым жағдайларда қолайлы (шағын және орта, негізінен бір ғана өнімді
өндіретін субъектілер,) ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге қолайсыз, өйткені
онда басқарушы есептің кмегімен шешілетін мәселелер қомақты, сондықтан ол
жүйемен, саламен, сыртқы ортамен байланысты болуы мүмкін, бұл жағдайда
шығындар ұғымы сияқты ұғымнан оның аясы едәуір кеңірек.
Бұл бағыттың дамуы, қазіргі кездегі экономикалық кәсіби әдебиеттерде
өте жиі кездесетін басқарушы және өндірістік есеп ұғымдарының бірдей
деп теңдестіруіне әкелді, ал соңғысынан, яғни өндірістік есепті өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебімен бірдей деп теңдестіруге
(саюға) ықпал етті.
Бірақта Басқарушы есеп терминнің мұндай ұғымымен толық
келіспейтіндер де жоқ емес. Мәселен,тВахрушина М.А. тарихи өндірістік есеп
басқарушы есептің негізін салушы деп санайды. Өндірістік есеп жұйесі
батапқыда есеп айырысулар түрінде дамыды, оның негізгі мақсаты өнім
бірлігіне шаққан түсім мен өндіріс шығындарын анықтау болып табылатын.
Қазіргі уақытта өндірістік есепке үлкен талаптар қойылып отыр. Осы
талаптардың қатарына мыналар жатқызылады: өндіріс шығындарын қадағалау,
артық шығынның себептерін талдау, сондай-ақ үнемдердің мүмкін болатын
резервтерін анықтау. Мүмкін осыдан шығар олардың ұқсастықтары мен
ажыратудың күрделілігі.
Сондықтан да Басқарушы есеп терминіне екі жақты көқарас пайда болып
отыр. Бір жағдайда басқарушы есеп өнімнің өзіндік құны, шығындары туралы
ақпараттарды түсіндіру мен жинау жүйесі ретінде, яғни басқаша айтқанда
терминді контролинг (немесе жай бақылау) терминіне жақын келетін
шаруашылық субъектінің қызметтерін (іс-әрекетін) бақылау үшін есепті
ұйымдастырудың ұлғайтылған жүйесі ретінде қарастырады.
Ал, басқа жағдайда ол басқару шешімдерін қабылдау үшін дер кезінде
және толық ақпаратпен қамтитын қайнар көз ретінде қарастырады.
Бұл бизнес үшін бағдарламалық өнімдерге өз әсерін тигізіп отыр – олар
шешім қабылдау үшін қажет ақпараттарды шоғырландырып беруге, оның ішінде
шығындардың есебін тәмтіштеп (детальдап) және оны кәсіпорынның
функцияоналдық компоненттеріне таңып, яғни есептіктен біртіндеп
басқарушылыққа ұласып отыр. Бірақта бұл біздің тәжірибеде басқарушы есептің
кейбір элементтерінің жоқтығына қарамастан, тек олардың барын біртұтас
құрылымға біріктіріп (бірінші тәсілі де, екінші де), белгілі бір нәтижеге
қол жеткізу үшін бағытталғаны маңызды.
Бұл кезде қаржы жән салық есебінің стандарттық нысандары басқарушы
есеп жүйесінің бір бөлігі бола бастайды. Осыдан, басқарушы есептің
мәнділігін белгілеу, кәсіпорынның ақпараттық-бақылау жүйесін тұтас
сипаттайтын, яғни: үздіксіздік мақсатқа бағытталғандығы; ақпаратпен
қамтудың толықтығы; объективті түрде қоғамның экономикалық заңдарын
қолданудың пратикалық жүзінде көрсету; ішкі және сыртқы жағдайларда
өзгеретін басқару объектілеріне әсер ететін қағидаларының жиынтығын
қарастыруға ықпал етеді, деп жазды Карпова Т.П.
Сондықтан, авторлардың көпшілігінің жорамалы бойынша, ең қарапайым
түрде баяндап жазғанда басқарушы есеп жүйесінің мәні әр түрлі деңгейдегі
кәсіпорынның басқарушыларының басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін, қажет
көлемде сезімталдық тұрғысынан жинақталған ақпараттардан тұрады делінген.
Егер бұл тап осындай маөмұнда болса, онда ол бірде-бір зерттеушілердің
пікір таласын туғызбайды.
Бірақта, теориялық талдамалардың кемшілігіне мынаны жатқызамыз:
авторлардың ешқайсысы нарыққа қажет басқарушы және өндірістік есеп сияқты
ұғымдарды ажыратып қарамайды. Осыдан келәіп, жоғарыдағы авторлар нарыққа
қажет басқарушы есеп сияқты көп жоспарлы және күрделі құбылыстың мәні мен
тереңдетілігін толығымен көретпейді, басқарушы есепті бағалау барысында тек
сапалылығы, маңыздылығы, құндылығы теңдей элементтері қолданумен ғана
шектеледі.
Басқарушы есеп ұғымын біркелкі анықтау осы есептің практикалық
мәселелері, яғни есептік жүйені құру, оны құрайтын құрылымды, шаруашылық
өміріндегі оның ролі, баға белгілеу мен өзара әрекеттестігі және т.б.
туралы пікір сайысына әкеледі. Сәйкесінше, осы ұғыммен байланысты толық
түсініспеушілікутер іс жүзінде (практикада) қатты байқалдып отыр.
Басқарушы есеп дегеніміз не деген сұраққа біреулер – бұл менеджерлер үшін
компьютерлік есеп, үшіншілері – тіптен абдырап қалып, ештеңе айта алмайды.
Өзінің мазмұнды әрі күрделі еңбегінде Друри К. екі терминнің екеуінде
өте жиі синоним ретінде пайдаланады. Мәселен, проф. Друри К. оны келесідей
оймен тұжырымдайды: өндірістік есеп деп өнім запастарының құнын бағалау
үшін өндірістік шығындар туралы мәліметтер жиынтығын түсіндірді, ал
басқарушы есеп термині шешім қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу
сияқты басқарушылық сипаттағы іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажет
ақпараттарды дайындауды білдіреді.
Басқарушы есеп – бұл басқару шешімдерін қабылдау үшін ақиқат
(релевнттық) ақпараттарды беру. Немесе басқа сөзбен айтқанда: Басқарушы
есептік жүйе, ол басшылықтың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін
қажет мәліметтерді ұсыну және жинақтау жүйесі болып табылады. Сондай-ақ,
басқа да, ғылыми сипатта емес бірқатар сөзбе-сөз үзінділерді келтірейік:
Басқарушы есеп – ұйымдардың қызметтерін өзіндік басқару, бақылау және
жоспарлау үшін қолданылатын, тек бір тұтас ұйымның аясында, оның
басқарушылық аппаратын, ақпаратпен қамтамасыз ететін бухгалетрлік есептің
ішкі жүйесі.
Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша
басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен
шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ
және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің
нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел
қабылдау.
Барлық жоғарыда келтірілген басқарушы есептің анықтамалары таза
есеп тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, басқару термині емес,
сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай
ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек. Ажырату барысында
жіберілген қателіктерді Рэй Вандер Вил, В.Ф. Палий бірден байқады да, және
оны олар былай деп пайымдады: блұ айырмашылықты сезудегі қабілетсіздіктің
арқасында басқарушы есеп жүйесін пайдалану талпыныстары кезінде
менеджерлердің жіберген көптеген сәтсіздіктерінің терең себеп-салдары болып
табылады.
Әдетте, басқарушы есеп терминнің шешуші сөзі етіп есеп
саналғанда, келесі жағдайлардың жүйелілігі байқалады. Бірінші кезекте, бұл
жүйесі пайдалану кезінде өте үлкен көңіл цифрларға бөлінеді. Екіншіден,
мақсаттың қойылу процесі сандық өлшем арқылы соқыр тиісті міндеттердің
тізбесін жасауды талап етеді. Мндай міндеттер, кәсіпорынның алдына қойылған
мәселелерді шешу үшін, қажет болатын алдын ала шараларды орындамай, әдетте
түк те емес нәрселерден ойластырады. Нәтижесінде менеджерлер үнемі қолынан
шығып кететін баластанбаған және үйлестірілмеген мақсатты міндеттердің
тізбесі пайда болады.
Отандық және шетелдік зерттеулердің талдауы бізге мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік береді: бір қарағанда түсінікті болып көрінетін нарықтық
қажеттілікке сай басқарушы есебі сияқты ұғымға, яғни: бағалау
критерияларының жинағының көмегімен өндірісті басқарудың экономикалық
механизмі ретінде, сондай-ақ ғылыми талқыға жаңа басқарушы есеп ұғымын
енгізуге және ағымдағы төлем қабілеттілігін анықтауға, қаржылық
тұрақтылыққа қабілеттілік пен нәтижені ескеретін, оны бағалаудағы мүлдем
жаа кешенді бағыт сияқты ұғымдардың толық мәнін ашуға қажеттілік пайда
болды. Бірақта, осы күнге дейін нарықтық жағдайда, жарық көрген
әдебиеттерде басқарушы есептің тұжырымдалған ұғымы жоқ. Біздің
пікірімізше: басқарушы есеп – бұл экономикалық интегралданған есептеулердің
және жиынтық ақпараттық мәліметтерінің негізінде (базасында)
кәсіпорындардың қызметтерін белгілі бір бағытқа үшін қабылданатын
басқарушылық шешімдердің жүйесін жасау.
Бұл анықтама, біздіңше, жүйе ретінде, сондай-ақ ерекше ішкі жүйе
ретінде кәсіпорындарды басқарудағы иерархияның барлық деңгейіне қолайлы.
Басқарушы есептің мәнін сипаттай келе, оның маңызды ерекшелігін, яғни
оның басқару процесін есептік процеспен байланыстыратындығын ерекше атап
өту керек. Басқарудың барлық циклдық процесінде көрініс табатын басқарушы
есебінің объектілерінің жиынтығын оның пәні деп атайды. Басқарушы есеп пәні
болып ұйымдардың жалпы және оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріндегі
өндірістік қызметі болып табылады.
Бұл арада кәсіпорынның өзі басқарушы есептің пәні ретінде, сондай-ақ
оның (басқарушы есептің) сыртқы ортасымен өгеше қатынастырамен байланысты
болатын өте күрделі ашық әлеуметтік-техникалық жүйесі ретінде көрінеді.
Табыс табу мен басқа мақсаттарға қол жеткізу үшін, кәсіпорындарға сырттан
келіп түсетін сұранысты қанағаттандыру үшін, игіліктерді (тауарлар мен
қызмет көрсетулер) өндіреді. Одан басқа, біз ішкі жүйе деп атайтын
кәсіпорындардың потенциалдық элементтері (персонал мен өндіріс құралдары)
объектілермен өзара әрекеттеседі.
Бұл әрекетке материалдық және материалдық емес, нақты және номиналды
игіліктерді (ақшаларды) жинақтау, беру, қайта өңдеу, алумен байланысты
процестер жатқызылады. Көбінесе нақты игіліктер – осылар әрекет ететін
объектілер – кіретін және шығатын элементті кіргізетін болса, онда олардың
арасында ақпараттық, тауарлы (материалдық), сондай-ақ ақшалай ағындар пайда
болады. Бұл ағындар кәсіпорын арқылы өтеді де және сыртқы ортамен
байланыстырады. Ақпараттық ағындар ішінара тауарлы және ақшалай ағындарының
қатысуынсыз жүреді. Тауарлар ағынын және басқа нақты ағындары, сондай-ақ
ақшалай ағындары ақпараттық ағындаркмегімен басқаруға болады.
Тікелей қаржылық сипатқа ие шаруашылық операциялар (бағалы
қағаздармен операциялар, мүлікті сату немесе сатып алу, жалға және
лизингтік операциялар, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және
т.б.) басқарушы есептің пәні аясынан шығып кетеді.
Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл
мәселені шешу мүлдем қазііргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық
үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда
мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты
күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарғаикемділік беру және
жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалетрдің
алатынорнын өзгерту.
Басқарушы есеп іс жүзінде басқару процесін есеп процесімен
байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар:
❖ субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде адамдардың мақсатқа
сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар;
❖ шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығын
құрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері;
Кестеде келтірілген объектілер ауқымды сипатқа ие және оны бірінші
топқа жатқызады. Мұнда тікелей басқарушы есептің арқасында ғылыми-
техникалық прогрестің осы және басқа да бағыттың мақсатқа сәйкестігі мен
дәлелділігі анықталады, сондай-ақ олардың тәжірибеде іске асырылу механизмі
дайындалады.
Ал басқарушы есептің объектілерінің екінші тобына келесі қызметтердің
түрлері жатады:
❖ Жабдықтау-дайындау - өндірісті шикізат ресурстарымен жабдықтау және
сақтау; қосалқы матералдармен, өндірістік құрал-жабдықтармен және оны
ұстау мен жөндеу үшін арналған қосымша бөлшектерімен, сондай-ақ
жабдықтаушылық процестермен байланысты маркетингтік қызметімен қамтамасыз
ету;
❖ өндіру - өнімді өндіру технологиясына негізделген негізгі және қосымша
операциялардан тұратын процестер; өндірілетін өнімді жетілдіру және жаңа
өнімдерге талдама жасау операциялары;
❖ қаржылау (қаржыландыру) - өткізу (сату) – маркетингтің зерттеулер және
өнімді өткізу нарығын қалыптастыру операциялары; өнімді тікелей және
өткізу (сату) операциялары; буып-түю, тасымалдау және жұмыстың басқа
түрлерін қоса алғандағы операциялары; өнімді жарнамалаудан бастап
тұтынушылармен тікелей байланыстарды қалыптастырумен аяқталатын және өнім
көлемінің артуына ықпал ететін операциялар; өндірілген өнімнің сапасын
бақылау;
❖ ұйымдастыру – шаруашылық субъектінің ұйымдық құрылымын құру, шаруашылық
субъектісінің жүйесінен функционалдық бөлімдерді, службаларды, цехтарды,
бөлімшелерді ажыратып көрсету; ынталандыру, жоспардың орындауын бағалау,
бақылау жоспарлау қызметтеріне (функциясына) сәйкес келетін, басқарудың
әртүрлі деңгейімен үйлесетін, құрылымдық бөлімшелердің арасындағы
байланыстары ішкі коммуникациялық талаптарына жауап беретін, кәсіпорынның
тікелей және кері байланыстарын қамтитын ақпараттық жүйені ұйымдастыру;
шаруашылық субъектінің негізгі мақсатын орындауға бағытталған ішкі
орындаушылардың әрекеттерін үйлестіру операциялары.
Басқарушы есептің басқа да объектілерінің топтамасы таңдап алынуы мүмкін,
бірақ кез келген жағдайда ол басқарудың негізгі мақсатарына жауап беру
керек. Басқарушы есеп жүйесінде оның объектілері белгілі бір ерекше
көрініске ие болады. Ең алдымен, өндіріс ресурстарының жағадйы, қозғалысы
бойынша және олардың шаруашылық қызметінің процесінде мақсатқа сай
пайдалануы көрініс табады.
Бұл кезде басқарушы есепте әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданады:
❖ Қаржылық есептің әдісінің элементтері (құжаттау, түгелдеу, екі жақты
жазу, топтастыру, жинақтау, есеп беру);
❖ Жоспарлы-экономикалық талдау тәсілі;
❖ Индекстік әдіс;
❖ Математикалық әдіс.
Пәннің мазмұнын ашатын тәсілдер мен әдістердің жиынтығы басқарушы есептің
әдістері деп аталады. Әдістің барлық элементтері бір-бірінен әрекет етеді,
ал шаруашылық байланысын йымдастыру жүйесі, басқару мәселелерін шешуге
бағытталған, және сонымен қоса бақсарушы есептің тәсілі ретінде,
ақпараттарды жүйелі жедел талдауы көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандай, бақсарушы есептің дамуы өндірістік, калькуляциялық
есептің негізінде орын алды. Сондықтан оның негізгі мазмұнын калькуляциялау
мен өндіріс шығындарының есебі құрайды.
Кесте. Басқарушы есептің элементтерінен тұратын ғылыми-техникалық
процестің негізгі бағыттары.

Өнімді Ғылыми-техникалық Басқарушы есеп пен ғылыми-теникалық прогрестің
шығару, ҒТП-нің объектілеріжетістіктерін жүзеге асыру салалары
(қызмет,
жұмыс)
Кәсіпорын
құралдары
Кәсіпорын
ның
потенциал
ының
элементте
рі
Өндіріс саласындағы Басқару және басқарушы
ҒТП-нің объектілері есеп саласындағы
объектілері
1. Өнімді жетілдіруИнвестициялық жобалар,Басқарушы шешімдерін,
өнім және қызмет өнімді әзірлеудің
әдісті шешімдерін
әзірлеу және т.б.
2. Еңбек Машиналар механизмдер,Электронды есептеу
құрал-абдығын монтаждау жабдықтар, техникалық құралдары,
жетілдіру көлік және т.б. ұйымдастыру техникасы
(ТБҚ-техникалық басқару
құралдар)
3. Еңбек заттарын Материалдар, Ақпараттық жүйелер,
жетілдіру конструкциялар, ақпаратты иеленушілер
бұйымдар, (тасымалдаушылар) және
инженерлері-технологият.б.
лық құралдар және т.б.
4. Еңбек Өндірістік процестердіБасқаруды ұйымдастыру
процестерін кешенді технологиясын; басқару
жетілдіру механикаландыру мен әдістері мен
(технология, автоматтандыру құрылымдарын таңдау;
ұйымдастыру, әдістері, еңбекті ақпараттық ағындарын
жоспарлау, басқару ғылыми тұрғыдан жасау және оларды
және т.б.) ұйымдастыру және т.б. өңдеу; талдау;
жоспарлау; бақылау;
басқару шешімдерін
қабылдау үшін жобалық
шешімдерді типтендіру
және үйлестіру

Өндірістік есептің негізінде бақсарушы есеп жүйесі келіп шықты, - деп
Вахрушина М.А. тектен текке айтпаса керек.
Бүгінгі күні өндірістік есеп өндіріс шығындарын бақылуа, артық
шығындардың есептерін алдағы кезеңдермен, сметалармен, болжамдармен
салыстыра отырып талдау жасау, сондай-ақ үнемдеудің мүмкін резервтерін
анықтауды талап етеді. Ол шаруашылық субъектінің өнімін өндіру және
өткізумен байланысты баролық процестері анық және толық көрсетуі керек.
Қазіргі кездегі өндірістік есептің негізгі тараулары болып мыналар
табылады:
❖ Шығындардың түрлері бойынша есебі;
❖ Шығындардың шығу орындарына байланысты есебі;
❖ Шығындардың иеленушісі (тасымалдаушысы) бойынша есебі.
Шығындардың түрлері бойынша есебі есепті кезеңде өнімді өндіру (жұмыс
жасау, қызмет көрсету) процесінде шаруашылық субъектіде қандай шығындар
топтарының орын алғанын көрсетеді.
Олардың шығу орындарына байланысты шығындар есебі, қажетіне жұмсалған
шығындардың мөлешерін арасында, оларды бөлуге мүмкінді береді.
Тұрақты иеленушілер (тасымалдаушылар) бойынша шығындар есебі қандай да
бір нақты өнім бірлігін өндіру немесе белгілі бір тапсырысты орындаумен
байланысты барлық шығындарды анықтауды жорамалдайды.
Сөйтіп, тек қана ндірістік есептің аясында өнім бірілігінің өзіндік
құнын, оған келетін табыс пен рентабельділік деңгйеін есептеудің түседі.
Шаруашылық қызметті басқарудың күрделі және кещенді процесс болып
табылатындығына тоқтала жөн.
Басқару талаптарына жауап беретін есеп жүйесі өте күрделі (қиын) және де
көптеген процедуралардан тұрады. Оған қоса басқарушы есеп жүйесінің
элементтерінің құрамы басқару мақсаттарына тәуелді болып келеді. Бұл арада,
жалпы қабылданған қағидаларға, шаруашылық субъектісінде ұйымдастырылған кез
келген есептің жүйесі, (оның ішінде басқарушы есепте) жауап керек.
Басқарушы есептің қағидаларының қатарына мыналар жатады: шаруашылық
субъектінің үздіәксіз қызметі; жоспарлау мен есептеуде (жоспарлы-есептік)
біртұтас өлшем бірлікті пайдалану; шаруашылық бөлімшелерінің қызметінің
нәтижесін бағалау; басқару мақсатында алғашқы және аралық ақпараттардың
сабақтастығын сақтап және бірнеше рет қайталап пайдалану; басқару
деңгейілерінің арасында коммуникациялық байланыстың негізі ретінде ішкі
есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру; шығындарды, қаржыны, коммерциялық
қызметтерді басқарудың бюджеттік (сметалық) әдісін қолдану; есептің
объектілері жнінде толық ақпараттарды камтитын толықтылық пен
аналитикалығын арттыру; есептік саясатта белгіленген шаруашылық
субъектілердің ндірстік және коммерциялық циклдарын көрсететін мерзімділігі
және т.б. осы сияқтылар. Аталған қағидалар жиынтығы басқарушы есеп
жүйесінің әрекеттілігін қамтиды, бірақ ол оның есептік процесін
үйлестірмейді.
Басқарушы есетің мәні оның экономикалық табиғатын ашатын және басқару
процесіне категоиялардың ролдерін көрсететәін, олардың атқаратын
қызметтерінен көрінеді. Басқарушы есептің маңызды қызметі болып
калькуляциялау болып табылады. Жаслған есеп айырысулар негізінде басқарушы
есепжүйесінде бір есепті шешудің әр түрлі баламалы варианттарын есептеу
керек, олардың ішінен оңтайлысын (оптимальдысын) таңдап және жедел тиімді
басқару шешімдерін қабылдауға болады. Осы туралы Касьянова Г.Ю.,
Колесникова С.Н., шешім қабылдау үшін барлық деңгейдегі басшыларды дер
кезінде және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету – бұл басқарушы есептің
негізгі атқаратын қыметінің бірі, деп жазды.
Бұл атқырылатын қыметтің материалдық көрінісі болып, кәсіпорынның жалпы
басқару жүйесінің бір бөлігі болатын: жоспарлау, бақылау, ынталандыру
сияқты экономикалық есеп айырысулар жүйесі жатады. Негізінен бұл
қызметтерді бухгалтер-талдаушы (бухгалтерлер-менеджер) орындайды.
Жоспарлау сатысында бухгалтер-талдаушы басшының бекітуіне ұсынылатын,
жалпы (бас) бюджетке көшірілетін, шаруашылық субъектілердің жеке
бюджеттерін дайындауға қатысады. Өндірістік бюджетті (шаруашылық
субъектінің өндірістік бағдарламасы) дайындау кезінде бухгалетр-талдаушының
қызметіні арқасында жекелеген цехтар, бөлімшелер және бригадалар жұмыстарын
– іске асырылуын қамтиды, өндірістік поцесте олқы жерлері деп аталатын
құбылысты болдырмайды. Ол шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарламасын
талқылауға, күрделі жұмсалымдар бойынша ұсыныстарды бағалауға, өнімнің
тиімді түрлерін анықтауға, өнімді өткізу нарығын табуға және оңтайлы
(оптималды) бағаларға нұсқау жасауға қатысады. Қаіргі кедегі бухгалтер-
талдаушы: жедел бухгалтерлік есептің, қаржылық талдаудың және қаржылық
жоспарлаудың әдістерін тең дәрежеде меңгеруі қажет. Өзі жүргізген
зерттеулер негізінде бухгалтер-талдаушы есепті кезең мәліметтерін талдайды
және жинақтайды, сосын алдағы жоспарлау мен болжауда қолдану үшін қорытынды
шығарады.
Бухгалтер-талдашы есепті кезең аяқталғаннан кейін, ол әрбір
жауапкершілік орталықтары бойынша бюджеттерінің (жоспардың) орындалуы
туралы есепті жасайды, осы есепте жоспарланған және қол жеткізген
нәтижелердің салыстырмалы талдауын келтіреді. Сйтіп нақты және жоспарлы
көрсеткіштер арасындағы орынсыз алшақтықтар анықталады, одан кейінгі жұмыс
барысында олардың әсерін болдырмау мақсатында себептері анықталады.
Бухгалетр-талдаушы дайындаған қорытынды есеп берулер (отчеттар), бір
жағынан, жауапркешілік орталықтары бойынша басшыларының қызметтерін
объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді, ал басқа жағынан-менеджерлер
мен басшыларға қандай бөлімшелерде жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілгені
жөнінде ақпарат береді.
Шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтер-талдаушының кәсіптік
қызметтерінің арқасында, жекелеген службалар арасында есеп беру мен
ақпараттардың айырбасталуы, олардың жұмысының жөнге салынғандығын
байқатады. Оның көмегімен менеджерлер өздері үшін жасалған жоспарлармен
танысады, өздерінің алдына қойылған мәселелерді айқындайды.
Өзінің қызметінде бухгалтер-талдаушы кәсіпорынды басқарудың
тиімділігін арттыру үшін негіз қалыптастырады, кейде ол қорабыл
штурманфымен өзін салыстырады, өйткені штурман капитанға алынған бағыттың
қаншалықты тиімді іске асып жатқаны туралы хабарлап отырады. Штурман
капитанға көмек бергенімен, команда беру құқына капитанның өзі ие болады.
Сөйтіп, бухгалтер-талдаушы біріншіден, бөлімшінің бухгалтерлік есеп
беруінің нақтылығына басшы алдында жауапкершілікте болады, екіншіден,
жауапкершілік орталықтарындағы басқарушыларға жұмыстарын жоспарлау мен
қорытындылар шығаруда көмек көрсетеді. Сондықтан ол шаруашылық субъектісін
басқаруда менеджерге көмек беруде өзінің объективтігін және тәуелсіздігін
байланыстыруы қажет. Ол өндірістің мәңгі қозғаушы күш ретінде, басқарушы
есеп жүйесіндегі ролі туралы, біз кейінірек толық қарастырамыз.
Басқарушы есепті ұйымдастыру және оның мәні мәселелерін қарастыра
келіп, Карпова Т.П. олардың әрекеттілігін қамтитын басқару және ақпарат
қызметі (фнукциясы) – басқарушы есептің атқаратын қызметін калыптастыруға
мүмкіндік береді, - деп жазды да, аталған қызметтің (функцияның), қатарына
мыналарды жатқызды:
❖ жедел басқарушылық шешімді қабылдау және бақылау, басқарудың барлық
деңгейілерінде ағымдағы жоспарлау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;
❖ басқару деңгейлері мен бірдей деңгейідегі әр түрлі құрылымдық бөлімшелер
арасындағы ішкі байланыстың құралы болатын ақпараттарды қалыптастыру;
❖ мақсатқа қол жеткізуде жалпы кәсіпорында және бөлімшелердің ішкі
қызметінің нәтижелерін бағалау және жедел бақылау;
❖ қызметтің (іс-әреткеттің) нақты нәтижесін бағалау мен талдау негізінде
болашақта кәсіпорынның дамуын үйлестіру және перспективті жоспарлау.
Бұл айтылғандарды қорыта келе, осыдан басқарушы есептің негізгі мақсатын
құруға болады:
❖ Басқарушыға жедел басқарушылық шешімді қабылдауда ақпараттық көмек
көрсету;
❖ Шаруашылық субъектінің экономикалық тиімділігін бақылау, жоспарлау
және болжау;
❖ Баға белгілеу үшін базалық негізін жасау;
❖ Кәсіпорынның дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.
Сөйтіп, шаруашылық субъектілер үшін қажет болатын ақпараттарды
бухгалтерлер жасайды, ал осынған қатысты барлық кәсіби қызмет эккаунтинг
деп аталады. Эккаунтингке шаруашылық субъектінің есеп беру жұмыстары
бойынша, оның қаржылық көрсеткіштерін талдау, жоспарлау, сонымен қатар
кәсіпорынның қызметіне (іс-әрекетіне) бақылау жасаумен байланысты жұмыстары
кіреді. Демек, басқарушы есеп – эккаунтингтің ажырамас бір бөлігі.
Басқарушы есеп міндетті түрде болашақта болатын оқиғадалардың
бағытына әсер тетіндей епті қимылдар жасауы қажет. Себебі, өйткенді
өзгертуге болмайды, бірақта ол болашаққа сабақ болуы керек.
Министерстволар мен басқа мемлекеттік бақсару органдарының
ақпараттық ашқарақтығымен жасалған мәліметтер емес, керісінше, артық
ақпараттардан арылып, бұл есепті бұдан кейін де дамыту және жетілдіру
қажет. Іс жүзінде (тәжірибе) көрсеткендей, есеп беру ақпараттарының едәуір
бөлігі шын мәнінде пайдаланбай қалады. Демек, есептің тек есеп беруге ғана
бағытталғанына жол бермеу керек, оның анық айқын көрінетін есеп-беру
статистикалық сипатының аясын кеңейткен жөн. Қолданыстағы бар есепке
қосымша басқарушы есептің терң дайындалған, аналитикалық және икемді
жүйесін жасау керек.
Бірақта, басқарушы есеп қазақстандық шаруашылық субъектілерінде жоқ
деп айтуға болмйды, дегенмен де мұндай көзқарастар ғалымдардың арасында
және практиктерде кездеседі.

Басқарушы есебі Қаржы есебі Салық есебі
1 2 3
г бақылау

в қаржылық
көрсеткіштерді

талдау
б жоспарлы жұмыс

а есеп беру

а-г – басқарушылық ақпаратты
жасауды қамтамасыз ететін
бухгалетерлік қызметтің түрлері;
1-3 – эккаунтинг жүйесінде
жасалатын ақпараттық көрсет-
кіштеріне база болатын есептің
түрлері.
Эккаунтингі қосылғыштары

2. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы
сипаттамасы.
Экономика саласында басқарушы есептің ролінің артуымен қоса жүретін
бизнестің одан әрі дамуы әр түрлі елдерде қолданылатын қағидалары мен
оларды есептеудің алгоритмі есепті одан әрі жетілдіру мен түсіндіруге
белгілі бір талаптар қояды. Дәл осы кезінде елдің нарықтық экономикаға өту
барысында және ұйымдар (кәсіпорындар), акционерлік қоғамдар және т.б.
деңгейінде шетел инвесторларымен іскерлік контрактілерді қалыптастыруда
біздің мамандар бухгалтерлік есепті жүргізудің біршама тауқыметтерімен
бетпе-бет қақтығысады.
Бүгінде әлемдік есеп жүйесінде, оның ішінде бақсарушы есепте де, өмір
талабына сай келмейтін жақтары аз емес, бұл мәселе тек Қазақстанға ғана тән
емес. Ол ауқымды сипатқа ие. Сондықтан кейінгі кезде басылған бухгалтерлік
есп бойынша аздаған оқулықтарда, ғылыми-практикалық публикацияларда,
монографиларда, конференция мен дискуссияларда, ресми бухгалтерлерді
дайындау мен аттестациялау бағдарламасында жаңа басқарушы есеп ұғымы
талқыланып жатыр. Басқарушы есеп бухгалтерлік есептің ішкі жүйесі ғана
болып табылады, бірақта ол басқару деңгейінде ұтымды қабылданған
шешімдердің қажеттіліктері сай келетіндей етіп ұйымдастырылуы қажет.
Бұрынғы стандартталған процедураға сүйене бағыты, бүгінде ол шаруашылық
субъектілердің мүмкіндіктерін талдауға бағытталған икемді сеп жүйесіне орын
босатып берді.
Сәйкесінше, толық ауқымды басқарушы есепке көшу тек шаруашылық
субъектінің барлық деңгйеіндегі есеппен қатар, эккаунтинг жүйесі
шеңберідегі функционалдық жәе құрылымдық жекелеген бөлімшелірдің
деңгейіндегі есепті де қарастырады.
Батыс бухгалтерінің бағалауы бойынша, деп жазады Карминский А.М.
және т.б. – тек басқарушы есептің жолға қойылуы мен жүргізіліуі ресурстар
мен уақыттың 90 пайызына жуығы кетеді, ал дәстүрлі қаржы есебіне қалған
уақыт бөлігі кетеді. Осыған ұқсас пікірлерді проф. БезрукихП.С. пен
Кондраков Н.П. растайды, жалпы экономикалық ақпараттардың жиынтығында, 23
жуығын бухгалтерлік есептің мәліметтерін құрайды, және олар басқару
шешімдерін қабылдау үшін қажет. Бірақта, есептің екі түрі де өз кезеігнде
мынадай жүйе элементтерінен тұрады: алғашқы құжаттау мәліметтері бойынша
ақпараттарды өңдеу; әр түрлі өндіріс сипатын немесе оның жекелеген
бөліктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Аяқталмаған өндірістің есебі жайлы
Беллманның оңтайлау принципі. Динамикалық программалау есебін шешудің әдісі
Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Пәндер