Басқарудың құқықтық актілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Басқарудың құқықтық актілері
  2. Басқару актілерінің түрлері
  3. Мемлекеттік басқару актілерін дайындау, ұсыну және талқылау тәртібі
  4. Басқару актілеріне қойылатын талаптар

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Басқарудың құқықтық актілері

Басқарудың құқықтық актілері - құқық нормаларына сәйкес ресімделген, біржақты биліктік ерік - жігерді білдіретін, заңды салдарларға әкелетін атқарушы - бұйырушы қызмет процесінде атқарушы билік субъектілері қабылдайтын заң күшіндегі ресми заңды актілердің түрі.

Оның мынадай негізгі белгілері бар:

1) заң күшіндегі сипатта болуы;

2) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаың биліктік, өкімді ерік-жігерін білдіреді;

3) әкімшілік-құқықтық және басқа да қатынастарды белгілейді, тудырады, өзгертеді және тоқтады;

4) ресми белгіленген нысандарда, құжаттар түрінде болады;

5) әкімшілік құқық субъектілерінің орындауына міндетті мінез-құлық ережелерін немесе жеке ұйғарымдарды бекітеді;

6) белгіленген тәртіпте шығарылады.

Мемлекеттік басқарудың құқықтық актілері - атқарушы биліктің мқсат-міндетін жүзеге асыру үшін арналған маңызды құралы.

Мемлекеттік басқару актілерінің заңдық маңыздылығы мынадан көрінеді:

1) құқық нормасын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды;

2) басқару объектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе нақтылы құқықтар береді;

3) басқару актілері сотта дәлел бола алады, заңды істерді қозғау негізгі бола алады (жұмыстан босату, тұрғын үйге берілген ордерді жарамсыз деп тану) ;

4) басқару актілері басқа актілерінің жарамдылығынң шарты болуы мүмкін, мысалы, ІІО азаматқа қару-жарақ алуға рұқсат береді; кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға мөрлерді дайындауға рұқсат береді.

Басқару актілерінің түрлері

Басқару актілердің мынадай түрлері болады:

1) Заңды мазмұны бойынша -жеке актілер және нормативті -актілер;

2) Әрекет ету мерзімі бойынша - әрекет ету мерзімі анықталмаған (мерзімсіз), мерзімді және уақытша актілерге бөлінеді.

3) Әрекет ету аумағы бойынша - республика аумағында әрекет ететін және әкімшілік - территориялық бірліктер масштабында әрекет ететін мемлекеттік басқару актілеріне бөлінеді.

4) Актіні шығаратын органдардың құзырлығының сипаты бойынша жалпы, сала аралық және салалық басқару актілеріне бөлінеді.

5) Мемлекеттік басқару актілерін шығаратын органдар бойынша:

1) қаулылар- бұл алқалы тәртіпте қабылданатын акт, мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары;

2) шешімдер- бұл алқалы тәртіпте, сондай-ақ дара басшылық тәртібінде (жеке) шығарылатын акті,

мысалы, маслихаттардың, әкімдердің шешімі;

3) өкімдер - бұл жеке, дара басшылық тәртіпте шығарылатын акт, мысалы, ҚР Президентінің өкімі;

4) бұйрықтар - бұл дара басшылық органдардың жетекшілері шығаратын акт, мысалы министрдің бұйрығы; Бұйрық

жеке, сондай-ақ нормтивті болуы мүмкін.

5) нұсқаулар - бұл мемлекеттік басқару органдарының жетекшілері қабылдайтын акт, мысалы, министр және т. б.

Нұсқау нормативті-құқықтық актілердің нақты орындалу тәртібін белгілейді.

6) Көрсетілу нысаны бойынша- жазбаша, ауызша, конклюдентті.

Мемлекеттік басқару актілерін дайындау, ұсыну және талқылау тәртібі

Мемлекеттік басқару актілерін дайындау, ұсыну және талқылау тәртібі көптеген құқық нормаларымен реттеледі. Көптеген атқарушы билік органдарының осы тәртіпті белгілейтін құжаттары, яғни регламенттері болады және ол ішкі ведомстволық сипатта пайдалануға арналған. Соның нәтижесінде құқықтық қайнар көздері болып табылатын көптеген актілер құқық жүйесінің біртұтастығын сақтауға және нығайтуға, заңның үстемдік етуіне әруақытта ықпал ете алмайды. Сондықтан мемлекеттік басқару актілерін дайындау, ұсыну және талқылау тәртібін сақтау қажет. Көптеген заңгер-ғалымдардың еңбектерінде (Б. В. Дрейшев, И. Я. Дюрягин, Ю. А. Тихомиров және т. б. ) басқарудың құқықтық актілерін қабылдау процесі мынадай кезеңдерге бөлінген:

1) актіні шығару қажеттілігін айқындау;

2) актінің жобасын дайындау;

3) актіні қарау және қабылдау;

4) актіні орындаушыларға дейін жеткізу, жариялау.

Актіні шығару қажеттілігін айқындау немесе оның жобасының концепциясын әзірлеу мынадай жағдайларда туындайды:

1) егерде бұл жоғары нормативті - құқықтық актілерде қарастырылған болса; мысалы, 1994 жылғы 12 қыркүйектегі ҚР Президентінің "ҚР Президентінің республиканың мемлекеттік органдарымен өзара әрекет етулері туралы" Жарлығына сәйкес Үкіметке үкіметтік шешімін әзірлеу тәртібін белгілейтін нормативті құжаттарды әзірлеу және бекіту тапсырылған;

2) жаңа актіге іс жүзінде нақтылы сұраныс туған кезде.

Жаңа құқықтық актілерге қажеттілік мыналардың негізінде анықталады:

1) қолданыстағы заңнаманың хал-жағдайын, оның жаңа міндеттерді шешу мүмкіндіктерін талдау;

2) басқа мемлекеттерде құқықтық құралдарың көмегімен осындай міндеттерді шешу тәжірибесін зерттеу;

3) басқа актілерді өзгерту қажеттілігін анықтау, жаңа актіні қабылдаумен байланысты келісімді жүйеге жеткізудің нұсқаларын іздестіру.

Егерде жаңа құқықтық актілердің қажеттілігі негізделіп, дәлелденген болса, оның жобасы әзірленеді; оның қаржылық-экономикалық негізін анықтайды; актіні орындайтын нақты тұлғалар анықталады.

Жаңа актіні шығаруға ұйтқы болатындар:

а) осындай актіні қабылдауға уәкілетті орган;

б) төменгі басқару органдары;

в) басқа да мүдделі субъекттер.

Мемлдекеттік басқарудың құқықтық актілерінің реквизиттері:

1) нысанының атауы;

2) реттеу пәнін білдіретін қысқаша нысандағы тақырып;

3) қабылданған күні мен орны;

4) тиісті актіге қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы;

5) күшіне ену уақыты, ал қажетті жағдайда - актінің әрекет ету мерзімі.

Сонымен, әкімшілік актілерді шығару тәртібі:

1) Шешімді дайындау (шешімді бекіту, бағыттап жіберу, орындау тәртібі туралы және т. б. )

2) Шешім қабылдау

3) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеу.

4) Шешімді орындаушылардың назарына дейін жеткізу, мүдделі тұлғаларды жекелеп таныстыру жолымен, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда жариялау жолыдарымен жеткізу.

Басқару актілеріне қойылатын талаптар

Заңға қайшы, белгіленген тәртіпте қабылданбаған басқару актілерінің заңды күші болмайды. Мемлекеттік басқару актілері жоғарғы мемлекеттік билік пен басқару органдарының актілеріне де қайшы келмеуі тиіс.

Мемлекеттік басқару актілеріне мынадай талаптар қойылады:

1) басқару актілері өкілетті органның құзырлығының шегінде ғана шығарылуы тиіс;

2) басқару актілері белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс;

3) басқару актілері белгіленген нысанда шығарылып, тиісті лауазымды тұлғалар қол қоюлары қажет;

4) басқару актілері жариялануының және күшіне енуінің белгіленген тәртібіне сай шығарылуы тиіс; мысалы, ҚР Үкіметінің қаулылары ондағы көзделген іс-шаралардың маңыздылығы немесе жеделдігіне байланысты халыққа және бірден тиісті басылымдарда жариялануы қажет, ал қажетті жағдайда теледидар немесе радио бойынша хабарланып, телеграф бойынша да берілуі керек.

Жарамсыз актілер - бұл сөзсіз күші жойылатын, не болмаса ондағы атқарушы биліктің тиісті субъектісінің заңдық өктемдігі болмашы ғана актілер. Олардың жарамсыздығы өздігінен анықталмайды, бақылау, тексеру кезінде айқындалады, мысалы белгілі бір атқарушы билік органдарының құзырлығын айқын бұзылуымен шығарылған актілер. Бұл кезде актілердің құзырлыққа сай еместігі, атап айтқанда прокурордың наразылығы бойынша, азаматтың шағымы бойынша, жоғарғы атқару органдарының ықпал етуі бойынша көрсетіледі.

Әкімшілік санкциясы бар басқару актілері - бұл қоғамдық өмірдің бірқатар облыстарында барлық азаматтардың және лауазымды тұлғалардың мінез-құлықтарын реттейтін, маңызды мәні болатын және әкімшілік санкция сияқты мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық акт. Осындай актілерді қабылдаудың мақсаты мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау, барлық меншік нысандарын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, олардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қорғау болып табылады. Осыған байланысты бұл органдар санкциямен жабдықталған. Әкімшілік санкцияны көздейтін осындай актілерді ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі (1993 жылғы 10 желтоқсандағы жергілікті өкілді және атқару органдары туралы" ҚР заңына сәйкес осы актілерді бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырады), сонымен қатар маслихаттар белгілеуіне құқылы.

Заңның 41 б. сәйкес облыстық, аудандық, қалалық маслихаттар - депуттаттар жиналысы мынадай мәселелер бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастыратын жалпыға міндетті ережелер қабылдауға міндетті:

1) тұрғылықты жерлерге құрылыс жүргізу;

2) жерлерді, ормандарды, су қорларын, ерекше объектілерді және табиғатты, сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және күту;

3) қоғамдық орындарда сату;

4) қоғамдық тәртіп, өрт және жол қауіпсіздігі;

5) эпидемиялар мен эпизоотияларды жою бойынша шаралар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскарудың құқықтық актілерінің түрлері
Әкімшілік құқықтық норма және әкімшілік құқықтық қатынастар
Нормативтік актілердің күші
Мәдени әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару
Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің басты принципі
Атқарушы биліктің орталық органдары
Мемлекеттік басқару-мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметінің ортасы
Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері
Әкімшілік құқықтық басқару
Құқықтық норманың түсінігі мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz