Жаңа замандағы саяси ой


Жаңа замандағы саяси ой
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588 - 1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689 - 1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т. б. ) байланыстырды. Бостандық - заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл - ағартушысы Жан Жак Руссо (1712 - 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын - оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.
XVII - XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775 - 1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды.
АҚШ - тағы қиян - кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743 - 1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат - Америка Құрама Штаттарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігі жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ - тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдардың тең етіп жаратты және олардың өмірге. Бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Джефферсон үкімет тарапынын жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздпе, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737 - 1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т. б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты - қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты - жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейцбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке құқы бар; халық - өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет - халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеу керек, егер олай болмаса халық өзіне ұнамыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот үкіметі болу керек және т. б.
Жаңа эаманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің класскалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724 - 1804) . Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары”, “Өмірлік бейбітшілікке” деген еңбектерінде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар - намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыруы жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Кант мұны “категориялық императив” деп айтады. Оның мәні - әрбір адамның іс - әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым - қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz