Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері


Жоспар:
- Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
- Қаржылық инвестициялар есебі
- Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар
Қорытынды
Инвестиция түсінігі және түрлері
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз -бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелдік (тәуекелге бару) . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі болып отырып, елдің әлеуметтік дамуында жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптасудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасылынған қүн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық (реальный) және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа технологиялар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік-иелену мерзімі бір жылға дейін;
э) ұзақ мерзімдік-иелену мерзімі бір жылдан артық;
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленішу субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді. Ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
- валюталық нарық;
- құнды қағаздар нарығы;
- несие-капиталы нарығы (ақша нарығы)
- асыл металдар нарығы (алтын нарығы)
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер барлық құндық қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар
болса, ал екінші инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне
жаңа технология еңгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау
әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент -деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты құнды қағаздар:
- негізгі (акция, облигация)
- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар)
- туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар, тағы да басқалары) Акция дегеніміз- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субъектісін
дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түріңде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жәй және артықшылығы бар-деп аталатын түрлерге бөлінеді.
Жәй акциялар - акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасын резервтер жасалғаннан кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі.
Артықшылығы бар акциялар- басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар шаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережесіне сәйкес оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.
Атаулы акциялар дегеніміз -олардың иелері міндетті түрде шаруашылық субъектісінің реестрінде (тіркеу орында) тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субъектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді. Шаруашылық субъектісі, әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түрінеғ яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Облигация дегеніміз - оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналды құнын белгіленген процентті төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субъектісі үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Яғни облигациялар дегеніміз корпорацияның, шаруашылық субъектісінің қарыз міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация ұстаушының сол шаруашылық субъектілерінің, яғни облигацияны шығарған субъекті мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда, бұл жоғарыда аталған акциялар мен облигациялардың бір-бірінен едәуір айырмашылықтары болып мыналар табылады:
Облигациялардың иесі шаруашылық субъектісінің кредиторы болып табылады. Бұл оның, яғни облигацияны ұстаушының шаруашылық субъектісін қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса шаруашылық субъектісі иесінің бірі болып табылады;
Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгілі бір уақыт аралығында пайыз (процент) түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздың мөлшері белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса есепті жылдың соңында ғана, яғни шаруашылық субъектісінің табыс табуына байланысты дивидент алып отырады;
Кез келген несие берушілер (кредиторлар) сияқты облигация иесінің де шаруашылық субъектісінде ешқандай дауыстық құқығы жоқ. Олар акционерлер жиналысына қатыса алмайды және шаруашылық субъектісін басқаруға да ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлер болса бұл шаруашылық субъектісінде өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие болып табылады.
Сонымен қаржылық инвестициясының басты мақсаты -пайда, яғни табыс табу және капиталдың құнсызданып кетуіне жол бермеу болып табылады. Қаржылық инвестициялардың есебі қаржылық инвестициялар бөлімінде жүргізіледі, оларға 1120-«Сауда үшін қысқа мерзімді қаржы активтері», 1130-«Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар», 1150- «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шоттары жатқызылады. Бұл аталған шоттардың барлығы да активті шот болып табылады. Бұл шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың әрбір айдың басы мен соңындағы қалдықтары және инвестициялардың ұлғаю операциялары, кредитіне қаржылық инвестициялардың кемуі, яғни азаюы бойынша операциялар жазылады.
Сатып алынған акциялардың сатып алу құнына акциялар келіп түскен кезде 1120- «Сауда үшін қысқа мерзімді қаржы активтері» шоты дебеттерініп, мына төмендегі аталған шоттардың тиісті кредиттелінеді 3320- «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3330-«Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3310- «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1050-«Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты», 1040-«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», 1010-«Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», 1020-«Кассадағы валютамен ақша қаражаты».
Қазақстан Республикасындағы ішкі рыногындағы акцияларын алған кезде 1130-«Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» шотында мемлекеттік және жергілікті заемдардың проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақтылы қолда бары мен қозғалысы көрсетіледі және осындай бағалы қағаздар сатып алу құнымен есептеледі. Жалпы облигациялардың мынадай реквизиттері болуы қажет, аталуы, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері, сатып алушының аты немесе облигацияны талап етушінің тіркелгені (жазылғаны) туралы жазба, нақты құны және пайыздық (проценттік) мөлшері (егер қарастырылған болса), шығарылған уақыты мен орны, өтелу, яғни пайыздарды төлеу мерзімі, сериясы мен нөмері, эмитенттің өкілетті тұлғалары қолдарының үлгілері және тағы да басқалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz