Әртүрлі мәдениеттегі ишаралар


ӘРТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТЕГІ ИШАРАЛАР
Ишаралардың мәдениетаралық сәйкестігі, немесе оны бейвербальды семиотикада атайтындай, әмбабаптылық мәселесі бір мәдениеттің бейвербальды мәтінінің екінші мәдениет өкілімен түсіндірілуімен және аудармалылық мәселесімен тығыз байланысты. Әртүрлі мәдениеттердегі адам коммуникациясының бейвербальды компоненттерінде ұқсастықтар көп бола тұра, соңғысы бәрібір де орын алады. Бір мәдениеттен екіншісіне өтудегі кинетикалық мәтінде дұрыс түсінуге кедергілердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
(1) бұрыс түсіндіру, (2) толық емес түсіндіру және (3) артық түсіндіру.
Бірінші категория, бұрыс (немесе: жаңсақ ) түсіндіру, түсініспеушілік туралы айтылған кезде бірден ойға келеді: әдетте әртүрлі мәдениеттердің ишаралары мен ишаралық коомуникацияларына салғастырмалы талдау жасалған кезде жұмыста болады, мұнда жаңсақ түсіндіру туралы әңгіме қозғалып жатыр.
Әрбір халықтың және әр мәдениеттің өзінің «мылқау киносы» болады. Ч. Чаплин бірде былай деген: «Маған қалай қимылдайтындарыңызды және қалай ишаралайтындарыңызды көрсетіңіздер, мен бірден сіздердің қайда туғандарыңызды айтып беремін» деген. Бір мәдениет өкілінің бейвербальды әрекетін екінші мәдениеттің өкілі дұрыс түсіндірмесе, оның арты күтпеген қақтығыстарға және қатерлі салдарға апарып ұрындыруы мүмкін. Британдық әуе компаниясы «British Airways» жолаушыларға: «Be careful. Your gesticulation may bring you into unpleasant and ambiguous situations» «Сақ болыңыздар. Сіздердің ишараларыңыз өздеріңізді қолайсыз және екіұшты жағдайда қалдыруы мүмкін» деп жиі-жиі ескертіп отырады. А. Дж. Миллер (Миллер 1994, 660 б. ) : «Бейвербальды мінез-құлықты бұрыс түсіну - адамдар арасындағы алауыздықтың ең бір қасіретті көздерінің бірі, одан айналып өту мүмкін емес. Мәселен, бірқатар американдықтар қытайлықтардың өздеріне тиіскендерді, түрткендерді, иығынан қаққандарды, тіпті қолын қысқандарды ұнатпайтындарын біледі. Егер бұл ишараларды жақындық пен достық белгісі деп санайтын американдықтар қытайлықтарға деген өз қатынастарын өзгертпесе, онда жеңіл қашып құтыла алмайтын қаншама өкпе-реніштерге қалар еді!»
Алынған бейвербальды хабар мәнін дәл түсінудің маңыздылығы мынада, әртүрлі мәдениеттерде кездесетін жекелеген ишаралық пішіндер, мәні бойынша теңдес емес бола тұрса да, онда семантикалық ұқсас түсіндірулер болуы мүмкін. Мәселен, иықтан қағу ишаралық пішіні дененің әртүрлі тілдерін қолданыстағы сипаттама бойынша талдауға болатындықтан, «немқұрайдылық», «салғырттық», «сенімсіздік», «бойын аулақ салу», «менсінбеу», «білмеу», және мүмкін, тағы да басқа көптеген нәрселерді білдіреді (Дживенс 1977), бірақ бұл пішінге ешқашан да «қанағаттанушылық», «шаттық», «қуаныш», «шатыттанушылық» сияқты «жағымды» мәндер үйлеспейді - аталған пішіннің әртүрлі семантикалық түсіндірілу ауқымы барынша шектеулі. Сонымен бірге мұрнын тыржиту пішіні де тек қана жағымсыз түйсіктер «сасып тұр, жаман иісі шығып тұр (және осыған ұқсас жағдайда) » білдіреді, ал «құрмет» сезімі, көрініп тұрғандай, мәдениеттің басым бөлігінде басты ию, тағзым ету арқылы білдіріледі. Алайда бұл мысалдардан сыртқы ұқсас пішіндердің тығыз мәндік жақындығын білу мүмкін емес, тіпті кейбір кездерде ишаралық белгілердің теңдестірілген пішіндері мәндік түсіндірілу жағынан бір-бірінен мүлдем алысқа кететін жақтары да болады.
Адамдардың бейвербальды мінез-құлқы пішініндегі ұқсас (және вербальды) және сырттай сәйкес кинемалардың тіптен антитетикалық, немесе энантиосемикалық болуы қызықты, олар әртүрлі мәдениеттерде тура қарама-қарсы нәрселерді білдіреді. Мәселен, қытықтау махаббат ойынындағы компонент және агрессия; түкірік жаратпаушылықты, сонымен бірге «махаббатты» да білдіруі мүмкін. Адамдардың мінез-құлықтарындағы бейвербальды қатынастардағы оппозиция мен антитезалар туралы айта келіп, Ч. Дарвин (қара. Дарвин 1872/ 1965, б. 28, 50 және келесі) басқаша тұрғыда Дж. Рэйнодстың сөзін келтіреді: «Қарама-қарсы құмарлықтардың жоғарғы нүктелерінің бір-бірінен ерекшелігі өте аз екенін бақылау қызықты, олардың бір әрекетті білдіретіні шүбәсіз».
Оқу-ағарту саласында жұмыс істейтін канадалық психолог А. Вольфганг айтарлықтай ұзақ уақыт көлемінде Торонто, Монреаль және Ванкувер қалаларындағы басқа мемлекеттерден келген эммигранттар оқитын мектептердегі оқушылар мен мұғалімдердің бейвербальды мінез-құлықтарын бақылауға алған (мәселен, Торонто қаласындағы сыныптарда орташа алғанда, не ағылшын, немесе француз тілі ана тілдері болып саналмайтын оқушылардың 50%-ға жуығы), және сонымен бірге мұндай сыныптарды мәдениетаралық вербальды және бейвербальды өзара байланыс ерекшеліктерін зерттеу үшін қолайлы сынақ алаңы ретінде қарастыруға болады. А. Вольфгангты бәрінен бұрын қызықтырғаны канадалық мұғалімдердің өз жұмыстарында оқушылардың мінез-құлықтарындағы ишаралық және паратілдік қасиеттерді қалай ескеретіні болған. Өзінің қызықты және, шүбәсіз түрде алғанда, және білім беру саласы қызметкерлері үшін маңызды болып табылатын мақаласында (Вольфганг 1979) ол мұғалімдердің әрекетіндегі бұл аспектілерді елемеудің ақыры қандай қолайсыз жағдайларға соқтыратынын көрсетті.
Батыс Үндістаннан, Оңтүстік Италия, Африка немесе Гонконгтан келген оқушылар Канадаға қарағанда, өздеріне мұғалімдердің қарым-қатынасына үйреніп кеткен.
Бұл мемлекеттердегі мектептерде сабақтарда еркіндік аз және тәртіп жоғарғы орынға ие. Мұнда оқушылардың оларға мұғалім үн қатпағанша, сабақта тыныш отыруы қажет, оқушылар мұғалімдермен өздерінің ойларын бөліскенше, олардың әңгімелеріне көп құлақ салады, сұрақты да аз қояды. А. Вольфганг жазғандай, «мұндағы мұғалімге деген құрмет мұнда алдымен пайда болады» (Вольфганг 1979, 164 б. ) . Сондықтан канадалық мұғалімдерден төзім мен сабыр сақтай отырып, сыныпта еркіндік және жат мәдениетке құрмет сақтау ортасын қалыптастыру қасиеті күтіледі және олар бірінші кезден бастап, оқушылар осыған дейін өздерін қалай ұстаса, солай жүріп-тұруға мұрсат береді, жекелей алғанда, вербальды және бейвербальды мәдени және коммуникативтік қызығушылығын емін-еркін білдіруге жол ашылған.
Канадалық мектептердегі жалпы және жартылай ресми жағдай, бір жағынан, және көрсетілген мемлекеттердегі мектептердегі авторитарлық және ресми жағдай, мақала авторының пікірінше, мұғалімдерге де сәйкес. Осылай, көптеген канадалық мұғалімдер мына жағдайға жандары ауыратындықтарын жеткізген, олармен сөйлескен кезде Ямайкадан келген иммигрант-оқушылар адамның көзіне тіке қарап тұрып тілдеспейді, бұл осы мұғалімдердің пікірінше, ол мұғалімге деген құрметтің болмауына әкеледі. Оның арасында ямайкалық мәдениетте оқушы тарапынан мұғалімге құрметтің белгісі Канадада қабылданған ережеден мүлдем бөлек, мұғалімнің алдында тұрғанда, оқушы одан өзін төмен санап, көзін төмен салып тұруы қажет. Үлкен әлеуметтік мәртебеге ие адамның көзіне тура қараудан қашқақтау көптеген мәдениет өкілдеріне бар, мәселен, Американың негритяндық тұрғындарында осындай сақталған (қара. Джонсон 1971) .
Бастапқыда бірдей ишаралардың биологиялық табиғатына қатысты нақты ишараны түсіндіруге тырысушы адамға беруге болатын жалпы кеңестер біз үшін абсолютті артық сөз болмайды: ишаралаушы адамның қандай мәдениетке жататындығын ол алдын-ала білуі қажет. Және басынан бастап сырттай сәйкес немесе сәйкес ишаралық белгілерге әртүрлі мағыналарға ие таңбалар ретінде қараған дұрыс.
Ишаралық белгілердің сәйкессіздігі олардың тілдік белгілерін бір табиғи тілден екіншісіне аударуда ықтимал қиындықтарды тудырады. Ишаралық сөздіктер мен грамматиканың болуы, бір тілде болса да, барлық шүбәден тыс, әртүрлі аудармалық тәсілдерді қолдануды жүйелеуге және типтеуге мүмкіндік береді, олардың арасынан мен тек барынша жиілерін атаймын: теңдестірілген белгілерді іздеу, қолданылуының жақын аясы бар, бірақ ишара үшін тілдік белгіні қолданылуын - түпнұсқадан және пішіні бойынша ерекше, алайда аудармашыға қажетті мәнді, мәдени, идеологиялық және басқа коннотациядағы сол семантикалық өріс белгі-аналогы ретінде пайдаланылған таңба бар болып табылатын аударма эквивалентін изосемантикалық белгілерді тарту.
Түсіндіру мен аударма қиындықтарымен байланысты ишараларды адресатқа қатысы бойынша бөлуді еске алуды орынды деп санаймын. Волоцкая мен басқаларының 1962 жылы жарық көрген жұмысында көптеген шартсыз ишаралар бөлініп алынған, яғни мәдени тәуелсіз ишаралар көрсетілген, олардың қабылдануы арнайы дайындықсыз көптеген адамдарға ұғынықты және шартты ишаралар - әртүрлі қарым-қатынас жағдайында аталған халықтан қабылданып алынған. Шартты эмблематикалық ишаралардың болуы және олардың мәдени сәйкессіздігінің мүмкін деңгейі ретінде мен келесідегідей түрде топтастырылған мысалдарды иллюятрациялаймын: алдымен мәдениетаралық омонимия құбылысы көрсетіледі, одан кейін мәдениетаралық синонимдер туралы әңгіме өрбиді, құбылыстардың үшінші шеңбері сәйкес немесе ұқсас кинетикалық пішіндердің әрқалай түсіндірілуімен байланысты болады, және ақыр аяғында сырттай ұқсас пішіндердің әртүрлі мәдениеттерде мәні бойынша әртүрлі тілдік және паратілдік бірліктермен сүйемелденетіні туралы айтылады. Келесідегідей төменде сипатталған мәндердің сипатын аяқталған түсіндірме ретінде емес, қажетті иллюятративтік түсіндіру ретінде қабылдау керектігін атап өтемін.
14. 1 Мәдениетаралық омонимия
(бірдей немесе бір-біріне өте ұқсас пішіндер әртүрлі мәдениетті әртүрлі мәндерге ие болады)
14. 1. А. Шеңбер кинемасы ( OK, ring, zero )
Орыс мәдениетінде шеңбер белгісіндегі ишаралық пішін («сұқ» және бас бармақ біріккен кезде шеңбер бейнесіне ие болады, ол адресат жағына қарайды, ал қалған саусақтар біршама босаңсыған және иілген кейіпте болады) салыстырмалы түрде азғана уақыт бұрын енді, және оны қолданудың негізгі ортасы орыс жастық ортасы мен бизнес аймағы болып саналады. Шеңбер ишарасы «бәрі дұрыс, барлығы жақсы» дегенді білдіретін американдық кинетикалық жүйеден кірме әрекет ретінде енген. Сонымен бірге Жапонияда бұл пішін «ақша» дегенді білдіреді, бірақ аталған ишара жайында бұрыс ойға жетелейтін кез келген жағдайдағы ақша емес, тек сату-алу жағдайымен байланысты ақшаны ғана білдіреді. Венесуэлада бұл ишаралық пішін көріністік категорияға қатысты: оның айқын қолайсыз-сексуальдық мәні бар, ал Тунисте сәл басқаша - бас бармақ пен сұқ саусақтан басқа барлық саусақтар жоғары қарай тігінен тартылса, мүлдем басқа мәнге «мен сені өлтіремін» деген мәнге ие болады.
Грекияда және Италиядағы Сардиния аралдарында ишара пішіні АҚШ-тағы ишара сияқты болады, ал ишара мәнін «қол бұлғау» деп түсінуге болады. Мальтада осы тәсілмен ер адамды астарлы түрде бейнелеуге болады.
14. 1. Б. Самайға саусақ тигізу кинемасы
Неміс ұлтының өкілі біреу туралы айтып жатқан кезде саусағын самайына тигізсе, бұл әңгіме болып отырған адамның «ақыл-есі орнында емес» дегенді білдіреді. Сонымен бірге африкандық мәдениеттің тұтас қатарында осыған ұқсас ишаралық пішін оны істеген адамның қалың ойға батқанын білдіреді. Францияда бұл ишара әңгіме болып отырған адамның ақымақ екендігін білдірсе, Голландияда осыған ұқсас пішін адамның ақылды екендігін білдіреді (= «асқан қабілетке ие») .
Полиэтникалық ұйымдардағы бейвербальдық жағдайлар айрықша қызығушылық тудырады. Мәдениеттердің қақтығысуы мұнда мәдениетаралық кинетикалық омонимдердің пайда болуына әкеледі және оның нәтижесі ретінде ишаралардың ықтимал түрде дұрыс түсіндірілмеуіне соқтырады. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген сөздің шындығына осы арқылы көз жеткізуге болады. Бұл тұрғыда көпұлтты Израиль еліндегі қазіргі ишарамен сөйлесу жағдайы барынша қызықты бола түседі.
Келесі мысалдарды келтірген кезде мен өзімнің жекеше визуальдық және фотобақылауларыма және Шнеллердің 1992 жылы жарық көрген Израильдегі ишарамен сөйлеу жағдайына арналған еңбегіне сүйенетін боламын, мен өз бақылауымды осы елдегі сапарым барысында жүзеге асырған болатынмын.
Бір жағынан, Израильде ұлтаралық қарым-қатынастың стандартты бейвербальды коды жүзеге асырылған немесе дәлірек айтқанда, мемлекеттік ишара тілі қолданысқа енген. Екінші жағынан, елдегі орналасқан әрбір халық өзінің ишара тілін де жоғалтпай сақтап қалған, оның қызмет ету ауқымы қарым-қатынас барысында адамдарға мемлекеттік ишара тілін пайдалануға тыйым салынбаса да, сол халықтың және сол мәдениеттің ішінде шектелген. Соңғы жағдай диалогтың өтуіне қатты қиындық тудырады және әдетте ишаралық қақтығыстарға соқтырады. Бәрінен бұрын ол коммуникацияда жалпыұлттық немесе этникалық кодтардың қайсысы қолданылатыны түсініксіз болған кезде туындайды. Осылайша, қазіргі Израиль мемлекетінің мемлекеттік ишара тілінде адам бас бармағын самайына тіресе, ол бұл арқылы «сен ақылдысың» немесе «сен өте тапқыр нәрсе айттың» дегенді білдіреді, ал Израильде тұрмыс кешіп жатқан марокколық еврейлердің тілінде (әлбетте, ишара аталған орыннан сәл оңға қарай орындалады) аталмыш ишара қарама-қарсы - «сен ақымақсың» немее «сен жаңа ғана ақымақтың сөзін сөйледің» дегенді аңғартады. Израильде өмір сүріп жатқан американдық еврейлер осы тәріздес тәсілмен «сен ақылыңнан адастың» дегенді, ал румын еврейлері «мен ойлаймын» немесе «ойлан» дегенді көрсетеді.
14. 1. В. сұқ саусақ қабақ астында кинемасы
(адамдар қабағын жеңіл төмен қарай тартқан кезде бұл ишараның басқа да нұсқалары бар)
Австрияда «сұқ саусақ қабақ астында» пішіні «адресатты жаратпау» дегенді, ал Флоренцияда «қайырымдылық», ал Испанияда - «сенімсіздік» (бұдан бөлек, испан ишара тілінде бұл кинеманың басқа да «мұқият және сақ болыңыз» деген мәндері бар болып табылады) . Францияда қабақ астына тірелген сұқ саусақ - бұл жалғандық ишарасы, яғни дәлірек айтқанда, «мені жалғаншы деп санайды» дегенді көрсетеді, ал Ресейде мұндай ишара кірме түрінде де болса жоқ.
14. 1. Г. үшіншісін іздеймін ишарасы (үшеу болып ішу)
Бұл орыс тұрмыстық ишарасының пішіні - «сұқ және ортаңғы саусақтар қайшы кейпінде қозғалады; қалған саусақтар иілген және денеге жанасқан қалыпта болады». Функциональды түрде бұл ишара сөйлеу әрекетіне - спиртті ішімдікті үшеу болып ішуге ұсыныс білдірумен сәйкес келеді. Ишараның символикалық мәні мынадай: екі саусақ спирттік ішімідікті ішуге әзір болып отырған екі еркекті білдіреді, олар өздерімен серіктес болғысы келетін үшіншісін іздеп отыр. (Бұдан бөлек, аталған ишараны басқаша түсіндіру де орын алған: араққа «сусап отырған» біреу екі серік іздеп отыр) . Үшінші адам бөтелкенің шамамен алғанда, үш стаканға тең келетіндігі үшін қажет. Оны, ереже бойынша, үш адамға қылдай бөліп құяды, және ішкіштердің әрбірі, осылайша стакандарын түгеседі. Оның үстінде бір кездері бөтелкенің пұлы да үшеуіне теңдей бөлінетін және екі адамның үшіншісін шақыру әрекеті орыс ауызекі тілінде рубль болса, бас қосамыз деген атқа ие болған.
Үш адам болып ішуге ұсыныс әрқашан құпия жасалады: ишараны орындау кезінде қол киімнің ішіне сұғылады, сырттай тек сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ қана көрінеді, өйткені ишара міндетті түрде сәйкес келетін «келісім мимикасымен» қосарланып жасалады. Ишараның «жасырын» сипатының себебі түсінікті: спирттік ішімдікте үшке бөліп ішу әдетте үйден тыс жерде болады, шатырда, подъезде немесе қандай да бір басқа «қараңғы», спирттік ішімдіктерді ішуге арналмаған жерде, тұрып ішеді. Және спирттік ішімдіктерді ішудің осындай тәсілін қоғам айыптайды.
Үшіншісін іздеймін ишарасы - еркектерге тән: әйелдер ішу үшін бас қоса алатын болса да, бұл ишараны пайдалану оларға тән емес.
Егер орыс мәдениетінде үшіншісін іздеймін ишарасы символикалық мәнге толы коммуникативтік эмблемалық белгі болып табылатын болса, онда Англияда сырттай сәйкес пішін Буйвол орденінен шыққан масондарды сипаттайтын белгі ретіндегі этикет ишарасының пішіні болып саналады (The Order of Buffaloes) : аталған ишараны жүзеге асырып, адам «тобыр арасындағы өз жақынын» іздейді.
14. 1. Д. қол бұлғап өзіне шақыру ишарасы
Қол бұлғап өзіне шақыратын орыс ишарасы (оңқайлар үшін - оң қолмен) көкірек не иық тұсына дейін көтерілген қолмен жоғары қарай жеңіл иіліп және бағытталып жасалады, бұл кезде алақан ишаралаушы адамның өз жағына қарай қозғалады. Ишара «келуін өтінуді» білдіреді: осылай бір адам екінші адамды өзіне шақыра алады. Арабтар осыған ұқсас ишаралық форманы қарама-қарсы мәнінде түсінеді, яғни «әрекеттегі» қолдың саусақтары мен алақандары төмен қарай түсіріліп қозғалады - ол «кетуді талап етуді» білдіреді.
14. 1. Е. тілін көрсету ишарасы
Орыс тілінде тілін көрсету дене ишарасы (немесе тілін шығару ), біз байқағанымыздай, жас балалардың мазақтау ишарасы болып табылады, Қытайдың оңтүстігінде тілдің сыртқа ытқып шығуы және оның сыртының тартылуы «күйінішті» білдіреді, Тибетте тілдің шығуы - бұл рәсімдік құрметті сәлемдесу ишарасының пішіні, ал Маркиз аралдарында осы пішін жоққа шығаруды білдіреді.
Тілді көрсету ишарасына Смит, Чейз & Либлихтің 1974 жылғы жекелеген мақаласы арналған. Балалар мен ересектерге бақылау жүргізе отырып, авторлар басқа мәдениеттердің ішінде бұл ишара «басқа адамдармен байланысуға құлықсыздықты» білдіретінін анықтаған. Бұл әсіресе ишаралаушы адам өзі үшін маңызды кейбір іспен айналысып жатқан кезде басқа нәрсеге алаңдатпауын білдірген кезде қолданылады.
14. 1. Ж. мүйіз ишарасы
Салыстырмалы аз ғана уақыт бұрын б. э. д. VI - IV ғғ. өмір сүрген этрускілер қыстағының шегінде, қазіргі Италия аймағында археологтар мүйіздер бейнеленген суреттерді тауып алды. Этнографтар бұл бейнелер этрускілерде қаһармандық символын білдірген және жауыз рухтарды қуалаған деген тұжырымға келді. Қазіргі Италияда «сұқ саусақ пен бір қолдың шынашағы жоғары қайшы пішінінде созылып, ортаңғы және аты жоқ саусақ иіліп және алақанға тигізіліп, үлкен саусақ онда жатса, қолдың өзі алақанға иіліп және бастың тұсына дейін көтерілсе» бұл пішін мүйіз ишарасы және, жекелей алғанда, көрсетілген ишара адресатқа көз тигенін, оның көздің сұғына ұшырағандығын аңғартады.
Францияда осыған сырттай ұқсас пішін адресаттың жұлдызнамасының тауешкі екендігін білдіреді. Ресейде «алға қарай созылған саусақтар» пішіні балалардың ойын ишарасы ешкіге жатады, алайда ишараны орындау барысындағы қол Италиядағы және Франциядағы сияқты қозғалыста емес, ол тек анықталған кейіпте ғана қозғалады (солға - оңға және баланың бағытына қарай - ишара адресатына дейін; бұдан бөлек, «ешкіні», яғни алға қарай созылған саусақты сұқ және ортаңғы саусақтар да бере алады) .
Израиль және Америкаға қарағанда көпұлттылығы және көпмәдениеттілігі төмен деңгейдегі елдерде маған әртүрлі мәдениетті көрсететін адамдардың бейвербальды коммуникациясы кезіндегі коммуникативтік сәтсіздік жағдайларын бірнеше рет бақылаудың сәті түсті. Осылайша, бірде мен Колумбиядан келген қара нәсілді студентті Мичиган университетінің кампусынан кезіктірдім, сол уақытта маған нақты белгілі болғандай, польша тілі бойынша сынақ жұмысын жазу үшін славистика факультетіне бара жатқан ақ американ-англосаксон қыздарын жолықтырып ол оң қолын жоғары көтерді және оны қыздар жаққа қарай алға созды. Сұқ саусақ пен қолдың шынашақтары да алға қарай созылып, қалған саусақтар жұдырықта бүгіліп қалды; үлкен саусақ ортаңғы және аты жоқ саусақта жатты. (Біз бұл пішіннің мүйіз ишарасы екендігін білеміз) . Сол уақытта жас жігіт қолымен жан-жағына бірнеше рет айналдырып бұлғады.
Студент қыздардың жүздерінен және олардың жүрістерінен олардың бұл оқиғаға барынша қорланғандығын және ренжігендігін аңғардым. Қыздар сол сәтте-ақ тез теріс бұрылды және басқа жолмен жөндеріне жүре берді. Бірақ бұл ыңғайсыз жағдайдағы ең таңғаларлық нәрсе мен үшін қыздардың қылықтары емес, колумбиялықтың жүзіне шыға келген таңданыс пен аңырап қалушылық сезімі болды. Мен Америкада мүйіз ишарасының, әсіресе қарсы жыныстағы адам үшін өте қолайсыз болып саналатындығын білетінмін. Ишара «тауешкіні» білдіреді, оның сексуальды коннотациясы бар және адресат үшін шектен тыс қорлаушылықты көрсетеді. Бірақ мына жігіт ол үшін неге аңырып қалды - қыздардың осы реакциялары ол үшін қалайша күтпеген жағдай болуы мүмкін?
Өкінішке орай, Мичиган университеті орналасқан Энн Арбор қаласында сол жерде өзара түсініспеушілік орын алғанын білсем де, негізінде не болғанын ешкім де түсіндіре алмады. Жұмбақтың шешімін мен кейінірек Америкадан кетер кезде бар екенін айтқан, сол себептен сол кезде мен қолыма түсіріп, оқи алмаған кітаптың ішінен таптым. Бұл жерде Сэйтс, Червенктің 1972 жылы жарық көрген американдық және колумбиялық ишараларға арналған практикалық жетекші құралы туралы әңгіме болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz