Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері


Жоспар
Кіріспе
- Банктік қызметті ұйымдастыру1. 1. Банктің мәні және оның қызметтері мен ұйымдастыру негіздері1. 2. Банк жүйесі
- Банк тәуекелдері және оны бағалау2. 1. Банк тәуекелдерін бағалау2. 2. Банк қызметін әдебиеттер
Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
Банк тұрпаттары
Банктің жарғылық қоры қандай кездерден қалыптасқанына қарай банк туралы заңдарда олар мемлекеттік, жеке, акционерлік, аралас және шетелдік боп жіктеледі.
Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен артыкшылыгы неде? «Шаруашылық серіктестіктері мен ак-ционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бұл заңды тұлға. Онда құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады) меншік кұкығы Ұлттык банктің лицензиясы иегізінде шығарылган ак-циялармен айғақталады. Акционерлердің үлесі мен банктің табысы сатып алынган акциялардың санына тікелей тәуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып алынған акцияның сомасымен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар (претензия) жекелеген акционерлерге емес, банкке ұсынылады, яғни банктен талап етіледі.
Акциоиерлердің банкті баскару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатынын мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті акционерлік емес формада (үлестік жеке форма) ұйымдастыру қатысушылардың құкығын растайтын қандай да бір формалдық айғақты қажет етпейді.
Пайшы (үлескер) банк қызметіне қатысты барлық тәуекелдікті өз мойнына алады әрі оның барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Банкротқа ұшыраған жағдайда барлық талапхаттар банкке де және өз мүлкіне жауап беретін әрбір үлескерге ұсынылады.
Екіншіден, акционерлер акцияны баска тұлғаға бере алады. Бұл арада банк жекелеген акционерлер банкротқа ұшырағанда немесе кұзіреттілігін жоғалтқанда немесе қоғамнан бөлініп шыққанда да өз жұмысын жалғастыра береді. Ал, катысушы өзінің үлесін пай формасында басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды. Үшіншіден, акциоиерлік банкте оны басқару бойынша қызмет нақты бөлінген. Акционерлер басқарманы, басқарма төрағаны, ал, ол (төраға) басқару аппаратын сайлайды. Басқару аппараты өз кезегінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін аныктайды. Жеке банкте қатысушылар оны басқаруға тікелей катысады әрі олар администраторлар болып табылады және басшылықтың тиімділігі олардың жеке сапасына қарай орын алады.
Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың кемшіліктері: акционерлік банкті құрудың қиындығы (жергілікті үкіметтен рұксат алуды қажет етеді), икемділігі аз әрі өзгерген жағдайда бейімделу қабілеті төмен болады.
Бұл аталмыш кемшіліктерге карамастан банктерді акционерлік формада ұйымдастыру - нарықтық экономикада ең тиімді әрі баламалы жол болып табылады және нарықтық экономикасы дамыған барлық елде банктердің көбісі акционерлік компамиялар немесе корпорация формасында ұйымдастырылған.
Банк мекемесі және банк қызметін тоқтату
Банк ұйымы біршама күрделі процедураны білдіреді әрі елдің арнайы заңдарымен реттеледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді кұруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркейтін кітапты жүргізеді.
Ұлттық банк белгілегеп мөлшердегі төлем негізінде де рұқсат беріледі.
Рұқсат беру барысында Ұлттык банк орындалатын банк операциялярын анықтайды.
Банк туралы заңдар мен заң актілерінде банк қызметін бастауды және тоқтатуды карастыратын тәртіптер реттелмеленген.
Банкті кұруға рұқсат алу ушін мынадай құжаттар қажет:
- рұқсат беру жөніндегі өтініш;
- экономикалық негіздемесі;
- жуық арадағы 2-3 жылға жасалған болжамды да қамтитын іскерлік жоспар;
- құрылтайшылар ұсынған банк басшыларының (төраға мен бас бухгалтер) кәсіби жарамдылығы туралы мәлімет;
- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жөніндегі
аудиторлық тұжырым; - жарғылық қордың шотына қаражаттың енгізілгенін растайтын кұжат.
Оның үстіне, бірлескен немесе шетелдік банктерді, сондай-ак, олардың еншілес банктерін кұруға рұксат алу үшін мыналар қажет: - заңды тұлғалардың құрылтайшылары үшін; олардың заңды мәртебесін растайтын жарғы немесе баска құжат және өткен екі жылдың жарияланған балансы; шетелдік құрылтайшының бірлескен банкке қатысуы туралы, республика аумағында шетелдік банкті құру немесе еншілес банкті ашу туралы тиісті органның рұқсаты; Қазақстан аумағында бірлескен банкке шетелдік құрылтайшының қатысуына шетелдік құрылтайшының қарсылык білдірмегенін растайтын бақылаушы органдардың жазбаша хабарламасы.
Банк өз қызметін колданыстағы заңның 68-74 баптарындагы ережеге сәйкес, сонымен бірге, Қазақстан Республмкасының белгіленген колдапыстағы заң жағдайларында банк құрылтайшыларының шешімі бойынша тоқтады.
Банктер құрылтайшылар, акциоиерлер бекіткен жарғының негізінде әрекет етеді.
Банк жарғысы мыналарды қамтуы керек:
- банк пен оның орналасқан орнының атауы;
- банк жүзеге асыратын банктік операциялардың тізбесі;
- жарғылық кордың мөлшері және банк құрған өзге қорлардың тізбесі;
- банктің баскару органы, оның бақылаушы оргаиы, құрылымы туралы және олардың қалыптасу тәртібі мен қызметтері туралы ереже;
- банкті таратудың тәртібі.
Банк бір қалыпты жұмыс істеу үшін жарғылық, резервтік, сақтандырушы және басқа да корлар құрылады.
Жарғының қор банк міндеттемелерінің негізгі қамтамасыз етушісі ретінде қызмет етеді әрі акцияларды шығарудың есебінен, кұрылтайшылар жарнасының есебінен калыптасады.
Бастапқы жарғылық және резервтік корлардың ең аз шамадағы мөлшерін Ұлттық банк белгілейді. Банктің жарғылық қоры жаңа акционерлерді тарту жолымен, құрылтайшылардың қосымша акцияны сатып алуымен, мүліктің кұнын қайта бағалау және дивидендтерді қайта инвестициялау арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық кордың мөлшері жалпы акционерлер жиналысының шешімімен арттырылады немесе кемітіледі. Жарғылық қордың өзгерісін Ұлттық банк тіркейді.
Банктің болжанбағын шығындары мен залалдарын өтеу үшін резервтік қор құрылады. Ол банк пайдасынан жарғылық қор сомасының 25% мелшеріне дейін жыл сайын аударылатын қаражаттың есебінен қалыптасады. Ол банк басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.
Сақтандыру қоры мси басқа да арпайы тағайындаудағы қорлар банк пайдасынан аударылатын қаражаттардың есебінен қалыптасады және олар басқарманың шешімі мен жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша жұмсалады.
Қазақстан Республикасында мемлекет пен банктің жауапкершіліктері заңмен шек қойылған. Банктер мемлекеттік міндетемесі бойынша, ал мемлекет банктердің міндеттемесі бойынша жауап бермейді, алайда, банктер немесе мемлекет мұндай жауапкершілікті өз мойнына алғанда олардың арасындағы заңмен белгіленген шектің маңызы болмайды.
Банктер оператіивтік банк кьізліеүіис качысты шешімдерді дербес қабылдайды, яғни, үкіметтің өкілетгі және атқарушы органдарына тәуелді болмайды.
Банк бас офистің орналасқан орнынан тыс ҚР аумағында өзінің филиалдарын, кассалық-есеп айырысу бөлімдерін ашуға кұқылы.
Филиал, банк өкілдігі - банк берген өкілеттіліктің шегінде әрекет ететін, банк атынан банктік операцияларды жүзеге асыратын, банктің мекен-жайынан тыс жерде орналасатын және заңды тұлға болып табылмайтын банктің бөлімшесі. Олар банкпен бірдей бірыңгай баланска ие.
Банктің кассалық-есеп айырысу бөлімі - банктің жекелеген түрлерін орындайтын филиалдық немесе өкілдік мәртебесі жоқ, заңды тұлға болып табылмайтын, өкілетті органның келісімі негізінде құрылған банктің аумақтық оқшауландырылған бөлімшесі. Банктің Филиалы, өкілдігі және кассалық-есеп айырысу бөлімі қолданыстағы заңда белгіленген тәртіп бойынша жабылады. Банктердің Ұлттық банкпен, ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу әрі қадағалау жөніндегі агенттігімен өзара қарым-қатынасы.
Банктердің Ұлттық банкпен және Қазақстан Республикасы Агенттігімен өзара қарым-қатынасы «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы заңның» 41-51 баптарыман, сондай-ақ, ҚР «ҚР Ұлттык банкісі туралы» заңының 61-64 баптарымен анықталатын принциптердің негізінде құрылады. Ұлттық банк пен агенттік өз қызметінде бүкіл банк жүйесінің ақша-несие жүйесін нығайту әрі дамыту мүддесінде калыпты жұмыс істеуіне ықпалын тигізеді, банктерді олардың қызметіпе қатысты мәселелер бойынша нормативтік құжаттармен уақтылы қамтамасыз етеді, банк жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады және банктердің жүмысына әдістемелік көмек көрсетеді.
Ұлттык банк заңда карастырылған жағдайларда ғана болмаса, банктің оперативтік қызметіне араласа алмайды. Оның реттеуші әрі бақылаушы қызметтері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңымен шектелген.
Банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың несие берушілері мен клиенттерінің мүдделерін қорғау, сондай-ақ, ақша айналымын нығайту мақсаттарында Ұлттық банк пен Агенттік дербес күн сайынғы балансты белгілейді. Банктер мен олардың филиалдары орындауға міндетті бұл экономикалық нормативтер, сонымен бірге, еншілес банктер мен банк бірлестіктеріне де қолданылады.
Ұлттық банк бланктердің міндетті нормативтерді сақтауына «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі туралы» заңмен анықталатын өкілеттіліктерге сәйкес өздері шығарған нормативтік актілерді дұрыс қолданылуына бақылау жүргізеді.
Банктер Ұлттық банк пен Агенттікке банк қызметіне қатысты басқа да құжаттармен бірге баланстарды, есепшіліктерді береді. Мұнда алынған мәліметтің құпиялылығы сакталады.
Ұлттық банк пен Агенпік кез келген уақытта өзінің өкілеттілігіне сәйкес тиісті мәселелерді банктерге барып тексере алады. Банктерде пруденциялык нормативтердің бұрмаланғаны анықталған жағдайда Агенттік бұрмалауды жоюдың мерзімін және басқа да шарттарын белгілейді. «Қазақстан Республикасындагы банктер мен банк қызметі туралы» заңға сәйкес Ұлттык банк пен Агенттіктің пруденциялық иормативтері мен нормативтік актілері жиі бурмаланган жағдайда, олардың белгіленген банк операцияларын иормативтерге сәйкес өткізудің мерзімі мен өзге шарттары орындалмаган жағдайда, есепшіліктер берілмегенде немесе күмәнді есепшіліктерді ұсынғанда және жыл қорытындысын залалмен аяқтаған жағдайда Ұлттық банк пен Агенттік банк құрылтайшыларының алдына банктің қаржылық тұрғыдан сауығуы бойынша шараларды өткізу турасында, оның басшылығын ауыстыру туралы, банктерді кайта кұру немесе тарату жөнінде мәселе кояды. Әрі мынадай санкцияларды қолдануы мүмкін:
- заңмен белгіленген ақшалай айыппұл өндіріп алу;
- Ұлттық банкте орналастырылған резервтік кордағы дебитор-банктің берешегін есептен шығару;
- осы заңның 42 бабында қарастырылған жекелеген нормативтерді өзгерту;
- «Қазакстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заңдақарастырылган жағдайда банкті уақытша басқару;
- банк операцияларының кейбір түрлеріне қатысты лицензияны қайтарып алу;
- банктердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде алынған табысты бюджетке алу.
Банктердегі бухгалтерлік есептің ережесі, есепшіліктің және өзге де материалдардың көлемі мен сипатын Ұлттық банк белгілейді.
Банктер мен олардың клиенттері арасындагы қарым-қатынас
Клиенттерді таратудағы банктердің арасында күшейе түскен бәсекелестік банктердің клиентке, олармен серіктестік қатынасты орнатуға катысы ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударуын талап етеді. «Қазақстан Республикасындагы Банктер мен банктік қызмет туралы» заңның 33-бабы бойыиша банктер тең құқыкты серіктестіктер ретіиде алға шығып, өз операцияларын еркін несие ресурстары нарығында жүзеге асыра алады. Өз қызметінде олар оздерінің клиенттеріне қаражатты орналастырудың, несиені алудың жақсы жағдайын, бамк қызметінің ауқымды спектрін ұсынумен бір-бірімен бәсекелеседі. Банк өз клиентінің алдында жауапты болады.
Банктердің клиентпен жүргізетін экономикалық жұмысы банкке клиенттерді таратудан бастап, олардың шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды орындауға дейін банк қызметінің барлық жағын қамтиды.
Банктер клиенттерді оз жағына тартуы үшін нақты жұмыстарды жүргізуіне тура келеді - жарнама, жаңа қызмет түрлерін енгізу, келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісімшарттарды әзірлеу әрі бекіту және т. б. Бұл жұмыстардың барлығы да банктің өз активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі қызметімен тығыз байланысты.
Клиенттермен жүргізілетін жұмыс әр түрлі келісімшарттарды бекітудің негізінде құрылады: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсетулер, бірлескен қызмет, депозит шоттарын ашу әрі жүргізу және т. б. туралы келісімшарттар.
Клиенттердің ағымдағы әрі есеп айырысу шоттарын ашу және олар бойынша операцияларды жүзеге асыру есеп айырысу мен кассалық-есеп айырысу қызметтері туралы келісімшарттың негізінде жүргізіледі.
Есеп айырысу кызметін көрсету жөніндегі келісімшартта есеп айырысу немесе ағымдағы шотты ашудың шарты және олар бойынша операцияларды жүзеге асырудың шарты көрсетіледі. Кассалық-есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісімшартта бұдан басқа кассалық операцияны жүргізудің тәртібі реттеледі. Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде өту кепілдігін қамтамасыз етуі керек.
Орындауға жатпайтын банктік операциялар орындау барысындағы банктердің материалдық жауапкершілігі де осы келісімшартта айтылатын болады.
Орындауға жатпайтын банктік операциялар жүзеге асырылған жағдайда банк пен клиент Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен Қазақстан Республикасындагы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәртібін бұзғаны үшін салынатын экономикалық санкциялар туралы ережеге сәйкес жауап береді. Банк пен клиенттің бірлескен қызметі жүзеге асырылатын болса, бірлескен қызмет туралы келісімшарт бекітіледі. Онда тараптардың құқыктары мен міндеттері, олардың арасында пай-даны белудің әрі айтылады.
Клиентті несиелеу банк пен клиент арасында бекітілген несие келісімшарты негізінде жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт ссуданы берудің және өтеудің мерзімін, шарты мен тәртібін, тараптардын құқықтары мен міндеттерін, ссуда бойынша кепілдікті және пайыздық мөлшерлемені реттейді.
Кейбір банктерде несие келісімшарттарымен (ол бірнеше жылдарпа, бекітіледі) қатар несие хаттамасы пайдаланылады. Несие хаттамасы ағымдағы жылға жасалады. Онда жекелеген сәттер, мысалы, тиімділіктің баршаға ортақ және өзіндік ерекшелігі бар критерийлері, жекелеген несие түрлерін берудің шарттары нақтыланады. Депозитік шоттарды ашу әрі жүргізу туралы келісімшарт осы депозиттің ашылатын мерзімі, ол бойынша пайызды төлеудің тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражатты өндіріп алудың тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын болады.
Барлық аталмыш келісімшарттар банктің клиентпен өзара қарым-қатынасының сипатын анықтайды. Келісімшарттар олардың арасында болатын келіссөздердің, бір-бірінің қызметін алдын ала мұқият зерделеудің нәтижесінде бекітіледі. Банк нақты әдістеме бойынша, көбінесе өтімділік, айланымдылық, қаражатты тарту және пайдалылық секілді негізгі төрт көрсеткішке сүйеніп, серіктесінің қаржылық жағдайы мен несие кабілеттілігін талдайды.
Жоғарыда аталған келісімшарттар банктің бастамасы мен және клиенттің бастамасымен де бұзылуы мүмкін. Бекітілген келісімшарттың бұзудың тәртібі мен шарты айтылатын болады. Келісімшартардың бұзылуына мыналар себепкер болуы мүмкін: тараптардың өз міндеттемесін орындамауы, өз міндеттемесін орындаудың мүмкін еместігі, тараптардың өз міндеттемесін теріс пайдалану және т. б.
Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы экономикалық жұмыс банктің пассивтерді басқару бойынша қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ол банк клиенттерінің шоты бойынша қаражаттың қозғалысын талдауды және ең өтімді депозиттер тобын өтімділігі аз депозиттер тобына түрлендірудің мүмкіндіктерін анықтауды ұйғарады. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттерді және төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Банкке мұндай ақпарат осы клиентке оның несиеге мұқтаждығы анықталған жағдайда несие берудің мәселесін шешу барысында қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымдағы жұмыстың тағы бір бағытына клиенттің банк қызметінің жаңа түріне мұқтаждығын анықтау, есеп айырысудың формасын жетілдіру жатады.
Банк клиентпен келісе отырып, баланысты несие бөліміне берудің мерзімі меи тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиеиттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуыи қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.
Несиені және баска төлемдерді уақтылы қайтармаған клиенттерге қатысты «Қазақстан Реслубликасындагы банктер мен банк қызметі туралы» заңның 36 бабына сәйкес банк мынадай шараларды қолдама алады:
- жаңа (екінші мәрте) несиені бермеу;
- осы клиенттің шоттындағы кез келген қаражатпен оныңберешегін өндіріп алу;
- соттың шешімімен салынған мүлікті сату.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес мұндай қарыз алушылар төлем қабілеті жоқ тұлғалар ретінде жариялануы мүмкін.
Банктердің өз клиенттеріме оларға берілген несие мен оның пайызы бойынша қоятын талапхатының мерзімі ескерілмейді.
Банктер өз клиенттерінің және корреспонденттерінің салым ақшалары, шоттары, операциялары бойынша құпияны сақтауға кепілдік береді. Банктің барлық қызметкері банк корреспонденттері мен клиенттерінің салым ақшасы, шоты және операциясы бойынша құпияны сақтауға міндетті.
Заңды тұлғалардың салым ақшасы, шоты және операциясы бойынша банктің аныктамасы сотқа, төрелік сотқа, тергеу орнына, прокуратураға, аудиторлық ұйымға, сондай-ақ, салық салу мәселесі бойынша салық орындарына беріледі. Баланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айнапды. Германияда италияндық сауда үйлсрінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі кұрылып, одан алғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және т. б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен қатар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен колданыла бастады. Банктер клиеиттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шыкты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (һиёи - «гуду») шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталықка (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX гасырдың басында оган елдің эмиссиялық банкісі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның банкноттары толемнің әмбебеп, заңды кұралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялык банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік түргыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жок, тек XIX гасырдың соңында ғана (1894 ж. ) орталық эмиссиялык банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
XX ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазакстанның банктері болған емес. Бұл турасында осы тараудың келесі тармағында айтылады.
Банктің мәні және оның қызмет ету аясы
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы замангы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек акшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде карайды және т. б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен гылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терен зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыкка толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерде көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да бір соманы білдіріп коймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады. Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме меи ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымеи алга шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz