Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
ӘОЖ 343. 2/. 7(574) Қолжазба құқығында
АХМЕТОВ МОЛДАБЕК МЕҢЛІБАЙҰЛЫ
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
12. 00. 08. - қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық
атқарушылық құқығы мамандығы бойынша
заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі: заң
ғылымдарының докторы,
профессор Нұртаев Р. Т.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2006
Мазмұны
Анықтамалар 3
Қысқартулар 6
Нормативтік сілтемелер 7
Кіріспе 8
1 Қазақстан Республикасында абайсызда жасалған қылмысқа
қарсы күрес тиімділігінің теориялық негіздері 21
- Қазақстандағы қылмысқа қарсы к‰рес тиімділігін
арттырудың µзекті мєселелері 21
- Қылмысты абайсыздықтың теориялық
аспектілерінің сипаттамасы 48
1. 3 Абайсызда жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілікті
белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік
шарттылығы 54
1. 4 Абайсызда жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жаза
тиімділігінің теориялық мәселелері 60
2. Абайсыздықта жасалған қылмыстар үшін қолданылатын жазаның
жекелеген түрлерінің тиімділігі 82
2. 1 Абайсыздықта жасалған қылмыстар үшін қолданылатын
жазаның жекелеген түрлері тиімділігінің шарты 82
2. 2 Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес
жазалардың тиімділігі 98
2. 3. Абайсызда қылмыс жасаған қылмыскерлерді түзеу мақсатына
жету және қылмысты абайсыздықтың алдын алу тиімділігі 123
Қорытынды 140
Пайдалынған әдебиеттер тізімі 145
Анықтамалар
Осы диссертацияда тиісті анықтамарымен келесі терминдер қолданылады:
1 Қылмыс - жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) .
2 Қылмыс санаттары - Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.
3 Қылмыстылық - бұл белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір мемлекетте жасалған қылмыстардың жүйесін білдіретін тарихи өзгермелі әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс.
4 Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы - Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан көп әрекетті жасау және олар үшін қылмыстық жауаптылықты өтемеген болуы.
5 Қылмыстардың жиынтығы - Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасап, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан көп әрекеттерді жасау.
6 Қылмыс объектісі - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы.
7 Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстың сыртқы жағын сипаттайтын қылмыс құрамының бір элементі.
8 Қылмыстың субъективтік жағы - қылмыстың ішкі жағын, яғни кінәлінің өз іс-әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты психикалық қатынасын, сондай-ақ қылмысқа итермелеген ішкі сезімін білдіретін қылмыс құрамының бір элементі.
9 Қылмыс субъектісі - қылмыстық жауаптылық жасына жеткен есі дұрыс, кінәлі жеке адам.
10 Қылмысқа қатысу - екі немесе одан көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы.
11 Қылмысқа дайындалу - тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе.
12 Қылмысқа оқталу - тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе.
13 Тікелей қасақаналық - адамның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зарбаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білуі және осы зардаптардың болуын тілеуі.
14 Жанама қасақаналық - адамның іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білуі, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол беруі, не бұған немқұрайлы қарауы.
15 Менмендік-егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған деп танылады.
16 Немқұрайлылық-егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған деп танылады.
17 Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс - қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп танылады.
18 Жаза-соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
19 Жазаның мақсаттары-әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу, сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру.
20 Жаза жүйесі-қылмыстық құқықта даулы болып саналатын ұғым. Мағынасы қылмыскерді толық жазалау мақсатында келтірілген жазалардың тобы.
21 Айыппұл- қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.
22 Қоғамдық жұмыстарға тарту-сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
23 Түзеу жұмыстары- екі айдан екі жылға дейін белгіленеді және сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі.
24 Бас бостандығынан шектеу- соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі.
25 Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекетттік қызметте, жергілікті басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тиым салудан тұрады.
Қысқартулар
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚК - Қылмыстық кодекс
УССР - Украина Советтік Социалистік Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
КСРО - Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
Нормативтік сілтемелер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы. - 1995.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. -Алматы. - 2005.
3 Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексі. - Алматы: Жеті Жарғы - 2005.
4 Нурсултан Назарбаев: Законопослушание и правопорядок основ нашей стабильности. /Қазахстанская правда 30. 03. 2002 г.
5 «Сотталғандарды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 11 желтоқсан 2001 жылғы № 151 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулығы.
Кіріспе
Диссертацияның жалпы сипаттамасы
Бұл жұмыста Қазақстандағы абайызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге ұмтылыс жасалды.
Диссертацияда Қазақстандағы қылмыспен күрес тиімділігін арттырудың көкейтесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілген.
Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының статистикалық мәліметтері бойынша Республикада 1998 ж - 142100; 1999 ж - 139431; 2000 ж - 150790; 2001 ж- 152168; 2002 ж- 135151; 2003 ж - 118485; 2004 ж -143550 қылмыс тіркелген. Бұл мәліметтер бойынша жалпы қылмыстылықтың динамикасы 2002 жылғы дейін өсіп, кейінгі жылдары қарқыны төмендеген. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделері қорғау үшін қылмыстылықпен, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстармен де күрес шараларын күшейтуді қажет етеді. 1995 жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1 бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары” дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады [1. 3 б] . Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда .
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмыстылыққа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында “еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады”, -деді [2. 3 б. ] .
Ғалымдар мұны бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағалауда. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды. Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, өз қызметіне жауаптылықпен қарауды арттыру үшін, сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында соңғы төрт жылда Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы” 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, “Заңдылықпен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, “Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия құру туралы” 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, “Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” 1995 ж. 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы. Қылмысты абайсыздық немесе салғырттықпен жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық баға бару адамдардың қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзінде күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде қылмыстық құқық ғылымының пайда болу уақытынан бері даулы болып келе жатыр. Сондықтан қылмысты абайсыздықтың теориялық мәселелеріне осы күнге дейін көптеген ғалымдардың арнайы монографиялық еңбектерінде зерттеу жасалынды.
Қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жазаның тиімділігін арттырудың теориялық мәселелерін толық, жеткілікті зерттеу жалпы абайсызда жасалатын қылмысқа бағытталған күрестің тиімділігін, сондай-ақ біздің республикамызда абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстарды концептуалды түсіндіруде және дұрыс жолдарын табу үшін мүмкіндік береді.
Осы диссертациялық зерттеу тақырыбы біздің мемлекетіміздің қылмыстық саясатты жүргізу кезіндегі ізгілендіру қағидасын жүзеге асыру мақсатында, қазіргі кезеңдегі заң ғылымы мен құқық қорғау тәжірибесіне қойылатын талаптардың даму деңгейіне сай, тиісті түрде теориялық және іс жүзіндегі барлық қолданылып жүрген қылмыстық жазалар шарасы базасымен қамтамасыз етілу маңыздылығымен шартталған. Өйткені, жаза тиімділігін арттыру арқылы республикада жүргізіліп жатқан қылмыстық, қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару саясатының тиімділігі мен мақсаттары шешіледі.
Қылмыстық заңда, Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасында белгіленгендей, заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.
Біздің еліміздің азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған нақты кепілдіктерді қамтамасыз етуді, біздің отандастарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға бағытталған заңды, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралары біртұтас кешен ретінде жүзеге асыруды ұсынады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта қылмыстың абайсыздықтағы түрлерімен күрес мәселесі, әсіресе, көлік құралдарымен, өндіріс саласындағы және басқа да техногенді жағдайларда жұмыс атқару сияқты, адамдардың түрлі техникалық жетістіктерге байланысты аса маңыздылығын арттыра түсті.
Қазақстан Республикасы ІІМ жол полициясы Департаментінің жыл сайынғы есепті мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғаларынан жыл сайын 2 мыңға жуық адам қайтыс болады және 10 мыңдаған адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алады [3] .
Сонымен қатар республикамызда еңбек қорғау, тау-кен, құрылыс және жұмыстардың басқа түрлерін жүргізу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан құрбанға ұшырайтындардың саны аз емес. 1991-2004-жылдары аралығында өндірісте 6200-ден астам адам қайтыс болса, 16 мыңнан астам адам жарақаттар алған [4. 33 б. ] .
Келтірілген мәліметтер қазіргі жағдайда абайсызда зиян келтіру мәселесінің қоғамда төтенше жағдай екенін білдіреді.
Елімізде қылмысты абайсыздыққа қарсы күрестің мәселелеріне басты назар аударылуы керек. Өйткені, жалпы қылмыс көлемінде абайсызда жасалатын қылмыстың өткен жүз жылдықтың 60-жылдарындағы 5%-дан қазіргі кезде 15-20%-ға дейін өскендігі және бұл жағдайдың тұрақты өсуі бізді алаңдатады. Көлік қылмыстарынан, лауазымды адамдардың салақтығынан, түрлі жұмыстар атқарумен байланысты өндрістегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан қауіпті зардаптардың көрсеткіштері өсуде. Шамамен алғанда жыл сайын абайсызда жасалатын қылмыстардың салдарынан 9, 6 млрд. теңге шығын келеді [5. 14 б. ] .
Абайсызда жасалатын қылмыспен күресті жүргізуде және ұйымдастыруда әділет органдары елеулі жетістіктерге жетті. Сонымен қатар жүргізілген нақты әлеуметтік зерттеулердің қортындылары, бізде әлі де болса, абайсызда қылмыс жасаған деп танылған кінәлі адамдарға қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары жеткілікті түрде тиімді қолданылмайтыны, қылмыскерлерге қатысты қолданылатын жазалар тиімділігінің жеткілікті түрде жоғары деңгейде емес екендігі анықталды. Мұндай жағдайлар республикамызда абайсызда жасалатын қылмыспен күрестің белсенділікпен тиімділік деңгейін төмендетеді. Бұл айтылғандар абайсыздықпен жасалатын қылмыстармен күрес жүргізу мәселелерінің практикалық тұрғыдан өзектілігін білдіреді. Ал бұл зерттеуге алынған тақырыптың теориялық тұрғыдан өзектілігі, ол мемлекетте жүргізіліп жатқан құқықтық реформаны арнайы дайындалған бағдарламаға сай және белгіленген бағытта жүргізу үшін дайындалған құқықтық саясаттың бір бөлігін құрайтын мәселе болып табылатындығымен анықталады.
Құқықтық саясат ол мемлекеттік саясаттың бір тармағы ретінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық дамуын білдіретін Конституция ережелеріне негізделеді деген ойдамыз. Сондықтан қылмыстық құқықтық саясаттың бір өзекті мәселесі ретінде қылмыстық заң нормаларының тиімділігін арттыру-заң нормаларының теориялық ғана емес, сонымен бірге практикалық талаптарға да сай келуін қамтамасыз етеді. Р. Т. Нұртаев өзінің бір еңбегінде «Елде қылмыстық саясатты әрі қарай гуманизациялау мен либерализациялау бағытына біздің мемлекеттің күш жұмсауы, заң ғылымдары мен оның негізгі өзгерістерінің жетістіктерін дұрыс және жан-жақты ескерген жағдайда тиімділік көрсетуі мүмкін»- деді [6. 48 б. ] . Сондықтан да қазіргі қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жағдайын, кейбір шет мемлекеттер қылмыстық құқығының жетістіктерін ескере отырып, алдағы уақыттарда практика талаптарына сай келмейтін қылмыстық заң нормаларын қайта қарау қажет болуы да мүмкін. Әрине мұндай жағдай орын алғандай болса, онда абайсыздықпен сипатталуға жататын қылмыстық құқық нормалары да міндетті түрде өзгерістерге ұшырайтыны даусыз. Өйткені отандық қылмыстық құқықтағы абайсыздықпен сипатталатын қылмыстардың кейбіреулерінің кінә нысандары даулылық тудыруда, сонымен қатар жауаптылықтың көлемі де қайта қарауды талап етеді. Құқық салаларын, оның ішінде қылмыстық заңды әрі қарай реформалау жалғасқан жағдайда, құқық қорғау органдарының заң нормаларын қолдану барысындағы қызметтерін сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін құқық нормаларының тиімділігін қалыптастыруға бағытталған алғы шарттарды немесе құралдарды дайындау қажет. диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі мен негізгі мақсаты да осы мәселені шешуге ат салысуға арналған деуге болады.
Абайсызда жасалатын қылмыспен күресті жандандыру - қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жаза шаралары жүйесінің сапасымен дәрежесіне байланысты. Бірақ қазіргі кезде абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын жазалар жүйесі, өкінішке орай әлі жетілдірілмеген, сондықтан олардың қазіргі заң ғылымының жетістіктері мен еліміздегі абайсыз қылмыспен күрес жүргізетін қылмыстық әділет органдарының тәжірбиелік қызметінде байқалған жаңа үрдістерін ескере отырып, тиісті теориялық және практикалық жағынан қайта қаралып, қайта пайымдалуын, қайта өңделіп, түзетілуге жататынын айта кеткен жөн.
Бұл мән-жайлардың барлығы Қазақстандағы абайсыздықта жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын жазалардың тиімділігін арттыру теориялық және практикалық жағынан аса өзекті мәселе болып отырғандықтан, автордың осы диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауына негіз болды.
Диссертацияның ғылыми жаңашылдығы, ол Қазақстан Республикасы көлемінде бірінші рет монографиялық деңгейде абайсыздықтағы қылмысты әрекеттер түрлерімен күрес, оның ішінде жаза тағайындау және қылмысты абайсыздықтың алдын алу шараларын теориялық талдауға алынуында және практикада жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелер қамтылып, шешімдер келтірілуінде.
Бұл жұмыста Қазақстандағы қазіргі қылмыстық-құқықтық және криминология ғылымының жетістіктері қамтыла отырып, қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттырудың көкейтесті мәселелері ашылған және абайсыздықтағы әрекеттер үшін жазалардың тиімділігін арттыруға арналған нақты бағыттар айқындалған.
Қолданыстағы заңдарды зерттеу және оны практикада қолдану негізінде абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын жаза шараларын жетілдіру туралы ұсыныстар келтіріледі.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының жетілдірілу дәрежесі.
Қазіргі кезеңдегі қылмыстылықпен күрес тиімділігінің теориялық мәселелері белгілі кеңестік, ресейлік және қазақстандық ғалымдармен, олардың ішінде академик В. Н. Кудрявцев, профессорлар В. В. Лунеев, А. А. Герцензон, Л. И. Спиридонов, В. М. Коган, С. Г. Келина, Н. Ф. Кузнецова, А. В. Наумов, М. С. Нәрікбаев, З. О. Ашитов, Ү. С. Жекебаев, Е. І. Қайыржанов, Е. Алаухан, Д. С. Чукмаитов, С. В. Бородин, В. С. Зеленицкий, Н. О. Дулатбеков және тағы басқалардың ғылыми еңбектерінде қарастырылды. Қылмысты абайсыздықпен күрес мәселелерін жетілдіруге П. С. Дагель, В. Е. Квашис, М. Г. Угрехелидзе, В. А. Нерсесян, К. А. Бакишев, Р. Т. Нұртаев, А. Г. Корчагин, Е. И. Щербин және тағы басқа да ғалымдардың монографиялық зерттеулерінде және журналдық мақалаларында қылмысты абайсыздықтың әлеуметтік және құқықтық мәселелері қарастырылды. Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және практикалық маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын абайсыздықпен жасалатын қылмысты әрекеттерге құқықтық тұрғыдан күресті дұрыс әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған.
Әйтсе де осы мәселені зерттеген ғалымдар бір тектес шешімдерден гөрі, әр түрлі немесе кейде бір-біріне қарама-қарсы пікірлерді көптеп келтіреді. Қылмысты абайсыздықтың әрн жақты мәселелерін зерттеген авторлар қанша ой, тіл шешенділігімен қарастырса да абайсызда жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі, нысандары, түрлері, мұндай әрекеттерді жасаған адамдардың жауаптылығы, олардың әрекеттерін саралау тәрізді мәселелері әлі де даулы болып қалып бара жатыр.
Аталған ғалымдардың зерттеулерінде қылмыстылықпен күрес тиімділігі және қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жазалардың тиімділігі мәселелері қарастырылғанмен, бірақ бұл мәселенің маңыздылығы мен мағынасын ескере отырып, олардың еңбектерінде қылмыстылықпен күрес және қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жазалар тиімділігін көтерудің мақсатттарына байланысты байланысты мәселелердің барлығы түгелдей зерттелмеген деп айта кеткен орынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz