Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы



1. Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы
2. Қоғамдык құрылысы
3. Ежелгі Үндістандағы құқық
5. Әкімшілік бөлу
6. Тарихы
7. Британдық Индия
8. Колониалдық дәуiр
9. Тәуелсіз Үндістан
10. Қазақстанмен қатынастары
Пайдаланылған әдебиеттер
Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.
Үндістанның географиялық жағдайы өте күрделі және әртүрлі болатын. Үндістанның жері үлкен түбек, материк сияқты аумақты, басқа дүниеден екі мүхитпен және Гималай тауымен бөлініп тұр. Түбектің ортасы-Деккан жартыаралдың ең ежелгі бөлімі. Ол джунглиден, саваннадан, таулы және тасты жерлерден тұрады, құрғақшылық жиі болуына байланысты адамның өмір сүруіне қолайсыз еді. Адамдардың тұруына ең жақсы, пайдаға асатын жерлер Үндістанның батыс-солтүстік жағындағы Инд және Ганг өзендерінің арасында орналасқан аллювиалды тегіс алқаптар. Суы мол, жерлері құнарлы, климаты жұмсақ, сондықтан ежелгі кезеңнен-ақ осында ірі мемлекеттер пайда болды.
Қоғамдык құрылысы
Ежелгі Үндістанның әлдеқашаннан келе жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі касталарға, готраларға бөлінеді. "Каста" португал тілінен шыққан сөз, ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері әр түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен де белгіленген. Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы мамандығы да, діни әдеттері мен әлеуметтік деңгейіне де бірдей болған.
Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екі туған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік жасауға және жеңілдіктерге ие болуға құқылы.
1. Қазіргі дүние географиясы: / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова.
—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2. Балалар энциклопедиясы, III-том

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы
2. Қоғамдык құрылысы
3. Ежелгі Үндістандағы құқық
5. Әкімшілік бөлу
6. Тарихы
7. Британдық Индия
8. Колониалдық дәуiр
9. Тәуелсіз Үндістан
10. Қазақстанмен қатынастары
Пайдаланылған әдебиеттер

Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы
Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың
өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік
жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің
жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті
бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді.
Үндістан буддизм дінінің отаны.
Үндістанның географиялық жағдайы өте күрделі және әртүрлі болатын.
Үндістанның жері үлкен түбек, материк сияқты аумақты, басқа дүниеден екі
мүхитпен және Гималай тауымен бөлініп тұр. Түбектің ортасы-Деккан
жартыаралдың ең ежелгі бөлімі. Ол джунглиден, саваннадан, таулы және тасты
жерлерден тұрады, құрғақшылық жиі болуына байланысты адамның өмір сүруіне
қолайсыз еді. Адамдардың тұруына ең жақсы, пайдаға асатын жерлер
Үндістанның батыс-солтүстік жағындағы Инд және Ганг өзендерінің арасында
орналасқан аллювиалды тегіс алқаптар. Суы мол, жерлері құнарлы, климаты
жұмсақ, сондықтан ежелгі кезеңнен-ақ осында ірі мемлекеттер пайда болды.
Қоғамдык құрылысы
Ежелгі Үндістанның әлдеқашаннан келе жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі
касталарға, готраларға бөлінеді. "Каста" португал тілінен шыққан сөз, ол
тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері әр
түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен де белгіленген.
Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы мамандығы да, діни әдеттері
мен әлеуметтік деңгейіне де бірдей болған.
Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары
үш каста-екі туған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік
жасауға және жеңілдіктерге ие болуға құқылы.
Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу,
білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру
және садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману зандарының 96-бабында
(бірінші тарау) былай делінген: "Тірі нәрселердің бәрінің ішіндегі ең
қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде
брахмандар болып саналады".
Бағыныштыларын қорғау, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін
ілімін оқып-тану істерін құдай кшатрийге белгіледі. Кшатрий Пурушидің
қолынан жаратылған. Тек кшатрийлер қарулануға құқығы бар.

Ежелгі Үндістандағы құқық
Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде
"Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сез болып отырған
дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда
(мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз
кездеседі. Бүл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына
ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі
"Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.
Сот. Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге
бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның
арасындағы істердің көпшілігін өздері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс
істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге
қарсы күресті қүшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың
міндеттеріне жататын еді. Жоғарғы сотты патшаның өзі басқарды. Ол
брахмандармен және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп "сабха" деген сот
алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.
Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса
бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы
философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған
әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал,
Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың,
ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық
халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның
“Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің
үлгісі.
Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Оңтүстік
Азияда орналасқан мемлекет. Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік,
Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды
теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Арабия
түбегінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы
3,3 млн. км2 (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде).
Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы
шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңттүстікте
тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 910 бөлігін ірі ұлттар:
хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер,
тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар,
раджастханраджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Діни құрамы:
индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
мұсылмандар — 11%;
христиан дініндегілер — 4%-дай;
сикхтар — 2,8%, т.б.
Тілдер
Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми
болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз
жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек
қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи
өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.
Ірі қалалары: Калькутта, Бомбей (Мумбаи), Дели, Ченнаи (Мадрас),
Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Әкімшілік бөлу
Үндістан — федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық
аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы —
президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын
парламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр
басқарады.
Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні
(15 тамыз).
Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі —
үндістан рупийі.

Тарихы
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ
адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-
ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан
табылған қола мәдениетінің қалдықтары б.з.б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне
жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың 2-
жартысынан б.з.б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да
бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті). Б.з.б. 2-
мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты,
соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен
жадылау өлеңдерінің жинағы — ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді.
Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-
саттық жүргізді. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда
бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз
зерттелген. Б.з.б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі
Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің
алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса,
Куру, т.б. мемлекеттер). Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай
орналасқан Гандхара, Аванти, т.б. мемлекеттер жөнінде деректер аз
сақталған.
Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:
брахмандар;
кшатрийлер;
вайшилер;
шудралар.
Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына
егіншілер түскен өнімнің 16 — 112 бөлігін берді. Патша сондай-ақ
қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау
құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді.
Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б.з.б. 6 — 4 ғасырларда
қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына
айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың
таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық
қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б.з.б.
4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы
түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды.
Б.з.б. 327 — 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп
кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес
аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның
кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан
аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери
аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия
гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б.з.б. 2 — 1
ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен
шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар
мемлекеті күшейе бастады. Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік
бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 — 3 ғасырларда Үндістан Риммен
қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары
кеңейді. 6 — 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер
өмір сүрді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан мемлекеті және құқығы
Ежелгі Үндістан мемлекеті жайлы
Үндістан мемлекетінің пайда болуы және оның құқығы
Ежелгі үндістан мемлекетіңі қоғамдық құрылысы
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге болуі
Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы
Ежелгі Үндістан мемлекеті, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Қарахан мемлекеті - ертедегі мемлекет
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Пәндер