“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау


МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама

1. 1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы

1. 2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары

1. 3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

1. 3. 1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы

1. 4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар

1. 4. 1. Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1. 4. 2. Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар

1. 4. 3. Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1. 4. 4. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1. 4. 5. Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

1. 4. 6. Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар

ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық

жүйесін талдау

2. 1. “ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы

2. 2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы

2. 3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы

2. 3. 1. Кiретiн ақпарат

2. 3. 2 Шығатын ақпарат

2. 3. 3. Ақпараттық база

2. 3. 4 Машинадан тыс ақпараттық база

2. 3. 5. Ақпараттық моделъ

2. 3. 6. Қолданылатын жiктегiштер

2. 3. 7. Машина iшiндегi ақпараттық база

2. 4. Программалық жабдықтау

2. 4. 1. Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама

2. 4. 2. Программалық жабдықтаудың құрылымы

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түріне айырылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы жақсы дамып келе жатқан экономика секторларының бірі - банк саласы. Дағдарысты және ифляциялық процесстерді жеңумен байланысты қазіргі Қазақстанның экономикасының проблемалары, банк жүйесінің одан әрі дамуы мен жетілдіруінде орасан зор практикалық мәні бар. Сонымен қатар соңғының дамуы банктің нарыққа шығуын либеризациялау, несие операцияларын жүргізу, банк қызметін талдау, тәукелді басқару және тағы басқада бағыттарды қамтиды.

Қазіргі заманғы банк жүйесі- бұл клиенттерге көрсетілетін дәстүрліжәне дәстүрлі емес әртүрлі қызметтер саласы. Қазақстан нарықтық экономикаға өтуінен кейін, екінші деңгейдегі банктердің салыққа көрсететін жаңа қызметтерінің бірі несие операцияларын жүргізу болып табылады.

Ақшалай қаражаттар нарығын, әсіресе, несиелік қаржыларын реттеу мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу процесіндегі маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елдің экономикасында қандай ақша массасы айналыста екендігінен, көптеген экономикалық көрсеткіштер байланысты болады.

Мемлекеттік қазынадағы несие резервтерінің болуы елге сәйкесінше халықаралық экономикалық саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Несие процесстерінің қалай қалыптасқанына байланысты, өзінің тауарларын дүние жүзінің нарығына шығарушы көптеген кәсіпорындар- экспортшылар түсімділігіне тәуелді. Сондықтан мемлекет үшін маңызды міндеттерінің бірі елдің несие қаражаттары нарығын реттеу болып табылады. Яғни осының барлығы мемлекеттік бюджеттің көлеміне байланысты.

Курстық жұмыс қазынашылықтың ақпараттық жүйесiн жасауға негiзделген.

Курстық жұмыстың мақсаты - кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.

Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлiмiнде ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты, ҚР аудан қазынашылығында ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен “Қазынашылық кіріс бюджетін бақылаудың” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды сызба-нұсқасы берiлген.

“ Бюджет кірісін бақылау” бөлiмiнде “Бюджет кірісін бақылау” есептер кешенiнiң орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.

Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама

1. 1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы

Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.

Қазақстан Халық Банкі 80 жылдан астам уақыт өзінің клиеттерінің игілігіне жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттің ең ірі қаржылық институттарының бірі, бүкіл ұлттық көлемдегі филиалдар жүйесін меңгерген, оның негізі бірқалыптылық және тұрақтылық.

Соңғы жылдары елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, ішкі экономикалық қызметтерге деген қызығушылықты тудырып отыр. Соның ішінде қаржылық басқару және қаржылық саясатқа, қаржылық бақылау және оның түрлеріне, сонымен қатар қаржылық-несиелік тіреуіштер.

1994 жылдың басында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде Басты Қазынашылық Басқару құрылды.

Қазынашылықтың құрылуымен қаржы жүйесінің нормативті және құқықтық базалар, жаңа механизмнің құрылуы және кассалық бюджеттің атқарылуы туралы жұмыстар жеңілденді.

Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспарының және қаржы құралдарының қорлары болып -мемлекеттік бюджет табылады.

Ол Қазақстан Республикасының республикалық бюджетін және жергілікті бюджеттерді-облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді біріктіреді.

Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен республикалық бюджет- заң болып саналады. Барлық мемлекеттік бюджеттердің кірістері қазынашылықта жинақталады және барлық мемлекеттік бюджеттен кеткен шығыстар қазынашылықтың қарамағында жүріп отырады.

Қазынашылық комитеті республикалық мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы - Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының үкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулы және жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкімімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің жарлықтарымен, Қазынашылық комитетінің деңгейі туралы және қаржы процедурасының ережесімен барлық бюджет жүйесінің бөлімдері қызмет жасайды.

1996 жылы шығындарды қаржыландыру және республикалық бюджеттің орындалуы екі параллельді сыныптама бойынша жүрді.

Қазынашылық жүйесінің негізгі элементі болып Орталық банкте Біріктірілген Қазынашылық Шот (БҚШ) саналады.

1996 жылы 6-шілде айында Қазақстан Ұлттық банкінде Біріктірілген Қазынашылық Шот ашылды. Оған мемлекеттік бюджеттің жалпы сомасы облыс қазынашылығын басқару кезіндегі кассалық кірістері мен шығыстары аударылады және жазылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазынашылық Департаментіне Біріктірілген Қазынашылық Шотына электронды тапсырыс бойынша түбіртек шот береді. Берілген құжат Қазынашылық Департаментінің Мәліметтер базасына автоматты түрде жазылады. Мемлекеттік бюджеттің деңгейін берілген құжатты өңдеуден өткізіп шығарады, содан кейін оны Үкімет басына және Қаржы Министрлігіне жібереді.

Қазынашылық өзінің қарамағында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативті-құқықты актілермен басқарады.

Қазынашылық- мемлекеттің бекіткен ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға. Қазынашылықтың мемлекеттік тілде жазылған мөрі және штампы бар, бланктің үлгісі, сондай-ақ заңмен сәйкес келетін банкте шоттары бар. Қазынашылық өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсе алады.

Қазынашылықтың толық аты- «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекеме.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің белгілеуі бойынша Қазынашылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі босатқан Төраға басқарады.

Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігінің құрамындағы Қазынашылық Комитетінен және әр территория бойынша бөлінген облыстардан тұрады. Қазынашылық Комитетінің басқару құрамындағылар:

  • республикалық бюджеттің орындалуы; республикалық бюджеттегі бухгалтерлік есеп және есеп беру; банктегі операциялардағы бухгалтерлік есеп және есеп беруі; мемлекеттік қарыздардың нақтылығы; несиелендіру; ақпараттандыру; бюджеттің кассалық орындалуын бақылау; бюджеттік есептің әдістемесі; технологиялық операциялар және есеп саясаты; сонымен қатар бөлімдері бар:

- қазынашылықты жетілдіру жобасын іске асыру;

- ұйымдық.

Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн негiзгi
көрсеткiштердi және басымдықтарды анықтау

1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республиканың индикативтiк жоспары), жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтарды дамытудың тиiстi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын және мемлекеттiк бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негізгi кезеңдi қамтиды:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау;
2) жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу;
3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын мақұлдау.
3. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi мынадай нысан бойынша жасалады:
1) түсiмдер:
- кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер) ;
-алынған ресми трансферттер;
- несиелердi қайтару;
2) шығыстар;
3) бюджет тапшылығы (профицитi) ;
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) .

4. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Республиканың индикативтiк жоспарының негiзiнде және өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде орталық атқарушы органдарға және облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы), өзге де мемлекеттiк органдарға алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджет түсiмдерiнiң көлемiн болжамдау, алдағы он жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты бағалау және болжау үшiн қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесiн жiбередi.
6. Орталық атқарушы органдар және облыстың жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгi жiберген көрсеткiштердiң тiзбесi бойынша болжамды деректердi (бұдан әрi - мемлекеттiк бюджеттi болжамдауға арналған деректер) бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
7. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есептi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi және бiр мезгiлде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай ұсыныстар бередi: <*>
Республиканың индикативтiк жоспарының, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша;
1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
8. Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қарыз капиталы рыноктарындағы өзгерiстердiң болжамдарын ескере отырып, Республиканың индикативтiк жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштерi, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыш көлемдерi мен құрылымы серпiнiнiң есептеулерi және мемлекеттiк бюджеттi болжамдауға арналған деректер негiзiнде:
осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген нысанда жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн;
алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;
тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жасалған шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген көрсеткiштердi, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн, алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тізбесiн қарайды және анықтайды, сондай-ақ олардан түсетiн түсiмдердiң болжамды көлемдерiн анықтау және оны кейiннен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн қарайды.
Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк

бағдарламалардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.
9. Республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы кірiстердi бөлу нормативтерiн, қарыз алудың қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып жасалған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептеулерiн ескере отырып, Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн;
республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi;
республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитiн) ;
тиiстi қаржы жылының соңындағы үкiметтiк борыштың лимитін;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитін;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнісiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимитiн;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды.
10. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн қоспағанда, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.
11. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi

шегінде инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiн оларды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi. <*>
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiне және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жеткiзедi.
Бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жетiмдi болуы тиiс.
Бағдарламаның мақсаты жеке мiндеттерге бөлiнедi, яғни басты мақсат бағдарламаны шешу жолдарын құрылымдау және бөлу жолымен неғұрлым жеке бөлiнiп тәптiштеледi.
Бағдарламаның мiндеттерi бағдарламаның мақсатын көрсетедi және анық, айқын, нақты әрi тексерiлетiн болуы тиiс.
Мiндеттер қойылған мақсаттарға жетудiң негізгi кезеңдерiн білдiруi тиiс;

Қаржы министрлiгi мыналарды қарайды:
осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген облыстар бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн әрi келiседi;
бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың жеткiзiлген лимиттерiне, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердің дұрыстығы мен негiзділігі мәнінде.
Қаржы министрлiгi осы Ереженің 19-тармағында көрсетiлген Республикалық бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 20 шілдесiне дейiнгi мерзiмде:
1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткiштерiн:
ерекшелiктер бөлінісiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемдерiн;
ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның ішінде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының көлемдерiн;
республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнің) мөлшерiн;

тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкіметтiк борыш лимитiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитiн;
2) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi:
акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан түсетiн түсiмдердiң толық тiзбесiн;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн;
Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтерінің мөлшерiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша міндеттемелерін орындау сомасын;
айлық жалақының, зейнетақының ең аз мөлшерлерiн, айлық есептік көрсеткіштi;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн;
Заң жобасымен бiр мезгiлде Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi.
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдағаннан кейiн Қаржы министрлiгi осы Ереженің 12-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді. Облыстың бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде ауданда (қалада) iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды облыстық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн облыстық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi.

Аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу

1. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органының келiсуiне ұсынады.
Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын негiздеу үшiн аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазынашылық ақпараттық жүйелері
ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
Бюджет жайлы
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Мемлекеттік бюджет туралы мәлімет
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Қазынашылық. Қазынашылықтың мәні және атқарылатын жұмыстары
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Қаржыларды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz