Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ...3
I БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру бағыттары және түрлері ... ... ... ... 7
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары ... ...18
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКПЕРИМЕНТ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі ... ... ... ... 34
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыруда зерттеу нәтижесінің көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ...58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ..60
ҚОСЫМШАЛАР

Еліміздегі орта білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Осыған орай қазіргі білім беру мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып әлемдік жүйеге жақындастыруда құзыреттілікке бағдарлану бағытын қарастырып отыр. Бұл оқушыны жаңа тұжырымдарды түсінуге және қабылдай білуге бүкіл өмір бойы өзгермелі жағдайларға тез икемделуіне, сындарлы ойлай білуге және ақпараттар ағынын бағдарлай алуға, топтың алдында өз ойын анық, дәл жеткізуге, тыңдаушысын иландыра білуге қабылетті интелектуалды ұлт ретінде қалыптастыруды көздейді [1].
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Интелектуалды ұлт - 2020» жобосында қазіргі заманғы білім берудің білім беруді дамытудың болашақтағы міндеттерін атай келе, жас қазақстандықтар бастапқы интелектуалдық әулетпен және терең ақылмен, шексіз қызығушылықпен және өмірлік күш – қуатпен ерекшеленуге тиіс деген. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда жаңа білім беру жүйесінің бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруды және қазіргі мектептегі оқу тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуді талап етеді. Осыған сәйкес бастауыш мектептен бастап оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып табылады [2].
Тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде құзыреттілікті қалыптастырудың түрлі аспектісі философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік бірқатар зерттеулерде көрініс тапқан. Философтар Д. Дьюи, У. Уоллер, М. Мид, К. Юнг, П.Сорокин, Ф. Знанецкий, Ә. Нысанбаев, Г. Нұрышева және т.б. Құзыреттілікті тұлға болымысының сапалық белгісі ретінде іс-әрекетке қызығуды, сенімі, ұмтылысы, тілегі, білім жиынтығы және жоғары моральдық нормалары тұрғысынан түсіндіреді. Әлеуметтанушылар Г. Спенсер, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Д. Нұрымбетова және т.б құзыреттілік адамның әлеуметтік мәртебесі, оның өмірдегі бейнесі, кәсібі және білімінің бірлігінде қалыптасатындығын айтады [3].

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана. 2007
2. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемілекеттік бағдарламасы.//www.edu.gov.kz
3. Исабаева С.Н. Студенттердің ақпараттық-құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары //автореферат, 3-9б.
4. Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 2010. 11б.
5. Құрманалина Ш.Х. Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. педагогика 2009. 396-399б
6. Рыскулбекова А.Д. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру// автореферат, 3-9б
7. Даулетова Р. Құзырлық -12 жылдық білім беруде күтілетін түпкі натиже:(педагогика пайымы)//Ұлағат. №4/2008. 38-45б
8. Адольф В.А. Формирование профессиональной копетентности будущего учителя //Педагогика, №1/2008. 72-75 с.
9. Макшиева Г. Оқушылардың құзыреттілігін дамытудың алғы шарттары // Қазақстан мектеп, №12/2010. 71-74 б.
10. Хуторской А.В. Педагогические реализации эвристического потенциала образования//педагогика. №3/2009. 17-24 б.
11. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе//Aлматы. 2005. 174 б.
12. Энциклопедический словар образования и науки. Астана. 2008. 447 с.
13. Розов Н.Х.. Педагогика. 2010. 79-87 б.
14. Жүсіпова Ж.А. педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011. 71-72 б.
15. Құдайбергенова К.C. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі//Алматы. 2008. 25 б
16. Ыбыраимжанов Қ.Т., Қоянбаева Г.Р., Қоянбаева Р.М. педагогикалық сөздік. Тараз 2010. 79 б.
17. Қазақ тілі түсіндірме сөздігі. Алматы 2008. 534 б.
18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже. Астана 2010. 30-33 б.
19. Ахаев А.В. Здоровье сберегающие технологии обучения // Усть-Каменогорск, 2011. 40-42 б.
20. kzgon.docdat.com
21. Қазақстан Республикасының мемілекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2009ж 8-10 б.
22. Философиялық сөздік Алматы. 2009. 303-304 б.
23. Нұрымбетова Г. Құзыреттілік және дарындылық // Қазақстан мектебі №5/2012 59-60 б.
24. Татыранова А. Оқыту үдерісінде педагогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы // Воспитание школника. Оқушы тәрбиесі. №5/2011. 2-5 б.
25. Ерназаров А., Нақыпова Г. Өзіндік жұмыстар арқылы құзыреттіліеті қалыптастыру // Қазақстан мектебі, №9/2012. 26-28 б.
26. Жиенбаева С. “Технология” оқу–әдістемелік кешеннің жаңа бағыттары: (Оқу үрдісінің жаңа әдістері) // Қазақстан мектебі. №10 / 2011. 34-38 б.
27. Занков Л.В.. Обучение и развитие. М Педагогика, 2008. 440 б.
28. Эльконин Д. «Дамыта оқыту технологиясы//Педагогикалық шығармалар, 2008. 33б
29. Рахматулина Г. Технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру // Казахский язык и литература в русской школе. №4/2009. 29-35 б.
30. Байсеркеева Н. Дамыта оқыту технологиясы //Ұлағат. №4/2012. 59-65б
31. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы 2002. 75-77 б.
32. Аманова И. Түрлі оқыту үлгісіндегі интерактивтік тәсілдерді қолданудың оқушылар білімі мен тәрбиесіне әсері//Оқушы тәрбиесі. №5/2012. 21-23б
33. Атамбаева К. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы//Бастауыш сынып, №6/ 2012. 7 б.
34. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту//Білім - Образование. №2,2006. 19 б.
35. Стрезикозин В.П. Руководство учебном процессом в школе. М. «Просвещение», 2008. 115 с.
36. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе //Педагогика. 2000. 144 б.
37. Жүсіпова М. Ұжымдық оқыту технология әдістемелері. Павлодар. 2005. 52 б.
38. Жұмабаева Ә.Е. Шешуші құзыреттіліктер – бастауыш білім беру сатысындағы қазақ тілінен күтілетін жаңа натиже//Бастауыш мектеп. №1/2010. 3-5 б.
39. Асанов Б. Білім беруді жетілдіру өзекті мәселе // Қазақстан мектебі. №1/2012. 21-23 б.
40. Қазақбаева Д. Құзыреттілік тәсіл негізінде ғылыми білім беру // Бастауыш мектеп, №4/2010. 21-22 б.
41. Байжанова З. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері // Жалпы педагогика. Алматы, 2008. 125-127 б.
42. Исаева Т.E. Kлассификация профессионально личностных компенсаций вузовского преподавателя // Педагогика. 2008. №9. 55-56 с.
43. Әрінова Б.А. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы орны // Қазақстан мектебі. №1/2008. 11-13 б.
44. Кабдолова К.Л. Білім сапасын арттырудағы шарт ретінде құзыреттілікті қалыптастыр // ҚР білім беру, қазан, 2005. 24 б.
45. Исембаева А. Коммуникативті оқыту технологиясының теория және практика тұрғысынан жүзеге асырылуы // Қазақ тілі: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. №4/2008. 11-14 б.
46. Валиева М. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау, 2012. 55-57 б.
47. Қайырғазина Ш.Ш. Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар әдістемелік жинағы. Павлодар. 2012. 42 б.
48. Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколов О.В. Компетентный подход в образовании // Учебно методическое пособие. 2010. 39 б.

ДИПЛОМДЫҚ
ЖҰМЫС
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Өтепбергенова Шахиста
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығы
Түркістан - 2016

Қорғауға жіберілді
Білім технологиялары
кафедрасы меңгерушісі
________ п.ғ.д., доцент Ортаев Б.Т.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру

Орындаған Өтепбергенова Ш.
Ғылыми жетекшісі,
магистр-аға оқытушы Ауезов Б.
Түркістан - 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру бағыттары
және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .7
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін қалыптастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКПЕРИМЕНТ
БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыруда зерттеу
нәтижесінің
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..60
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Еліміздегі орта білім беру реформасы 12
жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған жалпыға арналған білімнен, білім әркімге өмір
бойы үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді
қамтамасыз етуді мақсат етеді. Осыған орай қазіргі білім беру мазмұнын
ұлттық негізде жетілдіре отырып әлемдік жүйеге жақындастыруда
құзыреттілікке бағдарлану бағытын қарастырып отыр. Бұл оқушыны жаңа
тұжырымдарды түсінуге және қабылдай білуге бүкіл өмір бойы өзгермелі
жағдайларға тез икемделуіне, сындарлы ойлай білуге және ақпараттар ағынын
бағдарлай алуға, топтың алдында өз ойын анық, дәл жеткізуге, тыңдаушысын
иландыра білуге қабылетті интелектуалды ұлт ретінде қалыптастыруды көздейді
[1].
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Интелектуалды ұлт - 2020
жобосында қазіргі заманғы білім берудің білім беруді дамытудың болашақтағы
міндеттерін атай келе, жас қазақстандықтар бастапқы интелектуалдық әулетпен
және терең ақылмен, шексіз қызығушылықпен және өмірлік күш – қуатпен
ерекшеленуге тиіс деген. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда жаңа білім беру
жүйесінің бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыру базалық
білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде
оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруды және қазіргі мектептегі оқу
тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз етуді талап етеді. Осыған сәйкес
бастауыш мектептен бастап оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып
оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып
табылады [2].
Тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде құзыреттілікті қалыптастырудың
түрлі аспектісі философиялық, психологиялық, педагогикалық және
әдістемелік бірқатар зерттеулерде көрініс тапқан. Философтар Д. Дьюи, У.
Уоллер, М. Мид, К. Юнг, П.Сорокин, Ф. Знанецкий, Ә. Нысанбаев, Г. Нұрышева
және т.б. Құзыреттілікті тұлға болымысының сапалық белгісі ретінде іс-
әрекетке қызығуды, сенімі, ұмтылысы, тілегі, білім жиынтығы және жоғары
моральдық нормалары тұрғысынан түсіндіреді. Әлеуметтанушылар Г. Спенсер, Э.
Дюркгейм, М. Вебер, Д. Нұрымбетова және т.б құзыреттілік адамның әлеуметтік
мәртебесі, оның өмірдегі бейнесі, кәсібі және білімінің бірлігінде
қалыптасатындығын айтады [3].
Педагогика ғылымында зерттеу мәселесәне қатысты И.А.Зимняя, Дж. Равен,
Н.Хомский, А.В.Хуторской, Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, А.Н.Тубельский,
М.Ж.Жадарина, Қ.Ж.Қожахметова, Ш.Т.Таубаева, Ү .Б.Жексенбаева,
Ә.Мұханбетжанова, К.С.Құдайбергенова, Ғ.Ы.Сыздықбаева, Г.Қ.Айқынбаева,
Ш.Т.Мұқанбетова, және т.б еңбектерде құзыреттілік білім беру нәтижесі
ретінде қарастырылған [4].
Психологтар И.Н.Шпильри, С.Г.Геллерштейн, Е.А.Климов, В.Д.Шадыриков,
К.К.Платонов, Н.В.Кузьмина, Л.А. Петровская, К.Т.Шерьязданова,
М.Махаманова, Г.М.Қасымова және т.б құзыреттілікті күнделікті өмірде
туындаған шынайы жағдаяттар мен белгілі мәселелерді және міндеттерді тиімді
шешуге мүмкіндік беретін өзгеше біліктілік деп түсіндірнді.
Бастауыш сынып оқушыларына оқу тәрбие, білім беру мәселесін зерттеуде
Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның
психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн,
А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде баяндалған. Сондай-ақ Оқу тәрбие үдерісінде
этнопедагогикалық оқу материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру
жұмыстары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Л.К.Керимов, С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова, Ж.Р.Баширова, Ә.Табылдиев, Р.Дүйсембінова, А.Қаплиева,
С.Байсарина, Ш.Майғаранова, Р.Ибрагимов және т.б. педагог-ғалымдар
тарапынан жүзеге асырылды [5].
Бастауыш мектеп Оқушылардың негізгі құзыреттілігін түрлі іс-әрекет
арқылы қалыптастыру мәселесі А.В.Хуторской, Е.Я.Коган және т.б,
А.Х.Аренова, Н.Н.Нұрахметов, Ә.М.Мұханбетжанова, Қ.Б.Сейталиев,
Р.М.Қоянбаев, Ш.Т.Таубаева, М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Л.А.Байсерке,
К.Ж.Аганина, С.Н.Жиенбаева, Ж.С.Сардарова, Ғ.С.Байжасаров,
К.С.Құдайбергенова, С.Д.Мұқанова және т.б еңбектерінде зерттеген [6].
Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді арнайы
зерттеулерді талдаудың натижесінен мектептің оқу тәрбие үдерісі барысында
бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі теориялық
және ғылыми-әдістемелік тұрғыда әліде жетілдіруді қажет ететін тың тақырып
екеніне көзіміз жетті. Сондықтан зерттеу мәселесінің теориядық алғышарттары
ретінде нормативтік құжаттар негізінде 12 жылдық білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты дайындалып, онда бастауыш деңгейден бастап
оқушылардың пәндік білімдік құзыреттер мен құзыреттілік кешеніне қол
жеткізу мақсат етілген. Бұл мектеп оқушыларының оқу тәрбие үдерісі
барысында құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарын зерттеу қажеттігін
туындатады [7].
Қазіргі қоғам талаптарына сай натижеге бағдарланған білім беруді
ұйымдастыру қажеттілігі мен оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып
оқушыларының құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негізінің
айқындалмауы; оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып оқушыларының
құзыреттіліктерін қалыптастыруда және оқу іс-әрекетінің мүмкіндіктерін
пайдалануда әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі арасындағы қарама-
қайшылықтар орын алып отыр. Осы қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру
зерттеу мәселесін оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып оқушыларының
құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін және оны жүзеге
асыру әдістемесін айқындау деп белгілеп, зерттеу тақырыбын Бастауыш сынып
оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру деп таңдауымызға себеп
болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттіліктерін
қалыптастыру жолдарының тиімділігін тексеру.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбиелеу үдерісі барысында
оқушының құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттілігін
қалыптастыру жолдары.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш мектептің оқу тәрбие үдерісі барысында
құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізі айқындалса және оны іске
асырудың әдістемесі жасалса онда, оқушылардың оқу тәрбие үдерісінде
құзыреттілігін қалыптастыру тиімділігі артар еді, өйткені, нәтижеге
бағдарланған білім беру үдерісінің құзыретті тұлғаны қалыптастырудағы
әлеуеті жоғары.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттіліктерін
қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау.
2. Пәндік құзыреттілікті бастауыш сынып оқушыларында қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын анықтау.
3. Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттіліктерін
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып
оқушыларының пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру оқу тапсырмалар
негізінде іске асыру, оқу үдерісінде олардың натижеге бағдарланған білім
алуына негіз бола алады.
Зерттеудің әлеуметтік және теориялық негіздері ретінде философ,
писихолог, педагог ғалымдардың теория мен тәжірибенің бірлігі туралы
ұстанымдары, таным теориясы, жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы,
біртұтас педагогикалық тәрбие теориясы, құзыреттілік теориясы, тұлғаға
бағдарлы оқу іс-әрекеті теориясы.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетел
ғалымдарының (философ, әлеуметтанушы, психолог, педагогтардың)
құзыреттілік, оқу тәрбие іс-әрекеті, жеке тұлға мен оның іс-әрекеті, ҚР
Білім туралы заңы, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, педагогикалық
баспасөз материялдары, озық тәжірибелер.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу проблемасы бойынша философия, психологиялық-
педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге және жалпы білім беретін мектеп
құжаттарына, бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасалды. Зерттеу
тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Теориялық зерттеулер
негізінде эксперименттік материалдар дайындалды.
Екінші кезеңде тәжірибелік–эксперимент жұмыстары жүргізілді. Бастауыш
сынып оқушыларының құзыреттілігін оқу тапсырмалары негізінде
қалыптастырудың үлгісі мен педагогикалық шарттарының тиімділігі тексерілді.
Үшінші кезеңде жиналған материялды талдау, өңдеу жүйеге келтіру
жұмыстары атқарылды, алынған материялдық және практикалық натижелер
қортындыланды.
Зеpттеу жұмыcының құpылымы:
Кipicпеден, 2 тapaудaн, қopытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp
тiзiмiнен тұpaды.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу мақсаты, нысаны
мен пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу көздері баяндалады.
Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми
теориялық негіздері атты бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының
құзыреттілігін қалыптастыру бағыттары және түрлері мен бастауыш сынып
оқушыларының оқу құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары ғылыми тұрғыдан
негізделген.
Бастауыш сынып оқушылар құзыреттілігінің қалыптасуын экперимент
бойынша зерттеу нәтижесі атты екінші бөлімде - бастауыш сынып
оқушыларының құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі мен бастауыш сынып
оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыруда зерттеу нәтижесінің көрсеткіші
берілген.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен
ұсыныстар берілген.
Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты материалдары берілген.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыру
бағыттары және түрлері.
Қазіргі замандағы білім беру үрдісі дамуының басым бағыттарын айқындай
келе, маңызды компоненті ретінде бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін
қалыптастыру – басты міндет екенін уақыт өткен сайын сезініп отырмыз. Ол
жайында зеріттеген ғалымдар В.А. Кан-Калик, В. Адольф, А. Кайбияйнен,
ресейлік А.В. Хуторской, Е.Я. Коган, В.Сластенин және отандық ғалымдарымыз
С.Рахметова, О.Байқуатова, Ж.Құманова, Ұ.Қияқбаева және т.б. еңбектері аз
емес. Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, білім беру ісіндегі
құзыреттіліктің мақсаты, бағыты мен бағдары қазіргі ақпаратты қоғамда
бастауыш сынып оқушылырына аса қажетті әдіс екендігін алға тартады.
В.Шепель құзыреттілік ұғымына білім, білік, тәжірибе, білімді пайдалануға
теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама берсе, В.Ландшеердің де
түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмей, құзыреттілікті тереңдетілген
білім деп атайды. П.Симонов құзыреттіліктің әлеуметтік даярлық тұсына
тоқталса, М. Чошанов көбінесе, құзыреттіліктің мазмұндық (білім) және
процессуалдық (біліктілік) жағына көңіл бөледі [8].
“Біліктілік” пен “құзыреттілік” ұғымдарын салыстыра келіп, О.Ховов
екінші терминнің бірінші терминнен гөрі мағынасы кең екенін көрсетеді [9].
Өйткені оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен
қоса топта жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық, қаблеттілік,
коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, қисынды ойлау, ақпаратты алу мен
пайдалану, тағы басқа іскерліктер жатады [10].
Б.Тұрғанбаеваның айтуы бойынша құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде
тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молая отырып, осы жағдай білім,
білік, дағдыны арттыруға негіз бола алады [11].
Осылайша, бірқатар ғалымдардың еңбектерін саралай отырып, құзыреттілік
дегеніміз, білім беру үрдісіндегі басты назардың білім нәтижесіне
аударылуын және оқытудан күтілетін нәтижені оқушы игерген ақпараттар
жиынтығынан емес, оның түрлі проблемалық жағдаяттардағы әрекет ету
қабілеттілігінен іздеуді айтамыз.
Дүние жүзілік әдістемелік ғылымда және қазіргі заманғылық әдістемелік
әдебиеттерде құзырет, құзыреттілік терминдері кең көлемде қолданыс
табуда. Сондықтан да құзыреттілік, құзырет ұғымдарына берілген
анықтамаларға және олардың теориялық негіздеріне тоқталуды жөн көрдік.
Энциклопедиялық сөздікте құзырет (лат. Тіл compete-қол жеткіземін,
сәйкес келемін)- 1.заң жарығы немесе нақты орган немесе лауазымдық тұлға
берген өкілеттілік шеңбері. 2. Белгілі бір саладағы білім, тәжірибе деп
анықтаған [12].
Ғ.Ғ. Мұсабаевтың орысша-қазақша сөздігінде ком петенция ұғымын
хабардылық және заң саласының термині ретінде міндет, қызмет бабы
деген. Демек, құзырет ұғымы өткен ғасырдың ортасынан бастап белгілі бір
салада білімі бар, өзінің білімімен немесе өкілеттігімен бірдеңе істеуге,
шешуге құқығы бар деген түсінікке ие болған. Құзыреттілік ұғымы тұлғаның
сапалық көрсеткіші ретінде алдына қойған міндетін натижелі шешуге, сауатты
түрде пікірін, ойын, бағасын бере білуге мүмкіндік беретін білім мен
біліктілікті меңгеруі. Құзырет құзыреттіліктің одан ары дамуы мен
қалыптасуына негіз болатын сапа түрінде қарастырылады[13].
“Құзыреттілік” және “хабардарық” әлемдік ғылым үшін жаңа ұғым емес.
Олар 1970 жылдардың өзінде нақты әрекеттерді тиімді орындау үшін қажет
тұлғаның бастамшылдығы, сондай – ақ, білім, іскерлік қабылеттерінің
қалыптасуына кәсіби құзыреттілік ұғымы түсіндірілген. Батыс Еуропа мен АҚШ
ғалымдарының еңбектерінде кең қолданылған[9].
Шет тілдерінде “Compentent” сөзі французша “заңға сай”, латынша “сай
болу”, “қабілетті”, “талап қою”, “жарамды”, ағылшынша “қабілетті” деген
мағынаны білдіреді.
Атап айтар болсақ шетел ғалымдары бұл аумақтаға зерттеу жұмыстарында
құзыреттілік теориясы В.Чинппах, Я.И. Лефстед, Г.В.Вайлер, Дж.Равен,
Н.Розов, Н.В. Матяш, Ю.В. Койнов, Г.Қ. Айқынбаева және т.б еңбектерінде
негізделген. Дж. Равеннің анықтауы бойынша құзыреттілік бұл арнайы
қабілеттілікті білдіреді, белгілі бір пән бойынша білімі, пәндік дағдылары
мен ерекше ойлау қаблеттерінің болуы және өз іс-әрекетіне деген
жауапкершілігі.
Құзыреттілікті Ю.Н. Емельяновтың еңбектерінде ауқымды қарастырғаны
байқалады. Автор дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен мәртебесі аясында
қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік
және жеке-дара формасын үйрету деңгейі деген анықтамасынан адам білімі,
біліктілігі, дағдысы және тәжірибесі құзыреттіліктің негізі екендігі
байқалып отыр.
Н.Розов құзыреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші
жағына танымдық және тәжіріибелік жаңалық енгізіуді (иновация)
ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты білім беру жүйелерінің әртүрі,
тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен
байланыстырады [14].
Бұл мәселе туралы отандық ғалымдарымыз Ш. Таубаева: құзыреттілік – ол
тұлғаның оқыту және әлеуметтану процестері барысында меңгерген білім мен
тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабылеті мен іс-әрекетке даярлығы
ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті деп тұжырымдаған
[15].
Г.Қ. Айқынбаева өзінің зерттеу жұмысын 12 жылдық мектепке өту
мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арнай
отырып, оның натижесі ретінде құзыреттілікті оқыту натижесін өзгермелі
жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше
білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа
деп бағалады. К.С. Құдайбергенова құзыреттілікті құзырлық деп алып түлектің
натижелігін, тиімділігін айқындаушы көрсеткіш рөлін атқарады дейді [16].
Аталған мәселе бойынша педагогикалық сөздіктерде “құзырет” - қойылған
мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға
дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында
табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты
құрайды десе құзыреттілік – оқушылардың іс-әрекетті әмбебап тәсілдерін
меңгеруінен көрінетін білім натижесі дейді [17].
Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан–жақты ұғымды білдіреді.
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік
ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н.Кузьмина, А. Маркова,
К. Махмурян т.б.) немесе ерекше қабілеті (Д.Ж.Равен, Р.Уайт, Х.Хершген және
т.б.) деп түсіндіреді.
Ал қазақ тілі түсіндірме сөздігінде құзыр-белгілі бір адамның жетік
білетін мәселесі, хабардарлық мағынасында қолданылады [18].
Құзырлылық, құзыр ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан
айырмасы төмендегідей ажыратылады:
А) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес,
өнімді қызмет формасы түрінде байқалады.
Ә) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды,
заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы
қызмет.
Б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе
алмастыру емес, керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет
негіздерін сезіну.
Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұғырлы білім берудің
практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады.
Құзыреттілік болу мен құзыретсіз болдың себептері бірдей, ол адамның жеке
тұлға ретіндегі жай–күйі. Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін
қарым-қатынас, педогог еңбек натижелері мен адами қарым-қатынаста, оның
қортындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы әр бір тұлға өз әрекеті
мен орындаған жұмысына белгіленген талаптарына жауап бере алатын және
орындай алатын болса ғана құзыреті қалыптасқан болып саналады. Н.Г.
Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт
негіз бар (біріншісі – кәсіби–әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс-
әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі – әлеуметтік қарым-қатынас
құзыреттілік және төртінші – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) дейді.
Осы ғалының айтуына сүйене отырып төртінші тұжырымы жеке тұлға
негізіндегі құзыреттіліктерге тоқталар болсақ ол жеке тұлғаның сыншыл
ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін өздігінен
бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қаблеттілігін талап ететіні
анық сондай-ақ жеке тұлғаның өз білімі, біліктілігі және дағдылары
негізінде нақты білімі аясында сапалы және еңбек натижелеріне жету үшін
нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қаблеті туындайды.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес кіші
мектеп оқушыларының негізгі құзырлылығы төмендегіше аныкталады ол (1-кесте)
көрсетілген.
1. кесте - кіші мектеп оқушыларының негізгі құзыреттілігі
Проблеманы шешу Ақпараттық Коммуникативтік
Түрлі жағдайларда сыни тұрғыдан ұсынылған қазақ және басқа
проблеманы анықтауға, ақпараттар негізінде тілдердегі жазбаша
шешім қабылдауға шешім қабылдауға коммуникация түрлерін
Өз әрекетіне мақсат ақпараттардаы өзбетімен қолдануға
қоюға табуға, талдауға, тілдік қатынастық
өзін - өзі бағалауға өзіріктеуге, түрлендіруге,стилдерімен жанрларын
әрекетін басқамен тасымалдауға қолдануға
салыстыруға коммуникациялық әдептілік нормаларына
қойылған міндетке сәйкестехнологияларды сәйкес пікір білдіруге
әдістерін таңдауға қолдануға басқа мәдениет
ақпаратты өңдеп, өкілдерімен, түрлі
қолдануға көзқарастағы адамдармен
сұхбат жүргізіп,
шиеленіскен ахуалды
шешуге
мүмкіндік береді
“Құзыреттілік” ұғымын зерттеп, анықтап және “Құзыреттілік” ұғымының
маңызды белгілері мен критерийлерін қарастырып, анықтама берген ғалымдардың
зеріттеулеріне сүйене отырып “Құзыреттілік” ұғымына біз мынадай анықтама
береміз.
Құзыреттілік дегеніміз – кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу
біліктігінің жетілуі, яғни кәсіби білім мен біліктің жинтығы, сонымен қатар
кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс–тәсілдері. Біздің пайымдауымызша, жеке
тұлғаның теориялық білімі мен өмірлік тәжірибесіне сай белгілі бір
міндеттерді орындауға дайындығы және қабілеті. Нақтылай айтсақ, “дайындық ”
ұғымы “бәрі орындалған, бір нәрсе үшін бәрі дайын” дейтіндей жағдай
мағынасын анықтау үшін қабілет – іскерлік, сондай-ақ белгілі бір әрекетті
орындау мүмкіндігін білдіру үшін қолданылады. Бұл мағыналар құзыреттіліктің
мәні мен мазмұнын жеткізіп ашып тұрады. Құзыреттілік теория мен тәжірибенің
бірлігі негізінде жетіледі. Ол жансыз жаттанды түрінде емес, жеке тұлғаның
танымға, ойлауға қатысын және әрекетке белгілі мәселелерді ұсынып шешім
жасауға, оның барысы мен натижелерін талдауға ұдайы түрде ұғымды түзетулер
енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді. Сондай – ақ
белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе
құқық) беретін адамның қаблеттілігі мағнасында қолданылады. Бұл
қабілеттіліктің негізін білімділік, біліктілік, хабардылық және іс-әрекет
тәжірибесі құрайды. Осы арқалы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық,
кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені
меңгеру негізінде құзыретті болады.
Оқу үдерісінің негізгі сапа көрсеткіші оның жетістігі қойылған
педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Демек, оқытудың сапасынан
күтілетін натижелер тұрғысынан жетілдіруді оқытудағы құзыреттілігін
қалыптастыруды қамтамасыз ететін болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін білім
мазмұнынан білім, біліктілік, дағды іс-әрекеттері мен эмоционалдық –
құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген құзыреттерді ажыратып алу
қажет. Бастауыш мектепте тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру
қызметінің натижесі ретінде оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға
бағытталған атап айтар болсақ:
Денсаулық сақтау құзыреттілігі- қазіргі кездегі бастауыш білім беру
орындарының алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие
беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға
қалыптастыру болып отыр.
Оны келесі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады:
- денсаулықты сақтап оқыту;
- дененің дамуын арттыру;
- санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;
- салауатты өмір салтын насихаттау және т.б [19].
Денсаулық сақтау құзыреттілігін бастауыш мектепте қалыптастырудағы
білім беру саласының мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың
адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-
қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру.
Денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыруда ұйымдастырылған оқу
міндеті:
1) дене шынықтыру;
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.
Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу–тәрбие үрдісін
ұйымдастыруды төмендегідей қарастыруға болады:
1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;
2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану(интерактивті
тақтаны уақытымен пайдылыну);
3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру.
оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып оқушыларының
құзыреттілігін қалыптастыруда денсаулық сақтауға бағытталған сабақ
құрылымының мынадай 4 түрлі тәртібін анықтауға болады:
1. сабақты дұрыс ұйымдастыру;
2. қабылдау іс-әрекетін қолдану;
3. оқушының жұмыс қаблетінің кеңістігін анықтау;
4. баланың ақыл-ойының жеделдігін бөліп тастау;
Бастауыш мектепте оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруда
денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі оқу тәрбие үдерісі барысында
уақыттарды дұрыс ұйымдастыра білу өйткені оқушылар:
- аптаның басында сабаққа - ынтасы қалыптасады;
- аптаның ортасында сабаққа - ынтасы жоғары болады
- аптаның соңында сабаққа деген баланың ынтасы төмендейді.
Сондықтан да мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару
керек, мысылы аптаның бірінші күні өте күрделі, ойлануды қажет ететін
сабақтарды емес тәрбие сағаты дүниетану сяқты жеңіл сабақтарды қойуы керек.
1 суретте апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті көрсетілген.
1 сурет - Апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті
Дәл сол сияқты бастауыш мектепте оқушылардың күнделікті сабақ оқуға
жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:
1-сабақта -қалыптасады;
2-3- сабақта - ынтасы жоғары болады
4-5- сабақта - баланың ынтасы төмендейді.
Сондықтан да күнделікті сабақ барысында сабақтарды дұрыс ұйымдастыра
білу керек. Сабақ барысындағы білім меңгеруінің жеделдігі мынадай: -5-25
мин-80%; -25-30 мин-60-40%; -35-40 мин-10% яғни, оқушының сабақта уақыт
созылған сайын қабылдауы төмендейді. Ол төменде 2- суретте көрсетілгендей.
2 сурет – бастауыш сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті
Баланың денсаулығын сақтай отырып, құзыреттілігін қалыптастыруда
оқытудың келесі технологияларды сабақта күнделікті пайдалана білдік:
• тұлғаға бағытталған оқыту;
• даралап оқыту;
• проблемалық оқыту;
• күштемей, ерікті оқыту;
• диалогты оқыту.
Яғни денсаулық сақтау құзыреттілігінде сабақта әрекет түрлерінің
ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы 7-8 түрі болу керек.
Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі
құралдарды қарау, есептер шығару және тб). Бағдарлы нормасы - 7-10 минут.
Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б. Нормасы
– 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы - 10-15 минуттан кем болмау.
Яғни,баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының
қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері
үлкен рөл аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін
тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді.
Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5 – 3 минут уақыт бөлеміз. Кейбір
жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп,
сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының
айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды [20]
Біз бастауыш сынып оқушыларының денсаулық сақтау құзыреттілігін
қалыптастыру мақсатында Салауатты жас ұрпақ бағдарламасының іс-жоспарын
құрастырдық ол зерттеу жұмысымыздың қосымша бөлімінде(қосымша бөлімінде).
Осы бағдарламаны бастауыш сатыдағы іс-жоспарына пайдалана отырып
жұмыстар жүргізгенімізде оқушылардың денсаулық сақтау құзыреттілігі
қалыптастыруының натижесі жоғары болады деген сенімдеміз.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамдар мен өзара әрекет пен қарым-
қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты
жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу
білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады [21].
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыруда үнемі мынадай жұмыс түрлері жүргілізуі керек:
1. Әңгіме оқытып оның мазмұнын айттыру.
2. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Көргендері жөнінде әңгіме айттыру.
Бұл жұмыстарды ұйымдастырудағы алға қоятын мақсат-оқушылардың еркін,
өз сөзімен әңгімелеуге, жүйелі сөйлеуге үйрету. Сурет мазмұны оқушылардың
тілден алған дағдысына сай болуы тиіс. Суреттің мазмұны айқын болса, әңгіме
құрап айтуға оңай болады. Мұғалім алдымен сурет бойынша сұрақ қояды. Сұрақ
оқушының өз біліміне сай әңгіме құруға бағыттауға, әңгіменің көлемін,
мазмұнын белгілеуге тиіс
Оқушылар суретке қарап мұғалімнің сұрағына жауап береді. Осындай
дайындықтан соң олар сурет бойынша әңгімені түгел айтады. Кез-келген
тақырып бойынша қысқаша өз пікірін білдіру жұмыстарын үнемі жүргізу -
оқушының коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда маңызы зор.
Коммуникативтік құзыреттілік – оқушылардың алған білімдерін, меңгерген
сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әртүрлі жағдайларға пайдалана білу
мүмкіндіктері артады.
Коммуникативтік тілдік құзыреттілік:
- ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын ана тілінде және басқа
тілдерде қарым – қатынас пен өзара іс – әрекет құруда
пайдалануға;
- тілдің қажетті лексикалық және грамматикалық құралдарын талдау
және оларды ойындарда, сөздік шығамашылықта және іс – әрекеттің
тіліндерінде және басқа тілдерінде пайдалануға мүмкіндік береді
[22].
Танымдық құзыреттілік:
- қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге;
- алға қойылған міндеттерге барар қызмет тілдерін таңдауға;
- алға қойылған мақсатқа жетуге;
- экологиялық білімді меңгертуге;
- сұрақтар қоюға, эксперимент жасауға, себеп-салдарлық байланыстар
орнатуға;
- құрастырылмдық іс – әрекеттегі ойды жүзеге асыруға;
- заттарды олардың жалпы түсінігі негізінде біріктіруге және
оларға ауызша анықтамалар беруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыруды дамытудағы
білім беру саласының бірі - әлеуметтік құзыреттілік – ол отбасылық, еңбек,
экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-
қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік
қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай отырып, жауапты шешім қабылдауға,
түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете
білуді сонда-ақ өз шешімінің нәтижесін бағалауға, өз қызметіне мақсат
қоюға, қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік құзыреттілік:
- тәртіпке барабар мінез – құлықтың баламасын таңдауға ;
- өз мүмкіндігінің шегін білуге;
- ересектермен құрдастарымен бірлескен қызметке қосылуға;
- қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын мәдени
құндылықтарын түсінуге мүмкіндік береді.
Құзыреттіліктің келесі бір саласы - шығармашылық құзыреттілік. Ең
әуелі Шығармашылық сөзінің төркіні этимологиясы шығару, ойлап табу
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық
қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет, — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский
шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған [23].
Шығармашылық құзыреттілік - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-
әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы
шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе,
қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар
орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп
айтуда.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы
тиіс:
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды
меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың
жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға
қалыптастырудың міндеті тұр. Бұл, әрине, бастауыш сынып оқушылардың
құзыреттілігін қалыптастыруды дамытудығы маңызды мәселе. Яғни, құзыреттілік
оқу натижелерімен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері және
құндылық бағдарларының жүйесінде көрсетеді әрі ол оқушының алған білімі мен
дағдыларын тәжірибелік және теориялық, проблемаларды шешу үшін қолдана алу
қаблеттілігін сипаттайды.
Бастауыш мектепте тәрбие мен оқыту ұйымдарының негізгі бағыттыры ол
отбасы ынтымақтастығы, отбасы және бастауыш сыныпта тәрбие мен оқыту
ұйымдары – оқушыны әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Оқушы тұлғасы,
оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы
арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.
Құзыреттілікті қалыптастырудағы негізгі бағыттар:
- серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасымен бастауыш сынып
оқушыларына қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім беру
кеңістігін қамтамасыз ету;
- оқушының отбасы мен сынып ішіндегі психологиялық – физикалық
денсаулығын қамтамасыз ету;
- оқушының дамуы үшін оқу тәрбие үдерісінде оқушының бейімділігі
мен отбасының қажеттілігін есепке алу;
- оқушының жоғары сыныпқа даярлауды қамтамасыз ету;
- отбасы жағдайында жеке тұлғаны қамтамасыз ету;
- отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыруды қадағалау, дамыту
мен тәрбиелеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз
ету
- оқушылармен бірлескен шығармашылық іс – әрекет түрлеріне қатысу.
Қазіргі таңда бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабылетін, оқу
ісіндегі алғырлығы мен талпынысын, негізгі мектептің білім беру
бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқу, жазудың, есептеудің тілдік
қатынастың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық
мәдениетінің берік дағдыларын, құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білім
беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсатты, бағыт, сипаты Қазақстан
Республикасының тәуелсіз егеменді мемілекет болуына, ұлттық білім беру
ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты. Әлемдік білім
беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты білім берудің прагдигмасы өзгереді, білім берудің
мазмұны жаңарып жаңа көзқараспен басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет
пайда болады. Бәсекелестікке қабылеттілік ресурсы ретінде өз іс -
әрекетінің субьектісі бола алатын жеке адам қазіргі қоғам талабынан туындап
отыр [24].
Оқу үдерісіндегі оқудың басты міндеттері - бастауыш мектеп
оқушыларының азаматтық жауапкершілігі мен сана-сезімін, руханилығы мен
мәдениеттілігін, сондай – ақ бастамашылығы мен қоғамда натижелі әлеуметтану
қабылетін және еңбек нарығында белсенді бейімделу құзыреттілігін
қалыптастыру. Оқу үдерісінде бұл міндеттерді оқушылардың құзыреттілігін
дамыту арқылы шешуге болады.
Сондықтан жаңа үлгідегі білім берудің бастауыш деңгейінде баланың
жеке түлғасын дамытуды және қалыптаструды жаңа тұрғыда қарап, білім,
біліктерін өмір жағдайларында қолдана алуға мүмкіндік беретін түйінді
құзыреттіліктерді қалыптастыру көзделіп отыр. Аталған міндеттерді шешуде
бастауыш сынып оқущыларының бейімділіктері мен қаблеттерін есепке ала
отырып, білім беру аясын барынша даралау мақсатында оқу іс-әрекетін
құзыреттілік тұғыры негізінде ұйымдастыру талабы қойылады.
Оқыту үдерісі мен оқытудан күтілетін натижелерге іс-әрекеттік
құзыреттілікті жүзеге асыру тұрғысынан қарау бастауыш сынып пәндер
сабақтарындағы оқушылардың әртүрлі оқу іс-әрекетін бағалауды талап етеді.
Қандайда бір оқу іс-әрекетінің түріне қойылатын баға оқушының білімді
қандай дәрежеде игергеніне және материал ауқымына байланысты болады.
Оқу тәрбие үдерісі логика бойынша өзін-өзі тәрбиелеуге ұштасуы қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның өз мүмкіндігін толық байқату, дамыту және
жетілдіру үшін саналы, мақсатты, өз бетінше жасалатын іс-әрекет. Балаға
өзін-өзі дамыту бойынша өзінің іс-әрекетін жасату тәрбие үдерісінің қажетті
жағдайы болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін қолданылатын құралдар: даму
және өзін-өзі тәрбилеу жайлі білімдер беру, өзін-өзі тәрбилеу бойынша
ұжымдық және жекелеген іс-әрекеттер ұйымдастыру, кеңес беру, мадақтау. өзін-
өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау және т.б.
Сонымен мектепте білім берудің тәжірибелік бағыттылығын күшейту,
оқушылардың ойлау қызыметін дамыту және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыра
отырып, шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік және эксперименттік
сипаттағы өзіндік жұмыстар үлесін арттыру арқылы оқыту үдерісінде
құзыреттілігі қалыптасады. Демек, оқытудан күтілетін натижелер ретінде
құзыреттіліктерді айқындау, соларды ескере отырып іс-әрекеттік түрде
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған бақылау-өлшеу жүйесін
жасау, оқу үдерісінде құзыреттіліктерін қалыптастыратындай оқыту
технологияларын таңдап, іс-әрекеттік тәсіл тұрғысынан жетілдіру бағытында
жұмыстар жүргізілуі қажет [25].
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне құзыреттілік тұғырымен
келу олардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсатын белгілуге, қажетті ақпарат
көздерін таңдауға, алынған натижені бағалауға, алған тәжірибесін пайдасына
жаратуға, өзінің оқу әдісін ұйымдастыруға, оқу іс-әрекетін өздігінен
орындауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушы топқа бірілесіп жұмыс
істеуге, оған өзінің үлесін қосуға, шешім қабылдауға, келіспеушіліктің
алдын алуға, топқа ене білуге, келісе алуға үйренеді. Яғни, натижеге
бағытталған білім беру түйінді құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік
жасайды. Сондай натижелердің бірі бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігі
болып табылады. Бұл жағдай бастауыш сынып оқушыларында оқу тәрбие үдерісі
барысында қалыптасады.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін дамыту жолдары
Бастауыш мектепте оқытушының танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны
жоспарлап, ұйымдастыра білуі, құзыреттілігін қалыптастыру- қазіргі кездегі
көкейтесті мәселелердің бірі. Оқытушының басқару іс-әрекеті өзінің және
оқушының іс-әрекеттерін жоспарлаудан, осы іс-әрекеттерді ұйымдастырудан,
оқыту сапасын талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын болжаудан, т.б.
тұрады.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай
алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі
нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас
диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу. Сапалы білім алған,
танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсы бір мықты тегеурініне
төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің
жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас
ұрпақ арқылы іске асады.
Оқушы құзыреттілігі – оның өзінің игерген білім, білік, дағдыларын
белгілі бір жағдайда не оқу әрекеті барысында қолдана алуы, белгілі бір
натижеге жетуі. Қазіргі ақпараттық қоғамда жеке пәндік құзырлық дағдыларды
меңгеру жеткіліксіз. Енді осы жалпыланған нақты жағдайлармен мен
мәселелерді шешуде түйінді құзыреттіліктерге айналуы тиіс. Бұл жағдайда
білім, білік, дағдылар құзыреттілікті қалыптастырудың негізіне айналады.
Бұл үрдіс келесі құзыреттіліктерді қамтиды. Денсаулық сақтау құзыреттілігі,
коммуникативтік құзыреттілік, қатынас құзыреттілігі, және әлеуметтік,
шығармашылық құзыреттілік. Аталған құзыреттіліктер қалыптасқан оқушы кез
келген күрделі мәселелерді шешуде өздігінен шешім қабылдайды [26].
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды:
біріншіден, кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған
тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу іс-әрекетінде білім, білік,
дағдыларды қабылдауы арқылы болса; екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық
әрекеттер орындау арқылы; өзінің табысқа жету мүмкіндіктерін дамытады. Оқу
іс-әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы: баланың өзін-өзі
қалыптастыруын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздеп,
проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасауы туындайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген мақсатты шешеді.
Мысалы, оқу іс-әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын белгілі бір
ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, белсенді әрекеттерде баланың іздену
жұмысы басты нысана болады. Оқу іс-әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса,
белсенді әрекет нақты жағдайды шешу барысында натижеге жеткізетін
қаблеттерін дамытады.
Бүгінгі таңда оқу тәрбие үдерісі барысында бастауыш сынып оқушыларының
құзыреттілігін қалыптастыру жолдары ол жаңа технология элементтерін тіимді
пайдалану, жаңа әдістер қолданылу, негізгі форма- сабақ барысында өсіп келе
жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім.
Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Атап айтар болсақ: Дамыта оқыту
технологиясы, моделдік оқу технологиясы, ақпараттық технология және сын
тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бұл технологиялар білім беру деңгейінде төмендегі негізгі талаптарға
сәйкес болуы керек.
- Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу,
денсаулықтарына кері әсерін тигізбеу;
- Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге
жетуге талаптандыру;
- Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;
- Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу[27].
Осы аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технологиялардың бірі
ол дамыта оқыту технололгиясы. Жалпы дамыту, даму терминдеріне баланың
белгілі мөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама
беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Вготский, М.Я.
Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген
[28, 29].
В.В. Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы - дейді [30] .
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін
тәсілдерін жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып
оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта
оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы төмендегідей:
- Оқу міндетін қою сабағы
- Модельдеу сабағы
- Түсінікті нақтылау сабағы
- Нақтылау сабағы
- Бағалау сабағы
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың
мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді және
жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр
оқушының проблеманы шешу, коммуникативтік, қатынас, шығармашылық,
әлеуметтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың
келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығынан
туындайды. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған
тапсырмалар қолданылады [31].
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл
әдіс тұлға дамуына – тығыз байланысты.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі
мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі
беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың тағы бір тиімді жолы модульдік
оқыту. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұйымның анықталатын,
біршама дербес бөлігі. Бұл технология:
• Оқушы қатынасының танымдық қабылеттерін дамытуға;
• Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қаблеті) дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым-қатынас, ойын
танымдық, қауіпсіздік, сыйлау, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру,
өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді [32].
Сондай жаңа инноватциялық әдістердің бірі – интерактивті әдістер
арқылы оқыту. Еліміміздің қазіргі ақпараттық қоғамда қолданысқа енген
электрондық оқулықтар, интерактивті тақталар, интернет жүйесінен алынған
ақпарат көздерін сабақтарда пайдалану оқушылардың өздігінен орындайтын
жұмысында танымдық белсенділігін арттырып, интелектуалдық білік есебінде
қарастырылатын ойлау дағдыларын дамыту натижесінде оқушылар құзыреттілігін
қалыптастыруда ықпал етері сөзсіз. Интерактивті әдістер әсіресе бастауыш
сынып оқушыларына сабақ үстінде еркіндік берумен құнды. Оқыту барысыда
оқушылар бір-бірімен тығыз танымдық қатысымдық байланысқа түседі және осы
арқылы бір-бірін оқытады, үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі (латынша
interaction-интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етуді білдіреді.
Интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтарда оқушылардың үш жақты
белсенділігі артады. Ең алдымен, оқушылардың қимыл белсенділігі артады. Ал
оны арттыау жолдары мынадай:
• Оқушылар түсінбеген жерін орындап тұрып, екінші оқушыдан еркін
сұрауы;
• Жақсы оқитын оқушы өзінің микротобындағы нашар оқитын оқушыларға
үйретуі:
• Оқушылар тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп, ақылдасып отыруы;
• Екіншіжен, оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту қажет оның
жолдары:
• Оқушылар өзара бір-біріне сұрақтар береді;
• Оқушылар өзара сабақта пікірлеседі; қиын сұрақтарға қарсы топтың
оқушылары еркін жауап береді.
Яғни, интерактивті әдістерді пайдалану натижесінде бастауыш сынып
оқушыларының құзыреттілігін қалыптастыруды дамытуға болады деп айта аламыз
[33].
Осыған орай Ж.Сардарованың тұжырымынша, тұлғалық - әрекеттік тұрғыдан
бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың
негізгі шарттары мыналар:
- өз әрекетінің ынтасын, мақсатын, құралы мен жағдайларын өз бетімен
анықтауға және сезінуге жағдай жасайтын оқу-тәрбие үрдісінде оқушының
субьектілік ұстанымын қамтамасыз ету;
- олардың тұтас субьектілік тәжірибесінің өзектенуі мен түрленуін талап
ететін оқу проблемеларының оқушылардың өмірлік маңызды проблемаларына
ауысуы;
- оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын
таңдауға мүмкіндік беру;
- Қаблетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс
ұйымдастыру;
- Жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог
негізінде оқушылардың шығармашылық әулетінің өзіндік ашылыуы мен өзін-
өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.
Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы да қазіргі таңдағы
талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына
бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас,
білім, іскерлік дағдысын дамыту арқылы құзыреттілігін қалыптастырады. Сыни
тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасының қандайлық
болуымен қатар басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау
және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу қабылеті туындайды.
Сондай-ақ ойлаудың жаңа идеяларын ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге
қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызды болмақ.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы соның ішінде бастауыш сынып
оқушыларының кез – келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті
пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім
деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада
шешім қабылдауды үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған бірін-бірі толықтырған ойлау.
Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін котеруге
ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай - қайсы болсын сабақтың
сапасын арттыруда, құзыреттілігін қалыптастыруда үлесі зор [34].
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану қазіргі кіші мектеп
жасындағы балалардың:
• сабаққа деген қызығушылығы артады;
• нақты өз деңгейінде бағаланады;
• жеке қабылеті айқындалады;
• өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
• даму деңгейі айқын болады.
Әр оқушыға өзін– өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды
қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, құзыреттілігін
қалыптастыру дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен
шығармашылық ойлау натижесінде жаңалық ашады, тұлғаның дамуы жеделдейді.
Оқушы ойын осылай шыңдауға мүмкіндік туады [35].
Оқушы құзыреттілігін қалыптастыруда мұғалімнің басты міндеті оқу
материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы
іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды
шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Сол арқылы өз іс-тәжірибесінде
қалай қолданатынына көңіл бөлу сондай - ақ оқу әрекетін қалыптастыру,
айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-
қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту, және
оқу барысында баланың бойындағы дамуды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz