Қазақстан Республикасының әскери саясаты
Жоспар
І. Кіріспе
Қазақстан әскерінің қалыптасу тарихы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық
қорғаныстың орны мен рµлі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

К І Р I С П Е
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз" — деді.
Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан басталады?
Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.) X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери тарихының, төл мұрагері.
Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардын б.з.д. 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің әскерін талқандауынан басталып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен оның бірінші кезеңі аяқталады. Одан кейінгі кезеңде хұндар империясы құрылып, Қытай мен ұлы даланың шекарасын бөлген Қытай қорғаны хұндардан қорғану үшін бірнеше жеңілістен кейін б.з.д. 207 жылы салына бастағаны белгілі.
Ал Еуропаға жеткен хұндар патшасы Аттиланың 451 жылғы Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим импернясының құлауы хұндардың әскери өнердегі қуаттылығынын шырқау шыңына жеткенін көрсетеді.
Орта ғасырлардағы түркілерге келсек, түркі жұрты VI -VIII ғасырларда, Византия және сасанидтік Иранмен соғыстарда әскери өнерді дамытуға баға жетпес үлес қосты. XII – XIII ғасырларда Шынғыс хан түркі халыктарының әскери дәстүрі мен өнеріне және жергілікті найман, керей, қыпшақ, қаңлы, дулат т.б. этникалык түрік тектес бірлестіктерге сүйеніп, атты әскерді құру мен үйретуде және әскери дара басшылықта соғыс өнерінің ең жаңа тәжірибесін жинақтады. XIV ғасырда Әмір Темір және оның мүрагерлері аса құдіретті тұрақты әскери күш құруда әлем тарихының сахнасына бірінші болып шықты. Сонымен, б.з.д. VI ғасыр мен бергі XIV ғасыр арасындағы сақтар, хұндар, түркілер, Шынғыс хан, Әмір Темір дәуіріндегі әскери өнердің дамуы - біздің рухани және әскери өнердегі қазыналарымыз әскери тарихымыздың деректі көздері болып табылыды. Демек, қазақ елінің қорғаныс күштерін кұруы б.з.д. VI ғасырдан, сақтар дәуірінен бастау алады.
XV ғасырдың ортасынан бастап, жергілікті этникалық бірлестікке сүйенген тайпалар қазақтың ұлттық мемлекетін құрды. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хандар баға жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін жинақтады. Отанын қорғауда өздерінің қабілеттілігімен, жеке басынын ерлігімен халық жадында ұмытылмас тұлға болып қалған: Қарасай, Кабанбан, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырлар Қазақ әскери тарихында өзіндік қолтаңбаларын қалдырды және қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосты.
Қазақтар белсене қатысқан Азамат соғысы жылдары (1918-1920 жж.) Қазақстан аумағында 4 кавалериялық бригада, 7 кавалериялық полк, 2 кавалериялық дивизион, 4 кавалериялық эскадрон, 4 жаяу әскер полкі, 8 күзет полкі және басқа да бөлімшелер құрылды. Олар азамат соғысына белсене қатысты. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы айтатын болсақ, мұнда да біздің жерлестеріміз женіске өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанда құрылған 20 - дан аса дивизиялар мен бригадалар шексіз батылдықпен шайқасты.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан даласынан 1 млн. 200 мынға, жуық ұлдары мен қыздары Брест қамалы мен Мәскеуді қорғады, Ленинградты ұзақ уақыттық блокададан құтқаруға қатысты, Сталинград түбіндегі қанды шайқаста, Орел, Курск шайқасында тайсалмады, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдованы азат етуге күш салды, Берлин түбіндегі шайқастарға қатысты.
Тәуелсіздік алған кезден бері ұлттық мемлекеттің тұғырын биіктетер мәселелер көбейді. Қазірдің өзінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, болашақ Қарулы Күштердің лайықты бет - бейнесін жасау жөнінде шаралар қабылданып жатыр. 1997 жылғы қараша айынан бастап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі Жарлық іске асуда. Ол реформа бойынша, Қарулы Күштердін құрылысы төмендегідей түрде жүйеленеді:
1) Жалпы мақсаттағы күштер.
2) Әуе корғанысы күштері.
3) Мемлекеттік шекараны қорғау күштері.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаев Алматы «Білім» 1999 ж. -3 бет
2. Н.Ә.Назарбаев Алматы «Білім» 2000 ж – 303 бет
3. Н.Ә.Назарбаев Алматы «Рауан» 2001ж – 293 бет
4. Н.Ә.Назарбаев, «Тәуелсіздік белестері» Алматы «Білім» 2001ж – 306 бет
5. Н.Ә.Назарбаев, «Тәуелсіздік белестері» Алматы «Рауан» 2001ж – 147 бет
6. Бақыт Берғалина. «Әскери териндерді аудару»//Егемен Қазақстан/ наурыздың 17, 2000ж.
7. Е.Т.Карин «Саяси қауіпсіздік дегеніміз не?» // Саясат/ март 1999ж.
8. Е.Т.Карин «ҚР Саяси қауіпсіздігі: ықтимал және шынтуайт қатерлер» // Саясат/ февраль 1999ж.
9. Е.Т.Карин «Қазақстандағы саяси қатердің деңгейі» // Саясат/ май 1999ж.
10. Айбатыр Сейтақ. «Жаңа әскери доктрина» //Егемен Қазақстан/ желтоқсан 2004ж.
11. Сапарғали Жапағыпаров «Шеп – 2006: ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі»// Егемен Қазақстан/ тамыз 2006ж.
12. Ержұман Смаил «Елді қорғау екінші кезекті мәселе емес» // Егемен Қазақстан/ қазан 2006ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының
әскери саясаты
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Жоспар
І. Кіріспе
Қазақстан әскерінің қалыптасу тарихы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық
қорғаныстың орны мен рµлі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
К І Р I С П Е
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайтадан сайланған
Н.Ә.Назарбаев 1999 жылғы 20 қаңтарда мәртебелі қызметіне кірісу
салтанатында сөйлеген сөзінде: "Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа
ғасырға нық қадам басамыз" — деді.
Бұл сөздің астарында не бар? Даңқты өткеніміз қандай, ол қашаннан
басталады?
Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мын жылдан аса тарихы мен
мәдениеті бар халық. Тарихқа біздің заманымызға дейінгі (б.з.д.)
X ғасырда сақтар, б.з.д. IV ғасырда хұндар (бұл атау ғұндар, һундар
деп те жазылады), б.з. V—VI ғасырларында "түріктер" деген атпен енген
бүгінгі қазақтар — сақтардың, хұндардың, түріктердің даңқты әскери
тарихының, төл мұрагері.
Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардын б.з.д. 529 жылы парсы
патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін б.з.д. 512 жылы парсы патшасы Дарийдің
әскерін талқандауынан басталып, б.з.д. 330—328 жылдары Александр
Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайынның) әскеріне мықтап тойтарыс беруімен
оның бірінші кезеңі аяқталады. Одан кейінгі кезеңде хұндар империясы
құрылып, Қытай мен ұлы даланың шекарасын бөлген Қытай қорғаны хұндардан
қорғану үшін бірнеше жеңілістен кейін б.з.д. 207 жылы салына бастағаны
белгілі.
Ал Еуропаға жеткен хұндар патшасы Аттиланың 451 жылғы Римге шабуылынан
кейін көп ұзамай Рим импернясының құлауы хұндардың әскери өнердегі
қуаттылығынын шырқау шыңына жеткенін көрсетеді.
Орта ғасырлардағы түркілерге келсек, түркі жұрты VI -VIII ғасырларда,
Византия және сасанидтік Иранмен соғыстарда әскери өнерді дамытуға баға
жетпес үлес қосты. XII – XIII ғасырларда Шынғыс хан түркі халыктарының
әскери дәстүрі мен өнеріне және жергілікті найман, керей, қыпшақ, қаңлы,
дулат т.б. этникалык түрік тектес бірлестіктерге сүйеніп, атты әскерді құру
мен үйретуде және әскери дара басшылықта соғыс өнерінің ең жаңа тәжірибесін
жинақтады. XIV ғасырда Әмір Темір және оның мүрагерлері аса құдіретті
тұрақты әскери күш құруда әлем тарихының сахнасына бірінші болып шықты.
