Әлем-дүниесі


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жертану және өлкетану курсы сырттай оқитын бастауыш мектептері мамандарын дайындайтын оқу орындарының 1 курс студенттері үшін көмекші оқу - әдістемелік құрал. Бұл курс өзімізді қоршаған табиғатқа, планетааралық және жергілікті масштабта белгілі бір заңдылықтары бар табиғат бөлігінің тұтас жүйесі ретінде түсінік берді. Сапалы ұқыпты көзқарас мектептегі бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқыту кезінде тәрбиелеуге көмектеседі . Курс дүниеге көзқарастың дұрыс қалыптасу үшін де өте маңызды. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларға қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіру үшін өздері тәулік, жыл мезгілдері, Күн жүйесі, жер бетінің құрылысы, табиғат зоналары, оларда болатын даму заңдылықтарын жете біліп түсіндіре алулары қажет. Міне осы сұрақтарға жертану ілімі жауап береді. Қазіргі заманғы география ең алдымен физикалық география және экономикалық география ғылымдарына бөлінетін өзара байланысты ғылымдар жүйесі. Физикалық география табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Физикалық географияның зерттеу обьектісі - Жердің комплексті қабығы, оның құрамдас бөліктері литосфераның, гидросфераның, организмдердің өзара байланысы және бір - біріне тигізетін әсері. Бұл күрделі материалдың жүйеге бос энергияның әртүрлері заттардың ең күрделі денелерге дейінгі әртүрлі дәрежедегі агрегаттылығы; органикалық дүниенің, топырақ жамылғысының, шөгінді жыныстардың, рельефтің әртүрлі формалары болуы; Күннен түсетін жылудың шоғырлануы; төмен температура мсн қысымның термодинамика заңдарының үстемдігі ; адамзат қоғамының өмір сүруі тән. Біртұтас ажыратылмас географиялық қабық бір тектес емес және оның құрылысы өте күрделі. Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыздалған қабаты айрықша күрделілікпен ерекшеленеді. Бұл географиялық қабықтың құраушылары тау жыныстары және бүлардан пайда болған рельеф, су, ауа, топырақ, организмдер - оның әртүрлі бөліктерінің әркелкі дамуының нәтижесінде әртүрлі күрделілікпен әртүрлі масштабтағы ұштасумен қалыптасады. Географиялық қабықты планетааралық табиғат комплексі ретінде тұтас, зат құрамының жалпы ерекшеліктерін, географиялық қүрылымы мен дамуын - физикалық география зерттейді. Жалпы планетааралық географиялық құрлықтарды білу планетааралық табиғат комплексінің кез - келген бөлігінің ерекшеліктерін түсіну үшін қоғамның планетааралық масштаб алған географиялық қабыққа әсерлерін есептеу, болжау және реттеу үшін қажет. Көпшілік географтардың айтуынша географиялық қабықтың табиғат комплексін құрайтын бөліктердің және адам әрекеті арқылы өзгертілген, сол сияқты өзгертілмеген бөліктерін зерттеумен шұғылданатын физикалық география-ландшафт тану саласы.

ӘЛЕМ -ДҮНИЕСІ.

1. Жалпы физикалық географияның анықтамасы және міндеті.

2. Географиялык ілімнің даму тарихы.

География деп - жер бетінің табиғатын, халқын және шаруашылығын зерттейтін ғылымды айтамыз. Ол гректің гео-жер, графия-жазамын деген сөзінен шыкқан. География физикалык және экономикалық болып үлкен екі бөлікке бөлінеді . Физикалык география жер шары бетінің табиғатын, оның даму заңдылықтарын, ал экономикалық география - халқын, оның шаруашылық қызметін, өндірісті орналастыру заңдылықтарын зерттейді. Жер беті қоршаған ортамен тығыз байланыста. Олар атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттары - осы үш қабат және сонда өмір сүретін түрлі организмдер барлығы қосылып жердің географиялық қабығын құрайды. Биосфера : грекше био-өмір және тіршілік. сфера -шар. Қоршаған орта деген сөзінен алынған, яғни жер шарындағы адамдарды, жан-жануарлардың. өсімдіктердің және басқада тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Оның жалпы қалыңдығы шамамен 65-100км. Осы географиялық қабатты, оның құрамын, құрылысын және жалпы даму заңдылықтарын зерттейтін ілім жалпы физикалық география немесе жалпы жертану негіздері деп аталады.

Жертану ілімі біздің дәуірімізге жеткенге дейін мыңдаған жылдар өтті. Ежелгі заманда дүниежүзінің халықтары тек өздері түрған жерді ғана білген, одан арғы жерлерді көз алдына елестете алмаған. Бірте-бірте батыл адамдар кішкене кемелермен жүзіп отырып, басқа елдерге де жеткен. Көргендерін нобайлап сызып көрсетіп отырған, бұл алғашқы географиялық карталар еді. Міне осындай картаның бірін ежелгі грек географы тарихшысы Герадот жасады. Онда Жерорта теңізінің төңірегін халық мекендеген құрлықтың бөлігі, Онтүстік Европа, Солтүстік Африка мен Азияның батыс бөлігі көрсетілген. ( б. э. Vғ. ) Ең алғашқы жердің шар тәрізді екендігінің дәлелін жинаған, толықтырған және негіздеген Аристотель болатын. (б. э. VI ғ. ) Ең алғаш география деген терминді ғылымға енгізген және Жердің шар тәрізді екендігін зерттеген Эратосфен еді. (б. э. дейін II - III ғ. ғ. ) Біздің э рамыздың II- ғасырында өмір сүрген грек ғалымы Птолемейдің карталары анағұрлым жетілдірілген болды. Оларда градустары, көптеген географиялық пунктер көрсетілді. Птолемейдің карталары бірнеше ғасыр бойы пайдаланылып келеді. XI - XII ғасырларында өмір сүрген араб ғалымы Әл-Идрисидің « Нузхат ал-Муштак », түркі Махмуд Қашғаридың «Диувани луғат ат-түрік » деген еңбектеріндегі Қазақстан географиясын зерттеуде маңызы зор. Әл-Идриси енбегінде сол кездегі 16 қаланың тіршілігі мен ондағы адамдардың тұрмыс жағдайларынан толық мағлұмат берілсе, ал Махмуд Қашғари қазақ жеріндегі көптеген географиялық атауларды дүние жүзінің картасына түсірді. Махмуд Қашғари жасаған картаны ғалымдар «XI ғасырда Орталық және Орта Азия да жасалған түріктің географиялық ескерткіші» деп атады. Әбу Насыр Әл-Фараби дүние жүзінде белгілі ғалым, асқан ойшыл, замандастары кұрметтеп «екінші Аристотель» деп атаған. Оның « Жұлдыздардың шығуы », « Ғалымдар тізбегі » атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп күн сағатын жасаған. Күнмен Айдың түтылу ұзақтылығын есептеп шығарған. Әл-Фарабидің Күн сағатында күн сәулесін сызық, ал жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін дәл есептеп шығарған.

Орта ғасыр (XI - XV ғ. ғ. ) Батыс Европада ғылымның өрлеу дәуірі еді. Сол кездегі венециялық купец Марко Полоның Шыгыс Азияға саяхаты (1271-1295) туралы айтуға болады. М. Полоға дейін бірде - бір европалық адамның аяғы Шығыс Азияны басқан емес. 1298ж. Поло енбегіндегі сол елдің әдет - ғұрпы, шаруашылығы, территориясы туралы мәліметтері көп уақытқа ғылымда пайдаланды және бұл мәліметтердің дұрыс екендігіне көз жеткізді. «Үш теңіздің аржағына саяхат » атты еңбегімен белгілі болған орыс саяхатшысы Афанасий Никитин (1466-1475ж) Иран, Қара теңіз, Индия жеріндс болып көрген-білгендерін нақты етіп жазып қалдырған. Бұл Россиядан Индияға барған алғашқы саяхатшы еді.

XV - ші ғасырда теңіз экспедициялары көп болды. Олардың аса көрнектісі Христофор Колумбтың экспедициясы еді. Бұл экспедицияның мүшелері 1492 жылы 3 кемемен Пиреней түбегінен алтыны мен шырыны көп өсімдіктерге бай Үндістанға баратын кысқа теңіз жолын іздеп шықты.

Жердің шар тәрізді екендігіне көзі жеткен Колумб Атлант мұхиты аркьлы батысқа қарай жүзе отырып, Азия жағаларына жетуге болады деп есептейді. 2 ай жүзгеннен кейін кемелер Орталық Америка аралдарына жетіп, Куба мен Гайти аралдарын ашты. Ол Батыс Индияны аштым деп ойлады. Бұдан кейін З рет саяхат жасады, бірақ өмірінің соңына дейін Америка материгін ашқанын білмей кетті.

Осы жылдары Оңтүстік Америкаға көптеген саяхатшылар барды. Соның бірі флореннттік Америго Веспуччи болды. ( 1499) Жаңа жерді 1507 ж Америко деп атады.

Алғаш дүние жүзін айналып шығуды бұдан біраз кейін 1519-1552 жылдары аралығында португалиялық Фернанд Магелланың экспедициясы жүзеге асырды. Ол 265 адамы бар 5 кемемен Испаниядан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын айнала отырып оңтүстік бұғазда қыстап, сол арқылы мұхитқа шықты. Кейін бұл бүғаз Магеллан бұғазы деп аталды. Ол мұхитты Магеллан Тынық Мұхиты деп атады. Осы мүхитты олар 3 ай 20 күн жүзіп өтті, тек 1521 жылы март айында Марион аралығына жетті, одан Филиппин аралығына жетті. Осы жерде малайларға испандардың дінін қабылдатып әскери көмек берілді. Осы жергілікті жердің соғысында Магеллан қайтыс болды. Тек бір ғана кеме көптеген қиындықтармен 1522 жылы еліне қайта оралды. 265 адамнан тек 21 адам ғана тірі оралды. Бұл экспедиция Тынық мұхиттың үлкен екенін оның Америка мен Азияны бөліп тұратынына көздері жетті. Осы саяхат кезінде батыстан шығысқа жүзген кезде 1 тәулікті жоғалтқанын ұқты, осы жердің өз осі бойынша айналуымен дәлелдеді. Көптеген аралдар, мұхит жолдары ашылды. Солтүстік полюске бір мезгілде Р. Пири және Ф. Кук жетті. Ал Оңтүстік бөлігіне Р. Амудсен және одан бір айдан соң Р. Скотт экспедициясы жетті. Россияда 18 ғасырда саяхат, географияның дамуы 1- ші Петр патша шешімімен байланысты. Осы жылдары 1- ші рет Россияда география қоғамы Академиясы құрылды, оны 1758 жылы М. В. Ломоносов басқарды. 1733 жылы орыс өкіметі сол кездегі өте үлкен гсографиялық экспедиция - Ұлы Сибирь экспедициясын құрды. Олар Солтүстік Мұзды Мұхит арқылы Тынық Мұхитқа жол ашуды ойлады. Ол экспедицияны С. В. Беринг, А. У. Чириков басқарды. Курилл аралдары мен Беринг бұғазын ашты.

1873 жылы орыс географиялық қоғамы Орталық Азияға көптеген экспедициялар жіберді. Олар П. П. Семенов -Тянь- Шаньский, М . Прежевальский, Г. Н Потанин т. б болды. Шоқан Уалихановтың Қашғарияға саяхатын айтып кетуге болады. 1854 -1858 жылдар аралықтағы сапарларымен Қашғария экспедициясында жинақталған аса құнды қыруар материалдардың негізіне бұл еңбегін 1860ж. Петербургта жазған өз пікіріне сүйеніп айтқанда «ең алдымен өзінің туған халқын, Сібірді, сонан соң Россияны, сонан барып бүкіл әлемді сүйе алған ақыл- ой қозғалысы алыптарының бірі Шоқан» еді. ІІІоқан Уәлиханов-ол ориенталист, тарихшы этнограф, фольклорист, ағартушы, суретші, саяхатшы.

Күн жүйесі мен жер.

1. Күн жүйесінің құрылысы мен құрамы.

2. Жер - Күн жүйесіндегі планета.

3. Жер серігі - Ай.

Күн бізге ең жақын жұлдыз, аса зор газды шар. Ол 70% сутегі мен 29%

гелииден тұрады. Күннің әлем кеңістігіне шашқан сәуле энергиясының

мөлшері 3, 8х10 эрг/сек немесе 40 млн. тонна көмір жаққанға тең.

Күннен бөлініп шыққан жылу - электромагниттік энергия. Күннің сәулесі

жерге 7-8 минутта жетеді, өйткені күн сәулесі әлемге секундына 300 000 км

жылдамдықпен тарайды. Күннің жасы шамамен 5 млрд . жылға тең. Ол Күн

жүйесінің орталық денесі. Массасы 2 . 10 30 кг. Радиусы 7 . 10 8 м. Орташа

тығыздығы 1, 4 . 10 30 кг/см 3 . Күннің ішкі бөлігінде температура Кельвин

бойынша 15млн. градусқа тең. Күннің массасы барлық планеталар массасынан 750 есе артық және Жердің массасынан 330 000 есе үлкен. Күннің диаметрі Жерден 109 есе артық. Күн жүйесінде барлық денелері мен планеталардың қозғалысы болады.

Күннің көрінетін беті фотосфера деп аталады. Ол бізге келетін энергияны

шығарады да үздіксіз спектр береді. Фотосферада факелдер делінетін

кішкене дақтар көрінеді. Күн дақтары тобымен пайда болды, біртіндеп

жайылып, жоғалады. Күннің жылуымен теңіздерден, көлдерден,

өзендерден, су қоймаларынан жылына 519 текше метр су аспанға бу болып

көтеріледі. Ол жерге жаңбыр не қар болып қайта жауады. Күн сәулесі ауаны

жылытады, содан ауа ағыны, яғни жел пайда болады.

Күн жүйесінде Күннен басқа айналып ірі- ірі 9 планета, мыңдаған ұсақ

аспан денелері-астероидтар, кометалар, метеоридтер жүреді. Планеталарды

2-ге бөледі: ішкі планеталар және алып планеталар.

Ішкі планеталарға Жер, Меркурий, Шолпан, Марс, алып планеталарға

Юпитер, Нептун, Плутон, Сатурн жатады. Планеталардың Күн

айналасындағы жолы «орбита» деп аталады. Күннен ең алыс орналасқан

Плутон, ең ірі планета Юпитер. Диаметр бойынша Жерден 11 есе, ал

массасы бойынша 300-ден астам есе үлкен. Ішкі планеталардың 3 серігі, ал

алып планеталардың 54 серігі бар. (сурет-1) .

Күн жүйесінде планеталардан басқа астероидтар қозғалады, саны 6000-ға жуыққа тең. Оның ішіндегі Церераның диаметрі 1000 км-ге жетеді.

Кометалар - жарық жұлдыздар. Күн орбитасымен айналып жүреді. Оларды тек Күн сәулесіне жақындаған жылдары ғана көруге болады. Олардың тығыздығы аз, айналу өсі әртүрлі. Мысалы, Галлей кометасы 1986 жылы 6 мартта Жерге жақындады. Оны біздің астрономдарымыз бен жапон ғалымдары бірігіп зерттеді. Оның ұзындығы 14 км, ал ені мен қалыңдығы 2 есе күшті. Денесінің ерекшелігіне байланысты, оны көзбен бақылауға болады. Метеорлар - кометалардың шашыранды бөлгі, олар буланған кезде ғана көрінеді. Олар атмосферада қызып, жанып кетеді. Жанған газдар аспанда 1-2 секунд тұрады, 50-100 км қашықтықта көрінеді. Орта есеппен 10 т. метеорлар түседі. Толық жанып бітпеген бөліктері - метеоридтер жерге түседі. Мысалы, 1908 жылы Тунгускаға метеоридтер түскен. Оның құрамы тас пен темір қосындысынан тұрды, яғни жердің құрамына ұқсас.

Жер Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағанда 3- ші планета. Күн жүйесіне айнала қозғалып жүрген 9 планета ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5-ші орында. Жер Күнді орта есеппен 150 млн. км қашықтықта айналып жүреді. Тек Жерде тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықта орналасуына тікелей байланысты. Жер өз осінен де айналады. Жердің басқа планеталардан айырмашылығы онда тіршілік бар. Космостық аппараттар көмегімен жүргізілген зерттеулерге қарағанда Күн жүйесінің Жерге жақын денелерінде - Айда, Шолпанда, Марста тіршіліктің дамуына жағдай тумаған. 20-шы ғасырдың 70-ші жылдары на дейін Күн жүйесінен тыс тіршілік бар аспан денелері кездескен жоқ. Алайда тіршілік материяның қажетті даму кезеңі болғандықтан, Жерді бірден-бір тіршілік бар әлемдік космостық дене деуге болмайды. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4, 5 млрд. Жыл бұрын кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соғысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң заттар іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан Жер құрамына енеді. Заттың планета орталығына тартылуы және оның остен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық формаға келді. Өзіне келіп түскен денелердің соққысы және радиоактивті элементтердің ыдырау кезінде бөлініп шыққан жылу әсерінен Жер қойнауы біртіндеп қыза берген. Жердің қызуы оның құрамындағы заттың концентрлі қабатқа -геосфераға бөлінуіне себепші болды. Планетаның орталығында Жер ядросы пайда болды. Ядроны мантия деп аталатын сфера қоршап тұрады. Мантияның ең жеңіл әрі оңай балқитын құрама заттары мантия үстінде орналасқан, жер қыртысын құрған. Магнит өрісі Жер ядросындағы заттардың күрделі козғалысы нәтижесінде пайда болады. Магнит өрісінің күш сызықтары Жер бетіне шығып меридиандық доға жасайды. Жердің магниттік өрісі планетааралық кеңістікте Жердің көлемінен үлкен аймақты алып жатады. Бұл аймақ магнитосфера деп аталады. Магнит өрісі атмосфераның иондалған қабатымен магнитосферада электр өрісін және электр тогын туғызады. Осы заряд электр өрісін жасайды. Жердің теріс заряды атмосфераның оң зарядымен теңеседі. Сонымен Жер шары тұтас алғанда бейтарап болады. Жер бетінде өтетін процестердің негізгі энергия көзі Күннің электромагниттік радиациясы, Барлық Жер шарына 1, 7х 10 күн сәулесінің энергиясы түседі. Осы энергияның, шамамен 50 процент мұхит пен теңіздің беткі қабатына топырақ пен өсімдікке, ішінара атмосфераға сіңіп, бірсыпыра өзгерістерден кейін атмосфераның инфрақызыл сәулесі түрінде Жерден шығып кетеді. Күн сәулесі энергиясының қалған бөлігі атмосферадан, бұлттан, Жер бетінен шағылып кері қайтады. Жер беті, гидросфера, сондай-ақ оған жанасып жатқан атмосфера қабаты мен Жер қыртысы географиялық қабық деп аталады. Оның төңірегіндегі қатты, сұйық және газ күніндегі заттар бір - біріне еніп жатады. Атмосфера арқылы күн энергиясының келуі және Жерде белгілі физикалық және химиялық жағдайдың болуы нәтижесінде географиялық қабық тіршіліктің пайда болуы аренасына айналады. Қатты Жер құрылымы негізінен 20- ғасырда сейсмология жетістіктерінің арқасында, ал атмосфераның жоғарғы қабаты мен магнитосфера 20- ғасырдың 2- жартысында ракета мен спутниктерді қолдану негізінде түсіндіріледі. Элементердің радиоактивтік ыдырауының ашылуының арқасында тау жыныстарының абсолюттік жасын, демек көптеген геологиялық процестердің ұзақтығын және Жердің жасын анықтау тәсілін жасауға мүмкіндік туды. Жердің пішіні мен мөлшерін геодезия, Жердің аспан денесі ретіндегі қозғалысын астрономия, Жердің күш өрістерімен барлық геосферадағы физикалық процестерді геофизика, химиялық процестерді геохимия зерттейді. Табиғат құбылыстары физикалық географияда зерттелсе, атмосфера метерология мен климатологияда, гидросфера гидрологияда, тірі организмдер биологиялық және ішінара географиялық ғылымда зерттеледі.

Жер - планета, жер массасы М=5976х10, бұл - Күн массасының 1/33 үлесі. Күннің тартуы салдарынан Жер оны эллипстік орбита бойынша айналады. Жер Күнмен бірге Галлактика цснтірінен айналады, галактикалық айналу периоды шамамен 200 млрд жыл қозғалысының орта жылдамдығы 250км /сек.

Күн Жердің эллипстік орбитасының 1 фокусында орналасқан. Жер мен Күннің ара қашықтығы жыл бойына 147, 117 млн, км-ден, 152, 083 млн. км-ге дейін өзгереді. Жер орбитасының үлкен жарты осі 149, 6млн, км-ге тең. Жердің Күнді айналу периоды жыл деп аталады. Жердің орбита бойымен козғалу жылдамдығы орта есеппен 29, 27км / сек . Айналу осіне қатысты алған инерция мометі 8. 104x10 37 кг/м 2 Жердің өз осінде айналуынан оның бетінде күнмен түн алмасады. Жердің айналу периоды Күн тәулігін анықтайды. Жердің айналу осі перпендикулярдан эклиптика жазықтығына 20 ғасырдың ортасында

23 0 26, 5' еңкейген қазіргі кезде бұл бұрыш жылына 0. 47 // кемиді. Жер орбита бойымен Күнді айнала қозғалғанда, оның айналу осі өзіне - өзі параллель ығысып, кеңістікте тұрақты бағытын сақтап қалады.

Осыдан жыл мезгілдері ауысады. Ай, Күн және планеталардың әсерінен орбита эксицентриситеті мен Жер осінің еңкеюі ұзақ периодтық өзгеріске ұшырайды . Осыдан климаттың ғасырлық өзгерісі болады.

Жердің табиғи серігі - Ай. Ай жерден 384000 км. қашықтықта орналасқан. Диаметрі Жерден 4 есе кіші. Ай бізге бір жағы арқылы көрінеді, 2-ші жағы көрінбейді. Онда атмосфера, су буы, дыбыс жоқ. Айда атмосфераның жоқтығы және осінен жай айналуынан айдағы температураның күндіз 120 0 С - қа, ал түнде -170 0 С көтеріледі. Ал Жерді бір ай айнала қозғалады. Айдың беті біркелкі тегіс емес. Онда беті цирк аймағына ұқсайтын тегіс жазықтар бар. Айдың бетіне ірі денелердің түсуінен диаметрі 200км-ге жуық кратерлер пайда болады. Айдың тарту күші өте күшті, өзінен жарық сәуле шығармайды. Ол тек Күннің түскен сәулесінен жер бетіне жарық түсіреді.

Соңғы уақытта Айдың бетін зерттеуге көп көңіл бөлініп жүр. Айға Ресей және Американ автоматикалық станциялары ұшырылып, Айдың көрінбейтін бетін де зерттеп картаға түсірді. Айдың Күнмен Жерге қатысты орналасуына байланысты Ай фазалары ажыратылады. Жаңа Ай кезінде Ай Күнмен Жердің аралығында болады. Осы жерге күн сәулесі түскен жағымен қарайды.

Жердің тәуліктік және жылдық қозғалысы.

  1. Уақыт.
  2. Жыл мезгілдерінің ауысуы.
  3. Жерді бағдарлау.
  4. Қашықтық
  5. Глобус, географиялық карталар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттағы тірі ағзалардың өзара байланыстығы
Кеңістік пен уақыттың ғылым тарихындағы түсінігінің дамуы
Платон философиясы
«Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұны
Философия және мәдениет
Қайта өрлеу және философиясы
Философияға жалпы анықтама
Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқытудың бағдарламасы
Философиядағы болмыс мәселесі
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz