Жеміс сүйегі ұнтақтары негізіндегі қатты адсорбенттердің су бетінен мұнай және мұнай өнімдерін жинау тиімділігін зерттеу


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АПАТ КЕЗІНДЕ ТӨГІЛГЕН МҰНАЙ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН СУ БЕТІНЕН ЖИНАУ

Студент - Каримов С. С., жетекшілері - аға оқытушы Мамытов К. Ж., т. ғ. д., профессор Сатаев М. И.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы, Тәуке - хан даңғылы- 5.

Мұнай және мұнай өнімдерінің су бетінен жиналуының, мұнай дақтары сорбциялауш материалдармен сіңірілетін әдістері белгілі, бұл әдістерде мұнай және мұнай өнімдерінің дақтары өлшемдері 0, 1-1, 0 мкм болатын силандарды полимерлі талшықтардан жасалған матрицаларға қосу арқылы жасалатын сорбциялаушы кеуекті материалдармен сіңіріледі.

Бұл әдістердің кемшілігі болып сорбциялаушы материал алдын ала күрделі технологиялық өңдеуге тартылатындығымен, бастапқы шикізаттардың тапшылығымен, алынған материалды пайдаланудың шектілігімен түсіндіріледі.

Бұл жұмыста ұсынылып отырған жұмысқа су бетінен мұнай және мұнай өнімдерін су бетіне шашылатын қатты адсорбенттер - шиналық түйір ұнтақтарын шашу арқылы жинап алу әдісі жатады.

Су бетінен мұнай және мұнай өнімдерін жинап ал әдісінің кемшілігі болып келесілер саналады: мұнай өнімдеріне қатысты алған резиналық түйіршіктердің адсорбциялық қабілетінің төмендігі, мұнайды резиналық түйіршіктермен адсорбциялау коэффициенті 2 ге тең, басқаша айтқанда 1 г резиналық түйіршікке 2 мл мұнай өнімі сіңіріледі, сонымен қатар ескі покрышкалардан шиналық түйіршіктері дайындаудың жоғары еңбек сыйымдылығы және энергияны көп қажет етуін жатқызуға болады.

Бұл жұмысты міндеті мұнай және мұнай өнімдерін су бетінен жинап алу тиімділігін жоғарылату және әдісті орындауды арзандату болып табылады.

Ол су бетінен мұнай және мұнай өнімдерін апаттық төгілулерде мұнай бетіне сорбциялаушы затты біртегіс етіп жағып және мұнай және мұнай өнімдерін пласта алу арқылы сіңіріп және алынған пластаны механикалық құралдармен жинап, және сорбциялаушы құралдар ретінде өлшемдері 0, 1-0, 5 мм болатын жемістер сүектері пайдаланылады.

Әдіс келесідей түрде жүргізіледі.

Сорбентті алу жеміс сүйектерін диірменде 0, 1-0, 5 мм өлшемге дейін механикалық майдалудан басталады. Алынған жеміс сүйектерінің ұнтағы (ЖСҰ) мұнай төгілген су бетінде жеңіл ыдырауға қабілетті болады. Мұнай және мұнай өнімдерін адсорбциялау процесі 1-5 минут көлемінде жүргізіледі. Одан соң мұнай және мұнай өнімдерін сіңрген ЖСҰ кез- келген механикалық әдістермен жиналады. Осылай сорбцияланған мұнай және мұнай өнімдері суға қайтадан өтпейді. ЖСҰ тіпті жұқа мұнай қабыршақтарының өзінде су бетінде тұра алады. Жинап алынған соң ЖСҰ мұнайдан центрифугалаумен ертікіштерді пайдалана отырып арылады, және мұнай және мұнай өнімдерін су бетінен жинап алу үшін көп ретті пайдаланыла алады. Бұл әдіс кермекті және теңіз сулары үшін кез келген температурада қолануға жарамды.

Мысалы. Зертханалық ыдыста су бетіне орташа тұтқырлықтағы 100 мл мұнайды құямыз. Қалыңдығы 1, 5-2 мм болатын мұнайлы қабыршақ түзіледі. Қабат бетіне бірқалыпты етіп 40 г ЖСҰ 7-10 пайыз ылғалдылықты саламыз, ЖСҰ өлшемдері 0, 1-0, 5 мм аралығнында жатады. Мұнайды 2 минут көлемінде сіңірген соң ыдыста су бетінен жеңіл бөлініп алынатын пласта түзіледі.

ЖСҰ бөлшектері қабыршақ қалыңдығы 0, 1 мм кем болмайтын болса суға батып кетпейді.

Мысал-2. суы бар ыдысқа қалыңдығы 2 мм болатын әртүрлі типтегі мұнай және мұнай өнімдерін құямыз және одан кейін ЖСҰ салынады. ЖСҰ адсорбция коэффициенттері және оптимальды шығыны мұнай өнімдерінің тығыздығына қарай өзгеріп отырады, оны төмендегі кестедегі мәліметтерге қарап байқауға болады.

Кесте 1. ЖСҰ мұнай және мұнай өнімдерінің түріне байланысты адсорбция коэффициентінің және шығынының өзгеруі

Адсорбцияланушы мұнай және мұнай өнімдерінің түрі
Тығыздығы, г/см 3
Көлемге қатысты шығыны, %
Адсорбция коэффициенті
Адсорбцияланушы мұнай және мұнай өнімдерінің түрі: Орташа мұнай
Тығыздығы, г/см3: 0, 92
Көлемге қатысты шығыны, %: 40
Адсорбция коэффициенті: 2, 5
Адсорбцияланушы мұнай және мұнай өнімдерінің түрі: Дизель отыны
Тығыздығы, г/см3: 0, 82
Көлемге қатысты шығыны, %: 40
Адсорбция коэффициенті: 2, 5
Адсорбцияланушы мұнай және мұнай өнімдерінің түрі: Жоғары тұтқырлықты мұнай
Тығыздығы, г/см3: 0, 98
Көлемге қатысты шығыны, %: 30
Адсорбция коэффициенті: 3, 3
Адсорбцияланушы мұнай және мұнай өнімдерінің түрі: Минералды май
Тығыздығы, г/см3: 0, 90
Көлемге қатысты шығыны, %: 35
Адсорбция коэффициенті: 2, 8

Жеміс сүйектерінің қабықтары консервілеу зауыттары және май өндіруші комбинаттардың көптонналық қалдықтарына жатады.

Су бетінен мұнай және мұнай өнімдерін жинап алудың жобаланып отырған тәсілі қалдықтарды сорбциялаушы материалдар ретінде пайдалана отырып мұнай және мұнай өнімдерінің су бетінен тазалану тиімділігін мұнай және мұнай өнімдерін сіңіріп алу тиімділігін арттыру есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жинаудың қарапайымдылығын және СФК ұнтақтарынан адсорбцияланған мұнайды СФК ұнтақтарын көп ретті пайдалана отырып жинауға мүмкіндік туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мұнай кен орындарын игеру және ұңғы өнімдерін жинау мен дайындаудың технологиялық-жобалау негіздері
Мұнай және мұнай өнімдерін тұзсыздандыру: тұздардың пайда болуы, эмульсиялар және әдістері
Атырау мұнай-құбыр басқармасының мұнай тасымалдаудағы экономикалық тиімділігін бағалау
Сұйық мұнай өнімдерін сақтау үшін болат горизонтальды цилиндрлік резервуарларды зерттеу және есептеу
Мұнай өндіру саласында ұңғы өнімін кәсіпшілік жинау, тасымалдау және дайындаудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі
Мұнай өнімдерімен ластанған су қоймаларын тиімді биоремедиациялау әдістерін зерттеу
Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасының зертханалық практикумы: құрылымы, мұнай мен мұнай өнімдерін талдау әдістері және зертханалық қауіпсіздік
Мұнай-газ ұңғылары: жинау, дайындау жабдықтары және игеру режимдері
Газгольдерлердің классификациясы және цистерналардан мұнай мен мұнай өнімдерін эжекторлық жолмен төгу әдісін есептеу
Мұнай және мұнай қоспаларының оптикалық қасиеттері мен зерттеу әдістемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz