40 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
1 Жылжымайтын мүлiкке инвестициялар
МАҚСАТЫ
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
АНЫҚТАМАЛАР
МАҚСАТЫ
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
АНЫҚТАМАЛАР
Осы Стандарт, басқалармен қатар, қаржылық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалгердің қаржы есептілігінде өлшеуге және операциялық жалдау шарты бойынша жалгерге берілген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде өлшеуге қолданылады. Осы стандартта 17-“Жалдау” IAS реттелген мәселелер қаралмайды, оның ішінде:
(а) жалгерлікті қаржылық немесе операциялық жалгерлікке сыныптау;
(b) жылжымайтын мүлікке инвестицияларын объектілерін жалға өткізуден алынған кірісті тану (18-“Түсім” IAS да қараңыз);
(с) операциялық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты бойынша жалға алушының иелігіндегі жылжымайтын мүлікті оның қаржы есептілігіндегі өлшеу;
(d) қаржылық жалгерлікке берілген таза инвестицияларды жалға берушінің қаржы есептілігінде өлшеу;
(е) кері жалгерлікпен сату жөніндегі операциялардың есебі; және
(f) қаржылық және операциялық жалгерлік туралы ақпаратты ашып көрсету қаралмайды.

40 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Жылжымайтын мүлiкке инвестициялар
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері
енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

Мақсаты
1. Осы Стандарттың мақсаты жылжымайтын мүлікке инвестициялар
есебінің тәртібін және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын тиісті
талаптарды белгілеу болып табылады.
Қолданылу саласы
2. Осы Стандарт жылжымайтын мүлікке инвестициялар туралы
ақпаратты тану, өлшеу және ашып көрсету кезінде қолданылады.
3. Осы Стандарт, басқалармен қатар, қаржылық жал ретінде
ескерілетін жалдау шарты бойынша жылжымайтын мүлікке инвестицияларды
жалгердің қаржы есептілігінде өлшеуге және операциялық жалдау шарты
бойынша жалгерге берілген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды жалға
берушінің қаржы есептілігінде өлшеуге қолданылады. Осы стандартта 17-
“Жалдау” IAS реттелген мәселелер қаралмайды, оның ішінде:
(а) жалгерлікті қаржылық немесе операциялық жалгерлікке
сыныптау;
b) жылжымайтын мүлікке инвестицияларын объектілерін жалға өткізуден
алынған кірісті тану (18-“Түсім” IAS да қараңыз);
(с) операциялық жал ретінде ескерілетін жалдау шарты
бойынша жалға алушының иелігіндегі жылжымайтын мүлікті оның қаржы
есептілігіндегі өлшеу;
(d) қаржылық жалгерлікке берілген таза инвестицияларды
жалға берушінің қаржы есептілігінде өлшеу;
(е) кері жалгерлікпен сату жөніндегі операциялардың
есебі; және
(f) қаржылық және операциялық жалгерлік туралы ақпаратты
ашып көрсету қаралмайды.
4. Осы Стандарт:
(а) ауылшаруашылық қызметке жататын биологиялық
активтерге (41-“Ауыл шаруашылығы” IAS қараңыз);
b) пайдалы қазбаларға және мұнай, табиғи газ және сол сияқты қалпына
келтірілмейтін ресурстар секілді пайдалы қазбалардың қорларына
құқықтарға қолданылмайды.
Анықтамалар
5. Осы Стандартта мынадай терминдер төменде көрсетілген
мәнінде пайдаланылады:
Баланстық құн – ол бойынша актив баланста танылатын сома.
Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе олардың
баламаларының сомасы немесе оны немесе ғимаратты сатып алу кезінде
активті сатып алу мақсатында берілген басқа өтемнің әділ құны немесе
мұны қолдануға болса, басқа Халықаралық стандартқа, мысалы, 2-
Акцияларға негізделген төлем IFRS нақты талаптарына сәйкес бастапқы
тану кезіндегі осы активке жатқызылған сома.
Әділ құн - бұл осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы
хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбасталуы мүмкін сома.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты
бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын
мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да),
жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да,
басқасын да алу мақсатымен, бірақ:
(а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде
пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе
b) әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.
Иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты

мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе
әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.
6. Жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін
жылжымайтын мүлік, мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда
жылжымайтын мүлікке инвестициялар ұғымына сай келсе және жалгер
активті тану үшін 33-55-параграфтарда баяндалған әділ құн бойынша есеп
моделін пайдаланса, жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктеле және
есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде
мүмкін болады. Алайда операциялық жалгерлік шарты бойынша жалгердің
иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бір осындай объектісі үшін
жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, жылжымайтын мүлікке инвестиция
ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп
моделін пайдалану арқылы ескерілуге тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы
таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша 74-78-
параграфтарда талап етілетін ақпарат ашып көрсетіледі.
7. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар жалгерлік төлем немесе
капитал құнының өсуінен кірістер, не соны да, басқасын да алуға
арналған. Сондықтан жылжымайтын мүлікке инвестициялар түсетін ақшалай
тасқындар, әдетте, кәсіпорынның қалған активтерімен байланысты
болмайды. Бұл жылжымайтын мүлікке инвестицияларды иеленуші орналасқан
жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді
өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану)
мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын
басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16-
“Негізгі құралдар” IAS иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету
үшін қолданылады.
8. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар мысалдары төменде келтірілген:
(а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа
мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал
құнының өсуінен пайда алуға арналған жер;
(b) қазір әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған
жер. (Егер кәсіпорын жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік
ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің
барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім
қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп
есептеледі);
(с) кәсіпорынның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау
шарты бойынша есеп беретін кәсіпорынның қарауындағы) және
операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға
берілген ғимарат; және
(d) қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір
немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат.
9. Әрі қарай жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылмайтын, осы
Стандарттың ережелері қолданылмайтын баптардың мысалдары келтірілген:
(а) әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сатуға
арналған немесе құрылысы салынып жатқан немесе сату мақсатымен
қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (2-“Босалқылар” IAS
қараңыз); мысалы, таяу болашақта сатуға немесе қайта құрып, қайта
сатуға ғана арналған жылжымайтын мүлік;
(b) үшінші тұлғалардың тапсыруы бойынша салынып жатқан немесе
қайта құру сатысындағы жылжымайтын мүлік (11-“Құрылыс салуға жасалған
шарттар” IAS қараңыз);
c) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік (16 IAS қараңыз), оның ішінде
(басқаларымен қоса) иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде
одан әрі пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік; қайта құрып,
кейіннен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдалануға
арналған жылжымайтын мүлік; кәсіпорынның қызметкерлері тұратын
жылжымайтын мүлік (қызметкерлер рыноктық ставка бойынша жалгерлік
ақы төлейтін-төлемейтініне қарамастан), сондай-ақ иеленуші
орналасқан және істен шығаруға арналған жылжымайтын мүлік; және
d) болашақта жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде пайдалану
болжанып отырған салынып жатқан және қайта құру сатысындағы
жылжымайтын мүлік объектісі. Мұндай жылжымайтын мүлік объектісіне
қатысты құрылыс жұмыстары немесе қайта құру аяқталған кезге дейін
16-IAS ережелері қолданылады, содан кейін жылжымайтын мүлік
жылжымайтын мүлікке инвестициялар санатына ауысады, және осы
Стандарт қолданылады. Алайда осы стандарт болашақта жылжымайтын
мүлікке инвестициялар ретінде одан әрі пайдалану үшін қайта
құрылатын қазір бар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілеріне
қолданылады (58-параграфты қараңыз).
e) Қаржылық жалдау шарты бойынша басқа кәсіпорынға жалға берілген
жылжымайтын мүлік.
10. Жекелеген реттерде жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігі -
жалгерлік ақы алу немесе капитал құнының өсімін алу үшін, ал екінші
бөлігі тауарлар өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету үшін немесе
әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер объектінің аталған
бөліктерін бір-біріне тәуелсіз сату мүмкін болса (немесе бір-біріне
тәуелсіз қаржылық жалгерлікке беру), кәсіпорын объектінің көрсетілген
бөліктерін жеке-жеке ескереді. Ал егер объектінің бөліктерін жеке-жеке
сатуға болмаса, осы объектінің аз ғана бөлігі тауар өндіруге немесе
жеткізуге, қызмет көрсетуге немесе әкімшілік мақсаттарға арналған болса
ғана, объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар деп есептеледі.
11. Кейбір жағдайларда кәсіпорын кәсіпорынға тиесілі жылжымайтын мүлікті
жалға алушыларға қосымша қызмет көрсетеді. Кәсіпорын, көрсетілетін
қызметтер барлық мәміленің салыстырмалы түрде аз ғана бөлігін құраған
жағдайда, осы жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар
ретінде қарастырады. Кеңсе үйінің иесі жалға алушыларға осы үйді күзету
және ағымдағы пайдалану жөнінде қызмет көрсететін жағдай жоғарыда
айтылғанның мысалы болып табылады.
12. Басқа жағдайларда көрсетілетін қызметтер неғұрлым маңызды болады.
Мысалы, егер кәсіпорын қонақ үйге иелік етіп, оны басқаратын болса,
онда тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тұтастай келісім үшін маңызды
болып табылады. Сөйтіп, иеленуші басқаратын қонақ үй жылжымайтын
мүлікке инвестицияны емес, иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті
білдіреді.
13. Кейде қосымша қызмет көрсетулер жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке
инвестицияларға жатқызуға болмайтындай соншалықты елеулі болатын-
болмайтынын анықтау қиын. Мысалы, қонақ үйдің иесі кейде жекелеген
міндеттерді орындауды басқару шарты бойынша үшінші тарапқа береді.
Ондай шарттардың талаптары алуан түрлі болады. Бір жағынан, иеленуші
нақты түрде енжар инвестор жағдайында болуы мүмкін. Екінші жағынан,
иеленуші бөтен ұйымға жекелеген жедел басқару міндеттерін бере алады,
бұл жағдайда ол қонақ үйге байланысты ақшалай тасқындардың өзгеру
тәуекелін одан әрі көтере береді.
14. Объект жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келетінін
анықтау үшін, кәсіптік пікірге сүйену қажет. Кәсіпорын жылжымайтын
мүлікке инвестициялар анықтамасына және 7-13-параграфтарда айтылған
ұсынымдарға сәйкес кәсіптік пікірді жүйелі түрде пайдалану үшін белгілі
бір өлшемдер әзірлейді. 75(с)-параграф кәсіпорын, жіктеу болатын
жағдайларда, осы өлшемді ашып көрсетуді талап етеді.
15. Кейде кәсіпорын өзінің бас кәсіпорны немесе сол топтағы басқа да
еншілес кәсіпорны жалға алған және орналасқан жылжымайтын мүлікке ие
болады. Мұндай жылжымайтын мүлік шоғырландырылған қаржы есептілігінде
жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде көрсетілмейді, өйткені барлық
топтың көзқарасы бойынша, осы объект иеленуші орналасқан жылжымайтын
мүлік болып табылады. Алайда, жеке алынған меншіктенуші-кәсіпорынның
көзқарасы бойынша, объект, егер ол 5-параграфтағы анықтаманы
қанағаттандыратын болса, жылжымайтын мүлікке инвестиция болып табылады.
Сондықтан жалға беруші өзінің жеке қаржы есептілігінде аталған
жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде
көрсетеді.
Тану
16. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды мынадай кезде ғана активтердің
құрамында тану керек:
(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен байланысты
болашақ экономикалық пайдалардың кәсіпорынға келіп түсу мүмкіндігі
бар; және
(b) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнын сенімді
түрде өлшеуге болады.
17. Танудың осы принципіне сәйкес кәсіпорын жылжымайтын мүлікке
инвестицияларға жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды.
Мұндай шығындар жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін сатып
алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні
қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік
объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.
18. 16-параграфта баяндалған тану принциптеріне сәйкес кәсіпорын мұндай
жылжымайтын мүлік объектісіне күнделікті қызметтер көрсету шығындарын
жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құндық балансында танымайды. Бұл
шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе залалдың құрамында
танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар – бұл
негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; бұған қоса олар ұсақ
бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе
жылжымайтын мүлікті жөндеу және ағымдағы қызметтер көрсетуге арналған
шығыстар ретінде анықталады.
19. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың бір бөлігі алмастыру жолымен
алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың
орнына салынуы мүмкін. Тану принципіне сәйкес кәсіпорын бұрын бар
объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды, егер тану өлшемдері
сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде жылжымайтын мүлікке
инвестициялар объектісінің баланстық құнында таниды.
Тану кезіндегі өлшеу
20. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды бастапқыда нақты шығындары бойынша
өлшеу керек. Бастапқы өлшеуге операциялар бойынша шығындарды енгізу
керек.
21. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларды сатып алуға шығатын нақты
шығындардың құрамына сатып алу бағасы мен кез келген тікелей шығындар
кіреді. Тікелей шығындар, мысалы, білікті заң қызметін көрсету құнын,
меншік құқығын беруге салынатын салықтарды және операция бойынша өзге
де шығындарды қамтиды.
22. Өз күштерімен салынған жылжымайтын мүлікке инвестицияларға нақты
шыққан шығындар құрылыс немесе қайта құру аяқталған күнгі нақты
шығындарды білдіреді. Аталған күнге дейін кәсіпорын 16 IAS қолданады.
Құрылыс немесе қайта құру аяқталған кезде жылжымайтын мүлік жылжымайтын
мүлікке инвестициялар ретінде жіктеледі және оған осы Стандарттың
ережелері қолданыла бастайды (57 (е) және 65-параграфтарды қараңыз).
23. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар құнына мыналар кірмейді:
a) бастапқы шығындар (жылжымайтын мүлікті кәсіпорын басшылығы жоспарлап
отырғандай қызмет жасай алуы үшін қажетті болатын күйге оны келтіруге
қажетті жағдайларды қоспағанда);
b) жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісі толығудың жоспарланған
деңгейіне жеткенге дейін туындайтын операциялық залалдар;
c) жылжымайтын мүліктің құрылысын салған немесе қайта құрған кезде
туындайтын шикізат, еңбек немесе өзге ресурстардың нормативтен тыс
ысыраптары.
24. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған
жағдайда, нақты шығындар төлем мерзімі ұзартылмай төленген бағасы
ретінде анықталады. Бұл сома мен төлемнің жалпы сомасының арасындағы
айырма ұзарту мерзімі ішінде пайыздар төлеуге жұмсалған шығындар
ретінде танылады.
25. Жалдау шарты бойынша кәсіпорынның иелігінде тұрған және жылжымайтын
мүлікке инвестициялар ретінде жіктелетін жылжымайтын мүліктегі үлестің
бастапқы құны 17 IAS 20-параграфына сәйкес қаржылық жал секілді
анықталады, яғни актив екі мөлшердің: жылжымайтын мүліктің әділ құнының
және ең төменгі жалдау төлемінің келтірілген құны бойынша танылуға
тиіс. Баламалы сома аталған параграфқа сәйкес міндеттеме ретінде
танылуға тиіс.
26. Жал үшін төленген сыйлықақылар осы мақсаттар үшін ең төменгі жалдау
төлемдерінің бір бөлігі ретінде ескеріледі және сондықтан активтің
құнына енгізіліп, міндеттеме сомасынан шығарып тасталынады. Егер жалдау
шарты бойынша кәсіпорынның иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің үлесі
жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде жіктелсе, онда әділ құны
бойынша ескерілген объекті жылжымайтын мүліктің негізінде жатқан емес,
осындай үлес болып табылады. Жылжымайтын мүлік үлесінің әділ құнын
анықтау жөніндегі нұсқау әділ құн бойынша есеп моделі үшін 33-52-
параграфтарда баяндалған. Бұл нұсқау осы құн бастапқы тану мақсаттары
үшін нақты шығындар ретінде пайдаланылған кезде әділ құнды анықтау
кезінде қолданылады.
27. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың бір немесе бірнеше объектілері
монетарлық емес активке немесе активтерге немесе монетарлық және
монетарлық емес активтердің үйлесіміне айырбастау жолымен алынуы
мүмкін. Төменде келтірілген тұжырымдар бір монетарлық емес активтің
басқасына айырбасына жатады, бірақ олар сондай-ақ алдыңғы сөйлемде
сипатталған барлық айырбастарға қолданылады. Жылжымайтын мүлікке мұндай
инвестициялардың құны әділ құн бойынша өлшенеді, бұған мына жағдайлар
кірмейді: (а) айырбас операциясының коммерциялық мағынасы болмаса,
немесе (b) алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді
өлшене алмайды. Сатып алынатын актив, егер тіпті кәсіпорын берілген
активті тануды шұғыл тоқтата алмаса да, осындай тәсілмен бағаланады.
Егер сатып алынатын актив әділ құн бойынша өлшене алмаса, онда оның
құны берілген активтің баланстық құны бойынша өлшенеді.
28. Кәсіпорын болашақ ақша тасқындарының қандай дәрежеде болатынын,
операциялар нәтижесінде қалай өзгеретінін назарға ала отырып, айырбас
операциясының коммерциялық мағынасын айқындайды. Айырбас операциясының,
егер:
a) алынған активтің ақша ағындарының құрылымы (тәуекел, уақыт бойынша
бөлініс және сома) берілген активтің ақша ағындарының құрылымынан
ерекшеленсе, немесе
b) кәсіпорын үшін сипатты операциялардың нәтижесінде оның қызметінің бір
бөлігі айырбас нәтижесінде өзгерсе, және
c) (а) мен (b)-ғы айырма айырбасталған активтердің әділ құнымен
салыстырғанда елеулі болса, коммерциялық мағынасы болады.
Айырбас операциясының кәсіпорын үшін сипатты коммерциялық
мағынасының бар-жоқтығын анықтау мақсаттары үшін айырбас операциясы
қатысты болатын оның қызметінің бір бөлігінің құны салықтарды
шегергеннен кейінгі ақша ағындарын көрсетуге тиіс. Бұл талдаудың
нәтижесі кәсіпорынның егжей-тегжейлі есептерді жүргізуінсіз айқын
болуға тиіс.
29. Егер (а) әділ құнның негізделген есептік бағалаулары осы актив үшін
елеусіз ауытқулардың шектерінде араласса немесе (б) осы шектердің
шеңберінше түрлі есептік бағалаулардың ықтималдығын негізді бағалауға
және оны әділ құнды есептеу кезінде пайдалануға болса, салыстырмалы
рыноктық операциялары жоқ активтің әділ құны сенімді өлшене алады. Егер
кәсіпорын құнын өлшеу үшін алынған немесе берілген активтің әділ құнын
сенімді анықтай алса, онда құнды өлшеу үшін, егер алынған активтің әділ
құны неғұрлым айқынырақ болып табылмаса, берілген активтің әділ құны
пайдаланылады.
Танудан кейінгі өлшеу
Есеп саясаты
30. 32А және 34-параграфтарда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кәсіпорын
есеп саясаты ретінде 33-55-параграфтарда айтылған әділ құн бойынша есеп
үлгісін, немесе 56-параграфта айтылған нақты шығындар бойынша есеп
үлгісін таңдап, осы саясатты жылжымайтын мүлікке инвестициялардың
барлық объектілеріне қолдануы керек.
31. 8-“Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және
қателіктер” IAS есеп саясатын өз бетінше өзгерту, бұл кәсіпорынның
қаржы есептілігінде оқиғаларды немесе операцияларды неғұрлым дәлме-дәл
ұсынуға алып келетін ретте ғана жасалуы мүмкін екенін белгілейді. Әділ
құн бойынша есеп үлгісінен нақты шығындар бойынша есеп үлгісіне көшудің
ақпараттың неғұрлым сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуі екіталай.
32. Осы Стандарт барлық кәсіпорындар оны өлшеу (егер кәсіпорын әділ құн
бойынша есеп үлгісін пайдаланса) немесе ақпаратты ашып көрсету (егер ол
нақты шығындар бойынша есеп үлгісін пайдаланса) мақсатында жылжымайтын
мүлікке инвестициялардың әділ құнын анықтауын талап етеді. Кәсіпорындар
жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын танымал әрі тиісті
кәсіпкерлік біліктілікті меңгерген, сондай-ақ осындай санаттағы
инвестициялық жылжымайтын мүлікке бағалау жасау тәжірибесі бар және тап
сол аумақта орналасқан тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлікке
инвестицияларға бағалауы негізінде анықтауы мақұлданады, бірақ талап
етілмейді.
32А. Кәсіпорын:
a) әділ құнмен немесе осы жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қамтитын
белгілі активтердің табыстылығымен тікелей байланысты табыс әкелетін
жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қолдайтын барлық міндеттемелер үшін
әділ құн бойынша есеп үлгісін немесе нақты шығындар бойынша есеп
үлгісін таңдай; және
b) (а) тармағында жасалған таңдауға қарамастан, барлық өзге жылжымайтын
мүлікке инвестициялар үшін әділ құн бойынша есеп үлгісін немесе нақты
шығындар бойынша есеп үлгісін таңдай алады.
32В. Кейбір сақтанушылар мен басқа кәсіпорындар номиналды
бірліктерді шығаратын жылжымайтын мүліктің ішкі қорларын басқарады,
оның үстіне кейбір бірліктерді байланысты шарттардағы инвесторлар, ал
кейбіреулерін кәсіпорын иелік етеді. 32А-параграфы қордың иелігінде
тұрған жылжымайтын мүлікті ішінара нақты шығындар бойынша және ішінара
әділ құн бойынша өлшеуіне рұқсат етпейді.
32С. Егер кәсіпорын 32А параграфында сипатталған екі санат үшін
түрлі үлгілерді таңдайтын болса, онда жылжымайтын мүлікке
инвестицияларды түрлі үлгілерді пайдалана отырып өлшенген активтер
қорларының арасында сату әділ құн бойынша танылуға тиіс, ал әділ құнның
жинақталған өлшемі пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Демек, егер
жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісі әділ құн бойынша есеп
үлгісі пайдаланылатын қордан нақты шығындар бойынша есеп үлгісі
пайдаланылатын қорға сатылса, онда жылжымайтын мүліктің әділ құны сату
күніне оның болжамды құны болады.
Әділ құн бойынша есеп үлгісі
33. Әділ құн бойынша есеп үлгісін таңдаған кәсіпорын, 53-параграфта
сипатталған жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке
инвестициялардың барлық объектілерін әділ құн бойынша өлшейді.
34. Егер жалгер операциялық жалгерлік бойынша иелік ететін жылжымайтын
мүлік 6-параграфқа сәйкес жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде
жіктелсе, онда 30-параграф қолданылмайды; әділ құн бойынша есеп үлгісі
қолданылуға тиіс.
35. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын өзгертуден болған
пайданы немесе залалды олар пайда болған кезеңдегі таза пайда немесе
залал құрамында тану қажет.
36. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құны – жақсы хабардар,
тәуелсіз, мұндай операцияны жасауға ниеті бар тараптар арасында
жылжымайтын мүлік айырбасталуы мүмкін баға (5-параграфқа қараңыз).
Тұрпатты емес қаржыландыру, қайтарымды жалгерлікпен сату сияқты ерекше
жағдайлар мен мән-жайлардың нәтижесінде арттырылған немесе
төмендетілген есеп айырысу бағасы, сатып алу-сату мәмілесіне қатысы
бар, кез келген тарап беретін өтеудің жеңілдікті шарттары немесе
жеңілдіктер әділ құн болып табылмайды.
37. Әділ құнды анықтаған кезде кәсіпорын активті сатуға немесе оның басқаша
шығып қалуына байланысты туындауы мүмкін болатын операция бойынша
шығындарды шегермейді.
38. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құны есепті күнгі рыноктық
жағдайларды көрсетуге тиіс.
39. Әділ құн белгіленген күн үшін сипатты. Рыноктағы жағдайлар өзгеруі
мүмкін болғандықтан, есептілікте әділ құн ретінде көрсетілетін сома
басқа уақыт бағалау кезеңінде сенімсіз болуы мүмкін. Бұдан басқа, әділ
құнды анықтау бір мезгілде осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы
хабардар, тәуелсіз тараптардың арасында актив айырбастау және шартты
орындау әр түрлі уақытта өтетін кезде активтерді айырбастауды және
сатып алу-сату шартын орындауды болжайды.
40. Бұған қоса, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын анықтау
кезінде қолданыстағы жалдау шарттарынан алынған, сондай-ақ осындай
операцияны жасағысы келетін, жақсы хабардар тараптардың ағымдағы
жағдайларда болашақ жалдау шарттарынан алынған жалдық табыстары туралы
негізделген және қолайлы табыстарын көрсетеді. Ол сондай-ақ сол сияқты
негізде жылжымайтын мүлікке қатысты күтілуі мүмкін ақша қаражаттарының
кез келген ағындарын (жалдық төлемдер мен басқа ағындарды) көрсетеді.
Бұл ағындардың кейбіреулері міндеттемелер құрамында көрсетіледі,
сонымен бірге басқалары неғұрлым кешірек мерзім басталғанға дейін
қаржы есептілігінде танылмайды (мысалы, шартты жалдық төлемдер секілді
мерзім сайынғы төлемдер).
41. 25-параграф жалданған жылжымайтын мүлікке инвестициялардың бастапқы
тану үшін негізді белгілейді. 33-параграф жалданған жылжымайтын мүлікке
инвестициялар қажет болғанда әділ құны бойынша қайта бағалауды талап
етеді. Рыноктық ставкалар бойынша жасалған жалдау шарттары кезінде
танылған міндеттемлерге жатқызылатындарды қоса алғанда, күтілетін
барлық жалдық төлемдерді шегере отырып сатып алған кездегі жалданған
жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құны нөлге тең болуға тиіс.
Бұл әділ құн, жалданған активті немесе міндеттемені есепке алу мақсаты
үшін 17 IAS 20-параграфына сәйкес әділ құны бойынша немесе ең төменгі
жалдық төлемдердің келтірілген құны бойынша танылу-танылмауына
қарамастан, өзгермейді. Сөйтіп, 25-параграфқа сәйкес жалданған активтің
құнын нақты шығындар бойынша өлшеуден 33-параграфқа сәйкес оның құнын
әділ құн бойынша өлшеуге көшу бастапқы өзге табыстарды немесе
залалдарды тануға алып келмейді, бұған әділ құн уақыттың түрлі
кездерінде өлшенетін жағдайлар кірмейді. Өзге табыстарды немесе
залалдарды тану әділ құн бойынша есепке алуға көшу бастапқы танудан
кейін жүргізілген кезде орын алады.
42. Әділ құн анықтамасында “осындай операцияны жасағысы келетін, жақсы
хабардар тараптар” секілді ұғым бар. Бұл контексте “жақсы хабардар”
деген осындай операцияны жасағысы келетін сатушы да, сатып алушы да
орынды дәрежеде жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісінің мәні мен
негізгі сипаттамасы, оны нақты және әлуетті пайдалану тәсілдері және
баланс күнгі рынок конъюнктурасы жайында хабардар екенін білдіреді. Осы
операцияны жасағысы келетін сатып алушы сатып алуға мүдделі, бірақ оны
жасауға міндетті емес. Ол кез келген бағамен сатып алуға тырыспайды
және ұмтылмайды. Болжамды сатып алушы жақсы хабардар, мұндай мәмілені
жасауға ниеті бар сатып алушылар мен рыноктағы сатушылар талап ететін
бағадан неғұрлым жоғары бағаны төлемейді.
43. Осы операцияны жасағысы келетін сатушы бұл операцияны жасауға
ұмтылмайды және мәжбүрленбейді, ол жылжымайтын мүлікті кез келген
бағаға сатуға әзір емес, бірақ ағымдағы рыноктық жағдайда орынды деп
есептелмейтін бағаға тұрып қалғысы да келмейді. Осы операцияны жасағысы
келетін сатушының жылжымайтын мүлікке инвестицияларды рыноктық
жағдайларда алуға болатын неғұрлым жоғары бағаға сатуға ынтасы бар.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың нақты иесі тұрған нақты ерекшелік
жағдайлары ескерілмейді, өйткені осы операцияны жасағысы келетін сатушы
аталған жылжымайтын мүліктің болжамды иесі болып табылады (мысалы,
операцияны жасағысы келетін сатушы жылжымайтын мүлікке инвестициялардың
нақты иесінің нақты салықтық шарттарын назарға алмайды).
44. Әділ құн анықтамасында сөз “тәуелсіз тараптардың арасындағы
операциялар” жайында болып отыр. Ондай операциялар нәтижесінде рынок
үшін өзгеше операциялар бағасы белгіленетін қандай да болмасын ерекше
қарым-қатынаспен байланысты емес тараптардың арасында жасалады.
Операция байланыспаған тараптардың арасында жасалады деп болжанады, бұл
жағдайда олардың әрқайсысы тәуелсіз іс-әрекет жасайды.
45. Әдетте, тап сол аумақта орналасқан, тап сондай жағдайдағы және өзіне
жалгерлік пен басқа шарттардың ұқсас талаптары қолданылатын осындай
жылжымайтын мүліктің белсенді рыноктағы қолданылып жүрген бағасы әділ
құнның ең жақсы дәлелі болып табылады. Кәсіпорынның міндеті –
жылжымайтын мүліктің сипатындағы, орналасқан жері мен жай-күйіндегі
немесе жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты жалдау шарттары мен
басқа да шарттардың талаптарындағы кез келген айырмашылықты анықтау.
46. 45-параграфта сипатталған белсенді рынокта қолдану бағалары жоқ болған
жағдайда, кәсіпорын әр түрлі көздерден ақпаратты, оның ішінде мыналарды
ескереді:
(а) бар айырмашылықтар ескеріліп түзетілген белсенді
рынокта өзге сипаттағы басқа жағдайдағы немесе басқа аумақтағы
жылжымайтын мүліктің қолдану бағаларын (не өзіне жалдаудың немесе
өзге шарттардың басқа талаптары қолданылатын);
(b) онша белсенді емес рыноктарда уақыт жағынан неғұрлым
жақын, осы бағалар бойынша операциялар жасалған күннен кейін
экономикалық жағдайлардың кез келген өзгерістері ескеріліп
түзетілген бағаларды; және
(с) негізінде қолданыстағы жалдау шарттары мен өзге де
шарттар, сондай-ақ (мүмкін болған жерде) тап сол аумақта сондай
мүлікті жалдағаны үшін қолданылатын тарифтер ретіндегі сыртқы
көздерден алынатын деректер жатқан ақшалай қаражаттардың алдағы
тасқындарын нақты бағалауға негізделген ақшалай қаражаттардың
дисконтталған тасқынының болжамдарын; бұл жағдайда ақшалай
қаражаттар тасқынның мөлшері мен мерзімдеріне қатысты рынок
бағалайтын белгісіздік деңгейін ескеретін дисконттау
коэффициенттері пайдаланылады.
47. Кейбір жағдайларда осының алдындағы параграфта көрсетілген әр түрлі
ақпарат көздері жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнына
қатысты әр түрлі тұжырым жасауға алып келеді. Кәсіпорын оның мәндерінің
ауытқу шектеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz