Шумер әдебиеті


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Ежелгі Қосөзеа халықтарынан құдайлар туралы мифтермен қатар асқан данышпан әрі кереметтей күш иелері болған батырлардың ерлік' Жырланған эпикалық шығармалар да келіп жетту. Бірақ бұлардың мәнгілік құдайлардан айырмасы ерте ме, кешпе, әнтеуір барлық пенде сияқты жердегі өмірмен қоштасатындый еді. Бұл эпикалық шығармаларда әр түрлі элементтер тоғысты. Сарай және обыз топтарымен байланысты, дәйекті таптық бағытты жүргізе отырып, халықтын ауыз әдебиетін өңдеуші көшірмешілер толықтырулар, түсіндірмелер арқылы оны күрделендірді. Екінші жағынан, реалды тарихи оқиғалар мен оның егжей-тегжейі аса әсірлі айтылып, ертегіге айналдырылды. Бұрынғы тән шығарма - ежелгі Косөзеннің даңқты батыры Гильгамешке арналған эпикалық цикл. Бұл цяклдың үзінді эпизодтары шумер тілінде сақталған. Аккадтықтар бұларды қабыл-дағаннан кейін түпкілікті бір жүйеге келтіріп, өндеп өзі 12 бөлімнен тұратын Гильгамеш туралы біртұтас поэма құрастырылды.

Гильгамеш тарихта белгілі адам болғаны қазіргі уақытта анықталып отыр. Нақ Гильгамеш тусывда оның баскаруындағы Урук қаласы Қосөзеннің негізгі орталығы болыпты. Бұл ежелгі батырлар жырында халық жиналысының келісімімен Гильмаш туған қаласын азат ету үшін Киш үстемдігіне қарсы күрес ұйым-дастырғаны туралы толық суреттеледі.

Аккад поэмасында Гильгамеш еркектерге каланың дуалдарын соққызған, қыздарды өз гареміне жинатқызған өзімшіл, тәкаппар билік жүргізуші ретінде суреттеледі. Ол өзінің досы Эикидпен бірге бірнеше ерлік көрсетеді (балқарағай орманында . туратын Хумбабу деген алыпты өліред. Гильгамештің күші мен данышпандығына қайран қалған әйел кұдай Иштардың өзі оған жұбайым бол деп ұсыныс жасайды, бірақ айлакер батыр оның тілегін қабыл алмайды. Ол оған бұрынғы сүйіктілерін де оның опасыздықпен құртқаның ескертеді.

Әйел құдайдың тілегін қабыл алмай кемсіткені үшін, оның әкесі Ану назаланып Урукке аспан өгізін жібереді, ол Евфраттын суын түгел ішіп бітіріп, демінен жерді қақ жарады. Алайда Гильгамеш пен Энкиду бұл ғажайыпты да өлтіреді.

Ақырында Гильгамеш кұдайға әлі жетпейтінін ұғады. Оның досы Энкиду өледі. Өлімнің хақ екені батырды катты күйзелтті, сондықтан мәңгілік тіріліктің сырын ашпақ болып алыс сапарға аттанады. Ол мұхитты жүзіп өтіп, топан судан аман қалып, құ-дайдың рақымымен әйелі екеуі мәңгілік өлмес тірлікке ие болған бабасы Утнапишти тұрған аралға келіп жетеді. Олардың келсімен Гильгамеш теніз түбіне түсіп, одан . қартты жасартатын сиқырлы бұта алып шығады, бірақ жылан шыға келіп, оның әлгі өсімдігін ұрлап әкетеді. Поэманың негізгі түйіні - соншалық алып батыр да мәңгілік өмірге жете алмай, құдайдын. әміріне көнуіне тура келді дегісі келеді.

Адамның мүмкіндігінде шек бар екендігі туралы ой тағы да бір поэмада байқалады, оның кейіпкері - Этана.

Ол да Гильгамеш сияқты «мәңгілік өмірге» жеткізетін сиқырлы шөп іздеп, бүркіттін мойнына мініп он төртінші аспанға кө-теріледі. Ол аспаннан төмен карап, жерден көз жазғанын көргенде батыр үрейленіп бүркіттін мойнынан қолын жібереді де, жерге құлап түсіп өледі.

Анағұрлым айқын үлгілері жоғарыда көрсетілген эпикалық шығармалармен қатар бізге шумер мен аккад лирикасы да келіп жетті. Құдайлар құрметіне гимндер де құрастырылған. Оның бірінде қылмыстыларды жазалайтын, түзде жүргендерге жар болатын күн құдайы Шамашты жырлайды.

Сонымен қатар, өмірдің мәнісіне терен ой жүгіртетін ерекше әдеби форма - диалог та кейінірек антик әдебиетіндегідей қолданылады.

Бұған «Мырзаның құлмен әңгімесі» деген шығарма тән. Бір бекзада патшаның қаһарына ұшырайды да, не істеймін деп құлымен кеңеседі. Өмір тұйығынан шығу мүмкіншілігінің бәрі таусылды. . Патшадан үміт-қайыр үзілді, оған қарсы тұруға дәрмен жоқ. Әрине, мұнын бәрін елемей, өмір өтпей тұрғанда оның қызығына түсу керек, ойын-сауык құрып, әйел сүюге болады, бірақ оның да мәні жоқ. Зерігуде - азап, ал әйел болса, ол да жауыз («Әйел біткен - әр, адамның тамағын бауыдайтын өткір темір канжар») . Құлдың айтуынша құдайдың кайырымдылығына сеніп болмайды, өйткені құдайдың адамның қайғысында шаруасы жоқ және ол- адамның жалбарынғайтын да, өтінішін де естімейтін тас керен.

Бұл тұжырымнан біз діни идеологияның ірге тасын қозғалтатын діни скептицизмді байқаймыэ. Құдайдың жоқтығы тікелей айтылмағанмен, діни жоралардың пайдалануды мойындау арқылы бұл бағытта алғашқы кадам жасалды.

Әңгіменің акырында ызаланған бекзада көңілін жұбатпаған сайтан құлды өлтірмек болып каһарын төгеді, ол болса жәйбарақат кана, мырзасынын өзінен сон үш күннен артық тұра алмайтынын ескертеді. Бұдан құл бекзада алдында қандай дәрменсіз болса, бекзада патшаның алдында да сондай дәрменсіз деген ой ашық көрсетілген.

Халық творчествосынын белгілерін мол сақтап калған ерекше жанр - мысал. Бізге бұл жанрдан жануар өмірі жайындағы әңгімелер келіп жетті (бүркіт пен жылан туралы, қорқақ та мақ таншақ түлкі туралы, қайырымды арыстан т. б. туралы) .

Күнделіктіі өмір тіршілігінің ұсақ-түйегін кейде этиканың негізгі мәселелерін козғаған мақал-мәтелді де атап өтуге болады. Бір мәтелде каражатына қарай өмір сүрмегендікті айыптап, үнемдеуге шақырады: «Мырза құсап үй салған адәм, кұлша өмір сүреді; үй салған адам, мырзаша өмір суреді». Халықтын нағыз даналылығы соғысты айыптаудан көрінеді: Сен жауыңның-жерін шапсаң, ол сенің жеріңді шабады».

Шумер өдебиеті - ежелгі Месопотамиядағы Шумерлер корольдігінде шумер тілінде жазылған әдебиет. Бұл тарихтағы ең көне әдебиет. Сына жазу үлгісіндегі шумер тіліндегі жазулар он мықдаған кыш ыдыс бөліктерінен, цилиндр түріндегі кыш мөрлерден, сондай-ак кыш тактағайалардан табылған. Бұл жазбалардың 90-дай пайызы - әкімшілік, экономикалық жөне заң (құқықтық) құжаттар, ал калғаны материалдық қор (мүлік) сипаттамасы, карапайым) вексельдер, түбіртектер (алғаны жөнінде), сауда-сатық істері жайындағы, неке кию туралы шарттар, аманаттар мен сот шешімдері. Жазбаларда жүздеген атаулар мен адам, құдайлар, мекен мен өнім аттары берілген, олардын бәрі де, корыта келгенде, Шумер қоғамы мен оның эконодакасын зерттеуде аса бағалы шығыс материалы болып табылады. Көптеген құжаттарға болып жатқан оқиға маңыздылығына сөйкес жазушылар күнін, уакытын қойып отырған, сондықтан да олар тарихи танымның күнды көзі ретінде бағаланады.

1000-ға тарта жазбалар мүсін, бағана, құмыра, кірпіш, есік көзі мен сақтау коймаларыныи (ғибадатханалардың) негіздерінен табылған. Қара сөздін (прозанын) жоғары мақамында (ститілде) жазылған бұл жазбалар Шумер тарихы мен дініне катысты көптеген ақпараттарға толы.

5000-нан астам қыш тақтайшалар мен олардың фрагменттерінде Шумер өдеби және діни жұмыстары жазылған. Бұл жұмыстардың саны, аңыздар мен эпикалық (ауызекі) әңгімелер, әнұран мен жоқтау жырларын, макалдар мен шығармаларды қосканда, бірнеше жүзге тартады. Түрлі композициялар өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді; кейбір әнұрандардағы жол саны 50 сызықка дейін, ал кейбір аңыздардағы жол саны 1000 сызыққа (жолға) дейін болып келеді. Шумердің барлык. әдеби және діни жұмыстары, мақалдар мен кейбір туындылардан басқасы, поэзиялық үлгіде жазылған. Шумердің саналық, дамуын зертгеуде үлкен құндылық танытатын көптеген әдеби тақтайшалар . ХҮШ ғасырға тән, бірақ көптеген жұмыстар одан бір ғасыр бұрын түзілген. Бұл әдеби тақтайшалардын көбі XX ғасырдың басында қазып алынса да, 1940 жылдан бастап қана оларды құрылымды және жемісті зерттеу қолға алынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫ МЕН ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Шумерлер тілінің мәдениеті
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
О. Сүлейменовтың Аз и Я еңбегiнде көтерiлген кейбір тарихи мәселелер
Мәдениеттану туралы
ЕГИПЕТ ТАРИХЫНЫҢ ТҮПДЕРЕКТЕРІ
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Шығыс мәдениеті
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V -VІІ ғ.ғ.)
А.Бахтидің Шумерлер,скифтер, қазақтар кітабына аннотация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz