Бесік жырлары – эстетикалық мәдениет қалыптастырудың алғашқы сатысы


Бесік жырлары - эстетикалық мәдениет
қалыптастырудың алғашқы сатысы.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял - қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасын, мәдениетін, ойын - әрісін кеңейтіп, ана т ілінде сөйлеп, сөз өнеріне, айнала - қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ауыз әдебиеті жанрлары орасан зор рөл атақарады. Олай дейтініміз, көркем шығарманың қайнар бұлағы - халықта. Сондықтан да оның тәрбиелік нәрі туралы сөз қозғағанда, алдымен фольклор ауызға алынады.
Қазіргі заманғы талаптарына сай және тұлғаның эстетикалық мәдениетінің қалыптсарыуда балалар фальклоры жанрларын пайдалану басты мәселелердің бірі. Оны қалыптастыру - өте күрделі де ұзақ үрдіс, яғни оқушылардың бойында бірден қалыптаса қоймайды деген сөз. Сондықтан да ол сәбидің дүние есігін алғаш авшқан күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың эстетикалық мәдениетін дамытуда қазақ фальклор жанрларын пайдалануды маңызы зор, солардың бірі - балаларға арналған әндер, бесік жырлары.
Ұлы Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
өлеңмен жер қойнына кірер денең,
өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
ойлансаңшы, бос қақпай елең - селең, - деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: «Гректер атақты храмдарың египеттіктер пирамидаларының қытайлықтар фарфор бұйымдар мен мәрмәрдан жасалған адам мүсіндерінің италяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларың француздар сурет өнерін үлгі етсе, көшіпелі қазақ елі аса бай өлең - жыр мұрасын қалдырады . . . деп жазса, Швейцарияның кемеңгер педагогы И. Г. Песталоции: «Бала тәрбиесі - оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі жанұяда басталып, мектепте одан әрі қариай жалғастырылуы шарт», - деген қағиданы ұсынады»
. . . Қазақ балалар әндерінің қай - қайсысын алмасақ та өнегелі өсиет пен ізгілікті мейірбандыққа татулық пен бірлікке адамгершілікке, байсалды мінез - құлыққа, салиқалы ақылдылыққа насихаттап отырады . . . Адам баласы тарихында ауыз әдебиетнің алтын ұрығы - жыр - өлеңнің бірінші бастамасы - «Бесік жыры» десек, бұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен арманы, эстетикалық идеялы бейнеленген. Жырдың негізгі мазмұны бөбекті ұйықтауға, тынышталдыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады. . мысалы :
. . . Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін . . .
Быламыққа май құйып, -
Төңкерме қып берейін . . .
Түн ұйқымды бөлейін,
Ақ сүіімді берейін
Ұйықтай қойшы құлыным,
Қолқа, жүрек, жұлыным,
Өзің сүйген әніңді,
Тағы да айтып берейін, - деп айтыла береді. Шындығында, тумысында уызға жарымаған төл-қатпа болса, бала жанына нұр құятын, тұла бойын елжіреттетін ана жүрегінің мейірім-шапағатына толы - «рухани уызына» жарымаған сәби өмірде қандай адам болып шығарын болжап айту қиын-ақ. Сәбиді өмірге әкеліп, күтіп, бағып, тәрбиелеу, ақ бесікке салып, оның мәңгілік қамқоршысы болу ата-ананың борышы болғандықтан, нәресте дүниеге келгенде қуанып, оны өздеріне бақыт санау, шілдехана жасап, ат қою, тұсау кесу т. б. жалпы халықтық салтқа, әдет-ғұрыпқа, эстетикалық идеялға айналған.
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің? . . .
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей
Шешен болар ма екенсің? . . .
Баласын тербеткен ана кейде өз басынан кешкен қайғысы мен қасіретін, қуанышы мен рахатын өлеңге қосып жырлай отырып, болашақтан күткен зор үмітке, арман-тілекке, еркін өмір сүруге жеткізетін осылар болар ма екен деп, ән арқылы жас басынан баласының құлағына құйып отырған:
. . . Кең балағын түрісіп,
Ойға, тауға жүрісіп,
Балуан болар ма екенсің? . . . т. с. с.
Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бірдей шығуы бала тербеткен ананың да бесікте жатқан баланың да көңіл-күйлерін ашып, рахатқа бөлеп, жүректері бірге соққандай әсер береді. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдында неше алуан тілек - мақсаттар қою ән-өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылып, осылайша бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісіне халық зор мән берген. Мұндай бесік жырлары, өлеңдердің бастауыш сыныптың әр сатысындағы оқушылардың да жасы өскен сайын күрделеніп, олардың күрделеніп, олардың ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал жасап, ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелейді. Сондықтан да, жалпыға білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында өткізілнтін қазақ тілі, ана тілі, ән-саз т. б. сабақтарында балаларға арналған бесік жырлары, өлеңдер неғұрлым көбірек қамтылса, жас жеткіншектердің бойында соғұрлым өзінен кішілерге деген мейірімділік, бауырмалдық, ата-анаға, жасы үлкендерге деген ізет, сыйластық, жалпы адамгершілік сезімдері оянып, оқу білімге, өнерге деген құштарлық, әсемдікке, сұлулыққа, мәдениетті болуға деген ұмтылыс арта түседі, яғни бабалар аманаты, рухани қазына-ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қастерлеуге тәрбиелейді.
Өз елінің тілін, дінін, рухани мәдениетін, білген адам, біртіндеп әлемдік мәдениетті үйренеді. Ендеше, бұл қасиет бесік тербеткен ананың әлдиімен, әженің ертегісімен, отбасында айтылып отыратын мақал-мәтел, жұмбақ, аңыз әңгімелерімен бала боына дарытылып, сол арқылы ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға деген қызығушылық танытып, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Демек, аталған жұмыс баланың шыр етіп дүниеге келген кезінен бастап жас ерекшелігіне байланысты біртіндеп күрделеніп отыруы керек.
Ұрпақ тәрбиесі - ұстаз қолында.
Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейінде, даму бағытына тікелей байланысты болмақ.
Бүгін таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік - эканомикалық салаларындағы жағдайы түбірімен өзгереді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат қалыптастырцу үшін ақыл - ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экалогиялық, эканомикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек, оқу - тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті Жұмабаев Мағжанның мына сөздері еске оралады: « Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесі тәрбие қылуға міндетті » Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей, білім берем деу бекер әрешілік.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті намысты ұрпақ» өсіру үшін, әсіресе, мына шарттарды есте ұстағанымыз жөн.
- Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін
жас ұрапқты баулып тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі саған ерте, оған тиым саламыз» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардавн құтқару қажет. Мұны баланың ойын еркін айта білуге, білімге жетеулеудің бір арнасы деп ұғу абзал.
- Жас ұрпақты адамға тән табиға, адами сезіммен өмірді, табиғатты
сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек. Ол үшін жанды - жансыз жаратылысты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы тіршілік деген тұтас әлемнің қадір - қөасиетін танытқан дұрыс.
- Жаратылыстың ақйқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп,
ұғындырған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп - шындықты үйрету мектебі болуы тиіс.
Жоғарыда айтылған басты әрі негізгі қағиданың үшеуіде қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісінен алынып отыр. Халқымыз өз ұрпағын осыларды басшылыққа ала отырып тәрбиелейді. Ата дәстүрінен алшақтап, бүгінгі дәуір талабына ғана иек арту ұшпаққа шығармайды. Сондықтан ұлттық мектептің басты мақсаты ұлтымыздың мә»дени, рухани жолын танып - білуге негізделуі керек. Бұл - ұлттық сана мен нанымды қайта қалыптастыру деген сөз. Ал бүгінгі мақсат- мұрат белгілі. Ол - білімі жоғары, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі жоғары парасатты, мәдениетті, еңбекқор, іскер, сондай - ақ бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамзатты оқытып тәрбиелеу, оны дамыту.
Мектепте снып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына да арнайы бағыт беріліп, қадағаланып отырады. Сынып жетекшілеріне ұсынылған жұмыстың негізгі құрамдас бөліктері мыналар:
1 сынып оқушыларына сипаттама.
2. сынып жетекшісінің міндеттері.
3. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
4. Оқушыларының жан - жақты білімін дамыту, тәрбиелеудің бір тұтастығын қалыптастыру.
5. Халық педагогика тағылымын үйрету.
6. Жас ерекшеліктеріне сәйкес салауаттылық тәрбие беру.
7 Оқушылардың үлкендермен қарым - қатынасын ұйымдастыру.
8. мектептегі әлеуметтік қызмет жүйесі;
а) әлеуметтік - педагогикалық қызмет;
ә) әлеуметтік - медициналық қызмет
б) әлеуметтік- құқықтық қызмет;
в) әлеуметтік - тұрмыстық қызмет;
осы жоғарыдағы шаруалардың барлығы жүзеге асыруда мектептің, отбасының, әкімшіліктің, құқық қорғау орындарының жауапкершілгі аса зор. Бұл шаралардың жүйелі, үздіксіз жүргізлуі өз жемісін беріп келеді. Мектеп жергілікті әкәмшілікпен ата- ана, жұртшылықпен бірлесіп жұмыс жүргізуінің нәтижесінде біздің оқушылар арасында қазір тәртібі төмен оқушы, жалпы тәртіп бұзушылық жоқ десем, артық айтқандығым емес. Олай дейтінім, бізде тұрмысы төмен, асырушысынан айырлған, көп балалы отбасыларына әлеуметтік қорғау шаралары қолға алынған.
Сондай - ақ мектеп тәрбие жұмысында «Атамекен», «Кусар бұлақ», «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» сияқты бағдарламаны және 1995 жылы Білім министірлігі ұсынған тәлім - тәрбиелік тұжырымдаманың жобасын басшылыққа ала отырып, адамгершілік, имандылық тәрбиесі негізінде жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл жерде отбасының рөлі үлкен. Соның негізінде мектебіміз «Ата - аналар», «Әкелер мектебі», «Аққу» қыздар ұйымдары.
Ал, ұлт дегенде алдымен аузына туған елің түседі. Мектпетегі тарих, география пәндері мұғалімдері жергілікті жердің жер - суы, табиғаты, тарихы жайлы үнемі зерттеп, сабақтарында оларды пайдаланып отырадын. Нақтырақ айтқанда «Туған өлке- тұнған шежіре» тақырыбында жұмыс жүргізе отырып, «Отан» деген ұғымының өз отбасынан, ауылынан басталатынын ұқтыруға ұмтылады.
Ұлттық мектептегі оқу - тәрбие жұмысының мазмұны, негізінен, ұлттық реңде беріліп, оған бүкіл әлемдік деңгейдегі озық үлгілердің тиімдісін қоса пайдалана жүргізу қажет. Жаңадан енгізіліп жатқан «Салауатты өмір салты», «Эстетика», т. б пәндерге де арнайы оқулықтар жазылып, балаға еркін оқытылса, құба - құп.
Музыкалық тәрбие әдістері
Оқу - тәрбие жұмысында ұлттық мектептің негізгі ерекшелігі оқушыларды өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген табыстарыныа ұмтылуға тәрбиелеу, ұрпақты ата - баба салт - дәстүрімен, әдет - ғұрпымен қайта табыстыру.
Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек.
Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасуға қатыстырып отырып олардың бойында белгілі адамгершілік - эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.
Тәрбиедегі басты мақсат, қоғам мүшелерін әлеуеттендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып қоймай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болады.
Ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату - басты міндет. Бағдарлама мазмұнына ауыз әдебиеті жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармалар енгізіледі.
Бағдарламада шешендік айтыс, суырып салма ақындық өнері, ән айту, жыр - терме, театр өнері, би сабақтары да интгерацияланған курстарда өз бейнесін тапты. Ұлттық өнерге осылай оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізді, оқу - тәрбие процесінің сапасын арттырады. Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілетін дамытады.
Ұла Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т. б мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады.
Ойшыл ақын жеке адамның эстетикалық сезімсдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырады. Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуда үлкендер неғұрлым ертерек ойластруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән - күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz