Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі
2. Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты
3. Объективті әкімшілік құқық бұзушылық
4. Субъективті әкімшілік құқық бұзушылық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.
Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушы-лықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады.
Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген мемлекеттің реакқиясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік — қылмыстық, тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі.
Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады.
Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.
1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы, Академиялық курс. Алматы, 2003.
2. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.
3. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.
4. Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев А. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.
5. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
6. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі
2. Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты
3. Объективті әкімшілік құқық бұзушылық
4. Субъективті әкімшілік құқық бұзушылық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек
етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын
ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік,
өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері
жатады.
Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда
олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар
мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушы-лықтар
әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті
тудырады.
Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген
мемлекеттің реакқиясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік — қылмыстық,
тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі.
Әкімшілік жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық
жасағаны үшін құқық бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік
жаза түріндегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар
мемлекеттік уәкілді органдармен тағайындалады.
Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет, жергілікті
мемлекеттік өкілді және аткарушы органдар айқындайды. Жеке тұлғаның
әкімшілік жауапкершілігі 16 жастан басталады.

Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі
Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған
тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның)  қолданатын әкімшілік жаза
түріндегі әкімшілік  мәжбүрлеу.
Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған  кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік
органдар әкімшілік жауапкершілік  түрінде  мемлекеттік  мәжбүрлеу шараларын
қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті  сот және Парламент, Президент,
Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы
органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі
нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001
жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер
тән:
1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау  құралы болып табылады;
2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі  актілер немесе
олардың әкімшілік  құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі — әкімшілік құқық бұзушылық;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза
қарастырылған;
5) әкімшілік жазаны  мемлекеттік басқару органдары және олардың
лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және
жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істер бойынша  реттейтін заңға сәйкес қолданады.
Әкімшілік жауапкершілікке  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16
жасқа толған  тұлғалар тартылады.
Кәмелетке толмағандардың  әкімшілік — құқықтық жауапкершілікке
тартылуы.  16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 
тұлғаларға кәмелетке  толмағандардың істері  бойынша Комиссия туралы
жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта  Қазақстан
кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық
юстиция енгізілі отыр.
Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және  әскери
міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы  және
басшылық ету құрамындағы  тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда 
тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған 
тұлғалар жер қойнауын, жер  және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар
мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын 
бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша
ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде   әкімшілік 
жауапкершілікке тарталады.
Осы аталған тұлғаларға  әкімшілік қамау қолданылмайды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР
территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы
негізде  әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал
диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық
жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес
елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын  мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 — 43 бабарында қарастырылған:
1) қажетті қорғану;
2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;
3) аса қажеттілік;
4) негізді тәуекел;
5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;
6) бұйрықты немесе өкімді орындау;
7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар
болып мыналар танылады (61 бап):
1) кінәлі адамның өкінуі;
2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы,
залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты  күшті жан  толқынысының әсерімен не
жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;
5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі
баласы бар әйелдің жасауы;
6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу
нәтжесінде жасау;
7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын
бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе
өкімді орындау кезінде жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
болып мыналар танылады (62 бап):
1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-
құлықты жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға
ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген
адамның  біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
4)  кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын
адамдарды, не әкімшілік  жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды
әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі
бойынша, басқа  адамдардың  заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа
құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында 
әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің
қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік
құқық бұзушылық жасау;
7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас
балаға, басқа да қорғаныс  немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді
адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде
әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде  әкімшілік құқық
бұзушылық жасау.
 
Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты
       Әкімшілік құқық бұзушылық –(ҚР ӘҚБтК 28 бабының  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Азаматтық құқық субъектілері
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі
Мемлекеттік меншікті басқару
Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі
Заңды тұлғалар ұғымы, атауы, тұрған жерi мен тұлғаның органдары, олардың құқық қабілеттіліктері
КӘСШКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Қылмыстың арнайы субъектісі
Пәндер