Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері



Кіріспе
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым.қатынас мәселелері

1. Кедендік қылмыстардың түсінігі
2. Кедендік қылмыстардың түрлері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қылмыстық құқықта экономикалық қылмыстар үшін жауаптылықтың белгіленуі Қазақстан Республикасы экономикасының қайта қалыптасуымен тығыз байланысты екендігі даусыз. Экономикалық қылмыстар ішіндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты жаңа қылмыс құрамдарының пайда болуы, кедендік және салықтық қылмыстардың жаңа сипатталуы соның дәлелі.
Біздің елімізде жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін кедендік қылмыстар мүлдем қаралмады деп айтуға болады.Оның куәсі бұрын күші болған қылмыстық заңда кедендік қылмыстардың санатына жататын бір ғана норма орын алды (1960 жылғы ҚССР ҚК 78-бабы). Кейіннен Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1995 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығымен кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын реттейтін норма енгізілді, онда да аталған қылмыс құрамы салықтық қылмыстармен біріктіріліп қарастырылды. Алайда, аталған норманың мазмұнының дәлме-дәл анықталмауы, сыртқы экономикалық қызмет саласында осы кедендік қылмыстармен күрес жүргізуде тиімсіз болды.
Мемлекетіміздегі кеден органдарының қызметінің қайта ұйымдастырылуы, рөлінің өсуі, олардың құқықтық негізі шеңберінің кеңеюі, Қазақстан Республикасы кеден ісі саласында біртектес құқықтық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайтын жаңа қылмыстық құқықтық нормалардың пайда болуына әкелді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс.
Соңғы жылдары кедендікте қылмыстардың ұғым шеңбері, ерекшеліктері туралы Н.М. Әбдіров, М.М. Әлиев, М.С. Нәрікбаев, Б.С. Сәрсеков, М.Ш. Қоғамов, Р.Н. Юрченко сынды Қазақстандық ғалымдар өз еңбектерінде жазуда.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.05.1995 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі, 05.04.2003 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 12.06.2001 жыл
4. Алибеков С.Т. Таможенное право. Алматы, 1997.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы
құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері

1. Кедендік қылмыстардың түсінігі
2. Кедендік қылмыстардың түрлері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ КЕДЕНДІК ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЕСКЕРТУ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Кедендік қылмыстардың түсінігі

Қылмыстық құқықта экономикалық қылмыстар үшін жауаптылықтың белгіленуі
Қазақстан Республикасы экономикасының қайта қалыптасуымен тығыз байланысты
екендігі даусыз. Экономикалық қылмыстар ішіндегі кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асырумен байланысты жаңа қылмыс құрамдарының пайда болуы, кедендік
және салықтық қылмыстардың жаңа сипатталуы соның дәлелі.
Біздің елімізде жаңа Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін кедендік
қылмыстар мүлдем қаралмады деп айтуға болады.Оның куәсі бұрын күші болған
қылмыстық заңда кедендік қылмыстардың санатына жататын бір ғана норма орын
алды (1960 жылғы ҚССР ҚК 78-бабы). Кейіннен Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігін алғаннан кейін 1995 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының
Президентінің заң күші бар Жарлығымен кеден төлемдері мен алымдарын
төлеуден жалтару құрамын реттейтін норма енгізілді, онда да аталған қылмыс
құрамы салықтық қылмыстармен біріктіріліп қарастырылды. Алайда, аталған
норманың мазмұнының дәлме-дәл анықталмауы, сыртқы экономикалық қызмет
саласында осы кедендік қылмыстармен күрес жүргізуде тиімсіз болды.
Мемлекетіміздегі кеден органдарының қызметінің қайта ұйымдастырылуы,
рөлінің өсуі, олардың құқықтық негізі шеңберінің кеңеюі, Қазақстан
Республикасы кеден ісі саласында біртектес құқықтық қатынастарды қылмыстық
қол сұғушылықтардан қорғайтын жаңа қылмыстық құқықтық нормалардың пайда
болуына әкелді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың, еркін кәсіпкершіліктің дамуына және
қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты
қылмыстың белгілері мен құрамы одан әрі зерттелуі тиіс.
Соңғы жылдары кедендікте қылмыстардың ұғым шеңбері, ерекшеліктері
туралы Н.М. Әбдіров, М.М. Әлиев, М.С. Нәрікбаев, Б.С. Сәрсеков, М.Ш.
Қоғамов, Р.Н. Юрченко сынды Қазақстандық ғалымдар өз еңбектерінде жазуда.
Алайда аталған қылмыстардың шеңбері осы уақытқа дейін даулы болып
отыр.Дегенмен, осы мәселелермен айналысып отырған ғалымдардың ішінде
аталған қылмыс құрамдарын кедендік қылмыстар ретінде бір топқа біріктіріп
қарастырмайтындарда бар. Мәселен, Н.А. Лопашенко бұл қылмыстық қол
сұғушылықтардың обьектілерін негізге ала отырып, үш топқа бөліп
қарастырады:
- экономикалық қызметті заңсыз негізде жүргізу принципін жүзеге асыруға
байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар;
- экономикалық қызмет субьектілерінің әділетті қызмет етуі принципіне
қол сұғатын қылмыстар (бұл қылмыстар қатарына кеден төлемдері мен алымдарын
төлеуден жалтару құрамын жатқызады);
- экономикалық қызметтің криминалдық нысандарына тиым салу принципіне
қол сұғатын қылмыстар (бұл қылмыстар қатарына, экономикалық контрабанда,
айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандасын жатқызады).
Ал, кеден ісі саласында жасалатын қылмыстарды бірінші топқа, яғни
экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында жасалатын қылмыстық
қол сұғушылықтар қатарына жатқызады. Аталған қылмыс құрамдары
экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында жасалғанымен,
экономикалық қызметтің барлық жекелеген салалары мемлекетпенреттеледі.
Оның кез келген саласын мемлекеттік реттеу мен қорғаудың бір нысаны
ретінде бұл салаларда жасалуы мүмкін құқықбұзушылықтарға заңды
жауаптылықтың белгіленуін айтуға болады, яғни экономикалық қызметтің
жекелеген салалары жалпы мемлекеттік реттеу саласымен қамтылады. Сол
секілді кеден ісі саласы да қаржылық-фискальді қызметті атқара отырып,
экономикалық қызметтің жекелеген дербес саласын құрайды. Сөйтіп, ол
экономикалық қызметте мемлекеттік реттеу саласы болып, міндетті кедендік
төлемдер мен алымдарын, кеден бақылауын, Қазақстан Республикасы кеден
шекарасынан әкелу, әкету, алып өту ережелерін және реттеудің тарифтік
және бейтарифтік шараларын белгілей отырып, мемлекеттің
сыртқыэкономикалық қызметінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп
отыр. Бұл жерде кедендік қылмыстарды В.Е. Мельникова ұсынған экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстардың екі тобына да жатқызуға болады [13,6].

Ал Т.А. Диканова мен В.Е. Осиповтың айтуынша, кеден саласындағы
қылмыстарға тек қана экономикалық қылмыстардың түсінігі тұрғысынан ғана
қарап қоймай, сонымен бірге басқа жағынан да қарауымыз керек. Мәселен,
қару-жарақтың контрабандасына келетін болсақ, ол экономикамен емес,
керісінше саясатпен байланысты. Біз осы айтылған пікірлерді қолдай
отырып, кедендік қылмыстарға тек қана сыртқы экономикалық қызмет
саласында жасалатын қылмыстарды ғана жатқызып қана қоймай, сонымен бірге
осы кеден саласында жасалатын басқа да қылмыстарды жатқызған дұрыс деп
ойлаймыз [4,12].

Бүгінгі күні кедендік қылмыстар қылмыстық құқық ғылымының өзекті
мәселелерінің біріне айналып отыр. Аталмыш құқық бұзушылықтарды қылмыстық
заңға енгізіп, қылмыстық жауаптылықтың белгіленуі төменде аталған
факторлармен тығыз байланысты:

- кеден органдары қызметінің дербес сала ретінде қалыптасуы;
- аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы
және олардың өсу тенденциясының байқалуы;
- аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптың аса үлкен мөлшерде
болуы;
- басқа да құқық салаларының кеден ісі саласын жеткілікті дәрежеде
қорғамауы салдарынан қылмыстық құқықтық қорғаудың тиімділігі.
Қылмыстық құқықтың кеден ісі саласын қорғау функциясы қылмыстық
құқықтық тыйымдардың белгіленуі және аталған саладағы қылмыстық құқықпен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғылмаушылықтың белгіленуі арқылы
көрініс табады.

Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде
кеден қызметі аса маңызды орынға ие, ол аталған саладағы негізгі құқық
қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымы,
яғни, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискальді
қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол
арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында
орын алатын қылмыстар сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы
бағытталады.

Өкінішке орай, сот тәжірибесінде кедендік қылмыстарға қатысты заңсыз
және негізсіз үкімдер шығарылу фактілері жиі кездеседі. Себебі, кейбір
жағдайларда қылмыстық іс материалдары соттармен үстірт зерттеледі,
дәлелдемелерді бағалау барысында қателер жіберіледі немесе материалдық
және процессуалдық заңнамаларды дұрыс емес қолдану жиі орын алып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстанның кеден және басқа да құқық орғау органдары
үшін өзекті мәселе кеден саласында жасалатын қылмыстармен күрес болып
отыр. Жоғарыда айтылып кеткендей, кеден саласында жасалатын қылмыстардың
қарқын алып дамып, өрістеп бара жатуы еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне
қатер төндіріп отыр. Сондықтан да, осы кеден қылмыстарымен еліміздегі
күрестің тиімділігін арттыру, осы бағытта кешенді ғылыми жан-жақты
зерттеу жүргізуді қажет етеді.

2. Кедендік қылмыстардың түрлері

Кедендік қылмыстарды сараптағанда, көптеген зерттеушілер Қылмыстық
кодекс бойынша қылмыс түрлерін ажыратып отыр. А.А. Смағұловтың пікірінше,
негізінен, кеден ісі саласында жасалатын қылмыстар түрлеріне мына қылмыс
құрамдарын жатқызады:
- адамдарды пайдалану үшін, сондай-ақ әкету және олардың транзиті
(128-бап);
- экономикалық контрабанда (209-бап);
- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап);
- кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап);
- жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау
кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және
қызметтерді заңсыз экспорттау (243-бап);

- айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандасы (250-бап). Бұл жерде кедендік қылмыстар түрлерін кеден
органдары анықтама жүргізетін кедендік қылмыстардан ажыратып алуымыз
керек [14,19].
Ал, кеден органдарының анықтау құзіретіне жататын кеден ісі саласында
жасалатын қылмыстарға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 285-бабының, 4-ші және 9-шы тармақтары бойынша Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының бірінші бөлігінде, 214-
бабының бірінші бөлігінде және 250-бабының бірінші бөлігінде көзделген
қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды кеден органдары немесе басқа
құқық қорғау органдары жүргізеді.

Кедендік қылмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
Ерекше бөлімінің 7-тарауында (Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар)
және 9-тарауында (Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы
қылмыстар) көрсетілген [7].

Экономикалық контрабанда

Дүние жүзінде контрабанда ұғымына мемлекеттің шекарасы арқылы заңды
айналымнан алынған тауарларды немесе заңды айналымнан алынбаған
тауарларды жасырын өткізуді жатқызған. Ал біздің елдің қылмыстық заңында
тауарларды контрабандалық жолмен өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік
екі нормамен қаралып отыр. Яғни, қылмыстық жауапкершілік экономикалық
контрабандасы үшін және айналыстан алынған заттардың немесе айналысы
шектелген заттардың контрабандасы үшін қарастырылған.

Қылмыстық заңда экономикалық контрабанда деп Қазақстан
Республикасының кеден шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан
жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңестіру құралдарын алдап
пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге заттарды Қылмыстық кодекстің 250-
бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе
күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым
салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы
ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде
өткізуді айтамыз.

Контрабанданың негізгі тікелей объектісі – мемлекеттің қаржылық
қызметі. Қосымша объектісі – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын
кесіп өту ережесі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті
объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органның қызметі, Қазақстан
Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның
моральдік бастауы, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұралары жатады.
Қылмыстың заттары – тауарлар мен басқадай заттар.
Ал енді аталмыш қылмыстың объективтік жағы – Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабында көрсетілгендерден басқа
тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып
өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады. Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 209-бабының ескертуіне, егер тауарлардың құны бір
мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған
деп танылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотың Пленумының Контрабанда үшін
қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы
қаулысына сәйкес, контрабанда жасаудың бірінші тәсіліне – контрабанда
заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік ресімдеу
жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен
белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе ресімдеу жүргізетін
уақыттан басқа кезде жібереді немесе айналып өтеді [8,2].

Контрабанда жасаудың екінші тәсілі – тауарларды немесе өзге
құндылықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерлерге тығу немесе табуды
қиындататын басқа да әдістерді қолдану немесе затқа басқа заттың түрін
беру.

Контрабанданың үшінші тәсілінде кеден органдарына, сондай-ақ шекара
бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған,
жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөртабандар,
пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай құралдарын пайдаланады
немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады.

Бұл тәсіл – контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің
бірі, себебі өз құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі
құнды шикізат пен материалдарды, қуат көздерін (мұнай, бензин, мазут
т.б.) көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты
операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар көлемінде зиян
шегеді.

Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып кетуге
тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа
құндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай
кедендік декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.

Экономикалық контрабанда қылмысы өзінің құрылымы жағынан формальдік
құрамға жатады. Қылмыстың субъективтік жағы – адамның өзі жасаған
қылмыстық іс әрекетіне деген психикалық қатынасын сипаттайды. Қылмыстық
құқы теориясы және қылмыстық заң қылмыс жасаған адамның кінәсі бар болған
жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін деген қағидаға
негізделеді. Ал кінә – кез келген қылмыстың субъективтік жағынан негізгі
және міндетті белгісі. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
субъективтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Орталық Кедендік орган
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін жетілдіру
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
Экономикалық қылмыстармен күресудің құқықтық негіздерінің қазіргі жағдайы
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Пәндер