1867—1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформа


«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шанырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан " деген жазу бар».
Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, этетикалық әсері жөнінен елтаңба мен ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Егер туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты түсініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пішімғе (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады.
Елтаңба - бүкіл әлем мойындаған мемлекеттіліктің ерекше маңызды нышаны. «Герб» (елтаңба) термині неміс сөзінен аударғанда «Мұра» немесе «енші» мағынасын береді және мемлекетті айрықшалайтын белгі болып табылады. Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі сақ тайпасының өздерін ерекше айрықшаландыратын «Тамға» атанған тотем белгісінің болғандығын тарих та дәлелдейді. Аталған термин Түрік қағанаты кезінде қолданыла бастаған.
Махмұд Қашқаридың атақты «Түрік тілінің сөздігі» еңбегінде бұл термин әміршіні ерекшелендіретін белгі ретінде түсіндіріледі.
ХІІІ-ХІV ғ. Орта Азия данышпаны Рашид ад Динның атақты қолжазбаларында түрік елдерінің басшысы Огузханның Ираннан Алтайға дейінгі жерлерді ұлдарына бөліп бергендігі туралы жазылған. Және ол хандық тамғаны дербес билік нышаны ретінде тапсырған.
Рулар мен тайпалар тамғаларын қазақтар да қолданған, сонымен қатар үлкен Еуразия құрлығында тұратын түркітілді этностар да қолданылады.
Әртүрлі геометриялық пішіндерден тұратын тамғалар елтаңба, мөр, таңба ретінде қолданылған. Олардың кескіндемесінде суреттер, ежелгі жазу мен бейнелеу ескертікштері жиі кездесіп отырады. Тамға тайпаның, рудың, отбасының және тағы басқа да меншіктікті білдіретін белгінің қызметін атқарған. Онымен жануарларды да таңбалаған. Бұл дәстүр ауылдық жерлерде тұратын қазақтарда әлі күнге дейін сақталған.
1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформа нәтижесінде Қазақстанда қалалар мен облыстырдың елтаңбалары пайда болды. Ресей ипмпериясының құрамына кіретін еліміздегі барлық облыстар мен қалаларда біртұтас елтаңба үлгісін қолданды. Ресей империясы заңдарының толық жинағында Қазақстанның бірқатар облыстары мен қалаларының (16 уездік және округтік қалаларының) елтаңбаларының үлгісі келтіріледі. Қазақстанда ең бірінші болып 1842 жылы 7 қыркүйекте Петропавловск қаласының елтаңбасы арнайы бекітілді.
Кеңес үкіметі кезінде елтаңбаларды бір жүйеге түсірушілік болды. Қазақ КСРО-сінің жалпы елтаңбасының кескіндемесінде қызыл түсті сәуледе орақ пен балға, айнала түскен жолақта қазақ және орыс тілдерінде «Барлық елдердің пролетариаттары бірігіңдер!» делінген жазудан тұрды. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында - «КССР» және «ҚССР» жазуы болған.
Егеменді, дербес Қазақстанның елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Оның авторлары атақты сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов болып табылады (2 қосымша) .
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішінді және көгілдір түсте күн сәулесі шашырап тұрғандай әсерде шаңырақтың суреті бейнеленген (киіз үйдің жоғарғы бөлігі) . Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақ бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде үлкен бес бұрышты жұлдыз бейнеленген, ал төменгі жағында алтын түспен жазылған «Қазақстан» сөзі бар.
Көркемдік тұрғысы жан-жақты көзқарастың дәлме-дәл бірегей үндестігін тапқан. Шаңырақ - киіз үйдің негізгі бөлігі болып табылады, тіршіліктің бастау алар көзі, адамзат өмірінің маңызды бөлігі.
«Шаңырақ» сөзі «чакра» сөзінен шыққан, санскритте «дөңгелек» мағынасын береді. Ал философиялық мағынасы - «Күн дөңгелегі». Сол үшін шаңырақтың күн көзін бейнелеуімен қатар шаңырақтан түскен күн сәулесімен дала уақытын біліп отыруы да кездейсоқтық емес.
Тотемдік маңызы бар нышан ретінде шаңырақты ежелгі бабаларымыз құрметтеген. Республикамыздың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі - Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтың Отаны бір, Қазақстан біздің ортақ үйіміз деген мағынаны береді. Оның бақыты шаңырақтың мықтылығы уықтардан тұратыны сияқты әр адамнан тұрады. Мемлекеттің болашағы бірлік пен татулықтан тұрады.
Мифтік қанатты тұлпарлардың бейнесі - Мемлекеттік елтаңбадағы тұлпар маңызды геральдикалық бөлшегі болып табылады және белгілі бір идеялардың ролін орындайды. Тұлпардың бейнесі ежелгі дәуірден бері күштілік пен қайсарлықтың ұғымын берген. Оның қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты әрі жан-жақты көркейген мемлекетке айналуының бейнесі ретінде берілген. Әлемдік өркениетке жетуді, жарқын болашаққа талпынушылық пен арман-мақсатты, сондай-ақ даму мен үлкен мақсаттарға жетудің мәнін береді. Сол үшін Мемлекеттік елтаңбадағы қанаттардың символикалық маңызын мемлекеттілікті дамытудың жоғары деңгейлік ойлары мен қарапайым азаматтық талпыныс деп түсіну қажет.
Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы да бір бөлігі бар, ол - бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз - өмірге жетекшілік ететін, көтеріңкілікке, талпыну мен мәңгіліктің, биліктің нышаны ретінде бейнеленген. Жұлдыз тек Ресейдің ғана мемлекеттік геральдикасына тән нышан болып табылмайды, оны Ресейдің революциялық нышанына алғаш рет орыс дворяндары енгізді және ол Ресейдің мемлекеттік елтаңбасында бірден пайда болған жоқ. Бұл бейнені аударылған және ассимметриялы түрде қолдануға болмайды. Бесбұрышты жұлдыз ақиқат әлемдегі - «Таң жұлдызын» бейнелейді. Мемлекеттік елтаңбадағы жұлдыз бейнесі барлық қазақстандықтардың қазіргі жаңа жоғары өркениеттілік және дамыған мемлекеттермен қоғамдастыққа бірігудің ардақты арманын, сонымен бірге барлық ғаламшардағы құрлықтардың барша хҚазақ мемлекеттігінің негізін қалаған қазақ хандығы ХVІ-ХVІІІ ғасырларда дала демократиясының дәстүріне негізделген иерархиялық әлеуметтік-саяси құрылым нысанында пайда болғандығы белгілі. Хан жыл сайын жалпы мемлекеттік мәселелерді талқылап шешу үшін халық жиналысын - құрылтайды шақырып отырды. ХІХ ғасырдың басындағы Ресей империясы мен Қазақстанның ара-қатынасындағы байланысты әрі хан билігінің бірте-бірте әлсіреуіне байланысты дәстүрлі өкілдік институттың да рөлі бірте-бірте төмендей бастады. Далалық өлке аумағындағы 1867-1868 жылдардағы реформа кезінде енгізілген уақытша ереже, Ресейдегі 1905 жылғы 17 қазандағы әйгілі манифеске дейінгі және одан кейінгі қазақ интеллигенция өкілдерінің саяси үдерістерге атсалысуы қазақ қоғамында конституционализм мен парламентаризм идеяларының қалыптасуына алып келді. Бұл идеялардың авторлары қазақ халқының айтулы тұлғалары Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, Б. Қаратаев, ағайынды Досмұхамедовтер 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін Ресейдің құрамында “Алашорда” атты автономиялық ұлттық-демократиялық мемлекеттік құрылым құруды көздегені белгілі. Алашордашылардың көзқарастары “Алаш” партиясы бағдарламаларының жобасы деген атпен 1917 жылғы 21 қарашада “Қазақ” газетінде басылып шыққан болатын. Осы аталған құжаттың мазмұны ауқымды болды, бірақ, өкінішке қарай, сол кездегі саяси жағдайлардың күш алуынан жүзеге толық асырылмай, аяқсыз қалды. “Алаш “ партиясы бағдарламасының жобасы өзекті мәселелерді тоғыстыра білген қысқа да нұсқа 10 тараудан құралған құжат болды, оның 1 тарауы “Мемлекет қалпы” деп аталып, егер де қазіргі атаумен атайтын болсақ, “Мемлекет нысаны” деген мағынаны білдірді, яғни Ресей демократиялық, федеративтік республика болып танылды (демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеу деген мағынада, ал федерация мағынасы тең, құрдас мемлекеттердің бірлесуі. Федерациялық республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді) деп көрсетілген, бұл жолдар түпнұсқадан алынып отыр.
Үкімет басында құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болады. Президент халықты министрлер арқылы басқарады, ал министрлер құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума алдында жауапты болады, депутаттар тең, төте, жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Осы құжаттарды саралай отырып, қазақстандық парламентаризмнің сол кезеңге сәйкес пайда болған мынадай негізгі элементтерін атап өтуге болады:
- біріншіден, қандай нысанда болмасын, монархиялық басқарудан тарихи тұрғыдан бас тарту,
- екіншіден, теократиялық жүйе нысанындағы мемлекеттен, зайырлы, қалыптасуы бойынша ұлттық, мазмұны бойынша әлеуметтік, автономиялы мемлекет қалыптастыру,
- үшіншіден, заң шығару билігі өкілді органдарға, атқару билігі - президент пен үкіметке нақты негізделген парламенттік-президенттік республика құру,
- төртіншіден, жалпыға бірдей сайлау құқығы негіздерін бекіту.
Осы жоғарыда аталып өткен авторлардың ойы бойынша “Алаш “автономиясының Конституциясы Қазақстан аумағында тұратын басқа да халық өкілдерінің кепілі болуға, автономия мекемелеріндегі өкілдіктердің бара-барлығы (пропорционалдығы) және аз топтардың құқығын қорғау, мәдени автономия ретінде құрылуға тиіс болатын, сонымен қатар, “Алаш” автономиясының Конституциясы Бүкілресейлік құрылтай жиналысында бекітіледі деп қазақ демократтары бұл құжаттан тарихи үміт күткен еді. Бірақ ол армандары орындалмады. Алаш арыстары қуғын-сүргінге ұшырап, жалған жаламен атылып кетті.
Ал сөз өнері, жалпы қазақ қоғамының сөзге тоқтай білуі қазақ халқының тектілігін танытса керек. Қазіргі сот билігі шешетін мәселелердің барлығын ертедегі билер институты реттеп отырған. Қазақстан Республикасы жас тәуелсіз мемлекет ретінде, халықаралық өлшемдердің талаптарына сәйкес өлім жазасына 2003 жылдың 17 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен мораторий жариялағаны, ал біздің қазақ қоғамында тіпті түрменің болмағандығы, ел ішіндегі бірді-екілі тентектерді ел болып, қоғам болып тәрбиелеу арқылы дұрыс жолға қойып отыруы үлкен көрегендіктің белгісі екендігін ешкім теріске шығармаса керек. Жалпы, қазақ мемлекеттігінің пайда болған кезеңінен бастап, елді ханның билеп келгендігіне өткен тарих куә, мысал ретінде көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан “Ханды ақ киізге салып көтеру”, “Хан талапай”, “Ханға дат”, т. б. көптеген дәстүрлерден хан билігінің өте күшті болғандығын, бұқара халықтан күшті қолдау тапқандығын байқауға болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Алаштың ардақты ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытовтың: “Батыс заңға арқа сүйейді. Ал Шығыс ше? Шығыс тұлғаға арқа сүйейді. Ежелден солай, бақ-дәулеттен сорлы қылатын өгей балаң біз бе едік? Басқа жұртқа қолбасшы, көсем жіберіп жатқанда көзіңнің қырын бір салмайтын қазақтың не жазығы бар еді? Түйе баққан жалаңаш араб құрлы көрмегенің бе бізді”, деп құдайдан қазаққа тұлға сұрағаны туралы да тарих сыр шертеді.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларация қабылданды, ол мемлекеттік билік тармақтарын бөлуді жария еткен бірінші құқықтық құжат болды. Әлемдік тәжірибеде мемлекетті басқару республикалық, яғни президенттік, парламенттік немесе аралас деп бөлінетінін ескерсек, Қазақстан Республикасында президенттік басқару нысанының таңдап алынғандығы тегіннен-тегін болмаса керек.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан кейінгі Жоғарғы Кеңестің ХІІ-ХІІІ шақырылымдарында Қазақстан Республикасында парламенттік басқару нысаны тәжірибеде болғандығын, одан кейін басқару нысаны президенттік басқару жүйесіне ауысқандығын, сонымен қатар 1995 жылдың 30 қаңтарынан қызметін бастаған қос палаталы Парламенттің шығарған заңдарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларда үлкен жетістіктерге жетіп отырғандығын ешкім жоққа шығара алмайды.
Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасу тарихында ерекше рөлді 1990 жылғы 24 сәуірде сайланып, 1993 жылдың 13 желтоқсанына дейін заңды күшінде болған Жоғарғы Кеңестің XІІ шақырылымы атқарды. Бұл кезең тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына сәйкес келгендіктен, бұрынғы жүйеден әлі де толық арыла алмай, осы сайлау үрдісін бақылауға тырысқан, бұрынғы бір партиялық жүйеге бағыныштылығына қарамастан Қазақстан тарихында өткізілген Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылымы -баламалы өткізілген депутаттар сайлауы болды. Бұл сайлауда 360 депутаттық орынға 2 мыңнан артық үміткермен қатар, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де үміткер ретінде қатысты. Барлық 360 депутаттық мандаттың 270-і мажоритарлық сайлау округі арқылы сайланды, 90 мандат қоғамдық ұйымдар мен партияларға берілді.
Бұл өкілді органның тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауда атқарған рөлі ерекше екендігін мемлекет үшін маңызды мына заңдарды қабылдағанынан байқауымызға болады: ҚазССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң, “Қазақ ССР Президенті постысын бекіту” туралы заң, Конституцияға (Ата Заңға) өзгерістер мен толықтырулар енгізу, яғни тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы (1993 жылғы 28 қаңтар) .
1994-1995 жылдар қазақстандық парламентаризмнің ерекше бір кезеңі болды. 1994 жылдың сәуірі мен 1995 жылдың наурызы аралығында жұмыс істеген Жоғарғы Кеңестің ХІІІ шақырылымы - депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш Парламенті. Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 360-тан 177-ге дейін қысқарды. Депутаттардың жалпы санының 52 пайызы өзін-өзі ұсынғандар, 30 депутат “Қазақстан халық бірлігі одағынан”, 9-ы “Қазақстан халық конгресі” партиясынан, 8-і Социалистік партия, 4-еуі Шаруа одағы, 4-еуі “Лад” республикалық славян қозғалысынан және бір-бірден Республикалық партия мен Қазақстан кәсіпкерлері конгресінен болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz