Судья кітабы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ
СУДЬЯ КІТАБЫ
Астана 2005
Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясы Ғылыми Кеңесінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 9 шешімімен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, заң ғылымдарының докторы Қ. Ә. Мәмидің жалпы редакциясы бойынша әзірленген.
Авторлар ұжымы:
Сүлейменова Ұ. А. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты, авторлар ұжымының жетекшісі (1-3-тараулар, 1-кітап) ;
Абдоллаев С. Ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, заң ғылымдарының кандидаты (8-тарау, 1-кітап; 4-тарау, 2-кітап) ;
Бектұрова Г. Н. - баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің жетекшісі (9-тарау, 1-кітап; 5-тарау, 2-кітап) ;
Борисов В. М. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2-тарау, 1-кітап; 4-тарау, 2-кітап) ;
Исмаилов Е. Ж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2-тарау, 2-кітап) ;
Жақыпов Б. Ү. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (4-тарау, 1-кітап) ;
Қошанов У. Қ. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі (3-тарау, 2-кітап) ;
Полторабатько Л. Г. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (5-6-тарау, 1-кітап) ;
Тоғымбетова Т. С. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы (1-тарау, 2-кітап) .
«Судья кітабы» тәжірибелік оқу құралы судьялардың кәсіби дайындығын жетілдіруге, бірінші сатыдағы соттарда азаматтық және қылмыстық істерді қарау, сондай-ақ сот қаулыларын орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешуде көмек көрсетуге арналған.
Оқу құралында іс жүргізу құқығының нормаларын қолданудың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының ережелерін, теориялық негіздерді қолдану арқылы азаматтық және қылмыстық істерді сотта қарауға дайындаудың, оларды бірінші сатыдағы соттарда қараудың, сот процесінің барлық сатыларында іс жүргізу құжаттарын ресімдеудің маңызды қырлары ашып көрсетіліп, үлгілер келтірілген. Сот қаулыларын орындау мәселелері бөлек тарауда қарастырылады, оларды зерделеу сот қызметінің пәрменділігін арттырып, судьяның сот төрелігін заң талаптарына сәйкес атқаруына көмектеседі.
Оқу құралын дайындауға USAID/IRIS қолдау көрсетті, кітаптағы пікірлер мен ақпараттар USAID/IRIS саясаты мен көзқарасын білдіруі шарт емес.
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫСӨЗ6
1-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ7
1-БӨЛІМШЕ. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ7
1-тарау. Бұйрық шығару7
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері8
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау11
Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару11
Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары13
2-БӨЛІМШЕ. ТАЛАП ҚОЮ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ14
2-тарау. Талап қою14
Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттар15
Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдары17
Талап арызды қабылдау18
Талап арыз алынғаннан кейінгі судьяның іс-әрекеттері19
3-тарау. Істі сотта қарауға дайындау22
Судьяның істі сотта қарауға дайындау жөніндегі іс-әрекеттері23
Істі сотта қарауға әзірлеу мерзімдері33
Хаттамалар34
4-тарау. Азаматтық істерді сотта қарау36
Істі сотта қарау36
Сот отырысы37
Сот отырысының дайындық бөлімі41
Істі мәні бойынша қарау49
Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы56
Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері57
5-тарау. Сот қаулылары59
Сот қаулыларының түрлері59
Сот шешімі62
Қосымша шешім73
Сот бұйрығының мазмұны74
Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде судья шығаратын сот қаулыларының үлгілері76
Талап арызды қабылдау туралы мәселені шешу кезінде судья шығаратын сот қаулыларының үлгілері81
6-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау91
7-тарау. Апелляциялық шағым беру94
3-БӨЛІМШЕ. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА97
8-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері97
Іс жүргізу құжаттарының үлгілері135
1-қосымша. 142
9-тарау. Азаматтық процестегі сотлингвистикалық сараптама. 157
Лингвистикалық сараптама қандай жағдайларда қажет160
Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес162
Сотфилологиялық сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымдарының үлгілері165
Лингвистсарапшылар қорытындыларының үлгілері171
2-БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ СОТТА ШЕШУДІҢ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ180
1-схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері180
3-схема. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары (АІЖК-нің 159-бабы) *184
4-схема. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою (АІЖК-нің 163-бабы) 186
6-схема. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау (АІЖК-нің 161-бабы) 188
7-схема. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету шаралары*190
9-схема. Шешімді дереу орындауға жіберу*194
11-схема. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту (АІЖК-нің 240-бабы) *198
12-схема. Қылмыстық процестегі азаматтық талап бойынша шешім шығару және оны орындау (ҚІЖКнің 162-171-баптары) 200
13-схема. Сот беретін атқару құжаттарының түрлері*201
14-схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны203
15-схема. Соттың атқару парағын беру тәртібі*204
16-схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері206
18-схема. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен даулауға жататын шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) (АІЖК-нің 27-тарауы) 210
19-схема. Сот орындаушысының әрекеттерiне шағым беру*213
21-схема. Қадағалау сатысында іс жүргізу кезінде сот актісінің орындалуын тоқтата тұру (АІЖК-нің 396-бабы) *216
22-схема. Сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару* (АІЖК-нің 240-1-бабы) 217
23-схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз беру және арыздың мазмұны (АІЖК-нің 410-бабы) 218
25-схема. Соттың жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арызды қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы (АІЖК-нің 411-бабы) *222
26-схема. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы сотқа арыз берудің тәртібі (АІЖК-нің 241-1-бабының 1-5-бөліктері) *224
27-схема. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы арызды сотта қараудың тәртібі (АІЖК-нің 241-1-бабының 6-9-бөліктері) *225
28-схема. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы арызды сотта қараудың нәтижесінде атқару парағын беруден бас тартудың негiздемелері (АІЖК-нің 241-3-бабы, Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» Заңының 48-бабының 2-тармағы) *227
30-схема. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарды өтеу тәртiбi (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 75-бабы) *231
32-схема. Борышкерге iздеу салу (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 18-бабы) . 234
34-схема. Сот орындаушыларының атқару санкциясын өндіріп алу туралы ұсыныстарын сотта қарау (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 77-бабы) *237
35-схема. Атқарушылық іс жүргізу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарау (ӘҚБтК-нің 29-тарауы) 239
Сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары және соттың басқа да қызметкерлерi 513-531-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға және сотқа қарауға жіберуге құқылы (ӘҚБтКнің 636-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 640-бабы) . 240
3-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ241
1-БӨЛІМШЕ241
1-тарау. Басты сот талқылауына дайындық әрекеттері. Іс сотқа келіп түскен кезден бастап судья жүзеге асыратын іс жүргізу әрекеттерінің реттілігі. 241
Азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары251
Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері253
ҚАУЛЫ254
2-тарау. Басты сот талқылауындағы судьяның іс жүргізу әрекеттері258
Қылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері281
3-тарау. Сот үкімі290
2-БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА301
4-тарау. Қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері. 301
Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы327
Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы327
Іс жүргізу құжаттарының үлгілері337
5тарау. Қылмыстық процестегі сотлингвистикалық сараптама342
4БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ СОТТА ҚАРАУДЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ351
1-схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері351
3-схема. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары (АІЖК-нің 159-бабы) *356
4-схема. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою (АІЖК-нің 163-бабы) 359
6-схема. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау (АІЖК-нің 161-бабы) 361
7-схема. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету шаралары*363
9-схема. Шешімді дереу орындауға жіберу*367
11-схема. Сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, оны орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту (АІЖК-нің 240-бабы) :*371
12-схема. Қылмыстық процестегі азаматтық талап бойынша шешім шығару және оны орындау (ҚІЖКнің 162-171-баптары) 373
13-схема. Сот беретін атқару құжаттарының түрлері*374
14-схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны376
15-схема. Соттың атқару парағын беру тәртібі*377
18-схема. Қадағалау сатысында іс жүргізу кезінде сот актісінің орындалуын тоқтата тұру (АІЖК-нің 396-бабы) *381
19-схема. Сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару* (АІЖК-нің 240-1-бабы) 382
21-схема. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарды өтеу тәртiбi (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 75-бабы) *385
22-схема. Атқарушылық іс жүргізу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарау (ӘҚБтК-нің 29-тарауы) 387
Сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары және соттың басқа да қызметкерлерi 513-531-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға және сотқа қарауға жіберуге құқылы (ӘҚБтКнің 636-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 640-бабы) .
23схема. Атқарушылық іс жүргізу саласында сот төрелігіне қарсы қылмыстар бойынша істерді қылмыстық сот ісін жүргізуде қарау (ҚКнің 15тарауы) *389
24схема. Қылмыстық жазаның бір түрін басқа түрімен ауыстыру (ҚКнің 40бабының 4бөлігі) *391
АЛҒЫСӨЗ
Қайрат Мәми,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
Уақыт талап еткен кітап
Сіздің қолыңыздағы Судья кітабы - өзінің мазмұны мен мақсаты бойынша тәжірибелік оқу құралы болып табылады. Осы басылымның жарық көруі уақыт талабынан туындап отыр. Соңғы жылдары заңнамалық тұғыр түбірінен өзгеріп, құқықтың жаңа салалары пайда болды, құқық қолдану үрдісі күрделілене түсті. Бұл судьялар қауымының алдына жаңартылған құқықтық өріске бейімделу тұрғысынан күрделі де жауапты міндеттер қойды. Сонымен қатар, осы кітаптың жарық көруі судьялар корпусының кадрларын дайындауға және оқып-үйретуге, судьялардың кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық саясаттың басымдығын бекітуге қосылған үлес болып табылады.
Оқу құралының авторлары сот төрелігінің теориялық мәселелеріне, құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ сот процесін жүргізудің іргелі қағидаларын ұстану мен пәрменді пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу арқылы судьялар қызметінің аса маңызды қырларын барынша толық қамтуға тырысты. Істерді қарау, сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері нақты тәжірибеден алынған ұсыныстар мен мысалдар арқылы көрсетілген, олар: сотта іс қарауға дайындалуды, процесс жүргізуді, іс жүргізу құжаттарын және атқару ісін жүргізуді дайындауды қамтиды. Сот құжаттары үлгілерінің де зор іс-тәжірибелік көмегі бар.
Кітап бірлескен ұжымдық еңбектің нәтижесінде әзірленіп, Республика судьяларының кәсіби біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен ЮСАИД-тың «Орталық Азиядағы сот жүйелерінің дамуына көмектесу» деп аталатын бірлескен жобасын іске асыруға атсалысушы IRIS орталығы мен Жоғарғы Сот судьялары авторлар тобының күш салуының арқасында жарық көрді. Сондықтан да заңгерлер қауымы бұл еңбекті лайықты бағалап, қабылдайды және басылым судьялардың күнделікті жұмысындағы сенімді кеңесшісіне әрі көмекшісіне айналады деп ойлаймын. Сот жүйесінде еңбек жолын жаңа бастаған жас судьяларға іс жүргізу және сот төрелігін жүзеге асыру машықтарын меңгеруде аса пайдалы әрі керекті басылым болары сөзсіз.
1-БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ
1-БӨЛІМ. БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
1-тарау. Бұйрық шығару
Бұйрық шығару - бұл даусыз талаптар бойынша жеделдетілген, уақытты үнемдеуді қамтамасыз ететін сот ісін жүргізу болып табылады, мұнда істер бойынша толық көлемде дәлелдеу көзделмейді және тараптарға хабарланатын және олардың түсініктемелері тыңдалатын сот процестерін өткізуге, сот отырысының хаттамаларын жүргізуге жұмсалатын шығындар болмайды.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, соттар негізінен заңның бұйрық арқылы іс жүргізу ережелерін дұрыс қолданады. Алайда, республика бойынша статистикалық деректерге сәйкес, қаралып жатқан істердің саны артып отырған кезде талап қою тәртібімен бұйрық берілу мүмкіндігіне қарамастан соттар шығарған бұйрықтар санының азаю үрдісі байқалуда.
Соттардың кейбір қателері:
- АІЖК-нің 140-бабының талаптарына сәйкес, талапкерлердің арыздарын қарау үшін негіздемелердің бар екеніне қарамастан, жеңілдетілген тәртіпті қолданбау, мысалы:
- салықтар бойынша бересіні есептелген, бірақ төленбеген еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптарды тараптарды шақыра және сотта іс қарауды жүргізе отырып қарау;
- ажырасу туралы талап арыздарды алименттер өндіру туралы талаптармен бірге қабылдау, ал алимент туралы талаптарды бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша мәлімдеуге болар еді, бұл бересінің борышкерде жасанды жолмен жиналып қалуын болдырмай, талапкер әйелдің алименттерді дер кезінде алуына мүмкіндік берер еді;
- АІЖК-нің 140-бабына енгізілмеген талаптар бойынша бұйрықтар беру, мысалы:
- борышкерлер борышты жазбаша түрде мойындамай тұрып, сомаларды өндіріп алу туралы сот бұйрықтарының берілуі, ал мұндай істерді қарау үшін ықтимал даудың болуы көзделеді;
- борышкердің талапты танығаны туралы мәліметтердің жоқтығына қарамастан, ҚР АІЖК-нің 140-бабының талаптарын бұза отырып, нотариатта куәландырылмаған борыштық қолхат бойынша сот бұйрығының шығарылуы;
- борышкердің қарсылығы болған кезде АІЖК-нің 140-бабында көрсетілген талаптар бойынша сот бұйрығының шығарылуы;
- салықтар бойынша бересінің болуына байланысты өсімпұл мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы талаптардың қаралуы;
- арызды қабылдаған кездегі іс-әрекеттерді ресімдеудің процессуалдық тәртібінің сақталмауы:
- арызды қабылдау туралы ұйғарымда заңда көзделмеген бұйрық арқылы іс жүргізу әрекеттерін іске асыру туралы, мысалы, істі сотта қарауға дайындау, оны тыңдауға тағайындау, прокурорды хабардар ете отырып, тараптарды сотқа шақыру туралы көрсетіледі;
- талаптық сипаты бар азаматтық істерге арналған, алдын ала әзірленген бланкілер пайдаланылады
- сот бұйрықтарының мазмұны АІЖК-нің 146-бабының талаптарына әрқашан сай келе бермейді:
- алименттерді өндіріп алу бойынша сот бұйрықтарында алименттерді ұстап қалудың қай жасқа дейін қолданылуының көрсетілмеуі жиі кездеседі;
- сот бұйрықтары бұйрықтар деп аталады;
- сот бұйрықтарында оларға қатысты шағым беру тәртібі мен мерзімдері әрқашан көрсетіле бермейді;
- сот бұйрығын шығару салдарының сақталмауы:
- сот бұйрығы көшірмесінің борышкерге тапсырылғаны туралы хабарламасыз жолдануы;
- борышкерге бұйрықтың көшірмесінің жолданбауы;
- іс өндірісінде сот бұйрығының түпнұсқасы қалдырылып, орындалу үшін оның көшірмесінің жолдануы;
- борышкер сотқа өзінің қарсылығын жолдай алатын 10 күндік мерзім өтпей, өндіріп алушының қолына сот бұйрығын беру;
- сот бұйрығын борышкердің алғаны туралы дерек болмай тұрып, сот бұйрығын шығарылған күні орындауға жіберу;
- борышкерден жергілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік баж өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының бөлек данасын емес, сот бұйрығының негізінде жазылған орындау парағын жіберу, мұнда сот бұйрығының өзі орындау құжаты болып табылады, оның орындалуы үшін басқа қосымша құжаттарды ресімдеудің қажеті жоқ. Басқа орындау құжаттарынан өзгешелігі, сот бұйрығы - бірінші сатыдағы соттың тікелей орындау үшін жіберілетін қаулысы;
- сот бұйрығын немесе мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы орындау парағын соттың орындауға тікелей сот арқылы жолдаудың орнына оны өндіріп алушыға тікелей беруі;
- сот бұйрығының күші жойылған кезде өндіріп алушыға мемлекеттік бажды қайтарып беру;
- сот бұйрығын қабылдаудан бас тартылған немесе оны қолға беру туралы арыз қайтарылған кезде өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баждың қайтарылуы туралы нұсқаулардың болмауы.
Соттардың АІЖК-нің 13-тарауының ережелерін бұзуы, осы институттың басты мақсаты мен міндеті - арыздарды бұйрық арқылы іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібімен қарап, бұзылған құқықтарды дер кезінде қорғауды қамтамасыз етпейді.
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері
Бұйрық арқылы іс жүргізуде: талапкер мен жауапкер деп аталатын тараптар болмайды, олар өндіріп алушы және борышкер деп аталады, бұл олардың арасындағы белгілі бір даусыз қарым-қатынасты баса көрсетеді. Бұйрық арқылы іс жүргізу мүдделі несиегер тұлғаның, арыз берушінің бастамасы бойынша қозғалады, ол арызды жазбаша нысанда береді.
Бұйрық беру туралы арыз түскеннен кейін судья мыналарды тексеруге тиіс:
- қойылған талаптың сот бұйрығын шығаруға негіз болатын негіздемелердің егжей-тегжейлі толық тізбесіне жататын-жатпайтыны:
- нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген талап;
- жазбаша мәмілеге негізделген және жауапкер таныған талап;
- төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделген талап;
- әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттер өндіріп алу туралы талап;
- азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап;
- қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап;
- жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы ішкі істер органдарының немесе қаржы полициясының талабы;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету туралы талап;
- кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы (АІЖК-нің 140-бабы) ;
- арыздың мазмұны мен нысаны заңның талаптарына сай келетін-келмейтіні, онда төмендегі деректемелердің көрсетілген-көрсетілмегені:
- арыз беріліп отырған соттың атауы;
- өндіріп алушының атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, заңды тұлғаның деректемелері;
- борышкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, заңды тұлғаның деректемелері;
- өндіріп алушының талабы және оған негіз болған мән-жайлар;
- мәлімденген талапты қуаттайтын қоса тіркелген құжаттардың тізбесі;
- егер мүлік талап етіліп отырса, оның құнының арызда көрсетілген-көрсетілмегені;
- өндіріп алушының мемлекеттік бажды төлеген-төлемегені, бұл орайда оның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 496-бабында көзделген жалпы ережелер бойынша есептелетіні және мүліктік сипаттағы арыздардан төмендегі мөлшерде өндіріп алуды белгілейтіні есте болуға тиіс:
- жеке тұлғалар үшін-1%,
- заңды тұлғалар үшін-3%
- арыз қай тілде берілген, оған қоса тіркелген құжаттардың таңдалған тілге сәйкес келетін-келмейтіні, аударманың қажет-қажет еместігі.
Сот бұйрығы шығарылатын талаптарға және талап арыздың нысаны мен мазмұнына қатысты мына төмендегілермен толықтыру қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz