Жарғы: құқықтық мәртебесі, түрлері және жарғылық қор


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жарғы

1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі. Жарғы заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, ішкі басқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін және өзге заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайды. Жарғыда мекеменің нақты атауы, тұрған орны, атқаратын қызметінің түрлері, т. б. қажетті мәліметтер көрсетіледі;

2) заңмен және басқадай құқықтық актімен белгіленген ережелер жинағы. Ол белгілі бір сала бойынша мемл. басқару органдары мен шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді (мысалы, белгілі бір сала қызметкерлерінің тәртібі туралы Жарғы;

3) мемлекеттің Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдеріндегі ішкі тәртіп ережелері мен әскери іс-қимыл жүргізу ретін айқындайтын құжаттардың жалпылама атауы (қ. Әскери жарғы) ;

4) Ресей империясының қазақ даласын әкімш. тұрғыдан басқаруға арналған құқықтық ережелерінің жалпылама атауы. Мысалы, “Сібір қазақтары туралы жарғы” (1822) Орта жүзде хандық билікті жойып, әкімшілік басқару жүйесін Ресей үкіметінің басқаруына тікелей көшірді.

Жарғылық қор

Жарғылық қор - заңды тұлғаның жарғысында көрсетілетін қаражат көлемі. Оның ең төмемгі мөлшері тиісті заң актілерімен белгіленеді. Жарғылық қордың сомасына үлес қосушы жеке және заңды тұлғалар акцияға жазылған кезде жарғылық капиталдың жалпы сомасын бірден төлей алмауы да мүмкін. Мысалы, құнды қағаздардың белгілі бір көлемі тиісті заңға сай біртіндеп төленеді. Нарықтық экономикада Жарғылық қорды акционерлік капитал деп те атайды. Жарғылық қор - кәсіпорын жарғысымен анықталатын және, негізінен, акцияларды сату түсімдерінен (акционерлік қоғамдарда) немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың салымдарынан (шаруашылық серіктестіктерінің барлық түрлерінде) қалыптасатын кәсіпорын капиталының бастапқы мөлшері. Жарғылық қорға аударылған қаржы мөлшері жаңадан құрылған кәсіпорын қызметінің бастамасын қамтамасыз етуі тиіс. Жарғылық қорды қалыптастыру үшін өз үлесін қосқан заңды не жеке тұлға салынған қаражатқа сәйкес акция қағазын алуы керек. Жарғылық қорға үлес қосушы барлық тұлғалар жаңадан құрылған компанияның меншігіне өздерінің қосқан үлестерінің көлеміне қарай иелік ете алады. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның Жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрініс табады. Жарғылық қорға салымдар есебінде ақша қаржылары, материалдық емес активтер, негізгі құралдар, жерді пайдалану құқығы және басқа да активтер қабылданады. Құрылтайшылар (қатысушылар) осы салымдар ауқымында кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап береді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жарғылық қордың шамасы реттелініп отырады. Жарғылық қор шаруашылық жүргізуші субъектілер балансында оқшау есептеледі.

Жарғы тарихы

Жарғы - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі “иар” (“жар”) сөзінен шыққан. Мағынасы - әмір, әмір беру, билік айту. Ал “Кодекс Куманикусте” бұл сөз - jar түрінде жазылған, мәні - шешім, берілген әмір. Қазақ хандығын билеген Тәуке хан заманында ұлы билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. қатысуымен ел ішіндегі құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар жинағы - “Жеті жарғы” құрастырылды. Жарғы, негізінен, хан тарапынан бекітілген шешім болғандықтан, ол бүкіл хандық аумағында орындалуға тиіс болды. “ Жарғы ” термині қазіргі кезде “устав” сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
  2. Қазақстан Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd. » ЖШС, 2010.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі, түрлері және жарғылық капиталы
Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесі және коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталын құқықтық реттеу
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық мәртебесі, құрылуы және жарғылық капиталы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық заңды тұлғалар: түрлері және жарғылық капиталдың құқықтық реттелуі
Заңды тұлға: ұғымы, белгілері, құқықтық мәртебесі және түрлері
Заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары мен жарғылық капиталының құқықтық реттелуі
Заңды тұлға институты: ұғымы, түрлері және құқықтық мәртебесі
Заңды тұлға: ұғымы, құқықтық мәртебесі, түрлері және мүліктік жауапкершілігі
Заңды тұлға: тұжырымдамасы, түрлері және азаматтық-құқықтық мәртебесі
Еңбек құқығы субъектілерінің ұғымы, түрлері және құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz