Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері



Кіріспе
1 Оқушылардың оқу. танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық.психологиялық мәселелері
2 Оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері
3 Оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын оқыту барысында қалыптастыру жолдары
4 Оқыту барысында оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдіс.тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім – «таным теориясы» деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Оқу-танымдық қызығушылық - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық белсенділіктің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтар психологтардың, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.
Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек елінде тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтарі Плутарх, Пацит, Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық қызығушылығы мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық белсенділікті оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
И.Гербарт танымдық қызығушылықты қалыптастыру - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады.
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030».
2. «Білім туралы» Қ.Р заңы. 1999 ж, 7 маусым.
3. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы 2002ж
4. Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.
5. Алтынсарин Ы.Таңдамалы педагогикалық мұралары.
6. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
7. Жарықбаев Қ. Психология Алматы 1998 ж
8. И. Гербарт Проблемы развиваюшего обучения. Просвешения 1986
9. Л. Выготский Проблемы развития психики. МГУ.1981 г
10. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-
психологиялық мәселелері

2 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері

3 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын оқыту барысында қалыптастыру
жолдары

4 Оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
әдіс-тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық мәселелері.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші
рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім – таным
теориясы деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол -
білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік
қатынастарды қалыптастыру.
Оқу-танымдық қызығушылық - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-
ой әрекеті. Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық
уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық
белсенділіктің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық
қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтар
психологтардың, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан
бастау алады.
Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың
өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және
эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі
мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика
дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді.
Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық
әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған.
Нәтижесінде ежелгі грек елінде тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар
Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтарі Плутарх, Пацит,
Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің
өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық қызығушылығы мен
ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол
шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін
-эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана
бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін,
қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық
сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық белсенділікті оқыту құралы
ретінде қалыптастырады.
И.Гербарт танымдық қызығушылықты қалыптастыру - оқытудың негізгі
міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы
керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте
күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт
адамның алуан салалы қызығуларын алады.
Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе
қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу -
эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге
бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу -
оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың
екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында
қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың
арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы түрлі
қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды. [8]
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін
қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы
деп анықтауға болады. Оқушының оқу-танымдық қызығуы танымдық саласына
қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық
белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.Выготский бұл жөнінде былай
деген: Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның
бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін
барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол
әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау
әрекетінің қалыптасуына тәуелді.[9]
Танымдық белсенділік оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс
табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне
танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары
мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері
танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық
уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру оқушының танымдық ой-өрісін
кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Педагогтар, ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді
және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.

2 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпаққа ғылыми негізде білім беру шығармашылық белсенділігін дамыту
міндеттері туындайды. Білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін
дамыту өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Бұл маманның кәсіби ынта-ықыласы, белсенділігі мен шығармашылық
қабілеті қазақ мектебінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт
талабына сай оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін оқытудың
жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн.
Психологтар Д.Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулерінде оқу іс-
әрекетінің негізгі құрылымы-оқу мақсаты мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқыту
арқылы оқушының қызығушылғын қалыптастырудағы көзделетін басты мақсаттарды
саналы түрде меңгеруге баулу. Оқу-танымыдық қызығушылықтың басты мақсаты-
оқыту мен тәрбиелеу арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған,
болашақ халық игілігін жасайтын білімді де білікті маман тәрбиелейтін бағыт-
бағдар беру. Ал, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, белсенділік
қабілетін дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау болып
табылады. Сондықтан ұшқыр ойлы, жаны сұлу, шығармашыл, белсенді ойлай
білетін дара тұлғаны тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,
білім беру, белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыру
міндетін қойып отыр.
Мұғалім оқушының шығарашылығын, белсенділігін, қабілетін дамытуға
баулуда еңбек етеді. Көптеген психолог, педагог мамандар В.В. Давыдов, Л.В.
Занков. И.Л. Лернер, және қазақтың ағартушы ғалымдары А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтар да өз еңбектерінде осы мәселені,
пікірінде айтып өткен. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша әрбір
жаста шығармашылыққа баулуда ерекше қабілет, бейімділік болады екен.
Мұғалім оқушының бойында қызығушылығын қалыптастыру үшін мынандай бағыт-
бағдар беру керек:
- оқушы шығармашылықпен айналысу үшін жағдай туғызу;
- сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Психологиялық қауіпсіздік, еркіндікпен қамтамасыз ету,
-Оқушының шығармашылықпен айналысуына үйде, сабақта қолайлы жағдай туғызу;
-Оқу-танымдылық қызығушылық бағытына оқушыны жүйелі, саналы
түрде қалыптастырып отырады;
Осының нәтижесінде оқушы бойында танымдық дербестікпен өзіндік жолын
анықтауға ынтасы оянып, олардың осыған дағдылануы қалыптасады.
Бұл оқыту барысында оқушылардың оқу мәдениеті, іс-әрекеті барысында
ынталылығын жүйелі ойлаудың дағдыларын қалыптастыруды көздеген мұғалімнің
шеберлігі, шығармашылығы, қабілеті, тәжірибесі қалыптасады.
Белсенділік – мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша
жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы
болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың
қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Беленділік — бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет
түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән - тұлға.
Белсенділік қабілеттер арқылы көріңіс табады. Ол көріністер адамның
қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе
адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалуда.
Танымдық белсенділік жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар
еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды өз
еңбектерінде ұлы дала ойшылары Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз
тұжырымдарын, көзқарастарын білдірген. Платон, Аристотель, Сократ
қабілеттердің дамуына өзіндік зерттеулер жүргізген. .
Көрнекті педагогтар ҚД.Ушинскийдің, Ы.Алтынсариннің, Н.К.Крупскаяның,
А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары
қарастырылған.
Ресей ғалымдары Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Крутецкий, Б.М.Теплов, т.б.,
сондай-ақ республикамыздың көрнекті ғалымдары Т.Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов,
Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, .К.Жампейсова, Т.С.Сабыров, Ж.И.Намазбаева
т.б. өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен
практикасының негізін қалаған деп білеміз.
Оқу үдерісінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен
танымдық, ізденісіне қатысты десек, бұларды қамтамасыз ететін іс-әрекет
барысында оқушының белсенділік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Білім
беруді басқарудағы әр түрлі жүйелеуді жобалау мен жүзеге асыруда оқушының
білімге деген танымдық іс-әрекеті шығармашылық белсенділігі, ынталылығы
қалыптасуы керек. Осы орайда көптеген ғалымдар оқушының шығармашылық
белсенділігі барысында ынталылықты қалыптастыру жолында өз пікірлерін,
ойларын ортаға салды. Олар мыналар: В.Г.Афанасьев, А,И.Котова,
Ю.А.Копаржевский, Б.Ф.Ломов, Р.Х.Трешьяков.

3 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын оқыту барысында қалыптастыру
жолдары.

Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер көптеп
саналады. Солардың қатарына жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін
дамытып, шығармашылығын, оқу-танымдық қызығушылығын, белсенділігін,
талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, оқытудың озық
технологияларын пайдалануды жатқызуға болады.
Оқушылардың оқу-танмыдық қызығушылығын қалыптастыруда олардың
қасиеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп,
ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше .
Оқушылардың оқу-танымдық белсенділік–күрделі үдеріс. Ол іс-әрекет
мақсаты, түрлері мен әдістерін деңгейлерін қамтиды.
Оқу-танымдық белсенділік –шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан әрекетті орындаудың тәсіл-
амалдарынан тұрады. Оқу үрдісі оқушылардың оқу танымдық әрекеті негізінде
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық
белсенділіктің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға
қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең
жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі
болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі, қызығушылығы мен
ізденімпаздығын қамтитын еріктік, сезімталдық үрдістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Пәндер