Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі - адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12-де қағылды. Байқоңыр - ғарыш аймағы - Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта екі рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, В. Мәжіғұлов, Т. Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов тағы басқа болды.
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ. Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты - басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.
Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал - жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық - түлік, су, киім - кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай - талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.
Төртіншісі: байланыс - жер серіктері. Біздің түрлі - түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық.
Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай - ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз - жылма - жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі.
Байқоңыр - біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал - жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние - мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады.
Сондай - ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Қазақстан ғарышты игеруге мүдделі. Неге? гәп сонда. Ғарыштық мемлекет мәртебесіне ие болған ел өзі қалаға алып отырған базбір бағдарлманың маңызы мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант - су ішіп дәлелдеп жатпай - ақ (мысалы, анау иран секілді) алаңсыз жұмыс істей бере алады. Биылғы жылы, яғни 2006 жылдың 18 - маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдегі М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми - зерттеу орталығының мамандары жасаған «Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы біздің ел орталықтан шалғай орналасқан ауылдық жерлерге отандық қана емес, тіпті, спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады. Сонымен қатар «Kazsat» сенімді телефон жүйесін қамтамасыз етеді. Спутник Оралдың арғы жағында жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді Ресей облыстарын да қамтиды. Егер Ресей жағы біздің техникамызды аз мөлшерде болса да жалдайтын болса, онда олар да Сібір мен Орал өңіріндегі өзеннің байланыс мәселелерін оң шешетін болды
Ресей Федерациясының Президенті В. Путин: «Kazsat» спутнигін ұшыру, әлбетте, теңдесі жоқ оқиға. Қазақстанның ғарыштық держава ретінде қалыптасу жолындағы қызметінің жаңа кезеңі. Біз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен үлкен бағдарламасына жолсалудамыз» - дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевшын мәнінде ғарыштық державаға айналған еліміздегі бұл тараптағы келешегінің кемел болатынына зор сенім білдірді. Бұл идея Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға қойып отырған мақсатын орындауына дәлме - дәл келеді.
Байқоңырдың болашағы туралы сөз қозғалғанда, сол қалада тұратын жерлестеріміздің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мен құқығын қорғау мәселесін шешуді де назарда ұстаған жөн болмақ. Өйткені, бұл қаланың Қазақстан меншігі бола тұрып, Ресей елінің заңымен тіршілік ететіні баршамызға белгілі. Қазақстан заңының күші ол жерде жүрмесе, байырғы халық қалай ашынбасын?
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат - табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.
Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.
Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.
Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.
Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі.
Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі - ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.
Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі - «Байқоңыр».
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6, 7 мың км 2 жерді алып жатыр.
Аймақтың рельефі - тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.
Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
Алғашқы (1981 - 85 жж. ) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал - Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.
Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-6 0 С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі - Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3, 2 тоннадан - 16, 2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.
Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.
Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:
1. Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ) ;
2. Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.
Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz