Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу



Кіріспе бөлім.
1.Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу.
2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің құралдары
3. Еңбек нарығындағы жұмысбастылық саясаты
4. Еңбек нарығындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын қарастырайық.
Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрығындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманғы еңбек нарығы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу обьектісі болып табылады. Сонымен бірге тауарлардың нарыны тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.
Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мұдесін қорғап, еңбек нарығында дербес субьект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс.
Еңбек нарығы басқа нарықтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты болады.
«Еңбек нарығы- жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан –жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала» (Лившиц)
Еңбек нарығы –бұл нарық экономикасы құрлымының құрамдас бөлігі. Ол басқа да нарықтармен: шикыі материалдар, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б нарықтармен қатар қызмет етеді.
Еңбек нарығындағы бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс ізжеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы)- жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.
Еңбек нарығы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерме, сондай-ақ кәсіпорындар мен мемлекеттердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушініаң құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету кепілдігі анықталады.
Еңбек нарығы –бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстарымен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар-салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуіне.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеу лекциялар курсы М.Б. Төреғожина
Алматы 2008,
2. Жалпы экономикалық теория
Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Коллягин Б.И., Нысанбеков М.Ә.
Алматы- Ақтөбе, 2002 жыл,
3. Экономикалық теория
Б.С.Мырзалиев., С.А.Қалтаева.,
Ғ.З.Успанова,. С.С.Ыдырыс.
Түркістан- 2006
4. Еңбек нарығы экономикасы
Г.Ж.Байболсынова. Түркістан- 2007

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары.

Кіріспе бөлім.
1.Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік
реттеу.
2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің құралдары
3. Еңбек нарығындағы жұмысбастылық саясаты
4. Еңбек нарығындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын
қарастырайық.
Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрығындардың
жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен
әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманғы еңбек нарығы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып,
мемлекеттік араласу обьектісі болып табылады. Сонымен бірге тауарлардың
нарыны тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан
(мемлекетпен) реттелетін болды.
Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан, мемлекет жұмыс
беруші ретінде, яғни өзінің мұдесін қорғап, еңбек нарығында дербес субьект
ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші жұмыс беруші мен
жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс.
Еңбек нарығы басқа нарықтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен
мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты
болады.
Еңбек нарығы- жұмыс күшіне сұраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші
жағынан –жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар
араласатын қарама-қарсы келетін сала (Лившиц)
Еңбек нарығы –бұл нарық экономикасы құрлымының құрамдас бөлігі. Ол
басқа да нарықтармен: шикыі материалдар, халық тұтынатын тауарлар мен
қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б нарықтармен қатар қызмет
етеді.
Еңбек нарығындағы бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс ізжеуші ретінде,
екінші тарап (сатып алушы)- жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың
өкілдері болады.
Еңбек нарығы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік
емес жүйелерме, сондай-ақ кәсіпорындар мен мемлекеттердің тікелей кадр
қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушініаң құны бағаланады,
оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету кепілдігі
анықталады.
Еңбек нарығы –бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол
сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстарымен жұмыс орындарының
арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар-салалар мен
кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуіне.

1. Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу

Еңбек нарығы-бұл жұмыс күші мен еңбек пайдалануды көрсететін
экономикалық механизмдер жүйесі. Еңбек нарығында да еңбекке сұраныс және
ұсыныс құрылады.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің
көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді
шектелген өнім дейді. Шектелген өніммен түскен табысты анықтау үшін шектік
өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өніммен түскен
шектік табыс деп аталады. Шектік өнім әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы
өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді.
Шектік өніммен түскен табыс төленетін еңбек ақыдан жоғары болғандағана
қосымша жұмысшыны жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік нарықта
еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады; жалақы және шектік өнім құны.
Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік
еңбекке сұраныс қисығын береді ( сурет-20.1). егер шектік өнім басқа
өндіріс факторын қолдануға қарағанда, еңбекті қолдануда жоғары болса, онда
еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше.
Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ
байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде еңбек ұсынысы көбейгенін
көрсетеді. Ал жалақы да түседі (сурет-20.2).
Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады. Ондағы халықтың
еңбекке жарамды бөлігі, орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы
жұмыс, жұмысшысының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.

Жалақы ставкасы Жалақы
ставкасы

Жұмысбастылық көлемі
Жұмысбастылық көлемі
Сурет 20.1.
Сурет 20.2.

Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:
1.Еңбек қабілетті елдегі халықтың саны.
2.Жұмыс күшінің ұзақтығы.
3.Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.
Ұсыныс пен сұраныстың қилысқан жері жалақының теңестірілген деңгейін
көрсетеді. Берілген жалақы деңгейі экономикада толық жұмысбастылықты
тұрақтандырады. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (сурет 20.3)
Жалақы ставкасы

w2

w0

w1

жұмысбастылық деңгейі

сурет 20.3
Егер жалақы деңгейі төмен және w1тең болса, бұл жағдайда сұраныс
ұсыныстан көп болғаны және кәсіп орында жұмысшылар жетіспейді. Кәсіпорын
жұмыс күшін ұстау мақсатымен жалақыны көбейтеді. Сол кезде адамның көбі
жұмыс жұмыс алуға ұмтылады (ұсыныстың жоғары қозғалысы) кейде жалақының
өсуі жұмыс берушілерді аз жұмысшы жалдауға мәжбүр етеді (сұраныстың төмен
қозғалысы). Егер жалақы w2 деңгейіне жетсе, онда ұсыныс сұраныстан артады.
Бұл жағдайда кәсіпкерлер мүмкіндігінше төменгі жалақы сұраныстан артады.
Бұл жағдайда кәсіпкерлер мүмкіндігінше төменгі жалақы ұсынып, бос орынды
толтырады. Төменгі жалақы кезінде жұмыс істеуге деген ынта төмендейді,
демек ұсыныс азаяды. Сонымен қатар кәсіпкерлер аз жалақы мөлшерімен көп
жұмысшы санын жалдайа алады. Сол кезде жалақы деңгейі w0 тіреледі.
Жалақының бұл деңгейі жұмысшылар тарапынан да, жұмыс берушілер тарапынан да
қолдау тауып, еңбектің ұсынысы мен сұранысы 0 нүктесінде теңеседі.
Жұмысбастылық экономиканы аса маңызды сипаттамас, халықтың жеке
тұрмысы, жұмысбастылық деңгейі – маңызды макроэкономикалық көрсеткіші.
Бірақ жұмысбастылқ тек экономикалық құбылыс қана емес ол демографиялық және
әлеуметтік маңызға ие.
Жұмысбастылықты экономикалық санат ретінде -бұл халықтың еңбек
қызметіне қатысу жағдайындағы қатынастардың жинтығы; оның жұмысқа тарту ақы
төленетін жұмыс орындарында, табыс алуда жұмысшылардың қоғамдық
тұтынушылығы мен жеке тұтынушылығын қанағаттандару дәрежесінің шараларын
бейнелейді. Осы позиця тұрғысынан жұмысбастылық еңбек нарығының аса маңызды
сипаттамасы болып табылады.
Қоғамдық –пайдалы қызметте жұмысбастылық еңбекке жарамды халықтың кең
ауқымын еңбек келісім –шартымен жұмыс істейтіндер; өздерін жұмыспен дербес
қамтамасыз ететіндерді; қосалқы кәсіпшілікте істейтіндерді;азаматтық –
құқықтық келісім – шарт бойнша жұмыс атқаратындығы сондай – ақ өндірістік
кооперативтер мүшелерін; ақы төленетін лауазымға таңдалған;
тағайндалғандарды немесе бекітілгендерді, әскери қызметін өтеушілерді,
сондай –ақ ішкі істер органдарында қызмет етушілерді жалпы білім беретін
және басқа білім берк мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитындар; уақытша
еңбекке жұмысыздығына өзекті енген демалысы; біліктілікті көтеру; ереуілдер
мен басқа да себептер туғаннын өндірістің тоқтауына байланысты уақытша
жұмыс істейтіндерді қамтиды.
Барлық жұмысты қамтығандарды қызмет түрлері бойнша үш үлкен топқа
бөлуге болады.
1. Экономикада ақы төленетін қызметпен қамтылғандар.
2. Әскери қызметкерлер. Тікелей ақшалай табыс әкелмейатін қызметпен
айналысады. Қызметтің контрактылық үлгісіне өту барысы бойнша, әскери
қызметшілер экономикада жұмыс істейтіндердің стасуысына жақынжайтын болады.
3. өндірістен қол үзіп оқитындар.
Еңбек тартылу әдісі бойнша экономикада жұмысбастылықты үш шағын топқа
бөлуге болады.
1. жалдамалы жұмысшылар.бұған өз жұмыс күшін сату негізінде жұмыспен
қамтығандар жатады;
2. жұмыс берушілер. Бұған өз кәсіпкерлік қабілетін іске асырған
кәсіпкерлер жатады.
3. өзін -өз жұмыспен қамтушылар. Бұған өз есебінен жұмыс істейтін
тұлғалар, тұрақты негізде жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын өндірістік
кооперетив мүшелері жатады.
Жұмысбастылыққа ықпал жасаудың жаңа жүйесі –жұмысбастылықты реттеу жүйесі
біртіндеп қалыптасуда. Басты буыны жұмысбастылыққа ынталандыру заңдары,
бағдарламалары, ұлттық, аймақтық, салалық деңгейде және кәсіпорындар
шеңберінде әлеуметтік –еңбек қатынастары субьектілерімен түзілген
келісімдер болып табылады. Инвестицялық –құрлымдық, салалық, қаржы –несие
саясатына маңызды роль аударылады. әлеуметтік –еңбек қатынастары
субьектілерімен бірлескен күш –жігер жұмысбастылықтың негізгі бағыттарын,
оның құрылымдарын өзгертуді, жұмыс күшінің сапалық сипатын жақсартуды, ішкі
және халықаралық еңбек нарығында оның бәсекге қабілеттілігінің арттыруды
анықтайды. Мемлекет бұл жүйеде осы күш –жігірді үйлестіруші болып табылады,
олардың қызмет етуі үшін шеңберлік жағдай жасайды.
Тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету мен оларды әлеуметтік
қорғаудың мәселелерін шешудің көптеген жолдары бар. Көптеген әлеуметтік
байланыстар қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі мен жұмыссыздық көбейген
кезінде олардың қайсысы ең тиімді екен деген сұрақ туады. Дағдарыс
кесірінен тұрғындардың нақты ақшалай табыстары мен өмір сүру деңгейі
төмендеп, экономиканың салалары мен мемлекет аймақтарында өткір қақтығыстар
пайда бола бастайды.

Тұрғындардың кедей категорияларының ақшалай табыстарының, зейнетақы мен
төлемдердің, жалақының минималды және орта мөлшерлерінің арасындағы
айырмашылық пен халықтың табыс деңгейі бойынша бөлінуі әжептеуір көбейді
және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны да өсті. Қазіргі кезде
жұмысбастылықты ұйымдастыру мәселелері бірінші ретте шешілуі тиістілердің
қатарына қосылып, оларды шешудің жолдары өзінің шегіне жеткенін көрсетті.
Тұрғындардың түрлі категорияларын әлеуметтік қорғаудың нақтылы іс-шаралары
керек. Әлеуметтік-еңбек аясындағы жағдайдың шиеленісуіне кірісу үшін жаңа
шешу жолдарын табу керек. Олардың дәстүрлік жолдары қазіргі кезде орындалуы
тиіс мәселелерге қатыса алмайды. Қазіргі таңда мүгедектер, жастар және
әйелдер сияқты әлеуметтік қорғаусыз қалған тұрғындар категориясын
жұмысбастылар қатарына қосу мәселелерін ұйымдастырудың жаңа жолдарын табу
өте маңызды. Бұл азаматтар категориясы мемлекеттің аса қатты қорғауын сұрау
етеді. Өйткені, төменгі әлеуметтік статуспен шектелген еңбекке деген
жарамдылығы бар адамдар ұшін қазіргі кездегі жағдайда жұмыс табу өте қиын.
Көптеген елдерде өмір сүру үшін қажетті табыс табу үшін қолданатын маңызды
инструмент рационалды жұмысқа орналастыру. Жақсы жұмыс адамдарға олардың
әлеуметтік функционалдануында көмек көрсету үшін, әлеуметтік құқықтарын
іске асыру мен жақсы әлеуметтік әл-ауқатқа жету мен оны сақтау үшін керек.
Ең бірінші кезекте жұмыс өмір сүру көзі ретінде әлеуметтік қорғалмайтын
азаматтар категорияларына қажет. Жұмысбастылықпен қамтамасыз ету аясындағы
әлеуметтік саясат принциптері соңғы кезде нақтыланып, елімізде үлкен жұмыс
атқарылып жатыр. Оның ең маңыздыларының бірі – шағын және орта бизнесті
дамыту. Өйткені, осы салада көптеген адамдар өздерінің іске асырылмаған
потенциалдарын ашып, қалағаны бойынша жұмыс таба алады. Сонымен қатар,
қазіргі кезде мемлекеттік және бюджеттік сферада еңбек ететін азаматтарға
көптеген жеңілдіктер мен олардың табыс деңгейін көтеру мақсатында бірқатар
шаралар орындалып, осы салаларға жұмыскерлерді тарту саясаты жүргізіліп
жатыр. Әсіресе, мамандардың квалификациясын көтеру қолға алынып жатыр. Бұл,
тек жеке секторда емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет
аясының қызметкерлерінің арасында жүргізілуде. Жұмысбастылық – маңызды
макроэконоикалық көрсеткіш, экономиканың, халықтың байлығының ең басты
мінездемесі. Бірақ та, жұмысбастылық тек-қана экономикалық құбылыс емес,
сонымен қатар, ол әлеуметтік сипатқа да ие. Ол қоғамға пайдалы қарекет ету
арқылы өзін-өзі көрсету көмегімен адамдардың тек-қана табысты керек
етушілігін емес, сонымен бірге, қоғамның дамуының белгілі бір әлеуметтік-
экономикалық деңгейінде сұрауларға қанағат болу сатысын айқындайды. Еңбек
аясында қажеттіліктерін қанағаттандыру мен еңбекке байланысты қатысы бар
адамның дамуының әлеуметтік аспектілерінің ең негізгілерінің бірін
жұмысбастылық ашады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен
басталған әкім есептері ел өмірінде маңызды саяси науқанға айналды.
Мұндай кездесулер халықтың билік органдарының қызметтері туралы көбірек
білуіне, жаңа экономикалық реформа міндеттерін орындауға және нақты
проблемаларды шешуге қоғамды жұмылдыруға ықпал етеді. Өткен жыл біздің
елімізде маңызды оқиғалармен аталып өтті, солардың ішінде ең маңыздысы
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын
анықтаған Ел басының Қазақстан халқына Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға
Жолдауы болды. Қазақстан -дағдарыстық қысымның қуатына жедел жауап
тойтарған және дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға кіріскен
әлемдегі мемлекеттердің бірі. Қазақстандықтардың әлеуметтік хал-жайын
арттыру мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып қала береді.
Ел басының ойластырған саясатының арқасында өткен жылғы оңды нәтижелер
Үкіметтің жүзеге асырған дағдарысқа қарсы шараларының дұрыстығын
дәлелдейді.    Әлеуметтік саясат басымдықтарының бірі болып лайықты еңбек,
жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған
тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ету табылады. 2009 жылдың басынан
жұмыспен қамту мәселесі бойынша 644 адам хабарласты, соның ішінде жастар
саны 248 адам (2008 жылы хабарласқан жұмыссыздар саны 341 адамды құрады,
соның ішінде жастар саны 126 адам). Жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп
істеген жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылғандардың саны 519 адамды құрады,
соның ішінде Жол картасы бағдарламасы бойынша 207 адам (хабарласқандардан
81%), өткен жылы 340 жұмыссыз  жұмыспен қамтылды (хабарласқандардан 99%).
 2009 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 16-дан 29 жас
аралығындағы жастар саны 196 адамды құрады (2008 жылы жастардың 127-і
жұмыспен қамтылды). Жұмыспен қамтылған жастар санының төмендеу себебі болып
еңбек нарығында сұраныс және ұсыныстың сәйкессіздігі, оған қоса практикалық
жұмыс тәжірибесінің болмауы табылады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесін
шешу үшін 2009 жылғы маусымнан елімізде Жастар практикасы бағдарламасы
ұйымдастырылды. Оның мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті және
талапты арттыру үшін мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін,
практикалық жұмыс дағдысын алу табылады. Жоғары және орта-мамандырылған
білім мекемелерін тамамдаған  кенттің 17 түлегі 2009 жылы осы бағдарлама
бойынша мүмкіндіктерін іске асырды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы
арнайы мамандығы жоқ жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мүмкіндігі туады.
2009 жылдың есепті мерзімінде қоғамдық жұмыстарға 70 адам қатысты, соның
ішінде жастар саны 30. Қоғамдық жұмыстардан соң 59 адам тұрақты жұмысқа
орналастырылды (2008 жылы қоғамдық жұмысқа 91 адам қатысты, соның ішінде
жастар саны 30, жұмыспен 79 адам қамтылды, соның ішінде жастар саны 29
адам). Жұмыспен қамту Стратегиясы дүниежүзілік дағдарыс жағдайында
кадрларды қайта оқыту және қайта даярлау бойынша нақты жұмысқа бағытталған,
еңбек нарығында талап етілмегендердің қайта оқып, бүгінгі күні талап
етілетін басқа мамандықты таңдауға мүмкіндіктері бар. 2009 жыл барысында 22
адам оқудан өтті.   Жұмыссыздарға қолдау көрсету бағыттарының бірі болып
жеке іс ашу үшін материалдық көмек көрсету табылады, мұндай көмек аяқ
киімдерді тігу және жөндеу шеберханасын ашу үшін жұмыссыз М.Жүсіпбековке
көрсетілді (Шахтер дүкені ғимаратының ішінде). Атқарылған жұмыстың
нәтижесінде жұмыссыздықтың белгіленген деңгейі кент бойынша 0,2 % құрады,
жыл басында 1,5 % шамасында болған. 2010 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша
жұмыспен қамту бөлімінде есепте 8 жұмыссыз тіркелген. 2009 жылдың 12 айы
ішінде мемлекеттік тыс көзден сомасы 2713,9 мың теңге көлемінде 1896 адам
көмек алды. Көмектің орташа мөлшері бір адамға шаққанда 90,463 теңге (2008
жылы көмекті 1632,0 мың теңге сомасында 1457 адам алды. Көмектің орташа
мөлшері бір адамға шаққанда 54,400 теңге) Балаларға арналған мемлекеттік
жәрдемақы 287,6 мың теңге сомасында 44 балаға төленді (2008 жылы жәрдемақы
378,7 мың теңге сомасында 40 отбасына төленген). Мемлекеттік атаулы
жәрдемақы 688,4 мың теңге сомасында 61 адамға төленді (2008 жылы 1036,0 мың
теңге сомасында 59 адамға төленген)

2. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің құралдары

Нарықтық экономикасы дамыған көпшілік елдерде қалай болғанда да
қолданылатын, мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарына – келесілерді
айтуға болады. Біріншіден, мақсатты нұсқауларды және бағытталған
көрсеткіштерді қолданумен жалпы мемлекеттік жоспарлауды кеңінен тарату. Бұл
кезде жалпы мемлекеттік жоспарлау ұлттық кіріс, баға өзгерісі, сыртқы
экономиканың іс-әрекет және т.б. сияқты маңызды көрсеткіштерді қамтиды және
сол арқылы ұзақ мерзімді экономикалық саясаттың негізін жасайды. Осының
бәрі нарықтық шаруашылықтың динамикалық және үдемелі дамуына мүмкіндік
жасайды. Қазақстанның өтетін ұлттық есептерінің қазіргі заманғы жүйесінің
толық неокейнсландықтардың теориялық қорытындыларына негізделетінін айта
кету керек.
Екіншіден, орташа тез қаржылық жоспарлау, ол нарықтық қатынастарды
мемлекеттік реттеудің барлық жүйесінің негізгі құралы ретінде мемлекеттік
бюджетті қолдану механизмі болып табылады. Үшіншіден, әрекеттерді
келістіру саясаты, оның мәні жұмыс берушілердің, жұмысшылардың және
мемлекеттің мүдделерінің келісімділігіне жету болып табылады. Бұл кезде
қайсы елдің болсын нарықтық экономикасының жалпы қажеттіліктерін ескерумен
табыстар мен еңбек ақылардың келісушілігі жүреді. Төртіншіден, мемлекеттік
несиелік-ақшалай саясат сияқты құралды белсенді қолдану.
Мемлекеттік шығындарды қысқарту жолымен мемлекеттік бюджет тапшылығын
төмендетуге бағытталған қазақстандық үкіметтін экономикалық саясаты ұзақ
уақыт бойы ең ірі тапсырыс беруші және жұмыс беруші ретіндегі мемлекетпен
қызметі байланысты болған кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істейтін
көптеген азаматтардың жағдайының тұрақсыздығын күшейтеді. Бұған байланысты
30-жылдардағы АҚШ тәжірибесін айтуға болады, экономикалық саясатының
шоғырландырылған бейнесі президент Ф.Рузвельттің америка ұлтына айтқан
үндеуі болды: Өзіңді құтқару үшін шығындар, ол осымен 1938 жылы Конгреске
келді.
Еңбек нарығының жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық аспектісіне мақсатқа
сәйкес әсер ету, еңбекке сұранысты тікелей қолдағанға немесе еңбек қорларын
дайындау мен кадрларды оқытудың үлкен шығындарымен байланыстыға қарағанда,
бюджеттік қаражаттарды недәуір аз қажет етеді.
Мемлекеттің ұйымдастырушылық іс-әрекетінің ең маңызды бағыттарының брі
болып жұмысқа орналастыру қызметін жасау таңдалды, олардың алғашқысы ХІХ
ғасырдың соңғы үштен бірінде пайда болды. Жұмыссыздық пен жұмысбастылық,
бірінші кезекте, инвестициялық белсенділік пен өндірістік қуаттардың жұмысы
көптілігін анықтайтын, экономикалық конъюктураның хал-жағдайынан бағынышты
болады.
Қазақстанда мемлекет негізгі жұмыс берушілердің бірі болып табылады
және болады да. Мемлекеттік сектордың салалық құрылымы көпшілігінде
жекешені қайталаса да, ол оның орнын баса алмайды, қоғамдық қажетті
функцияларды орындай отырып, жеке капиталдың қосалқы объектілері болып
табылмайды. Мемлекеттік сектордағы жұмысбастылық жұмыссыздықтан кепіл бола
алмайды.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен қорытынды жасауға болады, еңбек
нарығының соңғы мақсаты болып: біріншіден, экономикалық белсенді халықтың
кәсіпшілік-экономикалық мүдделерін қанағаттандыру, халық шаруашылығын оған
қажет кадрлармен қамтамасыз етуді және әлеуметтік қорғауды қосқанда;
екіншіден, жарым-жартылай жұмысшы аптасының, жылжымалы жұмыс күні
графигінің қажеттігін ескерумен ең толық және ең аз бөлінген
жұмысбастылыққа жету.
Еңбек нарығы әлі де қалыптасып жатқандықтан, оның мемлекеттік реттеусіз
жұмыс істеуі мүмкін емес. Ең бастысы, еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік
маңызды мақсаттары – бұл жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмысшы күшінің
сұранысы мен ұсынысы арасындағы үйлесімді арақатысты ұстап тұру (бұл оның
бағасын жанама белгілеу дегенді білдіреді). Барлық бұл мақсаттарға жету
үшін еңбек нарығының тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылымын құру қажет
етіледі. Мемлекеттік деңгейдегі оның негізгі элементтері болып табылады:
еңбек нарығының жұмыс істеуінің ең аз қажетті нормалары мен нормативтерін,
оның жалпы шекараларын белгілеу. Мемлекет әлеуметтік және еңбек
заңдылықтары жүйелерінің үйлесуін қамтамасыз етеді, жалдау саласындағы
жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқықтарының көлемін, өндірісті басқаруға
олардың қатысу мүмкіндіктерін, жергілікті басқару ұйымдарының міндеттерінің
еңбек нарығымен шектеулерін анықтайды.
Тікелей әрекет нормативтерін қолданудан басқа, мемлекет еңбек нарығын
салықтық, несиелік-ақшалай, амортизациялық саясат арқылы, сонымен қатар
жалпы экономикалық сипаттағы басқа шаралардың көмегімен жанама реттеуді
жүзеге асырады, яғни еңбек нарығын қалыптастырудағы мемлекеттің шешуші рөлі
туралы айтуға болады.

3. Еңбек нарығындағы жұмысбастылық саясаты

Қазақстанда жүргізіліп жатқан қайта құрулар әлеуметтік бейімделген
нарықтық экономиканы құруға бағытталған. Бұл мақсатқа жетуді қамтамасыз
етуші ең негізгі факторлардың бірі елдегі еңбек потенциалын тиімді
пайдалану болып табылады. Ол үшін цивилизацияланған еңбек нарығын құру (бұл
оны мемлекеттік реттеуді ұйғарады), адамды еңбек іс-әрекетіне дайындауға
мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің дамыған секторы мен әлеуметтік
кепілі жүйесін құру талап етіледі. Әзірге, өкінішке қарай, еңбек
потенциалының сандық және сапалық көрсеткіштерінің динамикасында негативтік
тенденциялардың басым екендігін белгілеуге тура келеді.
Соңғы кездерге дейін объективтік және субъективтік жағдайлардың
қысымымен еңбек потенциалын пайдалану мәселелері жұмысбастылықтың
сақталуына, жұмыссыздық көлемін шектеуге және жұмыссыздарға жәрдем
ұйымдастыруға алып барды. Құрылымдық қайта құру міндеттерін шешу, жұмысшы
күшінің ішкі өндірістік қорларын босату, еңбек өнімділігін көтеру және
қоғамның еңбек потенциалын тұтас тиімдірек пайдалану іс жүзінде артқы
жоспарға ығыстырылды.
Жұмысбастылық туралы қазақстандық заңға сәйкес, жұмысбастылықтың
мемлекеттік саясаты маманданған дайындықты қамтамасыз ету, босатылған
азаматтардың мамандығын көтеру және қайта дайындау, жаппай ұзақ мерзімді
жұмыссыздықты тоқтату, мемлекеттік қызмет жұмысбастылығының тиімділігін
көтеру және еңбек нарығында азаматтарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз
етуге бағытталған басқа шараларды жүзеге асыру арқылы толық, өнімді және
еркін сайланған жұмысбастылыққа көмек берумен қорытындалады.
Барлық басқару деңгейіндегі жұмысбастылықтың мемлекеттік саясатын
жүзеге асыру формасы республикалық, облыстық және жергілікті (қалалық,
аудандық) бағдарламалар болып табылады.
Қазіргі заманғы шарттарда қазақстандық қоғамда жұмысбастылық
стратегиясының бастапқы постулаты халықтың жұмысбастылық деңгейін белгілі
шекке дейін көтеру және сақтау болуы керек, бір мезгілде ортақ жұмысшы
күшін кәсіпорыннан босатуға тосқауыл болмай. Сөз бұрыннан бар және ұзақ
сақталатын артықшылық туралы да, және өндірісті модернизациялау мен
құрылымдық өзгерту барысында пайда болған артықшылық туралы да болып отыр.
Өте күрделі жағдайды жеңіп шығуға тура келеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
ҚР-дағы жұмыссыздық себептері және формалары
Жұмысбастылық - еңбек нарығының басты мәселелерінің бірі
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайы
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Жұмысбастылықты басқару
Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
Пәндер