Сот билігінің конституциялық негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сот билігінің конституциялық негіздері.
  2. Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары
  3. Сот билігі, функциясы және қоғам

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сот билігінің конституциялық негіздері.

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі - сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот - құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:

1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.

2) судьялар әкімшілігі - судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;

3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.

Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары - алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.

4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;

5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.

6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты - Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге - аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдіретіне жатқызылады.

Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар - біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.

7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік - біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.

Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы

жауапкершілігі өте жоғары

Сот жүйесі мен қызметін түпкілікті қайта құру, судья ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып, сот ісін жүргізуді тиімділікпен жоғары дәрежеге жеткізу, бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы судья ешкімнің де ықпалына қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, мемлекет атынан сот билігін жүзеге асырады, сот мәжілісі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығын қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады, ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Адам тағдырында сот билігі әділеттіліктің ең жоғарғы сатысы іспетті.

Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары. Адам тағдырына байланысты билік айту, үкім (шешім, қаулы) шығару оңай емес. Күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын тауып, шынайы шындықтың түбіне жету үшін арнайы білім, кәсіби даярлық, зеректік, қабілет, мол тәжірибемен қатар, заңдарды жетік білу және оны дұрыс талдай білу керек.

Елбасы соттардың ІІІ съезінде халықтың Президентке, Үкіметке, әкім не министрлерге емес, тек сотқа ғана жүгіну қажеттігін нақтылап айтты.

Қазір қалың көпшілік бұрынғыдай атқарушы билікке көп шағымданбайды. Арыз-шағымын айтып, соттарға жүгінуге бейім. Бұл сот билігіне халық сенімінің артқандығының белгісі.

Қазақстан халқы, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде, адам құқығы мен бостандығының басымдығын мойындай отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағанын өз Конституциямызда баянды етті.

Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғанымыз жоқ, демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік.

Жаңа қоғамдық қатынастарды орнықтыру олардың құқықтық қамтамасыз етілуіне уақытылы түзетулер енгізумен, сапалы заңдардың қабылдануымен, жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құқық қорғау органдарының кінәратсіз әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот беделінің шүбәсіздігін мойындаумен ұштастырылып отыр.

Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоғарылығы дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Қоғамда сот билігіне деген сенім барған сайын арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «біз демократиялық қоғамдастықтағы жалпыға ортақ стандарттарға сәйкес келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында тұрмыз» деген ойы, кейбір ғалымдардың сот реформасы аяқталды деген пікірлерін жоққа шығарып отыр.

Жоғарыда аталған Президент Жолдауында алдағы уақытта шұғылданатын мәселелер нақтыланып көрсетілген, яғни сот өндірісін оңайлату, оның обьективтілігін, сондай-ақ сот актілерінің тұрақтылығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту; сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету; судьяның біліктілігін арттыру; қылмыстық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету; қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне алқа билер соты институтын енгізу; сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын барынша қамтамасыз ету.

Осы мәселелерді шешу жолында бірінші тұлға ол судья. Сол себептіде судья мәртебесіне байланысты мәселелердің өзектілігі бұрынғыдан да арта түсуде. Айтылған жағдайлар диссертациялық жұмыс тақырыбының өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

Сот билігі, функциясы және қоғам

Осы жиырма жылда Қазақстандағы сот билігінің де асқан белестері айтарлықтай, жеткен жетістіктері де көп. Қазіргі таңда еліміздің сот билігіне толықтай сипат беру үшін әрбір заңгер маман Конституция баптарына жүгінетіндігі сөзсіз. Себебі, Ата Заңымыздың қағидаларында сот билігі Қазақстан Республикасындағы біртұтас биліктің бір тармағы ретінде танылып, мемлекеттік билік органдарының өзара тепе-теңдік принципі негізінде жұмыс атқаруының тұғырына айналды. Еліміздің сот билігінің мазмұнын ашуда аталмыш қағида шешуші әрі орталық орын алады.

Қазақстандағы сот билігінің қоғам мен мемлекеттік билік органдары арасындағы қарым-қатынастағы рөліне баға беру үшін оның айрықша мемлекеттік билік түрі екендігін анықтайтын өзіне тән ерекшеліктерін атап өткен жөн.

Біріншіден, сот билігі - мемлекетіміздің басқа билік салаларынан, яғни атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарынан өкілеттіктері бойынша да дараланып тұр, демек, өз қызметінде тәуелсіз әрі тек заңдарды ғана басшылыққа алады.

Екіншіден, сот билігінің басты мақсаты еліміздің заңдарына сай әділ шешімдер қабылдау болғандықтан, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғауда шешуші рөлге ие. Егер, басқа мемлекеттік органдардың құқық қорғау функциялары белгілі бір құзырет шегінен аспайтын болса, соттар әрбір тұлғаның тағдырына байланысты түпкілікті, тек заңға негізделген шешім қабылдау арқылы әлеуметтік әділдікті орнатады. Демек, сот билігінің тәуелсіз билік саласы болып құрылуының астарлы себебі де осында. Өйткені соттардың тәуелсіздігі - азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мен әділ шешім шығарудың кепілі.

Қазіргі таңда, қоғам арасында сот билігіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жататыны белгілі. Тіпті, кейбір газет пен журнал беттеріндегі мақалаларда жалпы соттар шығарған шешімдердің ішінара қаншасы әділ, қаншасы заңсыз деген сұраққа жауап беруді мақсат еткен әртүрлі қоғамдық сұраулардың қорытындысы негізінде пайыздық көрсеткіштерді анықтап, осыған байланысты қоғамдағы пікірді қалыптастыру тәсілдері де кең орын алғаны жасырын емес. Осыған байланысты айта кететін бір жәйт, кез келген сотта істі қарау барысында белгілі бір тараптың сот шешімімен келіспейтіндігі анық. Өйткені, тек заңдарға сүйене отырып шешім шығару барысында сот белгілі бір тұлғаға жауапкершілік, не болмаса міндет жүктейтіндігі ақиқат. Осы орайда қоғамдағы соттар, жалпы сот билігі жайлы пікірді тек халық арасында жүргізген сұрау қорытындысы бойынша анықтау дұрыс па деген заңды сұрақ туады. Меніңше, қазіргі таңдағы қоғамдағы сот билігі жайлы кейбір теріс пікірлердің қалыптасуының астарлы себептері осы саланы зерттеудегі, сондай-ақ сот билігінің халыққа деген қызмет көрсету дәрежесін анықтаудағы таңдалып жатқан тәсілдердің біржақты, үстірт қолданылуында. Сондықтан, қоғамдағы сот билігіне деген сенімнің артуына бағытталған шаралар кешенді әрі жан-жақты болуы тиіс.

Басқа мемлекеттік органдардың қызметімен салыстыратын болсақ сот билігін жүзеге асыру әрқашанда ашық әрі жарыспалылық қағидаларына сүйенген. Демек, сотта кез келген қоғам мүшесі заң мен белгілі бір іс шеңберінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға тікелей қатыса алады. Өз кезінде Т. Джеферсон айтқандай: "Адамның тумасынан пайда болған құқықтарынан басқа нәрсенің барлығы уақыт өте өзгеріске ұшырайды".

Мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп таныған сәттен бастап адамның құқықтары мен бостандықтары басты орынға ие болды. Оның жарқын көрінісін Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабының мазмұнынан көреміз: " . . . Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Осы орайда, мемлекетіміздегі әрбір жеке және заңды тұлғаның құқығын қорғап, заңнаманың қағидаларын тікелей орындайтын сот билігінің билік саласы ретіндегі атқаратын қызметі жалпы мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығының бірден-бір кепілі, әрі басты құралдарының бірі деп айтсақ, артық айтқан болмаспыз.

Сот билігінің мемлекеттік басқарудағы рөлін осы саланың әрі қарай дамуына Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше ықыласпен қарап, жүргізіліп жатқан реформаларға бастама болуынан көреміз. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдаулары аясында сот билігін дамыту мәселесіне ерекше орын бөліп, еліміздің сот жүйесін әрі қарай дамыту жолдарына қолдау жасауының нәтижесінде қазіргі таңда елеулі жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Осы орайда, сот билігін жүзеге асыру барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейте отырып, осы саладағы ұлттық заңдарымызды халықаралық қағидалар мен стандарттарға сай қылу мақсатында біршама жұмыстар атқарылғандығын да айта кеткен жөн. Оның жарқын көріністері ретінде елімізде ТМД мемлекеттері ішінде алғашқы болып өлім жазасы сияқты қылмыстық жауаптылық түріне мораторий жариялағандығын айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судьялардың мәртебесі
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚР-ның сот жүйесі
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Конституциялық құқықтағы билік бөліну қағидасы
Сот билігінің тәуелсіздігі
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі
Сот билігі және әділ сот
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz