«Жылжымайтын мүлік» қолданбалы программалық пакеті



КІРІСПЕ 3
1 DELPHI.ДЕ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 4
1.1 Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары 4
1.2 Деректер қорын құру 7
1.3 Бүркеншік ат құру 8
1.4 Кесте құру 10
1.5 Деректер қорын (кесте) құру 14
1.6 Деректер қорын қарау 15
2 «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК» ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ПАКЕТІ 24
2.1 Мәліметтерге қойылатын талаптар 24
2.2 Транзакцияларға қойылатын талаптар 24
2.3 Берілгендерге сұраныс қойып өңдеу. 24
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМША А 30
ҚОСЫМША В 37
Қазіргі таңда техника мен технологияның қарқынды дамуына байланысты экономиканың барлық салаларында информациялық технологияларды қолдану үрдісі қалыптасып келеді. Экономиканың барлық салаларында өңделетін информация көлемі ұлғайды. Нарықтық экономиканың талабына сай қажетті информация жылдам өңделуі керек. Осыған байланысты адам саны, адам сұранысы көбейген сайын мәліметтер қорын қағаз бетінде игеру қиындай түседі. Біз қарастыратын «Жылжымайтын мүлік» қолданбалы программалық пакеті осындай деректермен жұмыс атқаратын ұйымдар үшін қажетті программалық пакет болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты жылжымайтын мүлікпен айналысатын мекемелер деректер қорымен емін-еркін жұмыс істеуі үшін «Жылжымайтын мүлік» қолданбалы программалық пакетін құру.
Бағдарлама Delphi программалау тілінде құрылуы тиіс. Жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтер қоры қажет.
1. Матаев С. Delphi 7 Бағдарлама құру негіздері: Оқу құралы / - Қарағанды, 2005. – 271б.
2. Кеңеспаев І.К. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
3. Ожегова С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка.
4. Акулов Н. DelphiWorld
5. Холмогоров В. Основы программирования в Delphi 7. Учебный курс – СПб.: Питер, 2002. – 352 с.:ил.
6. Фаронов В.И. Основы программирования в Delphi 7.-М.: Изд-во МГТУ, 2003.
7. Холмогоров В. Создание базы данных. Учебный курс – СПб.: Питер, 2003. – 352 с.:ил.
8. Михаил Фленов. Delphi искусство программирования. Санкт-Петербург «БХВ-Петербург», 2006
9. Гофман В.Е., Хомоненко А.Д. Delphi: экспресс курс. – СПб.:БХВ-Петербург, 2005. – 288 с.:ил
10. Фаронов В.В. Программирование баз данных в Delphi7. Учебный курс. СПб.: Питер, 2006 – 459 с.:ил
11. Гончаров А. Самоучитель Delphi. – СПб: Питер, 2000. – 240 с.: ил.
12. Матросов А.В., Сергеев А.О., Чаунин М. Программирование баз данных 4.0 – СПб.:БХВ – Петербург, 2001. – 672 с.: ил.
13. Соловьева А. Сетевые технологии. Учебник-практикум. – СПб.:БХВ – Петербург, 2004. – 416 с.: ил.
14. Глушаков С.В. Программирование в Delphi. / С.В. Глушаков, И.А. Жакин, Т.С. Хачиров; худож. – оформитель А.С. Юхтман. – Ростов н/Д: Феникс, Харков: Фолио, 2006. – 400 с. – (Самоучитель)
15. Леонтьев Б.К. Web-дизайн: Руководство пользователя – М.: Позновательная книга плюс, 2001. – 320 с. – (Ваш персональный компьютер)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 DELPHI-ДЕ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 4
1.1 Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары 4
1.2 Деректер қорын құру 7
1.3 Бүркеншік ат құру 8
1.4 Кесте құру 10
1.5 Деректер қорын (кесте) құру 14
1.6 Деректер қорын қарау 15
2 ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ПАКЕТІ 24
2.1 Мәліметтерге қойылатын талаптар 24
2.2 Транзакцияларға қойылатын талаптар 24
2.3 Берілгендерге сұраныс қойып өңдеу. 24
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМША А 30
ҚОСЫМША В 37

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда техника мен технологияның қарқынды дамуына байланысты
экономиканың барлық салаларында информациялық технологияларды қолдану
үрдісі қалыптасып келеді. Экономиканың барлық салаларында өңделетін
информация көлемі ұлғайды. Нарықтық экономиканың талабына сай қажетті
информация жылдам өңделуі керек. Осыған байланысты адам саны, адам сұранысы
көбейген сайын мәліметтер қорын қағаз бетінде игеру қиындай түседі. Біз
қарастыратын Жылжымайтын мүлік қолданбалы программалық пакеті осындай
деректермен жұмыс атқаратын ұйымдар үшін қажетті программалық пакет болып
табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты жылжымайтын мүлікпен айналысатын
мекемелер деректер қорымен емін-еркін жұмыс істеуі үшін Жылжымайтын мүлік
қолданбалы программалық пакетін құру.
Бағдарлама Delphi программалау тілінде құрылуы тиіс. Жылжымайтын
мүлікке қатысты мәліметтер қоры қажет.

1 DELPHI-ДЕ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

1.1 Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі
ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және
графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық
карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері
де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты
мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы
прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған
мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен
өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі
түсініледі.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы
кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия
тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.
Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау
(іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру
(жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша
студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні
бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX
ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі
бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект деп мағлүматтары мәліметтер базасында сақталатын
ақпараттың жүйенің элемеиттері аталады.
Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект
атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады.
Мәлметіпердің басты элементі деп мәлметтердің баска элементтерінің мәндерін
аныктауға мүмкіидік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын біреғей түрде
жағастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екіншіреттегі кілт - бірнеше
жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе
атрибуттар тобы). Ен алдымен, екінгиі реттегі кілттер жазбаларды іздестіру
операцияларында қолданылады. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын
басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені,
оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен
көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген
критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын
шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік
береді:
■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару
ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау,
мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің
тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.

Деректер қоры деп ақпаратпен қамтамасыз ететін бағдарламаны айтады.
Мұндай бағдарламаны қосқан кезде бейнебетте (экранда) кесте пайда болады,
одан қолданушы өзіне керектіні қарай алады. Егер жүйе мүмкіндік етсе,
бағдарламашы оған жаңа ақпарат қосып, керексізін жоя алады.
Жалпы алғанда деректер қоры дегеніміз - файлдар жиыны.
Қазіргі кезде деректер қоры жергілікті (dBase, FoxPro, Access, Paradox)
және қашықтық (Interbase, Oracle,Sysbase,lnfomix, Microsoft SQL Server)
болып екіге бөлінеді.
Delphi құрамында dBase, Infomix және Oracle деректер файлдарымен
жұмысын құруға мұмкіндік беретін құраластар бар.
Жергілікті деректер қоры бір құралда тұрады. Құрал ретінде компьютер
дискісі немесе желілік дискі бола алады.
Бірнеше қолданушы арасында деректерді бөлуді қамтамасыз ету үшін
файлдарды бұғаттау деп аталатын әдіс қолданылады. Ол бір немесе бірнеше
компьютерде жұмыс істей алады. Бұл әдістің мәнісі: бір қолданушы деректерді
қолданып жатқанда, басқа қолданушы ол дерекпен жумыс істей алмайды, яғни
деректер оған жабық болады. dBase, FoxPro, Access, Paradox - жергілікті
деректер қорына жатады.
Деректердің қашықтық қоры басқа компьютерде тұрады (қашықтық компьютер
каталогтері желілік дискі ретінде қарастырылмайды).
Онымен жұмыс екі бөліктен тұрады: тұтынғыш (клиенттік) және серверлік.
Тұтынғыш қолданушы компьютерінде жұмыс істейтін бағдарлама бөлігі, ол
серверлік бағдарламамен өзара әрекетті қамтамасыз етеді.
Серверлік қашықтық компьютерде жұмысты қамтамасыз ететін бағдарлама
бөлігі. Ол тұтынғышқа бағдарлама деректерін жібереді, орындайды.
Сұраулар SQL (құрылымды сұрау) тілінде берілетін әмірлер.
Қашықтық сервер бағдарламасы бірмезетте бірнеше қолданушыны қамтамасыз
ете алады. Мұнда файлдарды бұғаттау механизмінің орнына бірізді амалдар
(транзакция) тетігі жұмыс істейді.
Бірізді амалдар - бұл деректер берілместен бұрын міндетті түрде
орындалатын әрекеттер тізбегі. Ол аппарат іркілісінен қорғауды қамтамасыз
етеді.
Қағазда деректер кесте түрінде беріледі. Кестенің әр жолы жазба, кесте
ұяшалары - өрістер. Кесте бағанының тақырыбы - өpic аты, кесте жолының
нөмірі – жазба нөмірі болып келеді. Компьютерлік деректер қорының аппараты
экранға кесте түрінде шығады
Әр кесте жеке файлда сақталады. Бірақ деректер қоры мен кестені
теңестіруге болмайды, өйткені бір өpic жазбасы бірнеше кестеде қолданылуы
мүмкін, яғни әр түрлі файлдарға қатыса алады.
Деректер қорымен жұмыс істейтін бағдарламаның ақпарат көзі барлық кесте
болады. Бірақ, қолданушыға оның бәрі емес, кейбір бөлігі ғана керек болуы
мүмкін. Сондықтан деректер қоры құрылымында, деректер қорында кестеден
басқа сұрау түсінігі ендіріледі, ол деректер қорының жазбасы түрінде
беріледі.
Деректер қоры С:, D: дискі каталоггерінде немесе желілік дискілердің
бірінде орналасуы мүмкін. Бағдарламаға деректер қорының тұрған орнын білу
мәселесі пайда болады. Ол деректер қорының бүркеншік атын пайдалану арқылы
шешіледі. Бүркеншік ат (Alias) деп деректер қоры каталогінің толық атына
сәйкес келетін қысқаша атауды айтады. Деректер қорымен жұмыс істейтін
бағдарлама деректерді aшy үшін, нақты атты қолданбай бүркеншік атты
қолданады.
Деректер қорымен жұмысты қамтамасыз ететін, бағдарлама Borland Database
Engine (BDE) жинағы арқылы қосылады. Ол өз кезегінде жүйеде тіркелген,
барлық бүркеншік атауларды пайдаланады. Деректер қорының бүркеншік аты BDE
Administrator бағдарламасымен құрылады.

1.2 Деректер қорын құру

Жоғарыда келтірілген мысалдарда Delphi 7 құрамындағы дайын кестелер мен
суреттер пайдаланылды. Бұлар, әрине, басқа мағынадағы бағдарламаларға
жарамайды. Ондай жағдайда суреттер мен кестелер арнайы бағдарламаларды
қолдану арқылы қолмен құрылады. Бұдан былайғы әңгімеде олардың қалай
құрылатыны мен бағдарламасы қалай жасалынатынын сөз етпекпіз.
Деректер қоры бірнеше кестеден тұрады және олар бір каталогте
орналасады. Жаңа деректер қорының каталогі әдеттегідей құрылады, мысалы
Жетектегіш арқылы. Кестені Delphi құрамына енетін Borland Database Desktop
кәдесі (утилитасы) арқылы немесе деректер қоры серверіне SQL-cұpay салу
арқылы құруға болады, жоғарыда келтірілген мысал секілді.
Деректер қоры бүркеншік ат арқылы алынатындықтан, деректердің жаңа
қорының дестесін құруға кіріспестен бұрын, деректер қоры үшін бүркеншік
атауды құру қерек.
Деректер қорын құру кезінде мына әрекеттер орындалуға тиісті:
• Каталог құру.
• Бүркеншік атау құру.
• Кесте құру.
Каталог құру
Деректер қоры файлдары үшін каталог (қалта) әдеттегідей, мысалы,
Жетектегіш көмегімен құрылады. Деректердің жергілікті қорының файлдары
әдетте каталоггің ішкі каталогінде орналастырылады.

1.3 Бүркеншік ат құру

Деректер қорының бүркеншік атауы BDE Administrator бағдарламасымен
құрылады. Ол былайша қосылады: Бағдарламалар \Borland Delphi 7\ BDE
Administrator.

Cурет 2.1 – BDE Administrator сұхбат терезесінің түрі

Терезенің сол жағында Databases тіркемеде, осы компьютерде тіркелген,
буркеншік аттар келтірілген. Жаңа бүркеншік ат былай құрылады: Шыққан
тілқатысу терезеден ObjectNew алу керек. Сосын New Database Alias
(деректер қорының жаңа бүркеншігі) терезеде New Database Name тізімнен
деректердің құрылатын деректер қорына драйвер таңдау керек, нақтырақ айтсақ
құрылатын деректер қорының түрін таңдау керек.
Бүркеншік ат құрған кезде әдетте STANDARD драйвері ұсынылады. Ол
Paradox пішімінде кесте алуды қамтамасыз етеді. Драйверді таңдап, ОК
батырмаға басқан соң, бұрынғы сурет үстіне жаңа элемент қосылады. Жоғарыда
келтірілген мысалда біз DBDEMOS драйверін таңдадық.

Cурет 2.2 – Жаңа бүркеншікті тіркеу

Бүркеншік атты өзгертуге, деректер қоры файлының жолын көрсетуге
болады. Атау әдеттегі әдіспен өзгертіледі: атауға оң тетікті нұқып, Rename
(Қайта атау) әмірін таңдау керек. Деректер қорының жолы Definition файлының
Path жолында немесе Select Directory (каталогін алу) арқылы беріледі. Бұл
Path алаңының соңындағы үш нүктелі тетік арқылы алынады. Осы жерде сізге
бүркеншік атау ұсынылады. Егер сізге ол ұнамаса басқаша атауыңызға болады.
Осы құрылған бүркеншік атты ішқұрылым файлында (dafi.cfg) тіркеу үшін
ObjectApply (Қолдану) әмірін таңдап, ОК басу керек.

1.4 Кесте құру

Кесте құрған кезде, мысалы жай тізім құрған кезде, оның алғашқы
жолдарына адамның аты-жөні жазылып, келесі жолдарға сипаттамалары жазылады,
мысалы, қайда істейді, айлығы, т.б. Қолданушы керекті ақпаратты аты-жөні
арқылы таба алады. Қажетті ақпарат белгілі бір белгі арқылы анықталынады.
Сондықтан ол белгі жеке орналастырылады.
Жазба өрістері анықталған соң, кестеде өрістерді орналастыру кажет. Жай
деректер қорында барлық өріс бір кестеде орналасады (жоғарыдағы мысал).
Күрделі деректер қорында өрістерді әр жазбаны бір мәнді анықтайтын қосымша
ақпараттар енгізе отырып, бірнеше кестеге орналастырады.
Ескертпе. Бірнеше деректер қорынан тұратын бір бірімен байланысты
кестелерді, реляциялық кесте деп айтады. Реляциялық деректер қорында,
кестелерде ақпараттар қайталанбас үшін, жазбаларды бір мәнді анықтайтын,
кейбір қызметтік ақпараттар қосылады.
Деректер қорының жазбалар құрылымы анықталған соң, кесте құруға болады.
Кесте Database Desktop бағдарламасы арқылы құрылады. Бұл әр түрлі үлгідегі
(Paradox, dBase, Microsoft Access) әр түрлі үлгідегі деректер қорын
сақтауға, қарауға және өзгертуге мүмкіндік жасайды. Бұдан басқа бағдарлама
сұраулар құру жолымен ақпаратты таңдауға мүмкіндік болады.
1. Жаңа есте құру үшін ToolsDatabase Desktop әмірін қосыңыз.
2. FileNewTabte алыңыз. Ашылған Create Table сұхбат терезеде
құрылатын кесте түрін алу керек (әдеттегі мән Paradox 7)
Нәтижесінде Create Paradox 7 Table терезесі (2.3-сурет) шығады.

Cурет 2.3 – Create Paradox 7 Table сұхбат терезесі

Кестенің әр өрісі үшін атау мен түр, егер қажет болса өлшем беріледі.
Өріс аты деректерді алу үшін қолданылады. Ат Field Name бағанына
ендіріледі, ол латын әрпімен 25 нышаннан аспайды. Өріс түрі дерек түрін
анықтайды.Түр Туре бағанына нышандық тұрақты енгізумен беріледі. Өріс түрі
мен оның сәйкес тұрақтылары кестеде берілген.

Кесте 1 - Өріс түрі ақпарат түрін анықтайды
Түрі Тұрақты Өріс мәні
Alpha A Нышандар жолы. Size - жол ұзындағы (1-255)
аралықта
Number N 15 мәнді аралықта жатқан цифрлар
Money $ Ақша пішіміндегі сан. Сандар разряд тобының
бөлгіші арқылы топқа бөлінеді__
Short S -32767, 32767 аралықтағы бүтін сан
Long Integer I -2 147 483 648, 2 147 483 647 аралықтағы бүтін
сан
Date D Дата
Time T Миллисекундпен берілген, түн ортасынан
басталған уақыт
Memo M Кез келген ұзындықты нышандар жолы. Мұнда мәтін
тұрады. Alpha түрі алаңда сақталынбады. Алаң
өлшемі (1-240). Қалған нышандар файл кеңейтуі
mb, кесте файлы атымен сәйкес келетін атпен
сәйкес келеді
Timestamp @ Уақыт пен дата
Formatted MemoF Нышандар жолы. Қаріп түрі мен өлшемін, бейнелеу
әдісі мен нышандар түсін көрсету мүмкіндігі бар
Graphic G Сурет, графика.
Logical L Шын (true) және өтірік (false) мәндері
Auto-Increment+ Бүтін сан. Кестеге кезекті жазбаны қосқан кезде
өрістегі сан бір бірлікке артып отырады
Bytes Y Екілікті деректер. Мұндай өрістер Database
Desktop бағдарламасы қолданылмайтын деректерді
сактауға қолданылады
Binary В Екілік деректер. Мұндай өрістер Database
Desktop бағдарламасы қолданыпмайтын деректерді
сақтауға қолданылады. Memo түріндегі деректер
секілді бұл деректер кесте файлында болмайды.
Әдетте бұған аудио-деректер жатады

1.5 Деректер қорын (кесте) құру

Деректер қорын құру Database, Table, Query. DataSource құраластарымен
қамтамасыз етіледі. Бүлар Data Access пен BDE құраластар жолағында тұрады.
Database құраласы деректер қорын тұтас, яғни кестелер жинағы ретінде
береді, ал Table дерек қорының бір кестесін алады. DataSource (деректер
көзі) оларды байланыстырады, мысалы, DBGrid пен Table құраластарда SQL
кестенің SQL сұрауын орындауды қамтамасыз етеді. DataSource құраласы
деректер көзін алуға бір құраласты пайдалануға мүмкіндік береді, мысалы,
кесте деректерін бейнелеу үшін DBGrid-ті немесе осы кестtде SQL-сұрауды
орындау керек.
Егер деректер қоры бір кестеден тұрса, деректермен жұмыс істейтін
бағдарламада бір Table мен бір DataSource құраластары ғана болуға тиісті.
Осы құраластар сипаттарын келтірейік:

Кесте 2 – Table құраласы сипаттары
Сипаттары: Анықтайды:
Name Құралас аты
DatabaseName Дерек қорының аты (дерек файлы), оны алуға құралас
қолданылады. Сипаты мәні ретінде деректер қорының
бүркеншік атын пайдалану керек
TableName Деректер файлының аты, оны алу үшін құралас
қолданылады
TableТуре Кесте түрі. Кесте Paradox (tt Paradox), dBase (tt
DBase), FoxPro (tt FoxPro) пішіміндегі деректер жиыны
немесе пішімделген (ttASCII) мәтіндік файл.
Active Кестені белсенді ету белгісі. Нәтижесінде сипатқа
true мәні беріледі, кесте файлын ашу орындалады

Бағдарлама пішінін жасау кезінде DatabaseName мен TableName
сипаттарының мәні тізімнен беріледі. DatabaseName тізімде барлық тіркелген
бүркеншік аттар бар, ал TableName тізімде каталог бүркеншік атына сәйкес
кесте файлдарының аттары бар.
DataSource құраласының Name, DataSet сипаттары бар. DataSet арқылы
байланыс қамтамасыз етіледі. Ол кесте немесе сұрау және жазбаларды алуға
арналған. Бұл сипат арқылы деректер көзі алынады. Мысалы, деректер қоры
үлкен жазбалардан тұратын деректер қоры, бірдей кұрылымды ішкі кестелерге
бөлінетін деректер қоры ұйымдастырылады. Бұл жағдайда әр кестенің өз Table
құраласы болады, ал нақты кестені алу DataSet сипаты мәнін қою арқылы
жүзеге асады.
Table құраласының сипаттары: Name – Таble1, DatabaseName - Tabigat,
TableName - Byrabai.db, Active - true
DataSource құраласының сипаттары: Name - DataSourcel, DataSet – Table1

1.6 Деректер қорын қарау

Деректер қорын пішін күйінде немесе кесте күйінде қарауға болады. Пішін
күйінде тек бір жазбаны көресіз, ал кесте күйінде - бірмезетте бірнеше
жазбаны көруге болады. Екеуі араласып келуі жиі кездеседі. Қысқа ақпарат
кесте түрінде шығарылады, ал қажет болса барлық өpic мазмұнын көруге пішін
күйін қосу aрқылы орындалады. Қарау мен өңдеуді қамтамасыз ететін
құраластар Data Controls тіркемеде тұрады.
Пішін күйі
Пішін күйінде деректер қорын қарау үшін, әр өріс үшін бір құралас болуы
керек. DBText құраласы өрісті тек қарауға мүмкіндік береді. DBEdit мен
DBMemo-қарауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Осы құраластар сипаттары:
Name - құралас аты. Құралас сипаттарын алу үшін қолданылады.
Data Source - деректердің негізгі құраласы.
DataField - бейнелеу немесе өңдеуге құраласты қолданатын, деректер
қорының өрісі.
DBEdit мен DBMemo құраластарының қолданылу мысалы ретінде "Балықтар"
жұмысын қараңыз:
Пішін былайша құрылады. Әуелі бос формаға Table, DataSource құраластары
қойылады. Table, DataSource құраластарын баптаған соң, пішінге DBEdit,
DBMemo құраластары қойылады. DBEdit құраласы Name өрістерін қарау мен
редакциялауға арналған, DBMemo - Note өрісін қарау мен редакциялауға
арналған.
DBEdit1- DBEdit5 және DBMemo құраластарының сипаттары: Барлық құралас
үшін DataSource - DataSourcel қойылады, DataField үшін әр құраласқа сәйкес
өз атаулары қойылады,. Мысалы, DBEdit5 үшін Length_ln қойылады, Label
өріске жазылған сөздер қойылады. Бұл сөздерді қазақша да жазуға болады.
Table құраласының Active сипатына true берілгендіктен, DataField
сипатына мән берілісімен, DBEdit құраласы өрісіне деректер қоры кестесінің
бірінші жазбасының сәйкес өрісінің мазмұны пайда болады. Егер кестеде
деректер болмаса, өріс толтырылмайды. Егер Таble1 құраласта Active false
болса, онда DBEdit құраластар өрісінде Name аты, яғни құралас аты пайда
болады.
Деректер қорының өрісін өңдеу-қарау құраластарынан басқа, пішінге
DBImage құраласын қою керек. Ол суретті қарауға қолданылады.
Деректер файлының жазбаларын қарау үшін, пішінге DBNavigator құраласы
қолданылады. Ондағы магнитофон тетіктерін еске салады. Бүл құралас Data
Controls тіркемеде тұрады Стрелкаларды қозғай отырып, бағдарламадағы
деректерді қарауға қолданылады. DBNavigator құраласының VisibleButtons
қасиеті артық тетіктерді жасыруға мүмкіндік береді.
Енді бағдарлама құрастырмасын қоссақ, бейнебетте оның пішіні шығады.
Өрістерде деректер файлының алғашқы жазбасы тұрады.
Кесте режимі.Жоғарыда айтылған "Балықтар" деректер қорында бағдарлама
пішіні күйінде қолданушы әр сәтте бір ғана жазбаны көре алады. Деректер
қорының мұндай жұмысы ыңғайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесі
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Заңды тұлғалардың көліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Математикалық жабдықтау
Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Пәндер