Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы



1.тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
3.тарау. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Осы Занда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлік нарығы — ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта өңдеу өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агроөнеркәсіптік кешен — ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық кауіпсіздікті, ғылыми камтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган — агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі — орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агро-өнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттык, техникалык, технологиялық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
5) агроөнеркөсіптік кешен субъектілері — агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6) атаулы субсидиялау — мемлекетгік бюджет каражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде каржы-ландыру;

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік
реттеу туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық,
экономикалык және әлеуметтік негіздерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Занда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аграрлық азық-түлік нарығы — ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта
өңдеу өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де
элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агроөнеркәсіптік кешен — ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін
өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өндеуді және өткізуді,
сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен,
технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен
қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен кызмет салаларын, ветеринариялық-
санитариялық және фитосанитариялық кауіпсіздікті, ғылыми камтамасыз ету мен
кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган —
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге
асыратын мемлекеттік орган;
4) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі — орталық
және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың
агро-өнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және
консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттык, техникалык,
технологиялық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
5) агроөнеркөсіптік кешен субъектілері — агроөнеркәсіптік кешенде
қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6) атаулы субсидиялау — мемлекетгік бюджет каражаты есебінен жүзеге
асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде
каржы-ландыру;
7) ауылдық аумақтар — ауылдық елді мекендер мен олардың маңайындағы
жерлердің жиынтығы;
8) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті орган — ауылдық
аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын
мемлекетгік орган;
9) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы -
тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің денсаулық, сақтау, білім беру,
мәдениет, спорт, телекоммуникациялар, байланыс, жолдар, почта-жинақтау
жүйесі объектілерін, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және
суды бұру, өндіріс пен тұтыну азықтарын жинау мен кәдеге жарату
объектілерін қамтитын жүйесі;
10) ауылды онтайлы қоныстандыру — ауылдық елді мекендердің, ауыл
тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін
керсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп,
орналастырылуы;
11) ауыл шаруашылығы өнімі — бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік
шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты мен өнімі, сонын, ішінде оларды
бастапқы қайта өндеу арқылы алынған өнімдер;
12) ауыл шаруашылығы санағы — белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының
құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау жөніндегі статистикалық
операция;
13) баға интервенциясы — ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтық бағасы,
инфляция деңгейі ескеріле отырып орташа мерзімдік әлеуметтік-экономикалық
даму жоспарында белгіленген, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа
жылдық нарықтық баға денгейінен артып кеткен жағдайда ішкі нарықты
тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекетгің осы өнімді
мемлекеттік ресурстардан тіркелген бағалар бойынша ішкі нарықта өткізу
жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-
шаралар;
14) мамандандырылған ұйымдар — агроөнеркәсіптік кешен салаларын
тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында
жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз
ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын ұйымдар;
15) мемлекеттік техникалык инспекция — Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және
олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық мелиорациялық және жол
құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы
машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере
отырып мемлекеттік тіркеуге алу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу,
аталған көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, соның ішінде
сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу, оларды
жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру;
16) сатып алу операциялары — мемлекеттің ішкі нарықты тұрақтандыру және
экспортвдк өнім беруді қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін ішкі
нарықта тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
17) фитосанитариялық қауіпсіздік — ауыл шаруашылығына арналған
объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен,
ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі. 2-бап. Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық мақтарды дамытуды
мемлекетгік ретгеу туралы заңнамасы
1. Қазакстан Республикасынын, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.
3-бап. Агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принпиптері
1. Агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту
жене ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің азық-түлік кауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты
экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;
4) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өндеу
өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу:
1) экономикалық өсу әлеуеті бар агроөнеркөсіптік кешен мен ауылдық
аумақтарды дамытудың басымдығы;
2) ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердің талаптарына,
санитариялық және фитосанитариялық нормаларға сәйкестік;
3) мемлекет жүзеге асыратын ісшаралардың ашықтығы;
4) мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің атаулылығы;
5) отандық агроөнеркөсіптік өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын
дамыту;
6) ішкі нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
7) мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін
ажырату;
8) агроөнеркөсіптік кешен қызметінің және тұрғындардың ауылдық елді
мекендерде тұруының экологиялык қауіпсіздігі;
9) кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтарымен
(одақтарымен) өзара іс-қимыл;
10) мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
11) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз ету;
12) агроөнеркесіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы
нысандарын дамыту принциптерңне сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ
ОРГАНДАРЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ

4-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің агроөнеркәсіптік кешенді
және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Парламентінің агроөнеркөсіптік кешенді және
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:
1) агроөнеркөсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттеу жөніндегі заңдарды қабылдау;
2) республикалық бюджетті бекіту, сондай-ақ республикалық бюджетке
өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініқ республикалық бюджетін
атқарылуы туралы есептерін бекіту кіреді.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметішң агроөнеркөсіптік кешенді және
ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзіреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне:
1) агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындаға
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың салалық
(секторлық) бағдарламаларын бекіту;
3) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында халыкаралық
ынтымактастықты ұйымдастыру;
4) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырудың
тәртібін және көлемін айқындау;
5) сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын
мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін
бекіту;
6) ауыл шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарының көлемін,
құрылымын, оларды қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін бекіту;
7) мамандандырылған ұйымдарды құру және олардың қатысуымен
агроөнеркәсіптік кешенді колдаудың тәртібін айқындау;
8) ауыл шаруашьшығы өнімінің мемлекеттік ресурстарын басқаруды
қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына
сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекіту;
10) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту
бағдарламалары бойынша, іске асыру және бақылау тетігін таратып көрсете
отырып, атаулы субсидиялау ережелерін бекіту;
11) ауыл шаруашылығы санағын өткізудің тәртібі мен мерзімдерін бекіту;
12) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлеу;
13) агроөнеркөсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер
қатынастарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеу;
14) агроөнеркөсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оқтайлы
нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындау кіреді.
6-бап. Уәкілетті органдардың агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның
құзыретіне:
1) мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі саясатын
іске асыру;
2) агроөнеркөсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық)
бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
3) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл
шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың
ұсынылатын схемасын әзірлеу және бекіту;
4) агроөнеркөсіптік кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық
байланыстардың басым бағыттарын әзірлеу, өз құзыреті шегінде
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске
асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсімдіктерді
қорғау мен олардың карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды
ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық және
фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
7) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халыкаралық стандарттарға көшіру
жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
8) мыналардың: агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың және осы саладағы
мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың; дала жұмыстарын
жүргізудің; ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағалары
мен нарықтарының мониторингін жүргізу;
9) мыналарға: қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық
қызметтің жайкүйі мен нәтижелеріне, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта
өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру баланстарына;
агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық
деректерге талдау жасау;
10) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде берілуге
жататын ақпарат пен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;
11) баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметі мәселелері
бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу
және мемлекеттік саясат саласында ұсыныстар енгізу;
12) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату
туралы ұсыныстар енгізу;
13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және
ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
14) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық
инспекцияны жүзеге асыру;
15) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді
қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық жене жолқұрылысы машиналары мен механизмдерін, өткізгіштігі
жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекетгік тіркеу нөмірі
белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеуге алу ережесін, жыл сайынғы
мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу ережесін бекіту, сондай-ақ
керсетілген көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, Соның ішінде
сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу тәртібін,
оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру тәртібін анықтау;
6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит ресурстарына қол
жеткізуін жақсарту үшін агроөнеркесіптік кешенде кредит беруді жүзеге
асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін жағдай жасау;
17) агроөнеркөсіптік кешенді ақпараттық маркетингтік қамтамасыз етуді
ұйымдастыру;
18) агроөнеркөсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлау
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
19) агроөнеркөсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылынын оңтайлы
нысандарын дамыту;
20) өз құзыреті шегінде нормативтік құқыктык актілерді бекіту;
21) жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркөсіптік кешен саласындағы
қызметін әдістемелік қамтамасыз ету кіреді.
2. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыру;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық)
бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асырудың мониторингін жүргізу;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды
дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына
сәйкес ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын әзірлеу;
5) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге
асыру;
6) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ауылдық елді мекенді
әлеуметтік және инженерлік жайластыру нормативтерін әзірлеу;
7) жергілікті атқарушы органдардық ауылдық аумақтарды дамыту
саласындағы қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру кіреді.
7-бап. Жергілікті өкілді органдардьщ (мәслихаттарың) және жергілікті
атқарушы органдардың (өкімдіктердің) агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыреті
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
өкілді органдарынын, (мәслихаттарының) құзыретіне:
1) агроөнеркөсіптік кешенді жене ауылдық аумақтарды дамытудың
жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту;
2) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті, онда
агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық, аумақтар саласындағы іс-шараларды
қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып бекіту;
3) жергілікті атқарушы органдар басшыларынын агроөнеркәсіптік кешенді
және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерін тыңдау
кіреді.
2. Облыстардың (республикалық манызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының (өкімдіктерінің) құзыретіне:
1) агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың өңірлік
бағдарламаларын әзірлеу және жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың)
бекітуіне ұсыну, оларды іске асырудың мониторингін жүргізу;
2) агроөнеркөсіптік кешен субъекгілерін осы Заңға, осы саладан
мемлекеттік, салалық (секторлык), өңірлік бағдарламаларға және басқа да
нормативтік құқықық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар
әзірлеу;
3) агроөнеркөсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңдарды жетілдіру мәселелері
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Азық-түлік қауіпсіздігін және өнімдердің экспортын ұлғайтуды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешендер
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Пәндер