Жұмысбастылықтың экономикалық-құқықтық негіздерінің теориялық-методологиялық негізін


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Нарықтық экономиканың маңызды түрлерінің бірі еңбек нарығы және еңбек нарығының маңызды мәселесі жұмыспен қамту саясаты қаралған.

Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» [1] .

Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның әлі буыны қата қоймағандықтан оның бұл проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне әр түрлі шаралар қолдануда. Атап айтар болсақ ең негізгі шара болып табылатын бұл Президенттің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасы. Басқада негізгі шаралары еліміз тәуелсіздік алғаннан, оның аяғын басқаннан бері жүргізілуде. Осы еңбек нарығының маңызды мәселесі тұрғындарды еңбекпен қамту неғұрлым оң нәтежелі болса, соғұрлым мемлекеттің даму деңгейі де жоғары болады.

Іс жүзінде бастапқыда Үкіметтің бағдарламалары мен жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштерінің базалық тобында жұмыспен қамту көрсеткішінің болмауы - экономиканың өсу қарқыны мен оның интенсивті негізге көшуінің тежеуші факторы болып келді.

Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезіңде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік - экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасынын өсу серпініне, Халықаралық валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі. Ал адамдар саны сол күйінде қалады. Ал шын мәнісінде, жұмыспен қамту саласындағы қатынастар әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың барлық кешенінің нарықтық қысымының ықпалымен дамыды. Онын үстіне макроэкономикалық ілгерілеушіліктер жұмыспен қамтуға әр кезде қолайлы ықпал ете қойған жоқ болатын.

Жұмыспен қамту саласында қолданылатын саясатқа жасалған талдаудан 2000 жылдан бастап жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарлама шеңберінде іске асырыла бастады.

Осы Бағдарлама жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды, оларды кәсіптік дайындауды және қайта дайындауды, кәсіптік машықты талап ететін қоғамдық жұмысқа қатыстыруды, жұмыс орындарын, оның ішінде салалар мен қызмет түрлері жөнінде облыстар бойынша индикативтік көрсеткіштерді қамтиды. Бағдарламаны іске асыру белгілі бір дәрежеде жұмыссыздықтың деңгейіне, жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға ықпал етті. Шын мәнінде жұмыспен қамту саясатының ауқымы еңбек рыногындағы саясаттан анағұрлым кең, ал еңбек рыногындағы саясат болса жоғарыда аталған бағдарламадағы сапалық көрсеткіштерден ауқымды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру, оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек рыногындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр. Осыған орай жұмыста жұмысбастылықты экономикалық-құқықтық жағынан ұйымдастыруды мемлекеттік реттеу тұрғысынан қарастыру басты назарға алынды.

Адамдар жұмыс болса ғана жұмыспен қамтылатыны белгілі, ал еңбек жағдайының сапасына, еңбек пен еңбек қатынастарын қорғауға тұрақты бақылау жасаудың және әріптестердің бірлескен мониторингінің арқасында қол жеткізіледі.

Ғылыми зерттеу тақырыбының қазіргі жағдайын талдай келе айтар болсақ, бүгінгі таңда, экономикалық өрлеу кезеңінде, мемлекеттің жұмыспен қамтудағы рөлі туралы мәселе принципті тұрғыдан жаңаша шешілу үстінде.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев әр жыл сайынғы халыққа Жолдауында әлеуметтік саланы жандандыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты көптеген мәселелерді айтады. Халықты жұмыспен қамту, жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру аталған жағдайларды, оларды шешу жолдарының негізгілерінің бірі болып табылады. Себебі, әрбір жеке индивидтің жұмысқа орналасуы оның кәсіби біліктілігін жетілдірумен қатар, материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ететі, яғни белгілі бір кәсіби қызметінің нәтижесінде еңбек нарығына араласуы халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Елбасымыздың Н. Ә. Назарбаевтың билғы жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауы да халықты жұмыспен қамту мәселесіне, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтуға қатты мән берілген.

Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы. Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет. Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар - біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві. Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз. Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет. Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп индустриалды нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсыну керек. Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын тәжірибеде пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияландыру шынымен де бүкілхалықтық сипат алып, әрбір қазақстандықтың ісі болатындай етіп тұру қажеттігі жұмыстың практикалық маңыздылығын ашады [2] .

Диплом жұмысының мақсаты - жұмысбастылықтың экономикалық-құқықтық негіздерінің теориялық-методологиялық негізін ашу және қазақстандық жұмысбастылықтың қалыптасу ерекшелігін, оның түрлерін, формаларын айқындай отырып, оларға экономикалық-құқықтық баға беру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында келесідей ғылыми міндеттер алдымызға қойылды:

  • жұмысбастылықтың эволюциясындағы классикалық және қазіргі теориялардың мәнін ашу;
  • Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастардағы жұмысбастылық теориясының методологиялық негізін көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылықтың құқықтық негіздерін айқындау;
  • Қазақстандағы жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
  • Қазақстандағы жұмысбастылықтың құқықтық қамтамасыз етілу деңгейін анықтау;
  • Қазақстандағы жұмыссыздық және жұмысбастылық дамуының жаңа формаларын салыстырмалы түрде талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясатындағы жаңа бағыттарды ашып көрсету;
  • Қазақстандағы жұмыспен қамтудың әлеуметтік-экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын көрсету болып табылады.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының еңбек нарығы және де соның ішінде халықтың жұмысбастылығының экономикалық көрсеткіштері ғылыми зерттеу және талдау объектісі ретінде алынды.

Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын, жұмыспен қамтуды реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К. Маркс өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д. Ж. Кейнс пен М. Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я. Ә. Әубәкіров, Т. А. Әшімбаев, Ү. С. Байжомартов, С. Х. Берешев, Б. А. Жүнісов, Қ. М. Жұмақанова, М. Б. Кенжеғозин, Ж. Ш. Кенжалина, Ш. К. Көпешов, Ж. К. Қорғасбаев, А. К. Қошанов, А. Қатарбаева, Н. К. Мамыров, М. К. Мельдаханова, А. Қ. Мейірбеков, А. Б. Молдашев, Т. Ж. Нұрымбетов, Н. А. Омаров, А. К. Отаров, Ж. Ж. Сүлейменов, С. Д. Тәжібаев, М. Э. Тілеужанова, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде жан жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық мәселесіне бүгінгі күні Елбасының да назары ауып отыр, өйткені отандық еңбек нарығындағы қалыптасқан жұмысбастылықтың жаңа, икемді және де стандартты емес формасы ретінде қалыптасқан өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесі Үкімет тарпынан қолдау тауып оны заңдастырудың қажеттілігі туындаған, осыған орай жұмысбастылықтың бұл түрі бойынша ҚР Заң жобасы да дайындалды. Осы айтылғандар жұмыстың практикалық қолданылуын нақты айқындайды.

Сонымен қатар зерттеу жұмысының аясында ғылыми жетекші Г. К. Иляшовамен біріге отырып «Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамту» тақырыбында ғылыми мақала да даярланды, қазір баспада (0, 3 б. т. ) .

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, жұмысбастылық теориясының методологиялық негіздері, Қазақстандағы жұмысбастылықтың экономикалық және құқықтық даму динамикасын талдау, Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуды мемелекеттік реттеу атты үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысында 7 сурет, 10 кесте, 5 қосымша бар, жұмыс көлемі 79 бет. Жұмыста оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, ғылыми конференцияның материалдары, ҚР Елбасының жыл сайынғы Халыққа Жолдауы, ҚР Заңдары және заңдық нормативтік құжаттар, ҚР Ұлттық Статистика агенттіктің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің материалдары, Интернет ресурстар қолданылды.


1. Жұмысбастылық теориясының методологиялық негізі

1. 1 Жұмысбастылықтың эволюциясындағы классикалық және қазіргі теориялары

Еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі ретінде жұмыспен қамту қарастырылады. Жұмыспен қамту - бұл халықтың еңбекке кірісу мөлшерін, жұмысшы мен оның жеке мұқтаждықтарының қанағаттандырылу дәрежесін, ақы төленетін жұмыс орындарындағы табыс табуға мүдделілігін көрсететін еңбек қызметіне қатысуы жөніндегі қатынастар жиынтығы [3] .

Сурет 1. Еңбек нарығының құрылымы.

Еңбек нарығының теориялық негіздері тарихының іргетасының қалануына классикалық мектеп өкілдері көп үлес қосқанын білеміз. ХХ және ХХІ-ғасырларда еңбек нарығы теориясы А. Маршал, Д. Кейнс, П. Самуэльсон, К. Маркс сияқты т. б. көрнекті экономист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды. Экономика ғылымында алғаш рет еңбек нарығының теориялық негіздерін қалаған классикалық мектеп өкілдерінің бірі шотланд экономисті Адам Смит болып табылады. Адам Смиттің ілімі материалдық, қаржылық және адамзат ресурстарын оптимал түрде пайдалану шарты ретіндегі еркін бәсекелестік туралы тезисіне негізделеді. Оның экономикасындағы халықты жұмыспен қамту көлемі бір жұмыскердің жалақысының орташа ставкасының мөлшерімен анықталады [4] .

Классикалық экономиканың көрнекті бір өкілі Давид Рикардо (1772-1823жж. ) жалақы мөлшерінің еңбек ұсынысына тәуелділігі туралы қағиданы дәлелдеді. Қазіргі еңбек нарығы жалдау және еңбек ұсынысымен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Оны төмендегі суреттен көре аламыз.

Сурет 2. Жұмысшылар санаты.

Жұмыспен қамтудың алғашқы теорияларының бірі классикалық теорияға келетін болсақ, аталмыш теория нарықтық жүйе адамзат ресурстарын қоса алғанда, барлық ресурстарды толық пайдалануды, яғни экономикадағы халықты жұмыспен тұрақты және толық қамтамасыз етеді деген қағиданы ұстанады. Сонымен қатар осы теорияның негізін қалаушылар жұмыспен қамту көлемі бір жұмысшының жалақысының орташа ставкасына тәуелді болатындығын айтады [5] .

Неоклассикалық экономикалық теорияның ең басты өкілі, «маржинализмнің» кембриджтік мектебінің лидері Альфред Маршалл жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру, білікті жұмыскерлерге нарықты кеңейту қажеттігін, оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды арттыратынын айтқан [6] .

Ұзаққа созылған әлемдегі ұлы дағдарыс (1931-1933 жж. ) классикалық экономикалық теория тұжырымын жоққа шығарды. Ол жаппай жұмыссыздыққа бастаған ұзақ жылға созылған депрессия жағдайында жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды дәлелдеуді талап етті [5, 8б] .

Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мультизияндық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді.

Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы - жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты қуаттайды.

Жұмыспен қамту теориясының қалыптасуына аса зор үлес қосқан ғалымдардың бірі - К. Маркстің экономикалық іліміндегі маркстік теория қосымша құн теориясы, капиталдың органикалық құрылымының өсім теориясы және халық туралы заң сияқты қағидаларға негізделеді. Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида - капитал құрылысы және оның жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері. Тұрақты капиталдың айнымалы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құрылысы деп атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса, еңбекке деген сұраныс капитал өсіміне пропорционал ұлғаяды. Олай болса, өндіріс және жұмыспен қамту өсімімен қатар жалақы да өсуі мүмкін. Бірақ нарықтық капиталистік шаруашылық өсіміне қарай капиталдың органикалық құрылысы өседі. Ең әуелі бұл өсім қосылған құн ықпалына негізделеді. Артық қосылған құн алуға талпыныс жасай келе, кәсіпкерлер кәсіпорындағы тауарлардың жеке құны қоғамдық құннан төмен болуын көздейді. Ал ол үшін тұрақты капитал шығындарын техникалық жағынан жетілдіру және ұлғайту қажет. Нәтижесінде айнымалы капитал үлесі азаяды, жұмыс күшіне сұраныс салыстырмалы түрде төмендейді, жұмыспен қамтылғандар саны барлық капитал мен барлық қоғамдық өндірістің өсімімен салыстырғанда баяу ұлғаяды. Осыған байланысты К. Маркс өндірістің капиталистік тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады, ол мынадай: «жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып, өспелі мөлшерде қаражат өндіреді, ал ол оны салыстырмалы түрде артық халыққа айналдырады» [7] . Бұл артық халық капиталистік өндірісті дамытуда, оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады.

К. Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден, техника прогрессімен болатындығын айтады.

Мальтузиандық теорияны Англияның классикалық политэкономиясының көрнекті өкілі Томас Роберт Мальтус жасаған. Ол 1798 жылы «Халық өсуі заңының тәжірибесі» кітабын шығарды. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни бір 25 жылда екі есе өседі: ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны 1, 2, 4, 8, 26, 32 және тағы басқа, ал өмір сүру жабдығы - 1, 2, 3, 4, 5 және тағы басқа. Сөйтіп, артық халық - бүкіл адамзаттың кедейлікке ұшырау еншісі.

Батыс мектебінің өкілдері 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты дәстүрлі түсіндірумен, яғни жұмыссыздық - жалдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді.

Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі, неоклассикалық теорияның жаңа бағыты - монетаризмнің негізін американдық экономист М. Фридман қалады. Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты.

Сондай-ақ, М. Фридман: «Инфляция емес, болжанбаған инфляция ғана маңызды, инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, нақты факторларға сәйкес келетін, жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады . . . Жұмыссыздықты жеделдететін инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады . . . Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, тек уақытша таңдау болуы мүмкін . . . Инфляцияның өспелі қарқыны жұмысбастылықты азайтуы мүмкін, ал жоғарғы қарқыны өсірмейді . . . Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар, ол - ақша санының өсу қарқынын баяулату», - деген тұжырым айтты.

Олай болса, жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізуге болады. Ал бұл жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымы болып табылмақ. Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігі арқылы анықталады. Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез-келген әрекет нәтижесіз болады, ал қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Ондай кезде нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады. Демек, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауға тиіс [7, 94б] .

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.

Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Жаңа Зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.

Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д. Гидлер, А. Лаффер, М Фелдстайн, Р. Холл тағы басқа жатады. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А. Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм.

Еңбек бағасы (жалақы дәрежесі) жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің бағасы нарық конъюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы конъюнктураның нақты қажеттігіне сәйкес өсіп немесе төмендеп отырады. Жалақының өсуі немесе азаюы арқылы еңбекке сұраныс және ұсыныс реттеліп отырады.

Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық бағаның төмендеуіне, яғни, жалақының төмендеуінің арқасында еңбек нарығында тепе - теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.

Классикалық экономикалық теория тұжырымынан кейін жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды дәлелдейтін Д. Кейнстің «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде жазылған жұмыспен қамту мәселесі «кейнстік экономикалық теория» деген атқа ие болды.

Бірақ оның теориясында нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін, өзіндігінен әрекет ететін механизм жоқ. Сондай-ақ, ол баға мен жалақының икемділігі, сондай-ақ толық жұмыспен қамтуды қолдай алатын, нарықтық реттеу тетіктері ретіндегі процент ставкаларының ауытқуы туралы жұмыспен қамтудың классикалық теориялары жоққа шығарды. Кейнстің пікірінше, жұмыспен қамту деңгейі тұтынуға келетін шығындар мен капиталдық салымдардан тұратын эффективті сұраныс динамикасымен анықталады. Оның іліміне сай айналымдағы ақша санын ұлғайту өндірісті кеңейтуді және тауар ұсынысын өсіруді ынталандырады, сондай-ақ жұмыспен қамтылуын өсіруге және әскери шығындарды көбейтуге мүмкіндік береді [5, 9б] .

Кейнстік бағыт еңбек нарығын жұмысшы күшін қатал бақылап отыратын оқшау (инерттік) жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері - жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың дәрежесі, еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі, - еңбек нарығында белгіленбейді, олар тауарлар мен қызыметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстын көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығында тек жалақының дәрежесі және осыған тәуелді еңбек ұсынысының көлемі қалыптасады.

Бірақ еңбек ұсынысы нақты жұмыспен қамтуды қалыптастыруда жетекші рөл атқармайды, ол тек жалақының берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын мүмкүндігін сипаттайды.

Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша - несиелік реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне жол ашылады.

Кейнстік концепция бойынша, жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпей қоймайды, оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрлымы әсер етеді. Жұмыспен қамтудың жеткілікті дәрежесінің тиімді құралына мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы, экономикалық дамудың нақты жағдайларымен есептесе отырып, мемлекет тарапынан инвестициялардың оптималдық көлемі қамтамасыз етілуі жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
Еңбек биржасы
Жұмыссыздық экономикалық категория ретінде
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың алатын орны
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Мектепте электрондық кестелермен жұмыс технологиясын оқыту ерекшеліктері
Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz