Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу



1 Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі
2 Дүниежүзілік валюта жүйесінін. даму кезендері
3 Қазақстан Республикасынын валюта жұйесі
4 Халықаралық есеп айырысу баланстары
5 Валюта бағамы, оның экономикаға әсері
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) — елдін ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды колданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралык нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарыклғағы өркендеген салалардың енімін сатуда туындайтын қиындыктар, тауарлар тасымалы жагдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттыкты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұракты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркэсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының терендеуі және кеңуі осы елдердің экономикалык жағдакын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік — айырбастайтын, бағаның өсу қаркынына зор әсер етті. Әлемде елдердщ шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде калып-тасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыкка ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылыкта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының эзірше жоктығынан.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ, ВАЛЮТА КУРСЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ
Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) — елдін ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды колданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралык нарықтың құрылуына себепші
болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарыклғағы өркендеген салалардың
енімін сатуда туындайтын қиындыктар, тауарлар тасымалы жагдайларын
жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының
кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау,
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттыкты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұракты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркэсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының терендеуі және кеңуі осы елдердің экономикалык
жағдакын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік —
айырбастайтын, бағаның өсу қаркынына зор әсер етті. Әлемде елдердщ
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде калып-
тасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыкка ұласады және де әрбір
егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады.
Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл
әлемдік шаруашылыкта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған
халықаралық несие ақшасының эзірше жоктығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одакка
кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және
керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, ecen айырысу және
несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылыктардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте,
Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта
қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз
кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер
(жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен
және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда
болды. Валюта жуйесі - ол экономи-калык көзқарас тұрғысынан - шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық катынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол
белгілі бір қоғамдық-экономикалык формация' шегінде мемлекеттік-құқыктық
түрде ұйымдаскан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптаскан. Алғашқыда елдін ақша жүйесінің құрамдас
бір белігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттык валюта жуйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті калыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. ¥лттық валюта
жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттык валюта - елдің ақша
бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-кол емес
формада (банктік шоттардағы ақша калдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық
орталық банк және коммерциялык банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі
элементтері төмендегілер:
ұлттық валюта;
ұлттык валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта кррының (ХВҚ)
Жарғысында "еркін крлданылатын валюта" де тен ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк,
ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы,
ресейлік рубль; б)тайырбасталмайтын (тұйық) валюта; валюталық паритеттің
бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.
Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып
тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы
бойынша валюта паритет! тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа
халыкаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жыл-
дардың орта шенінен бастап паритеттер валюта коржыны (корзина) негізінде
анықталады. Валюта коржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір
бөліктерінің сомасын сол валюталардын нарықтық бағамына көбейтіп, оларды
АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын
айтады. Мысалы, СДР валюта коржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін
қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың
үлесі шамамен 39%, неміс маркасы 21, жапон иені - 18, француздық франк және
фунт стерлингтің рқайсысының улесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының
еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта
қоржынынан кұрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 каңтарынан ұжымдық валюта - еуромен
біртіндеп алмастырылмақшы; валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі
бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық
бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында
бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына
шаққанда 4300-4900 руб. ара-лығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998
ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-
қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға
шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін
көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен
бекітілмеген;
валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валю-талық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу
енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте
валюталык шек-теуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII
бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық
шектеулерді жойды;
төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР
есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮдың орнына), ХВҚ резервтік позициясы
(бағыты) және елдің сыртқы карызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін
мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
халыкаралык несиелік аиналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың
статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы,
Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың
федералдық кызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
калыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Дуниежузілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол - халыкаралык несие-қаржы институттарымен
халықаралық-шарт және мемелекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттык
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халыкаралық экономикалык
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Баска жағынан, онын максаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
түратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылык байланыстарда дер-бес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халыкаралык айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалакыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы акша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әркайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін кұйма
формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану
үшін алдымен кұйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын согу кажет болды.
Біртіндеп айналыс шығындарын азайту максатында халықаралық есеп айырысуда
ұлттык алтын монета және несие айналым кұралдары колданыла бастады.
Үзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементтері қалыптасты. Олар:
әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралык
валюталық өлшем);
валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ
1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДРды, ЕВҚҚ - 1979
жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны
енгізді);
халықаралык несиелік айналым құралдарын колдану
тәртібін үйлестіру;
әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
мемлекетаралык реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық валюта
қоры бекітілді.
Айнмактық валюта жуйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағынын дамуынан бастау
алып, 1979 жылы кұрылды. Оның мақсаты - ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалык одақ (ЕО)
құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің
элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінін элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдык принциптерінін әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік түрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің кұрылуымен ұштасады.

Дүниежүзілік валюта жүйесінін. даму кезендері
Бірінші дуниежузілік валюта жуйесі алтын монеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері катынаскан Париж
конференциясында мемлекетаралык келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған
валюта дағдарысы екінші дуниежузілік валюта жуйесінің пайда болуына әкеп
соктырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалык конференциясында
қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі
конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді
стандартна негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар
алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз
деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар және
т.б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және П) Бреттон-Вудс
конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын валюта
ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. ДАл ағылшын фунт
стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірін-ші болып алуға
өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дуниежузілік валюта жуйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҮҮ-ның
Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде
американдык доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен
Үлыбританияның халықаралык қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне
мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп ендірісінін 54,6%-
ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған
АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дуние-жүзілік
соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс
Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалык жағдайы, сондай-ақ
бұл мемле-кеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық)
олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни "долларлық аштықта"
көрініс тапты.
Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;
ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын баска валюталарға алтын арқылы
айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді.
Валюталардың нарыктық бағамы доллар паритетінен
± 1%-ке, Еуропа елдерінде ± 0,75% ауытқуы мүмкін;
шетел орталық банктерінің долларлык резервтері (қорлары) алтынға
американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) аркылы ресми бағамен
айырбасталады;
алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары кұрамында
31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді);
мемлекетаралык валюта катынастарын реттейтін орган
- Халыкаралык валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
ХВҚ-ның негізгі қызметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердін
валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын
бақылауды қамтамасыз ету. Бретгон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт
аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңцеуіне және әлемдік нарықтың
қарқындап өсуіне ықпал етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере
алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен
әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта
жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты
және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені
элсірете бас-тады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді.
1971-1973 жж. валюта дагдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін
жеделдетті.
Төртінші (казіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың каңтарында
ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстон-да (Ямайка) кол койған келісімімен
дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттык
валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралык
принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай
роль аткармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:
• алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-
бір валютаның кұрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын
кұн өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де колданбауы тиіс. Сөйтіп
алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталык банктері мен
үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлык резервтерді
алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта
жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға
карамастан, іс-жүзінде оның акша ретінде колдану мүмкіндіктері таусыла
қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше
халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі
кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезавраторлар шамамен 60
мың тонна алтын сактауда (әрқайсысында 34 мың және 25 мың тонна алтын бар).
• алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есепайырысу құралы
- СДР енгізілді. Ол валюталык паритет пен валюта бағамының негізі деп
жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж.) 30 жыл ішінде ол құн
эталонына (үлгі өлшем), не басты халыкаралык төлем және резерв кұралына
айналған жок. Ол элемдік акша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-
мен аныкталатъш вадюталар саны жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 1980
ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды. СДР стандартының
болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХФҚ-ның операцияларымен
шектелеуде. Дол-лардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта
статусы алынып тасталса да, іс-жүзінде долларлык стандарт сақталуда.
Валютаның шартты құнын анықтайтын СДРдың валюталык қоржынының 39%-і
доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, бірақ қазір
олардың саны азаюда. Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және
резерв құралы ретінде алда келеді. Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың
экономикалық, ғылыми-техникалық және әскери потенциалының басымдылығына
негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жа-пония) тегеуірінінің
әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағдайы жойылуда. СДР стан-
• дарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол - үш әлемдік
валюталық орталыктың ва-люталарына, яғни американдық долларға, неміс мар-
касына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жа-пондык иенге негізделген.
ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының
тәртібін пайдалануға құқык алды. Сөйтіп езгермелі валюта бағамының ережесі
бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты.
Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен
валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген
сенімді ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы
операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интервенциясына
(оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді.
Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті -мемлекетаралық валюталық
реттеуді күшейту, мүшеелдердің өзара тығыз қарым-катынастығын камтамасыз
ету, әлемде валютаның тұрактылығына кол жеткізу үшін әр түрлі валюталык
шектеулерді жою.
Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы жүйемен салыстырғанда
өзінін икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының
тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайыктанды.
Сонымен қатар ол біраз киындықтарды: мысалы, СДР стандартының тиімсіздігіне
байланысты; алтынды заңды түрде демонетизациялаумен онын іс-жүзінде әлемдік
төтенше ақша статусын сактауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі
валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызды.
Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-
экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта
механизмін түрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар
іздестірілуде.
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа
елдерінің интеграциялык про-цестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа
валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймактық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге
кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта
жүйесінің кұрылымдык бір бөлігі ретінде карастыруға болады. Солай болғанмен
оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.
ЕВЖ-нің құрылымдык ерекшеліктеріне төмендегілер жатады:
• СДРдың орнына еуропалык валюта өлшемі - ЭКЮ стандарты енгізілді. ЭКЮ-
дің валюталық қоржыны батыс еуропалық 12 валюталардан құрылады. Онда неміс
маркасы (30%-тен астамы) үстем болды. ЭКЮ-ді қолдану аясы СДРды қолдану
аясына қарағанда әлдеқайда кең, оны тек қана мемлекеттік сектор емес,
сонымен катар жеке секторлар, оның ішінде банк-тердін депозиттік-ссудалық
операцияларында, халықаралық есеп айырысу жеке фирмалары қолданады. ЭКЮ
бірітіндеп әлемдік валюта нышандарын ала бас-тағанымен, әзірше әлемдік
деңгейге шыққан жоқ. Оны 1999 жылдан ұжымдық еуропапык валюта - еуро
ауыстырды.
Ямайка жүйесінде алтынды ресми демонетизациялауға карама-карсы ЕВЖ-де
осы валюталык металмен жүргізілетін операциялар жаңғыртылды. Алтын мен
доллар ЕВЖ-ге мүше-елдердің ресми алтын-долларлық резервтерінің 20%-ін
біріктіру жолымен ЭКЮ-ді эмиссиялау механизміне енгізілді. Осы елдердін
орталық банктері Еуропа валюта институтының қарауына 2,3 мың т. алтын
аударды. Институт алтынның орнына ЭКЮ-ді шығарып, аталған орталық
банктердің шо-тына ауыстырды. Мемлекеттердін алтынмен төлеген жарнасы қайта
жаңартылатын үш айлық "своп" келісімімен рәсімделеді, ол қолма-қол алтынды
ЭКЮ-ге сатып, үш айдан кейін оны кері сатып алу үшін қарсы келісім
жүргізумен үйлестіріледі. ЕВЖ-ге мүше-елдердің валюта бағамының "бірге
өзгеру" ережесі олардың өзара ауытқу шегін бекітеді (Ол казір орталық
бағамнан ± 15%-і, ал 1993 жылдың тамызына дейін ± 2,25% болған). Валютаның
бүндай ұжымдық өзгеру тәртібі "еуропалық валюта жыланы" деп аталады, себебі
бұл ауыткудың графикалық өрнегі жыланның жорғалауына тым ұксас. Егер валюта-
лардын бағамы рұқсат етілген шектен асып кетсе, он-да орталық банк неміс
маркасымен валюталық интервенция жүргізуі тиіс, яғни ұлттық валютаның
бағамын түсірмеу мақсатында марканы сол валютаға сату ке-рек. ЕО валюта
бағамының ұжымдык өзгеруі олардын тұрактылығын камтамасыз етті, әйтсе де
әлсін-әлі ресми девальвация (бағамды төмендету) және ревальвация (бағамды
жоғарылату) жүргізіліп тұрды (1979-1993 жж. аралығында 16 рет). Тұрақсыз
валюталар-дын (Ирландия, Италия, Бельгия, Дания және т.б.) бағамы әдетте
төмендетілсе, ал "тұрақты" валюталардың (ГФР, Нидерланды және т.б.) бағамы
жоғарылатылады. Бұл ЕВЖ қатысушылардың кайшылықтарын өршіте түседі.
ЕВЖ-ге мүше-елдер ХВҚ-ға қарсы өзінің мемлеке-таралык валюталық реттеу
органы - Еуропа валюталык ынтымақтастық корын (ЕВЫҚ) кұрды. Ол қор
1994 ж. Еуропа одағын (ЕО) кұру туралы Маастрихт келісіміне
сәйкесЕуропа валюталык институты болып аталып, ал 1998 жылдың шілдесінен
Еуропа орталық банкі болып қайта құрылды.
Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу
ауыткиды. Ол жетістікке келесі факторлар себепші болды: экономикалық және
валюталык интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құкының
бір бөлігін баскаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта
қатынастарының бағытын және әдісін тандаудағы икемділік; каулы қабылдау
және оны орындау механизмін дайындау.
Дегенмен ЕВЖ-ге мүше-елдердің өзара карама-кайшылығынан біраз
қиыншылыктарды басынан кешіруде. Олар сол елдердегі экономиканын,
инфляцияның, жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайынын, алтынвалюта резервте-
рінін әр түрлі деңгейлілігі мен каркындылығынан туындайды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және валюталык
одақ (ВО) құру жөнінде 1994 ж. қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны
құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы "Делор
жоспары" негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталык
шектеуді мүлдем жоюды карастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалык
дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция каркынын төмендетуге, бюджет
кемшілігін кыскартуға зор көңіл бөлінген.
Екінші кезенде Еуропа валюталык институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып,
оның құрамына он екі орталык банктердің баскармалары енді. Онын мақсаты -
орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бунда ЕО-ың министрлер
Кеңесінің директивалары негізінде экономикалык үйлестікке және оған мүше-
елдердің Еуропарламентке берген есебінін орындалуына басты назар
аударылады. Экономикалык (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еуропалық
инвестициялык банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет
кемшілігін төмендеткенте дейін ЕО-ың процентсіз депозитін шектеу формасында
жазалау шаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар
есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң көмегі қарастырылған.
Үшіиші кезең ЕО-нын бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінін бірыңғай
үлгісі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге кажетті келісімге келген XX
ғасырдың аяғында бас-талды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11-
і 1999 ж. каңтарынан ұжымдық валюта - еуроны - алғашқыда қолма-қол ақшасыз
есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол
ұлттык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қаржылық жүйесі
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Халықаралық валюта жүйесі: маңызы, даму кезеңдері, түрлері, құрамы
Халықаралық валюталық операциялар
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Валюта нарығы. Валюта курсы және динамикасы
Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
Халықаралық валюта қатынастары
Пәндер