Ежелгі дүниедегі мектеп және тәрбие


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ МЕКТЕП ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

1. Ежелгі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту.

2. Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесі.

3. Ежелгі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.

1. Ежелгі Шыгыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие мен мектеп

Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация - құлдық қоғаммен ауысты. Ежелгі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ежелгі Грецяя мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Сол кезде Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.

Ежелгі Индияда мектеп ашыла бастады. Мындаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолыңда жинақталған.

Ежелгі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істеді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі иероглиф тесілімен оқуға және жазуға үйренді, философия жане мораль туралы жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр т. б. ) тәрбие туралы, мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптар туралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауы кеңінен қолданылады.

Ежелгі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.

Ежелгі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б. з. д. 3-мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Ніл сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеалы сөзге сараң, тағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.

Ежелгі Египетте отбасы тәрбиесі мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасының сипатын бейнелейді. Бұл қарым-қатынас тепе-теңдік негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларды оқытуға бірдей көңіл бөлінді.

Сол кезде қолданылған әдістер мен тесілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыны ең алдымен тыңдай білуге үйретті. "Тыңдай білу - адамның ең негізгі қасиеті" қанатты сезі кеңінен колданылды. Мұғалім өз шәкіртіне күнделікті мынадай сөздерді жиі қолданды: "Зейінді бол және менің сөзімді тыңда, менің саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да ұмытпа".

Египеттіктер дене жазалауына ерекше мән берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте әкенің, тәлімгердің ерекше беделін қастерледі. "Әруақытта да әкеңнің және ата-бабаңның жолымен жүр" деген дәстүр мен тұқым арқылы мамандық беру қалыптасты.

Ежелгі Индия тарихы екі дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия түбегіндегі б. з. д. 2 мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халық - дравид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту отбасылық-тектілік сипатта болды, оның рөлі ерекше болды.

Ежелгі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың генезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне діни идеологаяның (буддизмнің) әсері болды.

Иңдияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамытуға ұмтылды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллектуалдық артықшылыққа, екінші каста - кшатрийлер - мықтылық пен ерлікке, вайшьилер - еңбек сүйгіштікке және шыдамдылыққа, ал шудралар - құлшылық етуге ерекше мән берді.

Идеялық тәрбие беруге тек қана жоғарғы касталардың мүмкіңдігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық.

Ежелгі Индияда ерекше қасиетті және сонымен бірге оқу кітабы болып табылатын "Бхагавадгита" (б. з. д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу жене оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсыныдды.

Басқа да алғашқы адамзат еркениеттері сияқты Ежелгі Қытайдың бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық құрылыстағы отбасылық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.

Әрбір отбасындағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық отбасы мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді сақтауы қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылық көрсетуге тиым салу. Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, "өзінің жан дүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу" мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкеңдерді сыйлай білуін жатқызды.

Ертедегі кітаптар бойынша бірінші мектептер Қытайда б. з. д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп атадды. Оқытудың негізгі мақсаты иероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.

Қытай - ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан паійымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ежелгі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.

Конфуций (б. э. д. 551- 479ж. ) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға -тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ежелгі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуьшша, идеалдық тәрбиеленген адам-адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылушы, әділ, рухани мәдениеті бай адам болуы керектігін ерекше жоғары бағалады.

Ежелгі Грециядагы тәрбие жүйесі

Ежелгі Греция - көптеген құлиеленуші мемлекеттерді-полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) - Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартаңдық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.

Спартаңдық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартаңдық құлиеленуші мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілік еді. Құлдар мұнда мемлекеттің жекеменшігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленуші мемлекеттер болғандықтан, қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің балаларын оқыту мен тәрбиелеу ісіне мән берді. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатын. Соңдықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды.

Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты - спартиат балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құлиеленушілер етіп тәрбиелеу болды. Мемлекет балаларды туғаннан бастап, отбасы тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген, ал аурулары мен әлсіздерін өлтіріп отырған.

Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесін білдіреді. 7 жасқа дейін спартиаттар - балалар (спартиаттар деп аристократтар-құлиеленушілерді атады) үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше мән берілді.

Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету көзделді. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әңдер айтуға үйретті. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз және ән айту әскери сипатта берілді. 18-20 жаста эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты - ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міңдеттерін атқару үшін қажет.

Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ежелгі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егн шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.

Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгеше болды. Сонымен қатар тәрбие және білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афиина тәрбиесі мен білім беру жүйесінің мақсаты әскери жауынгер даярлау ғана емес, одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу еді.

Афиналық тәрбие жүйесі б. з. д. У-УІ ғ. төмендегіше қалыптасты: 7 - жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көмек көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді) . Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептерге қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады) : 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттығулардан басқа оқушылармен саяси және адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты отбасылардан шыққан жастар кейіннен мемлекетте басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін олар әскери қызметке даярланады, онда әскери дайындығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді.

Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне араластырылмады. Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қаңдай болмасын қолөнердің түріне үйреңді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім алуға мүмкіншілігі болмады.

Ежелгі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы

Ежелгі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т. б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.

Ежелгі грек философиясының шыңы, ғұлама философ-материалист, атомистік теорияның негізін салушы Демокрит (б. э. д 460-370 ж) болды. Оның бізге жеткен көптеген шығармаларының үзінділерінен Демокриттің ғылымның барлық салаларында қолтаңбасын қалдырғаңдығын аңғаруға болады, оның философия, педагогика, математика, физика, биология, медицина, психология, өнер салаларында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. К. Маркс Демокритке былай деп баға берген болатын: Гректердің арасынан шыққан бірінші әмбебап ақыл-ой иесі".

Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой-пікірдің тарихында ерекше мәні зор. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір-бірінен түрі және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ағзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді.

Демокрит жанның өлмейтіндігін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мәселен, Демокрит еңбектерінен кейбір үзінді келтіретін болсақ: "Егер де оқымаса, ешкім өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді", "Табиғаттан гөрі, жаттығудың арқасында көптеген адам жақсылық қасиеттерді меңгереді", "Кейде жас адамдарға ақыл, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ақылға үйрететін уақыт емес, ол дұрыс қойылған тәрбие және табиғат". Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне ("Әкенің жағымды ойы-балаларға ең жақсы өсиет"), сөздік әсеріне, сендірумен тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді. Оның бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою туралы жан-жақты айтылды.

Демокритгің материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше екенін түсіндік. Ол ойды, ақылды дамытуды мынадай мәнерлі сөздермен аяқтады: "Көптеген көп білетіндер (білгіштер) - ақылсыз (ойсыз) ".

Соқрат (б. з. д 469-399 ж. ) философ-идеалист болды, өзінің демократиялық шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы), ол консервативтік жер аристократиясының идеологі болып табылады. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрылымын, заттардың физикалық табиғатын тануға болмайды, адамдар тек өзін-өзі тануы мүмкін, жалпыға бірдей, мәңгілік және өзгермейтін адамгершілік ұғымдар өмір сүреді.

Тәрбиенің мақсаты, Сократтың көзқарасы бойынша, заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек деді.

Платон. (б. э. д : 427- 347 ж. белгілі грек философы, Платон философияда идеялар туралы іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек идеялар нағыз шыңдық ретінде өмір сүреді. Олар мәңгілік және өзгермейді Бізді қоршаған заттар тек қана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көлеңкесі болып табылады.

Өзінің педагогикалық жүйесінде Платон спартаңдық және афиналық тәрбиенің кейбір белгілерін біріктіруге ұмтылды. Оның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыруы. Ол "оқу" ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, "шындық үшін ойлауды пайдалану да жанды ояту" деп түсінді. "Кішкентай балалардың ішкі негізі, эмоциялар болып табылады" деді.

Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға, сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді.

Көһптеген шығармалардың авторы ретіңде Платон тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді. Тәрбиені ұйымдастыруда өзінің көзқарастар жүйесін "Мемлекет" және "Заңдар" сияқты трактаттарыңда қарастырды.

"Мемлекет" атты еңбегіңде Платон кішкентай жас кезінен бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсыңды және оны ұйымдастырудың белгілі жүйесін жасады.

3 жастан 6 жасқа дейін барлық баланы мемлекет тағайындаған тәрбиешілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұйымдастыруға ерекше мән берді. Кішкентай балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде ойынның рөлін жоғары бағалады.

7 жастан 12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектепке барады, онда оқуды, жазуды, санауды, саз өнерін және ән-күйді үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейін дене тәрбиесімен жан-жақты айналысатын мектепке - полестраға қатысады. Онда гимнастикалық жаттығулармен айналысады.

16 жастан бастап ғылым негіздерін - арифметиканы, геометрияны, астрономияны, практикалық мақсатта оқып-үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін эфебияда аранаулы әскери-дене даярлығын алады. 20 жастан бастап, ақыл-ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік аңғартпаған жастар әскер қатарына алынады. Ал жастардың аз ғана бөлігі, қабілеттілері 30 жасқа дейін білім берудің жоғары үшінші сатысына өтеді, онда философияны, арифметиканы, геометрияны, астрономияны және саз теориясын философиялық-теориялық негізде оқып-үйренеді. Олар мемлекеттік қызметке даярланады. Ерекше дарындылық аңғартқан кейбіреулері философиялық білімін тағы да 5 жыл жалғастырады (35 жасқа дейін), одан кейін 35 тен 50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады.

Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесін шеттетуге негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынады. Бірақ, ол мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің бірізді мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын және т. б. ұсынды.

Аристотель (б. з. д 384 - 322 ж. ) - Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертедегі Грецияның ғұлама ғалымы. Ол Платонның шәкірті бола отырып, өз ұстазының көзқарасымен келіспеді. Аристотель Платонның екі түрлі ерекше дүние туралы ілімін сынға алады: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен бөлуге болмайды. Кез-келген зат материя мен түрдің бірлігі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грециядағы білім беру ісінің дамуы
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға әстетикалық тәрбие берудің жолдары мен құралдары
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
Логикалық ойлау қабілеті
Оқушыларға көркемдік тәрбие берудің жолдары мен құралдары
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Негізгі еңбектері
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Бейнелеу өнерінде оқушылардың жан-жақты ой өрісі мен оқу-тәрбие жұмыстарын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz