Жұмыспен қамту және жұмыссыздық


1. 2. 2. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық
Кейінгі жылдары еңбек рыногындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейінің төмендегені, жұмыс күшінің секторлар мен экономика салаларында мемлекеттік емес секторлар пайдасына қайта бөлужалғасын тауып келе жатқаны, өз бетімен жұмыспен қамтылған халық санының өсуі, сонымен қатар жалданып жұмыс істейтіндер санының азаюы байқалады.
Облыстық статистика басқармасы өткізген халықты ішінара тексеру деректері бойынша 2001 жылы жұмыспен қамтылмағандардың көбісі 15-39 жастағы адамдар (57, 1%), жастар (16-24 жас) арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 22, 8 %.
Экономикалы тұрғыдан іскер халық арасындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2002 жылдың басында 10, 4 % құрады, бірінші жартыжылдықтың аяғына 9, 1%-ға азайды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданында 6, 4 %-дан, Ақсу ауданында 15, 4 %-ға дейін өзгереді. Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша 2001 жылдың 1-ші шілдесіне қарағандағы жұмыссыздардың жалпы саны 71124 адамды құрады, бұл, былтырғы жылғымен салыстырғанда орташа алғанда 3858 адамға, немесе 5, 1 %-ға аз деген сөз.
Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қабылдануына байланысты, басқа жылдарға қарағанда, 2002 жылы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны әжептеуір көбейді. Уәкілетті органдарға қатынасқандардың саны 1996-1997 жылдардағы деңгейге жақындайды, ол кезде жұмыспен қамту қызметіне 45 %, яғни 41 мың жұмыссыз азамат қатынасқан.
2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 31020 адам жұмыссыздар ретінде тіркелген, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2, 5 есеге көбейгенін көрсетеді.
2002 жылдың 1-ші қыркүйегіне жұмыссыздық деңгейі 2, 0%-дан 2, 8 %-ға өсті.
Еңбек рыногында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың квалификациялық-кәсіби құрылымдарының сәйкессіздігі орын алған Жоғары кәсіби жұмыс күші, әсіресе жоғары білімді мамандар, білікті жұмысшы кадрлар кеткендіктен лайықты дайындығы жоқ адамдардың саны артады. Сонымен қатар инженерлік кадрларға, көпшілік кәсібінің жоғары білікті жұмысшыларына тұрақты сұраныс қалыптасады. Сондай ақ, юрист, экономист, мұғалім, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісі сияқты жекелеген мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсіби мамандық иелерінен құралған жұмыссыздардың потенциалы қажет болмай қалуда.
2002 жылдың 1-ші шілдесінен есепте тұрған жұмыссыздардың ішінде 1170 адам (4, 7%) - жоғары білімді, 14619 (59, 2%) - орта білімді, 4016 адам (16, 3%) - орта кәсіби білімді.
әлі де болса, ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамту проблемасын шешу қалаға қарағанда қиындық келтіреді. 2002 жылдың 1-ші тоқсанында, орта есеппен алғанда, облыс бойынша әрбір бесінші жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылса, ауыл тұрғандарының арасынан әрбір жетіншісі қамтылады.
Біліктілік талаптарының жоғарылауына байланысты, кәсібі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жастардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігі төмендейді. 2001 жылы жастардың арасынан әрбір төртінші жұмысқа орналасса, 2002 жылы әрбір алтыншы ғана орналасатын болады.
Жұмыс орындары жетіспеген жағдайда, еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеті төмен мүгедектердің проблемасы қиындай түседі. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген мүгедектердің саны аз болғанмен, 2001 жылғы 15 адамнан 2002 жылдың алты айында 43 адамға дейін көбею тенденциясы байқалады.
әдеттегідей, біліксіз жұмыс күші болатын репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру деңгейі төмен: 2001 жылы 4, 6% - ғана, 2002 жылы - 12% құрады.
Шағын қалаларда және ауылдық жерлерде әсіресе әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы күн тәртібінен түспей тұр. 2002 жылдың алты айы аралығында жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарға өтініш жасаған әйелдердің жалпы санының -56, 3% ауылдық жерлердің тұрғындары. Жұмыссыз әйел, жанұя мүшелерін күтумен қатар қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр болады.
Зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдарды, әсіресе әйелдерді, жұмысқа қабылдау кезінде жасы және жынысына байланысты кемсіту мәселенің шешілуін қиындата түседі. Зейнеткерлік жасқа таяп қалғандар, еңбек рыногында мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, жұмыспен қамтуға уәкілетті органдарда тіркелуден бас тартады. Мәселен, халықтың осы санатынан, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында жұмысқа орналасуға көмектесу жөнінде 152-ғана адам, оның ішінде 88 әйел өтініш жасады.
Жұмысқа тұру, дұрыс табыс табу мүмкіндігі болмағандықтан ер адамдардың отбасындағы асыраушы ретіндегі статусы төмендейді. Дұрыс жұмыс табысы жоқ және бұрынғы әлеуметтік статусқа сай келмейтін жұмыстан, ер адамдардың көбісі бас тартады. Нәтижесінде жұмыссыздар құрамында маргинализация жүреді, уәкілетті органдарда көбінесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркелетін бәсекеге жарамсыз азаматтардың үлесі көбейе түседі.
Облыстың еңбек рыногына әсер ететін проблемалардың бірі ТМД қатысушы-мемлекеттерінен келетін жасырын еңбек көші-қоны. Қазақстандық кәсіпкерлердің көбісі, шетелдік жұмыс күшінің арзандығына байланысты, біліктілігі төмен, жасырын еңбек босқындарын жалдайды. Бұл бейресми секторлардың және заңсыз жалдаудың кеңеюіне соқтыратын әділетсіз бәсеке тудырып, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.
1. 2. 3. Шағын бизнес.
Шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау кəсіпкерлік саласындағы жұмыстарға халықтың əлеуметтік - кедей тобын тарту жолымен кедейшілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін аймақтық саясат бағыттарының бірден-бір жолы болып табылады.
Соңғы жылдары шағын кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмыстар жандандырылды. Жыл сайын шағын кəсіпкерлік субъектілерінің, оларда жұмыс істейтіндер саны өсуде. Соңғы үш жылда бұл кəрсеткіштер 50 пайыздан астам артты, олармен өндірілген өнім көлемі 1, 5 есеге өсті.
Шағын кəсіпкерлік субъектілері негізінен: саудамен 45, 9%, түрлі қызмет көрсетулермен-17, 2%, өнеркəсіп өнімдерін өндірумен - 15, 1%, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеумен - 9, 1% айналысады.
Облыста 2002 жылғы 1- шілдеге шағын кəсіпкерлік субъектілерінің 3887 заңды тұлғалары болды, оларда - 35149 адам жұмыс істеді. Фермер жəне шаруа қожалықтарының саны 31253, оларда жұмыс істейтіндер саны 100241 адам, жеке кəсіпкерлікте 14778 субъект тіркелген, оларда 31981 адам жұмыс істеді. Олармен өндірілген өнім (жұмыстар, қызмет көрсетулер) көлемі 17, 8 млрд. теңгені (2001 жылғы 128, 9%) құрады.
Алайда, негізінен бастапқы капиталдың жоқтығынан, халықтың жеке бизнес жүргізуге дайын еместігіне байланысты шағын кəсіпкерлік ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлерде анағұрлым дамығандығын атап айту қажет.
1. 2. 4. Қоғамдық жұмыстар
Жұмыс орындары жетіспеген және нағыз жұмыссыздық деңгейі жоғарылаған жағдайда еңбек рыногындағы шиеленісуді жұмсартудың маңызды жолдарының бірі ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрі ретіндегі қоғамдық жұмыстардың, уақытша жұмыс, пайда табуға және жұмыссыз азаматтардың кәсіби дағдылары мен еңбекке деген уәждарын сақтау мен дамытуға мүмкіндік беретін жолындағы ролі жыл сайын артуда.
Бос жұмыс орындары жетіспеген жағдайда жұмыссыздардың көпшілігіне, әсіресе ауыл тұрғындарына, аз қамтамасыз етілген азаматтарға, зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдарға, қоғамдық жұмыстар табыс табудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады.
Егер 2000 жылы қоғамдық жұмыстарға 7030 жұмыссыз азамат қатысса, 2001 жылы - 9430, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 8596 адам қатысты.
Бұрынғыдай, жұмыссыздардың басым көпшілігі елді мекендерді көркейту - (39%), экологиялық тазарту және көгалдандыру (43, 8 %) сияқты қоғамдық жұмыстарға қатысады.
Әйелдерге, жастарға, арнайы білім иелеріне арналған қоғамдық жұмыс түрлерінің кеңеюі, оның беделін арттыруда. 2002 жылда қоғамдық жұмыстардың 17 түрі ұйымдастырылды.
1. 2. 5. Кәсіби дайындау және қайта дайындау.
Еңбек рыногында өзін-өзі ақтайтын реттеу технологиясының бірі - жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, біліктілігін арттыру және қайта дайындау. Кәсіби оқыту курсынан өткен жұмыссыздардың үлес салмағы 2001 жылы 13, 7 % болса, 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында - 8, 2 % құрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер санының көбеюіне байланысты жұмыссыздарды кәсіби дайындықтан өткізу төмендей түседі. Облыста халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру, оқу-материалдық базасын жақсарту және инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жұмыссыздарды оқыту, мемлекеттік кәсіби мектептерді (лицейлерді) орталық ретінде кеңінен қолдану, шаралары ұйымдастырылуда. Облыстағы 39 оқу орынының базасында 60-тан астам мамандық, кәсіп бойынша жұмыссыз азаматтарды оқытудың мүмкіншілігі ашылады. Кәсіпорын базаларын кадрларды қайта дайындауға пайдалану мақсатында олармен байланыс қалыптасуда. Аймақтық шашыраңқылыққа, көлік қатынасының нашарлығына, бірнеше аудандарда бәсекеге қабілеті бар мамандық бойынша оқу базасының болмауына байланысты кәсіби курстарды ұйымдастыру қиындайтын ауылдық жерлерде, қайта оқыту үшін жұмыссыздардың тұрғылықты жерінде көшпелі оқыту тәжірибесі іске асырылуда. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оқуға жіберілген ауылдық жұмыссыздардың үлесі 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 45, 0 % құрады. Алайда, жұмысшылар мен инженерлік-техникалық кадрлар және жастардың керекті мамандықтарды алуға деген уәжінің төмендігін анықтау әдісінің рынокта жоқтығына байланысты, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысберушілер сұранысына, әсіресе жаңа технологияны талап ететін (дәнекерші, машинист, фермер, құрылыс мамандықтары және т. б. ) мамандықтар бойынша мезгілінде жауап беруге кейде мүмкіндігі болмайды. Еңбек қорын толтыру көзі жастар деп есептелетініне қарамастан, оқығандардың ішінде жастардың үлес салмағының біраз төмендегені байқалады (2001 жылы- 59, 5%-дан 2002 жылдың 1-ші жартыжылдығында 44, 0%-ға дейін) .
3. 2. 2. Жұмысбастылықты арттыру және жұмыссыздықты азайту
Еңбек рыногындағы жағдайды жақсарту мақсатында төмендегі шараларды қабылдау қажет:
-жыл сайын, 2003-2005 жылдар аралығында, Облыстағы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу;
-жұмыс күшімен өзара алмасу мақсатында республикалық вакансиялар банкін құрастыруға қатысып, ауданаралық вакансиялармен алмасуға жәрдемдесу;
-жұмыс орындарын құруда жұмысберушілерді ынталандыру жөнінде шаралар қолданып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне осы мәселе жөнінде ұсыныстар енгізу;
-аймақтық экономиканың қажеттілігін ескере отырып, дайындық және қайта дайындық курстарын ұйымдастыру жолымен жұмыс күшінің біліктілігін көтеру;
-халықтың өз бетімен жұмысқа орналасу мониторингінің жүйесін құру шараларын қабылдасын;
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындау сияқты жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту жөніндегі белсенді саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
-ұзақ жұмыссыз болған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарда мониторинг өткізуді қамтамасыз ету;
-вакансиялар банкін жетілдіру және үй жұмысын қосқандағы нақты мамандар бойынша мерзімді вакансия жәрмеңкесін өткізу;
-жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың көмегімен жұмыс іздеу клубтарын, еңбек құқығы бойынша міндетті консультативтік қызмет көрсете отырып бар жұмыссыздарды кәсіби оңалтатын орталықтар ашуға жағдай жасау;
-жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу және жергілікті деңгейде еңбек шарттары мәселелерін шешудегі әлеуметтік әріптестіктің ролін көтеру;
Мақсатты топ өкілдерін жұмыспен қамту мақсатында:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz