Оқу процесінің мəн-мағынлары



1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
2. Оқу. дидактикалық процесс
3. Оқу процесінің қызметтері
4. Оқудың əдіснама.дидактикалық жүйелері
5. Таным теориясы жəне оқу
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2)
мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
5-дəрісбаян. Оқу процесінің мəн-мағынасы
Жоспары
1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
2. Оқу- дидактикалық процесс
3. Оқу процесінің қызметтері
4. Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері
5. Таным теориясы жəне оқу

5.1. Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу
процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму
процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты
анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан
əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын
қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі”
ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген.
Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті –
оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын
игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение)
ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады.
Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін
қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен
оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының
бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің
бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен
сипатталады: 1) екі тараптылық; 2)
мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4)
жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың
жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне
жетекшілік.
Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы
үйретуші дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал
Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері
деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай
жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген:
оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге
оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-
жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да
осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды
анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың
мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу
процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды,
жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші
əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының
арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне
болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне
орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту
шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы
дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан
жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін
нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі
деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары
мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.
5.2. Оқу – дидактикалық процесс
Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін оқу жəне оқу процесі
түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар
теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. Оқу түсінігі құбылысты
білдіреді, ал оқу процесі- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы,
оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде
қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл
түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар
аударылатын болды.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз
ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне
ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Сондықтан да оқу процесі түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру
қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында оқу процесі ұғымына
орай келесідей анықтама қабылданған: оқу процесі – бұл барысында білім
беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған
оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет.
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы
екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын меңгеруге
орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену – білім
меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы
байланыстырушы тетік – бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу
мазмұны.
Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері
болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде
білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.
Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай да
оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-
түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан
қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз
ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой
əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен
қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы
ғылыми мазмұн жəне педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді
де дербес таным қажет.
5.3. Оқу процесінің қызметтері
Оқу процесі бірнеше қызметтерді – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу,
ынталандыру жəне ұйымдастыру – атқарады. Бұлардың бəрі кешенді іске
қосылады, алайда, тəжірибелік іс-əрекетті дұрыс ұйымдастыру, оқу
міндеттерін тиімді жоспарлау үшін олардың əрбірін өз алдына қарастырған
жөн.
Оқу процесінің білімдендіру қызметі ең алдымен білім, ептілік,
дағдыларды, шығармашылық іс-əрекет тəжірибесін қалыптастыруға бағытталады.
Білім (знание) – бұл деректер, мəлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар,
теориялар, формулалар мен сипаттамаларды , т.с.с. түсіну, есте қалдырып,
қажеттікке орай қайта жаңғырту.
Оқу барысында ғылыми білімдер тұлға меншігіне айналып, оның тəжірибелік
қорына енуі қажет. Бұл қызметтің іске асырылуынан білім толықтығы,
жүйелілігі жəне саналылығы, оның бекімі мен əрекетшеңдігі қамтамасыз
етіледі. Оқушы ғылым негіздері мен іс-əрекет түрлері бойынша мəліметтер
жинақтайды, игерілген білімдерді саналы пайдалана білу негіздері қаланып,
оларды тұрмыстық міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.
Білімдендіру қызметі сонымен бірге оқушыға тек білім игертіп қана
шектелмей, олардың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арқау болады.
Ептіліктер – бұл адамның ережелерге сүйене отырып, қандай да нақты
əрекеттерді орындау қабілеті. Дəлірек айтсақ, ептілік дегеніміз – білімді
практикамен байланыстыра қолдану тəсілдерін, жолдарын меңгеру.
Дағды – бұл саналы іс-əрекеттің автоматтастырылған бірлігі. Басқаша
айтсақ, дағды – ойланбай орындалатын, жоғары дəрежеде жетілген ептілік.
Ептілік жаттығулар нəтижесінде қалыптасады. Дағды қалануы үшін көп санды
қайталаулар қажет.
Ептіліктер мен дағдылар жалпы оқулық жəне арнайы оқулық болып ажыралады.
Арнайы оқу ептіліктері мен дағдылары нақты оқу пəні мен белгілі ғылым
саласына байланысты қалыптастырылады. Мысалы, физика, химия пəндері бойынша
– зертханалық тəжірибелер өткізу, заттай көрнекіліктер пайдалану;
географиядан – картамен жұмыс, масштабты өлшемдер, компас не басқа
құралдарды қолдану; математикадан – логарифмдік сызғышпен, есептеу
машиналарымен, əрқилы модельдермен жəне т.б. жұмыс алып бару ептіліктері
мен дағдылары орнығады.
Арнайылардан тыс оқу процесінде оқушылар барша пəндерге қатысы бар жалпы
оқу ептіліктері мен дағдыларын да игереді. Мысалы, оқу жəне жазу дағдылары;
өзіндік таным жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ептіліктері; оқулық,
анықтамалар, библиографиялық тізімдермен жұмыс.
Оқу процесі білім беру қызметімен бір уақытта тəрбиелік міндеттерді де
іске асырып барады. Оқудың тəрбиелік қызметтері осы əлеуметтік процестің өз
табиғатына орай орындалады. Осыдан оқу процесінде оқушыларда көзқарастар,
ғылыми дүниетаным, табиғат, қоғам жəне ойлау заңдылықтарын пайымдау,
қоғамдық талап, тəртіп нормаларын мойындау əрі оған байланысты заңдарға
бойсыну қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның қажетсіну сезімі, іс-əрекеттік,
əлеуметтік мінез-құлық, құндылық жəне құндылықты бағыт-бағдарлар да осы оқу
процесінде пайда болып, жетіліп отырады.
Тəрбие мүмкіндіктері тікелей білім мазмұнынан келіп шығады. Əр оқу
пəнінің өзіндік тəрбие мүмкіндігі бар. Оқушылардың тұлғалық сапа-
қасиеттерін қалыптастыруда гуманитар жəне əлеуметтік-экономикалық пəндердің
тəрбиелік маңызы басқа кəсіби пəндермен салыстырғанда өте жоғары.
Оқу барысындағы тəрбиелік ықпал мұғалім мен оқушы, оқушылардың өзара
қатынасына жəне ұжымдағы психологиялық жағдайға байланысты. Педагогикалық
процесс қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас, тілдесу стильдері əрқилы
болуы мүмкін: əміршіл-əкімшіл, демократиялық, либералдық. Бұл орайда
қазіргі заман педагогикасының ұстанымы-мұғалімнің оқушыға деген ізгілікті
(гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шəкірттерге белгілі шамада дербес,
өз бетінше жұмыс алып бару мүмкіндігін беру жəне оларды оқу процесін
ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бəрі біріге оқушыға білім
беру процесінің тең құқықты субъекті болатынын танытып, оның белсенділігін
көтеруге жəрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық уақытта тəрбиелейтіні
белгілі, алайда ол тəрбие кейде қисынсыз бағытқа да бұрылып кетуі ықтимал,
сондықтан оқудың тəрбиелік қызметін іске асыруда оқу процесін
ұйымдастыруға, оның мазмұнын іріктеу мен əдіс, формаларын таңдауға
байланысты тəрбие міндеттерін дұрыс түсініп алған жөн.
Білім беру жəне тəрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесі балаға
дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білім игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы
тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы, сезімдік жəне қозғалыс
ептіліктері көңіл-күй-еріктік, қажетсіну қабілет-қасиеттері ілгерілі даму
өзгерістеріне келеді. “Даму басы - оқу”(Л.С.Выготский)- бұл аса маңызды
психологиялық заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны,
ол қолданған
оқу формалары мен əдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді, саналы да
əрқилы іс-əрекеттері – бəрі де даму өзегі.
Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз,
дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына тəуелді.
Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу
технологиялары нақтыланған:
- ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);
- теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);
- жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков);
- оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков);
- проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);
- оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин);
- оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);
- оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру əдістерін
қолдану (Г.И.Щукин);
- төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс, көңіл-
күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін арттыру
бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков).
Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай
технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр (11-дəрісбаянда).
Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерімен қатар педагогика
ғылымында оқудың ынталандыру жəне ұйымдасу қызметтері де өз алдына
қарастырылуда. Оқу процесін шəкірттерді алдағы оқу-танымдық жұмыстарға
еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дəрежеде
құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен оқшауланған
құбылыстар емес, олардың бəрі өзара шартты байланыста əрі сабақ бөліктері
мен кезеңдерінің бəрінде бірдей орындалып барады.
5.4. Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері
Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше əдіснама-дидактикалық жолдары бар. Олардың
ішінде аса кең танымал болғандары: 1) Гербарттық тəрбиелік оқу бағыты; 2)
Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты; 3) қазіргі заман
демократияшыл дидактика бағыты.
Тəрбиелік оқу бағыты. Негізін салған неміс философы жəне педагогы
И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы
түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика
мен психологияның соңғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе
түзіп, ұсынды. Гербарттың пікірінше, оқу-тəрбиенің ең жоғары мақсаты –
адамгершілікті, моральды, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру. Оның
ойынша, тəрбиелік оқу келесі этикалық идеяларға сүйенуі тиіс:
- тұлға ұмтылыстарының бағытын, аймағын жəне күшін анықтаушы кемел
жетістігі;
- өз еркін басқалардың еркіне икемдесуі мен бағынуын қамтамасыз ететін
тілектестік;
- адамдар арасындағы дау-дамайдың өрістеуіне шек қоятын құқықтар;
- басқалар тарапынан болған көңіл қабарту жəне өкпені қайтаруды міндетіне
алатын əділдік;
- адамның ерік сезімін оның ниеттері мен наным-сенімдеріне икемдестіруге
мүмкіндік беретін ішкі рухани еркіндігі.
Бұл жүйенің негізгі ерекшеліктері келесідей: мектептің басты міндеті –
оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу. Моральдық тұрғыдан күшті мінез
иелерін қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшілік, тəрбие жəне онымен
байланысты оқу себепші болады. Жетекшілік жасаған адамның міндеті
балалардың тұрақты іспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене жəне
интеллектуалды дамуына бақылау қою, тəртіпке үйрету. Оқудың тəртіппен тығыз
байланысқа келуінен, білімнің оқушы сезімі жəне ерігімен бірігуінен –
тəрбиелік оқудың мəні құралады. Бұл түсінікті ендіре отырып, Гербарт
тəрбиені оқудан бөлектеуге болмайтынына, ерік жəне мінездің ақыл-санамен
бірге дамитынына баса назар аударды.
Гербарттың дидактикаға ендірген басты жаңалығы – оқу сатыларын бөлектеу
болды. Оның дидактикасындағы схема келесідей: түсініктілік – байланыс –
жүйе-əдіс. Оқу процесі ұғымдардан түсініктерге өту жəне түсініктерден
теориялық сипаттағы ептіліктерге жету жолымен жүргізіледі. Бұл схемада,
байқағанымыздай, практикаға орын қалмаған. Бұл формальды деңгейлер оқу
мазмұнынан ажыралып, барша сабақтарда жəне барлық пəндерге арналған оқу
процесінің желісін айқындайды.
XIX ғасырдың ортасында кең таралған Гербарт теориясы кейін бірте-бірте
маңызын жоя бастады. Осы күнгі бағалармен өлшестіретін болсақ, Гербарт
жүйесі мектептің дамуына кері ықпал жасады. Осы теорияның негізінде оқудың
мақсаты дайын білімдерді ұсынып, жаттату деген пікірлер тарай бастады; оқу
процесіндегі белсенділік тек мұғалімнен ғана күтілді, оқушыларға тыныш,
назар салып, мұғалімнің
айтқанын орындау міндеттері таңылды, яғни балалар енжар тыңдаушыға
айналды. Дегенмен, Гербарт дидактикасынсыз, одан келер ықпал болмағанда,
оның тəрбие тəжірибесін сынға салып, қайта қарастырмағанда, бүгінгі теория
мен практика мектеп өміріне еш уақытта да енбеген болар еді. Зерделі назар
аударсақ, бүгінгі мектептің өзінде де Гербарт қалаған əміршіл дидактиканың
элементтерін көптеп кездестіруге болады. Осылайша, өз сыныбына қатаң тəртіп
енгізуді ниеттеген мұғалім алдымен ойланғаны жөн –бұлай істесем бола ма?
Гербарт тəжірибесінде бұл тəсіл қолданылған, бірақ оқудағы шектен тыс
қаталдықтан ғұламаның кейінгі шəкірттері бас тартты. Бұл өнеге – құптарлық.

Оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты XIX ғасырда жасаған американ
философы, психологы жəне педагогы Джон Дьюи дидактикасы қоғам мен мектептің
прогрессив дамуына қайшы келген гербартшылардың əміршіл-əкімшіл
педагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келді. Гербарт дидактикасына
келесідей қарсы айыптар тағылды:
- қатаң тəртіп пен жазалауларға негізделген үстірт тəрбие;
- өмірмен байланыспаған оқудың кітабилылығы ;
- оқушыларға тек дайын білімдерді ұсыну, жаттауға бағытталған енжар
əдістерді қолдану;
- оқушылардың қызығулары жəне қажеттерімен байланыспауы;
- оқушы қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлінуі.
Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар
аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың өмірлік қажеттеріне байланысты
болған оқудың (құрғақ сөзді, кітаби, тек жаттауға негізделген оқудан гөрі)
анағұрлым жоғары нəтижелер беретініне көз жеткізді. Дьюидің оқу теориясына
енгізген негізгі үлесі – толық ойлау əрекеттері (акті) жөніндегі жаңалық
пікірі. Осыған байланысты адам өз өміріне аса күрделі де кедергі болған
қиыншылықтарды кездестірген кезде ғана ойлау əрекетіне кіріседі. Əрбір
толық ойлау акті келесі кезеңдерден құралады:
- қиыншылықты түйсіну (сезу);
- оны нақ байқап(көріп), мəнін анықтау;
- одан құтылудың жолдарын іздестіру (болжам белгілеу);
- болжастырылған шешімнен қорытындыға келу (гепотезаны логикалық
тексеріске салу);
- болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін келесі
бақылаулар мен эксперименттерге өту.
Шешімдерін ойластырып, жеңу қажет қиыншылықтар кейін проблема атауын
алды. Дьюидің пікірінше, дұрыс құрылған оқу əр уақытта проблемді болуы
тиіс. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың қызығуларына, өмір
талаптарына сəйкес болуы шарт.
Мұғалім оқушылардың қызығу қабілеттерінің дамуына мұқият ден қоя отырып,
олардың алдына түсінімі жəне шешілуі жағынан қиналтпайтын проблемалар қойып
баруы қажет. Оқушылар, өз кезегінде, осы проблемаларды шешуден өздеріне
жаңалық əрі пайдалы болған білімдерді игеретініне сенімді болуы тиіс.
Сабақтар толық ойлау актілері негізінде құрылып, одан оқушылардың келесі
ептіліктерді игеруі күтіледі:
- нақты қиыншылықты сезу;
- оны (проблеманы) анықтау;
- кезіккен қиыншылықты жеңудің болжамын (гипотезасын) түзу;
- толық проблеманы немесе оның бір бөлігін шешудің жолын табу;
- болжамды бақылау немесе эксперименттер жəрдемімен тексеру;
Дəстүрлі жүйемен салыстырғанда, Дьюи өте батыл жаңалықтар, күтілмеген
шешімдер ұсынды. Кітаби оқу орнына негізінде оқушылардың өзіндік таным
əрекеттері болған белсенді оқу мектеп тəжірибесіне енді. Əміршіл мұғалім
орнын оқушылар белсенділігін не мазмұн, не оқу əдістеріне матамайтын, ал
қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, қажет болса, жəрдем беретін жебеуші –
мұғалім иеледі. Жалпыға бірдей мызғымас оқу бағдарламалары мұғалім
тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған бағыттау бағдарламаларымен
ауыстырылды. Ауызша жəне жазбаша сөздің орнына оқушылардың өзіндік дербес
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған теориялық жəне практикалық
дəрістер келді. Кейінгі кезеңдерде жүргізілген зерттеулер ежелгіден,
дəстүрлі жəне жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең құнды болған тараптарын
сақтап қалып, күнделікті маңызды болған мəселелерді шешудің жаңа жолдарын
табуға бағытталды. Бұл ізденулерден кейін орын иеленген оқу жолдары бүгінгі
заман дидактикасының жаңа жүйесін құрады.
Жаңа бағыттар арасында белгілі американ психологы жəне педагогы Дж.
Бруннер ұсынған жаңалықтар ашумен оқыту бағыты назар аударарлық. Бұл
теорияға орай оқушылар барлық танымдық күштерін іске қосуды талап ететін
жəне өнімді ойлау қабілетінің дамуына ұтымды ықпал жасаушы өз
белсенділігімен ашқан жаңалықтары негізінде дүниені танып, білімдер игеруі
қажет. Оқушылар бұған дейін білмеген қорытындыларды жасап, оларды өз
бетінше өрнектеп, тəжірибеде қолдану жолдарын да игеруі қажет. Мұндай
шығармашылық оқу дайын білімдерді игеруден де, сондай-ақ қиыншылықтарды
жеңу жолымен жүргізілетін оқудан да өзгеше, дегенмен аталған екі жүйе де
Бруннер теориясының негізі əрі қажетті шарттары ретінде пайдаланылған.
Шығармашыл оқуға тəн белгі, Бруннердің пайымдауынша, нақты тақырып бойынша
деректерді жинақтау жəне бағалау, солардың нəтижесінде белгілі қорытынды
ғана
өрнектеу емес, сонымен бірге игерілетін материалдардың шеңберінен сыртта
жатқан заңдылықтарды да анықтау.
Қазіргі заман демократияшыл дидактика өзінің келесідей ерекшеліктерімен
сипатталады:
1. Бұл жүйе негізін объектив заңдылықтар құрайды. Осының арқасында
қазіргі заман дидактикасы оқу процесін түсіну мен талдауда бір тараптылық
көзқарастан құтылды. Дидактиканың қазіргі күндегі тұжырымдамасы оқу
процесіне жүйелі бағытта қатынас жасауға негізделген, яғни осы жүйеліліктен
сезімдік қабылдау, білімдерді түсіну жəне игеру, игерілген білімдер мен
ептіліктерді тексеру танымдық процесте, оқу іс-əрекеттерінде табиғи
біртұтастыққа келтіріледі. Танымда да осы сезім, ойлау жəне практикалық іс-
əрекеттердің өзара бірдей уақыттағы ықпалдастығына байланысты талаптар да
іске асып барады. Қазіргі дидактикалық бағыт өткендегі дидактикалық
жүйелерге тəн теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау
қабілеттері мен болмысты өзгерту, сондай-ақ тікелей мұғалімнен алынатын
білімдер көлемі мен оқушылардың өз бетінше жинақтайтын білімдердің
арасындағы қарама-қарсылықтарды жойды.
Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі
түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер,
оларды оқыту механизмдері, танымдық іс-əрекеттері, мақсаттары мен мотивтері
бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты жəне үйлесімді дамуына
пайдалы болатынын түсінді.
2. Бүгінгі дидактика жүйесіндегі оқудың мəні оқушыларға дайын білімдерді
ұсыну, қиыншылықтарды өз бетінше жеңу жəне оқушылардың өзіндік жаңалықтар
ашуымен шектелмейді. Оны түбегейлі ажырататын сипат: педагогикалық
басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі жəне белсенділігі мен саналы
байланыс, қатынастарына негізделуі. Бүгінгі дидактиканың мақсаты –
көзделген оқу деңгейіне оқушы уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз
орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас сатылары мен
мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп
жеткізу.
3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты да өзгерді, оқу жоспарларын,
бағдарламаларын жəне оқу пəндерін құрау принциптері де басқаша. Гербарт
заманында мектептік оқу үшін қолданылған бағдарламалар оқушылардың
талаптарын, қажеттерін жəне қызығуларын тіпті де ескермейтін еді,
интеллектуалдық дамуда кітаби білімдердің маңызын асыра дəріптеді. Оқудың
американдық моделінде көбінесе оқушылардың жағдайға байланысты өз бетінше
туындайтын қызығулары мен мезеттік белсенділігіне аса көп мəн берілді.
Нəтижеде,
бағдарламалар білімнің жалпы суреттемесін беріп, ал жеке оқу пəндері
жоғары сыныптарда ғана енгізілетін. Мұндай дидактикалық бағыттың ұнамды да,
сондай-ақ ұнамсыз да тараптары болды. Жақсы болған тарапы – оқушы өз
бетінше асықпай еңбектенумен қалаған саласында тиянақты дайындық көрді.
Бірақ оның қорытынды білімі тар шеңбердегі проблемалармен ұсақталып,
қажетті жүйе мен деңгейге жеткізілмеді.
Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа дидактикаға өтіп,
толыға түсті. Бүгінде жіктемелі (дифференцированные) оқу жоспарлары,
бағдарламалары, курстері бүкіл əлемге тараған. Сонымен бірге, оқу
пəндерінің бірігу (интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың
əрқилы қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.
Сонымен, ежелгі заманнан бері балаларды оқыту мен білімдендірудің
жетілген жолдары іздестірілуде. Мұғалімдер көптеген бағыттарды өз
тəжірибесінде тексеріп, сынап көруде. Ғылым топтаған білімдердің аса
құндылары, озық тəжірибе, дидактикалық жүйелерге енуде. Мектептің қазіргі
заман білімдену жүйесіне И.Гербарт жəне Д.Дьюи жүйелері көп ықпал жасады.
Бірақ қазіргі заман дидактикасы оқудағы бір тараптылық принциптен бас
тартып, бала жөніндегі ғылыми білімдердің бар комплексін пайдалану
теориясына ден қойды.
5.5. Таным теориясы жəне оқу
Оқудың теориялық - əдіснамалық негізі - материалистік таным теориясы
(гносеология). Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды,
бірақ оны танып білуге болады. Таным - бұл қоршаған болмыстың, оның
элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың
нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың
санада бейнеленуі.
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы – тікелей байқап,
сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.
Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы

Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары
түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың,
ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады.
Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық
қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, мәртебелі мемлекеттің болуы,
ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, ...жан-
жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар,
жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса,
халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді,
деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұн өзінің Құтты білік дастанында қарапайым
халықтан бастап, түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп
иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы
керектігіне тоқталады.
Қазақтың аузы дуалы жыршы-жыраулар мен шешен-билері болса (Асан қайғы,
Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал
жырау, Әнет және т.б.) елге басшылық жасап, ақыл-кеңесші болумен бірге, сол
дәуірдегі халықтың ауыр тұрмыс жағдайын, ел мұңын, азаттық үшін болған
қанды майдан көрінісін, ерлердің ерлігі мен қаһармандығын, тарих шындығын
өз жырларына қосады. Халықты өнегелі сөздерімен, жыр-толғауларымен ынтымағы
жарасқан ел болуға, береке-бірлікке, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға
шақырады. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар айтып, ел ұйытқысына
айналады.
Халық педагогикасы мен қазақ даласы ойшылдарының даналық ойларынан нәр
алған ғұлама ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Атынсарин, А.Құнанбаев та өз
еңбектерінде олардың идеяларын әрі қарай ұтымды сабақтастыра білді.
Ш.Уәлиханов өзі жинаған ауызекі шығармашылығы арқылы халықтың арман-
тілегін, тұрмыс-қарекетін, көзқарасын, дүниетанымын баяндады, халық
арасында ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық,
сәндік-қолданбалы өнер және т.б.) көңіл аударып, оны халықтың бала
тәрбиесіндегі жетекші құралы деп қабылдады.
Оның Егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары, Геродоттың естіп алып,
жазып қалдырған аңыздары азды-көпті тарихилық мәнге ие десек, егер әрбір
шала-пұла, қисынсыз аңыз-әңгімелердің өзінің негізінде оқиға мен шындық
жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйелі аңыздауларында... тарихи мән
болуы шүбәсіз, ...қазақтар поэзиясы өте-мөте қызықты және көңіл аударатын
көптеген жақтары бар, - деген пікірінің өзі-ақ халық шығармашылығының
болашағына деген сенімін көрсетеді. Оның бұл пікірі ағартушы шығармаларының
арқауы болды десе болады.
Халықтық принцип Ы.Алтынсариннің де шығармашылығы мен ағартушылық
қызметінің қызыл өзегі болды. Ол өзінің оқулықтарында, оқу-тәрбие
процесінде халықтың поэтикалық ауызекі шығармашылығын (мақал-мәтелдер,
ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, эпос және т.б.), ән-күйлерін, ұлттық
ойындарды, салт-дәстүрлерді, қол өнерді кең көлемде пайдаланды. Әсіресе,
халықтың шешендік сөз өнеріне аса мән берді. Ата-бабалардың ежелден тіл,
сөз, сөйлеу мәдениетіне ерекше көңіл бөлгенін ескерте отырып, балаларды осы
өнерді қадірлеуге, түсіне білуге үйретті, тұжырымды нақты, көркем, бейнелі
сөйлеуге машықтандырды.
Халық қайнарынан бастау алған ұлы А.Құнанбаев та тағылымды даналық ой-
пікірлерді өзінің поэмалары мен қара сөздеріне арқау ете білді. Мақалдардың
тәрбиелік мәнін (адамгершілік, ынтымақтастық, әділдік, гумандық және т.б.)
халықтың өмірімен тығыз байланыстыра отырып, қоғамдық мәні тұрғысынан,
өзінің тарихқа, этикаға, дінге, дүниетанымға деген көзқарасы тұрғысынан
бағалады.
Халық даналығы мен осындай сабақтастықта берілетін демократиялық
идеялар қоғам қайраткерлері, Алаштың ардақты азаматтарының
шығармашылығында да кең өріс алады. Өнер алды – қызыл тіл деп ұғынған
қазақ азаматтары ана тілінің, сөз өнерінің рухани күш-қуатын таныту жолында
халық ауыз әдебиетіне жүгінеді. Халық ішінде кең тараған өнер түрлерін сөз
ете келе, мәселен Ахмет Байтұрсынұлы: Өнердің ең алды – сөз өнері деп
саналады. ...Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді
сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп
көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді, - деп туған
тілдің табиғи ерекшелігін ғылыми тұрғыда негіздеп, жан-жақты түсінік
береді. Сөз өнері мен тілдің сауаттылығы адамның психологиялық дамуымен,
адам санасының үш негізімен, яки, ақыл, қиял, көңілімен байланысты деп ой
тұжырымдайды. Сөйтіп, кейінгі жастарға туған тілдің табиғи өзіндік
ерекшелігін айқындап танытуды, аталы сөздің құдірет күшін жеткізуді, ұлттық
мәдени-рухани күштің осы халық тілінде екендігін санаға ұялатуды көздейді.
Ал Мағжан Жұмабайұлы болса: Тілсіз ұлт тілінен айырылған ұлт, дүниеде
ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін
бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын
көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде
сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады, -
деп ұлттық тілдің мән-мағынасын, құдыретін баса түсіндіреді.
Жоғарыда айтылғанның бәрі ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың,
ағартушылар мен қоғам қайраткерлерінің халықтың дәстүрлі педагогикалық
мәдениетін аса жоғары бағалағанын, оның мүмкіндіктері мен мәндік мағынасын
жетік түсініп меңгергенін дәлелдейді.
Біз зерттеу барысында сонымен бірге дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің
теориялық негіздерін ашып көрсетуде ең алдымен проблеманың ұғымдық
түсініктеріне мән береміз. Ғалымдардың еңбектерінде мәдениет, дәстүрлі
мәдениет, дәстүрлі тәрбие мәдениеті, дәстүрлі педагогикалық мәдениет
ұғымдарына берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп, мазмұндық сипаттама
береміз және олардың халық педагогикасы ұғымымен өзара байланысына
тоқталамыз.
Мәдениеттану теориясының проблемасы саласындағы еңбектерге талдау жасау
арқылы біз мәдениет ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелі зерттеулердің
қатарына жататынын анықтап, оны ұғымдық түсінігінің ерекшелігіне қарай
танымның әрқилы саласында пайдалануға болатынын айғақтаймыз. Дәстүрлі
педагогикалық мәдениеттің мәнін ашуда мәдениеттану тәсілін орынды пайдалану
мақсатында мәдениет ұғымның әртүрлі түсінігіне де назар аударамыз
(философиялық, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогикалық және т.б.). Өйткені
бұл ең алдымен халық өмірінің, барлық саласында, соның ішінде негізгі
саласы болып табылатын материалдық және рухани өндіріс саласында мәдени
шығармашылық әрекетінің жүзеге асырылуына байланысты. Осыған орай біз
материалдық (пәтер-үй, өндіріс, еңбек құралдары, халық қолөнері, тұрмыс
заттары және т.б.) және рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық, музыкалық
шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнері, халық білімі, салт-дәстүрлер,
ойындар, мерекелер және т.б.) мәдениетті бөліп қарастырамыз. Сонымен бірге
осы екі мәдениет бағытының аясында тәрбиені жүзеге асыруда аса мән беріле
бермейтін моралдық-этикалық дәстүрлердің бар екенін ескере отырып,
мәдениеттің үшінші жүйесі әлеуметтік-нормативтік мәдениетті ұсынамыз.
Сөйтіп өз зерттеуімізде дәстүрлі педагогикалық мәдениетті үш құрылымдық
жүйе негізінен қарастырамыз: материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік.
Материалдық мәдениет қоғам мәдениетінің негізі, іргетасы болып
табылады. Ол этнопедагогикалық мәдениет тұрғысынан алғанда тәрбиенің ең бір
маңызды объективті факторы рөлін атқарады. Бүгінгі таңда материалдық
мәдениет мазмұнында оның екі жағын ажыратып көрсету қабылданған, атап
айтқанда этнопедагогикалық қызметтің негізгі құралдарын анықтауға мүмкіндік
беретін заттық-өнімдік және техникалық-технологиялық.
Қоғамның рухани мәдениеті әлеуметтанудың негізгі үш салада қарастыратын
қоғамның рухани өмір деңгейінен көрініс береді: 1) қоғамдық сана; 2) рухани
өндіріс; 3) рухани құндылықтардың қызмет атқаратын және дамитын жүйесі.
Қоғамның рухани мәдениеті аясында идеология, дін, ғылым, қоғамдық сана,
әлеуметтік-мәдени құндылықтар қарастырылады. Тәрбие қоғамның экономикалық
өмірі мен рухани өмірін байланыстырушы буын болып табылады. Педагогикалық
мәдениеттің халықтың рухани және материалдық өмірінде ерекше орын
алатындығы да осымен түсіндіріледі. Қоғамның материалдық және рухани
мәдениетіне терең бойлаған педагогикалық мәдениет осы екеуінің арасындағы
көпір қызметін атқарады.
Әлеуметтік-нормативтік мәдениет өндірістік және қоғамдық саладағы
тұрмыс әрекеттері барысындағы қоғам мүшелерінің өзара қатынасындағы мінез-
құлқын реттеп, бағыттап отырады. Ол құқық, мораль, этикет, дәстүрлері мен
қарым-қатынас өлшем-ережелерін және т.б. бірлестіреді.
Мәдениет әр тарихи кезеңде жаңа ұрпақты тәрбиелеуші адамдардың қоршаған
ортаға, бір-біріне қатынасын, көзқарастары мен идеяларын дәстүрлі формада
бейнелейді. Мәдениет қашанда өзіне уақытты бағындырады, өткенді бүгінгі
күнмен және болашақпен байланыстырады. Жаңа жағдайда ескіге әркез назар
аудару, қашанда жаңа болып табылады. Ескіге назар аудару ескіні қайта
жаңғырту, оны сақтау – бұл жаңадан бас тарту емес, бұл ескіні, өзінің шығу
тегін жаңаша түсіну, өзін тарих аясында сезіну.
Тарихи дәстүрлер тәрбиенің маңызды да, басты қозғаушы күші болып
табылады, олар биологиялық тұрғыда берілмейді, тікелей еліктеу арқылы
меңгертіліп, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа эмоционалды түрде әсер етуі
арқылы беріледі. Басқаша айтқанда этнос өзінің шығу тегі арқылы ғана
емес, тәртібі арқылы да анықталады және тәрбие жүйесі де балаға өз халқы
жасаған мәдениет үлгілерін меңгертумен, бала бойында қоғам үшін пайдалы
құндылықтар мен мотивтерді қалыптастырумен шектеліп қалмауы керек.
Тарихи қалыптасқан дәстүрлер қоғамда орныққан еңбек, адамгершілік,
эстетикалық, діни және т.б. қатынастарды жаңа ұрпаққа жеткізудің формасы.
Олар халық шығармашылығында, салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, ұлттық
этикетте, түрлі бейнелерде және т.б. көрініс алады.
Ұрпақтар сабақтастығы әр түрлі формада, тәрбие мәдениетін, бүкіл
мәдениет атаулының басты компонентін құрайтын педагогикалық мәдениетті,
соның ішінде жалпы адамзаттық мәдениетті жасайтын тәрбиемен
қамтамасыздандырылады. Бұл, дәстүрлердің үздіксіз өзін-өзі дамыту мен
жаңарту процесі болып табылады. Өйткені жаңа дәстүр ескінің негізінде, соны
жалғастыра, меңгере, жетілдіре отырып қалыптасады.
Әр халықтың ұлттық өзіндік болмысы тарихи тұрғыда қалыптасқан. Тек
толыққанды және жалпыадамзаттық мәнге ие ұлттық дәстүрлі мәдениет қана
халықты жойылып кетуден сақтайды, өйткені дәстүрлі мәдениет этностың
шығармашылық әлеуетінің басты дәріптеушісі, тарихи дамудың негізгі мақсаты.
Ол басқа халықтардың біздің ұлттық дүниетанымымызды, рухани-материалдық
құндылықтарымызды түсінуіне мүмкіндік береді.
Дәстүрлі тәрбие мәдениеті тәрбиеге тікелей қатысы бардың да, жанама
қатысы бардың да бәрін, тіпті тамыры тереңге бойлаған ассоциативті
байланыстарды да қамтиды. Мұндай түсінік біздің пайымдаумызша, дәстүрлі
педагогикалық мәдениеттің тарихи шарттарын, оның пайда болуының әлеуметтік
себептерін қарастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда дәстүрлі педагогикалық мәдениет, этномәдениет
ұғымдарына берілген анықтамалар да кездеседі. Біз оларға жан-жақты талдау
бере отырып: Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті дегеніміз,
ғасырлар бойы әлеуметтік-тарихи шарттардың және материалдық-рухани
құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан бірыңғай мақсаттылықпен ұлттық тәрбие
жүйесіне негізделген эмпирикалық тәжірибе деп өз анықтамамызды ұсынамыз.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің негізі болып халық педагогикасы
саналады. Біз оны тәжірибеде сұрыпталып, тексерістен өткен және ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырған халықтың жеткіншектерді тәрбиелеп, оқытудағы
эмпирикалық білімдерінің рухани-адамгершілік, эстетикалық, этикалық құнды
көзқарастарының идеяларының, әдіс-тәсілдері мен амал-жолдарының,
құралдарының жиынтығы ретінде қарастырамыз. Халық педагогикасы
педагогикалық білімнің белгілі бір деңгейін, адамзаттың рухани дамуындағы
нақты тарихи кезеңдерді көрсетеді және педагогика ғылымын дамытуда негіз
болады.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері болып:
табиғилық, табиғатқа сәйкестілік, сабақтастық, бұқаралық, тәрбиедегі
ұжымдық сипат, тұрақтылық, жетілген адам – Сегіз қырлы, бір сырлы
бейнесіне бағдарлау, әрекеттілік саналады. Табиғилық – баланың еркін
дамуына жағдай жасауды, оның мүмкіндіктерін ескеруді, орынсыз нәрсені
міндеттемеуді көздесе, табиғатқа сәйкестілік, халыққа табиғаттың
заңдылықтарын анықтап, ой-елегінен өткізуді, осы заңдылықтардың негізінде
педагогикалық ықпалдың мақсаты құрылатынын ескертеді. Сабақтастық этникалық
қоғам аясында педагогикалық процестің тәрбиелік ықпалдың жалғастығын,
күтпеген жағдайда туындаған мәселелерді тез қабылдай білуін және т.б.
қарастырады. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттегі сабақтастықты балалардың
психикалық дамуын, олардың тәртібін, әлеуметтендіру тәсілін алдын-ала
анықтаудағы тұрақты құбылыс деп түсіндіруге болады. Дәстүрлі педагогикалық
мәдениетке тән тәрбиенің ұжымдық сипаты болса көпшілік тәрбиелейді, соның
ішінде ұжым (балалар, ересектер, отбасы, адамдар тобы) тәрбиелейді деген
көзқарастардан байқалады. Тәрбиенің дәстүрлі үлгісінің тұрақтылығы,
сенімділігі және тиімділігі ұрпақтан-ұрпаққа өзгермей беріліп отыратын
тәрбие мақсаттарымен, міндеттерімен, әдістерімен айқындалады. Әрекеттілік –
жеткіншектерді ересектердің өміріне араластыруға оңтайлы даярлау барысында
көрініс алады.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениет жүйесін біртұтас процесс тұрғысында
қарастыру халық тәрбиесінің мынадай белсенді ықпал ететін маңызды
факторларын айқындауға мүмкіндік береді: табиғат, сөз, еңбек, қарым-
қатынас, тұрмыс, балалардың, ересектердің этникалық ортасы, халық
педагогикасының құралдары және т.б.
Қазақ халқының этникалық тәрбие жүйесінің мазмұны өте терең, әрі бай,
ондағы әрбір тәрбие формалары мен құралдары, әдіс-тәсілдері тұлғаның
қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Дәстүрлі тәрбие жүйесінің осы құрылымдық
компоненттері тұлға бойында, ең алдымен адамгершілік-имандылық сапаларын,
экономикалық, экологиялық біліктерін, эстетикалық талғам, түсінігін,
еңбекке деген сүйіспеншілігін, ақыл-ойын, ұлттық дүниетанымы мен өзіндік
сана-сезімін, ұлттық рухын және т.б. тәрбиелеп, қалыптастыруға бағытталады.
Табиғатынан балажан қазақ халқы жан-жақты жетілген ұрпақ тұлғасын
қалыптастыру мақсатында алдына түрлі тәрбие міндеттерін қоя отырып, оған
табиғи байланыста, қоршаған ортаның ықпалымен ұйымдастырылған кешенді
тәрбие жүйесі арқылы жетуге талпынады. Атаның баласы болма, адамның баласы
бол! - деген қағиданы басшылыққа ала отырып, жаңадан өмір мәнін түсіне
бастаған баласына деген шексіз сүйіспеншілікке толы махабаттымен,
балжандылығымен қатар, қатаң тәрбие талабын қоя бастайды. Бұл арадағы халық
ұғымындағы балаға айтылатан Адам бол!, Арлы бол!, Әдепті бол! - деген
талаптардың мәні, ең алдымен қоғамдық белгілі әдеп негіздері мен жағымды
мораль категорияларын жете меңгеру, халық санасынан берік орын алған тек,
тектілік және адам жаны тазалығының көрсеткіштері: ар, ұят, намыс,
абырой түсініктерін бағалап, қастерлей білу және туған ел, жер, ата-ана,
отбасы алдындағы азаматтық борышы мен міндетін ұғыну, орындау барлық қазақ
баласына (ұл, қызға) ортақ басты талап болып табылады. Бұны халықтың Ата-
анаңды сыйласаң – көп жасарсың, сыйламасаң – жан қинарсың, Ата – асқар
тау, ана – бауырындағы бұлақ бала – жағасындағы құрақ - деген аталы сөз
иірімдерінен де, қасиетті хадис сөздерінен көрініс тапқан Әуелі анаңа,
тағы да анаңа, тағы да анаңа, сонан соң Отанына жақсылық жаса деген
пайымдау сөздерінен де ең жоғары адамгершілік асыл қасиетті көруге болады.
Бұдан қазақ халқының бала тәрбиесіндегі басты ұстанымы – адам бойындағы
адамилықты тәрбиелеу болғанын байқау қиын емес.
Педагогикалық мәдениеттің негізгі көрсеткіші – сөйлеу мәдениеті деп
түсінген халық сөзге аса мән беріп, сөйлеу мәдениетіне биік талаптар қоя
білген. Сөздің көркі-мақал, Мағынасыз сөз болмайды, мақалсыз ел
болмайды, - деп айтылар ой-пікірдің әрі қысқа, әрі нұсқа болуын ескерткен.
Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады, Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле,
Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер, - деп орынды сөйлеуге, сөздің
қадірін түсінуге, әрбір айтылатын сөзге жауапкершілікпен қарауға шақырған.
Сөз адам санасының салмақтылығын анықтайтын, ақылы мен білімінің,
дүниетанымының, мінез-құлқының, этикалық-эстетикалық талғамының басты
өлшемі деп түсінген дана халық жас ұрпақ тәрбиесін жүргізуде сөз өнерін
жетілдіруге, тіл мәдениетіне баулып, тәрбиелеуге аса назар аударған. Аяғы
жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар, Ішімдегінің бәрі – тілімде,
тілімдегінің бәрі – түрімде және Жақтырмаған жүре сөйлеседі.
жарамсақтанған күле сөйлеседі, Ми ойлағанды, тіл тындырады, Сөзі
райлының – жүзі шырайлы, Қарағым деген жылы сөз, тон болып тәнді
жылытпаса да, жанды жылытады, - деп жастарды ескертуден жалықпаған.
Баланы жақсы адам етіп тәрбиелеуде қасиетті ана тілінің құдіретіне
сүйенген. Әдепті бала өсірсең ауылдың абыройы, - деген қағидалы ойды
ұстанған ата-бабаларымыз бала тәрбиесі ең алдымен ата-анаға, қала берді
бүкіл ауыл-аймаққа қатаң сын деп түсінген. Ақылды дана жоқ жерде тәрбиелі
бала жоқ деген оймен тәрбиеші тұлғасына жете мән берген. Мұндай тәрбиелік
талаптар жүйесін халықтың өзіндік болмысына тән педагогикалық мәдениеттің
айқын көрінісі десе болады.
Балаларға мінез-құлық ережелерін меңгертуде қазақ халқы тыйым сөздердің
де (Тізеңді құшақтама, Аяғыңды жоғары көтерме, Басыңды шайқама,
Үлкеннің сөзін бөлме, Ғайбат сөз айтпа, Бетіңді басып жылама,
Таңдайыңды қақпа, Үйде ысқырма, Кісіге саусағыңды шошайтпа, Жағыңды
таянба және т.б.) педагогикалық мүмкіндігін барынша ұтымды пайдаланған.
Солар арқылы ұлттық әдеп өлшемдерін ұстана білуге баулыған.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында тәрбиенің өзіне тән
эмпирикалық тәжірибесін жасады. Оған халық өмірінде ғасырдан-ғасырға
жалғасын тауып жатқан халық тәрбиесі мазмұнынан ерекше орын алатын салт-
дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, көптеген тәрбие құралдарын, әдіс-тәсілдерді
жатқызуға болады. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени,
қоғамдық өмір сүруі барысында дене, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, имандылық
тәрбиесі жөнінде өзіндік ерекшелікке ие көптеген ұғым-түсініктері,
іскерлік, дағдылары қалыптасқан.
Мәдени дамуында жазу-сызу пайда болғанға дейін қазақтардың
педагогикалық ой-тұжырымдары мен идеялары, бала тәрбиелеудегі тәжірибесі
ұрпақтан-ұрпаққа күнделікті тәрбие тәжірибесінде және халықтың ауызекі
шығармашылығы арқылы жалғасын тауып отырды. Көркем тілге құрылған аңыз
әңгімелер мен ән-жырлар, эпостар, халық ертегілері мен тілге орамды мақал-
мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар және т.б. халық педагогикасының ең құнды
туындылары болды. Өн бойына халықтың бар даналығын жиған рухани мұралар,
ғасырлар бойы халықтың педагогикалық тәжірибесінің сынынан өткен тәрбие
құралдары болып табылады.
Өзінің педагогикалық ұғымдары мен пайымдауларын қазақ даласы мен отбасы
тәрбиесінің заңы ретінде қабылдаған халық Әдеп әліппесінің жас ұрпаққа
қоятын талаптарын (адамдық қасиеттерге баулу, туған ел мен жерге, Отанға,
отбасына деген сүйіспеншілікті, шынайы берілгендікті, қайраттылық пен
қайсарлықты, ержүректілікті, еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікті,
мейірімділікті, қарапайымдылық пен қайырымдылықты, төзімділікті
қалыптастырып, ата-баба салтын бұзбауға, қонақжайлыққа, сөз қадірін
түсінуге тәрбиелеу және т.б.) көпсөзділікке ұрынбай, қысқа да нұсқа мақал-
мәтелдердің көмегімен-ақ (Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі, Туған
жерге туыңды тік, Ер намысын қуғанның еңсесі биік, Мінген атыңнан
құласаң да, елдік салтыңнан құлама және т.б.) санасына құйып отырған.
Балалардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын арттыруда қазақ халқы
мынадай принциптерді негізге алған: тәрбиенің мақсаттылығы, табиғатқа
сәйкестілігі, жүйелілігі, бірізділігі, тәрбиенің еңбекпен, өмірмен
байланыстылығы, жас және дара ерекшелігін ескеру, жаңа міндеттерді
орындауға психологиялық-адамгершілік тұрғыда даярлау, тәрбиенің
тұтастылығы, кешенділігі, халықтылығы, тәрбиенің ұжымдық формада жүзеге
асырылуы және т.б.
Аталған принциптерді тиімді жүзеге асыруда халық бірқатар әдістердің
жүйесін жасаған. Біз оларды қолдану ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөліп
қарастырамыз (сөзбен ықпал ету әдістері; моральдық ықпал ету әдістері;
эмоционалды ықпал ету әдістері; ынталандыру әдістері) және әр топтағы
әдістерге жеке-жеке, деректі материалдарды негізге ала отырып, сипаттама
береміз. Мәселен, қазақтар жастар тәрбиесінде педагогикалық ықпал жасаудың
ең көп тараған тәсілі-тұспалдап айтуға аса назар аударған, өйткені онда
алмастай өткір сөздер, нәзік юмор көптеп кездеседі. Тұспал сөздер үлкенге
де, балаға да айтылған және бейнелі ойдың дамуына жәрдемдескен. Тұспал
сөздерін, әсіресе, үлкендер ойын-жыйындарда, той-думандарда, сайыстарда,
спорттық ойындарда жиі қолданған. Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді,
Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді, Қызым саған айтам, келінім сен тыңда,
Әшейін де ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас деген халық мақалдары соны
аңғартады. Бір жақсысы тұспал сөз біреуді ренжіттіп алмау үшін қадап
айтылмайды. Бұл тәсіл басқа халықтарда кездесе бермейтін, сыйластықтың
үлгісі десе болады.
Қазақ халық тәрбиесінде болмысқа мәдени танымдық көзқарасты, мәдени
қарым-қатынасты қалыптастыру, жастар мен балаларды рухани-адамгершілік
құндылық мәдениетіне тарту құралдары сан алуан. Халықтың ауызекі
шығармашылығының түрлі жанрлары да (ертегілер, эпостық жырлар, мақал-
мәтелдер, аңыз-әңгімелер, дастандар, жаңылтпаштар және т.б.), ұлттық салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары да, сәндік-қолданбалы өнері мен музыкалық
өнері де, ұлттық ойындары да соның жарқын айғағы болып табылады.
Қазақ халқы уақыт талабына сай жан-жақты жетілген адам тұлғасын
қалыптастырудағы дәстүрлі тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо Паскалль тілінің негізгі элементтері
Синонимдердің мағыналық реңкі
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Оқу – дидактикалық процесс
Оқу процесінің мəн-мағынасы
Оқу процесінің қызметтері
Түзету функциясы
Оқу үрдісінің ерекшеліктері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер