ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қолжазба құқығында

МОЛДАБЕКОВ ЕРКЕБҰЛАН БАЙҒАЛИҰЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

6N0301-Құқықтану

Құқықтану магистрі академиялық дәрежесін алу

үшін дайындалған магистрлік диссертация

Ғылыми жеткші: з. ғ. к., доцент Н. М. Батырбаев

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК

БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ РОЛІ . . . 9

  1. Жердi пайдалану мен қорғау туралы заңдардың даму тарихы . . . 9
  2. Жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеудiң түсiнiгi

және мақсаттары . . . 26

  1. Жердi пайдалану мен қорғауды бақылаудың заңдылық қағидалары . . . 47

2 ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ . . . 56

2. 1 Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін

заңнамалардың мақсаттары мен міндеттері . . . 56

2. 2 Жердi жеке меншiкке немесе пайдалану құқығына беру (сату) үшiн

ақы төлеудi құқықтық реттеу . . . 60

2. 3 Жер салығының және жер ресурстарын пайдалануды

мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері . . . 81

2. 4 Жердi жалдау қатынастарын құқықтық реттеу . . . 92

2. 5 Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды реттеу

туралы заңнамаларды жетілдіру . . . 97

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 109

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 113

КIРIСПЕ

Зерттеудің өзектiлiгi. Жерді пайдалану мен оны сақтау әрбір мемлекеттің өз аумағындағы, сонымен бірге әлемдік қауымдастықтың ортақ міндетіне айналған басты мақсаты болып отыр. Жерді пайдалану мен оны қорғау үшін мемлекеттік және халықаралық деңгейде жан-жақты құқықтық шаралар қолға алынса да бұл өз кезегінде маңызды мәселе күйінде қалуда. Қолданыстағы нормативтік актілердің тиімділігі мен оларды ұдайы жетілдіру жұмыстарының нәтижелілігі - ол м

емлекеттік басқару мен бақылау жұмысының сапалылығына тікелей байланысты.

Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер адам баласының барлық мұқтаждықтары үшiн керек бiрден-бiр негіз болған.

Жер - табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.

Мемлекетіміздің басты байлығы - оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары.

Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процессі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.

Сол себептен, жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау қазіргі таңда өте өзекті мәселесі болып табылады.

Елбасының «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібінің белгіленгенін ерекше атап өтті [1] .

Мемлекетімізде жер реформасын жүргізу мемлекеттік монополияны жойып, жерге жеке меншік құқығының кеңінен етек жаюына алып келді. Жер ресурстары ұтымды пайдалану және табиғи жағдайын ұдайы жақсартып отыру нәтижесінде ішкі және сыртқы қажеттіліктерді қанағаттандырып отыратын көлемді азық-түлік өндіруге қабілетті.

Жер құқықтық өзгерістерінің нәтижесінде туындаған жерге мемлекеттің монополиясының жойылуы, жекелеген жер санаттарына жеке меншік құқығының пайда болуы, ақылы жер пайдалануға көшу, жерді жеке меншікке немесе пайдалануға алғаны үшін ақы төлеу, жердегі шаруашылық етуші субъектілердің тең құқықты дамуы, жер нарығының қалыптасуы сияқты әрекеттер орынды құбылыс болып табылады.

Қазақстан Республикасы өз алдында егемендi ел болғалы қоғамдық қатынастар, соның iшiнде жер қатынастары Қазақстан Республикасының негiзгi заңының нормаларына сай дами бастады. Яғни тәуелсiз жас мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси және құқықтық қатынастарының жаңа өмiр талабына сай дамуы, өзiмiз үшiн және болашақ ұрпақ үшiн жоғарыда аталған мемлекетiмiздiң негiзгi қатынастарын қайта реттеп, экономикалық, құқықтық реформаларды қазiргi өмiр талабына сай жүргiзудi талап еттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң айтуы бойынша басты саяси мақсат тұрғысында, әсiресе өтпелi кезеңде экономикалық реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың қажеттi шарты ретiнде тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Заңдардың елде жүргізіп жатқан өзгерістерге барабар мазмұны мен сапасы мемлекеттік билік институттарының тиімді қызмет етуі, биліктің заңнамалық және атқарушы салаларының сындарлы және серпінді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етілетін болды. Демек, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне жинақталған тәжірибеге және Қазақстандық мемлекет пен қоғамның таяу және алыс перспективалары туралы ғылыми негізделген іргелі ұсынымдарға сүйенген бірыңғай құқықтық саясат қажет [2] .

Мемлекетiмiзде жер қатынастарының дұрыс дамуы елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық дамуына зор ықпалын тигiзетiнiн ұмытпағанымыз жөн. Сол себептi жер қатынастарының реттелуiн мемлекеттен ажыратып алуға болмайды. Қазiргi нарықтық қатынастарға байланысты, жердiң мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке өтуi және жеке меншiктегi жерлердiң азаматтық құқықтық мәмiлелер арқылы сатылуы, жалға берiлуi сияқты жүргiзiлiп жатқан қатынастардың барлығы ақылы негiзде жүзеге асырылады. Бұл дамыған нарықтық қоғамның талабынан туындаған заңды құбылыс болып табылады және бұл өте орынды. Себебi, жердiң мемлекет меншiгiнен жеке меншiкке өтуi азаматтардың өздерiнiң рухани-материалдық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады. Жеке меншiктегi жер учаскесiн әр тұлға заңда көрсетiлгендей иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асыра отырып, азаматтық мәмiлеге түсу арқылы сатып, өзiне сатып ала алады және шарт бойынша жалға бере алады. Бұл қатынастың барлығыда ерiктi негiзде шарт негiзiнде ақылы түрде жүзеге асырылады. Ал, мемлекет жеке меншiкке берiлген (сатылған) жер арқылы өзiн қаржыландырса, сонымен қатар, мәжбүрлi түрде салық салу арқылы қаржылық шаруашылығы қызметiн реттеп, жергiлiктi бюджеттердi қаржыландырып отырады. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiнiң жеке меншiкке сатылуы бұл тұрғыдан алғанда мемлекетке экономикалық және әлеуметтiк жағынан тиiмдi болып табылады.

Аталған жағдайдың барлығы жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеудi құқықтық реттеудi қамтамасыз ететiн жер заңдарының дамуына объективтi түрде әсер ететiн факторлар болып отыр. Сонымен бiрге, қазiргi таңдағы нарық жағдайында жерге ақы төлеу мәселесi кез-келген тұлғаны алаңдатар шаралардың бiрi. Сол себептi, жазылған нақты жұмыстың өзектiлiгi - Қазақстан Республикасында жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеу мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кешенді түрде зерттеу қажеттілігінің туындауымен байланысты.

Тақырыптың зерттелу деңгейi . Жер құқық қатынастарының дамуы және егемендi мемлекеттiң нарық жағдайында қалыптасуы, сонымен бiрге, жер заңдарының iс жүзiнде қолданылуы жан жақты теориялық тұрғыдан зерттелудi талап ететiн күрделi мәселе болып табылады. Жер құқық қатынастары саласында өзiнiң еңбегiн сiңiрген, көптеген теориялық мәселелердi айтарлықтай зерттеген ғалымдардың орны мүлдем бөлек. Бiрақ дегенмен, отандық заңгер ғалымдармен жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеудi құқықтық реттеу мәселелерiнiң кейбiр аспектiлерi ғана қарастырылған. Сол себептi жерге ақы төлеудi құқықтық реттеу әлi толық деңгейде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген, тың мәселелердiң бiрi болып отыр.

Диссертациялық зерттеу жұмысына қатысты жалпы жер құқығының теориялық мәселелерi С. Б. Байсалов, Ә. Е. Еренов, Ә. С. Стамқұлұлы, Д. Л. Байдельдинов, А. Е. Бектұрғанов, К. А. Шайбеков, Б. Ж. Әбдірайымов, Н. Б. Мұхитдинов, Ж. Қ. Қосанов, Л. Қ. Еркiнбаева, Е. Ш. Рахметов, А. Х. Хаджиев, С. Т. Культелеев, Ә. Ерали, Е. Ш. Дусипов, Г. Г. Нұрахметова, Б. Алимжанов, С. Т. Мұстафаев және тағы да басқа Қазақстандық заңгер ғалымдарымыздың жер құқық қатынастарының жалпы негiздерi мен жердi табиғи ресурс ретiнде жердi құқықтық қорғауды зерттеуге арналған құнды ғылыми еңбектерiнде қаралған.

Г. Г. Нұрахметованың «Правовое регулирование сделок с землей» зерттеу еңбегiнде жер құқық мәмлелерiнiң ерекшелiктерi, олардың объектiлерi мен субъектiлерi және осы саладағы заңдарды жетiлдiру ерекшелiктерi қарастырылған. Б. Р. Алимжановтың «Правовое регулирование рынка земли в Республике Казахстан» еңбегiнде Қазақстандағы жер нарығының қалыптасуы мен дамуы мәселелерiне көңiл бөлiнген.

Бұған қоса, жердi тиiмдi пайдаланудың құқықтық өзектi мәселелерi ТМД елдерiнiң ғалымдары И. А. Иконицкая, Б. В. Ерофеев, Н. А. Сыроедов, В. В. Петров, Ю. Г. Жариков, Г. А. Аксененок, О. М. Козырь секiлдi өзге де заңгерлердiң еңбектерiнде жалпы сипаттамалы түрде көрiнiс тапқан.

Ал тiкелей зерттеу нысаны болып табылатын Қазақстан Республикасында жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды құқықтық реттеу мәселесi қазiрге дейiн арнайы кешендi зерттелген жоқ және аталған еңбек қазiргi нарық жағдайында үлкен сұранысқа ие.

Зерттеу объектісі мен пәні ретінде Қазақстан Республикасында жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды құқықтық реттелуiн қамтамасыз ететiн заңдардың жай-күйі мен жетілдірілу жағдайы және осы саладағы арнайы құзiреттi органдардың қызметiн жетiлдiру мәселелерi танылады.

Зерттеудің әдістемелік негізіне қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті, мемлекет пен құқық туралы ілімдер, жалпы танылған жер заңдарының қағидалары мен жерді пайдалану мен қорғау ережелері, жер қатынастары саласындағы конституциялық ережелер қызмет етеді. Диссертация нәтижелерін қол жеткізу үшін ғылыми-танымдық сипаттағы салыстырмалы-құқықтық, қисындық, жүйелік, тарихи және басқа әдістер қолданылды.

Жұмыстың нормативтік базасы Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстанның жер және өзге де қолданыстағы заңдары, зерттеу тақырыбына қатысы бар халықаралық-құқықтық актілерді қамтиды.

Зерттеудiң мақсаты мен міндеттері - диссертациялық зерттеудің мақсаты болып, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды құқықтық реттелу мәселелерін саралау, жерге ақы төлеу саласындағы қолданыстағы заңдарды қарастыру, ондағы олқылықтар мен кемшіліктерді айқындау, жерге ақы төлеу қызметі мен осы саладағы заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен тұжырымдарды дайындау.

Зерттеудің мақсатына сәйкес, оларға жету үшін алдымызға келесідей міндеттер қоямыз:

- Жерді пайдалану мен қорғау туралы заңдардың даму тарихына шолу жасай отырып бүгінгі қолданыстағы заңнамамен үйлесімін анықтау;

- Жер пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеудің құқықтық түсінігін және жерге ақы төлеуді белгілеудің мақсаттарын анықтау;

- Жер пайдалану мен қорғаудағы мемлекеттік бақылаудың және ақы төлеу туралы заңдардың өзіне тән қағидаларын айқындау және олардың мазмұнын талдау;

- Жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауға байланысты заңнамалардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- Жер пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеу саласындағы құзіретті мемлекеттік органдардың қызметін саралау және олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында нақты ұсыныстар жасау;

- Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағытталған теориялық негізделген ережелер мен ұсыныстар дайындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жағдайында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды құқықтық реттеу мәселелерін кешенді түрде зерттелгені және негізделген тұжырым жасауы жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Жұмыс Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық, жер және салық заңдарының негізінде, жерді пайдалану мен қорғау үшін ақы алу саласындағы мемлекеттік құзіретті органдардың іс-әрекетін қарастыра отырып орындалған.

Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар.

1. Жерге ақы төлеу мен жер төлемдері бірдей ұғымдар емес. Жер төлемдері статискада қарастырылатын болса, ал жерге ақы төлеу динамикада қарастырылатын ұғым болып табылады. Жер пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеу дегеніміз - жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған және жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді пайдаланғаны үшін, жер учаскесін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке сатып алғаны немесе жер пайдалану құқығын алғаны үшін жер, салық және өзге де заңдармен белгіленген нақты мөлшердегі соманы төлеу жөніндегі әрекет. Ал, жер төлемдері дегеніміз - жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған нақты жер учаскесі үшін белгіленген сомалардың жиынтығы болып табылады. Жерге ақы төлеуді белгілеу алдына келесі мақсаттарды қояды: жердiң ұтымды пайдаланылуын экономикалық амал-тәсiлдермен қамтамасыз ету; меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды жердi ұтымды пайдалануға және оларды қорғауға ынталандыру; меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi тиiмдi пайдалану және оларды қорғау мүмкiндiктерiн жақсарту; жерді қорғау шараларын жүзеге асыру үшін арнайы қорларды құру; жерге орналастыру, жердiң құнарлылығын арттыру және қорғау шараларын жүзеге асыру үшiн сәйкес бюджеттi қалыптастыру; сәйкес жер учаскесі орналасқан аумақтың инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету.

2. Жер пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеу туралы заңдардың жалпы және арнайы қағидалары бар. Келесі қағидаларды жер пайдалану мен қорғау туралы заңдардың арнайы қағидалары қатарына жатқызуға болады: жерді ақылы пайдалану; ұсыныс және сұраныс қағидасы; жерді және жерге құқықтарды азаматтық айналымға түсіру мүмкіндігі қағидасы; экономикалық жауапкершілік шараларының басымдығы; жер нарығын мемлекеттік реттеу қағидасы; жерді ұтымды пайдалану мен залал келтірудің алдын алуды экономикалық ынталандыру қағидасы; жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау қағидасы.

3. Жер пайдалану мен қорғау үшін жерге ақы төлеудің түрлерін келесідей нысанда көрсетуге болады:

  • Жер салығы;
  • Жер учаскесін жалдау ақысы;
  • Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жердің нормативтік құны;
  • Жер учаскесінің нарықтық құны;

4. Жер учаскесінің нарықтық құны дегеніміз - қалыпты бәсекелестік жағдайында нақты жер учаскесінің азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде оқшаулануы мүмкін неғұрлым мүмкін құны. Жер учаскесін жалдау құқығының нарықтық құны дегеніміз - жер учаскесінің белгілі бір сапаларын ескере отырып, сатып алушының сатушыға нақты жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлеуге дайын құны.

Жердің нарықтық құнының анықталу ерекшеліктері:

- Жердің нарықтық құнына белгіленген мерзім ішінде пайдаланушының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жер учаскелері ие болуы тиіс.

- Жердің нарықтық құны нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа және сатушы мен сатып алушының бәсекелестік сипатына байланысты болады.

- Жердің нарықтық құны осы жер учаскесінен белгіленген мерзім ішінде тиімді пайдаланған жағдайда күтілетін нәтижеге, яғни түсетін кіріске байланысты.

- Жердің нарықтық құны оның нысаналы мақсатының өзгеруіне, рұқсат етілген пайдалануға, осы жер учаскесіне өзге бір тұлғалардың бар жоқтығына байланысты.

- Жер учаскесінің нарықтық құны оның орналасқан жеріне және өзге сыртқы факторларға байланысты.

Жер учаскесінің нарықтық құнын анықтау әдісі дегеніміз - қалыпты бәсекелестік жағдайында нақты жер учаскесінің азаматтық құқықтық мәмілелер негізінде оқшаулануы мүмкін неғұрлым мүмкін құнын анықтауда қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Бағалаушы тұлға жер учаскесінің нарықтық құнын анықтауда салыстырмалы, табыстық және шығындық әдістер қолданылады.

  1. Жердi пайдалану мен қорғау үшiн ақы төлеудегi шет мемлекеттерiнiң және осы саладағы отандық тәжiрибелердi қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының жер пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеу туралы заңдарын және жер пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеу саласындағы құзіретті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында нақты ұсыныстар берген.

Зерттеудің тәжірибелік және теориялық құндылығы.

Нақты зерттеуде баяндалған ережелер, тұжырымдар және ұсыныстар келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:

  • қолданыстағы жер және салық заңдарын жетілдіруге бағытталған заң шығармашылық қызметте;
  • жерді пайдалану және қорғау үшін ақы алу саласындағы атқарушы және өзге құзіретті билік органдарының құқық қолдану қызметінде;
  • мемлекеттік емес жер меншік иелері мен жер пайдаланушылар және өзге жер нарық қатынастары қатысушыларының жерге құқықтарын жүзеге асыруда;
  • табиғи ресурстар және экологиялық құқық пәндерінің арнайы курстарын оқытатын оқу процессінде;
  • ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде қолданылатын дерек ретінде.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі.

Диссертация жұмысының негізгі қорытындылары ғылыми басылымдарда мақала ретінде және халықарлық ғылыми конференция нәтижесі бойынша тезистері жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы мен көлемi - диссертация жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен жалпы сипаттамасына негізделген. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен деректерлер тізімінен тұрады.

1 ЖЕРДI ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ РОЛI

  1. Жердi пайдалану мен қорғау туралы заңдардың даму тарихы

Көп елдерде жер нарығ5ы жы және оның құқықтық реттелуінің сан ғасырлық тарихы бар. Жер айналысының құқықтық реттелуіне кез келген дамыған қоғамда әрдайым үлкен мән берілген. Шынайы ғылыми-құқықтық зерттеу міндетті түрде теоретикалық ережелерді тарихи зерттеу, заңи құрылымдар және құқық қолдану тәжірибесіне негізделуі тиіс. Бұл мәселеде жер нарығының құқықтық реттелуі ерекшеленбейді. Құқықтық ғылым жиналған тәжірибенің ішіндегі ең жақсысын талдау мен саралаусыз өмір сүре алмайды. Бай заңи мұраны терең шығармашылық түсіну, сөз жоқ, қазіргі заманғы ғылымның маңызды, қажетті және міндетті мақсаты болып табылады. Жер құқығының ары қарай дамуына, осы саладағы жаңа білімдерді алуға, жер қатынастарын құқықтық реттеуді жүйелендіруге, жерге ақы төлеу мен жер нарығының құқықтық реттелуі мен дамуының заңдылықтарын анықтауда тарихи білімдер қажетті.

Аталғанның барлығы жерге ақы төлеу туралы заңдардың тарихи зерттелуінің қажеттілігін анықтайды.

Жер құқығының көрнекті маманы Б. Ж. Әбдірайымов: «Жер даулары өткір сипатта олардың дұрыс және уақытылы шешілуіне кез келген қоғамның дамуы және көркеюі байланысты болады. Олар әрдайым тек заңгер-ғалымдардың ғана емес, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің назарын аударады» - деген болатын [3, 228-234 б. ] .

Жалпы Қазақстандағы жер қатынастарын реттеу тамыры терең тарихи өткен шақтан басталады. Адам қоғамының дамуы кезеңіндегі жер ресурстарын пайдалану сипаты белгілі бір аумақтың табиғи жағдайымен және материалдық өндірістің бағытына байланысты болып келген. Жерді шаруашылық пайдалану мен айналымға тарту адам қоғамының дамуындағы құқықтық реттеу жолдарын іздеуге негіз болады. Жерге ақы төлеу туралы заңдардың қалыптасуы мен дамуы мемлекетіміздің нарықтық экономикаға өтуімен қатар пайда болған құбылыс болып табылады. Дегенмен, жер құқық қатынастарының дамуы ғалымдардың пікірі бойынша, бірнеше кезеңдерге бөлінген. Мәселен, И. Г. Архипов жер құқық қатынастарының дамуын Қазақстанның Ресей құрамына енгенге дейінгі жер қатынастары, Қазақстанның Ресей құрамында болған кезеңіндегі жер қатынастары, Кеңес кезіндегі жер қатынастары және егеменді Қазақстандағы жер қатынастары деп төрт кезеңге бөліп қарастырған болатын [4, 25 б. ] . Егер жерге ақы төлеу туралы заңдардың қалыптасуы және даму тарихын жер қатынастарының дамуымен байланыстырып қарастыратын болсақ, аталған құбылыстың қалыптасуын да бірнеше кезеңге бөлуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Жер заңдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Жерді пайдалану және оны қорғау құқығы
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Жер кадастры туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz