Еңбек құқығы - оқулық
Алғы сөз
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.тарау. Еңбек құқығының пəні
2.тарау. Еңбек құқығының қағидалары
3.тарау. Еңбек құқығының қайнар көздері
4.тарау. Еңбек құқығының субъектілері
5.тарау. Ұжымдық шарттар жəне келісімдер
6.тарау. Кəсіптік одақтар
7.тарау. Жұмыспен қамтуды жəне жұмысқа орналастыруды қам.
тамасыз ету
8.тарау. Жеке еңбек шарты
9.тарау. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
10.тарау. Демалыс уақыты
11.тарау. Жалақы
12.тарау. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу
13.тарау. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауап.
кершілігі
14.тарау. Еңбек тəртібі
15.тарау. Еңбекті қорғау
16.тарау. Еңбекті даулары
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер

ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 2-бабы
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның
нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның жəне еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы бар жəне халықаралық шарт бойынша оны
қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасының конституциясына сəйкес адамның
жəне азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының қатарына ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы»
заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əркімнің
еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше
жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Əркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына,
еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР
Конституциясының 24-бабы).
ҚР «Еңбек туралы» заңында осы заңның «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты
конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні» көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, əрбір адамның өзінің жұмыс күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан,
мүдделеріне, кəсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кəсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының əрбір азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс
істеуге, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, əскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны
құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы.
ҚР Конституциясының жəне ҚР «Еңбек туралы» заңының бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948
жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының жəне еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-
құқықтық актілердің талаптарына сəйкес келеді. Еңбек құқығының пəні. Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» жəне «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы алғанда, құқық адамдардың əр түрлі қоғамдық
қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни, тəртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сəйкестендіреді. Еңбек құқығы
атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Ал еңбек дегеніміз не? Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар,
еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге,
адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге жəне т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи
қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы жəне тіпті санасыз ғұмырында адам əйтеуір бір
нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нəрсені əкеліп береді, апарады, жылжытады
жəне т.б. Адамның қолынан жасалған заттың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нəтижесінде дүниеге
келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның
материалдық негіздерін құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды.

Ахметов А., Ахметова Г.
ЕҢБЕК
ҚҰҚЫҒЫ
Оқулық
Алматы
2005
ББК 67.405я7
А 94
Ахметов А., Ахметова Г.
А 94 Еңбек құқығы.Оқулық. – Алматы: Нұр-пресс, 2005. –
405 бет.
ISBN 9965-620-52-0
Оқу құралы, Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым
Министрлігінің орта мамандандырылған оқу орындарының білім
беру стандарты мен оқу бағдарламасына сəйкес жəне еңбек
қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сүйене
отырып дайындалған.
Сондай-ақ осы оқу құрамында авторлардың көп жылғы
жинақталған тəжірибесі мен орта мамандандырылған оқу
орындарының оқыту бағдарламасына сəйкес дайындалған дəрістері
қамтылған. Сондай-ақ бұл оқулық құқықтану мамандығы бойынша
оқытатын оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне жəне
өз бетімен еңбек құқығын теориялық тұрғыдан ізденіп,
зерттеушілерге арналған.
ББК 67.405я7
А 1203020700
00(05)-05
© Ахметов А., 2005.
© Ахметова Г., 2005.
ISBN 9965-620-52-0 © Нұр-пресс, 2005.
Алғы сөз
Кеңес одағы дəуірінде барлық республикалардың білім
жүйесінде сабақ орыс тілінде жүргізіліп, осы тілде
дайындалып басылып отырды. Ол дəуірде заң ғылымын
марксизм теориясына сəйкес түсініп, ғылыми зерттеулерді осы
бағытта жүргізіп келдік. Дүниежүзілік заң ғылымымен
байланысымыз жоқтың қасы. Қазіргі заң ғылымы, нарықтық
экономикада қолда бар еңбек ресурстарын, жұмыс күшін
тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасы тарихта тұңғыш рет егеменді ел
болды, демек тəуелсіз мемлекеттің алдына заң білімі
қалыптасуының қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан
Республикасындағы құқықтық реформа жəне нарықтық
экономикалық қатынастардың қалыптасуы еңбек ресурстарын
тиімді пайдалану, еңбек қатынастарын реттейтін заңдарды іс
жүзінде қолдануда бірқатар көкейкесті мəселелер тудырып
отыр.
Оқырман қауымына ұсынылып отырған оқу құралы –
Қазақстан Республикасының еңбек құқығының жалпы жəне
ерекше бөлімінің негізгі ұғымдары мемлекеттік тілде жүйелі
түрде мазмұндалып, Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен 1999 жылы қабылданып, 2000 жылы
күшіне енген еңбек туралы заңының жəне еңбек қатынастарын
реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде
жазылды. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына
2005 жылдың қаңтарында күрделі өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген болатын, бірақ оны қолдануда тəжірибе
жинақталған жоқ, сол себепті осы оқулықпен танысу барысында кейбір
даулы мəселелер туындауы мүмкін.
1 Т А Р А У
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПƏНІ
ҚР ҚР еңбек туралы заңының 2-бабы
1. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді
жəне осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының
еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның
нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік
құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы
Заңның жəне еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің
алдында артықшылығы бар жəне халықаралық шарт бойынша оны
қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген
жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес адамның
жəне азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының
қатарына ҚР Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы
заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес əркімнің
еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына
құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше
жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Əркімнің
қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына,
еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығы бар (ҚР
Конституциясының 24-бабы).
ҚР Еңбек туралы заңында осы заңның Қазақстан
Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты
конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын
еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты
конституциялық құқық, ең алдымен, əрбір адамның өзінің жұмыс
күшін (немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан,
мүдделеріне, кəсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен
қалауына қарай кəсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау
құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының əрбір
азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс
істеуге, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, əскери
немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны
құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай
еңбек қызметімен айналыспауға құқылы.
ҚР Конституциясының жəне ҚР Еңбек туралы заңының бұл
ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948
жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы
декларациясының жəне еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-
құқықтық актілердің талаптарына сəйкес келеді.
Еңбек құқығының пəні. Еңбек құқығын оқу пəні жəне құқық
саласы ретінде қарастырмастан бұрын, еңбек жəне құқық
сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар.
Жалпы алғанда, құқық адамдардың əр түрлі қоғамдық
қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни, тəртіптейді,
қалыпқа келтіреді, нормаларға сəйкестендіреді. Еңбек құқығы
атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты
қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын (еңбек
үрдісінде туындайтын қатынастарды) жəне еңбек қатынастарынан
туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Ал еңбек дегеніміз не?
Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. Маймылды
адам еткен еңбек деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар,
еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады,
себебі, ол адамның материалдық жəне рухани қажеттіліктерін,
басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге,
адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге жəне т.б.
қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек
тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи
қажеттігі болып табылады, себебі__________, еңбек қоғамның материалдық
негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы жəне тіпті санасыз ғұмырында адам əйтеуір бір
нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар
болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының
өтініші бойынша бір нəрсені əкеліп береді, апарады, жылжытады
жəне т.б. Адамның қолынан жасалған заттың барлығы – инеден
бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нəтижесінде дүниеге
келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес,
еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық жəне рухани
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның
материалдық негіздерін құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей,
еңбек адамның табиғи қажеттігінен туындайды.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой,
рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты
қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой жəне рухани қабілеттіктерден
туындайды да, бұлардың нəтижесінде материалдық, рухани жəне
санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде жəне өзге
де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен
адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайды,
еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.
Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі?
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты
иеленеді. Бірлескен еңбектің нəтижесінде адамдар қоғамдық еңбек
қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін
ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек жəне
жалданбалы еңбек. Дəл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен
қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.
Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес
тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі –
аралас нысандағы еңбек те болады. Ескеріп өтетін бір жайт, еңбек
құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын
ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары
(меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пəніне кірмейді.
Мұндай қатынастарға жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі-кəсіпкерлердің,
еңбек кооперацияларының қызметі жəне т.б. қызмет жатады.
Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды
тұлғаны құрмастан дəріхана, дүкен, шаштараз жəне т.б. орындарды
ашып, қызметкерді жалдамастан, өзі өз дəріханасында, дүкенінде,
шаштаразында жұмыс істесе. Жазушының, ғалымның,
өнертапқыштың қоғамдық кооперциядан тыс жүзеге асырылатын
еңбегі де еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер
жазушының немесе ғалымның еңбегі журнал редакциясының
немесе ғылыми мекеменің еңбек ұжымында еңбек шартының
шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар еңбек
құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ,
Қарулы Күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық əскерде,
ішкі жəне сыртқы барлауда əскери міндетін өткеру еңбек
құқығының пəніне жатпайды, олар əкімшілік құқықтың пəнін
құрайды. Аталған органдардағы қызмет қарапайым жұмыс пен
еңбек қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет
мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.
Сонымен, еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен
қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары жəне олардан
туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
ҚР Еңбек туралы заңының 5-бабының 1-тармағы
Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек
қатынастары нормативтік құқықтық актілермен, еңбек
туралы заңдарға сəйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық
шарттармен реттеледі.
Еңбек құқығының пəнін құрайтын барлық қатынастарды
қарастырып өтелік:
1. Негізгі қатынастар – жұмыс берушінің (ұйым, жеке кəсіпкер)
қызметкердің еңбекке қабілетін (оның жұмыс күшін, білімін,
дағдыларын жəне т.б.) пайдалануымен байланысты еңбек
қатынастары шарттық жəне ақылы негізде жүзеге асырылады.
Қызметкер өз еңбегі үшін алдын-ала белгіленген нормалар
(тарифтер) бойынша жалақы не ұйым табысының бөлігін алады, ал
жұмыс беруші өзіне қажетті еңбек өнімін алады. Еңбек
қатынастарына қызметкер жəне жұмыс беруші өз еркі бойынша
қатысады. Еңбек құқығы қатынастарын қызметкердің жұмыс
берушімен еңбек жағдайларын пайдалану жөніндегі заңды байланысы
(қызметкер өз жұмысын мұқият орындауға, ал жұмыс беруші оған жалақыны
жүйелі түрде төлеуге міндетті) құрайды.
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілерімен сипатталады:
а) еңбек үрдісінде туындайды жəне дамиды. Қызметкер өзіне
жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Ал бұл
функция тұрақты сипатқа ие жəне соңғы нəтижемен аяқталмайды,
яғни, еңбек қатынастары – бұл ұзақ уақытқа созылатын қатынастар.
Өзге құқықтық қатынастарда, мысалы, еңбекпен байланысты
азаматтық құқықтық қатынастарда орындаушыға нақты бір
тапсырма беріледі, ол бұл тапсырманы орындаған соң барлық
міндеттемелер де тоқтатылады, яғни, құқықтық қатынастар
тəмамдалады;
ə) еңбек қатынастары – бұл нəтижесінде жұмыс беруші еңбек
өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі
бір ақы алатын ақылы қатынастар;
б) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады,
яғни, еңбек жəне еңбек қатынастары мəжбүрлі түрде жүзеге
асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары
бойынша серіктерді, еңбек жағдайын жəне т.б. таңдай алады.
Еңбекті таңдау кезіндегі ерік білдіруге дəлел ретінде қызметкердің
жұмысқа тұрардағы өтінішті өз қолымен толтыратынын жəне
жұмыс берушінің осы өтінішке қол қоя отырып, қызметкерді
қызметке алу туралы еркін білдіруін келтіруге болады;
в) қызметкердің еңбек тəртібіне бағына отырып еңбек
ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір
ішкі еңбек тəртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тəртібінің
ережелерінде еңбек ұжымы мүшелерінің бірлескен қызметінің
жағдайлары жəне тəртібі белгіленеді. Ішкі еңбек тəртібінің өзіне
тəн элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс
берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл
элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс
таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес,
өнімді уақтылы жəне сапалы дайындауға міндетті. Мысалы, қысқа
мерзімді жалдау шарты бойынша адвокат, аспаз немесе
құрылысшы жұмысқа тартылған кезде жұмысты орындаушының
өзі немесе оның бригадасы істей ме, олар жұмыс уақытында əлде
түнде жұмыс істей ме жəне осы сияқты жағдайлар жұмыс беруші
үшін аса маңызды емес, оны толғандыратын басты мəселе –
жұмыстың уақтылы жəне сапалы орындалуы;
г) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек
шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен
байланысты;
д) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа
тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты;
е) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек
құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рəсімделеді
жəне қызметкерді кəсіпорынның штатына тұрақты, уақытша
немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. Еңбекпен
байланысты өзге де қатынастарда жұмысты орындаушы штатқа
алынбайды. Мұндай жағдайда тапсырыс беруші үшін еңбек
үрдісіне қарағанда еңбектің нəтижесі маңыздырақ болады;
ж) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық
жарияланған жəне оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде
тоқтатылады.
2. Еңбек құқығы еңбек қатынастарымен қатар осы
қатынастардан туындайтын жəне олармен тығыз байланысты
қатынастарды да реттейді. Олар:
1. еңбек ұжымының жұмыс беруші жəне оның
басшылығымен арасындағы еңбек-əлеуметтік сауалдар
бойынша қатынастары. Олар негізінен өндірісті ұйымдастыру
жəне ұжымды басқарумен байланысты, сонымен қатар, нақты
ұйымдағы еңбек жағдайына, қызметкерлерге жағдай жасаудың
материалдық-тұрмыстық жəне мəдени нысандарын жақсартуға,
ұйымның қорын ұтымды пайдалануға, еңбекті нормалауға жəне
қызметкерлердің ұжымдық жəне жеке мүдделерін көздейтін өзгеде
мəселелерге байланысты болады. Бұл еңбек қатынастары жеке
жəне ұжымдық еңбек шарттарының негізінде туындайды. Осы
шараттар тараптардың арасында белгілі бір еңбек қызметін жүзеге
асыруға қатысты өзара міндеттемелерінің туындауына да негіз
болып табылады. Бұл қатынастар еңбек құқығының басты пəні –
еңбек қатынастарына қатысты қызметтік рөлді атқарады жəне
еңбек қатынастарын ұйымдастыруға, оларды нақты бір қоғамдық
еңбек кооперациясының шеңберінде басқаруға бағытталған;
2. кəсіподақ органының қызметкерлердің мүдделерін қорғау,
еңбекке ақы төлеу жəне əлеуметтік кепілдіктер мəселелері
бойынша жұмыс беруші жəне оның басшылығымен
арасындағы қатынастары;
3. азаматтарды жұмысқа орналастыруға жəне жұмыс іздеп
жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге
қатысты қатынастар. Бұл қатынастар азаматтардың өздерінің
қабілетіне жəне кəсіби дайындығына сай жұмыс табу мақсатында,
жеке мүдделері мен қоғамдық қажеттіктерді ескере отырып,
мемлекеттік органдарға жүгінуімен қатысты туындайды. Қазақстан
Республикасында жұмысқа орналастыру жөніндегі органдар
жүйесінің болуы азаматтардың еңбекке қатысты конституциялық
құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Əсіресе, азаматтар
жұмыссыз қалған жағдайда жұмыс іздеуге немесе өздерінің жаңа
мамандығы бойынша кəсіби дайындықтан өтуге қатысты
қиындықтарға ұшыраған кезде олардың рөлі ерекше. Тəжірибе
көрсетіп отырғандай, жұмыс іздеуге қатысты жəрдемді көп
жағдайда əйелдер, оқу мекемелерін жаңадан тəмамдаған жастар,
жұмыстан қысқартылған қызметкерлер қажет етеді. Жалпы алғанда
жұмысқа орналасуға қатысты қатынастар еңбек қатынастарының
алдында жүреді. Бұл ретте жұмысқа орналастыру жөніндегі
органдар кадрларды қажет ететін ұйымдар мен белгілі бір
мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысқа орналасуды
қалайтын азаматтардың арасында делдалдық функцияларды
атқарады. Ең басты міндетті – жұмысқа орналастыруды – шешу
үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік қызмет
органдары аумақтардағы жəне нақты ұйымдардағы бос жұмыс
орындары мен қызмет туралы мəліметтер жинағына ие болады;
4. қадағалау жəне бақылау органдарының жұмыс берушімен
еңбек заңдарын жəне еңбекті қорғауды сақтау мəселесіне
қатысты қатынастары. Бұл қатынастар құзыретті органдардың
ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі заңшығарушылық жəне өзге
де нормативтік актілердің жəне еңбек туралы заңдардың,
қауіпсіздік техникасының жəне еңбектің өзге де қауіпсіз
жағдайларының сақталуына қадағалау жасау қызметі барысында
туындайды. Мысалы, мұндай органдардың қатарынан санитарлық
эпидемиологиялық қызметті, өрт инспекциясын жəне т.б. атауға
болады. Еңбек заңдарының сақталуына жалпы қадағалауды
прокуратура органдары жүзеге асырады. Еңбекті қорғауға жəне
еңбек заңдарының сақталуына қадағалауды жүзеге асыру
процесінде бұл органдар ұйымдармен, кəсіпорындармен құқықтық
қатынастарға түседі. Бұл қатынастар өз бетімен пайда бола
бермейді, олар еңбекті қорғау жəне қызметкерлердің құқықтарын
қорғау қажеттігіне байланысты туындайды. Сондықтан, аталған
қорғаушылық қатынастар қосымша санатқа жатады. Алайда, бұл
қатынастар кəсіпорынның жұмысы басталмай тұрып та туындауы
мүмкін (мысалы, ұйымды ұйымдастыру жəне қайта өңдеу
кезеңінде еңбекті қорғауға алдын ала қадағалау жасау);
5. өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті
көтеруге қатысты қатынастар.
Бұл қатынастар азаматтардың жеке, бригадалық немесе курстық
білім алу кезінде жұмыс мамандықтарын алуымен қатысты
туындайды. Əдетте мұндай білім алмастан бұрын олар дербес
жұмыс істеумен айналысады.
Бұл қатынастардың мазмұнын жай еңбектің өзі емес, белгілі бір
мамандыққа жəне біліктілікке оқыту құрайды. Олардың мақсатты
бағыттылығы өндірістегі кəсіби білім алу арқылы азаматтарды білікті
қызметкерлер ретінде дайындауды қаматамасыз етуден көрініс табады.
Кəсіби дайындыққа қатысты қатынастардың туындауы
азаматтардың ұйыммен шарт жасасуымен байланысты. Бұл шарт
арқылы тараптар өздеріне кəсіби білім алуға қатысты өзара
міндеттемелерді қабылдайды. Кадрларды кəсіби дайындауға
қатысты қатынастардың ұзақтығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.
Оқуды нəтижелі аяқтаған сайын азаматтар біліктілік емтихандарын
тапсырады. Оларға тиісті мамандық пен біліктілік беріледі, бұдан
соң жұмыс берушінің бұйрығымен немесе өкімімен олар дербес
жұмысқа алынады жəне еңбек қатынастарының толық құқылы
қатысушыларына айналады;
6. жеке немесе ұжымдық келіспеушіліктерден туындайтын
еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар. Бұлар
қызметкерлердің еңбек жағдайларын жəне еңбек заңдарының
нормаларын белгілеу мəселелеріне қатысты реттелмеген
келіспеушіліктерді еңбек дауларын қарайтын органдардың
шешуімен байланысты туындайды. Бұл қатынастардың
қатысушылары болып бір жағынан қызметкер – жұмыс беруші,
еңбек ұжымы – жұмыс беруші табылса, екінші жағынан – еңбек
дауларын қарау жөніндегі орган табылады. Бұл қатынастар іс
жүргізушілік сипатқа ие, себебі олар еңбек дауын шешудің
материалдық жағына емес, оны шешудің процедурасына қатысты
болады.
Аталған қатынастардың барлығы еңбек құқығының пəні болып
табылады. Ал қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек
қатынастары еңбек құқығының басты пəні бола отырып, өзімен
тығыз байланысты өзге де қатынастардың туындауына əсер етеді.
Бұл қатынастардың кейбіреулері еңбек қатынастарымен қатар
туындап, тоқтатылады. Ал басқалары (мысалы, еңбек дауларына
қатысты қатынастар) қызметкердің қызметі барысында
туындамауы да мүмкін. Мұндай қатынастар (мысалы, еңбек
дауларына қатысты) қызметкердің жұмысы барысында
туындамауы мүмкін жəне көп жағдайда туындамайды да. Олар тек
көрнеу зиян тигізген жағдайда орын алады.
Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пəнін қоғамдық
қатынастардың екі тобы құрайды:
1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі;
2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты жəне солардан
туындайтын өзге де қатынастар.
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары.
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз
байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің,
өндірістің, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделерін білдіреді.
Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда
еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың əрқайсысы өз
мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының
негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек
үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі
тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен
нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің
еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен
қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын
жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының
салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек
құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды,
еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы.
Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне
жəне өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға,
қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан
көрініс табады.
Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық
реттеудің мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек
жағдайының жоғары деңгейіне жетуге, қызметкерлердің
құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Еңбек құқығының функциялары – бұл еңбек құқығы
нормаларының күшінің негізгі бағыттары. Оларға жоғарыда
аталған реттеуші жəне қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының
ерекше функцияларының қатарынан əлеуметтік, қорғаушы,
шаруашылық-өндірістік, тəрбиелеу жəне өндірістік
демократияны дамыту функцияларын атауға болады.
Əлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына жəне еңбекті
қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады.
Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек
заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз
етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге,
еңбек дауларын шешуге бағытталған.
Шаруашылық-өндірістік функция өндірістің тиімділігін,
еңбектің өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды
пайдалануды, еңбек тəртібін нығайтуды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Тəрбиелеу функциясы еңбек тəртібін сақтауды талап етуден,
материалдық жəне моральдық жауапкершілік мəселелерінен
көрініс табады.
Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан
айырмашылығы. Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығына
қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне
жер құқықтары, əкімшілік құқық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету
құқықтары табылады.
Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына жəне
ұйымдастырылуына қатысты дау туған жағдайда осы даудың еңбек
құқығының пəніне жататындығын немесе даудың өзге құқық
салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін
еңбек қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте
зор, себебі, осындай талдаудың нəтижесінде тиісті құқықтық
салдар туындайды.
Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты.
Азаматтық заңдар қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-
ақшалық жəне өзге де қатынастарды, еңбекпен жəне оның
нəтижелерімен байланысты мүліктік қатынастарды реттейді. Яғни,
азаматтық құқықтың пəніне белгілі бір жұмысты орындаумен
немесе қызмет көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты,
тапсырма, əдеби тапсырыс жəне т.б.) байланысты қатынастар
кіреді. Бұл қатынастар еңбек қатынастарына өте жақын жəне
оларға ортақ сипаттар тəн: олар еңбекпен байланысты, еңбек
шартына (келісіміне) негізделеді, ақылы сипатқа ие. Жеке
меншіктің туындауына жəне өсуіне байланысты жұмыс істейтін
тұлғалар еңбек қатынастарына жалданбалы қызметкер ретінде де,
өндірістің меншік иесі ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек жəне
мүліктік қатынастарының белгілі бір деңгейде бірігуіне əкеледі.
Алайда, олардың қандай құқық саласына жататынын анықтайтын
өздеріне тəн айырмашылықтары да бар.
Бұл қандай айырмашылықтар екен?
Біріншіден, еңбек қатынастарының пəні жəне негізгі мазмұны
болып еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық
мердігерлік, тапсырма, əдеби тапсырыс шарттары бойынша) пəні
болып еңбектің өнімі табылады. Екіншіден, қызметкер еңбек
қатынастарында белгілі бір жұмысты (белгілі бір мамандық,
біліктілік, лауазым бойынша) істеуге міндеттенеді. Үшіншіден,
қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде
атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының
режимін сақтауға, ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне бағынуға
міндеттенеді.
Ал азаматтық қатынастарда аталған талаптарды орындау
міндетті емес. Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына
кірмейді, оған еңбек шарасын орындау, ұйымның жұмыс режимін
сақтау, ішкі еңбек тəртібінің белгіленген ережелеріне бағыну қажеттігі
таралмайды. Басқаша айтар болсақ, азаматтық қатынастарда кімнің,
қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс
істейтіні емес, мұнда белгілі бір жұмысты сапалы жəне уақтылы
орындау маңызды болып табылады. Мысалы, қоршау жасаудың
қажеттігі туды делік. Еңбек заңдарының нормаларына сəйкес
шартқа тұрған қызметкер ғана осы жұмысты орындауы қажет.
Сонымен қатар, ол еңбек тəртібін сақтай отырып, ішкі еңбек
тəртібінің ережелеріне бағына отырып (белгілі бір ауысымда),
белгілі бір ұжымда жұмысты орындауы қажет жəне еңбек
нормасын күнделікті орындауы тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл
жұмысты қызметкердің өзі немесе оның бригадасы не оның
қызметкері не барлығы кезектесе отырып орындай алады. Олар
күндіз немесе түнде, күн сайын не белгілі бір уақыт өткен сайын
жұмыс істеуі мүмкін – бұлардың барлығы маңызды емес. Ең
маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық-
құқықтық қатынастарды ажырату олардың мазмұнына қарай
жүргізіледі. Егер еңбек құқығының пəні болып тірі еңбек
барысындағы еңбек қатынастары табылса, азаматтық құқықтың
пəні болып заттандырылған еңбек немесе еңбек өнімі, оның
нəтижесі табылады. Алайда, еңбек жəне азаматтық қатынастарды
ажыратуға қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығының
нормалары үстемдікке ие болады. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 1-бабына сəйкес, бұл қатынастар еңбек
заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына
азаматтық заңдар қолданылады.
Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік
қатынастарды реттейді, алайда, еңбек үрдісі кезіндегі
қатынастарды реттемейді. Еңбек заңдары еңбек үрдісін реттейді
жəне қызметкер үшін белгілі бір құқықтық режимді, құқықтық
кепілдіктерді белгілейді.
Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек құқығына ұқсас
сипаттары көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға еңбекті
жəне қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек
құқығы мен бұл құқық салаларының арасында бірқатар
айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы дербес емес (жалданбалы)
еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын реттейді. Жер жəне
аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі
болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің
қатарына жатпайтын кооператор-қызметкерлердің еңбек
қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының
қатарынан əкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық
топтың еңбегін ұйымдастыру, кəсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
басшылығының жəне мемлекеттік қызметшілердің құқық
субъектілігі мəселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ
жері көп. Кəсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек жəне
əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл
қатынастар ҚР ҚР еңбек туралы заңымен де, ҚР Мемлекеттік
қызмет туралы заңымен де реттеледі.
Соған қарамастан, еңбек жəне əкімшілік құқықтарының
өздеріне тəн айырмашылықтары да бар. Олар реттеу пəні мен
əдістеріне қатысты. Егер еңбек құқығы қызметкер мен жұмыс
берушінің еңбек үрдісіндегі қатынастарын реттесе, əкімшілік
құқық тиісті лауазымды тұлғалардың құзыретіне қатысты,
қызметке алу мен босатумен, тəртіптік жазалар тағайындаумен
жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді.
Енді еңбек құқығының əлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен
арақатынасын қарастырып өтелік. Əлеуметтік қамтамасыз ету
құқығы дербес құрылым ретінде, құқық саласы ретінде
салыстырмалы түрде жақында, өткен ғасырдың 60-70 жылдары
қалыптасты. Бұған дейін əлеуметтік қорғау нормаларының басым
көпшілігі еңбек құқығы саласына кіретін. Осылай, бұл екі құқық
саласын тарихи түп-тамыр байланыстырады. Сонымен қатар,
оларды құқықтық реттеудің пəні мен əдістерінің ортақ сипаттары
да байланыстырады.
Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен жұмыс
берушінің арасындағы еңбек қатынастары табылса, əлеуметтік
қамтамасыз ету құқығы азаматта қандай да бір себептермен
жұмысқа қабілеттігін уақытша не тұрақты жоғалтқан немесе
зейнеткерлік жасына жеткен жағдайда, оларды материалдық
қамтамасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды
реттейді. Əдетте бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз
байланыста болады. Мұндай жағдайда азаматтарды материалдық
қамтамасыз етудің мөлшері олардың еңбек қатынастары үрдісінде
алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес есептеледі.
Сонымен қатар бірқатар айырмашылықтар да бар. Оларды
мынадан байқауға болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек
құқығын жүзеге асырады, ал əлеуметтік қорғау құқығының реттеу
пəні болып материалдық қамтамасыз етуге қатысты құқықты
жүзеге асыру болып табылады. Еңбек қатынастары үрдісінде
жалақы төлеу қызметкер жұмыс істейтін кəсіпорынның, ұйымның
немесе мекеменің қорынан жүзеге асырылады. Ал əлеуметтік
қамтамасыз ету құқығы жəрдемақылар мен зейнетақыларды
орталықтандырылған қорлардан төлеуді көздейді. Сонымен
қатар, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығына еңбек құқығындағы
материалдық төлемдердің шарттық əдісі тəн емес. Құзыретті органдар
қабылдаған құқық нормаларының негізінде азаматтар материалдық
қамсыздандырылады, сондықтан мұндай шараларды өзгертуге жəне
тараптардың келісімімен нақтылауға болмайды.
Еңбек құқығы саласының жүйесі. Əрбір құқық саласының,
соның ішінде, еңбек құқығының да өз жүйесі бар. Еңбек құқығы
саласының жүйесі – бұл оның нормаларының құрылымы жəне
орналасу тəртібі. Бұл кезектілік еңбек құқығы қатынастарының
туындау, даму жəне тоқтатылу барысына қарай құрылады.
Еңбек құқығы қатынастары – бұл еңбек құқығының
нормаларымен реттелген еңбек қатынастары, бұл қызметкер мен
жұмыс берушінің арасындағы қызметкердің еңбегін пайдалану
жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге
міндетті, ал жұмыс беруші – тұрақты түрде жалақыны төлеп
отыруға жəне еңбек заңдары мен еңбек шартын сақтауға міндетті.
Еңбек құқығы саласының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы
жəне ерекше бөлімдер.
Жалпы бөлімге еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтеріне
жататын, қызметкерлердің жұмыс істейтін ұйымдарының аудандық
жəне салалық тиістілігіне қарамастан, олардың (қызметкерлердің)
еңбегін пайдалану жəне ұйымдастырудың жалпы мəселелерін
реттейтін нормалар жатады.
Еңбек құқығы саласының ерекше бөлімі институттарға, яғни,
еңбек құқығы қатынастарының туындау жəне жүзеге асырылу
деңгейіне қарай кезектілікпен орналасатын бірыңғай нормалардың
топтарына сəйкес құрылады. Ерекше бөлім халықты жұмыспен
қамтумен жəне жұмысқа орналастырумен басталады, одан кейін
орталық институт – жеке еңбек шарты, оның туындауы, өзгеруі
жəне тоқтатылуы, содан соң – жұмыс уақыты жəне демалыс
уақыты институты, жалақы институты, кепілдік жəне өтемақылық
төлемдер институты, еңбек тəртібі институты жəне еңбекті қорғау
институты орналасқан. Ал бұлардан кейін еңбек қатынастары
тараптарының келтірген зияндары үшін материалдық
жауапкершілік институты, еңбек даулары институты, еңбектегі
қадағалау жəне т.б. институттары орын алған.
Сала ретіндегі еңбек құқығының жүйесінен еңбек заңдарының
жүйесін ажырата білген жөн. Олар мазмұн жəне нысан ретінде
өзара байланыста болады. Еңбек заңдарының жүйесі нормативтік
құқықтық актілерден, олардың преамбулаларынан, баптарынан,
қорытынды ережелерінен жəне т.б. тұрады. Сол себепті, еңбек
құқығының жүйесі еңбек заңдарынан көрініс табады, ал еңбек
заңдары еңбек құқығының қайнар көзі болып табылады деген
тұжырымға келуге болады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Еңбек дегенеміз не? Еңбектің қандай түрлерін білесіз?
2. Құқық, соның ішінде, еңбек құқығы жөнінде не білесіз?
Құқық нені реттейді?
3. Еңбек құқығы қандай қатынастарды реттейді?
4. Қандай қатынастар еңбек қатынастары деп аталады?
5. Еңбек қатынастары меншіктің қандай түрлеріне негізделуі
мүмкін?
6. Еңбек құқығының пəнін атаңыз (яғни, еңбек құқығы қандай
қатынастарды реттейді, оларды атаңыз)?
7. Еңбек құқығының пəнінде қай қатынастар басты, жетекші
рөлге ие, қайсылары алдымен туындайды, қандай қатынастар
əрқашан орын алады, қандай қатынастар қызметкердің жұмысы
барысында туындамауы да мүмкін?
8. Еңбек қатынастарының ерекше белгілері қандай?
9. Құқықтың қай салалары еңбек құқығымен сабақтас болып
табылады? Олардың ұқсастығын жəне айырмашылықтарын атаңыз.
10. Еңбек құқығының міндеттері мен функцияларын атаңыз.
11. Еңбек құқығының жүйесі неше бөліктен тұрады? Олардың
əрқайсысы туралы айтыңыз.
2 Т А Р А У
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі жəне
мəні. Қағида сөзінің өзі латын тіліндегі principium cөзінен
туындаған жəне оның аудармасы негіз, бастама дегенді білдіреді.
Осылай, қағида түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі
ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесінде
қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық
жүйенің негізін құрайды жəне осы құқықтық жүйенің барлық
қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының
қағидалары – бұл еңбек құқығы нормаларының негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл
қолданыстағы еңбек заңнамасының мəнін қысқаша көрсететін
басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды
жəне дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы
нормаларының мəнін жəне мемлекеттің еңбек қатынастарын
құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын
көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік
бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті
ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан
жүйесінен көрініс береді. Олар объективтік экономикалық
заңдардың күшіне тығыз байланысты.
Еңбек құқығының қағидалары заңнамадан көрініс табады жəне
заңнамалық тұрғыда бекітілген, себебі, осы қасиет бұл
қағидалардың құқықтық қағида деп аталуына негіз болады. Еңбек
құқығының негізгі қағидалары ҚР Конституциясында жəне осы
құқық саласының маңызды заң шығарушы актілерінде бекітілген.
Мысалы, ҚР ҚР еңбек туралы заңының 2-бабының 1-тармағында
республика қызметінің негіздемелік қағидалары, ал 2-бөлімде
еңбек бостандығы қағидасы бекітілген.
Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын болсақ, еңбек
құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тəн:
· олар экономикалық жəне саяси жағдайлармен байланысты,
себебі, қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде
анықталады;
· олардың мазмұнына ортақтық тəн, себебі, қағидалар
əрқашанда құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобының
мəнін көрсетеді;
· мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет
құқық нормаларында бекітеді жəне санкциялайды, қағидалар
ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық
идеялар болып табылады;
· олардың жиынтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық
нормасының белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге
нормалармен арақатынасы жағдайындағы мəнін ашады;
· мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының
динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі бір мəселелерді шешудегі
мəнін көрсетеді;
· тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы
əрекет етеді жəне өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына
қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие.
Ұзақ уақыт бойы оқу əдебиеттерінде еңбек құқығы саласының
қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды, ең
алдымен, ҚР Еңбек туралы заңдар кодексінің 2-бабының
мазмұнымен байланыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі
құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда,
қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана
құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды.
Қағидалардың мазмұны бұған қарағанда əлдеқайда кеңірек, себебі,
олар өздерінің реттеушілік əсерімен еңбек құқығының барлық
субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек
ұжымдарын жəне олардың өкілдік органдарын) қамтиды. Бұл
жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары
мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар,
олардың шын мəнінде жүзеге асырылуын да қаматамасыз етуі
қажет.
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада:
1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының
басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының
мəнін жəне оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен
байланысын түсінуге көмек береді;
2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт
береді;
3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді,
себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы
басшылыққа алуға болады;
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне
біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары
бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;
5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін
анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен
міндеттерін жəне олардың кепілдіктерін көрсетеді.
Əрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш
түрге бөлуге болады:
· барлық құқық салаларына, соның ішінде, еңбек құқығына да
тəн жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм
қағидалары жəне т.б.);
· құқық саласының нормаларының ерекшеліктерін, олардың
бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар;
· тек белгілі бір құқық саласына тəн сала ішіндегі қағидалар
(мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру
қағидалары жəне т.б.).
Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық
та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тəн қағида
болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз
жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана
емес, сонымен қатар, жер, азаматтық, қылмыстық атқару
құқықтарына да тəн, себебі, аталған құқық салалары да еңбекті
қолдануды (фермерлік қызмет, мердігерлік шарттары бойынша
жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс жəне т.б.)
реттейді.
Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде
басты рөлге ие. Олар Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілген жəне бұл жайт олардың жалпылық
сипатын дəлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан мыналарды
атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен
үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық;
қоғамдық көзқарасты ескеру жəне жариялық; ұлтаралық
одақтастық қағидасы.
Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің жəне азаматтардың ҚР Конституциясын жəне
заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын,
абыройы мен ар-намысын құрметтеу міндетінен көрініс табады. ҚР
Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бəрінің
тең екендігі, тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне
мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты
немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай
кемсітуге болмайтыны көзделген. Алайда, əлеуметтік немесе
құқықтық қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу кезіндегі
ерекшеліктер, таңдау мен шектеулер кемсіту деп саналмайды.
Мысалы, əйел адамдарға, кəмелетке толмаған қызметкерлерге,
мүгедектерге жəне қорғауды қажет ететін өзге де тұлғаларға
қызметіне қатысты жеңілдіктер беру.
3 Т А Р А У
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай
мəселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін
еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров
атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада
еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы
нормаларды туындататын жəне олардың мазмұны анықталатын
қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2
құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың
материалдық мазмұнының жəне нысанының біртұтастығы ретінде
сипаттауға болады.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек
қатынастарымен байланысты.
Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге
асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық,
саяси жəне əлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-
қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек
қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-
тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.
Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс
ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек
құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың
құқықты қалыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар жəне
өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі
тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының
қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын
байқаймыз.
Сонымен, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде
мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек жəне өзге де
қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық
шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады. Басқаша
айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері – бұл
жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану жəне
ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын
реттейтін нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан
тұрады жəне оларды осы нормаларды қолдану актісімен
шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР Еңбек туралы заңы еңбек
құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар
көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке
қабылдау, ауыстыру, тəртіптік жаза тағайындау) туралы бұйрығы
құқыққолдану актісі болып табылады.
Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар
көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мəні, бағыңыстылығы
бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық-
құқықтық актілерден (Халықаралық еңбек ұйымының
конвенциялары жəне ұсынысатыр, БҰҰ-ның актілері жəне өзге де
халықаралық шарттар) жəне республиканың басқа да
міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің
жəне Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР Еңбек
туралы заңынан жəне өзге де заңға сəйкес актілерден (ҚР
Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне
халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары, өзге де
министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан
бастап, тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым
қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық шарттардың
нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, əлеуметтік-əріптестік
келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері.
В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге
бөлінеді: негізгі жəне туынды.
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық
актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек
туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің,
Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соттың қаулылары,
министрліктердің жəне өзге де орталық мемлекеттік органдар
басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мəселелері
жөніндегі мемлекеттік комитеттердің жəне өзге де орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мəслихаттар
мен əкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мəселелері
жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық
актілерге əр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар жəне т.б.
жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің
негізінде қабылданады жəне олармен бірге біртұтас жүйені
құрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Нормативтік құқықтық
актілер туралы заңының 4-бабына сəйкес, Конституцияны
қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің
арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сəйкес
болады:
Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының
қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан
Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең
жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол
тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданатын
заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы
келмеуі тиіс.
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сəйкес актілерге қарағанда
артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен
заңға сəйкес актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен
өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін қайнар көз
болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі
болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек
құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер
бекітті. ҚР Конституциясы адам жəне азаматтың құқықтарын,
бостандықтарын жəне міндеттерін, заң мен сот алдында жұрттың
бəрінің теңдігін заңнамалық тұрғыда бекітті. Тегіне, əлеуметтік,
лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне,
ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне
байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді
ешқандай кемсітуге болмайды. Конституция əркімнің еңбек ету
бостандығын, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдау құқығын; еріксіз
еңбекке тыйымды жəне қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай
еңбек ету құқығын; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы
алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқығын
жариялады. Конституция қызметкерлердің заңмен белгіленген
тəсілдерді пайдалана отырып, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын
шешу құқығын мойындады. Əркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек
шарты бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс
уақытының ұзақтығына, демалыс жəне мереке күндеріне, жыл
сайынға ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Конституциялық нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда
жəне заңға сəйкес актілерде сипатталады.
Еңбек туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің
маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы Нормативтік
құқықтық актілер туралы заңына сəйкес заң шығарушы актілерге
мыналар жатады:
· Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
· констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің конституциялық заң
күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР
Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;
· Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік
жарлықтары;
· ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
· министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік
комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік
органдардың нормативтік бұйрықтары жəне қаулылары;
· мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары
деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының жəне ҚР
Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары
жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сəйкес актілерге қарағанда жоғары күші
болады. Бұл заңдылық қағидасының мəнінен де байқалады. Заңдар
еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық
қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек
қабілеттігі мəселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды
бекітеді, еңбек жағдайы, əлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты
маңызды мəселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың
барлығы заңға сəйкес актілермен реттеледі.
Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан
Республикасының заңдары табылады.
ҚР Конституциясына жəне ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы
Нормативтік құқықтық актілер туралы заңына сəйкес заңдардың
келесі түрлерін атап өтуге болады:
1) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін
заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген
тəртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің
жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы ҚР
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңы
(33-б. 4-т.);
2) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР
Конституциясында осылай танылған жəне Конституцияда
белгіленген тəртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991
жылғы 16 қазандағы ҚР мемлекеттік тəуелсіздігі туралы
конституциялық заңы;
3) жай заңдар. Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР
еңбек туралы заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР халқын
жұмыспен қамту туралы заңы жəне т.б.
Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретінде еңбек
қатынастары саласындағы заңға сəйкес актілер де танылады.
Заңға сəйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге
де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл – ҚР Президентінің
нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің жəне Үкіметінің
нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары,
мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сəйкес нормативтік актілер 2 белгімен сипатталады:
1) заңға сəйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі
жəне шегінен шықпауы тиіс;
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясының 62-бабына сəйкес, Парламент
Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен
Мəжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан
кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Парламент пен оның
Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс.
Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы
келмеуі тиіс.
Заңға сəйкес актілердің қатарынан ҚР Президентінің
нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР
Парламенті мен оның Палаталарының құзыретіне кірмейтін
мəселелер бойынша қабылданады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz