Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарынбасқару жүйесiнiң теориялық негiздерiБанк қызметi жүйесiн қалыптастырудың әдістемелік негіздері……. 7Коммерциялық банк капиталды басару халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі . . . … . . . . . 18
- Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер капиталдарын басқару және қызметiнiң қазiргi жағдайын талдауҚазақстан Республикасындағы банк қызметінің қазіргі кездегі жағдайы мен банк қызметінің жаңа технологиясын жүзеге асыру бағыттары . . . 26Оңтүстік Қазақстан облысындағы банктік қызметтегі депозиттер мен салымдардың қазіргі кездегі жағдайы және банкқызметін жүзеге асыру бағыттары . . . 54
3 Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметiн басқару және бағалау әдістерін жүзеге асырудың болашақтағы дамыту бағыттары
3. 1 Банк қызметiн басқару және бағалау әдістерін енгiзу жүйесiн қалыптастырудағы тәуекелділік және оны басқару . . . ………. 60
3. 2 Банк қызметiне жаңа технологияны енгiзу әдістері мен болашақта дамыту жолдары . . . . . 68
Қорытынды . . . …. 74
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi . . . . 76
Кіріспе
Зерттеу жүргізудің өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан банк жүйесін Орталық азияда өз қызметін ілгері дамытып, кеңейтіп келе жатыр. Банктің негізгі қызметі корпоративтік банктік іс жүргізуге, сауда және жобалық қаржыландыру, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге, сонымен бірге дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсетуге және тағы басқаға бағытталған. Банк операцияларына жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу, кассалық операциялар, аударым есепке алу клирингтік төлем карточкаларын шығару, шетел валюталарымен айырбас операциясы жатады.
Мен екінші деңгейлі банктердің қызметін басқару және бағалау әдістерін қарастырамын, кез-келген жұмыста, әсіресе банктік салада біліктілік пен білім, ақыл керек, сондықтан бұл тәжірибеде банктің іс жүргізу ерекшеліктерін қарастырдым.
Банк стратегиясы Қазақстаның ірі және орта кәсіпорындарына банктік қызмет көрсету және басқа да қаржылық өнімдерді беру саласында алдыңғы қатарлы позицияға жетуге бағытталған.
Соңғы жылдарда Қазақстанның банк жүйесі айтарлықтай өзгерді. Олар ең алдымен банк ісінде нарықтық қатынастарға көшумен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар үшін жаңа міндеттерді айқындаумен байланысты болды. Экономикадағы жаңа мақсаттар мен міндеттер ескеріле отырып, отандық банк жүйесінің тұжырымдамасы қайта қаралды, оны іске асыру елімізде банк секторының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуетін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіріду жоспарлауда Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, “бізге ауқымдырақ міндетті - бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне көп қаржыгерлерімізге байланысты”.
Нарықтық қатынастардың дамуы Қазақстандағы коммерциялық банктер тұрақтылығының жалпы экономикалық проблемаларының нақты есебiне айналды. Оның айқын дәлелi экономиканың банк секторындағы жағдай болып отыр, яғни мұндағы банк жүйесiнiң дамуымен қатар, банк тұрақтылығының төмендеуi тенденциясы байқалуда.
Қазақстандық коммерциялық банктердiң банкроттыққа ұшырауы да ерекше толғандырады. Бұл жағдайда коммерциялық банктердiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әдiстердiң ролi арта түсуде. Банктердiң тұрақты дамуы әдiстемесiн қалыптастыру проблемасы тек қана банктердiң, банк қызметiн тұтынушылардың проблемасы болып қоймай, банктiк қадағалаудың мемлекеттiк органдарының да мiндетi болуы шарт.
Коммерциялық банктердiң тұрақты дамуындағы әдiстердiң қалыптасуы ғылыми базаға негiзделуi тиiс. Банк тұрақтылығы проблемаларының теориялық нұсқаулары Қазақстандық экономика үшiн жаңа бағыт болып табылады. Қазiргi кезде кешендi түрде жүргiзiлiп жеке аспектiлерiн зерттейтiн жұмыстар ғана бар. Банк қызметiнiң дамуындағы тұрақты тенденцияларына жету және оны сақтап қалу оған банктiң қауiпсiздiгi және құндылығы жағдайын бiлдiредi. Банк тұрақтылығы диалектикалық категория және диалектикалық тепе-теңдiк жағдайын бiлдiредi. мұнда оның тұрақтылығына автоматты түрде жетуге болмайды. Ол үшiн мақсатты бағытта жұмыс жүргiзу қажет.
Мұндай басқарудың элементтерiнiң бiрi банк тұрақсыздығын болжаудан проблемалы банктердi анықтауға көшу механизмi болып табылады. Тұрақтылығын жоғалтқан банктер тек проблемалы болып қоймай, соның нәтижесi ретiнде банкроттыққа ұшырайды. Ол жалпы алғанда ел экономикасының жалпы банк жүйесiнiң тұрақтылығына әсерiн тигiзедi. Әр елде банкроттығының нәтижесiнде 3 түрлi шаралар тобын қарастырады:
-институционалдық сипаттағы шаралар, соның iшiнде банктерге мемлекеттiк қолдау көрсету;
-банк секторында банктердiң бiрiгуi және iрiлендiрiлуi арқылы қайта топтастыру шараларын жүргiзу;
-Банктердiң өздерi қолданылатын шаралар; активтерi мен пассивтерiн қайта қарастыру, ұйымдастырушылық құрылымын өзгерту, менеджменттi дамыту, маркетингтi дұрыс жолға қою.
Кез-келген банктiң банкроттыққа ұшырауы кәсiпорындарға, шаруашылық органдарға, салымшыларға терiс әсерін тигiзедi, сенiмдiлiк жоғалтады.
Сондықтан нарықтық қатынас жолына түскен елдердiң барлығында да банк қызметiн қадағалаушы органдар. коммерциялық банктердiң қызметiне жаңа технологияларды ензiзу үшiн банктердiң тұрақсыздығы проблемаларының әлемдiк және отандық тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, тиiмдi шаралар жүргiзу үшiн мемлекеттiң қатысуы шарт. Ең алдымен проблемалы банктердi анықтайтын арнайы құрылымдар қажет. Олар банк қызметiне жаңа технологияны енгiзу мен қатар, оларды болашақта дамыта бiлу керек. Банк қызметін анықтау мақсатында банктiң қаншалықты проблемалы екендiгiн анықтайтын критерийлердi белгiлеп алған жөн.
1990 жылы «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңда мемлекеттік болып табылатын Ұлттық банктің негізгі міндеттерімен қатар, экономикадағы ақша-несиелік реттеу құралдары, оның атқаратын қызметінің түрлері, екінші деңгейлі банктердің қызметіне бақылау жасау принциптері мен әдістері анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасқан алғашқы кезеңдерінде сауатты, кәсіпкерлік деңгейі жоғары, білікті мамандардың болмауы, банк саласының қызметін реттейтін заңнамалардың толық жетілмеуі банк қызметін жүзеге асыруда көптеген қателіктер жіберіп, банктердің жабылып қалуына тікелей себебін тигізді. 1995 жылы Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегі орта мерзімді бағдарламаны жасауға себеп болды.
Тақырыптың тағы бір маңыздылығы, қарастырылып отырған банк ісінің дамуындағы қазіргі кездегі қызметтерді, оны басқару әдістері Қазақстанның банк жүйесін дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Факторлық талдау негізінде банк қызметіне әсер ету үшін біз әлемдік тәжірибеден үлкен көңіл аударып отырмыз және соның көмегі арқылы ҚР-да қолдануға тиімді де пайдалы банк ісіндегі қызметтерді анықтау, оны дамыту үшін әдістерді саралап отырмыз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты банк ісінің дамуындағы қазіргі кездегі қызметтерін басқару мен бағалау әдістерін анықтап, әлемдік банк тәжірибесін оқып білу және оның жергілікті жағдайда бейімделуі болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
- Банк ісінің дамуындағы қазіргі кездегі қызметтерді анықтаумен байланысты теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құралын анықтау, маңызын нақтылау және оларға анықтама беру;
- Банк ісінің дамуындағы қазіргі кездегі қызметтерді анықтау әдістеріне талдау жүргізу және әртүрлі қызмет түрлерінің тиімділігін нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
- Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банк мекемелеріне банк ісін жетілдіру үшін нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәні мен объектісі. Жұмыстың пәні ретінде банк ісінің дамуындағы қазіргі кездегі қызметтерді анықтаудың құралдарымен және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады.
Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің қызметі болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық экономистердің ғылыми еңбектері, оқулықтар мерзімді басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың мәліметтері құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарынбасқару жүйесiнiң теориялық негiздерi
1. 1 Банк қызметi жүйесiн қалыптастырудың қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Қазiргi кездегi отандық банк тәжiрибесiнде банк қызметiнiң ұғымының жалпыға бiрдей, ортақ ұғымы қалыптаспаған. мысалы, Ресей банктерiнiң тәжiрибесiнiң өзiнде бұл термин анықталмаған. Қоғамдық қатынастардың аясына қарай, экономикалық, мәдени, әлеуметтiк, техникалық және т. б. саясат депоның сан алуан түрлерiн қарастыруға болады. несиелiк саясат болса, банктiң қызметiнде кездесетiн саясаттарының бiр ғана бөлiгi деп айтуға болады. “Банковская система России” атты кiтапта банктiң “несиелiк саясаты” деген ұғымға ғана анықтама берiлiп кеткен.
Дүниежүзiлiк банктiң банк саясатына арналған арнайы басылымында: “… банк саясаты әдетте банктiң атқарып отыратын күнделiктi қызметтерiн қамтиды және осы сұрақтар бойынша туындайтын мәселелердi банктi басқарушылар мен Директорлар кеңесi ұсынған ұсыныстарға негiзделiп отырып қалыптасады” делiнген.
Банк қызметiнде соның iшiнде банк қызметiне қатысты анықтамаларды зерделеудiң нәтижесiнде, бiз Қазақстанның қазiргi кездегi тәжiрибесi мен шет елдiк тәжiрибеде осы ұғымның қандай да болмасын нақты да түсiнiктi анықтамасының болмағандығына көз жеткiземiз. Осы орайда, алдымен несиелiк саясаттың мәнiн анықтап алудың қажеттiгi туындайды (сурет 1) /2/.
Бiздiң ойымызша, несиелiк саясатты ең алдымен экономикалық саясат ретiнде қарастыру керек. алайда, қаржы, баға, сыйақы, салық және басқа сол сияқты экономикалық саясаттың түрлерiне қарағанда, банктiң несиелiк саясаты экономикалық саясаттың құрамды бөлiктерi болып табылатын барлық оның элементтерiнен айрықша, өзiне ғана тән арнайы белгiлерiмен ерекшелендi.
Осыған орай екiншi деңгейлi банктер өздерiнiң несиелiк саясатын жасауда, оның өзiне тән ерекше белгiлерiн ескере отырып құруы қажеттi болып табылады.
Банктiң несиелiк және депозиттiк саясатының түп негiзi бiр болып табылады. несиелiк және депозиттiк саясатты жүргізу барысында тек бiр ғана мақсат алға тартылады, ол - сенiмдiлiк пен тұрақтылық деңгейiн қолдай отырып, банктiң табыс деңгейiн мүмкiндiгiнше ең жоғары деңгейiне жеткiзу. Мұндағы тепе-теңдiктi қамтамасыз ететiн жағдай, банктiң өтiмдiлiгi болып табылады.
Мiне сондықтан да, банктiң қызметi кең мағынада оның несиелiк саясатын ескере отырып қарастыру керек, керi жағдайда банк қызметiндегi басымдылықтарды негiздеу проблемасын шешу мәселесi пайда болуы мүмкiн, яғни несиелiк саясат пен несиелiк саясаттың бiр-бiрiне қарағандағы маңыздылығы.
Жалпы, банктiң қызметi, жалпылама түсiнiк ретiнде, банктiк қызмет, депозиттiк саясат, клиенттерге есептiк-кассалық қызмет көрсету саясаты, проценттiк саясат, валюталық саясат және т. б. саясаттардың жиынтығы ретiнде қарастырылады (сурет 2) /3/.
Банк қызметi және оның құрамды бөлiктерi
Сурет 1
Сонымен, банк қызметi ажырамас бөлiгi бола отырып, несиелiк саясат жеке дара қарастырылмай, оның құрамды бөлiктерiмен тығыз байланыста қарастырылуы тиiс.
Қазiргi кездегi экономикалық әдебиеттерде коммерциялық банктiң несиелiк саясатына қатысты екi түсiнiк қалыптасқан. Бiрiншiден, макроэкономикалық деңгейдегi банк қызметi әдетте банктiң жалпы саясаты деп талқыланады. Екiншiден, макроэкономикалық деңгейдегi несиелiк саясат нақты бiр банктiң депозиттердi басқару саласындағы саясаты деп қарастырылады (тармағынада) .
Қандай қоғамдық саяси құрылымда болғанына қарамастан, мемлекет тиiмдi экономика қалыптастыруға, қабылданған экономикалық шешiмдердiң сапалы болуына ұмтылады. Мұнда, маңызды орынды банктер мен олардың жүргізiп отырған несиелiк саясаты алады. Банктердiң жүргізiп отыратын несиелiк саясаты қоғамның әр түрлi топтарының мүдделерiн ескере отырып жүргізiлуi тиiс.
Шындығында, егер де коммерциялық банк жеке клиенттерге қызмет көрсету операцияларын дамытуға талпынатын болса, онда өзiнiң несиелiк саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыру барысында мiндеттi түрде тек өзiнiң ғана емес, сонымен бiрге бiрiншi кезекте клиенттерiнiң мүддесiн ескергенi абзал.
Жоғарыда тiлге тиек етiлiп отырған мәселелер несиелiк және несиелiк саясаттың қалыптасуына ықпалын тигiзетiн обьективтi және субьективтi факторларды ескере бермейдi.
Философия ғылымы кез келген ұғымның “пайда болу көзi” мен оның “сипатын” бөлiп қарастырады. Өзiнiң сипаты бойынша банктiң несиелiк саясаты адамзаттың ой-өрiсiнiң нәтижесi ретiнде субьективтi сипатта болады, ал пайда болу көзiне қарай -обьективтi құбылыс болып табылады.
Бұл көзқарасты банк қызметiн қалыптастыру барысында күрделi құбылыс ретiнде зерделей отырып, келесi деңгейлерде қарастырған жөн:
1) теория және практика деңгейiнде;
2) макро- және микроэкономика деңгейiнде;
3) кең және тар мағынада.
Банктiң қызметi мәнiн депозиттердi тарту мен оларды тиiмдi басқару саласындағы банктiң саясаты деп анықтауға болады. Банктiң Банк қызметi - бұл клиенттер мен басқа да салымшылардың уақытша бос қаржыларын тартудағы стратегиясы мен тактикасы болып табылады. Банк қызметiнiң мақсаты -қажет болған жағдайларда банктiң өтiмдi болу мұқтаждықтарын уақытша бос қаржыларды тарту арқылы қанағаттандыру болып табылады. Осыған байланысты банктiң табыс табу мүмкiндiктерiнiң ауқымы кеңейедi, алайда бұл депозиттердi тартудағы тәуекел деңгейiмен байланысты болып келедi.
Жұмыстың кiрiспесiнде айтып өткенiмiздей, коммерциялық банктердiң қызметiн қалыптастыру мәселелерiне елдегi болып әатқан экономикалық жағдайға байланысты қазақстандық және ресейлiк экономистердiң зерртеулерiнде жеткілікті түрде назар аударылмаған болатын, соған қарамастан коммерциялық банктер өз қызметiн тиiмдi жүргізу қажеттiгiн айқын сезiп отырды.
Депозит банктiң маңызды ресурстарның бiрi болып табылады, өйткенi ол шын мәнiнде тұрғын халықтың, кәсiпорындар мен ұйымдардың банк жүйесiнiң қатысуыменоның басқа клиенттерiне берiпотырған несиесi болып табылады.
Тұрғын халықтың уақытша бос қаржыларын тарту бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Экономиканың өсуiн көбiне iшкi инвестициялық салымдар анықтайтын болады. Банктiң мiндетi - экономикаға инвестициялау мақсатында аталмыш қаржыларды тарту болып табылады. ал, банктердiң сенiмдi ресурстық базасы бола тұрмай, олардың тұрақты және қалыпты өз бетiнше дамуына мүмкiндiктерi жоқ. атап айтатын болсақ, ресурстардың шектеулi болуы кезiнде, банктер әрине несиелiк операцияларды өз бетiнше дамыта алмайды. Сондықтан да банктердiң оңтайлы да тиiмдi несиелiк саясатын қалыптастыру проблемасы бүгiнгi күннiң кезек күттiрмес проблемаларының қатарына қосылып, жақын арада өз шешiмiн табуды талап етедi. оның кейбiр бағыттары диплом жұмысының үшiншi бөлiмiнде қарастырылған.
Ал әзiрге Қазақстандағы коммерциялық банктердiң қызметi көбiне банктiң өзiнiң мүдделерiне қарай ойысып отыр, бұл жағдай банктердiң “пассивтерге күресiнiң” нәтижесіне әсерiн тигiзбей қоймайды.
Несиелiк саясаттың мәнiн ашып көрсету үшiн, оның қызметтерiне тоқталу қажет. Экономистердiң көзқарасынан алып қарағанда, несиелiк сасаттың қызметтерiн екi топқа бөлiп қарастыруға болады: банк саясатының түрлi элементтерiне тән ортақ немесе жалпы қызметтерi және несиелiк саясатты банк саясатының басқа элементтерiнен өзгеше етiп көрсететiн арнайы, тек өзiне ғана тән қызметтерi. жалпы қызметтерiне: коммерциялық (яғни, банктiң табыс алу қызметi), ынталандыру және бақылау қызметтерi жатады. ынталандырушы қызметi арқылы банктiң несиелiк саясаты банкте қоғамдағы уақытша бос қаржыларды шоғырландырып, олардың тиiмдi пайдалануын ынталындырып отырады. Себебi, өз қаржысын банкке салып, сыйақы алу мүмкiндiгi клиенттiң ақшасын әаратып қою мүмкiндiгiн болдырмайды. ал банктен несие алу мүмкiдiгi ақша қаражатына деген уақытша қажеттiлiктi , есесiне банкке сыйақы (мүдде) төлеу қажеттiлiгi банктiң алдындағы қарызын мүмкiндiгiше тез арада өтеудi ынталандырады. Банк үшiн несиелiк саясаттың ынталандырушы қызметi, банктердiң мүмкiндiгiнше сырттан арзан ресурстарды тартып, оларды өзiне табыстың ең жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында әайғастырудан көрiнедi.
Бақылау қызметiнде банктiк қызмет саясат несиелiк ресурстарды тарту жәнеоларды мақсатты бағытта пайдалану процессiн бақылапотыруға мүмкiндiк бередi.
ал ендi банк қызметi ерекше, өзiне ғана тән қызметiне тоқталатын болсақ, онда тек бiр ғана, бiрақ өте маңызды қызметтi атқарады, ол - несиелiк процесстiоңтайлы ету қызметi. Бұл қызметтiң әрекетi банк саясатының мақсаттарына әетуiне бағытталған.
Банк қызметiнiң рөлi банктiң ресурстарды шоғырландырып, оларды инвестициялау, процесстi дамыту меноның тиiмдiлiгiн арттыру барысында банк қызметiнiң басым бағыттарынодан әрi жетілдіружолдарынан көрiнiс табады.
макроэкономикалық деңгейдегi сұрақтары кеңес үкiметiнiң кезеңiндегi экономикалық әдебиеттерiнде қарастырылған болғандықтан (мысалы, қаржы-несие сөздiгiн алып қараңыздар), бiз коммерциялық банктiң рөлiне көбiрек көңiл бөлген жөн деп санаймыз.
коммерциялық банктiң қызметi банктiң клиенттерiмен өзара қарым-қатынасын зерттеу мәселелерiне негiзделедi жәнеоның дамуы менодан әрi әетiлуiне бағытталады. Депозит банктiң жасайтын несиелiк саясатының негiзгi көзi болаотырып, оның тиiмдiлiгi меноңтайлылығының өлшеуiшi болып табылады. Банктер несиелiк саясатты ең алдымен шоғырландырылатын ақша қаржыларына қатысты алғандағы банк пен клиент арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуге, басқаруға, олардыоңтайлы ұйымдастыруға бағыттап жасайды. Банктiк қызметтi жасау барысында банк қоғам мен мемлекеттiң банк жүйесiнiң даму деңгейiн ескергенi абзал.
мұндай көзқарас, басқа да әдебиеттерде кездесiп әүрген көзқарастан, бiрiншiден, банк пен қарыз алушының тұрғысынан алып қарағандағы несиелiк саясатты кең мағынада қарастыруымен, екiншiден, саясаттың макро және микродеңгейде зерттелуiмен ерекшеленедi. коммерциялық банк қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi қағидалары жәнеоны анықтайтын факторларды қарастырып көрейiк.
коммерциялық банктiң мақсаттары мен негiзгi қағидалары жәнеоны анықтайтын факторлар банктiң несиелiк саясатын құруда негiз болады.
Банк қызметi мақсатары мен негiзгi қағидалары банктiң өзiнiң мақсаттары мен қағадаларында үйлес табуы қажет.
несиелiк саясат банктiң қызметiндегi саясаттың маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Банктiң саясаты, әдетте банктiң дамуындағы әобалар мен даму әоспарлары түрiнде жасалынады.
Банктiң алдына қойған мақсаты, несиелiк саясатының мақсаты деп ненi айтамыз? С. И. оәеговтың “Словарь русского языка” деген энциклопедиясында: “мақсат” - бұл ненi жүзеге асыру керек, неге талпыну керек деген мағынаны бiлiредi” делiнген /4/. алосыорайда к. маркс былай деп әазады: - “мақсат заң ретiнде адамның iс-әрекетiнiң тәсiлдерi мен сипатын анықтайды”/5/. жалпы, мақсатты философиялық тұрғыдан түсiну қызмет етудiң маңызды элементi ретiнде қарастыруды көздейдi. Сондықтан банктiң мақсаттарыноның дамуындағы сандық және сапалық сипаттамалары анықтайды. оларға қол әеткiзу деңгейiн бағалау банк саясатының рөлi туралы айтуға мүмкiндiк бередi.
Банк саясатын қалыптастырудағы негiзгi кезең мақсаттарды анықтап, оны жүзеге асыру мақсатында тиiстi құралдарды дұрыс таңдай бiлу болып табылады. Әрбiр банк үшiн өзiнiң мақсаттары айқын болуы маңызды.
макроэкономикалық деңгейдегi коммерциялық банктердiң µлттық Банкпен бiрiгеотырып қол әеткiзуге тиiс мақсатына банк жүйесi мен экономиканың қалыпты дамуын қолдау болып табылады.
коммерциялық банктiң жалпы мақсаты, оның саясатының табыстылылығы, рентабельдiлiгi, өтiмдiлiгi, тәуекел деңгейiнiң төмендiгi, несиелiк қол әеткiзуден көрiнедi.
Банк қызметi оның жалпы саясатының құрамды бөлiгi ретiнде қарастыраотырып, бiз банк қызметiнiң мақсаттарының банктiң стратегиялық мақсаттарына қарағанда шектеулi байланыста болып, банк саясатының мақсаттарымен үйлестiрiлiп жасалынатынына көз әеткiземiз. Банктiң стратегиялық мақсаттары сияқты, несиелiк саясат та салымшылардың қаржыларын тарту арқылы табыс табуды көздейдi. осыдан, мақсаты сырттан тартатын қаржыларды өз пайдасына шоғырландыру арқылы банктiң өтiмдлiкке деген мұқтаәдықтарын қамтамасыз етуге бағытталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz