Еңбекті қорғаудың түсінігі



Кіріспе

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді:
— қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
— меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық жауаптылығына;
— еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттын басқа бағыттарымен үйлестіруге;
— барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
— кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік кадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;

Жоспар

Кіріспе

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару
қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі
құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару
органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына
қағидаттарға негізделеді:
— қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
— меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің)
толық жауаптылығына;
— еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттын басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
— барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
— кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының
барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік кадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
— еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен
ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы
мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық
талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең
алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы
нормалар жүйесі арқылы орындайды. Еңбекті қорғау пәні – бұл
қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың
өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті
жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу
шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір
институты болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша
тоқталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28
ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында
еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық,
әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-
алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек
қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау
дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен
денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
Еңбекті қорғау саласының мінтеті – адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен
тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті
қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:
1. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы;
2. қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды
әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
3. адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол
бермеу;
4. қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай
келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік
беруі;
5. еңбек бостандығы;
6. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар
түрлеріне тыйым салу;
7. нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды
белгілеу;
8. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
9. уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен
қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
10. еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы
ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
11. мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық
актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында
ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
12. кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар
түрлеріне тыйым салу;
13. қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқықты қамтамассыз ету;
14. өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен
денсаулығының басымдығы;
15. еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті
сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;
16. тынығу құқығын қамтамассыз ету;
17. қызметкерлердің құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жайлы
Еңбек қорғаудың түсінігі. Дәріс
Еңбек қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары
Еңбекті қорғау түсінігі
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еңбек және еңбекті қорғау ұғымы
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Пәндер