Сонымен, б.з.д. VI ғасыр мен бергі XIV ғасыр арасындағы сақтар, хұндар,
түркілер, Шынғыс хан, Әмір Темір дәуіріндегі әскери өнердің дамуы - біздің
рухани және әскери өнердегі қазыналарымыз әскери тарихымыздың деректі
көздері болып табылыды. Демек, қазақ елінің қорғаныс күштерін кұруы б.з.д.
VI ғасырдан, сақтар дәуірінен бастау алады.
XV ғасырдың ортасынан бастап, жергілікті этникалық бірлестікке
сүйенген тайпалар қазақтың ұлттық мемлекетін құрды. Қазақ мемлекетінің
тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар
хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хандар баға
жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін жинақтады. Отанын қорғауда
өздерінің қабілеттілігімен, жеке басынын ерлігімен халық жадында ұмытылмас
тұлға болып қалған: Қарасай, Кабанбан, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты
Наурызбай т.б. батырлар Қазақ әскери тарихында өзіндік қолтаңбаларын
қалдырды және қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосты.
Қазақтар белсене қатысқан Азамат соғысы жылдары (1918-1920 жж.)
Қазақстан аумағында 4 кавалериялық бригада, 7 кавалериялық полк,
2 кавалериялық дивизион, 4 кавалериялық эскадрон, 4 жаяу әскер
полкі, 8 күзет полкі және басқа да бөлімшелер құрылды.
Олар азамат соғысына белсене қатысты. Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың
қатысуы туралы айтатын болсақ, мұнда да біздің жерлестеріміз женіске
өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанда құрылған 20 - дан аса дивизиялар мен
бригадалар шексіз батылдықпен шайқасты.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан даласынан 1 млн. 200 мынға, жуық
ұлдары мен қыздары Брест қамалы мен Мәскеуді қорғады, Ленинградты ұзақ
уақыттық блокададан құтқаруға қатысты, Сталинград түбіндегі қанды шайқаста,
Орел, Курск шайқасында тайсалмады, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы,
Молдованы азат етуге күш салды, Берлин түбіндегі шайқастарға қатысты.
Тәуелсіздік алған кезден бері ұлттық мемлекеттің тұғырын биіктетер
мәселелер көбейді. Қазірдің өзінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың
басшылығымен, болашақ Қарулы Күштердің лайықты бет - бейнесін жасау жөнінде
шаралар қабылданып жатыр. 1997 жылғы қараша айынан бастап, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі Жарлық іске асуда. Ол
реформа бойынша, Қарулы Күштердін құрылысы төмендегідей түрде жүйеленеді:
1) Жалпы мақсаттағы күштер.
2) Әуе корғанысы күштері.
3) Мемлекеттік шекараны қорғау күштері.
ІІ. Негізгі бөлім
1. ҚР әскери саясатындағы басымдылықтар
Қазаќстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы
қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев әскерлердің алдында сөйлеген сөзінде "әскери
училищелердің офицерлері мен курсанттарына, жоғары оқу орындары мен колледж
студенттеріне соғыс және армия туралы әскери тарихты оқыту" керектігіне
баса назар аударды. Бұл біріншіден, әскери істе болып жатқан процестерді,
қарулы күштерді құрудағы теориялық -практикалық өзгерістерді, соғыс
жүргізудің тәсілдері мен эволюциялық формаларын терең тануға, қазіргі
заманғы мәселелерді дұрыс шешуге, практикалық тәжірибе мен теориялық
зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, әскери тарих курсанттар
мен офицерлердің, әскери ойлауын, ғылыми ой - өрісін дамыту үшін де
маңызды.
1997 ж 26 наурызда ҚР президенті басқа да мемлекеттердің
басшыларымен бірге ТМД - ға қатысушы мемлекеттерге әскери қызметшілерді
әскери қызметтен босаған азаматтарды және олардың отбасыларын тұрғын үйме
қам тамассыз ету туралы шартқа қол қойды.
Мұның бәрі өткеннің қателіктерін түсінуге көмектеседі, қоғам дамуының
бағытын көрсетеді, қарулы күштерді басқаруда өткен уакыттың тәжірибелерін
қолдануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, әскери тарих халықтар достығы
рухында тәрбиелеудің құралы болады. Сондықтан бүгінгі Қазақстанның әскери
тарихын оқып үйрену ерекше орынға ие. Ол ұлттық басымдылықка жеткізетін
нақты идеология болатын пән, Қазақстанның әскери тарихы әскери кафедрасы
бар әскери училишелер мен жоғары оку орындарында пән ретінде оқытылуы
қажет. Осы кітаптың мақсаты бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып,
ертеңіне сеніммен қол созған шақта өзінін тарихын тануға талпынған
халыкымыздың ұл - қыздырына даңқты өткенін білуде аз да болса көмектесу деп
білеміз. Сөз соңында айтарымыз, бұл кітап "Военная история Казахстана"
(очерки) деген атпен "Рауан" баспасынан 1998 жылы орыс тілінде жарык көрген
еді, ал қазақ тілінде осы кітапты баспаға дайындау барысында, авторлар
жекелеген оқырмандардан, ғылыми мекемелерден және жоғары оқу орындарынан
түскен көптеген орынды тілектер мен ұсыныстарды орындауға тырысты.
Кітап сегіз тараудан тұрады. Оның I—VI тарауларының авторы
отставкадағы гв.полковнигі, Ресей Әскери ғылымдар академиясының
корреспондент мүшесі, профессор К.Аманжолов, VII—VIII тараулардың авторы
генерал - майор, профессор А.Тасболатов.
Қырық жылдан астам уақыт бойы єлемдегі ең ірі екі державаның теке
тіресінде аса бай ядролық арсеналдар талас-тартыстың негізгі тіреніші
болып келді. Ол кезде ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу бәрінен бұрын
ядролық әлеуетті арттырумен байланысты қарастырылатын.
Он жылдан бері әлем блоктарға бөліп µмір сүруін тоқтатты. Алайда
ядролық қауіпсіздік проблемасы тарап кеткен аса қуатты державалардың
бірінің ядролық арсеналының едәуір бөлігі жойылғаннан кейін де өзінен - өзі
шешіле қалған жоқ.
Өкінішке қарай мыңжылдықтар межесінде біздің планетамыз кәдімгі қару –
жарақ жағынан да, ядролық қару – жарақ жағынан да бұрынғысынан
қауіпсіздеу бола түспеді.
Оның есесіне ядролық қатер өзінің бұрынғы қос өлшемдік ауқымынан асып,
ағзаны жаулап алған радиациясынды жаңа түрлерге ауысып, тіпті, құбыжыққа
айналып барады.
Бүгінгі таңда біз соңғы он жылдың ішінде іргелі ілгерілеуіміз ауқымды
ядролық қақтығыс тұрғысынан алғанда қатерді азайта тұра, ядролық
болмыстың жаңа өлшемдері пайда болуына қалайша септігін тигізгенін
пайымдап алуға тиіспіз.
Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге
лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас
бере алмады, ядролық қарудың жер бауырлап жылжу процесін тоқтатуға шамасы
келмеді.
Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару үлкен бестіктің ғана
меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі
қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға
ие елдердің саны арта түсті. Әлемде жаңа геосаяси полюс — үшінші ядролық
әлем пайда болды.
Планетаның адам ең бір тығыз орналасқан өңіріндегі тұрақсыздық
қазірдің өзінде Азияның екі ірі елі — Үндістан мен Пәкстанның арасында
пайда болған қатерлі ядролық меже арқылы анағұрлым шиеленісе түсті.
Егер бүгінгі әлемнің сан қилы қауіп – қатерлі аймақтарында ядролық
қаруға ие болудан нақты дәмелі бірқатар елдердің бар екенін ескерсек,
жағдай аса бір қатерлі сценарий бойынша өрбіп кетуі де мүмкін. Өйткен
жағдайда әлем аса ауқымды ядролық қақтығыстың бұрынғы қатерінің орнына атом
қаруын тактикалық мақсат үшін қолдана беретін аймақтық соғыстар келетіндей
күй кешуі ғажап емес.
Екіншіден, қазіргі әлемде ядролық қаруға бұрыннан ие болып келе жатқан
державалар мен ол қарута қол жеткізудің табалдырығында тұрған елдердің
арасындағы теке тірес белгілері барған сайын айқын біліне бастады. Осының
салдарынан ядролық қаруды жанталаса көбейтудің жанкешті жарысына ядролық
державалармен қатар әлгі табалдырықта тұрған елдер де қосылатындай қауіп
нақты төнуде.
Үшіншіден, аймақтық тұрақсыздықтың ұшынып кетуінің салдарынан
қауіпсіздікке қатердің жаңа түрлері кеңінен өріс ала бастады.
Бүгінде ядролық материалдардың контрабандалық жолмен тасылуына, сондай
– ақ бірқатар терроршыл топтардың ядролық қару – жарақты жасап шығаруға
және оны тасымалдауға қажетті компоненттерге, технология мен мамандарға қол
жеткізуге жанталаса ұмтылып жатқаны қатты алаңдаушылық туғызуда.
Ядролық қарудың террористердің қолына түсуі бүкіл адамзат баласы үшін
қандайлық ауыр зардабы болатынына сіздердің назарларыңызды аударып жату
артық та шығар.
Әлем ядролық қауіп ядролық арсеналдың санымен емес, ядролық қаруы бар
болуы фактісімен өлешенетін шекке жетіп отыр.
Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі жылжуына жол бермеу, оның
таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі
дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді.
Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90
-жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша
жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін
кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.
Осыдан дәлме - дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан
жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық
полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойдым.
Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және
тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының
қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен
тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып,
ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған
ауыртпалықтар, қиышнылықгар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер.
Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық
негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ,
бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген
ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан
саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек.
Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы
болуға тиіс.
Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса,
онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып
қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және
қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді, Осы стратегиялық міндеттің шешімін
үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды
геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре
байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.
Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық
қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және
мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз
түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де
бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан анық. Бұл
тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның
экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның
негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.
Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз
күшті мемлекет болуға және көршілерімізбен берік және достық қарым
-қатынаста болуға тиіспіз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршіміз
Ресеймен арадағы сенім мен тең құқылы қарым - қатынасымызды дамытып,
нығайта береміз. ҚХР – мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату
көршілік қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге
қарсы, көршілес елдермен достыққа бағьпталған саясатын құптайды.
Біз Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарымыз бен интеграция-лық
процестерді күшейте береміз.
Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым - қатынастарымыз
тиісті деңгейінде нығая береді.
Біздің стратегиямыздың екінші құраласы — Америка Құрама Штаттарын қоса
алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын
күшейту. Бұл елдер тәуелсіз және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің
ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.
Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық,
Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен
форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға
халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Біздің стратегиямыздың төртінші элементі — еліміздің ұлттық егемендігі
мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи
ресурстарды игеру.
Бесіншіден — біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі
мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Халық пен мемлекет
арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуір босаңсып кетті, ал жеке мен
мемлекеттік мүдде арасындағы жаңа байланыс әлі қалыптаса қойған жоқ.
Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерінің
ортақтығын түсіну пісіп – жетіліп келеді. Адамдардың тұрмысының жақсаруына
орай ол сезімнің нығая беретініне күмәнім жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы
тұрмысының өзі ол тұрып жатқан мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне
байланысты екені сияқты, бір қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды
жеделдетеді.
Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілгенде әрбір адам өзінің
жеке мүдделері ғана қамтамасыз етіліп, ол қоғам қауіпсіздігі қыл ұшында
тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер еліне қауіп төніп
тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың
күнін кешеді. Қоғамдық мүдденің жекеменшік мүддеден басым екенін көрсете
отырып, мұны әсіресе біздің ұлттық капиталымыздың өкілдері терең пайымдауға
тиіс.
Бізге деген ниеті теріс күш иесі өзінің, оны қолданбақ әрекетіне
немесе қатер төндіруіне қарсылық көрсетілетінін алдын ала білуі үшін біз
әлемге бірлігіміз бен тәуелсіздікке деген ерік - жігерімізді, азаматтығымыз
бен отан сүйгіштігімізді паш етуге тиіспіз. Айқын азаматтық тұғырымыз
болмайынша, стратегияның тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған басқа
элементтерін ойдағыдай іске асыру өте қиынға түседі.
Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық
екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз
баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті,
ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз.
Бірақ біз басқа елдермен өзіміз қандай қарым – қатынаста болсақ,
Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым – қатынасты талап етеміз және кез
келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз.
Біздің дәуірімізде, әлемнің әскери егестен алыстауына орай
бәсекелестік әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады.
Біз бұл үрдістің бел алатынына сенеміз және бейбітшілік орнап,
тату көршіліктің қалыптасуына бар күш - жігерімізді жұмсаймыз. Сонымен
қатар, біз Қазақстанның өзінің экономикалық дамуына орай, дүниежүзілік
экономикаға дәйекті енуі елді әскери - саяси, экономикалық және
конфессионалдық сипаттағы әр түрлі аймақтық қақтығыстардың тосын
иірімдеріне тартып әкетуі мүмкін екенін де түсінуге тиіспіз.
Міне, сондықтан да қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында сөзсіз
басымдық біздің сыртқы саяси қызметімізге және Қазақстанның өз
көршілерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-
қатынасының берік тұғырын қалыптастыруға беріледі.
Бүгін, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінің өзінде, Екінші дүниежүзілік
соғыс пен қырғи қабақ соғыстан алынған сабақтан кейін де, әлемнің блоктар
мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ. Бірақ бұл жол Қазақстан үшін
қолайлы емес, біздің бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келіп
саяды. Еліміздің этникалық құрамы соншама алуан түрлі болып келеді, біздің
мүдделеріміз де өте маңызды, ал келешегіміз де өте зор, сондықтан да біз
қандай да бір елмен арадағы қарым – қатынасқа тәуелді болып қалуға немесе
соған ғана иек артута жол бере алмаймыз.
Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкіметі бар күш – жігерді ірі ұлтаралық
капитал үшін төзімді және оңтайлы экономикалық өріс құруға жұмсауға,
елімізге ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін „ықыласты рай" туғызуды
көтермелеуте тиіс. Біз қандай да бір тайталасты әскери жолмен шешуге
барынша қарсы тұрып, „жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтін
қағиданы уағыздауға тиіспіз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделерді
қорғау мен күштердін, теңдестігін қамтамасыз етудегі біздің мықты
құралымыз, ынтымақтасу саясаты ең алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен
Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одағын нығайтып дамыту, басқа
мемлекеттердің ісіне араласпау, қарсы тұрудан гөрі татулық ахуалые басым
ұстау саясаты болуға тиіс.
Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім
артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана
қоймай, өз елінің қуатына да сүйенетінін ұмытпағанымыз жөн.
Сондықтан Қарулы Күштеріміздің құрылысы мен жаңартылуына, олардың
кәсіби даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің деңгейіне және оларды қарудың
осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берілетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезге сай әрі тиімді армиясын,
әскери әуе және әскери теңіз күштерін құру үшін бізге материалдық бөлімді,
жеке құрамды және оны оқыту жөніндегі жұмысты нығайту керек. Мұның өзі
Қарулы Күштерге бөлінген және бұдан былай да бөлінетін бюджет қаражатын
үнемді және тиімді жұмсауды тұрақты түрде талап етеді. Бұған қоса аймақтық
қорғаныс жүгін бөлісу үшін еліміз өз көршілерімен ынтымақтасатын болады.
Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға
тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін
ізеттілігіміз бен мейман достығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың
көрінісі емес.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және
көші – қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз
бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың
қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші – қон процестерінен ғана
емес, табиғи жолмен кеми беретін демографиялық оппа жағдайына тап
боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.
Қазақстаннын мемлекеттік тәуелсіздігін алуына байланысты, алдына қиын,
бірақ өмірлік маңызды міндет - өзінін қарулы күштерін құру койылды. Жаңа
қағидалы заңдық негіздерді жасау армияның механизмін еске ала отырып,
республиканың ерекшелігіне және географиялық жағдайына байланысты қайта
кұруды, айтарлықтай материалдық шығындарды қажет етті. 1991 ж. 25 қазанда
Қазақстан Президентінің Жарлығы бойынша, Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс
комитеті құрылды, кейіннен республиканың қорғаныс мәселелері толық түрде өз
бетімен дербес шешуге өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі болып аталды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарынын
негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты, 1992ж. 7 мамырында
Президенттің Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағында
орналаскан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына
өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент
өзіне алды, ал тікелей баскаратын Қорғаныс министрі болды. Қазақстанның
тұнғыш Қорғаныс министрі болып генерал – полковник С.Қ.Нұрмағамбетов
тағайындалды. Қазақстан Қарулы Күштерінің кұрамына, негізінен, 40 – жалпы
әскерлік армияның әскерлері кірді. Бұлар бұдан бұрын, 1979 жыл 27
желтоқсанда, генерал – майор А.Тохариновтың басшылығымен Ауғанстанның
шекарасына кірген болатын. 9 жылдан аса мындаған моджахеттердің қарулы
оппозициясына қарсы қарулы операцияларға қатысты.
1989ж. 15 ақпанда Женева келісімі аркылы бекітілген мерзімінде 40-
армияиың әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Содан кейін әскери бөлімдер
тәртіп бойынша таратылды, мерзімді қызметтің солдаттары запасқа шықты. Ал
офицерлер мен прапорщиктер Ауғанстанға қай жерден барса (отбасының тұратын
жеріңдегі), сол жердің әскери бөлімшелеріне кетті. 40 – армияның штабы
Ташкентте орналасты.
Құрлықтағы әскерлердің Бас штабына, КСРО Қорғаныс министрлігіне
"ауғандық" офицерлердің және әскерлердін үлкен легінің үндеуіне орай,
1991ж. 7 маусымда 40 – жалпы әскерлік армия қайта құрылып, Қазақстан
жеріндегі қарулы күштерге енді. 40 – Армиядан басқа ВВС (әскери әуе күші),
ПВО (әуе корғаныс күштері) әскерлері және оларды қамтамасыз ететін бөлімдер
мен құрамалар енді. Қорғаныс министрлігінің бұл мемлекеттік институтты
материалдык ұйымдастыру мәселелерін шешуіне тура келді. Әскери
техникалардың қажетті жерге орналасуын, қару – жарақты және материялдық
техникалық мүлікті бақылау қажет болды, өйткені жанадан құрылу кезінде
әскери арсеналдарды әр түрлі талан – таражға түсірудің қорқынышты
тенденциялары көрініс берді. Әскери техникаларды ұйымдастыру кезеңінін
мерзімдері қатаң анықталды. Үш айдың ішінде КСРО – дан қалған әскери
мұраны қабылдау жүзеге асырылды, әскерлерді тікелей басқарудың жүйесі мен
ТМД – ның қорғаныс министрліктерінің ведомостволарымен өзара байланыстар
құрылды. Қазақстан Республикасы әскерлерін қаржылық, материалдық -
техникалық және медициналық қамтамасыз ету мәселелері шешілді.
Осыдан кейін Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
Республнкасының Қарулы Күштерін құруды 1992 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz