Адами қарым - қатынас



1 Адами қарым . қатынасқа жалпы сипаттама
2 Қарым.қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы
3 Жеке адамның қарым. қатынас жайлы түсінігі
1. Андреева Г.М. Социальная психология. - М., 1980.
2. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Психология человеческой судьбы. - М., 1992.
3. Бодалев А.А. Личность и общение. - М., 1995.
4. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других. - М: 1996.
5. Брудный А.А. О проблеме коммуникации.- М., «Наука», 1975.
6. Буеева Л.П. Общественные отношения и общение//Методологические проблемы социальной психологии. - М., «Наука» 1975.
7. Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как. - М., «МАССМЕДИЯ». 1995.
8. Годфруа Ж. Что такое психология. - М., Мир. 1996
9. Доценко Е.Л. Лекции по курсу «Психология общения».
10. Добрович А. Общение: наука и искусство. - М., «Знание», 1980.
11. Дерябо С. Ясвин В. Гроссмейстер общения. - М., Смысл. 1996.
12. Диллман Б. Результаты на мишени. - Санкт-Петербург. 1995.
13. Каган М.С. Мир общения: Проблема межсубьектных отношений. - М., 1988

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Адами қарым - қатынасқа жалпы сипаттама
Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық,
мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды
қажет етеді. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: Адамгершілік – адам
бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. Кісілік, ізгілік,
имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-
кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-
әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға
болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен
рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық – деген
анықтама берілген.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында
жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің
қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-
қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік,
әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім,
кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас
жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен
туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның
жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның
тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр,
табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.
Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы
бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал
адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен
астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау
кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік
нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі,
дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік
белгісін танытады.
Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы
үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты
шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен
өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің
бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін
байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның
прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат
нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа
бағыттап, үйрету жөн болады.
Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық,
азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта
болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-
күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-
күйді сезінуге баулу.
Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және
жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық –
әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние
туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер
жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын
білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және
әдепті.
Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең
жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы
ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-
қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады;
олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың
ықпалымен дамып отырады.
ТАБИҒАТ – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір
сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда
табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен
үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан
табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да
табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап,
көмек көрсетеді.
МӘДЕНИЕТ – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен
заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме,
сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде,
мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс
ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени
құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік
қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды
бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.
Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби, шебер,
мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы
жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда
белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат
алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы
қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске
шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық
шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі
балалардың қабілеттерін дамытады.
ҚОРШАҒАН АДАМДАР – адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек қана
баласы, тек сүйікті адамы ғана болып коймайды. Адамда олардың барлығы да
болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас, туыстас,
қызметтес және ортақ ісі бойынша таныстары, жолдастары болады. Мектептегі
құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең, осындай
қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады. Сонымен қатар
балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымең, туған-туыстарымен қарым-
катынас жасайды.
Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек, бұл
тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес
болсын, адамдар бір-бірімен карым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады,
келісімге келеді, сенімге ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе
жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-
қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа
талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді,
әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-
қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.
МЕН өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен
және қарапайымдылықпен, өзіңе деген махаббатпен, құрметпен сезіну. Жеке
тұлғаның МЕНІ үйде, мектепте айтқанды қалт еткізбей орындау, темірдей
тәртіптілік, біреуге бағыныштылық, бала әлі түсініп үлгермеген нормалар мен
ережелер көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Баланы жастайынан өз қадірін, өз
көңіл-күйін, сезімін, өз бағасын, өз қабілеттерін және қалауы мен
тілектерін біліп өсуіне, мінез-құлқының жақсы жақтарын дамытуға жағдай
жасалуы қажет. Өз қадірін білмейтін адам өзіне және өзінің болашағына
сенбейді, ортақ іске кірісе алмайды, ескертулерді елең қылмайды, жиі
өкпелегіш келеді, құрбыластарымен, үлкендермен ұстасып қалады, өзін
көрсеткісі келіп, көбінесе жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Сол себепті де
баланы қарым-катынасқа үйретуде өзіндік Менін дұрыс жолға қойып, мақсатты
түрде бағыттап отырған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда, өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды адами қарым-
қатынасқа үйрету мәселесіне үнемі баса назар аударылады. Оқушыларды қарым-
қатынасқа баулитын адамгершілік ұғымдар мен қасиеттер туралы түсініктер
беріліп, баланың өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын,
өмірде қолдана білу іскерліктері дамытылады.
Қорыта айтқанда, өзін-өзі танудың түпкі мақсаты – ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, оқушыларға рухани-
адамгершілік білім беру арқылы жан-жақты жетілген және үйлесімді дамыған
адам тәрбиелеу болып табылады.

Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы
түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы
адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен
белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады.
Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу
мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас
еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға
ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола
алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның
онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта
өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-
қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады.
Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда
болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады
[1, б. 516-518].
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің
бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының
түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар
арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда
күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек
қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет
тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни
психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына
адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке
даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба
білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның
басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін
қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші
адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық
сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара
келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті
психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара
түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке
даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір
кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең
білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен
бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі.
Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік
қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-
құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен
бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер
әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен
аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады.
Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және
өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді.
Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам
қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-
тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі
және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне
қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат
алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде
қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын,
баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен
үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды.
Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады.
Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы.
Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін
қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз
байланысты [2, б. 84-95].
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-
қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады.
Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат
алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді
ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың
бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу.
Коммуникация терминін латын тілінен аударғанда, жалпы, барлығымен
бөлісу дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да
болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек,
яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты
сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен
керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті
қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму
деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді [3, б.
393-401].
Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара
қатынасының көп қырлы даму үрдісі.
Б.Д. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы
қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін
контактілік байланыс. [4, б. 124].
Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын
объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас
және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек
көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар
арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді. Ең негізгі
қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербальді емес тәсілін
келесі ғылымдар зерттейді:
1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика
беттің бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика дененің әр бір бөлігінің жестік
қозгалысын, пантомимика дененің барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын,
иілуді зерттейді.
2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу,
сипау, итеру және тағы басқалаларды зерттейді.
3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын
зерттейді.
Қарым-қатынаста келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді зона (15-45
см), өте жақын, таныс адамдар қарым-қатынасынан көруге болады; жеке немесе
дербес зона (45-120 см), достарға бірге істейтін қызметкерлерге арналған
кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс емес адамдар арасындағы
қарым-қатынаста көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық), адамдардың көп
тобымен қарым-қатынаста көрінеді, мысалы дәріс бергенде немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Менеджменттің басқару мектептері
Менеджменттің ғылым ретінде дамуының ерекшеліктері
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Жеке адамдар арасындағы қарым қатынас рөлі
Арт - менеджмент тарихы
Адами қарым - қатынасқа жалпы сипаттама
Пәндер