Абай ұлы ұстаз



1 Абай Құнанбайұлы
2 Абай ұстанып отырған дәстүрлі дүниетаным
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы. Өлеңді 12 жасынан шығара бастаған, алайда бізге жеткені бірнешеу ғана. Жігіттік шағы өткен соң өлеңге қайта оралған ұлы ақын жас кезіндегідей бүркеншік атпен жазып жүреді. Тек 1886 жылы ғана «Жаз» атты өлеңіне өзінің тұңғыш қолын қояды. Абайдың асыл мұрасы аса бай: өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен қара сөздерден тұрады. Пушкинді алғаш рет аударған да Абай еді. Лермонтов, Крылов, Гете, Шиллер, Байронды т.б. қазақша сөйлетті. Өз өлеңдерінде Абай әсем табиғатты, туған жерді әлеуметтік өмірмен астастыра суреттей отырып, жалқаулықты, көрсеқызарлықты, алты бақан алауыздықты, надандықты әшкерелейді. Шығармашылық мұрасы ішінде Абай әндері де айрықша орын алады. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» аударған үзінділері нәзік әуен болып, қазақ жұртшылығына кеңінен тарады. Абай есімі жер жүзі халықтары үшін Шекспир, Гете, Пушкин есімдерімен қатар тұр. Оның асыл сөздері тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.
Ғылым-білімді игеру өте қиын процесс. Қазақ: «Оқу инемен құдық қазғандай» — деген даналық ой айтады. Мұны тіке түсінуге болмайды: инемен құдық қазылмайды. Халық даналығы бұл мақал арқылы оқу, білім алу процесінің өте күрделілігіне нұсқаса керек. Сондықтан бала ә дегенде оқудың қиындығынан қашады. Әрі оқу баланы қимыл-қозғалыстан шектейді. Ал қимыл-қозғалыс, оның нәтижесіндегі ойын-күлкі – барлығы балаға үлкен ләззат сезімін, рақат сезімін сыйлайды. Ойын-күлкі, ішпек-жемек, ұйықтамақ тәрізділер тән құмарының қатарына жатады. Бұлар бала үшін өте «тәтті» нәрселер. Ал тәттісінен кім өз еркімен айырылғысы келеді дейсіз?

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыс
тауында дүниеге келген, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы. Өлеңді 12
жасынан шығара бастаған, алайда бізге жеткені бірнешеу ғана. Жігіттік шағы
өткен соң өлеңге қайта оралған ұлы ақын жас кезіндегідей бүркеншік атпен
жазып жүреді. Тек 1886 жылы ғана Жаз атты өлеңіне өзінің тұңғыш қолын
қояды. Абайдың асыл мұрасы аса бай: өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен
қара сөздерден тұрады. Пушкинді алғаш рет аударған да Абай еді. Лермонтов,
Крылов, Гете, Шиллер, Байронды т.б. қазақша сөйлетті. Өз өлеңдерінде Абай
әсем табиғатты, туған жерді әлеуметтік өмірмен астастыра суреттей отырып,
жалқаулықты, көрсеқызарлықты, алты бақан алауыздықты, надандықты
әшкерелейді. Шығармашылық мұрасы ішінде Абай әндері де айрықша орын алады.
Пушкиннің Евгений Онегинінен аударған үзінділері нәзік әуен болып, қазақ
жұртшылығына кеңінен тарады. Абай есімі жер жүзі халықтары үшін Шекспир,
Гете, Пушкин есімдерімен қатар тұр. Оның асыл сөздері тек бір халықтың ғана
емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.
Ғылым-білімді игеру өте қиын процесс. Қазақ: Оқу инемен құдық
қазғандай — деген даналық ой айтады. Мұны тіке түсінуге болмайды: инемен
құдық қазылмайды. Халық даналығы бұл мақал арқылы оқу, білім алу процесінің
өте күрделілігіне нұсқаса керек. Сондықтан бала ә дегенде оқудың
қиындығынан қашады. Әрі оқу баланы қимыл-қозғалыстан шектейді. Ал қимыл-
қозғалыс, оның нәтижесіндегі ойын-күлкі – барлығы балаға үлкен ләззат
сезімін, рақат сезімін сыйлайды. Ойын-күлкі, ішпек-жемек, ұйықтамақ
тәрізділер тән құмарының қатарына жатады. Бұлар бала үшін өте тәтті
нәрселер. Ал тәттісінен кім өз еркімен айырылғысы келеді дейсіз?
Ал енді осы тән құмарымен қатар жан құмары бар емес пе? Сонда жан құмары
дегеніміз не екен, Абайдың өзіне құлақ түріп көрелік.
Абай ұлы ұстаз ретінде шәкірттерін үйрету үшін халық ауыз әдебиетінің
барлық жанрларын шебер пайдаланған. Соның бірі – жұмбақтар. Абай өзінің бір
жұмбағында:
Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен –
Соны білсең, әрнені білгендерің, — деп сұрақ қояды да, жауабын: Шешуі:
білмекке құмарлық — деп береді.
Сонымен жан құмары – білмекке құмарлық болып шықты. Әрбір құмарлық
тәттілікке негізделеді; кез-келген құмарлықтың түбі тәттілікке барып
тіреледі. Былайша айтқанда, бала бір нәрсеге тәтті болғандықтан ғана
құмар болады. Ал енді осы екі құмарлықтың қайсысы тәтті? Бұл жөнінде
неміс ойшылы Артур Шопенгауер былай деп ой толғайды: Біз жас кезімізде
өзімізді қанша алдасақ та, ең жоғарғы, әртүрлі, әрі ең ұзақ ләззат – рухани
ләззат (Абайша жан құмары — О. Ж.) болып табылады; ал ол өз кезегінде
рухтың күштілігене байланысты. Осыдан келіп, бала ненің тәтті екенін
білмейтін болып шығады: шын тәттінің не екенін білгенде бұрынғысын тастай
салып, жаңасына ұмтылмай ма; оның тәтті деп жүргенінің өзі шын тәттіге
ұшырасқаннан соң өзі де тәтті болудан қалмай ма?.. Шын тәттінің дәмін
бір алып алғаннан кейін өзі-ақ іздемей ме?..
Міне, Абайдың Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене
келе өзі іздегендей болғанша деген ойын осылайша түсінуге болады ғой деп
ойлаймыз.
Енді осы мәтінді талдау барысында пайда болған түсініктерімізді бір
түйіндеп алатын мезгіл жеткен сияқты. Сонымен, Алла тағала бізді сүйіп
жаратқан, махаббатпен жаратқан. Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй
ол Алланы жаннан тәтті. Осыдан келіп біздің махаббатқа мұқтаждығымыз
шығады: өйткені, махаббаттың төлеуі – махаббат қана. Біз біреуге қарыз
екенбіз; соны қайтару керек болғандықтан да махаббатқа ие болуымыз керек
екен. Себебі, Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың
қарыз емес пе?. Бір сөзбен айтқанда, не алдық — соны қайтаруымыз қажет.
Сондықтан да Абай махаббаттың төлеуі – махаббат дейді. Ал енді осы
махаббатқа қалай ие бола аламыз? Әлбетте, ғылым-білім арқылы. Ғылым-білімге
құштар болу арқылы, оны сүю арқылы қарызымызды өтей алады екенбіз. Өйтені
Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм
адамдық дүр.
Сол себептен де Абай ғылым-білімге деген махаббатқа қалай ие болуға
болатынын, оның себептерін тәптіштеп түсіндіріп береді. Түсіндіре келе:
Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана
аты адам болады, — дейді.
Міне, осы тезистен Абайдың әйгілі толық адам болу концепциясы
басталады. Ойшылдың сан-салалы күрделі шығармашылығының алтын арқауы да осы
ойдан түзіледі. Бұл жердегі басты мәселе – адам болу мен ғылым-білімге
деген махаббаттың теңестірілуі. Ғылым-білімге деген махаббат – адамдықтың
басты шарты, адам болудың басты шарты болып шығады. Неліктен? Өйткені:
Сонда ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық,
өз адамдығын бұзбай ғана, жәліб манфағат (пайдалы нәрсе – О. Ж.) дәфғы
мұзарратларны (зиянды нәрседен қашу –О. Ж.) айырмақлық секілді ғылым-
білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Егер баланың ғылым-
білімге махаббаты оянбаса, онда адам да жоқ. Адам болудың жолы өте қиын.
Ата-анадан туылуың – әлі саған адам деген атақ бермейді. Сен тек адам
болуға мүмкіндік ретінде дүниеге келесің. Яғни, сен әлі тек мүмкіндік
қанасың: адам болуың, не болмауың – нейғабыл. Бірақ, адам болуыңның жолы
бар – ол өзіңнің шыққан тегіңді тану. Өзіңнің кім екеніңді, не үшін
дүниеге келгеніңді, өміріңнің мәні мен мағынасы неде екенін тануың керек.
Бір сөзбен айтқанда, өзіңнің болмысыңды тануың керек. Ал жаңағы қойылған
сұрақтардың барлығы болмыстың модустары, яғни, қырлары. Біз өз болмысымызды
қалай тани аламыз, немесе, қалай тануға болады?
Абай ұстанып отырған дәстүрлі дүниетаным бойынша, адамның болмысы
жаратылған болып табылады. Ал егер жаратылған болса, Жаратушы бар деген
сөз. Сонда адам өз болмысын тану үшін әуелі өзінің Жаратушысын тануы шарт.
Ойшылдың ... сонда ғана Алланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені
танымақтық... дейтіні сондықтан.
Сонда бұл ойдың логикалық жүйесі мынаған саяды: адам, бірінші, ғылым-
білім арқылы өз Жаратушысын таниды; Оны танығаны — өзін танығаны болып
шығады. Ал өзін танығанда дүниені тануға, жақсы мен жаманды айыруға
мүмкіндік алады. Өйткені, адам дүниені өзі арқылы ғана, өзінің қатынасы
арқылы ғана тани алады. Дүниенің парқы мен нарқын, ненің жақсы-жаманын
сайып келгенде айқындайтын адамның өзі емес пе? Ал бұларды өзін таныған
адам ғана айыра алады.
Дүние деген – мен және осы меннің дүниеге қатынасы. Дүние, жақсы
мен жаманның парқы менің санамда бейнеленуі арқылы орын алады. Міне, Абай
ойын осылайша ұғуға болады ғой деп ойлаймыз.
Өз ойын Абай әрі қарай: Болмаса жоқ, ең болмаса шала — деп
жалғастырады. Яғни ғылым-білімге махаббат болмаса адам да жоқ; болған
күннің өзінде — шала. Неліктен? Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-
аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол
балалар өздері барған болады – ешбір бәһра (парсыша – пайда, нәтиже, үнем
О. Ж.) болмайды. Салған жерден неге бәһра болмайтыны айқын болды – ол
қиянатқа байланысты болып шықты. Енді қиянат дегеніміз не деген сұрақ
туады? Қиянат – орысша – зло, яғни жамандық, теріс — негативті нәрсе.
Баланы бұлаққа теңер болсақ, онда оны қай арнаға бұрсаң – сол арнамен ағары
белгілі. Ендеше, бала-бастау бұлақты қиянаттың арнасына бір бұрып алсақ
(жамандықтың деп ұғыңыз) – жақсылықтың арнасына қалай бұрамыз? Өйткені
ғылым-білім адамды дамуға жетелейді, ал даму, жетілу қашанда жақсылықтың
жолы. Қиянат – жамандық – негативті категория, ал жақсылық – даму, жетілу –
позитивті категория. Екеуі от пен су секілді қарама-қарсы нәрселер.
Немесе мүмкіндік ретінде баланы топыраққа (почва) теңер болсақ, оған
себілген дәннің (ғылым-білімнің дәрі деп ұғыңыз) өсіп шығуы үшін де
топырақтың құнарлы да бай болуы қажет емес пе? Баланың ғылым-білімге
ұмтылуының ең басты алғышарттарының бірі де бірегейі – баланың бастау
бұлағының таза болуы. Яғни баланың тек жақсылыққа ұмтылуы, жамандықтан
бойын аулақ ұстап, жетілуге, дамуға, бір сөзбен айтқанда адам болуға
бейілді болуы. Қазақтар — сыншы халық: олар баланың бойынан бір жақсылықтың
нышанын көре қалса мынау адам болады екен деп сүйсініп, жамандықтың
нышанын көрсе мынау адам болмайды деп күйініп жатады. Сонда ғылым-
білімнің басты алғышарты адамшылық екен. Бұл мәселенің мәнісін ашып, терең
зерттеген Абай: Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай
білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, баланың
күнәсіне тағы ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: Әне, оны берем,
міне, мұны берем деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың, соңыра
балаң алдамшы болса кімнен көресің? Боқта деп, біреуді боқтатып, кәпір,
қияңқы, осыған тимеңдерші деп, оны масаттандырып, әбден тентектікке
үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болды
деп, қу, сұм бол деп, пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді деп,
тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Енді осы
баладан қайыр күтесің бе? дейді. Міне, осылайша Абай айтқан қиянаттың
мәнісі бізге мәлім болды ғой деп ойлаймыз.
Әрі қарай Абай өз ойын: Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да,
ұстазға да, хаттә иман иғтиқадқа да (дінге сену – О. Ж.) қиянатпен болады
деп жалғастырады. Ал енді сұрақ қоялық: неліктен ол балалар жаңағы аты
аталған нәрселерге қиянатпен болады? Ол үшін ең алдымен осы сөздердің
мағынасына үңіліп көрейік. Сонда ғана сұрағымызға жауап табылады деп
ойлаймыз.
Бұл қатардағы бірінші кездесетін талап сөзі. Талаб — қазақ тіліне
араб тілінен енген сөз. Ал араб сөздері тілімізге Ислам дінінің,
мәдениетінің әсер-ықпалымен енгені белгілі жайт. Сондықтан да іздеу деген
мағынаны білдіретін талаб сөзі қазақ тіліне діни салмақ артып енгені өз-
өзінен түсінікті. Кейіннен, әрине, бұл сөзің қолданыс аясы кеңіп, алғашқы
діни мағынасы ұмытылып, ынта, ықылас, ұмтылу, мақсат, тілек, міндет,
жауапкершілік сияқты мағынаға ие болады. Бірақ бұл сөздің түпкі мағынасын
қайдан табамыз? Әрине тілдің өз бойынан. Өйткені, Тіл — болмыстың
ақиқатының үйі М. Хайдеггер. Қаазақ тілінде Талаптыға нұр жауар деген
сөз бар. Бұл әрине, іздеген адам іздегенін табады, ұмтылған адамның еңбегі
зая кетпейді деген сипаттағы мағыналарды береді. Бірақ дәл, сөзбе-сөз
мағынасына үңіліп көрелік. Сөздің алғашқы мағынасында қолданар болсақ,
іздеген адамға нұр жауады болып шығады. нұр — арабша жарық деген
мағынаны білдіреді. Енді іздеген адамға жарық жауады болып шықты. Адам
жарықты неге іздейді, жарыққа неге сонша мұқтаж? Мәселенің түйіні ан-
нур (жарық) Алла тағаланың 99 көркем есімінің бірі екенін білгенімізде
шешілетін тәрізді. Сонда мақалдың мағынасы – іздеген адам Алланы табады
болып ашылады. Ал Алланы табу үшін ғылым-білімнің қажеттігін Абай атамыз
бізге тәптіштеп тұрып түсіндіріп берген жоқ па? Ендеше, бұл талаб (Алланы
іздеу) Талаб ал-Ғилм-білім іздеу, білімге ұмтылу мағынасында әрбір
мұсылманның міндетіне айналады. Сондықтан, Абай талапқа да дегенде, осы
алғашқы мағынасында, яғни білім іздеуде деген мағынасында қолданып отыр
ғой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Абай мен Мағжан педагогикасындағы үндестік
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Абайдың ақындық өнері
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Ләззат Бәйішқызы
М. Әуезовтың педагогикалық еңбектері
Абай тұлғасы
Абайдың ақындық мектебі
М.Әуезов – үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз
Пәндер