Әлеуметтік интеграторлар


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік интеграторлар

  1. Мәдениет, ар-намыс
  2. Мемлекет, ақша, нарық, идеология және олардың социомәдени процестердегі ролі

Интегратор термині - іргелі термин және жүйе бірліктері қатынасының жолдарын баяндайды. Бір жағынан, интегратор жүйенің бөлінуінен, оның тұрақтылығын ұжым болып сақтап қалса, екінші жағынан, жүйенің бірлік ретінде бірігіп қызмет етуіне жәрдемдеседі. Әлеуметтік интегратор - индивидтер мен әрекет етуші субъектілер қоғамда бір-бірімен байланысты болатын принциптерге қатысты.

  1. Мәдениет, ар-намыс.

Мәдениеттің маңызды бөлігі құндылықты-танымдық жүйе. Құндылық дегеніміз белгілі бір қоғамдық заттардың қасиеті, қажеттілік, ынтаны қанағаттандыратын құбылыс. Құндылықтар әлеуметтік субъектіні өзінің қажеттіліктерін қоршаған ортадағы заттармен ара қатынасында пайда болады. Құндылықтар оқиғаларды, заттарды және адамдарды, олардың абыройын, сұлулығын немесе өнегелік қасиеттерін бағалауға көмектесетін өлшемдерін білдіреді.

Ар-намыс - ең жоғарғы құндылық. Жылпы адами құндылықтарды, адамзат мүдделері кез келген қоғамның маңызды мәселесі екендігі даусыз. Сондықтан да бүгінде ар-намыс және қадір-қасиет сияқты құндылықтарды зерттеу қажеттігі айқын.

Әрбір жеке тұлғаға ар-намыс, қадір-қасиет құндылықтары тән. Ар-намыс және қадір-қасиет категориялар адамды қоғамдық жоғарғы құндылық ретінде анықтайды.

Ежелгі гректер мен римдіктер ар-намыс, қадір-қасиет санаттарын тұлғаны құрметтеуімен сабақтастырған. Бізге жеткен қайнар көздерге жүгінсек, Грецияда әр бір адам қоғамдық пікірге үлкен назар аударған. Қоғамдық пікір мен ол туралы идея адамдардың мінез-құлқына ерекше әсер етіп отырған. Міне, сол себепті гректерде ішкі ар-намыс ілгері ұмтылуды, ерліктің импульсі ретінде маңызды орынға ие болғандығы белгілі. Зерттеушілер ар-намысқа ұмтылуды ұлы істердің маңыздысы басты факторлардың бірі, негізгісі деп санаған. Олардың айтуынша, гректерде қарғыс, ар-намысты жоғалту қорқынышының күші заңдардан басым болғандығын айтады. Римде этика таразысында ар-намыс заңдардан салмақтырақ, ауыр болғаны анық.

Ар-намысқа Грецияның ұлы пәлсафашылары Платон мен Аристотельдің де өз көзқарастары болды. Платонның айтуы болынша, ар-намыс құқықпен тығыз байланысты. ар-намысты идеалға ұмтылыс деп бағалаған Платон бұл құндылықты жоғалту құқықтардан айруға әкелетінін де топшылайды.

Аристотельде ар-намысты ішкі, сыртқы құндылықтардың ең жоғарғысы екендігін, мұны адамзаттың мойындайтынын жазған.

Сонымен жоғарыда айтылған пәлсафалық, құқықтық ой-көзқарастарды топтап, ой елегінен өткізер болсақ, ар-намыс дегеннің соншалықты бір ұлы күш екендігін ұғынамыз. ар-намыс, қадір-қасиет ұғымының мазмұны өте бай және кең. Оларды құлықтық сана саласында (сезім, түсінік ретінде) және этика саласында (моральдқ категория ретінде) қарастыруға болады.

Ар-намыс, қадір-қасиет белгілі бағыттылыққа ие. Олардың объектісі - адам, адамдар тобы, ұжм немесе кең ауқымды ұлт, тап болады.

Адамзаттың ар-намыс, қадір-қасиет түсінігін қалыптастыратын қатынастар саласы заңды тұлғаның ар-намысы, қадір-қасиеті белгілерін қалыптастыратын қатынастардан кеңірек. Яғни адами, ұлттық, кәсіби, жыныстық, тұлғалық қадір-қасиет түсініктер бар. Олардың арасында адами қадір-қасиет идеясы негізгі орынға ие. Адамды жоғарғы қоғамдық құндылық ретінде тану басты орында.

Осы идеяны жүзеге асыру қоғамның гуманисттік негіздерінің және құлықтық саулығының дәлелі болып табылады. Адами қадір-қасиетті сыйлау, кепілдеу және қорғауды, оның жағымды өмір жағдайларын жасауды, оған жоғарғы құндылық ретінде қарауды білдіреді.

А, Луначарскийдің айтуы бойынша, ар-намысы бар адам импульсивті тұлға емес. Өйткені мұндай жан өз сезімін басшылыққа алмайды. Ар-намысты адам дегеніміз - денсаулығы мықты, ақылды, көңілді, сыйлы моральды тұлға.

Ар-намыс - белгілі азаматқа берілген әлеуметтік баға, объектівті қоғамдық қасиет. Ар-намыс тарихи категория, өйткені ол адамзат қоғамымен бірге пайда болған. Сондықтан бұл қоғам да, жеке тұлға да осынау құлықтық сипатты жоққа шығара алмайды. Яғни, адамдар қауымы бар кезде оның жеке мүшелері төңірегінде адамдар тарапынан ббелгілі бір деңгейде бағалауға тап болады.

Азаматтың мемлекет тарапынан берілетін сыртқы ар-намысты да пайдаланады. Мемлекет тарапынан құрметтеуге нақты азамат, сондай-ақ жалпы азаматтар лайық болады. Мемлекет әрбір адамды жеке этика тұрғысынан бағалай алмайды. Сондықтан да, мемлекеттің бағалау алдында барлық адаматтар бірдей тең. Бұл ретте ешкім де өзінінің жеке ерекшеліктері бойынша артықшылықтарды пайдалана алмайды. Мемлекеттің азаматтарға көрсететін құрметінің дәрежесі Конституцияда баяндалған.

Азаматқа көрсетілетін осы құрметтің деңгейімен сол мемлекеттің адамдарға, тұтас алғанда халқына деген көзққарасы жөнінде ұғым қалыптастыруға болады.

Қорытындылай келе, ар-намыс - қоғамның тұлғаны әлеуметтік бағалауы, оңды бағасы, азаматтың рухани, әлеуметтік қасиеттерінің бірлігі мөлшері.

  1. Мемлекет, ақша, нарық, идеология және олардың социомәдени процестердегі ролі

Қазіргі теориялық маңызды проблемалардың бірі - экономикалық реформа тұсындағы ұлтты мәдениеттің қоғамдағы орны. Мәдениет мәселелерін шешуде оған экономикалық тиімділігі тұрғысынан келу, басты міндет - экономиканы нығайту, мәдениет жағдайын кейін ойлай жатармыз деген сияқты тұжырымдар бұл мәселені көкейтесті етіп отыр.

Біздің еліміздің экономист мамандары елдегі реформаларды тек тар экономикалық категориялар мен ұғымдар аясында ғана қарыстырып, оның саяси алғышарттары мен салдарына, мәдени әлеуметтік бағыттылығына мән бере бермейді. Модернизацияланудың мазмұнын тек экономикалық өзгерістерге ғана теңеп, батыс үлгісіндегі нарықтық экономикадан қоғамның әлеуметтік жаңаруының кілтін іздейді. Ал шын мәнінде реформаны мүлдем басқа тұрғыдан бағалауға болады. Реформа тек қана шаруашылықты дамытудың жолдарын айқындау емес.

Бүгінгі экономикалық көзқарастардың өзегінің тарлығы қоғамдық санадағы қалыптасып қалған базис пен қондырма туралы теоряның мәдениеті жай ғана базистің бейнесі, көлеңкесі ретінде қарастыратын принципінен туындайды. Ал тарихи тәжірибе экономикалық дамудың терең астарлы мәдениетте дегендігін дәлелдейді. Мәдениет - әрбір дәуірдің, заманның іргелі қазыналарын сақтаушы, қорғаушы. Экономика мен төлтума мәдениет арақатынасын түсіндіруге байланысты екі тұжырымдама қалыптасты.

Біріншісі - бұл байланысты мүлдем мойындамай, барлық мемелекеттер мен халықтардың бір ғана экономикалық заң бойынша дамуын қолдау. Бұл тұрғыдан қарағанда артта қалған елдер дамыған елдерді әрдайым қуып жету жолында болады. Экономикалық заңдылықтардың әмбебаптық (универсалды) сипаты оларды әр алуан мәдени ортаға үйлесімді етеді. Осыған байланысты дағдарыстан шығу ортақ заңдылықтардың дауына жағдай жасауда болып жатыр.

Екіншісі - көп мәдениеттілік немесе мәдени плюрализм - экономиканың да алуан түрлігін туғызады. Әр ұлт өз ұлттық мәдени ерекшеліктеріне тән өз экономикалық жолын таңдайды. Бұл мемлекеттердің экономикалық жүйелердің ұқсастығын жоққа шығармайды. Нарық, ақша, тауар өндірісі, банк, қаржы, т. б. белгілі бір қоғамға ғана (социализмге, капитализмге) тән категориялар емес. Олар әр түрлі пропорциялық өлшемде қай қоғамда да қызмет етеді. Экономикалық және мәдени плюрализм принципі жаңарудың Ресейдегі, болмаса Қазақстандағы түрі - оның жалғыз ғана мүмкін болу жолы деп қабылдамай, басқаша да стратегиялық және тактикалық жолдар ұсынады. Реформа мемлекет көлемінде емес, тіпті оның аймақтарында да өзгешеше жолмен жүргізілуі, оның мақсаты, жолы мен тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Әсіресе көп мәдениетті ортада осыны ескерген жөн. Реформаға балама жоқ деген пайымдауға мынандай жауап беруге болады: ұлттық мәдениетте ешқандай баламаны қабылдамайды.

Дегенмен де экономика, нарық мәденетке байланысты емес, оған тосқауыл, тыйым сала алмайды, реформаторлар батыл іске кірісіп, өз жоспарларын іске асыра берсін деушілер басым. Сонымен бірге, нарық мәдениетке қауіп төндіріп, оның тағдырын екіталай етеді деп ойлаушылар да көбейіп келеді. Осыдан келіп үшінші бірейлер нарық өз табиғатынан мәдениетке қарама-қарсы, сондықтан екеуінің біреуін таңдауға тура келеді дейді. Бұл пікір-талас сайып келгенде, мәдени дәстүрліктің, табиғаттың, оған әлеуметтік өзгерістердің ықпалын анықтауға әкеліп тірейді. Тарихта төлтума мәдениетті басқа ұлттық идеяға, таптық идеологияға бейімдеуге ұмтылыстар болған белгілі. Тәжірибе мәдениеттің өзгерістерге ұшырағанымен, оның мәні мен мазмұнын түгел өзгертуге болмайтындығын, ол өзінің тұрақтылығын сақтайтындығын айқын танытты. Сондықтан да, қандай экономикалық және саяси жүйеде дамыса да біз орыс, қытай, үнді, қазақ мәдениеттерін бір-бірінен айырамыз. Ұлттық мәдениеттердің мұндай тұрақтылығымен санаспауға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қабылдау комиссиясы жұмысын автоматтандыру»
Электр машиналар
Заманауи осьтерді санау жүйелерін салыстырмалы түрде талдау
Кәсіптік оқыту құралдары
Автокөлік жасауда қолданылатын материалдар
Машина бөлшектері
Кулонометрлік әдістер
Құжаттарды бір-бірімен ұқсастығы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Фотометриялық бақылау арқылы спектрдің көрінетін жақын инфрақызыл облысындағы Cатурн атмосферасының параметрін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz