Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру


Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық колледжі
Тақырыбы: Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру
Орындаған: Тоқтамасова Т.
Қабылдаған: Ақжанбаева А.
Шымкент - 2009 жыл
Әдеби шығарманы текске жақындатып айтып беру
Бастауыш кластың «Ана тілі» оқулығында көркем шығарманың барлық жанрларын қамтитын шағын әңгіме, ертек, өлең, сықақ, мақал мен мәтел, диалогқа құрылған текстер көп. Осы шығарма түрлері мен тақырып мазмұны арқылы баланың ойлауын дамытып, ойын жүйелі жеткізуге тәрбиелейміз. Сөйлеу тілі ойлаудың нәтижесі болғандықтан, бала түсініп дұрыс оқығанын әңгімелеу дәрежесіне көтеріледі. Сондықтан оқулықтағы материалдардың орналасуына сай, әңгімелеу үлгісі де жүйелі жүреді.
Алғашқы кезде балалар не оқыса соны мүмкіндігінше сөз қалдырмай айтып беруге тырысады. Сол себепті мұғалім алғашқы күндерден бастап тақырып ішіндегі жазылған сөйлемдерді тастамай, орнын ауыстырмай, сөзбе-сөз әңгімелеу міндетті емес екенін айтып, түсінгенін сол тақырып көлемінен шығып кетпей әңгімелеп беруге үйретеді. Бұндай жаттығулар біраз уақыт алуы мүмкін. Мұғалім асықтырмай, қалыптасу, дағдыға айналдыру уақытын есеппен жүйелі ұйымдастыра білсе, шеберлікпен жұмыс түрлерін түрлендіре алатын болса, түпкі нәтижесіжаман болмайды.
Мұғалімнің балалар алдында өткелі отырған тақырыбын мәнерлеп оқып бергенен кейін, арасын суытпай іле-шала әңгімелеу әдісінің бірі - текске жуық әңгімелеу үлгісін мұғалімнің үнемі өзі көрсететін болғандықтан үйден даярланып келеді. Тақырыпты творчестволықпен текске жақын әңгімелеу үшін не істеуі керек, барлығы талданып, жоспарланып, жүйеленіп алынады. Оқушылар алдында мұғалімнің әңгімесі, әсіресе, дайын тақырыпты әңгімелеуі творчестволық әдіс.
Балалар аудиториясы өте сезімтал, әсершіл. Сондықтан мұғалімнің әрбір сөзі, сөйлемі, әңгімелеу үлгісі балаға ерекше әсер етеді.
Мұғалім фонетикалық, орфографиялық заңдылықты сақтап сөйлеп, сөз, тіркес екпінін дұрыс қойып, балаларға жағымды үнмен сөйлеп, әңгіменің мазмұн-мағынасына қарай дауыс ырғағының мәнерлі болуына аса көңіл бөледі.
Ы. Алтынсариннің 2-класта өтілетін «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін әңгімелейді дейік.
1. Сабаққа кіріспе кезінде өрмекші, құмырсқа, қарлығаштардың суреті, тіршілігі, пайдасы сөз етіледі.
2. Сөздік жүргізіледі.
3. Сұрақ-жауап арқылы олардың пікірін біледі.
4. Мәнерлеп оқылады.
5. Мұғалім текске жуық творчестволықпен әңгімелеп береді.
Осы әңгімелеуге мұғалім қалай даярланады. Әрине, алдымен талдап алады. Текстегі жазылған сөйлемдісөзбе-сөз жаттап айтудан өзін де, баланы да сақтандыру керек. Ойлана отырып тексте айтылмаған, бірақ өзінен өзі тексті мағынасына сай сұранып тұрған жайларды творчестволықпен жымдастырып әңгімелеуге болады екен. Бұл әңгімеде айтылмай тұрған жаз мезгілі. Бірақ уақиға жаз мезгілінде өтіп жатқаны белгілі. Әкесі баласына сұрақ қойып, назар аудартуы неге қажет болды екен деп ойланар болсаң, ол да түсінікті. Әкемнің өмірден көргені көп, тәжірибесі мол. Айналасына ойлана көз тастап, көңіліне түйіп, табиғаттың әрбір құбылысын ой елегінен өткізіп келеді. Ал баласы ше? Балада еш нәрсеге жауапкершілікпен қарау, ой бөлу жоқ. Оның ойы басқа жақта. Әке баласының бос белбеу болып өсіп келе жатқанына қынжылады. Бүгін әдейі егістікке ме, шабындыққа ма, бақшаға ма ертіп шыққан болуы керек. Сол себепті де табиғаттағы ең кішкене жәндіктердің тірлігіне назар аудартып ойландырғысы келеді емес пе? Міне, нағыз көнекілік! Мұғалім осылай біршама талдап алғанан кейін, балаларға текстен көп ауытқымай, әңгімелеп беруге даярланады. Бұндай творчестволық әңгіме баланы ойландырады. Себебі, тексті өздері класта оқып талдаған кезде, мұғалімнің әңгімесіндегі кейбір сөздер, сөйлемдер жоқ болып шығады. Әңгімені осылай да әңгімелеуге болады екен ғой деген баларға ой туады. Мұғалімге еліктемейтін, мұғалімін үлгі тұтпайтын шәкірт болмаса керек.
Практикалық жұмыс үлгісі ретінде осы тақырыпты он бес оқушы (практикант) әр түрлі нұсқаларымен әңгімеледі. Түпнұсқасы бір-екі әңгімелеу үлгісін келтірейік.
Әңгіменің түпнұсқасы:
ӨРМЕКШІ, ҚҰМЫРСҚА, ҚАРЛЫҒАШ
Әкесі он жасар баласымен далада келе жаты, баласынан бірнеше саул сұрайды:
- Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр?Көремін, әке, ол өрмек тоқып жүр. Анау құмырсқаны көремісің?Көремін, аузында тістеген бидайы бар, жүгіріп кетіп барады. Жоғары қарашы, көкте не көрінеді?Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында кесе тістеген шөбі бар. Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі, саған ғибрат. Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр. Ұстап алған соң, оны өзіне азық етеді. Құмырсқа балаларына тамақ тасып жүр. Тапқанын өзі жемей, аузына тістеп, қуанғанынан ініне жүгіріп, қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп тасып жүр.
Міне, көрдің бе, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Бәрі де жұмыс істеп жүр. Сен де ертеден кешке дейін босқажүріп уақытыңды бекерге жіберме. «Еңбек етсең - емерсің» - деген.
(Ы. А л т ы н с а р и н) .
Осы әңгімені текске жуық әңгімелеудің 1-нұсқасы:
Жаз мезгілі. Құлаққа құстардың салған әсем әні, бұлақтың сыбдыры естіледі. айнала маужыраған тыныштық. Әкесі мен баласы жол үстінде аяққа тиетін тастарды теуіп, ойнап келеді.
Баланың қылықтары әкесін қатты ойландырады. Баласын тоқтатып жол жиегіндегі дән тасып шұбырған құмырсқаға, жағалай құрып тастаған өрмекшінің торына, аспанда шөпті көлденең тістеп ұшып жүрген қарлығашқа назар аударуын талап етті. Олардың не істеп жүргенін сұрады. Баласы қиналмастан:
- Барлығын көріп тұрмын. Өрмекші өрмек тоқып жүр. Құмырсқа бидай тістеп жүгіріп барады. Қарлығаш шөп тістеп ұшып жүр, - деп жауап қайырады.
Әкесі баласын ойландыра түсті. - Міне көрдің бе, ең кішкентай жәндіктердің өзі ертеден кешке дейін тынымсыз еңбек етіп жүр. Еңбек өте кішкентай, қарапайым істерден басталады. Балам, сен де бекерге жүрмей, еңбек етуді үйрен. «Еңбек етсең - емерсің» деген, - депті.
* * *
Осы тақырыпты әңгімелеудің 2-нұсқасы:
Жаз мезгілі болатын. Әке мен бала даладағы қалың өскен шөптердің арасындағы жолмен келе жатты. Баласы әкесінің алдында жиектегі шөптедің басын жұлып лақтырып, ысқырып келе жатты. Ал әкесі жан-жағындағы табиғатқа аса мән беріп, ой үстінде келеді. Ол баласына қатарласып:
- Балам, мынау құмырсқаны, анау өрмекшіні, аспандағы ұшып жүрген қарлығашты көремісің? Олар не істеп жүр? - деп сұрайды.
Баласы:
- Көремін, әке. Өрмекші өрмек тоқып жүр. Құмырсқаның аузында тістеген бидайы бар, жүгіріп барады. Қарлы, аштың тістеген шөбі бар, - деп, көріп тұрғанын айнытпай айтып береді. Сонда әкесі баласының арқасынан қағып:Олай болса, балам, осы кішкентай жәндіктердің ісінің өзі саған үлгі боларлықтай екен. Қарашы, өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып ұстайды, азық етеді. Құмырсқа тапқанын өзі жемей, балаларына жеткізуге асығып барады. Қарлығаш болса, ұя салуға шөп жиып жүр. жұмыссыз жүрген біреуі жоқ. Не деген еңбек сүйгіш десейші! Балам, сен де уақытыңды босқа өткізбей, еңбек етуге дағдылан. «Еңбек етсең, емерсің», - депті.
Осы әңгімені текске жуық әңгімелеудің 3-нұсқасы:
Жаздың бір жайма-шуақ күнінің бірінде әкесі мен он жасар баласы далада келе жатады. Өмір бойы еңбекпен күн өткізген әкесі, баласының өзі сияқты еңбекқор болып өскенін армандайды. Бүгін баласын алғаш рет егістікке ертіп шыққан еді. Бір кезде баласына мынандай саул қояды:
- Балам, анау өрмекшіні көремісң, ол не істеп жүр? анау құмырсқаны көремісің? Жоғары қарашы, аспанда не көрінеді? - деп сұрайды.
Баласы зеректік танытып, әкесінің сұрағына толық жауап қайтарады. Әкесі баласына ризалық сезіммен толығырақ түсіндіреді. Өрмекші торынан шыбын-шіркей аулап, тамақтанады. Құмырсқа қысқы азығынан жазда жинап алып, бала-шағасын қыстай асырап шығады. Қарлығаш ұя жасау үшін шөп тасып жүр, - дейді. Міне, табиғатта еңбек етпейтін тірі жан жоқ. Бәрі еңбек етеді. Балам, осыларды үлгі-өнеге тұт, еңбек істеуге дағдылан. Халық: «Еңбек етсең, емерсің» - дейді. Еңбек тсең ғана ел-халқыңа сыйлы азамат боларсың, - депті.
Әңгімені тыңдаушының жасы мен дамуына сәйкес түрде өз сөзімен айтып беру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz