Мектепалды даярлық сынып балаларын білім беру субъектісі ретінде ойын технологиялары арқылы дамыту


Білім үрдісінің жеке тұлғаларының құзырлығын дамыту
Мухтарханова А. М.
М. М. « Меновное орта мектебі»
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫП БАЛАЛАРЫН БІЛІМ БЕРУ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бәсеке басы - білім деген.
Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға барлық күш-қуатымызды жұмсағанымыз жөн.
Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепалды даярлық сынып балаларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі.
Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан - 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істеу жүргізу.
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге келді. Сол технологиялардың бірі - ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалана бастадым.
Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.
Ойын технологиясы арқылы
Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.
Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе:
Білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
- Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
- Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .
- Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т. б.
- Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
- Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланамын. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретемін.
Мысалы, математика сабағында 6 санымен таныстыру кезінде, өсу ретімен орналасқан әр санды дауыстап айттыру, тор көздегі әріптерді құратып, буындап оқуға тапсырма бердім. «Дәл тауып айт» ойынын ойнаймыз. Балалар өте қызығушылығымен орындады.
Өзімде ойынға қатысып, балаларға үйретемін. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы, сауат ашу сабағында жаңа дыбыстармен танысуда «Сөз ойла, тез ойла»ойынын ойнаттамын, ойынның шарты сөзді дұрыс оқып айтқан балаға текшелер таратып отырамын. Кім көп текше жинайды сол жеңеді. Ойын соңында жеңімпаз баланы анықтаймын. Т дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнаттым.
Ойынның мақсаты : Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.
Мен қазір сөздің басқы буынын айтамын, ал сендер тез аяқтауларың
керек. Мысалы, ПА-НА, ТА-НА, А-ТА, АЛ-МА. Т. б.
![]()
Келесі ойынның түрі - ұлттық ойындар. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, қосымша материал үшін баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақ үрдістерінде ұлттық ойындарды ойнатуда баланың тілін ширатамын, ойын дамытамын, зейінділікке, ұстамдылыққа, ойлылыққа, зерделілікке, мергендікке баулыймын.
«Сиқырлы қоржын», «тақия тастамақ», «асық ойыны», «сақина», «ақ серек, көк серек», «бәйге», ойындар балалардың ширақтық, қозғалыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймын. Мектепалды даярлық сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс.
Қорытындылағанда 2008-2009 оқу жылында тоқсанның басында 16 оқушы болды. Қазір 19 оқушы.
6-ұл, 13 -қыз. Оқушылардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, яғни мінез құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылықтары да әр түрлі. Жылдың басында оқушылармен сабақ барысында қиындықтар болды. Себебі, кейбір балалар ешқандай дайындықсыз, балабақшада болмаған балалар да бар. Ата-аналардың әлеуметтік жағдайлары да әсер етеді. Бұл балалардың даму процестері де әр түрлі. Ал дайындықпен келген балалар әрине, сабақты жеңіл қабылдайды, тапсырмаларды да жеңіл түрде ойындайды. Осы ойын технологиясын сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың математика және сауат ашу сабақтарында білім сапасының диаграммасы
Сауат ашу математика
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz