Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидалары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидалары
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі
1. 1. Азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық . . . 5
1. 2. Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі . . . 7
1. 3. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері . . . 13
2. Азаматық іс жүргізу құқығының қағидалары
2. 1. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінігі маңызы және жүйесі . . . 19
2. 2. Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық -функционалды қағидалары . . . 24
2. 3. Азаматтық іс жүргізу құқығының функционалды қағидалары . . . 29
3. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары
3. 1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі және оның ерекшеліктері . . . 32
3. 2. АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары . . . 33
3. 3. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу . . . 34
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59
Кіріспе
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде-азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.
АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.
АІЖҚ-ы - азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.
Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б. т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну қатынастарымен сипатталады.
Ал диспозитивті тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы арқылы қозғалады, яғни құқық туралы даудың субъектілеріне байланысты, ал сот өз бастамасымен азаматтық істі қозғауға құқы жоқ.
АІЖК-ң жүйесі -азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық қатынастырды реттейтін процессуалдық құқық нормаларының реттелген жиынтығы.
Қ. Р Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8- бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
- Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
- Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР -да сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға .
Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т. б.
Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы заңнын 3-бабы 3 -тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтауы тиіс.
Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-ң 40, 43 -бабында көзделеген
Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару.
1. Азаматық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі
1. 1. Азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық
Қ. Р Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8- бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
- Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі. /13/
- Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР -да сот билігін жүзеге асырушы лауазымды тұлға .
Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке, заңды тұлғаларға міндетті т. б.
Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы заңнын 3-бабы 3 -тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .
Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтауы тиіс.
Әділшілікпен сот актісін шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін қарастырған. Ол АІЖК-ң 40, 43 -бабында көзделеген. /7/
Субъективті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару.
Азаматтық құқықтарды қорғау ҚР заңды актілерінде қарастырылған белгілі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Оларға:
- Соттық (мемлекеттік соттар)
- Қоғамдық (келісім комиссиялары)
- Нотариалдық
- Әкімшілік (өкілетті және атқару органдары)
- Өзін-өзі қорғау тәсілдері жатады.
Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану - объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.
Азаматтық сот өндірісінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайдың бар немесе жоқ екенін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқада жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттық дәлелдеу жолымен бекітеді.
Соттағы дәлелдеудің негізі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды. /11/
Жалпы, соттағы дәлелдеуді-соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екенін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруғы болады.
Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.
Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:
- Дәлелдемелерді жинау және табыстау.
- Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.
- Дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдеу пәні іс бойынша нені бекіту қажет және нендей мән-жайлар дәлелдеуге жатады деген сұраққа жауап береді. Іс бойынша дәлелдеу пәнін нақты және дұрыс анықтау-сот процесінің қорытындысы бойынша заңды және негізді шешімнің шығуына негіз болып табылады.
Дәлелдеудің пәні-азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті заңды фактілер мен өзге де мән-жайлардың жиынтығы. Сондықтан дәлелдемелердің қатыстылығы іс бойынша дәлелдеу пәніне байланысты.
1. 2. Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде -азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.
АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.
АІЖҚ-ы - азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.
Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б. т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну қатынастарымен сипатталады.
Ал диспозитивті тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы арқылы қозғалады, яғни құқық туралы даудың субъектілеріне байланысты, ал сот өз бастамасымен азаматтық істі қозғауға құқы жоқ. /4/
АІЖК-ң жүйесі -азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық қатынастырды реттейтін процессуалдық құқық нормаларының реттелген жиынтығы.
Іс жүргізу жүйесі 2-ге бөлінеді:
а) Жалпы бөлім
б) Ерекше бөлім
Жалпы бөлімінде сот өндірісінің жалпы ережелері сипатталады. Оған АІЖК-ң 1 бөлімі “Жалпы ережелер” кіреді. Олар:
- АІЖ заңдары
- Сот өндірісінің міндеттері мен қағидалары
- Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы
- Азаматтық істердің соттылығы
- Соттық құрамы және қарсылық білдіру
- Іске қатысушы тұлғалар
- Сотта өкілдік ету
- Дәлелдемелер және дәлелдеу
- Соттық шығындар
- Мәжбүрлеу шаралары
- Іс жүргізу мерзімдері
- Сот хабарлары мен шақырулары
Ерекше бөлімнің нормалары процестің жеке сатыларын қамтиды. Оған АІЖК 2, 3, 4, 5- бөлімдері кіреді.
- 1 инстанцияда азаматтық істерді қарау.
- Сот қаулыларын қайта қарау.
- Жайылған сот ісін қайта қалпына келтіру.
- Атқару өндірісі.
АІЖҚ-ң қайнар көздері.
Жалпы құқықтың қайнар көздері заңды мағынада мемлекеттік актілер болып табылады. ҚР-да құқықтық қайнар көздерге нормативтік құқық актілер жатады. Нормативтік құқықтық актілер бірнеше топтарға бөлінеді.
Қайнар көздердің 1- тобы:
- ҚР Конституциясы.
- ҚР Конституциялық заңдары.
- Бір деңгейлі нормативтік құқық актілер-кодекстер, заңдар, ҚР президенттің жарлықтары жатады.
ІІ тобы:
Заң асты нормативтік құқықтық актілер.
ІІІ. Халықаралық шарттар.
ҚР халықаралық шарттын және өзге де міндеттемелері, ҚР конституциялық кеңесі мен жоғарғы сатысының нормативті қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығына құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР бекіткен халықаралық шарттар ҚР кодіксінен басым болады және олар тікелей қолданылады.
Азаматтық сот ісін жүргіу, іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Дәлелдемелердің жарамдылығы олардың алған уақытта қолданылып жүрген мен айқындалады. /16/
Нормативті құқықтық актілер мына мерзімде күшіне енеді.
- ҚР заңдары, ҚР президент жарлықтары, ҚРҮкіметінің қаулылыры-егер заңның өзінде басқа мерзімдер көзделген ресми жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде,
- ҚР Парламентінің қаулылары -актіде өзгеше көзделмесе-ресми жарияланған күннен бастап,
- ҚР Конституциялық кеңесінің қаулылары -қабылданған күннен бастап,
- ҚР жоғарғы соттының нормативті қаулылары ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін.
Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
Азаматтық іс жүргізу заңының кеңістіктегі күші «Нормативтік құқықтық акт туралы» заңның ережелеріне сәйкес анықталады.
ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі, Конститутциялық кеңесі, жоғарғы соты қабылдаған нормативтік құқығы актілерінің күші егер актінің өзінде басқаша көзделмесе ҚР бүкіл территориясына тарайды. Нормативтік актілердің күші ҚР территориясындағы бүкіл азаматтар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетел азаматтары мен азаматтығы жақтарға қолданылады. /1/
Дәлелдемелер дегеніміз -істің дұрыс шешілуіне әсер ететін шынайы мәліметтер. Дәлелдемелер біріншіден, іске қатысты болуы тиіс;
екіншіден, заңда көзделген дәлелдемелердің түрі болуы тиіс
Соттағы дәлелдемелерді сипаттайтын бірінші белгі, - соттағы дәлелдемелер заңды тәсілмен алынған нақты мән-жайлар болуы тиіс деген теореманы тереңірек ашатын болсақ, ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 9-тармақшасында заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды делінген /17/. Сонымен бірге АІЖК-ң 69-бабының 3-тармағында заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды деп көрсетілген.
Соттың дәлелдемелердің бірінші белгісінде дәлелдемелерге жол беру ережесі көрініс табады. АІЖК-ң 68-бабының 1-тармағында егер дәлелдеме осы кодексте негізделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беруге болады деп танылады. Куәлерден жауап, тараптар мен үшінші тұлғалардан жауап, жазбаша және ауызша дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы заңда көрсетілген тәртіппен алынуы тиіс.
АІЖК-ң 69-бабында дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер көрсетілген. Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып, іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып, оның ішінде:
- Күш қолдану, қорқыту, алдау, сол секілді өзге де заңсыз іс - әрекеттерді қолдана отырып;
- Оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалана отырып;
- Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты;
- Қарсылық білдіруге жататын адамның іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты;
- Іс жүргізу іс-әрекетінің тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
- Белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
- Дәлелдеу барысында қазіргі ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып алынған болса, олар нақты деректердің растығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, оларды сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайды деп тануға тиіс.
Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамшылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша сот белгілейді. /12/
Аталған тәртіп бұзушылықтармен алынған нақты деректер тиісті тәртіп бұзушылықтардың және оларға жол берген адамдардың кінәлілігінің дәлелдемесі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Соттағы дәлелдемелерге тән екінші белгі дәлелдемелердің іске қатысты болуы. Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын оларға күмән келтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Сот дәлелдемелердің қатыстылығына байланысты сұрақты шешкенде ізделініп отырған фактінің шеңберінен шығады, яғни, дәлелдемелердің қатыстылығы дәлелдеу пәнімен анықталады. Егер іс бойынша нақты деректер мен заңды фактілермен басқа да мән-жайлардың арасында байланыс бар болса, онда сот дәлелдемелерді іске қатысты деп таниды. Ал ондай байланыс болмаса дәлелдемелік материалдар іске қатысты емес деп танылады.
Олай болса, дәлелдемелердің қатыстылығына байланысты мәселелер, бірінші кезекте материалдық құқықтық нормаларына сәйкес жүргізіледі. Себебі дәл материалдық құқық нормаларында маңызды фактілер бекітілген.
Практикада нақты деректердің қатыстылығын анықтауда кейбір қиыншылықтар туындайды.
Соттық дәлелдемелерге қатысты үшінші белгі - дәлелдемелерді заңда қарастырылған тәсілдер арқылы алу. Заңда көзделмеген тәсілдермен алынған дәлелдемелер соттық дәлелдемелер деп танылмайды.
Дәлелдемелерді алудың заңда қарастырылған түрлері мыналар:
- тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері;
- куәлердің жауап беруі;
- жазбаша дәлелдемелер;
- заттай дәлелдемелер;
- сарапшылардың қорытындысы;
Азаматтық істер бойынша дәлелдеу міндеті тараптарға жүктелген. АІЖК-ң 65-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдеу әрекетінде тараптар іс жүргізудің жарыспалылық қағидасына сүйенеді.
Дәлелдеу құқығы теориясында, дәлелдеу - бұл тараптардың міндеті емес, құқығы деген пікір бар. Сондықтан бұл жерде «дәлелдеу ауыртпалығы» (бремя доказывания) деген терминді қолдану дұрыс сияқты. Аталған жағдайға байланысты теорияға көптеген пікірлер ұсынып, дискуссия жүргізуге болады, бірақ заң тараптарға дәлелдеу міндетті деп көрсетіп отыр АІЖК-ң 65-бабы.
Талапкер өз талабының негізін құрайтын мән-жайларын, жауапкер-талапқа қарсы негіздерін, дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар-өзінің қойған талабын негіздейтін мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәл сондай міндет мемлекеттің және қоғамның, сондай-ақ өзге тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта қорғау үшін талап арыз немесе арыз беретін прокурорға, мемлекеттік органға жергілікті өзін-өзі басқару органына, жекелеген азаматтарға жүктейді.
1. 3. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері
Азаматтық сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асырудың тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін, белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері кодекстің 5-бабында көзделген, онда азаматтар мен ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады делінген. /4/ Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына, қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және өздеріне тән ерекшеліктері болады. Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де мынандай 4 топқа бөлінген:
- Бұйрық арқылы іс жүргізу
- Талап арқылы іс жүргізу
- Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу
- Ерекше өндіріс
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап борышкер болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке азаматтар қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен қаралады. Сондықтан да талап өндірісінің ережелері азаматтық сот өндірісіндегі жалпы ережелер болып танылады.
Талап өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.
Азаматтық іс жүргізу нормаларынан талап өндірісінде түрлі материалдық құқықтық қатынастардан туындаған істер қаралып. Шешілетіні белгілі. Талап өндірісінде қаралатын істердің барлығы азаматтық-құқықтық даулардың яғни, құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады. Құқық жөніндегі даудың негізі- құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу қаупінің болуы.
Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән белгілер:
1. Құқық туралы даудың немесе заңды мүддеснің бар болуы.
2. Заңды мүдделері бір-біріне қарама-қайшы тараптардың арасында басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т. б. ережелер кіреді.
Дегенмен, ерекше талаптың сот өндірісінің өзінетән мынандай ерекшеліктері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz