Шағын бизнестің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы мәні мен маңызы
КІРІСПЕ
1 ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ
ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ.
1.1 Шағын бизнесті экономикалық мазмұны мен дамыту
тенденциялары.
1.2 Шағын бизнестің қоғамның экономикалық дамуындағы ролі.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ.
2.1 ҚР экономикалық дамуындағы шағын бизнеске салық салудың экономикалық ерекшелігі.
2.2 Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайының талдауы.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнестіңдамуына кедергі
жасайтын факторлар.
3 ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ : КЕМШІЛІКТЕР МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсеті сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес үшін инфраструктура жасалды. Дегенмен, мәселері де жоқ емес.
Оның себебі, шағын бизнесті дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай ұсынған сөз сияқты қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.
Бұл мәселенің тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-қатынас сферасындағы шағын бизнесті ажырата алмаймыз. Негізінде бұл әр түрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын бизнес күрделі технологиларды, қымбат жабдықтарды қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік деңгейін талап етеді.
Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын бизнес мемлекеттік мүдделер сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика транформациясы кезінде кіші кәсіпорындар мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты құралдарының бірі болып табылады. Әлемде шағын бизнесті жасау және дамыту мәселесі алға тартылған жоқ, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен өзі қалыптасты. Қазақстан экономикасының бұл секторы санаулы жылдарда қалыптасты. Шағын бизнестің мәселерінің көптеген экономистер зерттеді және әлі де зерттеу үстінде, бірақ осыған қарамастан мәселері шешімсіз қалуда, сондықтан Республикамызда шағын бизнесті қолдау және дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр.
Шағын бизнесті дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі басты бағытты көруге болады : оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік формалармен шағын бизнесті қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары несие беру мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын бизнестің кірістерімен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді.
Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.
Шағын бизнестің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі :
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.
Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі.
Жаңа салықтық кодексті игеруде және осы дипломдық жұмысты жазу барысында алда тұрған басты мәселе, шағын ұйымдық формалар субъектілеріне салық салу ісіне байланысты мәселелер бүгінгі күнге дейін қалай шешіліп келді және алдағы уақытта қандай жолдармен шешілмек екендігін анықтау, сонымен қатар шағын бизнесі салықтық механизм арқылы көтеру тәсілдері қаншалықты тиімді екендігін анықтау қажет болып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты шағын бизнес субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын бизнес субъектілеріне салық салу жүйесін жүзеге асыру жолдарымен нақты ұсыныстар болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі мәселелер құрылды:
а) «Шағын бизнес» түсінігінің мәнін анықтау;
б) Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын анықтау;
в) Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске салық салудың құқықтық аспектілерін қарастыру және оның тиімді дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау;
г) шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті талдау;
д) шағын бизнеске салық салудағы мемлекеттік саясаттың мәселесін анықтау және оны салықтық түрдегі әр түрлі тәсілдердің көмегімен шешу жолдарын аңықтау.
Бұл тақырыпты зерттеудің объектісі шағын бизнеске салық салу жүйесі және Қазақстан Республикасында шағын бизнес субъектілеріне салық салу мәселесіне байланысты қаржылық – экономикалық қарым қатынастар үрдісінде пайда болатын мәселерді зерттеу.
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік негіздер – Қазақстан Республикасының экономиканы салықтық реттеу мәселелері жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтері мен нұсқаулық нормативтік материалдары.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ.
2.1 ҚР экономикалық дамуындағы шағын бизнеске салық салудың экономикалық
ерекшелігі.
2.2 Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайының талдауы.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнестіңдамуына кедергі
жасайтын факторлар.
3 ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІ : КЕМШІЛІКТЕР МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының
экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын
бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың
кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын
бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсеті сферасының
кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын
бизнестің маңызы туралы Қазақстан - 2030 ұзақ мерзімді дамыту
стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты
мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы
қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес үшін инфраструктура
жасалды. Дегенмен, мәселері де жоқ емес.
Оның себебі, шағын бизнесті дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар
терең экономикалық дағдарыс жағдайында, макроэкономикалық қалыпсыз
жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет
тарапынан жай ұсынған сөз сияқты қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.
Бұл мәселенің тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-
қатынас сферасындағы шағын бизнесті ажырата алмаймыз. Негізінде бұл әр
түрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын бизнес күрделі технологиларды,
қымбат жабдықтарды қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына
қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік деңгейін талап етеді.
Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін
ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын бизнес мемлекеттік мүдделер
сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика транформациясы кезінде
кіші кәсіпорындар мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты
құралдарының бірі болып табылады. Әлемде шағын бизнесті жасау және дамыту
мәселесі алға тартылған жоқ, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен
өзі қалыптасты. Қазақстан экономикасының бұл секторы санаулы жылдарда
қалыптасты. Шағын бизнестің мәселерінің көптеген экономистер зерттеді
және әлі де зерттеу үстінде, бірақ осыған қарамастан мәселері шешімсіз
қалуда, сондықтан Республикамызда шағын бизнесті қолдау және дамыту бүгінгі
күнде өзекті мәселе болып отыр.
Шағын бизнесті дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі
басты бағытты көруге болады : оның қызметінің құқықтық жағын жүзеге асыру
және жаңа прогрестік формалармен шағын бизнесті қаржылай қолдау тәсілдерін
дамыту. Бірінші бағытта салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді
орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру шаралары
несие беру мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын
бизнестің кірістерімен кірістілігін қалыптастыруына әсер етеді, атап
айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді.
Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың
маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және
әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын
қөректену ортасы болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір
қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып
табылады.
Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге
көмектеседі.
Жаңа салықтық кодексті игеруде және осы дипломдық жұмысты жазу
барысында алда тұрған басты мәселе, шағын ұйымдық формалар субъектілеріне
салық салу ісіне байланысты мәселелер бүгінгі күнге дейін қалай шешіліп
келді және алдағы уақытта қандай жолдармен шешілмек екендігін анықтау,
сонымен қатар шағын бизнесі салықтық механизм арқылы көтеру тәсілдері
қаншалықты тиімді екендігін анықтау қажет болып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты шағын бизнес субъектілеріне салық салумен
байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын бизнес
субъектілеріне салық салу жүйесін жүзеге асыру жолдарымен нақты ұсыныстар
болып табылады.

а) Шағын бизнес түсінігінің мәнін анықтау;
б) Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын
анықтау;
в) Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске салық салудың құқықтық
аспектілерін қарастыру және оның тиімді дамуына кедергі жасайтын
факторларды анықтау;
г) шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті
талдау;
д) шағын бизнеске салық салудағы мемлекеттік саясаттың мәселесін
анықтау және оны салықтық түрдегі әр түрлі тәсілдердің көмегімен шешу
жолдарын аңықтау.
Бұл тақырыпты зерттеудің объектісі шағын бизнеске салық салу жүйесі
және Қазақстан Республикасында шағын бизнес субъектілеріне салық салу
мәселесіне байланысты қаржылық – экономикалық қарым қатынастар үрдісінде
пайда болатын мәселерді зерттеу.
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік негіздер – Қазақстан
Республикасының экономиканы салықтық реттеу мәселелері жөніндегі заңдық
және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Қаржы
министрлігінің статистикалық мәліметтері мен нұсқаулық нормативтік
материалдары.
1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ

Шағын бизнес - әдебиетте ұсақ және орташа жеке кәсіпкерлердің жиынтығы
деп берілген, бірде-бір кәсіпкерлердің бірлестікке тікелей енбеген және
экономикада монополия тарапынан орындаушылық роль атқарады.
Шағын кәсіпорын – аздаған жұмыскерлер саны бар, кәсіпорынға арналған
кәсіптік іс әрекетімен мемлекет, аймақ бойынша аз ғана тиесі бар кез-келген
жеке меншік формасындағы фирма. Оның тиесі шығаратын және жүзеге
асырылатын өнімінің құнымен анықталады. Ірі елдегі бір үлгілі кәсіптегі
шағын кәсіпорындар саны ондаған, жүздеген мың боп келсе, бір ғана осындай
кәсіпорынға жалпы өндіріс көлемінің аз ғана бөлігі тиеді, бірақ олар
біріксе еліміздің барлық өнімінің жартысын шығаруға қабілетті болар еді.
Көлеміне қарай фирмаларды жіктеуде жұмыскерлер саны, сонымен қатар
кәсіпорынның белгілі бір иесінің болуы есептеледі : бірақ басқа бір
кәсіпорынның бөлігі болмауға тиіс. Тағы бір қосымша талап – бұл оның
тәуелсіз кәсіпорын болуы. Капиталға келер болсақ, шағын кәсіпорындағы еңбек
пен капитал арасындағы қатынас өзгермелілігі өте жоғары. Капиталдары
қазіргі өндірісті жүзеге асыру өлшеміне жетпейтін болғандықтан капитализмді
дамытуда шағын кәсіпорындар бірте-бірте жойылады деп есептеледі. Шағын
фирмалар мен кәсіпорындарды ірі компаниялар жұтып қояды деп саналады.
Дегенмен бүгінгі күнде шағын бизнес сферасы әлемдік экономикада кеңінен
тараған.
Шағын бизнес дарынды, адал, жоғары дәрежелі тұлғаларға қолайлы. Шағын
бизнес табиғаты белсенді адамдарға жеке пайдасын іс жүзіне асыруына және
тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер шағын бизнесті шығармашылықпен жұмыс істете отырып, кез
келген экономикалық ыңғайлы жағдайда пайда түсіруге, инновациялар енгізуге
тырысуда.
Көбінесе олар асығыс шешімдер қабылдауға еркін, олар өздерінің
мойнына шығындар мен тәуекелді ала отырып жаңа технологиялар енгізе алады,
жаңа өнім немесе қызметтің жаңа түрін жасай алады, ал ірі өндірушілер болса
компанияның нұсқауларымен және ережелерімен тығыз байланысты болғандықтан
аз еркіндікке ие.
Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін аз жұмыс жасалған жоқ. Дегенмен
олар туралы айтпас бұрын шағын бизнес субъектілерінің өлшемдерін анықтап
алу қажет.
Бүгінгі күнде елімізде шағын топтарға жататын кәсіпорындарға қатысты
50-ден астам статистикалық өлшемдер бар. Жалпы түрде оларды төмендегідей
бөлуге болады :
а) Сапалық өлшемдер (басқару жүйесінің қарапайымдылығы, меншік иесі
мен менеджер қызметін бір адамның атқаруы, нарықтың аздаған бөлігіне ие
болу, және шағын кеңістіктегі қызмет сферасы, қызметтің қысқа да нұсқа
мақсаты және т.б.)
б) Сандық өлшемдер (кәсіпорындағы жұмыс істеушілер саны,негізгі
капиталдың құны, сатылған өнім көлемі және т.б.)
Кәсіпорынды шағын бизнеске жатқызатын критерийлер бір елден екінші
елге ауысуда, сондай-ақ капиталдың бір сферадан басқаға ауысуында өзгереді
.
Дегенмен де, көптеген елдердің тәжірибесінде көбінесе сандық өлшемдер
қолданылады .
Жапонияда ұсақ кәсіпорындардың басты өлшемдерін анықтау капитал
көлемі,жұмыскерлер саны болып табылады.
Германияда кәсіпорынды ұсақ кәсіпкерлік секторға жатқызуда төмендегі
өлшемдер қолданылады :
а) жеке меншік пен басқарудың бірлігі ;
б) қызмет етушілердің еңбектік мотивациясын жоғары дәрежеге жеткізуге
мүмкіндік беретініне кәсіпорынның көзі жетуі ;
в) мұндай кәсіпорын басшысының маңызды ролі(өндіріс үрдісіне тікелей
араласушы болып табылатын басшы);
г) істі отбасымен жүргізу;
д) қаржыландырудың өзгеше түрі (банктік несие беру есебіне тән).
Ұлыбританияда айналым көлемінің өлшемдері, активтер мен
жұмылдырылғандардың орташа саны пайдаланылады.
Сандық өлшемдер Ресейден де кәсіпорындарды жіктеу негізінде
қалыптасқан, Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерлікке мемлекетік қолдау
көрсету туралы заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Ресей
Федерациясының субъектілеріндегі, қоғамдық және діни ұйымдардағы,
қайырымдылық және басқа да қорлардағы еншісі 2,5% -дан аспайтын, бір немесе
бірнеше шағын тұлғаларға қарайтын шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып
табылмайтын, шектеулі деңгейдегі кейбір заңдардан 25 % -ы аспайтын
кәсіпорындар жігінің негізінде жатыр.
ҚР-да кәсіпорындар сандық өлшемдер негізінде жіктеледі, яғни,
жұмыскерлерге саны, негізгі капитал құны, қызмет түрі салық төлеу
негізінде.
Енді Қазақстан Республикасы жеке құрылғаннан бері шағын кәсіпкерлікті
реттейтін заңдардың даму эволюциясына тоқтайық.
Қазақстандық кәсіпкерліктің алғашқы іргетасы 11.12.1990ж. ҚКР-да
шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заңмен
қаланды. Кейіннен, мемлекеттік егемендік жарияланғаннан кейін 1992 жылдың
шілдесінде Шағын кәсіпкерлікті қорғау туралы Заң қабылданды. Ол 1991 жылы
маусымда қабылданған Шаруашылық серіктестіктер туралы Заңмен қоса жеке
кәсіпкерлер қызметінің ұзақ мерзімді құқықтық негізіне айналды.
Бұл заңда жеке кәсіпкерлік азаматтардың тауарға (жұмыстар мен
қызметтер) деген сұранысын қамтамасыз ету жолынан түскен пайда немесе жеке
түсімге бағытталған іс-әрекеті ретінде, азаматтың жеке меншігіне
негізделген және оның өз атынан жүзеге асырылған, өзінің мүліктік
жауапкершілігіне және тәуекеліне негізделген немесе ұжымдық меншікке
негізделген, заңды тұлғаның атынан жүзеге асырылатын, оның тәуекелі мен
мүліктік жауапкершілігіне негізделген қызмет ретінде анықталды.
Жоғарыда аталған Заңды қабылдағаннан бері экономикада да,
заңдылықтарға да көптеген өзгерістер енді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі күшіне енді. 1995 жылғы 30
тамызда қабылданған Республика Конституциясында 25 баптың 4 бөліміне аса
мән берілді, ол әрбір азаматтың кәсіпкерлік қызмет жасауына еркіндік берді.
ҚР Министрлер Кабинетінің 17.08.94ж. № 912 Қаулысымен Қазақстан
Республикасында 1994-1996 ж.ж. кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралар жоспары бекітілді.
1995 ж. аяғында Үкіметтің 1996-98ж.ж. экономикалық реформаны тереңдету
туралы жұмыс бағдарламасы қабылданды онда тереңдету туралы жұмыс
бағдарламасы қабылданды, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту,
ең алдымен шағын бизнесті күшейту басты мәселелердің бірі ретінде аталған.
Артынан ҚР Президентінің 14.06.1996ж. жарлығы : Кәсіпкерлік қызметтің
мемлекеттік кепілдігін іс жүзіне асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы
және 06.03.1997ж. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендендірудің және
мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы жарлығы қабылданды. Осы
тізімге тағы да Үкіметтің 14.03.1997ж. Шағын кәсіпкерліктің Республикалық
ақпараттық-көрмелік орталығын жасау туралы №325 Қаулысын және 08.04.1997ж.
Шағын кәсіпкерлер мәселелері деген № 499 Қаулысын қосуға болады.
1997 ж. жазында ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
және Жеке кәсіпкерлік туралы заңдары шықты.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін төмендегідей ұйымдық-құқықтық формаларда
жүзеге асыра алады : толық серіктестік, коммандиттік серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, өндірістік кооператив.
Заңды тұлғалардың шағын кәсіпкерлік субъектісінің жарғылық
капиталындағы үлесі 25 %, бұл бір немесе бірнеше заңды тұлға шағын
кәсіпкерлік қызметінің астындағы шаруашылық серіктестігін құрған жағдайда.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын кәсіпорындар : қызметін
ойындық шоу-бизнес сферасында жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар.
Біздің Республикамыздың Президенті мен Үкімет шетелдік үлгіні бетке
ала отырып, шағын бизнестің қажеттігі туралы үнемі айтып келеді.
Бірақ сөйте тұра олар біздің шағын кәсіпкерлігімізге тән маңызды
детальды, атап айтқанда – кәсіпкерлік қызметті кәсіпорын жұмсыкерлерінің
санына байланысты ұсақ, орташа және ірі бизнеске бөлуді есепке алмай отыр.
Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер санына біздің
елімізде жолданған адам саны 50-ге жетпейтін жеке кәсіпкерлер енеді.
Орташа кәсіпорындарға жұмыскер саны 50 ден асатын, бірақ 250 адамға
жетпейтін кәсіпорындар жатады. Бірақ адам саны 250-ден асқан кәсіпорын ірі
деп аталады.
Ал енді шетелдік кәсіпорындардың ұсақ орташа және ірі боп бөлінуіне
тоқталайық. Ұсақ кәсіпорынға 500 адамы бар кәсіпорын, орташаға 500-ден 1000-
ға дейін жұмыскері бар кәсіпорындар жатады, әрине жұмыскер саны 1000-нан
жоғары болса ол ірі кәсіпорын болып саналады.
Біздің ұсақ кәсіпорындарымыз батысқа қарағанда өте аз екен. Онда
мұндай бөлініс неге байланысты?Мүмкін біздің мемлекет ұсақ кәсіпкерге өз
қызметін батыстық типтегі ұсақ кәсіпкерге сәйкес келетіндей дамытуға
мүмкіндік бермейтін болар.
Бұл жерде әлемдік тәжірибеде шағын кәсіпкерлікке деген бірегей
анықтама жоқ екендігін айтып кеткен жөн.
Сонымен Англияда оған капитал нарығында қатыспайтын бағалы қағаздарды
эмиссиялауға және орналастыруға құқығы жоқ бір немесе бірнеше адам
басқаратын фирмалар жатады. Мұндай фирмалардағы адам саны 200-ден аспауы
тиіс.
Жапония статистикасы шағын кәсіпорындар дәрежесіне құрамында 100 адам
қамтылған фирмаларды жатқызады.
Францияда нақты диференциация жоқ : бір экономистер бұл 6-дан 50
адамға дейінгі кәсіпорындар десе, кейбірі 100-ге дейін, үшінші біреулері –
500 адамнан асуы тиіс дейді.
Континентті Европа елдерінде шағын кәсіпорын өлшемдері ретінде
капиталдың жылдық айналымының жоғарғы көрсеткіштері қолданылады:
Бельгияда – 15 млн. бельгия франкі ; Италияда – 3 млрд лир ; Голландияда –
7.5 млн. гульден; Францияда – 100 млн француз.
Сонымен әр елде шағын кәсіпорындарға әр түрлі кәсіпорындарды
жатқызады: ұсақ қол өнерінен қазіргі, соңғы техникамен жабдықталған
кәсіпорындарға дейін.
Шағын кәсіпкерліктің ерекшелігі капитал салымының тез өзін-өзі ақтауы,
өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраныстың өзгеруіне қолайлы
бейімдеу және т.б.
Бүгінгі күнде шағын бизнес секторы Қазақстан экономикасының ажырамас
бөлігі.
Шағын бизнестің дамуы көптеген маңызды ерекшіліктер әкеледі:
а)жеке меншік иелерінің көбеюі;
б)азаматтардың кірістерін жоғарылататын және әр түрлі әлеуметтік
топтардың арасында диспропорцияны жоюға мүмкіндік беретін экономикалық
белсенді тұрғындардың санының өсуі;
в)аз капитал шығынымен жаңа жұмыс орындарын жасау, әсіресе қызмет
көрсету сферасында;
г)өндірушілер монополиясын жою, бәсекелестікті орта жасау;
д) көп еңбекті қажет ететін өнімді шығаруда аз капиталды пайдалану;
е)экономиканың әр түрлі секторының арасындағы өзара қарым қатынасты
жақсарту.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың құрылуы кезінде
мемлекеттік меншіктің көптеген бөлігі жеке меншікке акционерлік қоғам
түрінде, ұжымдық меншік түрінде, ұжымдық меншікке, серіктестіктер мен басқа
да шаруашылық формаларына айналды. Өндірілетін және жүзеге асырылатын
өнімдер түрі өте көп және тұтыну нарығының сұранысына сай.
Нарықтық экономика тауарлық және тұтыну нарығына кең жол ашты.
Кәсіпкерлік қызмет көптеген мекемелермен, ұйымдармен жүзеге асырылды.
Көрсетілетін қызмет түрлері халықтық тұтыну тауарларының тізімен,
тамақ өнімдері мен өндірістік – техникалық өнімдерден кем болған жоқ.
2003 ж. шағын кәсіпорындар қызметінің көлемі едәуір артты.
Бұл жерде тенденция байқалады : 2002 ж. қарағандағы 2003ж.өнім
көлемінің өсуімен оның саудадағы үлестік салмағы төмендеп, өнеркәсіпте
артты (1 кесте).
Жыл сайын шағын кәсіпорындар саны алдағы жылдарға қарағанда 40 % -ға
өсіп отыр, ал өндіріс көлемі бойынша екі есе.
Бұл Қазақстанда шағын бизнестің өнімді дамығанын көрсетеді.
Кәсіпорындар санына келетін болсақ, олардың кейбірі белгілі
себептермен жабылмаса, едәуір көп болды. Тәжірибе көрсеткендей, жаңадан
ашылған кәсіпорындардың шамамен 60 %-ы өз қызметін тоқтатады.
1 кесте
Сфералар бойынша шағын кәсіпорындар саны мен құрылымы
Шағын кәсіпорындардың 2002 жыл 2003 жыл 2003 жыл
қызмет сферасы 2002
жылғыға %
есебімен
Бірлік % Бірлік %
Барлығы : 24848 100 37095 100 149.2
Шағын кәсіпорындар
Өнеркәсіп 3668 14.7 6563 17.6 178.9
Сауда 4559 18.4 4931 13.3 108.1
Басқа қызметтер 16621 66.9 25601 69.1 154.0
Тіркелген шағын кәсіпорындардың барлығы бірдей іс әрекетте болмайды,
соған байланысты онда тіркелген адамдар да жұмыс істемейді. Тіркелген шағын
бизнес кәсіпорындарының біразы кейбір себептермен жұмыс істемейтін
кәсіпорындар санына қосылады да, олардың жалпы табысына келеңсіз әсер
етеді.
Мұндай жағдайлардың мүлдем болмауы мүмкін емес, өйткені кейбір жаңа
істей бастаған кәсіпкерлер өз істерін бар мүмкіндікте жүргізе алмайды.
Сондықтан, шағын бизнестің дамуы экономиканың аталған сферасының өсу
жолы мен қызмет етудегі мәселені туралы төмендегідей материалда
жарияланады.
2. Шағын бизнестің қоғамның экономикалық дамуындағы ролі.
Еліміздің экономикасын реформалау үрдісінде шағын бизнес шешуші рольге
ие болды. Шағын кәсіпкерліктің құрылуы мен дамуы өнеркәсіптік сектордың
ұсақталуымен біріге отырып Қазақстан - 2030 Стратегиясының негізін
құрады.
Шағын бизнестің дамуы тиімді аралас экономиканы қалыптастырудағы жалпы
әлемдік тенденцияларға, бәсекелестік нарықтық механизм мен ірі, ұсақ және
орташа өндірістің мемлекеттік реттеудің күрделі жинақталуы жүзеге
асырылатын жеке меншіктің әр түрлі формалары, оларға тән шаруашылық
модельдерін қалыптастырудағы тенденцияларға жауап береді. Шағын кәсіпкерлік
секторы – экономикалық өсу қарқынын анықтаушы тұрғындарды еңбекпен
қамтамасыз ету жағдайын, ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайтын
жетекші секторлардың бірі.
ҚР – да шағын бизнестің рөлі қарқындап өсуде. Кәсіпкерлік бүгінгі
экономиканың төмендегі маңызды мәселерді шешуге мүмкіндік береді:
а) жергілікті шикізат көздерін пайдалана отырып көптеген тұтыну
тауарлары мен қызметерінің өндірісін аса көп капитал малымдарын салмай ақ
кеңейту;
б) ірі кәсіпорындардан босаған жұмыс күшінің еңбекке орналасуы үшін
жағдайлар жасау;
в) ғылыми- техникалық үрдісті жеделдету;
г) қылмыстық бизнеске позитивті альтернатива құру.
Мысалға Қарағанды облысын алатын болсақ, шағын кәсіпкерлік қоғамның
экономикалық дамуында үлкен орын алады, мемлекет қазынасын толтырады.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа көшуі кезінде
2003 ж.қазанында алғаш рет бөлшек сауда нүктелері, шағын бизнес
субъектілері болып табылатын қоғамдық тамақтандыру орындары мен қонақ үйлер
есебі жүргізілді.
2003ж. 1 қазандағы мәлімет бойынша облыста 6239 сауда нүктелері мен
қызмет көрсету нүктесі болды, оның 4955-і патенттер мен куәліктер бойынша
жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер, 1284-і заңды тұлғалар. (1 сурет).
1-сурет
Жеке сауда нүктелері мен қызметтердің көптеген бөлігі (91%) негізгі
қызметі сауда болып табылатын сауда кәсіпкерлері мен жеке тұлғаларға жатты.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға 347 сауда нүктесі, көліктік кәсіпорынға – 25,
құрылысқа – 35 нүкте (негізінен, бұл дүкендер мен дүңгіршектер) жатты.
Бірғана 2002 жылы санаққа дейін пайдалануға 361 дүкен берілді, 1
қазандағы мәлімет бойынша бір мың тұрғынға екі дүкеннен аса келді. Қоғамдық
тамақтану кәсіпорындары облысымызда 656 бірлік боп саналды. Мейрамханалар,
дәмхана мен барлар қалалық жерлерде қызметтерін көрсете бастады.
Облыс санағы бойынша 476 қызмет көрсету кәсіпорны жұмыс істеп тұрды.
Олардың негізгі бөлігі – 75.4 % (359) – қалалық жерлерде орналасты, онда әр
түрлі қызмет ету саласы жұмыс істеді. Сонымен, облыс қалаларында 60%
жанармай құю станциясы, 87 % техникалық қызмет көрсету станциялары жұмыс
істеді.
Заңды тұлға дәрежесіне ие болған 1284 кәсіпорында 3732 адам қамтылды,
олардың ішінде қызмет көрсету кәсіпорындарында – 2237 адам, қонақ үйлерде –
581 адам болды. 2003 жылдың 9 айы ішінде олар 8693.3 млн. теңгеге тауарлар
мен қызметтер түрін жүзеге асырды, оның 5032.4 млн теңгесі (57.9%) бөлшек
сауда бірлігінде болды.
Тұтас алғанда, осы зерттелген мерзім ішінде сауда және қызмет көрсету
кәсіпорындарымен 74712.9 млн. теңгеге тауар өндіріліп, қызмет көрсетілді.
Бұл кірістің біраз бөлігі бюджетке салық ретінде түскенін көрсетеді.
Сондықтан бюджеттің кірістік бөлігін қалыптастырудағы шағын бизнестің
маңызды ролін атап өткен жөн.
2003 жылда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының негізгі
экономикалық көрсеткіштері де орындалды.
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің өнеркәсіптік өнімді өндірудегі –
11.5%, есебімен төмен салмағын, импорт толтыруда нашар қатысқанын – 9% ,
несие беру мен инвестицияның мүлдем жоқтығын аңғарамыз (2-кесте).
1. кесте
Қарағанды облысы бойынша шағын бизнестің дамуының экономикалық
көрсеткіштері.
Мерзім 2002ж. 2003ж. 2003ж.
нақты нақты 2002ж-ге %
Тіркелген ШБС саны 21908 24200 110.5
Іс-әрекеттегі ШБС саны 20718 23051 111.3
Жұмыс істеп тұрған ШБС-ң 94.6 95.3
тіркелгендерге % қатынасы
Шағын бизнес сферасында 116782 125146 107.2
қамтылғандар саны (адам)
Экономикалық белсенді 16.3 16.7
тұрғындарға % қатынасы
Өндірілген өнім көлемі 30600 38132.0 124.6
(жұмыс, қызмет млн.теңге)
2 кестенің жалғасы
Шағын бизнестің бюджетке 3495.5 5206.9 149.0
тәленген төлемдері, млн.теңге
Бюджетке төленетін 8.6 16.7
төлемділемдердің жалпы
төлемнің ішіндегі салмағы
Кестедегі мәліметтер 2003 жылы Қарағанды облысында шағын бизнестің
дамуы оң нәтиже бергенін көрсетеді.
Шағын бизнес субъектілерінің саны өсті.
Дегенмен жұмысың істеп тұрған субъектілердің тіркелгендерге қатысты
пайызы шағын бизнестің тиімсіз жұмыс істегенін көрсетеді.
Шағын бизнес сферасында қамтылған тұрғындар саны 8364 адамға артты,
бұл шағын бизнестің өсуін көрсетеді. ШБС саны өсті, оған сәйкес өндіріс
көлемі мен бюджет төлемдері де өсті.
Одан әрі 3 кестеде тұтастай республика бойынша экономикалық
көрсеткіштерді дәлелдейтін мәліметтер келтірілген.
2 және 3 кестелерді талдай отырып Қарағанды облысы жалпы республика
бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуда маңызды үлес қосқанын көреміз.
Сондай-ақ шағын бизнестің ең алдымен, Астананың астаналық дәрежесін
қалыптастыруда және экономиканы реформалаудағы мәнімен маңызын бағаламауға
болмайды.
Оның бүкіл әлемдік даму жолы, мемлекеттік қолдаудың барлық формалары
мен әдістерін пайдалану қала басшылығының әлеуметтік – экономикалық
саясатының басты мәселесі болып табылады. 2003 жылда да көптеген жаңалықтар
болды.
Шағын бизнес шаруашылықтың біркелкі құрылымының және оның нақты бір
аймақтық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып қаржыландыруды
қалыптастырудың негізіне, базасына айналуы тиіс. Сондықтан шағын бизнесті
де қолдау аймақтық деңгейде жүзеге асырылуы тиіс. Оны бір орталықтан реттеу
тек приоритетті бағыттар бойынша немесе кешенді халық шаруашылығы болған
жағдайда ғана мүмкін.
3 кесте
Экономикалық көрсеткіштері бойынша ҚР-да шағын бизнестің дамуы
Мерзім Шағын бизнес Іс әрекеттегі Өнім Салықтық
субъектілерінің шағын бизнес өндірілді, төлемдер саны,
саны(мың) субъектілерінің қызмет млрд.теңге
саны(мың) көрстетілді,
млрд.теңге
2002 ж. 372,0 329,1 435,8 33,7
2003ж. 388,2 353,6 532,6 45,8
Республикамызда тиімді нарықтық экономика құру үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы оның бәсекелестік ортаның дамуын қамтамасыз ететін
құрылым жасаушылық факторында : базарды тауарлар мен қызметтерге толтыру ;
халықтың қол өнерін қайта жаңғырту ; тұтастай мемлекеттің және жергілікті
өкімет органдарының экономикалық базасын күшейтуде; ауылдарды, шағын және
орташа қалаларды дамытуда.
Шағын бизнес факторы сонымен қатар маңызды әлеуметтік қызметтер
атқарады, ол еңбекке орналастыру мәселесін шешу, кедейлікпен күрес, орта
класты – кез келген дамыған мемлекеттің маңызды тірегін қалыптастыру.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ.

ҚР-да кәсіпкерлік іс әрекетті дамытуды қолдау және шағын бизнесті
өсіру мақсатында ҚР салықтық кодексінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
салық салуды жеңілдетуге бағытталған бірнеше шаралар қарастырылған.
Шағын және орта бизнеске салық салу жүйесін жүзеге асыруға байланысты
даулар әрқашан да көп болды. Дамыған елдерде (АҚШ, Германия, Жапония және
т.б.) шағын кәсіпорындар үшін кіріс пен үстеме бағаға салықтың төмен
ставкасы қолданылатыны және оның мөлшері жылдық түсім көлеміне сәйкес
реттелетіні белгілі.
Салықтық жеңілдіктер жүйесі әр елде әр түрлі, менталитетін ескере
отырып, сондықтан қай озық тәжірибені болса да ұлттық экономикасын,
пайдаланған жөн. Одан басқа бұл жүргізілген саясат қазынаға қаржының
түсуіне кері әсер етті, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті консервациялау,
салықтық жеңілдіктерді жоғалтып алу қаупінен қызметті кеңейту көлемін
жасанды жолмен шектеулер болды. Осы сияқты келеңсіз факторлар бүгін де жоқ
емес, сондықтан шағын кәсіпорындардың мөлшерлік өлшемінің шеңберін қайта
қарау, немесе заңға мөлшерлік өлшемдерімен және сәйкес жеңілдектерімен қоса
орта кәсіпорын деп жаңа ұғым енгізу қажет.
Бұл ҚР – да кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасап қана қоймай, шағын
кәсіпорындардың статистикалық есебіндегі қайшылықтарды да жойған болар еді.
Басқа бір мәселе ол – отандық кәсіпкердің әлеуметтік қорғансыздығы.
Кейбір бағалаулар бойынша ҚР шағын және орта бизнес өкілдерінің 60 %-ы
прокуратура, салықтық органдар, шекара қызметкерлері, толып жатқан
бақылаушыларға пара беруге мәжбүр болған.
Өкінішке орай параның көмегімен арзан ресурстарға қол жеткізу, тікелей
жеңілдіктер алу мәселесі, сонымен қатар ресми төлемдердің бөлігін, ресми
емес төлемдерден қашу жүзеге асырылады.
ҚР 1997 ж. 19 шілдедегі Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
туралы №131-1 Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері бюджетпен есеп
айырысу тәртібін таңдап алулары керек.
Салықтық заңдылыққа байланысты шағын бизнес субъектісіне бюджетпен
есеп айырысуда жалпы белгіленге тәртіп бойынша немесе арнайы салықтық режим
бойынша жүзеге асыру құқығы берілген.
Арнайы салықтық режим әлеуметтік және корпоративтік немесе тікелей
салықты есептеуде, төлеуде және есеп беруде қарапайым жолды, сонымен қатар,
салықтық жүктемені азайтуға бағытталған жеңілдік ставкалары мен басқа да
механизмдерді қарастырады.
Шағын бизнес субъектілеріне арнайы салықтық режимді қолдану үшін
салықтық кодексте Шағын бизнес субъектілері термині пайдаланылады, соған
сәйкес кіріс бойынша, адам саны мен қызмет түрінің шегі анықталады.
Сонымен Шағын бизнес субъектілері түсінігіне:
а) жеке кәсіпкерлердің өзімен қосқандағы жұмыскерлер саны 15-тен
аспайтын, ал тоқсандық кірісі 4,5 млн теңгеден аспайтын жеке кәсіпкер
(заңды тұлға жасамай ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға);
б) жұмыскер саны тоқсан бойынша 25 адамнан аспайтын, ал тоқсандық
кірісі 9 млн. теңгеден аспайтын заңды тұлға жатады.
Одан басқа, төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар
мен жеке кәсіпкерлер арнайы салықтық режимді қолдана алмайды :
А) Акциздік өнім өндірушілер;
Б) Консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер;
В) Мұнай өнімдерін таратушылар;
Г) Шыны, ыдыстарды жинау және қабылдаушылар;
Д) Кеңпайдаланушылар;
Е) Лицензиланған қызметтердің түрлері;
Ж) Филиалы, өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
З) Филиалдар мен өкілдіктер;
К) Заңды тұлғалардың қол астындағы ұйымдар және тәуелді акционерлік
қоғамдар;
Л) Әр түрлі тұрғылықты жерлерде құрылымдық бөлімшелері бар салық
төлеушілер.
Мысалы заңды тұлға арнайы салықтық режимді қолданудың негізгі
шарттарына сәйкес келеді, бірақ оның филиалы бар.
Мұндай жағдайда заңды тұлға мен оның филиалы арнайы салықтық режимді
қолдануға құқығы жоқ.
Арнайы салықтық режимді немесе салық салудың жалпы белгіленге тәртібін
кәсіпкер ерікті негізінде таңдап алады.
Бұл жерде шағын бизнес субъектісі бюджетпен есеп айырысудың бір ғана
формасын таңдап алуға құқылы.
Шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды
тұлғалар, сондай ақ ойын бизнесі сферасындағы кәсіпорындар үшін жекелеген
арнайы салықтық режимдер бар. Заңдылықтарға сәйкес бұл кәсіпорындар шағын
бизнес сферасына жатады, бірақ олардың салық салу жүйесі жеке меңгеруді
талап етеді.
Қазіргі салықтық заңдылықтар шағын бизнес субъектілерінің арнайы
салықтық режимдерді пайдалануын қарастырады.
Шағын бизнес субъектісі арнайы салықтық режимге көшу немесе салық
төлеудің жалпы белгіленген тәртібіне қайта көшу құқығымен қоса салық салу
режимін өз режимін өз еркімен таңдап алуға құқылы. Жалпы белгіленген
тәртіпке көшсе, арнайы режимге тек екі жыл өткенде қайта ауыса алады.
Салық салу базасын кеңейту және кейбір шаруашылық субъектілерінің
экономиканың көлеңкелі секторынан шығуы мақсатында арнайы салықтық режимді
қолдану бір реттік талон, патент және жеңілдетілген декларация негізінде
жүзеге асырылады. Осындай жолмен арнайы салықтық режимді пайдалану шағын
бизнесті дамытудың бірнеше мақсаттарында қол жеткізуге, ШБС қызметінің
үстінен бақылауды жеңілдетуге және ШБС салық салудағы бюджеттің шығынын
қысқартуға мүмкіндік береді.
Бір реттік талон кезеңдік характердегі кәсіпкерлік қызмет дегеніміз
қызметі бір жылдық 90 күніне ғана созылған кәсіпкерлікті айтамыз. Соған
сәйкес кіріс салығын есептеудің негізгі салмағы азаяды. Өнімдерін базарда
сатуда да (жалға алу келісім шарттары бойынша базарлар территориясындағы
стационарлық орындарда сатудан басқа) бір реттік талон бойынша жүзеге
асырылады (А қосымшасын қараңыз).
Бір реттік талондар берілетін қызмет түрлері формасы мен тәртібі
мемлекеттің өкілетті органымен белгіленеді.
Бір реттік талондардың құны жергілікті өкілетті органдардың шешімімен
салықтық органдармен жүргізілген хронометражды байқаулар мен зерттеулердің
ортакүндік мәліметтері негізінде қызметтің орналасу орны, түрі жүзеге асыру
жағдайлары, кіріс кіргізу объектісінің сапасы мен көлемі сонымен қатар осы
қызметпен айналысудың тиімділігіне себеп болатын басқа факторлар ескеріле
отырып белгіленеді. Бір реттік талондар түсімен, әрекеттегі белгіленген
мерзімімен – 1 күндік, 3 күндік, 7 күндік, бір айлық мерзіммен
ерекшеленеді.
Бір реттік талон екі бөлімнен тұрады : бірінші бөлім – бір реттік
талонның түбіршегі, екіншісі – бір реттік талонның өзі. Салық төлеушіге
талон берілгеннен кейін түбіршек кітапта қалады.
Кезеңдік характердегі қызмет жүргізетін жеке тұлға жалдау еңбегін
қолданбаса бір реттік талон негізінде әлеуметтік салықты төлемейді және
жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады. Салық төлеушінің
міндеті қызметін іс жүзіне асырғанға дейін бюджетке белгіленген сомманы
төлеу.
Мысалы, жеке тұлға бір реттік талонның негізінде газеттер мен
журналдар сатумен айналысады. Ол жыл ішінде 80 күнге талон алған (мамырда
25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге және тамызда 10 күнге). Ол
жылдың аяғына дейін тағы 10 күн бір реттік талонмен жұмыс істей алады. Егер
жеке тұлға бір реттік талонмен 90 күн жұмыс істесе және жыл бойы қызметін
жалғастырғысы келсе, ол жеке кәсіпкер ретінде салықтық органда тіркеуден
өтуі тиіс және салық салудың басқа режиміне ауысуы тиіс.
Патент негізінде жалдамалы жұмыскерлерді пайдаланбайтын және жылдық
айналымы бір миллион теңгеден аспайтын жалғыз кәсіпкерлер жұмыс істей
алады. Бір күнге есептегенде 2800 теңге шығады. Сонымен қатар онда жеке
кәсіпкер формасында кәсіпкерлік қызметтің бір ғана түрін жүзеге асыру шарты
бар. Патент негізінде жеңілдетілген режимді қолдануға мүмкіндік бермейтін
жағдай туса, салық төлеуші жеңілдетілген декларация немесе салық салудың
жалпы белгіленге режимі негізінде арнайы режимге көшеді.
Патент құнын есептеу мәлімденген кірістің 3% мөлшерінде ставкасы
қолдану жолымен жеке кәсіпкермен жүргізіледі.
Патент құны бірдей мөлшердегі жеке кіріс әлеуметтік салықтар түрінде
бюджетке төлеумен есептеледі.(Б қосымшасын қараңыз).
Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жылдың көлемінде бір айдан кем
емес мерзімге беріледі. Патентті алу үшін жеке кәсіпкер кәсіпкерлік
қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органға өкілетті мемлекеттік
органмен бекітілген форма бойынша қызмет түрін көрсете отырып, сонымен
қатар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі жөніндегі куәлігімен
өтініш береді.
Лицензиялануға тиіс қызметті жүзеге асырушы кәсіпкер осындай қызмет
түрін жүзеге асыру құқығы берілген лицензиясын көрсетуге міндетті. Мұндай
жағдайда патент лицензияның әрекеттегі мерзімін үзбейтін мерзімге беріледі.
Салық төлеуші салықтық органға патент алу туралы өтініш білдірмесе,
кәсіптік қызметтік уақытша тоқтата тұруға өтініш бермеген жағдайда жалпы
белгіленген тәртіп бойынша салық төлеуге қарсылығы жоқтығын білдіреді.
Патенттерді беруді салық орган бір күннің ішінде және патенттің құнын
және міндетті зейнеткерлік салықты жинақтық зейнет ақы қорларына, төлеуін
міндеттейтін құжаттармен қоса береді. Патент жеке кәсіпкердің мемлекеттік
тіркеу туралы куәлігін көрсетпеген жағдайда жарамсыз боп табылады.
Бүгінгі күнде 123 кәсіпкерлік қызметтің түрі бойынша патент құнының
мөлшері жасалған.
Патенттің әрекеттегі мерзімі бітпей тұрып кәсіпкенрлік қызмет
тоқтатылған жағдайд, жеке кәсіпкер қабілетсіз деп танылғаннан басқа
жағдайда, салынған салық соммасы қайтарылмайды және қайта есептелмейді.
Патент бойынша кәсіпкерлік қызмет уақытша тоқтатылған жағдайда өтініш
ресімделеді.
Нақты кіріс патентті алуға өтініш бергендегі кірістен асып кеткен
жағдайда салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде асқан сомманы бекітеді және сол
соммаға байланысты салық төлейді. Мысалы, патент алу кезінде кәсіпкердің
өтініш берген соммасы 50000 теңге , нақты түскені 80000 теңге. Асқан сумма
30000 теңгені құрайды. Бұндай жағдайда оған 900 теңге (3000*3%) жеке кіріс
салығы ретінде 450 теңге, әлеуметтік салық ретінде – 450 теңге. Бірақ,
біздің кәсіпкерлеріміздің тәжірибесінен алсақ ешкім де асқам сомма туралы
баяндамайды, соның салдарынан бюджетке толық қаржы түспеу болады.
Егер нақты кіріс өтініш бергендегі соммадан аз болса, артық төленген
салықты қайтару салық төлеушінің арызымен, салықтық орган жүргізген
хронометраждық зерттеуден кейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар ерлі-
зайыптының біреуіне патент берілгендігін байқау керек. Отбасының басқа
мүшелері бұл патентпен жұмыс істей (көмектесе) алмайды, ол өзі жеке патент
алуы тиіс. Біз бұл жағдайды кәсіпкердің мүддесін тарылту деп қабылдаймыз.
Жаңа салықтық кодексті іс - әрекетке енгізгенге дейінгі және одан кейінгі
патент негізінде жүзеге асырылған қызметтерді салыстыру үшін шағын бизнес
субъектілері бұрын қандай жағдайда жұмыс істегенін қарастыру керек. Бұрынғы
режимнің пайдалылығы онда арнайы режим бойынша патент негізінде заңды
тұлғалар – ШБС жұмыс істей алатын.
ҚР территориясында патент негізінде заңды тұлғалар жүзеге асыратын
көптеген кәсіпкерлік қызмет түрі жасалды.
Заңды тұлғалар – шағын бизнес субъектілері бұрын патент бойынша
төмендегі жағдайларда жұмыс істей алатын :
а) жұмыскерлердің орташа жылдық саны 20 адамнан аспайды ;
б) тұтас жылдық кіріс – 10 млн. теңгеге дейін ;
в) шағын бизнес кәсіпорынының салық төлеу бойынша, өткен есеп беру
мерзімі үшін бюджетке төленетін жинаулар міндетті төлемдер бойынша қарызы
жоқ ;
г) шағын бизнес кәсіпорны есеп беру мерзімі салық бойынша қажетті есеп
айырысуы уақытымен тапсырылған. Патенттің құнына табыс салығы мен
әлеуметтік салытан басқа қосымша құн салығы енеді, қазір қосымша құн салығы
бойынша жеке есеп жүргізіледі.
2002 жылы 2003 жылға бюджетпен есеп айырысудың патенттік формаларын
қолдану сферасын кеңейту жоспарланғанын айта кету керек.
Ал бізде қазір не бар ? Біздің салықтық заңымыз жүзеге асырылуда
немесе керісінше – деген қорытынды шығару ғана қалады. Жаңа заңдылық
бойынша арнайы режимде патент негізінде жеке кәсіпкерлер ған жұмыс істей
алады, осы режим туралы олардың пікіріне назар аудару қажет.
Сауалнама нәтижесі бойынша, сұралған респонденттердің 45 бөлігі
(79.4%) патент бойынша жұмыс істейді, өйткені өз ісін жүргізуде осы форманы
тиімді деп санайды.
2003 жылға кәсіпкерлердің 20.6% куәлік бойынша жұмыс істеді. №535
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға арналған салық
жеңілдетілген режимі туралы нұсқаудың 39 пунктіне сәйкес есеп жүргізу
негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер салық төлеушілер, бюджетке міндетті
төлемдер және жинаулар төлеуші болып табылады.
Олардың салық төлеуі салық заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады,
яғни олар декларация ұсынады, аванстық төлемдер төлейді және т.б.
Есеп жеңілдетілген түрде кірістер мен шығыстарды тіркеу кітабы
негізінде жүзеге асады.
Бұл режим бойынша жаңа кодексте өзгертулер қарастырылмаған, дегенмен,
егер кәсіпкер салықтық режимді таңдап алу туралы уақытында Салықтық
комитетке өтініш бермеген болса, онда ол автоматты түрде кірістер мен
шығыстарды тіркеу кітабының жалпы белгіленген тәртібіне көшеді.
Патентпен жұмыс істеудің тағы бір жақсы жері есеп берудің аз
көлемділігі, салық салу мен есеп жүргізудің қарапайым жұмыс тәртібі,
салықтық тіркелу ставкасын, істі өз бетімен жүргізу мүмкіндігі, бақылаушы
және тексеруші органдардың тарапынан болатын тексерудің аз мөлшерлілігі,
уақыт үнемдеу.
Сөйтсе де, бизнесті куәлік бойынша жүргізуде аргумент есеп пен
бақылауды толық жүргізу, салықты түскен түсімге байланысты және нақты
өндірілген тауар мен қызметтерге байланысты төлеу, істі жүргізуді үнемі
есептеу көрсетілген .
Жеке кәсіпкерлікте кәсіпкерлердің біраз бөлігі өз орнын заңды тұлғаның
құқығында айналысқанша жеке бизнеспен айналысқан тиімді деп санайды.
Жеке кәсіпкерлердің режимді кең көлемде таңдауға құқығы бар, соның
негізінде ол өз қызметін жүзеге асыра алады. Онымен қоса, респонденттердің
9.2 % -ы заңды тұлғаларға бизнесте оңайырақ екенін айтады. Жеке кәсіпкерлер
басқа кәсіпкерлермен өздерін салыстыра отырып, өз қиындықтарын рэкэттардан
аз қорғалғандығын, тексеруші органдардың тарапынан тексеріс көп екендігін,
банктен несие алу мүмкіндігінің жоқтығын, жеке кәсіпкерлерге сенімнің аз
екендігін, келісім шарттар жасаудың күрделілігін, мемлекет тарапынан
қаржылық көмектің жоқтығын, сонымен қатар ірі кәсіпорындар жеке
кәсіпкерлермен қарым-қатынас жасауға онша құлықты емес екендігін айтумен
түсіндіреді. Жеке кәсіпкермен бірдей кіріс тапқан заңды тұлғаның кірістегі
салық жүктемесінің үлесі азырақ болатынын айта кету керек.
Жоғарыда айтылғанға байланысты шағын бизнес кәсіпкерлерінің көптеген
бөлігі жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істеуге мәжбүр деген
қорытынды жасауға болады.
Жоғарыда аталған режимдер жылына 1 млн. теңгеден аспайтын кірісі бар
жеке тұлғаларға ғана арналған. Кәсіпкердің одан әрі ісін жалғастыруы оның
бизнес сферасын таңдап алуы, қызмет түрінің санын көбейтуі, жалдайтын
жұмыскерлер санын көбейтуі және кірісінің өсуімен байланысты. Бизнесмен
дамудың бұл кезеңінде бюджетпен жеңілдетілген декларация негізінде арнайы
салықтық режимде есеп айырысуға құқылы.
Әр түрлі аймақтық-әкімшілік бірліктер территориясында орналасқан
бірнеше объектілерде өз қызметін жүргізуші салық төлеуші жеңілдетілген
декларация негізінде арнайы салық режимді қолдануға өтініш беру үшін салық
органды өз еркімен таңдап алады.
Жеке кәсіпкерлер жеңілдетілген декларация негізінде бюджетпен есеп
айырысуды жолданған жұмыскерлер саны кәсіпкердің өзін қосқанда 15 адамнан
аспаса пайдалана алады, мұнда ол қызметтің кемінде бес түрін жүзеге
асырады, ал кірісі тоқсанына 4.5 млн. теңгеден аспайды.
Заңды тұлғалар үшін мынандай нормативтер белгіленген салықтық мерзім
ішіндегі орта есептегі адам саны 25 тен аспауы тиіс, кәсіпкерлік қызметтің
7 түріне дейін жүзеге асыра алады. Салықтық мерзім ішіндегі кірісі 9 млн.
теңгеден аспауы тиіс (В қосымшаны қараңыз).
Салынатын міндеттемені есептеу алынған кіріске жеке кәсіпкерге
арналған үш деңгей түріндегі күрделі прогрессиясы бар ставкалар бағанын
қолдану арқылы жүргізіледі (4 кесте).
Күрделі прогрессивті бағанның мәні мынада: алынған кіріс бөліктерге
бөлінеді және олардың әрқайсысына салық ставканың белгілі бір пайызы
қолданылады, содан кейін бәрінің жиынтығы бойынша салық міндеттеменің
соммасы анықталады.
4 кесте
Салық міндеттемесін есептеу
Жеке кәсіпкерлердің бір тоқсандағы Салық ставкасы
кірісі
1500.0 мың теңгеге дейін Кіріс соммасының 4 %-ты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz