Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды



1 Адам өмірінің мәні мен сұлулығы
2 Ата.ананың үміт.арманы баласымен бірге жасайлы
3 Отбасындағы психологиялық онды ахуал
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы турде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр, олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан қоғамның дамығандығының, мемлекеттін іргесі беріктігі мен азаматтарының көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты — экономиканы өркендету, әлеуметтік әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру, білім-тәрбие берудің оңтайлы жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл—жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол және жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы. Ата-анасы о дүниеге аттанғаннан кейін де, олардың рухы, әруағы алдындағы міндетін ұмытпаған бала ғана өзінің перзенттік міндетіне адалдық көрсеткен болып табылады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат
үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың
жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек
қалауымен, саналы турде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын
үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында
мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты. Шынында да, өз ата-анасын
құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен
орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін,
бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр,
олардан отбасынан тысқары әлемде не береке күтуге болады? Сондықтан
қоғамның дамығандығының, мемлекеттін іргесі беріктігі мен азаматтарының
көңілінен шығатын өркениеттілігінің басты шарты — экономиканы өркендету,
әлеуметтік әділеттілік пен тәртіпті орнықтыру, білім-тәрбие берудің оңтайлы
жүйесін құру арқылы әрбір отбасында адамгершілік, әдеп-инабат қарым-
қатынастары салтанат құруына жағдай жасау.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі —
баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де
есінен шығармауында. Бұл—жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана
емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол және жас болсын, жасамыс
болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы. Ата-анасы о дүниеге
аттанғаннан кейін де, олардың рухы, әруағы алдындағы міндетін ұмытпаған
бала ғана өзінің перзенттік міндетіне адалдық көрсеткен болып табылады.
Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала — ата-ана өмірінің
жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта-жалынып құдайдан перзенттілеген, перзент
көргенде, жүрегі жарылардай қуанған (аңсаған перзентін көргенде куаныштан
жүрегі жарылып, өліп кеткен шеше де, әке де, ата мен әже де болған!), содан
кейін Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін, —деп,
әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа бір қатер төңгеңде мойындарына
бұршағын салып, Өзімді алып, баламды аман қалдыр! — деп, құдайға
жалбарынған, өздерін балалары үшін кұрбан еткен. Бала— ата-ананың бауыр
еті, Балалы үй- базар, баласыз үй — мазар деген сияқты толып жатқан
мақалдарда ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!
Ата-анаға көз қуаныш—
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой ткесі, —
деп ұлы Абай баланың ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы екенін
тебірене жырлайды. Шынында, баласын алдына алып отырған атаның ой
өлкесінің гулденуі қандай тамаша десеңізші. Перзентсіз ата-ананың ой-қиялы
сұрқай, күзгі бақтай көңілсіз, сұрғылт түздей жабырқау дегендік қой, екінші
жағынан. Ал атақты Шал ақын:
Босағасын алтыннан соқсаңдағы,
Перзент сүймей, адамның мейірі қанбас, —
деп, адам болғалы бірге жасасып келе жаткан ең ыстық тілек, ұлы арманы
— перзент сүйіп, мейірін қандыру екенің жеткізе айтқан. Зарығып күткен
перзенті дүниеге келгендегі қазақ-әкенің (жалпы қазақтың) жан күйін
Мұкағали Мақатаев соншалық шынайы, соншалық терең, соншалық шегіне жеткізе
әсерлі айтып берген ғой:

— Иә, Алла, көрдім бе,
көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе,
бермедіңбе?!
Шырылдаған үніңнен
айналайын,
Шыныменен өмірге
келгеніңбе?!

Қызым болсаң —
қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң—
ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші
сұрамайсыи?!

... Жалғыз едім таста өскен
шыршадайын,
Жабырқаушы ем дауылда
сынса қайың.
Су боп кетпей неге тұр
қос шырағым,
Нубоп кетпей неге тұр
Қу самайым?!
Бұдан қазақтың бала сүю сезімінің сұрапыл күштілігі, этиқалық
түйсінуінің асқақтығы көрінеді. Сөйтіп, сәби өзінің ата-анасының және
болашақта өзі дүниеге келтіретін перзенттерінің алдындағы адамгершілік
борышын арқалай өмірге келеді. Адамның бақыты мен өмірінің мәні — осы
қасиетті борышын ар-ожданымен орындауы. Әлемге әйгілі ғұламалар мен
ақындардың ата-ана махабаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны,
жазбағаны аз деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер қаншама!
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің
кәусар бұлағы —Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештене жоқ. Сондықтан
Ананы ардақтамайтын халықта жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.

Тұн ұйқысын төріп бөліп,
Муұздай бесік таянған, —-

да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік
тұрғызатын да ана. Халықтын халықтығының басты нышаны — туған елінің тілін
үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан
тамыры, елдік жады болып табылатын тілі де ана тілі аталады. Өмір есігін
жаңа ашқан нәрестенің бойына туғаң елінің рухын сіңіретін, балбыратып
уілдететін, жылауын қойғызып, уататын тұңғыш тәтті сазы, пәк те балғын
көкірегіне құйылатын өн-өлеңі де сол ғазиз Ана бесікке сүйеніп отырып,
емірене айтатын бесік жыры.
Ал нәрестенің өмірінің нәрі — аңа сүті. Халкымыздың байырғы ұғымында
баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі Ана сүтін ақтау деп аталады. Оның
жонін халық: Ана сүтін Ананды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де,
өтей алмайсын,—деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М.Горькийдің:
Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған, —
деуі де сол шындықка мегзейді. Әне, сондықтан дүнне жүзінің барлық
елдерінде Отанға опасыздықпен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.
Ислам: жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді. Анушируан
Әділ патшаның: Құдайдың көнілінен қалай шығуға болады? — деген сұрағына,
дана уәзірі Бұзұрхмехр: Ананды қуанту арқылы, — деп жауап берген.
Ана жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды ақын қызы
Акұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:
... Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.

Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты.
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сулде боп таусылыпты.

Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О, сұлу, неткен қатал керемет ең ?!
Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар
боламын, — деген екен.

Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы
ананың Жүрегін жұлып
алды турып түнде.

Сүюдің сертіме еді соның бәрі,
Ол, міне, қыздың шартын орындады.
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен
қолындағы.

Ананың көзі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан
жүрек: Құлыным,
байқасаңшы, — депті оған...

Бұл — ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді
қайғылы мысал.
Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайлы. Сол себепті олардың бар
тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай, бақытты, атақ-
абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып,
қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды.
Акыры, ең кастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анашым-жанашырым
Адамшылық амандасудан басталады
Адам құқығы бала құқығы
Сынып жетекшісінің ата- аналармен жұмысының ерекшелігі
Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлға дамуына әлеуметтік көзқарастары
Отбасы – отанымыздың ошағы
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Жанұя
Адамға байланысты фразиологизмдердің этнолингвистикалық сипатын оқыту
Пәндер