Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

  1. Бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы.
  2. Бухгалтерлік қызметтің құрылысы. Бас бухгалтерлердің міндеттері мен құқықтары.
  3. Бюджеттік жіктелім және бюджеттік ұйымдардың шығыстарсметасы.

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру процессінде шаруашы-

лық субъектілері:

  • шаруашылықтың нақты жағдайларына байланысты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру формасын бекітеді;
  • бухгалтерлік есептің формалары мен әдістерін анықтайды;
  • ішкі бақылау мен есеп жүйесін өңдейді.

Бюджеттік мекемелерге, негізгі қызметі толығымен немесе жартылай шығыстар мен кірістер сметасы негізінде бюджет қаржылары есебінен қаржыландырылатын мекемелер жатады. Мекемені бюджеттік ұйымға жатқызу оның жарғысымен, ұйымдастыру құжаттарымен, оның қарасты қаржы органы бойынша анықталады. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі бюджет туралы заңдылықтармен анықталады. Бюджеттік ұйымдардағы шығыстар сметасы мен бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есебі бюджеттік есеп деп аталады.

Бюджеттік есептің ерекшеліктері:

  • шығыстар сметасының орындалуын бақылау;
  • есептегі кассалық және нақты шығыстарды жеке қарастыру;
  • есеп пен есеп берудің нормативті құжаттарға сәйкес жүргізілуі;
  • денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет салаларындағы бухгалтерлік есептің жүргізілуі.

Бюджеттік есептің объектілері:

  • бюджеттің кірісі мен шығысы;
  • банктегі нақты ақшалай қаражаттар;
  • қорлар мен резервтер;
  • бюджеттік ұйымдардың материалдық құндылықтары.

Бюджеттік есептің негізгі міндеттері :

  • бекітілген бюджеттің нақты орындалуы;
  • қаржыларды үнемдеп жұмсау және қаржылық-бюджеттік тәртіпті сақтау;
  • мүліктерді қорғау;
  • бюджетке қаржыларды жұмылдыру және қосымша кірістерді анықтау.

Сонымен сметалық тәртіпте қаржыландырылатын мекемелер бюджеттік деп аталады. Олар мектептер, балабақша, жоғары және орта оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері т. б. Бюджетті ұйымдастырудың қаржыларға мұқтаждығы негізгі қаржыны жоспарлау құжаты болып табылатын шығыстар сметасында көрсетіледі. Бекітілген смета негізінде бюджеттік ұйымдар өздерінің қызметін жүзеге асыру үшін қаржылар алады. Бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебі бюджет бойынша шығыстар сметасының орындалуымен байланысты барлық операциялардың есепке алынуын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп екі жақты жазу жүйесі бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлі, журнал-ордерлі формасы қолданылуы мүмкін. Ірі бюджет мекемелерінде бухгалтерлік есептің ж. о. формасы қолданылады.

Бюджеттік тәртіптің сақталуына және бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына жауапты тұлғалар мекеме басшысы мен бас бухгалтер. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте көрсеті екі жақты жазу әдісі арқылы, шығыстар сметасы орындалуының есеп-шот жоспары бойынша жүргізіледі.

Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде мыналар қамтамасыз етілуі керек:

  • бюджет ұйымының бухгалтерлік есепті қабылданған есеп саясаты бойынша жүргізуі; есепті жылдың өзгерістері жылдық есеп беруде түсіндірілуі керек;
  • есепті жылдағы барлық операциялардың және түгендеу қорытындысының бухгалтерлік есепте толығымен көрсетілуі;
  • аналитикалық есеп пен синтетикалық есептің сәйкестігі.

2. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына тікелей жауапты тұлға-ұйымның басшысы. Бухгалтерлік есепті жүргізу туралы ережеге сәйкесұйымның басшысы:

  • өзіне тікелей бағынатын бас бухгалтерді қызметке тағайындайды немесе қызметтен босатады;
  • бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауға міндетті;
  • бухгалтерге штат ашуға құқы бар;
  • ішкі ұйғарымдарды, бухгалтер құжаттарды, түгендеуді, ішкі және сыртқы есеп берулерді бекітеді.

Бухгалтерлік есепті бухгалтерлік қызмет (бухгалтерия) жүзеге асырады. Оны бас бухгалтер басқарады.

Бухгалтерлік қызмет - бұл бухгалтерлік есепті жүргізетін есеп беруді дайындайтын арнайы мамандандырылған бөлім. Бухгалтерия жеке және қажетті құрылымдық бөлімше болып табылады.

Бухгалтерлік есеп ұйымдастырылу формасына қарай орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып 2 ге бөлінеді. Орталықтандырылмаған бухгалтерлік есептің формасында әр мекемеде жеке бухгалтерия құрылады.

Ірі мекемелерде бухгалтерия мынадай топтарға бөлінеді: қаржылық есеп айырысу, жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу, материалдар тобы т. б. Топтарды бас бухгалтер басқарады.

Орталықтандырылған бухгалтерия бухгалтерлік қызметті ұйымдастырудың тиімді формасы болып саналады. Орталықтандырылған бухгалтерия қаржыларды тиімді пайдалануға, есеп жұмысын автоматтандыруға, бухгалтерлер арасында жұмысты рационалды бөлуге, басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Бухгалтерлік қызмет мынадай міндеттерді орындауы керек:

  • бухгалтерлік есепті нормативті актілерге сәйкес ұйымдастыру;
  • орындалған операциялардың заңдылығына және құжаттардың уақтылы және дұрыс толтырылуына алдын-ала бақылау жасау;
  • бюджеттен тыс қаржылар мен арнаулы қаржылар бойынша кірістер мен шығысмтар есебін қамтамасыз ету;
  • дебиторлармен және кредиторлармен есеп-айыврысу жүргізу;
  • еңбекақыны, жәрдемақыны, стипендияны уақтылы есептеу және беру;
  • есеп беруді дайындау және оны белгіленген мерзімде қаржы органдарына тапсыру;
  • бухгалтерлік құжаттар мен регистрлардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіпте архивке өткізу.

Бас бухгалтер - бухгалтерлік есеп пен бақылаудың жүргізілуіне жауап береді және ұйымның басқару аппартының құрамына кіреді. Қызмет барысында бас бухгалтер ҚР Бухгалтерлік есеп туралы заңы мен есеп және есеп беру туралы ережеге сәйкес басшылық жасайды.

Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері:

  • бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік принциптерінің сақталуына жауапты;
  • келіп түскен ақшалай қаржылар, тауарлы материалды құндылықтар, активтердің толық есебін қамтамасыз етуге міндетті;
  • нормативті құжаттарды негізге ала отырып шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарда көрсетілуін қамтамасыз ету және бақылау;
  • есеп беру формаларын дайындау және белгіленген мерзімде өткізуі.

Ол ұйымның басшысымен бірге қаржылық есеп айырысу операциялары бойынша құжаттарды, тауарлы материалды құндылықтарды, ақшалай қаражаттырды қабылдау-өткізу құжаттарына қол қояды. Бас бухгалтерлердің қолынсыз бұл құжаттар заңсыз болып табылады және орындалуға қабылданбайды.

Ұйымның басшысы материалды жауапты тұлғаларды жұмысқа қабылдау, жауаптан босату кезінде бас бухгалтермен келіседі. Жұмыстан босатылу кезінде бас бухгалтер барлық істі жаңа бас бухгалтерге қабылдау-өткізу актісі арқылы өткізеді.

3. Бюджеттің кірістері мен шығыстары есебінің дұрыстығы бюджеттік жіктелім арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттік жіктелімнің ұйымдастырушылық және құқықтық маңызы бар.

Ұйымдастырушылық маңызы мынада:

  • бюджеттің кірістері мен шығыстарын біркелкі есепке алу;
  • бюджеттің орындалуы туралы есеп беру;
  • кірістер мен шығыстардың әр түрәне талдау және бақылау жасау;

Құқықтық маңызы: кірістер мен шығыстар көрсеткіштерінің міндетті түрде орындалуға жататын қаржылық жоспар екендігінде.

Бюджеттік жіктелімге жататындар:

  • кірістерді жіктеу;
  • шығыстарды жіктеу;
  • ішкі қаржылавндыру көздерін жіктеу;
  • сыртқы қаржыландыру көздері;
  • мемлекеттің сыртқы қарыздарының түрлерін жіктеу.

Бюджет кірістері салықтар мен салықтық емес түсімдерден құралатыны белгілі.

Ал шығыстардың жіктелуі төмендегідей:

  • еңбек ақы қоры;
  • еңбек ақы есептеу;
  • концеляриялық және шаруашылық шығындары;
  • жолсапар шығындары;
  • стипендия;
  • тамақтану шығындары;
  • құрал жабдықтау мен инвентарлар сатып алу шығындары;
  • операциондық шығындар;
  • сауда бойынша төлемдер;
  • басқа да шығыстар.

Бюджеттен қаржылар бекітілген шығыстар сметасы бойынша бөлінеді.

Шығыстар сметасы - бұл ұйымдарды ұстау үшін бюджеттен бөлінетін қаржылардың тоқсандық бөлінуін, мақсатты бағытын, жалпы көлемін анықтайтын жоспарлы-қаржылық құжат. Егер қаржылар үнемделмесе сметада қарастырылмаған шығындарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Бюджеттік ұйымның шығыстары күрделі салымдар және ұйымдардың ағымдық шығындары болып бөлінеді.

Ағымдық ұстау шығыстары : әкімшілік-шаруашылық және операциондық болып 2 ге бөлінеді.

Әкімшілік шаруашылық шығындарға :

  • басқару, шаруашылық және көмекші персоналды ұстау шығындары;
  • жолсапар шығындары;
  • жабдықтар мен инвентарьлар сатып алу шығындары жатады.

Операциондық шығындар - бұл ұйымның қызметімен тікелей байланысты шығындар (дәрі-дәрмек алу шығындары, оқу шығындары, еңбек ақы т. б. ) . Бұл шығындардың көлемі белгіленген материалдық және ақшалай шығыстар нормасы бойынша анықталады. Смета бойынша шығыстар түрлері, мақсатты бағыттарына қарай топтастырылуы және үнемдеп жұмсалуы керек. Шығыстар сметасын мекеме басшысы бекітеді.

Тақырып: Есеп айырысулар есебі.

  1. Есеп айырысу формасы және оның синтетикалық есебі.
  2. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу.
  3. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу.

Әдебиеттер.

  1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық. Алматы, Қаржы-қаражат, 1998 ж.
  2. А. Н. Белов «бухгалтерский учет в учреждениях непроизводственной сферы» Москва, 1998 г.
  3. Е. П. Дедков «Бухгалтерский учет в бюджетных учреждениях и его централизация» Москва, 1983 г.

1 . VII «Есеп айырысулар» бөлімінде тауарлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін қоюшылар мен және мердігерлермен есеп айырысулар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар бойынша есеп айырысулар, есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысулар, жұмысшылармен жіне қызметкерлермен, стипендиаттармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу және есеп айырысудың басқа да түрлері ескеріледі. .

Өндірістік емес саланың ұйымдары қоюшылармен және мердігерлермен атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысуларын банк несиелері арқылы, есеп айырысу құжаттары бойынша нақтысыз есеп айырысу түрінде жүргізеді. Есеп айырысу формасы ҚР Заңына сәйкес екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Бухгалтерияның қызметшілері нақты және уақтылы, қатаң барлық есеп айырысу операцияларын бақылап отыруы керек.

Бюджеттік ұйымдардың бухгалтериясындағы есеп айырысу есебі есеп айырысу операцияларының дұрыстығынқамтамасыз етуі және өтелмеген дебиторлық және кредиторлық борыштарды болдырмауы керек. Есеп айырысу операцияларында төлем талабы, чектер, төлем-тапсырмалары пайдаланылады.

Төлем тапсырмасы - бұл төлеушінің өз міндеттемесін жабу үшін өзінің шотынан алушының шотына белгілі бір соманы аудару үшін банкке берген бұйрығы. Төлем тапсырмасы тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша қоюшылармен есеп айырысу, кредиторлық борышты жабу, бюджетке төлемдер жүргізгенде т. б. мақсаттарда пайдаланылады. Төлем тапсырмаларының 10 күнге дейін заң күші бар, олар төлеушіден оның шотында ақша бар болған жағдайда ғана қабылданады.

Чектер нақтысыз есеп айырысу үшін ғана қолданылады. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелермен чек арқылы есеп айырысуда чек иесі банкке өзінің шотынан алушының шотына белгілі бір соманы аудару жөнінде жазбаша тапсырма береді. Чектер лимиттендірілген және лимиттендірілмеген болып екіге бөлінеді. Лимиттендірілген чек кітапшасын алу үшін ұйым өзінің есеп айырысу шотынан аударуы керек. Осы соманың көлемінде банк чек кітапшасын береді. Лимиттендірілген чек кітапшасында чектің жалпы сомасының лимиті көрсетілмейді.

Төлем талабы - бұл сатушының сатып алушыға есеп айырысу құжаттарында көрсетілген тауарлы - материалды құндылықтар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызметтердің құнын төлеуге берген талабы. Төлем талабын қоюшы толтырады және басқа құжаттармен бірге сатып алушының банкіне жіберіледі. Төлем тапсырмасы акцептелген болып есептеледі, егер төлеуші төлем ақыдан бас тартпаса. Акцепт- сатып алушының есеп айырысу құжаттарында көрсетілген соманы төлеуге келісім бергенін білдіреді. Төлеуші төлем талабында көрсетілген соманы төлеуден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін:

  • Тапсырыс (заказ) берілген өнімдерге төлем талабы толтырылса;
  • Дұрыс емес мекен-жайға тауар жөнелтілсе;
  • Сатып алушының келісімінсіз тауар уақытынан бұрын қойылса; т. б.

Соңғы кезде есеп айырысуға байланысты кәсіпорын мен банктің өзара қарым-қатынасының жаңа формалары пайда бола бастады. Олар факторинг, лизинг операциялары.

2. Банк ұйымының жұмысшыларына шаруашылық, операциондық, командировкалық шығындарға кассадан қолма-қол есептік аванстар берілуі мүмкін. Есептік аванстар тек осы бюджеттік ұйымда ғана жұмыс істейтін адамдарға басшының өкімі бойынша беріледі. Ақшаны алу үшін жұмысшы ұйымның басшысының атына өтініш жазады онда ол соманың көлемі, қандай мақсатқа жұмсалатындығы көрсетіледі. Өткен аванстар бойынша есеп беруші тұлғаның қарызы болса есептік аванс берілмейді. Берілген есептік аванс көзделген мақсатқа ғана жұмсалуы керек.

Есептік авансты алған тұлға 3 жұмыс күні өткеннен, мерзімі аяқталғаннан кейін, немесе командировкадан келген күні бухгалтерияға аванстық есеп беруі керек. Аванстық есеппен бірге растаушы құжаттар (чектер, квитанциялар, анықтамалар) өткізіледі. Бухгалтерияда аванстық есептер, арифметикалық сондай-ақ қаржының мақсатты бағытта пайдаланылған тексеріледі.

Есептік сомаларды жұмсағаны туралы аванстық есепті белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванстардың қалдықтарын қайтармаған жағдайда бюджеттік ұйым ҚР қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген талаптарға сүйене отырып есеп беруге тиісті тұлғаның жалақысынан бұл соманы ұстауға құқылы. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп-айырысу есебі 16 шотта жүргізіледі.

Берілген есептік аванс сомасына мынадай бухгалтерлік жазу беріледі:

Д-т 160 «Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу»

К-т 120 «Касса» немесе 09-12 шоттар

Нақты жұмсалған шығындар сомасына

Д-т 200 «Бюджет бойынша ұйымдарды ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар»

К-т 160 «Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары
Коммерциялық емес ұйымдардағы бухгалтерлік есептеме жасау мәселелері
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz